Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы



жүктеу 1.17 Mb.

бет23/25
Дата09.01.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

308

ҚЫРЫҚ  БЕСІНШІ  СӨЗ
Абайдың кара сөздерін алғаш оқып танысқанда, сезім әсеріне 
берілсең, сырт көріністің шырмауындабейқамсыз қаласың. Сонда, 
алғашқы жұпыны, сыңаржақ сезімдік қабылдаудың беретіні -  Абай 
қара сөзінің философиялық сипаты құлаққа ілінбей, жабулы қазан 
болып  қала  береді.  Әрине,  бұл  сырт  көрініс  қана.  Тәкен 
Әлімқүловтың  мына  бір  терең  философиялық  бағасына  қүлақ 
артайықшы: «...Абайдың «Ғақлиясына» барудың өзі қиын. Бірақ 
бармасқа және жол жоқ. Неге десеңіз, бұл «Ғақлия» Абайды тың 
қырынан  терең  танытады... 
(Тәкен  Әлімқұлов.  Жұмбақ  жан. 
Зерттеулерменмацалалар. Алматы: Жазушы,  1978. 22 6.).
 Бұл
мэселеге алда арнайы токтаймыз.
Абай философиялық сөздерінің, міне, қырық бесіншісіне жегіп, 
атбасын тіредік. Сонда, Абай философиялық сөздері қатарында 
қырык  бесінші  философиялық  сөзінің  алатын  орыны  туралы, 
алдыңнан кесе-көлдеңдеп тұра қалатын, мына сұрақтар. Түйін сөз 
болуға  логикалыгы  жете  ме?  Мэн  мен  мағынасы  жағынан 
Караганда жеке-дара,  философиялық өзіндігі  бар  сөз бе? деген 
сауалдар  жауап  күткендей.  Осы  орайда  Абай  философиялық 
сөздерініңбіріншісінен соңғысы аралығын қамтитын «білмектің»- 
танымның  тарихи  сапарын  қорытындыласақ,  жеке-дара  да, 
философиялық деңгейде жалпылық мән, логикалық абстракция 
қызметін  атқаратын  ғылыми-теориялык  қағидаларды  молынан 
кездестіруге мүмкіндік барлығын анықтадық. Абай философиясы 
жүйесі-Үш кіл көзімен, Мүхтар Әуезов айтқандай: «...мейлінше 
түгел  қамтып,  тексеріп»... 
(20  т.,  181  6.)
  қарасақ,  дәстүрлі
философиянын шаңырагының үш тіреуі -  онтология, гносеология, 
логикамен  Абай  философиясы  сабақтастыгы,  байланысын 
анықтауга үсынып отырган еңбегімізді арнадық. Абай сөзінің(өлең 
де, философиял ық та /қалам иесі/) философиялыгын ескермесек, 
бұл жагдаңца, бүларды н «ойлы көзділігін», <сгереңойлылығын»ұгып,
меңгеруге  танымдык  та,  логикалық  та  мүмкіндіктеріне  кұлақ 
аспаган боламыз гой. Осыдан болар, Мұхтар Әуезов Абаи сөзін
309

екі: «терең» жэне «таяз» деген жікке бөледі: «қара сөз ой тереңдігі 
жағынан да көп өлең сөздерінен таязырақ, сэл ғана шындықтың 
өріс-өрісін байқатқандай болады» дейді 
(Сонда, 221 б.).
Бұл турасында өз ойымызды «Абай Ү шкілі» атты еңбегіміздің
-  Абай философиясы: жаңа мәселелері атгы екінші бөлімінің: Қара 
сөздер -  философиялыққа айналса-шы? деген бесінші тарауында 
эңгімеледік. Қырықбесінші философиялықсөзі: «Ә» -  дегеннен-ақ 
«Құдай табарака уатағаладан...» басталады. Шолақ шолып, сырт 
қарағанда,  екіүшты  ойдың  шырмауында  қала жаздайсың.  Абай 
сөзінің философиялығын аңғарып, терең сезініп, ойланбайынша, 
логикасынан мүлдем сыртайналып кетеміз. Абайдың өлеңжэне 
философиялык сөздерін мұқият оқып, халыктық, ұлтгық, тарихтық 
тамырларын талдап, философиялығын жан-жақты анықтап, негіздеп 
барып, қырықбесінші сөздің логикасына сүйеніп, айтпақтүйін- 
түжырым ойымыз -  бірінші сөз бастама болса, Қырық бесіншісі -  
түйін-тұжырым  сөз.  Осы  ойда  тұрақтап,  бекінбекке  Абай 
философиясы жүйесіне -  Үшкіл гылыми-теориялық негіз, эрі кұрал. 
Адамзат тарихына тоқтай отырып, Абай мыңдаган жылдар бойы
адам психологиясын, санасын, оиын оилеген «мың түрлі дінді» сөз 
еткеңде, мұның тарихи шындық екенін айтып, ескертеді. Бұл туралы 
Абай былай дейді:«- неше мың жылдан бері эркім эр түрлі сөйлесе 
де, бэрі де бір үлкен қүдай бар деп  келгендігі, уа һэм  неше мың
түрлі діннің оэрі де гаделет, махаооат қүдаига лаиықты дегендігі.»
(Сонда,  164  б.).
«Мың  түрлі  дін»  -   Абай  ойының  негізгі  тұрагы  ма?  Абай 
философиясы сөйлер арнасы ма? Абай мәдениеті, философиясы мен 
ойлау логикасы ма? -  бұған жауапты Абай шыгармашылығынан 
(өлеңжәне философиялык сөздерінен/қалам иесі/) тікелей іздестірдік, 
жауап  беруге де  ұмтылыс жасадық.  Қырық бес  философиялык 
сөздерін  бойлап,  өн  бойы  қадагалап,  бұлардың  әрқайсысының 
теориялық та, танымдық жэне де  логикалық та багыттылыгын 
анықтайтын: «білмек», «білсем», «білмегеннен», толық «білсемге» 
бастайтын тарихи жол -  Үшкіл. Абай философиясы жүйесіне, ягни
310

Үшкілге  соңғы  нүктені  қырық  бесінші  сөзі  қойып,  бұның 
диалектикалық сипатын жалғастырып, толықтыра түседі. Бұған 
айғақ Абайдың төменде  келтіріп отырған түйін-түжырым ойы. 
«Адамшылықтың алды,  -  дейді  Абай,  махаббат,  ғаделет сезім. 
Бүлардың керек емес жері жоқ, кіріспей-түғын да жері жоқ. Ол -  
жаратқан тэңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат сезім 
бар.  Бұл  ғаделет,  махаббат сезім  кімде  көбірек болса,  ол  кісі -  
ғалым, сол -  ғақил. Біз жанымыздан ғылым  шығара алмаймыз, 
жаралып,  жасалып  қоиған  нәрселерді  сезбекпіз,  көзбен  көріп,
ақылмен біліп.» 
(Сонда,  164 б.).
Ұсынып  отырған  еңбегіміздің  екі  бөлімінде  қаралған,
талданған,  зерттелген  м эселелерді  қорытындылай  келіп
айтпағым ызАбай шығармашылығы еңтүтқалы, еңтағдырлы жэне
тұлғалы қағидасы ел бағу мен ой бағу мәселелері. Бұлар болса,
диалектикалық қарама-қарсылықтар тұгастығы мен ажыратылмас
бірлігі. Ел бағу -  ең алдымен, адамның өзін бағуцан аяктанады. Ел
болсын, мемлекет болсын, жеке-дара адам болсын өз ойын бақпай
елді бағу қиынғатүседі.
311

БЕСІНШІ  ТАРАУ.  ҚАРА  СӨЗ  Ж¥МБАҚТЫҒЫ 
ФИЛОСОФИЯЛЫҒЫНДА  МА?
2.5.1  ҚАРА СӨЗДЕР -  ФИЛОСОФИЯЛЫҚҚА
АЙНАЛСА ШЕ?!  МӘСЕЛЕНІ ҚОЮ
Қара сөз -  көп сөз, бірақ жеңіл сөз. Бұл қай өрісте бағылды? 
Тегі қандай? Абай өзі б ол са- Қырық алты сөздерінің бірде-бірінде 
«Қара» дегенді сөз қосағына қыстырмаған сияқты. Сонда, «ойлап 
ойлап,  құлаққа  ілуге»  талаптандық.  «Қараға»  танымдық  та, 
логикалықта негіз іздеп, «Абай шығармашылығында қандай орын 
алады  екен?»  деп  «білмекке»  ұмтылдық.  Сұрақтарымызға 
жауапты Мұхтар Әуезов еңбектерінен: он жетінші, он сегізінші, он 
тоғызынш ы,  жиырмасынш ы  том дары нан 
(Абай  (Ибраһим 
Қ ұнанбаев) 
атты 
м онограф иясы нан 
іздест ірдік. 
Монографияныц 217-229 бб.)
 Абайдың «Қара сөздеріне» арналган. 
¥лы жазушы ғалымныңой-пікіріне арнайы кейініректоқтамақпыз.
Абайдың қара сөздерін мұқият оқып, талдап, тексеріп, бірнеше 
рет  қайталағанда,  миға  кірігіп  байланатыны  философиялық 
сөздерініңэрқайсысының өзіндігі, мазмұны мен логикасы. Мұнда 
Батыс, Шығыс, Коне Грек мэдениеті үлгілерімен кездесеміз. Әр 
созі — оз алдына  пікір алысып,  ой таластыруға  шақырады.  Осы 
жерде Абай өзі айтып, ұсынатын, өзі  қолданатын: «Оқы, ойлан, 
үйрен» деген ғылыми-теориялық, эрі әдістемелік қағидасы табысты 
да, жемісті  қызмет атқаратынына  көзіміз жетеді.  Оқисың, тағы
312

окисын. осыдан еріксіз ойға шомып, ойлау сапарына атгануғаеріксіз 
қамданасың. Ой сапары барысында не түрлі пікірлерге тап боласың. 
Абайдыңэр сөзіне, шын мәнісінде философиялык, тіркесіп ілесе 
жүретін «қара» деген сөздің танымдық жэне логикалық мэніне 
ойламаған жерден «Ә» дегеннен-ақ, еріксіз көңіл аударасың.
Абай философиясы мазмұнын құрып, мэнін ашатын: «жан», 
«тэн», «иман», «алла», «жаратушы», «электр» т.б. жүздеген араб, 
орыс, қазақ сөздерінің «тереңіне бет қоймасаң», «терең ойдан», яғни 
философиялык талдауан сыртгап кетіп, ойдың не түрлі кереметінен 
мақұрым қаласың. Абай айтқандай: «эр нэрседен құр қаласың». 
Осы ой үлгілері таным мен логика тұрғысынан Абай философиясы 
жүйесі  -   Үшкілді  қалыптастырады.  Бүл  туралы  тың  ой- 
ұсыныстарымызды, талас пікірлерімізді негіздеп, тұжырымдап,
«ниетгеніп білмекке» бет қойдық.
Абай сөзінің кереметі Жүсіпбек Аймауытов бағасында «терең
пэлсапалығы», Қүдайберген Жүбанов айтатын «реформаторлығы» 
мен «философиялык концепциялығында». Абай шығармашылығы 
теориясы  мен  логикасына  тереңдей  түскен  сайын,  мэселен 
(жоғарыда бүл туралы ізденіс ойымызды аиттық), «білмек керек», 
«білгеннен  білсемге»  деген  қарапайым  казақ  сөздерінің терең 
диалектикалық  мэнін  аңғара  бастайсың.  Біріншісінен  Қырық 
бесіншісіне шейін философиялык (кара) сөздерін түгелдейін ежелеп 
оқып отырып, тікелей Абай философиясы жүйесін құратын таным 
мен логика мәселелеріне тап боласың. Абаидын «білмек», «білсемі» 
диалектика  қуаттайтын  таным  үдерісінің  Абайлық  түсінілуі 
ерекшелігін  үга  бастайсың.  Сонда  барып,  Абай  «даналығы» 
жұмбақтығын ұғуға «қүмарланасың». Сондабарып, тағы да өзіме: 
«Бұл  қалай?  Қ ара  сөз  деп  ж үргенім із  -   нағыз  даналық, 
философиялык  сөздер  екен».  Осыдан  барып,  «кара»  мен 
«философиялықтың» қайсысы Абай Ү шкіліне етене жақын? Осы 
сұраққа  келіп  қорытынды  ой  аялдамасын  жасауға тура  келеді. 
Таным қиын да, қайшылықты да жолына атганар алдында талдау, 
тексеру, ізденіс мақсаттарын аныктамақ. Сонымен, еңдігі бірталас,
313

тартыс туцыратын мэселелердің бірі—Абай фипософиясына пкелей 
қатысты -  «қара» мен «философиялықтың» өрісін жайламақ.
«Қараны» сөзге  қосақтаған жағдайда байыптап  қарасақ, ой 
ұйқыда  болып,  сырын  ашпайды.  Осыған  байланысты  адам 
санасында «адам», «әлем», «кеңістік», «парасат», «сана» атгы ұлы 
сөздер (философиялык категориялар /қалам иесі/) жасампаздыгы 
ескерілмей, миымызда із қалдырмай, кайғы жегізбей, азапқа салмай 
жайбарақат, алаңсыз болып, Абай айтқандай «ойсыз», «мисыз», 
«шаруасыз»болып, адам «көкірегін көзді етіп, көңілін ашпас»еді. 
Философия деген түсініктің ғылыми-танымдық жэне логикалык 
мэнін ұғатын жан Абай айқандай: 
*
Қарыны  тоқ қас  надан ұқпас сөзді,
 
; І!
Сөзді үгар,  көкірегі болса көзді. 
Щ
Қадірін жацсы сөздің білер жанга
Таппай айтпа оган да айтар кезді, -
 деп, адам интеллектісін
«көкірегі көздіні» ерекше оөле -  «тауып аит» деп ескертіп, қазақ 
сөзінің логикалық мәнін ашып, Абай сөзі философиялык сөз деп, 
Абай әлемінің соны бағытын зерттеуге ақьш қосып түрған жоқ па?! 
Абай сөзі ақындық қана емес философиялык та ой толганыс сөзі. 
Абайдың: «сыртын танып», «ақыл сөзге ынтасыз», «сөз мэнісін 
білсеңіз», «өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей», «қисынымен 
қызықты болмаса сөз», «сөзді ұғар, көкірегі болса көзді», «шын 
сөзбенен өлсеңіз», «сөзіне қарай кісіні ал»т.с.с. ондаған, жүздеген 
сөздері  логикалық  абстракция  қызметін  атқарады  емес  пе? 
Былайша айтқанда, екі сөздің бірі Абайдың диалектика көзімен 
қарап  бағаласақ,  мұнда  философиялык  жүйеге  жетелік  ететін 
«терең ой», «терең ғылым» барын ескеру қажет емес пе? Мұны 
неге байқамасқа? Осындай сөз «маржандарымен» санасып, неге 
ақылдаспасқа?!  Абай  философиясы  жүйесі  -   Үшкілге  бастап 
жетелейтін философиялык кағидалы пікірлер деп, бұларды неге 
«білмеске»? Қабылдамасқа? Абай сөзіне өте мұкият болу қажет. 
Қазак сөзіне өрелік, өрістік, жүйелік сипат беріп, мұны философиялык 
сыннан өткізіп -  «ұстартқан» ақын, философ, галым Абай еді. Ұлы
314

зақ сөзін не түрлі «мисыз», «ақылсыз», «ойсыз», «бипмсіз», 
«қу тілді» ақымақтардан азат етіп, тазартуға бар өмірін
етті
Сөз  -   ой  ұясы,  бүдан  жүздеген,  мыңдаған  пікір  түсінік 
болжамдар т.с.с. ұшады. Сонда, адамның ой қазынасы мол болса 
ойлау мәдениеті де соншама қазыналы болады, ғылым мен игшіктер 
өндірісі де жаңа технологияға негізделген адамның жасампаздық 
күштерін де толығырақ игеріп, бұларды да іске кірістіреді емес пе. 
Мифтік дәуірден арыла қоймаған қазақгың коне созі мен жаңашыл, 
философиялық ұғымдық создің айырымын біздің ұғуымызша, Абай.
Сөз айтптым Әзірет Әлі,  айдаһарсыз,
Мұнда жоқ алтын  иек,  сары  ала цыз.
Кәрілікті жамандап,  өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Әсіре қызыл емес деп,  жиренбеңіз,
Түбі  терең  сөз  артық,  бір  байцарсыз,  -
  деп,  -  «Мен 
жазбаймын олеңді ермекүшін»-49(93-94) алты соз диалектикасына 
арналған шығармасында мифтік қолданыстағы «айдаһар», «әсіре 
қызыл» сөз деп, шешендік соз болса болар, бірақ философиялық 
мазмұндылыққа мегземей ме? Ерекше ден қойылып, мэн, мазмұн 
берілетін «терең сөз» артық екенін философия тілінде танымдық 
жэне логикалықсөз екенін бәліп, арнайы көңіл ауцарып отыр емес
пе екен -  деген ой көкірсгіңс үялаиды.
«Қара соз»—философиялыкқа айналса-ше деген тың қағидаі
қуаттау мақсатында Абайдың тікелей өз шығармаларына жүгіне
отырып, эрі қазақмәдениетін, бұның ішіңде қазақтілі мен эдебиепн
элемдік деңгейге кетерген Жүсіпбек Аймауытов, Мұхгар Әуезовгпң,
Қүдайберген Жұбановтың, Акжан Машановтың Абай мүралары
туралы соны пікІрлеріне сүйене отырып, екі жағдайды ізденісіміздің
Тяғм пя кайталап өтсек, олар:

Біріншісі
жуан тілін» Абай жібектей
етіп, эсіресе, «тереңнен толғайтын пэлсапалығы» сипатын
йге  көтерді.  Қазақ  сөзінің  гылыми-теориялық,
315

танымдықжэне логикалық мүмкіндіктерін дамытып, мұнымен бірге 
әдістемелік мәнін құнарландырып, нэрлендіріп байытты. «Қара» мен 
«философиялық» бір-біріне қарама қарсы екенін танып, эрі айыра 
білуге мүмкіндік береді. «Әтгең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса» 
деген Абайдың тек Шортанбай, Дулат пен Бүхар жырауға ғана емес, 
жалпы қазақ сөзінің жасампаздық мүмкіндіктеріне арналган әдеби- 
көркем, философиялык ой толғанысы Абай талабында: қашанғы 
қазақ сөзі құрық бойы жорғалап күн кешеді -  дегендейін; қашан
қазақ сөзі «ауыл ооқтығынан» арылып, элемдік өркениет кеңістіпне 
қүлаш сермейді?-деп, «неге мүнша сіресіп құп алмайсың» -  деп, 
«үнасымды»,  «жарасымды»,  «мағынасы  түзу»  сөзді  ұқпайтын 
«қарыны тоқ қас наданды» ойының сыңаржактығы үшін сынайды 
емес  пе? Бүгінде де,  ана тіліміз тақта емес, тақырда отыр емес 
пе?! Ойланайыкшы! Шенеуніктің айтқанына ерсек, шындыктым 
алыстап кетеді. Арымыз, намысымыз, ж ан ы м ы з-ан а тіліміздің 
халықтық, үлтжандылық және мемлекеттік дәрежесі үшін күрес 
қалың бүқара халықтың өзінен басталуы  қажет. Әзірше,  көбіне 
орыстілді шенеунік кеңсесіне қамалып, халықтық, гылыми, саяси- 
элеуметтік,  мемлекеттік  орталарда,  ауқымдарда  кең  қолданыс 
таппай келеді.

Екіншісі-
 Абай сөзінің: әсем, көркем, сүлу, сиқырлы, сыншыл, 
өнеге,  өсиет,  тәлім-тэрбие  т.с.с.  қасиеттерін  қабылдап,  бірақ 
философиялық  деңгейіне  сый-құрмет  көрсетуге  қабілетіміз 
жеткілікті болса да, етегіңнен тартып түратын бір күш бар сияқты. 
Әлі де болса Абай әлемін жан-жақты зерттеп меңгеруге тікелей
оағытталған ғылыми-теориялық және эдістемелік мүмкіндікгерін
жетік  іздестірмеген  сияқтымыз.  ьүл  туралы  жоғарыда  шама- 
шарқымызша дэлелді негіздеп талдауға багытталған ізденісімізбен 
таныстырдық. ¥лы  ойшыл Абайдың сан-салалы көзқарастарымен 
жан-жақты танысу, әсіресе, Абай философиялык («кара») сөздерін 
дараландыра түседі. Теориялық мүмкіндіктері Абай сөзінің ізденіс 
үстінде ерекше байқалады: дағдыға айналған, ғылыми қажеттіліктен 
туған емес. Абай сөзімен қосарлана жүретін «қара» деген ой секемін
316

тудырып,  ойлауды  сан-тарапқа  жүгірінді  болуына  жетелік 
жасамайды. Керісінше, бейқамдыққа, селқостыққа бейімдейтін
сияқты.
Абай сөзін философиялык деп атауға, дұрысырағы -  бағалауға, 
осылай деп мойындауға көзіміз жетсе де, сөйте түра, ойымыз осыған 
бекіп,  тұрақтағысы  келмейді.  Себебі,  Абай  сөзінің  терең 
философиялығын сезініп, жетік, жан-жақгы ойлау сарабынан өткізуге 
философиялык мэдениетіміз элі де болса қамсыз, қоғамдық санада 
орын теппегенге ұксайды. Ойлау логикамыз тар қапастан, бірбеткей 
сыңаржақтылыктан арылуға амал таппаған сияқты. Амалы -  Абай 
сөзінің  «тереңнен  толғайтын  пэлсапалыгы»,  «философиялык 
концепциялығы» деп айтқан эдебиет тарихшылары, эрі теоретикгері 
өздері емес пе еді?! Бұған неге құлақ аспасқа? Неге ойланбасқа?
Абай шығармашылығында «қара сөз» деген түсінік Абайдың 
өзіндік философиялык ой талғамы мен ойлау мәдениетіне сай келе 
ме? Неге философиялык сөздер, немесе трактаттар демеске? Ең 
абзалы  Мұхтар  Әуезов  айтқандай,  «жаңа  сөз»  демеске?  Сөз 
тіркесінде «қара» дегеннің танымдық және ғылыми-теориялық 
орыны әлемдік философия өрісіне бастайтын мүмкіндіктерін жетік 
пайдаланбайтын сияқтымыз. Абай сөздері—философиялык болса- 
ше? Шындығында, тұнып тұрған философиялык ойлар. Осылай деп 
қабылданса-ше, түсінілсе-ше, ұғындырылса-ше Абай сөздері? Иә, 
осылай,  басқадай  емес  деп,  ақиқат  ой  мойындалса-ше?  Осы 
қабылдау, бағалау, танылу тұрғысынан  қоғамдық және ғылыми 
пікірде орын тепсе-ше?  Бұдан Абай сөзі  мен  қазақ мәдениетіне 
қандай нұқсан келер еді? Бсдслін көтеріп, дәрежесін арттырғаннан 
басқа. Абай сөзі гылым сөзі, философиялык сөз. Отыз сегізінші — 
үндеу, өсиет сөзіндс Абай сң алдымснсн  қазақ сөзінің ғылыми, 
философиялык сипатына ерекше мән артып, көңіл аударды емес 
пе?! «Ғалым мен ғылым» деген екінші бөлімнінтармағындаосы 
мэселеге арнайы тоқтаган болатынбыз. Осы себепті Абайдың қай 
сөзінде болмасын жалпы философиялык: болмыс пен сана, таным
317

мен  логика  мәселелелерін  кездестіруге  болады.  Логикалық 
абстракция деңгейіндегі түйін-тұжырымы—Ү шкіл.
Абайдың қара сөздерін мұқият оқып, талдап, тексеріп барып, 
ұсынатын келесі пікіріміз: о л - Абай сөзінің «терең философиялығы». 
Абай  элемі  тың өрісін  жайлайтын -  жаңа  мәселесі  -  Абайдың 
«философиялык создері». Бұл тұлғалы қағиданы кіргізу -  ғылыми 
қажетгілік. Абаңдың «қара создері» орнына Абайдың философиялық 
создері (не «трактаттар») деген пікірді ұсынамыз. Сонда ғана Абай 
ш ыгармаш ылығы  «терең  пәлсапалы ғы »,  «ф илософиялы к 
концепциялығы» сипатымен философиялык создері сабақгасып, 
«орайлы жарасып» жатады. Біздің ойымызша, Абай даналығы әлем 
жұртшылығына озініңжаңа қырымен, жаңа сапасымен корінеді. 
Әлем  жүртшылыгына  Абай  сөзінің  терең  философиялығы  -  
айқындала, ерекшеленіп, коріне түседі. 
|
Абай сөзіне «қара» деген қайдан, қалайша қосарланып, жабыса 
қалған. Абай сөзі дегенде, не себепті философиялықтың орнына 
«қара» сөзі жұбын жазбай бірге жүреді. Бұл қалай?-деген сұрақ 
еріксіз жауабын күтеді. Абайдың шығармаларына жүгінсек, кырық 
бес сөздерін түгелдейін мұқият оқып, тексеріп талдағанда, бірде- 
бірінде «қара» деген қосардың шығу тегі туралы арнайы талдауды 
кездестірмейміз 
(Мухтар Әуезов. Абай (Ибраһим) Қунанбайұлы
монографиясында «Абайдың  цара сөздері».  20 т.,  217-229 бб.)
деп  аталатын  бөлімде  де  «қараның»  шығу  тегі  турасыда  сөз 
көтерілмейді. Философиялык тұрғыдан «қара» деген сөздің, ең 
алдымен, мұныңтеориялық мэні мен танымдық мүмкіндігін анықтау 
қажет. Осылай еткенде, сөз тіркесіне «қара» қалайша килікті, алғаш 
қолданысты  кім  бастады?  Сөз тіркесінде  «қара»  орнын  эңгіме
еткенде, мұның қолданысының мәнісін ашу керек. ьұндаи қадам 
жасағанда, ғылыми қолданыстыңэдебиетгік, философиялык жэне 
тарихтық сипаттарын талдау қажеттігі туады. Әдебиеттік қолданыс 
деген біздің ойымызша, Мұхтар Әуезовтің «түлға» теориясы «қара» 
қызметімен үйлеспейді. Себебі, мүңда теорияның да, логикаканың 
да  ұшқыны  байқалмайды.  Тарихтық  қағида  тұрғысынан  да
318

окиғаііардын алуан түрлі қиылыстары, ерекшеліктері ескерілмеиді. 
философиялық сипатын мойындасақ сөздің (категория /қалам иесі) 
шығу  тегі,  қолданысы,  қалыптасуы  тарихы,  танымдық  жэне 
логикалық  қызметі  деген.  Қоғам,  табиғат  жэне  адам  болмысы 
тарихы адам миында бейнелену үдерісі деген. Иә, осылай, басқадай 
емес, деп түсінсек, Абайдың қара сөзін философиялық деп Абай 
философиясы жүйесі қалыпасуы заңцылығын «ниетгеніпбілмекке» 
«бег қоямыз». Абай философиясы жүйесін «мейліншетолық» талдап, 
тексеріп зертгейтін танымдықта, логикалықта құралдар»: ұғым, 
категория, қағида, идея т.с.с. осылардың тарихи жиынтығы—Үшюл.
Қара сөздерді оқып отырып, бір емес, бірнеше рет қайталап, 
үнемі оралып, оралған сайын тағы мұқият оқып, талдаған сайын 
«білсемнен»  «ниеттеніп  білмекке»,  «құмарлана»,  «мейірлене» 
түсесің. Абайдың даналығына таң қаласың, эр сөзінің «тереңіне 
беттеген» сайын ерекше сезілетіні -  әлемдік өркениетке қүлаш 
сермеуі,  дэстүрлі  философиясымен  байланысы,  сабақтастығы 
айрыкша  даралана  түседі.  «Қара»  -   өзінің  түсініктік  жағынан 
философиялық ойдан сырт жайылып,  не түрлі  танымдық жэне 
логикалық мэнді сөздерден Абай айтқандай: «көп нәрседен қүр 
қаласың». Қырық бесін талдап тексергенде, танып барып қайта 
оралғанда, қаншама философиял ық ой аялдамаларына тап боласың, 
бұларды жақынырақ, толығырақ «білмекке» керек. Сонда ғана 
Абайдың—«білмек», «білсем», «толық» жүздеген т.с.с. танымдық, 
логикалық абстракция дәрежесіндегі ұғымдар, ойлар, түсінікгермен 
кездесіп философиялықсұхбат қүрасың. Мүхтар Әуезов айтатын 
Абайға тән даналықгың, әсіресе, зертгелмеген, ғылым түғырынан 
қағыс қалып келе жатқан философиялық сипатын тануға бетбүрыс 
жасайсың. Сонда, Абай <окұмбақтығына» қанша рет таң қалсаң 
да, бұның ең бір кереметі -  философиялығының сырын ашуға қиын
да болса ұмтылыс жасайсын. Бұған себеп Абай сөзі. «Қара сөз»
деп жүргеніміз, элемдік дәстүрлі философиясы шаңырағын көтерш 
тарған: онтология, гносеология мен логика мәселелеріне түнып 
тұрган  философиялық  сөздер  екен.  Сонда,  дәстүрлісі  қаисы,
319

Абайлығы қайсы деп, еріксіз ізденіс жолына түсесің. Осы ізденіс 
барысында туған жаңа талғамымызды, жаңа ойларымызды, талас 
пікірлерімізді жүртшылық назарына ұсындық.
«Қара» — бұныңқызметі бабына келсек, айталық, танымдық 
ж ағы нан  өрісі  — тар ,  м ү м к ін д ік тер і  -   ш ам алы ,  қамсыз 
жайбарақаггыққа бейім сияқты. «Философия» әлемдік эдебиетте, 
ғылымда,  сондай-ақ таным  мен логикада берік орнығып,  орын 
тепкен  қағидалы  логикалық түсінік.  Осы  тұрғыдан  қарағанда, 
дәстүрлі  философия  талаптарына,  бұның  парасаттылығына, 
ғылымға ынталы, құмарлығына Абай философиялык талғамдары 
да сай.
«Қара»  мен  «философиялықтың»  қайсысы  Абай  создеріне 
«ұнасымды», «жарасымды», «қисынды». «Қара» деген Абай сөзіне 
қосарлана жүрсе де, бірақтегі, тарихы тарқатылмаған сияқгы. Абай 
мен Мұхтар Әуезовтің шығармаларына тікелей сүйеніп, үлы ойшыл 
философиясы  жүйесі  жаңа  мәселелерін  — Үшкіл  тоңірегіне 
шоғырландырдық. Осыдан барып, ізденісіміздіңтүйін нэтижесі- 
«қара» мен «философиялықтың» ара қатынасына, байланысына 
келіп тірелуі зақды. Абай сөзін оқыған сайын, «тереңіне беттеген»
саиын «терең оидың телміріп, соңына еруге» ыктыярсыз конесщ. 
Толып жатқан сүрақгар алды-артыңды қаумалап, мазаңды кетіреді. 
Соңда, Абай философиясы өңірінде бағылып бапталмаған, ескерусіз 
қалған философиялык абстракция мэніңдегі қазақ сөздеріне Абайл ық 
түсінілудегі үғымдарға (категорияларға /қалам иесі/) тап боласың. 
Абай философиялык сөздерініңжетелігі, яғни ғылыми-теориялық 
сұранысына үнемі  оралып, тағы да «мейлінше толық» тексеріп 
талдағанда, сүрыпталып алға шығатын мәселелердің- Үшкілден 
кейінгі күрделісі -  «қара» мен «философиялықтың» таласы. «Қара 
сөз» дегенге етіміз эбден үйренген, ал «философиялык сөз» дегенге 
батылымыз әлі де болса жетіспейтін сияқты. «Қара» -  бүл тіркес, 
қосынды  сөз.  Осы  себепті  философиялык деңгейге  көтерілуге 
танымдық жэне логикалық мүмкіндіктері бар болса да, жетіспейтін 
сияқты. Былайша айтқанда, «қара» деген Абай ойлау мәдениетімен

1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал