Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы



жүктеу 1.17 Mb.

бет21/25
Дата09.01.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

285

элеуметтік, этикалық жэне философиялык мәселелерге мүрындық, 
эрі бастама сияқты. Бірінші — ой күрмеуі адамныңжасампаздық 
қасиеттеріне жол бастайды, екінші — ой мен тілдің (сөздің /қалам 
иесі/)  байланысына  мегзейді,  үгиінші -   адам  интеллекті  мэнін 
ескерткендей. 4 ,5 ,6  болмыстың сәт қиыл ыстарының эр кезеңдегі 
адам мінезі көріністерімен бетгестіріп, талдауға бейімдейді. Жиырма 
үш ой күрмеулерінің қайсысында болмасын ой күрмеу тақырыбы 
шариғат емес, тіршілік болмысынан туындайтын мәселелер.
Кеңес дэуіріңде еңбек туралы ойлау «дана» КПСС-тің иелігівде 
болатын. Ф. Энгельстің еңбек туралы айтқаны терең ғылыми ой 
екені  сөзсіз,  бірақ  басқалардың  пікірін  «шала  үғуға»  бейім 
түратынбыз. 
'  •~!
Еңбек туралы Абайдың отыз жетінші ой  күрмеуінде айтқан 
пікірінеойтоқгатайықшы: 
^
«Өзің үшін еңбек  қылсаң,  өзі  үшін оттаған  хайуанның бірі 
боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың 
сүйген құлы боласың» (Сонда, 135 6.) деп, адам игілігі үшін қызмет 
жасауға шақырады емес пе?! Абай Алласы -  адамның өзі, адамның 
өзіндік  жасампаздық  күштері.  К.  Маркстің «Фейербах  туралы 
тезистер»  үшінші  тезисі  мен  Абайдың  тоғызыншы,  оныншы 
тезистерін салыстырсақ ой шенесетіндігін байқамасқа болмайды. 
К.  Маркс:  «Адамдар  жағдайлар  мен  тәрбиенің  жемісі,  демек, 
өзгерген адамдар -  өзге жағдайлар мен өзгерген тэрбиенің жемістері 
дейтін материалистік ілім, міне, осы ілім жағдайларды өзгертетін 
адамның  өзі  екенін,  тәрбиешінің  өзін  тәрбиелеу  керек  екенін 
үмытады...  Жағдайлардың  өзгеруі  мен  адам  ісінің  тура  келуі 
революциялық  практика  ретінде  қаралып,  рационалды  түрде 
түсінілуі  мүмкін»  (К.  Маркс,  Ф.  Энгельс. Дін  туралы.  Аматы: 
Қазақ мемлекеттік баспасы,  1956,  56-57 66).
Бүгінгі «өзге жағдайлар» К. Маркс пікірін теріске шығармас, 
бірақ  адамды  жаныштайтын  жұмыссыздық  пен  материалдық 
игілікті өндіретін өндірістің құлдырауы «жағдайларды өзгертуге», 
әзірше, Абай айтқандай:
286

Уайым -  ел  қорганы,  есі барлыц,
Қиыны бұл дүниенің -  урлы тарлъщ.
Абайдыңтоғызыншы, оныншы ой күрмеулерін юелтірейік:
«9.  Адам  баласын замана өстіреді,  кімде-кім жаман болса,
замандасының бэрі виноват.
10. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі (бүгінгі жағдайда
ел басшысы  /қалам  иесі/) болсам  адам  мінезін түзеп болмайды
деген кісінің тілін кесер едім» (Сонда, 135 б.) -  деп өте ықшам, эрі
ызалы  ойы  тәрбие  мен  мемлекет  ісіне  үлкен  мэн  беретінін
байқатады. Дэл осы түста К. Маркс пен Абайдың адам өзгерген
«өзге жағдайлардың жемісі» деген қиылыста ойлары шенеседі.
Мына төменде келтіріп отырған он екінші ой күрмеуінде Абайдың
Үшкілі  жадағай  (стихиалды)  диалектикалық  сипатын  тағы  да
тере ңдете түсед і.
12. «Жамандықты кім көрмейді. Үмітін үзбек- қайратсыздык.
Дүниеде  еш  нэрседе  баян  жоқ  екені  рас,  жамандық та  қайдан
баяндап қалады дейсің! Қары калың қыстың артынан көгі қалың,
көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді» (Сонда,  135 б.).
«Қыс» пен «жаздың» аллегориялық сипаттама көлеңкесінде
диалектиканың ең жанды, күрделі-ау дейпн, даму туралы қағңдасы 
жайғасқан.  Отыз  жетінші  сөзді  философиялық  ой  күрмеулері 
(тезистері /қалам иесі/) деп, тың пікірді қуаттаймыз.
ОТЫЗ СЕГІЗІНШІСӨЗ
я  ■ рв
Абай  философиялық  сөздерінің  қай-қайсысы  болмасын 
тағдырл ы, қайшылықты жұмбактарға толы. Осылардьщ ішінде ең 
ж ұмбақты сы ,  күрделінің  ең  күрделісі  — отыз  сегізінш і 
философиялық сөзі. Философиялық сөздердің ішінде -  басқадан 
оқшау, ерекшеленіп, бөліне, дараланып түрған отыз сегізіншісіне де 
келіп жеттік. Адам ойын эр саққа жүгірінді етіп, тіпті, кей сэтте 
ұлы ойшыл дін сөздерін бірінен соң бірін алдыңа жайып салғанда, 
дәл осындай сәтте Абайға деген сенімің шайқалғандай көрінеді.
287

Сиқырлы  секемнің арбауына алданып ұлы ойшылды дін тірегі, 
сенімі, насихатшысы деп те қаласың. Дін қайраткерлерін сынап, 
ғылымды жақтап, бұның ішінде, биология, физика салалары қол 
жеткен табыстарын, өз заманы адыңғы  қатарлы оқымыстылары 
қол артқан үлы жаңалықтарын Абай сөз еткенде бұған танданбасқа 
жол  да,  амал  да  қалдырмайды,  иә,  қалдырмайды.  Бірінші 
философиялықсөзінен отыз алтысын талдаудан, ойлау сарабынан 
өткізіп, егжей-тегжейін анықтап оқып, танып, біліп, мұқият зерттеп, 
пайымдап барып, отыз сегізінші сөздің жұмбақтығы сыры — дін 
мен  гылымның  ара  қатынасы,  білім  мен  нанымның  қарама- 
қарсылығы, бұлардың қоғам мен адам өміріндегі ғылым мен діннің 
алатын орыны қандай? Ойың осы сұраққа келіп, еріксіз ат басын 
тірейді. Отыз сегізінші сөзді бастаганда, бұны кімге арнайтынын 
айтып, үндеу-өсиет сөзінің тақырыптық, мазмұндық бағытын да 
аныктаған жағдайда Абай білім мен ғылым жанкүйері екеніне көзің 
дежетеді, ойыңдабекитүседі. 
5*
«Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім!»-деп бастайды Абай 
үндеу сөзін. «Сіздерге адам үғылының мінездері туралы біраз сөз 
жазып ядкар (сілтемедегі түсіндірмесі: ескерткіш, есте қалу/калам 
иесі/) қалдырайын. Ықылас бірлэн оқып, үғып алыңыздар, аның үшін 
махаббатыңтолады. Махаббат -  әуел адамның адамдығы, ғақыл, 
гылым деген нәрсе бірлән. Мұныңтабылмақтыгына себептер- 
эуелі һауас сәлим һэм тэн саулық, бүлар туысынан болады, калмысы 
жақсы  ата,  жақсы  ана,  жақсы  қүрбы,  жақсы  үстаздан  болады. 
Талап,  ұғым  м ахабб аттан   ш ы ғады .  Ғылым  білім ге 
махаббаттандырмақ элгі айтылган үшеуінен болады... Адамның 
ғылымы, білімі хаққхатқа, растыққа қүмар болып, эр нэрсенің түбін, 
хикметін білмекке ынтықбірлэн табылады.» (Сонда,  136-137 бб.).
Абай ойлау логикасы адам мен қоғам арасында қалыптасқан 
санғилы  қатынастарынан  туындайды.  Мал  бағатын,  сауда 
сиқырлығын меңгеретін, машина жасап, фабрикаларды іске қосатын, 
«электр»  қуатын  -  табигат  күшін  де  игеретін  адамның  өзіндік 
жасампаздық  күштеріне  байланысты  екенін  философиялық
288

сөздерһйң қай-қайсының да танымдық та, логикалық та тірегі. Отыз
сегізінші сөзінде бұл болса ерекшелене байқалады.
Абай  Үш кілі  үш  тірегі:  интеллект,  ойш ылдық  пен 
шығармашылық туралы осы еңбегіміздің Екінші бөлімінің үшінші
тарауында  сөз  еттік.  Мұхтар  Әуезов  эдебиет  тарихшысы 
сапасында Абайдың қара сөздерінің эрбірінің басты деген бағытын 
аныктап, тақырыптықта талдау жасаған ойларын, болжамдарын 
ізденісіміздіңтеориялықта, эдістемелікте құралдары сапасында
пайдаландық. Енді осы ораида Абайдың отыз сегізінші қара (бізше 
философиял ы қ /қал ам иесі/) сөзі эдебиетшілердің, жазушылардың, 
әсіресе, үлы Мүхтар Әуезовтің де назарын өзіне аударғаны ғылыми 
қауымға, Абайтанушыларға мәлім. Бір топ: он екінші, он үшінші, 
жирма жетінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші және 
қырық бесінші қара сөздері дін менен мораль, тэрбие жайларын 
айтады деп, жалпы бағытын анықтай отырып, Мүхтар Әуезов: «Осы 
топта көлемі мен мазмүны бойынша ең үлкен орын алатын отыз 
сегізінші сөз-«Ғақлиат-тастихат». Бұнда Абай аят, хадистерден 
цитаталар келтіріп сөйлейді. Жазу тілінің, басқа қара сөздердегі анық
қазақтыңтүрін өзгертіп, кітапшалап (түрікше) тың үлгі, стиль іздейді. 
Сыртқы  стильдегі,  тілдегі  өзгешеліктер  бүл  сөздегі  діндік 
мазмүнменен нықбайланысты. Осы кезде Абай өзініңдінін, түп 
наным  жағынан  да,  моральдық  қасиеттер  турасынан  да  және 
адамгершілік  тәрбие  мақсатымен  де  анықтап,  таныта  түспек 
болады. Өлеңдерініңтүсында айтқанымыздай, әрине, бұл сөзде де
Абай өзін мүсылман етіп көрсетеді. Ол  ислам дінінің құдайына 
иланады. Енді соның көп сипатгарын өз окушысына баяндап береді. 
Сол баяндауда үнемі  адамдық жақсы сипаттар жағын айрықша 
екшеп терумен болады. Ендеше, бұл сөздің де түп мазмүн-мақсаты 
адамды жақсы етіп шығаратын қасиет, сипаттарды жеткізе түсу. 
Моральдық философияның, педагогикалық мұраттардың негізін 
діндегі негіздермен қабыстырып бермекші.» (Мүхтар Әуезов 20-
т.,  224-225  бб.).
289

Абайдың философиялықсөздерінің көбіне, отыз сегізіншісіне 
Мұхтар Әуезов арнайы токтап, өз бағасын, түсінігін береді. Осының 
үлгісін толығырақ беруге талаптандық. Абайдың осы сөзіне мэн 
бере оқып, тереңіне беттеген сайын, мұның мазмұн-мағыналық, 
әрі  тақы ры пты қ  ер ек ш ел ігі,  тан ы м д ы қ  ж эне  логикалы қ 
мүмкіндіктері,  ғылыми  сипаты,  гуманистік сарыны  айқындала 
туседі. Абайдың талдап отырған сөзін, Мүхтар Әуезов айткандай, 
«мейлінше  түгел  қамтып,  тексеріп,  талдағанда»,  Абай  дінді 
жақтаушы, немесе уағыздаушы деген пікірден аулақтай түсіп, жоқ, 
керісінше, қайта ғылым жолын берік ұстанған ойшыл философ деген 
пікірде бекитүсесің. Абайдыңөлең, философиялықсөздеріне қүлак 
артсақ ойлаудың теориялық жэне әдістемелік (методологиясы / 
қалам иесі/) негізі ұлы ойшыл шығармашылығы объективтілігі, 
тарихилығы,  халықтығы,  «қиянатшыл  дүниенің»  (қоғамдық 
болм ы сты ң)  там ы ры   соғы сы н  дэл  басуы .  Осы  түрғыдан 
ізденісіміздің бағытын анықтамақпыз.
Отыз сегізінші сөз туралы Мүхтар Әуезов бІрде талас, бірде 
оң пікір айтып, екіүшты ойдың қамауында үстамақшы. Абай аяулы 
ұлы, келешегінен үлкен жеміс күткен Әбдірахман өлімі қайғысынан 
туған бірнеше өлеңдерінде Мүхтар Әуезов айтқандай, Абай «өзінің 
дінге нанған адам екенін де аңғартады» 
(Сонда,162б.).
Ғылым мендін туралы сөз көтере отырып, Абай ойы, ынтасы, 
махаббаты ғылымға берілгендігін айту ойшыл шығармашылығы 
мен  көзқарасының басты мақсаты.  Осы  ойымызды Абай сөзіне 
тікелей сүйене отырып, негізін іздестірейік. Дін мен ғылым туралы. 
«Алланы  бар  дедік,  бір  дедік,  ғылым  құдіреті  сипаты-бірлән 
сипаттадық.  Жэ,  бүл  бірлік,  барлық  ғылым,  қүдірет  олуда 
(сілтемеде аудармасы: күш болуда /қалам иесі /) боларлық нэрселер 
ме? Әлбэттэ, ғылым құдіреті бар болады: хаяты (тіршілік, тірі болу)
-  мағлұм, бірі -  ирада (тілеу, қалау), яғни қаламақ. Ғылым бар болса, 
қаламақ та бар» 
(Сонда,  140 б.).
Абай логикасына жүгінсек Отыз сегізінші философиял ык сөзі 
өзінің тарихилығы,  ғылыми  мағыналығы  жагынан  алғанда,  ең 
тағдырлы,  ең  түйіндісі.  Бүл  басқа  философиялық  сөздерін
290

кеміткендік, не менсінбегендікемес, қайта оларды ескере отырып, 
бұл сөздің басқаларынан өзгешелігін танып, біліп, ғылыми мазмұнын
анықтау еді.
Абай  сөзінде  -   «Алла  бар  дедік»  деген  діни  нанымның 
танымдық,  логикалық  ұғымдық,  түсініктік  мэнін  «білмекке» 
талаптанайық.  Бұл  сөздің  мазмүнын,  маңызын  диалектиканың 
тарихилық және логикалық әдістері көзімен қарасақ: «делік» бұл 
Абай түсінігі емес, тарихта орын тепкен кітаби қағида, бұны аттап 
кетуге боллмайтынын ескертіп отыр. Ал, өз пікірі болса ғылым 
жолында екенін: «құдірет», «хаят», «ирада» -  кітаби ұғымдарды 
пайдалана отырып, Абай дэстүрлі философияның дүние барын, 
бірлігін, тіршілігі туралы пікірлерімен сабактастығын танытып отыр
емес пе?! Сонда, Алла бар, не жоқ деп айтпайды, кітаби құранда 
келтірілген Алланың сипаттары мен есімдерін жоққа шығармайды, 
бірақ  адамдық сипаттарымен  -  жасампаздық  күштері  -  хаяты 
дәлелденуі, негізделуі қажет. Осыған Абай баса көңіл аударады. 
«Табиғат  өзіне  өзі  себептілік»  деген  дәстүрлі  философияның
қағидасы н қолдайты ны н танытады.
Ғылым  туралы.  Ж оғарыда  Абайдың  «білмек»(таным)
теориясына ұсынып отырған еңбегіміздің екінші бөлімін арнадық. 
Отыз сегізінші  сөздін де  күрделі  мәселелерінің бірі -  «білмек» 
теориясы .  Енді  А байды ң  ғы лы м ға,  ғалы м ға  ж эне  дін
қайраткерлеріне деген түсініктерімен танысайық.
«Ғақыл көзімен қара: күн қыздырып, теңізден бұлт шығарады 
екен;  ол  бұлттардан  жаңбыр  жауып,  жер  жүзінде  неше  түрлі 
дәндерді өсіріп, жемістерді өндіріп, көзге көрік көңілге рахат гүл-
бәйшешектерді, ағаш-жапыраклгарды, қант қамыстарын өндіріп, 
нешетүрлі нәбатәттәрді (өсімдіктер) өспріп, хайуандарды сақгатып, 
бұлақтар  ағызып,  өзен  болып,  өзендер  ағып  дария  болып, 
хайуандарға құсқа, малға сусын, балықтарға орын болып жатыр 
екен. Жер мақтасын, кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, құстар 
жүнін, етін, жұмырткасын; хайуандар: етін, сүтін, күшін, көркін, 
терісін;  сулар:  балығын,  балықтар  икрасын,  хатта  ара  балын, 
балаузын,  құрт жібегін -  һәммасы  адам  баласының  пайдасына
291

жасалып, ешбіріне бұл  менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бэрі -  адам 
баласына таусылмас азық. Миллион хикметбірлән жасаган машина, 
фабрик  адам  баласының  рақаты,  пайдасы  үшін  жасалса,  бұл 
жасаушы  махаббат  бірлэн  адам  баласын  сүйгендігі  емес  пе?» 
(Сонда,  142-143  бб.).
  Табиғаттағы  таусылмас,  құрымас  сансыз 
затгарды, қүбылыстарды тек адам үшін жаратылған деген теология 
түсінігін Абай қолдайды деген пікірден аулак болған орынды болар. 
Себебі, ойшылдың өз пікірімен жарасымды, эрі сиымды -табигатқа 
ғылым көзімен қара деуі -  Абай мүндағы үйлестікті, жарастықты 
(гармонияны /қалам иеі/) сөз етеді.
Адам  еңбегі  мен  ойы  жасаган  миллиондаган  «машина, 
фабрикалар-шы» бүлардың қоғам, адам өмірінде алатын орнына 
Абай  ерекше  мэн  береді.  Бүларды  өмірге  келтірген  адамның 
ғылымға деген махаббаты. «Электрді» де тапқан адамның өзіндік 
жасампаздык күштері.
Ғалым  туралы.  «Бұл  хакимдер  үйқы,  тыныштық,  әуес- 
қы зы қты ң  бэрін   қойы п,  адам   б ал асы н а  пайдалы   іс 
шығармақылығына, яғни, электрді тауып аспаннан жайды бүрып 
алып, дүниенің бір шетінен қазір жауап алып, от пен суға қайласын
тауып,  мың  адам  қыла  алмастаи  қызметтер  істетіп  коиып 
тұрғандығы, уа хусусан (эсіресе) адам баласының, ақыл  пікірін 
ұстартып,  хақ  бірлэн  батылдықты  айырмақы  үйреткендігі  -  
баршасы  нәфиғлық  (пайда  беруші)  болған  соң,  біздің  оларға 
міндеткерлерімізге  дағуа  жоқ» 
(Сонда,  148-149  бб.).
  Қоғам 
тіршілігінде  ғылымның әсіре орны  барлығы  туралы  ойын  неге 
даналык деңгейінен көрмеске? Ғылым туралы түжырым ойын Абай 
ғылым:«... адам баласының, ақыл-пікірін ұстартады» деп түйген.
«Бұл  заманның  моллалары  хаким  атына  дұшпан  болады. 
Бүлары білімсіздік, бәлки, бүзық фиғыл, әлисан гэдду ләма жәһилгә 
(адамның көңілі жаманшылыққа ауып түрады) хисап.  Олардың 
шәкірттерінің көбі біраз ғарап-парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым 
болымсыз сөз бахас үйренсе, соған  мэз болып, өзіне өзгешелік 
беремін деп эуре болып, жүртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі
292

зарарлар хасил қылады. «һай-һай!» менен, мақтанменен қауымды 
адастырып бітіреді. Бұлардың көбі әншейін жэһил (бұзық) түгіл, 
жәһилләр  кібік (бұзық адамдар сияқты) талап болса,  қайда хақ 
сөздер келсе, қазір инсапқа қайтсын һәм ғибраттанасың. Рас сөзге 
ор қазып, тор жасамақ не деген инсап, құры өзімшілдік һэм һәрбір 
өзімшілдік -  эрбір адамды бұзатын фиғыл.» 
(Сонда,  149 б.).
Ғылым мен діннің қарама-қарсылығын, ара қатынасын Абай 
кісілік, гуманистік тұрғыдан қарайды. Абай «фитнә (бүліншілік,
бұзықтық) ғалымнан» сақтандырады.
«Ал, әлеуметтік мәселеде Абайдың дін жайын қозғай отырып, 
дін ұстаздарына айтатын қатты соққы, сындары жэне осы сөзде. 
Бұл,.. Абай ойыныңең кымбатты, бағалы жағы» 
(Мухтар Әуезов
20-т.,  224-225  бб.).
Абай философиял ық сөзінің (отыз сегізінші) қорытынды пікірін 
Мүхтар Әуезов:«... дінмен байланысты діншіл ойларын айтып келіп, 
Абай сөзінің негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой-тшіғау 
еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбие екенін 
танытады. Адамды қор қылатын еңзалалды жаманшылықтарды 
сынап өтеді. Олары үш нэрсе; надандық, еріншектік, залымдық, -
деп атайды» 
(Сонда,  226 б.).
отыз тоғызыншы сөз
Сөз логикасы сарыны — қоғамтану саласына жатады, бүның 
ішінде өзектісі, түлғалысы -  мемлекет бағу мәселесі. Бүл туралы 
ө з  
пікірімізді Бірінші бөлімнің: «Абай әлемі теориялық мәселелері» 
атты екінші тарауыныңекінші тарамағында әңгімеледік.
ҚЫРҚЫНШЫ 
сөз
Отыз  жетінші  мен  қырқыншы  философиялық  сөздері 
тақырыптық жэне мазмұндық ұқсастығы да, айырмашылығы да 
бар.  Үқсастығы деуім 1  адам  мінезі,  мұның ой өрісі  мен ойлау
293

мәдениеті төңірегінде, оіздің түсінуімізше, оірде ои күрмеулері 
(тезистері /қалам иесі/), немесе педагоги кал ық, не психологиялык 
тұргыдан  ой  түрткілері  іспеттес.  Біріншісі,  ауқымды,  терең ой 
толғаныстарына бастама болса. Екіншісі, сұраққа сұрақпен жауап 
бере отырып, Абай адам ойын эр саққа жүгірінді етеді. Себебі, сөз 
құрамы жиырма бір сүрақтан түрады. Сонда ой сарабына салып 
қарасақ,  эр  сүрақтың  тасасында  сүраққа  жауаптың  нүсқасы 
тығылып:  «Кел,  жауапты  бірігіп  іздестірейік»  деп,  көмегін 
үсынғандай сезінесің.
Төртінші сүрак -  «Жаттың бір тэуір кісісін корсе, «жарықтық» 
деп жалбыранып қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам
болса да, танымайтүғыны қалай?» 
(Сонда,  156 б.).
Екі адамның арасында өріс алып отырған сұраққа жауапты: 
«Тэуір кісіні өз елінен неге іздестірмейсің?» 
(Сонда,  156 б.)
 деп, 
ойыңды түрткілеп түрган жоқ па? Абай:
Қарыны тоқ қас надан үқпас сөзді,
Сөзді ұгар,  көкірегі болса көзді,
Қадірін жацсы  сөздің  білер жанга
Таппай айтпа оган да айтар кезді,
  -  деп, педагог, психолог 
Абай  әріптесі  ойын  үйқыдан  оятып,  ел  жайын,  адам  қасиетін 
«білмекке» шақырып: «Ойлан» деп түрган жоқ па? Осындай «тэуір 
кісі»  туралы  ойын  қатарлық  15-інші  санында  Абай  былай  деп 
жалгастырады:
«Кей  жұрт  ақыл  айтарлы қ  кісіні  іздеп  таба  алмайды. 
Қылыгының қылшыгынтани-түгын кісіден қашықжүретүгыны 
қалай?» 
(Сонда,  157 б.)
  деп,  адамның адамдық  қасиетін  Үшкіл 
көзқарасы түргысынан баяндаган.
«Ел мінезіне арналган сөздерінің қырқыншысы -  дейді Мүхтар 
Әуезов-тыңдаушысымен көзбе-көз эңгімелесу үстінде тугандай. 
Жазушы коп сүрақтар беріп отырып, қазақ қауымындагы адам мен 
адам  арасындагы  қарым-қатынасты  қатты  сынай  сөйлейді.» 
(Мұхтар Әуезов.  20-т.,  223  б.).
294

Абай логикасына -  Үшкілге сүйене отырып, жиырма бір ой 
түрткісінентұратын қырқыншы сөзін: «Адам мінезі мен санасы» 
деген жалпы тақырыппен бес болжам бағытқа топтастырдық: 
Бірінші багыт -
 “тэуір кісіге” 4-ші ой түрткісін жатқыздық; 
£кш ш /-ақы м ақсан аты н а-9,10,11,14,17,20,21-інші;
У ш ш ш /-елгеж атм ін езділер-1,2,3,5,7 ,8 ,1 2 ,16-ыншы;
Төртінші—
ақыл иесі—13,15-інші;
Бесінші
 -  елдік мінез — 6 ,18 ,19-ыншы.
Осы  бес  бағыттың  әрбірінен  деректі  негіз  үшін  бір-бір  ой
түрткісінен келтірейік. 
Біріншіден,
 келтірдік.
Екіншісінен
  (21)  -  «Қазактың  шын  сөзге  нанбай,  құлақ та 
қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүтгей үйып, 
бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай кетпейтұғыны
қалай?» 
(Сонда,  157-158 бб.).
Үшіншісінен
 (5) -  «Бір жолаушы алыс жерге барған еліне өз
елін мақгаймын деп өтірікті сыбап-сыбап, қайтып келген соң, сол
барған, көрген елін, жерін мақтап өтірікті сыбайтұғыны қалай?»
(Сонда,  156  б.).
Төртінгиісінен
 (15) келтірдік.
Бесініиісінен
 (18)-«Елді пысық билегені несі? Пысықгыңбэрі
кедей келетұғыны несі?» 
(Сонда,  157 б.).
Сонымен біздің болжам бес бағытымызды оқырман қолдай
ма? Жоқ керісінше ме? Бұған қоса біз келтірген «ой түрткі» сөздер
деген 
қағиданы жақтай ма? Бұл да оқырман еркінде. Ойымызды
қорыта келе айтпағымыз.  Қырқыншы  сөздің логикасына үңіле
түссек, әр ой түрткісін үғу үшін мынатөмендегі: «Бұл қалай?» «Бұл
не дегені?» «Осылай болушы ма еді?» «Ойлануға түрарлық екен?»
-   деген  сүрақтармен  эр  ой  түрткісін  «ниеттеніп  білмекке 
талаптандық». Осы түрғыдан өз пікір-болжамымызды ұсындық.
295

ҚЫРЫҚ БІРІНШІ  СӨЗ
Абай мемлекеттеоретигі ретінде танылады. Қазақ мемлекеттігі 
мэселелері  төңірегіне  өз  ойын  топатастырған.  Бұл  турасында 
жиырма  төртінші,  отыз  тоғызыншы  сөздерін  қоссақ,  Абайдың 
қоғамдық-саяси көзқарасымен танысамыз.
Бірінші бөлімнің «Абай әлемініңтеориялық мэселелері» деген 
екінші тарауы Абайдың қоғамтану, ел бағу мәселелеріне арналған.
ҚЫРЫҚ  ЕКІНШІ  СӨЗ
Қырық бірінші сөзінде дамытылған мемлекет, эконмика жэне 
идеология мәселелелерініңтікелей жалғасы. Абай өз тұсындағы, 
өз заманындағы қазақ қоғамы шаруашылығы мен саяси-әлеуметгік 
қүрылымын қоғам болмысына сэйкестіріп талдап, бейнелеген. Абай 
логикасына сүйене отырып, мыны төмендегі мэселелерді сұрыптап 
алдық: 
» 

Бірінші—
 қазақ қоғамы шаруашылығы күйі;
Екінші
 — еңбектің қоғамдық құны;
Үгиінші-ку
 мен сұмдар психологиясы.
Қазақ қоғамы өмірінің ең жанды жерінің тамырын Абайдың дэл 
басқанына  таңданбасқа  болмайды,  тіпті,  бүгінгі  күннің  мұң- 
мүқтажымен де жалғасып жатқандай. Қоғам өмірі қайшылықтары 
Абайдың тікелей қатысуымен көз алдыңда өтгі. Жиырма жыл Абай 
қоғамдық жэне әлеуметтік қайшылықгардың бел ортасында жүрді. 
Осы  ойымызға  негіз  ретінде  бірінші  бастама  сөзінде  Абай  өзі 
«...бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, 
тартыстық-әурешілікті көре-көре келдік» демей ме?! 
(Сонда, 95
б.).
  . 
• 

 
; ,  ,  < 
/ . - f  
v?
Ш аруашлық  күйі.  Қазақ  қоғамы  экономикалық,  саяси- 
элеуметтік жэне сана-сезім күйі де шаруашылықтың ең көне түрі
-  малдың күйі мен қас-қабағына байланысты еді. Бұл жағдайды 
тарихтан  білеміз.  Біздің  зер  салып,  ой  тоқтататынымыз  қазақ
296

болмысы әсерімен туып, қалыптасқан Абай логикасы. Абай ойлау 
мэдениеті — Үшкіл жүйесінен  қалыптасатынын бастан сөз етіп 
келеміз. Абай ойының таңғажайыптылығы еріксіз өзіне назарыңды
аударады.
Философиялык таным мен логика түрғысынан қоғам мен адам 
байланысы, тірегі, негізі неден басталады? Міне осы сұраққа жауап 
Абай созінің де негізі. Соз логикасы мына: «жұмысының жоқтығы», 
«өнерлі кісіге қосылмайды», «арыз бере білу, алдай білу мактан»-
деген ұғымдық түсініктерге бой ұсынған.
«Қазактың жаманшылыққа үйір бола бере-тұғынының бір, 
себебі, жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, 
қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бүл ауылға, біреуден бір жылқының
майын мініп, тамақ асырап, болмаса сөз андып, қулық, сұмдықпен
адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, 
пайдасыз,  жұмыссыз  каңғырып  жүруге  құмар.  Дүниелік  керек 
болса, адал еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті иттей қорлық
көрмей м
е?»(Сонда,  158-159 бб.).
Абай ойының тағы бір көрегендігі даналық қыры—материалдық 
игіліктерді өндірудің адам қоғамында алатын орыны. Абаиша «егін 
салу, саудаға салыну», «адал еңбекке салынған кісі»  адам қажетіне 
керекгі қоғамдық игіліктерді өндіру деген. Еңбектің қоғамдық мэні.
Осы  мәселені  айта отырып,  Абай  бұны  адамның  кісілік те 
қасиеті екеніне ерекше мэн береді. Қоғамдық еңбекгің дэмін татып, 
түшынып, сезініп көрмеген адамның парқын Абай. «Пыш-пыш» 
кеңестен қалып, бір ауылдан бір ауылға барып кулық, сұмдықжасап 
жүріп, тегін тамақ жеп, ыржыңдасуды қысыратуға шыдамайды. 
Не үшін десең халыққа эдет сол болған соң, шаруаға пысық, мал 
бағуға, мал табуға пысық ол өнерлі кісіге қосылмайды, я өзі пәле 
шығаруға пысық, я сондайлардың сөзін «естігенім, білгенім» деп, 
елге жайып жүріп, ырбандауға пысық өнерлілерге қосылғандай
көрінеді.» 
(Сонда,  159 б.).
Осы ойын Абай:

1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал