Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы


Ғылым оқып ой таппай



жүктеу 1.17 Mb.
Pdf просмотр
бет22/25
Дата09.01.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

297

Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады.
Ел цыдырып ас iuiin,
Еркек арын сатады.
 
, . «
Бала-шага,  ұргашы
Үйде жарап қатады.
 
й 
М
Еңбегі жоқ,  еркесіп,
Бір  шолацпен  серкесіп,
Пысъщ деген am шықты,
 - деп, қырық екінші сөзіңдегі бағасыз, 
құнсыз еңбектің наданның кесірінен қор болғанын өлең сөзіменен 
жалғастырады.
Қу мен сұмның психологиясы. Қырық бірінші, қырық екінші 
сөздеріне  ортақ мәселе -  орыс  патшалығы  боданы  шағындағы 
қазақтың ұлттық психология күйі. Абай қазақ халқының тарихы на 
бойлай, бұның экономикалық қайыршылығын, білім мен ғылым өріс 
алмаған жерде қазақ ауылын билеген надандықтың көзін ашып,
саяси-әлеуметтік  дәрменсіздігін,  талапсыздығын  сөз  етеді. 
«Пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып» жүрген қазақтың құрық бойы 
жорғалайтын ру-тайпалық жырым-жырым санасын сынаған. Ауыл 
қотанынан асып, «шығандап қылық қылмайтын», «у жесең де -  
руыңмен»  деген  жарым-жырым  ру-тайпалық  идеологияның
танымдық, логикалық дэрменсіздіпн оұқара халыққа үғыныкты етіп, 
талдаған.  «Етінен  өткен,  сүйегіне  жеткен,  атадан  мирас  алған, 
ананың сүтіменен  біткен  надандық  әлдеқашан  адамшылықтан 
кетірген. Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма, гуілдегі бар 
ма, дүрілдегі бар ма, сонысынан дүниеде ешбір қызықты  нәрсе 
бар деп ойламайды, ойласа да бүрыла алмайды, сөз айтсаң, түгел 
тыңдаптүра алмайды, не көңілі, не көзі алаңдап тұрады. Енді не 
қылдық, не болдық!» 
(Сонда,  158 б.).
Қазақ қоғамы қуы мен сұмдарының «өнерлі кісіге қосылатын» 
шагы болар ма екен деген сұрақ бүгінгі тэуелсіз қазақ мемлекеті 
тарапынан  жауап  та,  саяси-әлеуметтік  іс-қимылдарды  да  күтіп 
түрған жоқ па?
298

ҚЫРЫҚ ҮШІНШІ  с ө з
Абай шығармаларында логикалық дэрежедегі мына түсінікгерді 
кездестіруге болады. Өлең создерінен солардың үлгілерін келтірсек, 
олар: «Ақылмен жеңсеңіз» (шифры -  24(41-43», «Көкірегі болса 
көзді» 35(66-67), «көңілін ашпақ», «ойлы» 35(66-67), «көкірегі сезімді» 
49(96) т.б. ой толгаудыңтірегі, эрі басты тақырыбы адам интеллекгі 
ж асам пазды ғы .  Осы  сары н н ы ң   басы м ды лы ғы   Абай 
шығармашылығы, бұның ішінде қырық үшінші сөздің де айшықгы 
қасиеті.  Абай өлең жэне философиялық сөздерінің, диалектика 
заңдылы қтарына орай философиялық мэнін «ниетгеніп білмекке» 
бет қойғанымызды бастан ескертіп, дэлелді негіздеуге ұмтылыс 
жасадық. Сөзцен сөзге ауысып көшімізді түзеген сайын ой азығын 
да бапты ұстап, мэнін, маңыздылығын жетілдіре түсіп, казақ сөзінің 
эрғилы мүмкіндіктерін іс жүзінде танып, білуге ынталы болдық. 
Ой қыркаларының қырық үшінші ой аялдамасына көшіміздің ат
басын тіреп, жайғаса бастадық.
Мәдениет пен ғылым жанкүйерлері түсінігінде өзініңтерең
ойлылығымен,  «терең  ғылымымен»  көзге  ілінетін  жетінші,  он
жетінші, жиырма жетінші сөздерін философиялыкка жатқызьш, тіітп,
Абай  ф илософ иясы н,  осы  сөздерм ен  ғана  шектеуге 
дағдыланғандаймыз. Себебі, Абайда «өзіндік учениесі», «система»
жоқ деген жалпы үстем, сыңар ойдың қамауынан шыға алмадық,
әлі де болса осы қалыптамыз.
Қырық үшінші сөздің философиялык жэне де тарихи да мэні -
жоғарыда философиялығы бар деген сөздерде ғана емес, бүлардың
барлығында да, әрбірін жеке-даралап, қарағаңца—бәрініңбас қосып,
ойтүйістіріп қолдайтын, қуатгайтын қағида-ол Үшкіл теориясы.
Осы орайда қырық үшінші сөздің Абай философиясы жүйесіне
қосатын үлесін  негіздеу мақсатына үш жаңа мэселені  үсынып,
талдамақпыз—олар:
-  
бірінші,
  Абай  философиялық  сөздерінің  қүрылымы  мен 
мазмұны;
— екінші,
 танымдықжэне логикалық бағыттылығы;

— 
ушінші,
  «қуат» ұгымы  — Абайлық таным  теориясы  жаңа
қыры. 
И Н
БІРІНШІ.
 Абай оз ойын, өзіндік талдау, озіндік соз (философия
тілінде -  категория, ой түйіндері /қалам иесі/), сөйлем, ойлаудың
логикалық түрлері арқылы қорытып, философисыжүйесі -  Ү шкіл 
екені, бұныңтөңкерісшіл жаңа қағида екенін шамамызша талдауға
ұсынып отырған еңоегімізді арнадық.
Қүрылымы жағынан қырық үшінші сөз де озіне тәи орнына ие 
болып, Абайлық Үшкіл теориясына, Абайлық «білмек» қагидасына 
өз үлесін қосады. Бүл сөзінде Абай біздің түсінігімізше,  Үшкіл 
қағидасын  «білмек»  (таным  /қалам  иесі/)  теориясына  сүйеніп, 
тереңдете,  жетілдіре  түседі.  «Білмек»  қүрылымы  — «жибили» 
(еріксіз болатын тілек — сілтемедегі түсіндірмесі /қалам иесі/) -  
сезімдіктаным, «кэсиби» (еңбекпен табылатын нэрсе /қалам иесі/ 
) - логикалықтаным -«көңілде суреттемек», бүл болса, гносеология 
тілінде бейнелену теориясы. Ал «жан қуатын» жиынтықтүрінде 
логикалық таным деп қабылдасақ: Ү шкіл сырын үгуга жақындай 
түсеміз. Білмек теориясы ішкі қүрылымын Абайлық талдау ында
келтірейік. 

;-
«Адам үгылы екі нәрсе бірлэн: бірі -тэн , бірі -ж ан . Ол екеуінің 
орталарында болган нэрселердің қайсысы жибили қайсысы кэсиби 
оны  білмек  керек.  Ішсем,  жесем  демектің  басы  -   жибили, 
ұйықтамақ та соган ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем 
екен деген арзу (тілек, мақсат, арман /қалам  иесі/), бұлардың да 
басы -  жибили. Ақыл, гылым — бұлар — кэсиби. Көзбенен коріп, 
құлақпен  естіп,  қолмен  үстап,  тілмен  татып,  мүрынмен  иіскеп 
тыстагы  дүниеден  хабар  алады.  Ол  хабарлардың  ұнамдысы 
үнамды қалпыменен, үнамсызы үнамсыз қалпыменен, эрнешік өз 
суретіменен  көңілге  түседі.  Ол  көңілге  түсіруші  баганагы  бес
нэрседен өткен соң, оларды жаигастырып көңілде суретгемек.»
(Сонда,  160  б.). 

Алгаш қадамды Үшкілге Абай жетінші философиялықсөзінде 
айтатын- «тэн қүмары» мен «жан қүмары» үгымдарынан бастап, 
міне ізденіс сапарында түлга бітімді  қагида Үшкілге бара-бар -
300

«білмек» теориясына (таным /қалам иесі/) да келіп жеттік. Абай 
көзқарасы жаңа қырларымен таныстырады. Осы тұрғыдан В.И. 
Ленинніңтанымдағы «шенберлер» туралы ойларымен шенесетін
Абайлық ойдың үлгісімен танысуға болады. «Адамның танымы 
тура тартылған  (respective  тура жүретін)  жол  емес,  шеңберлер 
катары на, спирал ьға үнемі жақындай беретін бұраңж ол»- дейді 
В.И.  Ленин. 
(Шыгармалар  толық  жинагы.  Философиялык,
дәптерлер. Алматы: Қазақстан,  1979.  29-т.,  338 б.).
«Әуелі  білмек»,  «әр  білмегеніңді  білген»,  «білім-ғылымға 
қүмарлық» -  міне, диалектика тілінде толық емес білімнен мейлінше 
толық білімге ұмтылыс -  таным қозғалысы, дамуы зандылыгы. 
Сонда, Абайл ы қ түсінілуде «эр білмегеніңці білген»-міне, таным 
барысындағы шеңберлер. Бұл шеңберлер бір-бірімен жалғасып, 
сабақтасып,  таным  жолының  шектілігін  де,  шексіздігін  де 
анықтайды. Абай таным теориясы мәселелеріне ұсынып отырған 
еңбегіміздің Екінші бөлімінің «Абай философиясы: жаңа мәселелері» 
үш тарауын арнадық. Абай философиясы жалпы жүйесін, бүның 
ішінде қырық үшінші философиялык та сөзінің қүрылымы мен 
мазмүнын ашып, түсінуге мүмкіндік беретін алғаш қадам ертедегі 
көне гректерден бастап, бүгінгі күнге шейін қалай десенде, олай 
айт, бүлай айт, аттап кете алмайтын, құтыла алмайтын мэңгілік:
«тэн» мен «жан» мәселесінен аяқтанады.
Абай өлең, философиялык сөздері жалпы жүйе қүрылымын
қалы птастыратын  жалпы  қағида,  ол  -   Үшкіл.  Осы  ойымызды 
социологиялық ізденісіміздің 1-5-ші Кестелері арқылы негіздеуге 
талаптандық жэне философиялык сөздерінің эрбірін жеке-дара 
талдау  үстінде  мэн  бере  ден  қойдық.  Абайдың  өлең  жэне
философиялык сөздерініңбіріншісінен қьфықбесін түгелдейін бойлай
қадағалап, қамқор болатын түтастық қағида -  ол Үшкіл дедік. Осы 
ойымызды  тағы  да  бекіте түсу  мақсатында Абайдың өлең сөзі
логикасына сүйеніп негіздемекпіз.
Абай  шығармалары,  бұл  тұста  тек  өлең  сөзіне  қатысты,
баспадан  шыққан  күйіндегі  орналасқан  жылдар  (1986  жылы
«Жазушы» баспасынан басылып шыққан екі томдық шыгармалар
301

жинагы бойынша) тізбегі бойынша философиялық ойлылықтың 
алғаш  қадамы деп,  «Абралыға» (шифры -  6(14) жэне  Абайдың 
соңғы жылдары жазылған: «Алланың өзі де -  рас, сөзі де -  рас» 
атты шығармасын алдық. 

!
Абралыға өлеңінен: 
*1
  j
Осы окумен намаздыц
 
<
Қай жерінде  сауап  бар?
 
в
Тегін  ойпап  бащасац,
 
4
Мұнда  ми  жоц,  құлақ  бар,
  - 
деп,  «ми  жоқ»  болса  ақыл 
цайдан  дарысын,  ягни  ойлау  мәдениеті
  адам  миы  қызметі 
нәтажесі екенін алғаш шығармаларыныңбіріңде ескертеді. Абайдың 
азаматтық, қоғамдықжэне шығармашылық қызметі жарты ғасырга
жуық тарих кезеңін қамтиды, жылдар тізбегі бойынша -1855-1903 
жылдар.  Өмірінің  соңғы  жылдары  жазған  өлеңдері  ішінен 
таңдауымыз  «Алланың өзі  де -  рас,  сөзі  де -рас»  шығармасын 
айттық, бүл туралы Мұхтар Әуезовтің тікелей өзі берген талдау, 
тексеру, әрі бағасын келтірейік.
«Исләм дінін атамаса да ақынның өз түсінігіндегі адамшылыққа 
қайшы келетін мінезерді сынайды. Ал, ислэм діні -  «мүсылманға 
бес парыз» деп: ораза, намаз, зекет, хаж дегенді айтса, Абай оларға 
көп көңіл бөліп, місе тұтпайды. Жаңағы өзі айтқан, өзі ұсынган 
адамгершілік жолынан шықпаған адамның «бес парызды түгынуы» 
татымды бермес жеміс» деген бағаны алады.  Осыдан эрі, Абай 
өзгені емес, мұсылманшыл ықтың тірегі дейтін имамдардың сөзін 
мансұқ қылады:
Сыртын қанша жуса да,  іші оңбаган...
 -  деп, оларды сынау 
ғана емес, жазғырып, айыптаумен тынады. Өлеңініңең ақырында:
«... Ойла, айттым: адамдықтың атын жойма! -  дейді. Солайша, 
мұсылманшылықтың «Алласынан» бастап, адамшылықгың улкен 
мағынадағы адамдығымен тоқтайды. Қысқасы, өз оқушысының 
бәрі де «мұсылманбыз» деп, белгілі дінді тұтынғандықтан, Абай 
солардың  дін  негізіне  сүйене  отырып  сойлеген  тэрізді.  Бірақ, 
жоғарыда біз талдап көрсеткендей, ішкі сырына үңіле ойлансақ, 
бүры нғы байқағанымыз, талдағанымыз тэрізді мынадай сыртынан
302

барынша діншіл көрініп отырған өлеңнің өзіңде де Абай исләм дінінің 
үгіт-өсиетін, өте шартты түрде ғана шамалы, шақты жерге ғана
керекке жаратгы.» 
(20т.,  179 6.).
ЕКІНШ1.«Тән
» менен «жан» Абай түсінігінде философиялық
ойлаудыңжүйе қүрастырушы бастамасы. Абай шығармашылығы 
интеллекті биігінен  көрінеді, себебі, ойлау өрісі  мен мэдениеті 
дэстүрлі  дүниежүзілік  философиямен  сабақтастығын,  тығыз 
байланысын танытады. Ұсынып отырған еңбегімізде бұл мәселені
өз шамамызша, жан-жақты талдауға ниет қойдық.
Сөзден  сөзге  ауысқан  сайын  Абай  философиясы  жаңа 
үғымдарын, түсініктерін қызмет бабында көріп, тамашалаймыз. 
Мәселен, жетінші философиялық сөзі жүйе қүрастырушы «құмар» 
ұғымын  алғаш  кездестіріп,  «тән»  мен «жанның» ара  қатынасы 
сырын ашып, үғындыруда қандай қызмет атқарғанын көреміз. Ал, 
қырық үшінші философиялық сөзі жаңа сипаттағы «жибили» мен 
«кэсиби» үғымдары  қызметімен таныстырады. Бұл үғымдарды 
Абай дәстүрлі философиясы гносеология ілімі сезімдік (жибили / 
қалам  иесі/)  жэне  логикалық  (кэсиби  /қалам  иесі/)  таным 
заңдылығын  қазақша ұғындыруға шеберлікпен  пайдаланғанын 
көреміз. Абай ойының кереметі философияның ең қиын мәселесі —
Осы  мақсатқа — «ақыл», «қуат», «сурет», «коңіл» мен «көкірек» 
(интеллектке  балама үғым  /қалам  иесі/),  «дэулет» үғымдарын, 
логикалық абстракция, жалпылық мэнінде орынды, тиімді қазақша 
қолданысын көреміз. Таным үдерісі жаңа көріністерімен Абаилық 
талдаудың,  түсінілуінің  үлгісімен  танысамыз.  «Білмектің»
қайшылыкгы, «соқтықпалы» жолын бір-бірінен туындап, бір-біріне 
оралып, сабактасып жатқан «қуапг»-«көңіл»-«ақыл» жолы сапасында
танылады. 
.
.
.
.
«Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нэрселерді
көбейтіп  алса,  ол -   көп  жиганы  бар  адам:  сынап,  орындысын, 
орынсызын -  бэрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, 
қарап табады. Бұлай етіп бүл харакетке түсінген адамды ақылды 
дейміз. «Құдай тағала өзі ақыл бермеген соң қайтейік?» демек,
303

«құдай тағала сені менен мені бірдей жаратып па?» демек, 
кұдай 
тағалаға жала жауып, өзін күтқармақ болгандығы.  Бұл -  ойсыз, 
өнерсіз надан адамның ісі. Оған қүдай тағала көрме, есітпе, естіген, 
көргеніңді ескерме, есіңе сақтама деп пе? Ойын-күлкімен, ішпек- 
жемек, ұйықтамақпен, мақтанмен, әуре бол да, ішіңцегі қазнанды 
жоғалтып алып, хайуан бол деген жоқ.» 
(Сонда,  160-161 бб.).
Сырттан  жиганды  Абай  «көңілге  түсіреді»  деп  сезімдік 
танымның,  ал,  «көңілде суреттемек» деп логикалық танымның 
қызметін айтады. Міне, қазақ сөзінің философиял ық мүмкіндіктерін 
үтымды, шебер пайдаланғанын, бүған қоса қазақтілінің логикалык 
жэне ғылыми ойлаудың қазақша үлгілерімен таныстырады.
ҮШІНШІ.
«Жан» -  дәстүрлі  философия тарихында не сана, 
немесе  ақыл,  парасат,  пайымдау,  ойлау  т.б.  әрғилы  атақпен 
философиялық тұтастық қагидасы болуға үмтылды. Абайда осы 
сарыннан сырттап кеткен жоқ, мұның дәстүрін эрі жалғастырды. 
Абайдың «қуат» туралы тақырыпты ой толғауы осыған дәлел. Абай 
философиясында «жан» түтастыққа мегзейтін ұгым. Қазіргі тілмен 
айтсақ «биологиялық» пен «әлеуметтіктің» бірлігіне нұсқайтын 
қағида. Осы түста Абай даналығы жаңа қыры тағы да ерекшеленіп 
байқалады. Белшесінен қайшылыққа батқан философиялык екі 
мәселеге өз талдауын, өз түсінігін береді. 
Біріншісі
—заттан ойға 
ауысуы. 
Екіншісі
-«білмек» (таным) үдерісінде «қуат» үғымының 
танымдық жэне логикалық мүмкіндіктерін орынды,  шебер, эрі 
нәтижелі пайдаланганын көреміз. Ең бір ғажабы — қазак тілінің тек 
әдебиетгік қана емес, философиялык та мүмкіндігі де бай екенін іс 
жүзінде танытады. 

«Жан  қуаты  дей-түғын  қуат -   бек  көп  нәрсе,  бэрін  мүнда 
жазарғауақытсиғызбайды. Бірақэрбірөнердіңтыстантауып алып 
ішке салғанын, соның тамырын берік ұстап түруға жараушы еді.
Коп  заман  ескермеген  адамнан  ол  оағанағы  өнердщ  өзінщ  ең 
қызықгы, қымбатгы жерлері жоғала бастайды. Онан соң көп заман 
өтсе, сол өнерді сақтайтүғын қуаттың өзі де жоғалады» 
(Сонда,_161__б.).__Абай_талдауында,_түсінгінде«жан_қуаты»_«жан_қүмары»_үгымынан_тереңірек_жатыр._Себебі_білмектің_ішкі_қүрылымына_бас-_304'>(Сонда, 161 
б.).
  Абай  талдауында,  түсінгінде«жан  қуаты»  «жан  қүмары» 
үгымынан тереңірек жатыр. Себебі білмектің ішкі қүрылымына бас-
304

көз болып, «тэн» мен «жанның» эр өрнекті қырларын, көп салалы 
байланыстарын  қамтамасыз  ететін  «сауыт» та,  құрал  да.  Абай 
түсінігінде «тэн» мен «жан» ұғымдары дәстүрлі философияның 
«болмыс» пен «сана», «адам» мен «қоғам», «адам» мен «табиғат»
ұғымдарына бара-бар логикал ық ұғымдар.
«Жан» тек жүректі ұялайтын қан-тамырлар, жұлын-жүйке деп,
ал «тэнді» адам денесі биологиялық құрылымы деп қабылдасақ,
сөйткенде, Абай философиясы жүмбақтығы сырын ашып, өзіндік
ерекшеліктерін  ұғуға талпыныс жолы  тарыла түседі.  Абайлық
талдауда,  түсінілуде  «жан  қуаты»  философиялық  абстракция
деңгейінен корінеді. Абай «жан қуатын» үш «элементке»-үштопқа
бөледі.
Біріншісі
 -  «подвижной элемент», қазақшаласақ -  «әрекетшіл» 
дегеннің  мағынасына  жақын.  Әрекетшілдің  мәні  — адамның 
қоғамдық,  элеуметтік  іс-қимылдарынсыз  еш  нэрсе  өзідігімен
келмейді- «Біреуі орысша «подвижной элемент»—деп атар. Ол не 
нәрсе? Не көрдің, не есіттің, эрнешік білдің, соны тездікпенен ұгып, 
ұққандықпенен түрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады, 
сол екі жағына ақылды жіберіп қарамаққа тез қозғап жібереді. Егер 
бүл болмаса, көп білуге көп оқу оңды пайда да бермейді. Керекті 
уақытында ойламай, керекті уақытында қылмай, керекп уақытында 
айтпай, дэйім уақытынан кеш қалып, «Әй, әттеген-ай! Үйтуім екен, 
бүйтуім екен» деп, өмір бойы ғафил болып-ақ отырғаның» 
(Сонда, 
161-162 бб.).
 Осы тұста Абайды -  жадағай (стихиалды) диалектик 
деп  қайталап отсек,  эбден орынды.  Қазақтың қарапайым.  «Әй, 
әтгеген-ай! Үйтуім екен, бүйтуім екен» деген сөздерін ой сараптауга 
пайдалануы  диалектиканың  тарихтық  шартының  (принцип
историзма/қалам иесі/) ізі жатқанын танытады.
Екіншісі
—«сила притягательная однородного»—дейді, қазақша 
түсіндірмесі бізше, біркелкіліктіңәсерлігі. «Біркелкілік»ұғымы өзіне
ерекше  назар  аударады.  Бүның  себебі,  мүнда  философиялық 
сиқырлық: «Сырымды аш !»-деп, 
ө т ін іп  
түрғандай.Біркелкілік-
табиғаттағы, ойлауда қарама-карсылықтардыңбірлігі, эрі тартысы.
Жалпы философиялық түрғыдан алғанда, ойлаудың болмысқа бара-
305

барлығы, яғни танымның, логиканың ең өзекті, ең тағдырлы деген 
қағидасын қалыптастырады. Біркелкілік — табиғи заттардың бір- 
біріне ұқсастығын аңгартады, екінші жағынан, нәрселердің бір- біріне 
ұқсастығы негізін іздестіруге ынталандырады. Тэжірибе мен ғылым 
жетістіктеріне сүйенсек, зат пен ойдың бір-біріне ұқсастығы, эрі 
мұның негізі заттардың өзінде жатыр. Осы тұста Абай түсінігі К. 
Маркс  пен Ф. Энгельстің төменде  келтіріп отырған ойларымен
ұқсастығын байқатады.
«Адам ойында предметтік ақиқаттық бар ма деген мэселе -
тіптенде теория мәселесі емес, практикалық мэселе. Адам өзінің
ойының ақиқаттығын, яғни шындығы мен күшін, оұдүниелікекенін 
практикада  дәлелдеуге  тиіс.  Практикадан  оқшауланған  ойдың 
шындығы немесе шын еместігі туралы талас нағыз схоластикалық 
мэселе.» 
(К.  Маркс пен  Ф.  Энгельс Дін туралы. Алматы: Қазац
мемлекеттік баспасы,  1956,  56 б.).
 
4
Оқырман Абай ойының «предметтік ақиқатқа» ұқсастығын өзі
іздестіріп, ойластырсын. Енді Абай ойына аса ұқыптылықпен ой 
тоқтатарлық: «Ол -  бір нэрсені естіп, көріп білдің, хош келді, қазір 
соған ұқсағандарды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки, бір ғана 
жерден үқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері 
бар нәрселердің бэрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сүрап, 
оқып,  бөтеннен  хабарланып  білмей,  тыныштатпайды.» 
(Абай 
(Ибраһим Кунанбаев) Екі томдық шыгармалар жинагы. Екіниіі 
том.  Аудармалар мен  цара сөздер.  Алматы: Жазушы,  162 б.). 
Үшінші элемент
 -  «Впечатлительность сердца». 
«Впечатлительность» пен «впечатление» деген орыс сөздерінің 
мағыналық жагынан  танымның  эр  сатыдагы  деңгейінен  хабар 
береді. 
Біріниіісі
 -  таңдағыштық, сезгіштікке жақынырақ та, бүл 
деңгейді сараптағыштық деп атасақ, танымдық қызметіне орай 
болады. Ал, 
екіншісі—
таным барысында сезім мүшелері тікелей 
алғанэсері. Абайтүсінігінде: 
«
«...  жүректі  м ақтанш ақты қ,  пайдакүнем дік,  ж еңілдік, 
салғыртгық—бүл төрт нәрсе бірлэн кірлетпей таза сақтаса, сонда 
сырттан ішке барған эр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық
306

раушан болып түседі. Ондай  нэрсе тұла бойыңа жайылады, тез 
ұмытгырмайды. Егер де, бағанағы төрт нәрсемен жүректі кірлетіп 
алсаң, жүректің айнасы бұзылады, я қисық, я күңгірт көрсетеді. 
Енді ондай нэрседен оңды ұғым болмайды.» 
(Сонда,  162 б.).
Абай өлең сөзінде -  шифры -  70(53-54):
Көрмеген  көп дүние  көл  көрінді
Кірлемеген көціл ашыгында,
 - деп, адам интеллектін -  зерде- 
санатын, ақылын, көкірегін, көңілін «кірлетпеуге» шақырса, Қырық 
үшінші сөзінде тікелей «ой кеселдерінен» (Отыз бір, Отыз екі, Отыз 
үшінші философиялык сөздерінде айтатын /қалам иесі/), «ақылдан 
шыгарып жібере-тұғын нэрселерден сақтандырады».
ҚЫРЫҚ ТӨРТІНШІ 
сө з
Адам мінезі мен қоғамдық ісінің бір-біріне деген әсері, осыдан 
туындайтын Абайды ң эрғилы философиялык ойлары мен ойлау 
мэдениеті жаңа кырларымен Бірінші бастама философиялык сөзінен, 
міне, қырықтөрпгіншісіне де қоныстеуіп, дидарласамыз. Бүл сөзінде 
де диалектикалық ойдың ұшқыны барына көзіміз жетеді. Қырык 
үшінші  философиялык  сөздің  ерекшелігін  анықтай  түскенде 
байқаганымыз Абай Үшкіл қағидасынатағы да оралып, кайталап 
пысықтап дегендей, қорытынды түйін ойын тереңдете түскенін
көреміз. Қырықтөртінші философиялык 
с ө з і н д е  
Үшкілтеориясын
«көкіректі  таза  ұстау»  деген  мэселемен  толықтыра,  жетілдіре 
түседі.  «Көкірек»,  «көңіл»  ұғымдары  Абайдың  «білмек» 
теориясында талғамдық, түсініктік қызмет атқарады. «Көкірек», 
«көңіл» -  «интеллектке» балама философиялык жиынтық ұғым. 
«Білім, гылым кәсіби» болғандықтан, үнемі «көкіректі тазалау»
қажеттілігі адамныңөзіндікжасампаздық күштерін қалыптастырып,
жетілдіре, дамыта түсу қажетгілігі. Абай осы мәселеге ден қоиып, 
мән  береді.  Өлең  сөзінде  «көңіл  ашығы»  мәселесін  сөз  етсе,
философиялык сөздерінде, бүны Абай жүйелік- Үшкіл рфғысынаи 
қарап, жан-жақты талдауга бет алғанын байқаймыз. Абай оиының 
желісі -  «талап» деген үғымынан басталады. «Адам баласының
307

ең жаманы -  талапсыз, һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі болады, 
һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен-бірі 
өнерлі, тұрлаулырақ келеді.» 
(Сонда,  163 б.).
«Талап» -  адамның жасампаздық күштерінің даму деңгейін 
көрсетеді«... адам баласы я талапты, я талапсыз» болады дейді.
«Талаптыңтүрлі-түрлісінің», яғни кэсіптік дэрежесін «харакет» 
үғымы арқылы анықтайды. «Осыған орай біреу қажеке атанамын, 
біреу батыр-еке атанамын, біреулер білгіш, қу, сүм атанамын деп 
сол харакетге жүр. Әрқайсысы қазаққа бұлдамақ та болып, басына 
«осыным бірсыпыра елеу азық болар» деген талаппен қылып жүр»,
- дейді Абай 
(Сонда,  164 б.).
«Талаптың түрлі-түрлісінің» қогамдық әсерлігін, тиімділігін 
асыру, танымдық, логикалық дэрежесін жетілдіре түсу мақсатында 
«талаптың» қоғамдық екі бағытына тоқгаған: біріншісі -  «қазақтың 
бетінен оқып, ізденген тапап»; екіншісі- «кітап бетінен оқып, ізденген 
талап.» 
(Сонда,  164 б.).
  Сонда, 
бірінші багыт
 -  қазақ халкының 
шаруашылығы  құрылымы  жайында.  «Талаптың  түрлі-түрлі» 
«харакетінде»  жүргендер  «...қазақтың  тамырын  ұстап-ұстап 
қарайды-дағы, мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, 
осы күнде мынабір істіңбіраз пұлы барекен»деп, қазақтыңбетінен 
оқып, ізденген талап болмаса, кітап бетінен оқып, ізденген талап 
емес.» 
(Сонда,  164 б.). Екінші багыты,
 Абайтікелей айтпаса да, 
бірақ сөз саптауынан білім мен ғылым туралы екені анық сезіліп 
тұр. Абай сөзімен айтсақ: «...кітап сөзіменен оқып ізденген талап 
болса, әуелі  кокіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл
дейді.» 
(Сонда,  164 б.).
Абайдың «қазақтың бетінен оқып, ізденген талап» жэне «кітап 
бетінен оқып, ізденген талап» деген қағидалы сөздері бүгінгі күннін 
де қажетімен үндесіп тұр ғой. Қазіргі тілмен айтсақ ғылым мен 
озық  тәжірибеге  сүйенген  жаңа  технологияны  армандаганын 
танытады ғой. Логикалық қүрылымы жағынан қырық төртінші сөз 
«талап», «харакет», «қазақ беті», «кітап беті», «көкіректі тазалау» 
деген түсінікгік ұғымдар тоңірегіне топтасып, «білмектің» жаңашыл 
қырларымен таныстырады Абай.
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод
transactions -> Тәңірберген Қалилаханов
transactions -> Ж ү с І п о в а МӘШҺҮр жүсіп көпеиүлы деректанушы

жүктеу 1.17 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет