Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы



жүктеу 1.17 Mb.

бет20/25
Дата09.01.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

273

о т ы з ы н ш ы  с ө з
Қазақгың «мисыз», «ойсыз» ақымағын тырдай жалаңаштап 
тұрып, сау жерін қалдырмай шапалақтап эшкере қылған. «Білмек» 
керектің  келесі  тақырыбы  -   «қырт  мақтанның»  тұлға  бітімі. 
Абайдай  дана  сөз  қаламы  салған  элеуметтік-философиялық 
портреті. Осыны тамашалайық, «ойлап-ойлап» құлаққа ілейік.
«Қырқын мінсе, қыр артылмай-тұғын осы бір «қырт мақтан» 
деген бір мақтан бар, сол неге керек,  неге жарайды? Ол ар, есті 
білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы 
жоқ,  не  батырлыгы  жоқ,  не  адамдығы  жоқ,  не  ақылдылығы, 
арлылығы жоқ. Мойнын бұрып қойып: «Өй, тэңірі-ай, қойшы эрі, 
кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжыгасында жүр, ол 
менің қазаныма  ас  салып  беріп жүр  ме,  мен  онан  сауын  сауып 
отырмын ба» —деп бүлгақтап, немесе: «аяғаным жаным ба? Өй, 
енесін үрайын, өліп кетпей неге керек! Азар болса атылып, я осы 
үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Әйтеуір бір өл ім бар ма» деп
қалшылдайтын кісі көп қой.» (Сонда,  127б.). 
. т •
Ақыл кірмеген, адамдықты татып көрмеген, қогам, әлеумет 
адамы  деуге  ауыз  бүрылмайтын  «қырт  мақтанның»  қогамдық 
портретін:«... көп былжыраған арсыз, үятсыздың бірі-дагы» (Сонда,
128 б.) деп, Абай ойын түжырымдаган.
ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ
Отызыншы сөзге ешбір қатысы, байланысы сырт қараганда 
байқалмайтын сияқты. Ал, түгелдеп, талдап, тексеріп келгенде, 
«білмекке»тікелей сабақтастыгын танытады. Мэселен тек «қырт 
мақтанга»  емес,  «білм ек  үдерісіне»  тікелей  қатысы  бар 
философиялық жалпылық мэніндегі мәселелер Абай талқысына 
түседі.  «Білмек»  қызметі  диалектикалық  қарама  қарсылықтар 
қыспагында болуы обьективті үдеріс екеніне Абай айрыкша көңіл 
аударады. Қазақтілініңбайлыгын, тапқырлыгын, мазмүндылыгын 
Абай  таным  мен  логика  өңірінде  шеберлікпен  пайдаланып,
274

ф илософ  
иялы қ сыннан өткізгенін көреміз. Абайлық «білмекке» Абай 
түсінуінде қажетті делінетін «төрт себепті» (жағдайларды /калам 
иесі/) ұсынады. Танысалық. Оқығанда ойға да тоқуға талаптанайық. 
Не  бары  онбір  жолдан  тұратын  сөз,  бір  түйірін  қалдырмастан 
келтіруге тура келіп тұр. Әркімніңөз еркі ұққанын, түйгенін айтуы. 
Біздің, осы тұста айтпағымыз, Абай сөзін түгелдейін келтіреміз. 
Оқыңыз, ойға тоқыңыз. Міне, сол отыз бірінші сөз:
«Естіген нэрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі -  
көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші- сол нәрсені естігенде 
я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу 
керек; үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, 
көңілге бекіту керек; гпөртпінші—ой кеселді нэрселерден қашық 
болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: 
уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға 
салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе -  күллі 
ақыл мен ғылымды тоздыра-тұғын нәрселер» (Сонда,128 б.).
О Т Ы З Е К ІН Ш ІС Ө З
Абай философиясы тағы бір күрделі ой аялдамасы. Бірінші 
философиялықсөзден бастап өткен жолға қайта оралып, көрген, 
білген, тоқығаңды үнемі ескеріп отырсақ, сонда байқалатыны Абай 
ойының  үнемі  қорлана,  нәрлене  түсуі  заңдылық.  Абайдың
философиялык сөздерінің қайсыбірі болмасын үнемі қарапайымнан 
күрделіге сатылап көтеріліп, үздіксіз, үнемі баспалдақпен жоғары 
өрлеп отыратын тарихи үрдіс. Осы сапар барысында «білмектің» 
ішкі қүрылымы, қозғалысы, дамуы жөнінде терең ой қазынасына, 
иә,  «білгенге  маржан,  білмегенге  арзан...»  дегендейін  -   ой
маржандарынатапболасың. 
.
Танымның- «білмектің» мақсатгы бағыггылығын отыз бірінші 
сөзінде «ой кеселдерінен» бастайды. Абай өлең сөзінде айтатын:
Көп  адам  дүниеге  бой  алдырган,
Бой  алдырып,  аягын  көп  іиалдырган,  -  пайдакүнемдік
275

зарарын «ой кеселдері» бір түрі деп санап, осылардан сактан деген 
үні  құлағы ңа  ш алы нғандай.  «Білм екке»  ауадай  қажетті, 
объективтілікті Абай эрі заңдылық, эрі танымның құралы, ойлаудың 
логикалық түрі деп қабылдайтын пікіріментанысайық. «Білім-ғылым 
үйренбекке талап қылушыларға әуел білмек керек. Талаптыңөзінің 
біраз  шарттары  бар.  Оларды  білмек  керек.  Оларды  білмей, 
іздегенмен табылмас. Әуел -білім-ғылым табылса, дүниеніңбір 
қызықты нәрсесіне де керек болар еді деп іздемеске керек. Аның 
үшін білім-ғылымның өзіне ғана  құмар,  ынтық болып, бір ғана 
білмектіктің өзін дәулет білсең һэм эр білмегенінді білген уақытта 
көңілде бір рахат хүзур хасил (тыныштық, рахатшылық /қалам иесі) 
болады.» (Сонда,  128 б.).
«Әуел  білмек»,  «эр  білмегеніңді  білген»,  «білім-ғылымға 
құмарлық»—міне, диалектика тілінде толықемес білімнен мейлінше
толық Оілімге үмтылыс—таным қозғалысы, дамуы заңдылығы.
Адам  «білмегі» -  танымы  «эр  білгенінен»,  яғни  эр  заттан, 
құбылыстан, бүлардың бірінен келесісіне үздіксіз ауысып, «білім- 
ғылымымыз»  мейлінш е,  толы қ  білімге  жақындай  түсуі  -  
диалектикалық заңдылық. Бұны Абайлық талдауда, түсінілуі де 
жадағай (стихиалды) түрде диалектикаға жақындай түседі.
Танымның мақсатты бағыттылыгын Абай былай түсіндіреді: 
«Сол рахат білгеніңді  берік ұстап,  білмегеніңді тағы  да сондай 
білсем екен деп үміттенген құмар махаббат пайда болады. Сонда 
эрбір естігеніңді, коргенінді көңіл ің жақсы үғып, анық өз суретімен 
ішке жайғастырып алады» (Сонда,  128 б.).
Кезінде кеңестік философиялық оқулықтарда В.И. Лениннің 
бейнелену (таным /қалам иесі/) теориясына ғана бағынатынбыз да, 
тек  соған  ғана  жүгініп,  басқаларын  менсінбеуші  едік,  бүларға 
орынды баға беріп, ой тоқгатпадық қой. Шындығында, осылай еді, 
бір  ғана  «пролетарлық»  маркстік-лениндік  философияны 
мадақтадық. Сөйтсек, «кыр ақыны» Абайда да өзіндік бейнелену 
теориясы бар екеніне ұлы ойшыл философиясы көзімізді жеткізді. 
«Әр білмегенінді» «жақсы үғып, анық өз суретімен ішке жайғастыру» 
деп  таным  мақсатын  Абай  осылайша  түйіндеген.  Абай  ойлау
276

(сти хи ал ды )
түседі десек, ақиқат жолын ұстанамыз гой. Ми жылғаларына әбден 
кірігіп,  үстем  бағаларға  айналған:  «қыр  ақыны»,  «ағартушы», 
«моралист», «философиялық материал измге» көтеріле алмады деген 
Абай турапы әрғилы, сыңаржақтытүсініісгер, үлы ойшыл интеллекті 
жұмбақтыгы  сырын  ұғудың орнына,  «партиялык даналыктың» 
бұралаңдарына салынып, Абайдың Абайлык философиялық ой 
казынасынан ауытқып, бұдан аулактауга жол ашылғандай.
Таным мақсагы мен тарихи жолын Абай Үшкілі көзімен карасақ 
«білмек» «білсемге», бүдан мейлінше «толықбілмекке», «ниетгеніп 
үйренуге» бастайтын тарихи үдеріс екеніне көзіміз де жетіп, ойымыз 
датүрақтайды. «Білмек керектің» мақсатына «білсем екенге»жету 
жолы -  қайшылықты. Абай айтқандай «бахасқа» толы жол. «Әр
шарттары
нәтижесі
жету,
ескертеді. Абайлықтүсінілудегі бірінші шарты
Адам
Шала
129  бб.).
w  
ш
 
w
Осы ұсынып отырған еңбегіміздіңЕкінші бөлімі: «Адамның
атты
тармағында
Абай түсінігінде
адам «көңілі», «көкірегі» көзділігі. «Білім-ғылым үйренбекке» адам
интеллекті «меиірленуіне» оаиланыс і ы.
«Екінші -  ғыл ымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін
үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе» (Сонда,  1296.) деп, Абай
ақиқзггыңөздігінен келмейтінін, бүл күрес жолы, ал бұныңжолыңда 
не түрлі «ой кеселдері», сол сияқты, «бахас» та «ғылымның бір 
жолы» болғанымен, «білмекке» көбінесе кедергі болып, кесірін
тигізетінін ескертеді.
үяуикятка тьгоысып иждиһатыңмен көзіңжетсе,
« Үшінші
өзіңді
277

алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нэрсеге бөтеннен
қайті п құрмет күтесің? 
,.і
Төртінші -  білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның 
ішінде: бірі -  мүлахаза (ойласу, пікір алысу /қалам иесі/), екінші -  
мұхафаза (сақтау, қорғау болу /қалам иесі/). Бұл екі қуатты зорайіу 
жаһатінде  (барлық  күшті  жұмсау, тырысу /қалам  иесі/)  болмақ 
керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.» (Сонда,  129 б.).
Ойсыз  құлаққа  түсін іксіз  -   «м ұлахаза»,  «мұхафаза», 
«жаһатінде» деген араб сөздерін  пайдалана отырып, Абай адам 
интеллекті  мэні  «білмекке»,  «ғылым»  игілігіне  қызмет ету деп
ерекше назар аударады.
Бесініиі-«... ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық 
болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе 
бар, зинһар (қалайда, эйтеуір /қалам иесі /), жаным, соған бек сақ 
бол, эсіресе! Әуел құданың, екінші -  халықтың, үшінші -  дәулетгің, 
төртінші -  ғибраттың, бесінші -  ақылдың, ардың бэрінің дүшпаны 
ол. Ар бар жерде бұлар болмайды» (Сонда,  129-130 бб.) деп, кісілік 
қасиеттерді,  қоғамға,  адамға,  халыққа,  білімге,  ғылымға деген 
«мейірлікті», адамныңжасампаздық күштердің «білмекте» (таным 
қызметінде /қалам иесі/) алатын орнына «бек сақ бол» деп айрықша
ескертіп отыр. 
<
Абай философиясы ғылыми-теориялық, әдістемелік негізі -
үшкіл қағидасына соңғы алтыншы шарты әдейлеп арналғандай. 
Толық келтірейік. «Аптыншы — ғылымды, ақылды сақтай-тұғын 
мінез деген сауыты бар. Сол мінез бүзылмасын! Корее қызарлыкпен, 
жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа 
шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып 
үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда 
сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық, 
мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақгарлықберіктігі, қайраты 
бар болсын? Бүл бір ақыл үшін, ар үшін болсын!» (Сонда,  130 б.).
Он екінші сөзіндегі «иманның жауы» салғыртгық, он үшінші -  
«иманды сақтауға қорықпас жүрек» туралы пікірі, «ой кеселдері»
278

(отыз бірінші сөз), «ақыл кеселдері» (отыз екінші), «мінез сауыты» 
(отыз екінші), «өнер кеселі» (отыз үшінші) төңірегінде айтылған 
философ Абайдың ойлары таным теориясын тереңдете, жетілдіре 
түседі. Әлемдік философияда берік орныққан «ақиқат жэне адасу» 
қағидасының табиғи жалғасын «ой кеселдері» қарапайым қазақ 
сөздері арқылы түсіндіреді. Абай Үшкілі он жетінші сөзде енші 
алып, өз алдына шаңырақ көтеріп, философиял ық тұтастыққа ие 
болады.  Қырық  бес  философиялык  сөздердің  танымдық  және 
логикалық бағыттылығын анықтап, таным теорисы мәселелерін 
«мейлінше толық тексеріп» талдаудың ғылыми-теориял ық ұйтқысы 
болған -  Абай Үшкілі. Отыз екінші сөзі де философиялык ойдың 
торапты аялдамасы. Абай таным теориясы жаңа қыры—«білмекке» 
қажетті-ау дейтін алты шартгы ұсынады. Таным барысында «эр 
білмегеннен» «білсемге» көтерілуцің қажетті деген баспалдақтары.
ОТЫЗ ҮШІНШІ с ө з
«Мал  жүтайды,  өнер  жұтамайды» деп  халық даналыгына 
сүйеніп сөзін бастайды Абай. Отыз екінші сөзде «білмектің» кэжетті 
алты  шарттарымен  таныстырса,  мына  сөзі  де танымға тікелей
байланысты. Дәстүрлі философияның—«ақиқатжэне адасу» деген
түлғалы қағидасына үқсас ойды ұсынып, таным қызметін «өнер 
кеселдерінен»  сақтандырады.  «Білмектің»,  Абай  талдауында, 
қажетті дейтін «алты  шартгарымен» таныстық, енді бүған қоса 
танымға да, ақиқатқа да кеселін тигізетін «өнер кеселдерінен»,
жалпы саны бұның төргеу, сақтанайық.
Абай талдауында «қолөнер» деген қоғамдық еңбек ұғымына
бара-бар. «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерлі -  қазақтың
әулиесі сол дейді» (Сонда,  130 6.J.
Бірақ Абайдың отыз екінші сөзінде айтатын, адамды ақиқатқа
бастап, «ой кеселдерінен», адасудан сақтандыратын «мінез деген
сауыты» болмағандықтан  адам  «өнер  кеселдеріне» жол береді.
Абай түсінігіндегі сол өнер кеселдері:
279

«Әуел - ... артық ісімерлер іздеп жүріп көріп, біраз істес болып, 
өнер  арттырайын  деп,  түзден  өнер  іздем ейді...  қазақтың 
талапсыздығына тартып, жатып алады.
Екінші - . . .  малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» 
дегендей қылып, еріншек, жалқау, салғырт, кербездікке салынады. 
Үшінші-... пайдасыз алдауға, қутілгеалданып,өзініңуакытын
өткізеді... 
гI  *Тт8И
Төртінші  -   тамыршылдау  келеді...  күні  өтіп  еңбек  қылар 
уақытынан айырылып, «Жоғары шыққа» қарықболып,тамақ, киім, 
борыш есінен шығып кетіп,.. адамшылықтан айырылып, қор болып
кетеді...»  (Сонда,  130-131  бб.).
ОТЫЗ ТӨРТІНШІ 
с ө з
«Білмектің» тағы бір, келесі жаңа қыры, көне болса да, бірак 
мэңгілік те,  бүл  болса  «білмек»  пен  «ғылым»  одағы.  Адамдар 
үрпактары үнемі, үзбей, үздіксіз, үнемі жаңарып, бүтіл сана-сезімі, 
жан дүниесімен, хал-түрмыс ахуалымен өсіп, өніп, өзгеріп отырады, 
мұнымен бірге Абайдың «білмек» теориясы да үнемі даму, жетілу
үстінде болады. 

.S
«Білмек»  пен  ғылым  одағы  қашанда  «білмегендіктен»  дін
уағызына айналған наным, сенімді білім жолына бағыттауға бар
мүмкідіктерін адам игілігіне пайцаланып келеді. Еліміздіңтәуелсіздігі
жарияланғаннан бері демократия сыйы деп, мәселен, қүдай үйі деп
мешіт  салып,  мешіт  ашып  жатырмыз.  Медресеге  дін  оқуына
балаларымызды беріп жатырмыз. Абай айтқандай «білім-ғылым
үйренбекке талап қылушыларға» қажетті мэселе деп санап, Абай
да мэн беретіні -  ғылым  мен дін,  медресе  мен  университеттегі
оқудың  мәдени-танымдық  парқын  айыра  білу  деген.  Сырт
қарағанда, қарапайым көрінетін, ал «тереңіне бет қойып», «мейірлене
білмекке» бет алсақ миф заманынан келе жатқан дерексіз, дэлелсіз
наным, сенім қалыптастырған екі дүниеге: омір сүріп, тіршілік жасап 
отырған табиғат пен қоғам да, екіншісі -  ахирет. Осы екі дүниенің
280

қайсысына нанып, сену керек? Бұл тек, бір дін еншісіне тиген мәселе 
ғана емес. Тек басты шұлғып: «Иә, со л ай ?» -деп, не анасын, не 
мынасын «білмекке» азаптанбайтын тексіз, тарихсыз мэселе емес. 
Бұл болса «білмектің»тағдырлы, тұлғалы мэселесі. «Білім-ғылымға 
үйренбектің» тікелей мәселесі, адам өзініңжасампаздық күштерін 
жетілдіре түсетін әрғилы  қызметі. Мынаған да, яғни өмір сүріп 
отырган дүниеге сендік, анаған -  ахиретке де нандық. Сонымен, 
«бэріне-сендік»дегенге Абайдыңберер жауабы: «Жоқ, онысына 
мен сенбеймін. Олар сендім десе де, анық ақиқат көзі жетіп, ден 
койып, үйып сенбейді. Ол екеуіне анық сенген кісі уайым ойлап не
керек?» (Сонда,__131_б.).'>(Сонда,  131  б.).
Абай сөзінің диалектикалық сипатын ойшыл философтың өз 
талдауы, түсінуі, ұғынуы көзімен қаралық. «Кімде кім ахиретге де, 
дүниеден  де  қор  болмаймын  десе,  білмек  керек:  еш  адамның 
көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей 
болмайды, екі корқыныш, екі қайғы -  олар да бірдей болмайды. 
Мүндай екі нәрсені бірдей болады деп айту мүмкін емес» (Сонда,
131  б.).
Абай  «өлім» деген  ұғымды  қара  жамылған  қайғы-қасырет 
экелетін түсініксіз дүлей тағдыр деп қабылдамайды, керісінше, 
табиғи,  объективті  үдеріс  екенін  ескертетін,  Абай  логикасын 
мойындау  қажет.  Отыз  төртінші  сөздің  алғаш  жолында  Абай: 
«Жұрттың бэрі  біледі  өлетүғынын  жэне  өлім  үнемі  қартаитып 
келмей-түғынын,  бір  алғанды  қайта  жібермейтүғынын.  Қазақ 
осыған да, амал жоқ нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп
нанбайды» (Сонда,  130 б.).
Миф заманынан келе жаткан, қараңғылық, «білместік» жайлаған
ортада бүгінде адамның екі дүниеге сенушілігі орын алып келеді.
Бүл туралы қорытынды ойын Абай: «Екі сөздін басын қосарлық не
ақылы не ғылымы жоқ тұра, өзімдікін жөн кыламын деп, қүр «өй,
тэңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам? (Сонда,
132  б.)  -   деп,  бүгінгі,  болашақ  ұрпақтарды  «білім-ғылым 
үйренбекке», «білмекке» саналы ұмтылыс жасауға шақырады.
281

ОТЫЗ БЕСІНШІ СӨЗ
Отыз төртінші сөздің логикасын жалғастыра отырып, Абай 
әдеттегі теориялық, ғылыми-түсініктікталдауды оқырманныңөз 
еркіне ұсынған сияқты. Себебін ашуға тырыссақ, біздің ойымызша, 
бұл сөзде де «білмек» мәселесін эрі жалғастырады. «Бұл сөзді өзі 
оқыған діни философиялық кітаптардың бірінен алғанда, - дейді 
Абайтанушы  Ғарифолла Есімов,  -  негізгі  желісін  бұзбаган,  өзі 
жанынан сөз қосқанымен, кесімді пікір айтпаған. Мэселенің шешімін 
оқырманға тастаған.  Оқырман  бұл  сөз туралы  эр түрлі  пікірде 
болуы  ықтимал».  (Ғарифолла  Есімов.  Хакім  Абай.  Алматы: 
А тамұра-Қазацстан,  1994,  173  б.).
Бұл туралы айтпағымыз—дегенменде, Абай екі дүние: өмір
сүріп отырған жэне өлімнен кеиінп ахирет дүниесі туралы оиын отыз 
төртінші сөзде:«... ақиқат көзі жетіп, ден қойып, ұйып сен-бейді... 
өз  ойына,  ақылына тексертіп  нанбайды» — деп,  білімсіз,  надан 
адамның көзқарасын сынаған. Ал, отыз бесінші сөзінде Абай өз 
логикасын тарқатпаса да, бірақ дін ұстанатын, уағыздайтын екі 
дүние туралы өз пікірін үсынып, оқырманға сауал салуы—занды.
ОТЫЗ АЛТЫНШЫ с ө з
Осы сөзді байыптап, ойлау сарабына салып, талдағанда үш
сүрақ еріксіз тіл үшына байланады:
Бірініиісі, ақылға не теріс?
-  Екіншісі, танымга не қарсы?
-  Үшіншісі, логика жолын торитын қандай кеселдер?
Ұсынып отырган сүрақтарга Абай ойлы көзімен қарап, жауап
беруге үмтылыс жасадық.  Сонда ойымызга тірек боларлық, эрі 
теория, эрі әдістеме ретінде Абайдың «білмек» теориясы (таным) 
талаптарына сүйеніп, Абай Үшкілі ажыратылмас бөлігі -тан ы м  
теориясы  екенін  «ниеттеніп  білмекке»  бет  алдық.  Ойдың 
қарапайымнан  күрделіге,  диалектика  әдісі  — абстрактіліктен
282

нақтылыққа көтерілуі  көзімен  қарасақ, Абай «білмектің» жаңа, 
жоғарыда талданған философиялык сөздерінде кездеспейтін, тек 
осы  сөзіне  ғана  тэн  -   «ұят» деген,  кімге  де  түсінікті  ұғымнан 
бастайды. Дін, шариғат жолын емес адамның адамдық қасиеттері 
жиынтығы,  талдап  отырған  «ұят»  ұғымын  отыз  алтыншы
философиялык сөзініңлогикасы сапасында ұсынады. Отызекінші 
сөздегі -  «ғылымды, ақылды сақтай-тұғын мінез деген сауыты» 
«білмектің» психологиялық та, әрі философиялык та кұралы. Міне, 
осы «мінез сауыты ның» танымдық жэне логикалықта жалғасы -  
білім,  ғылымды  тәрбиелейтін,  қалыптастыратын -  «ұят» деген 
психология мен философияны түйістіретін, табыстыратын теориялық
қағиданы -  «... білмек керек, ұят өзі қандай нэрсе?» -  деп Абай 
таным теориясының келесі жаңа мәселесін «ниеттеніп білмекке» 
бет қойғанын білдіреді. Қарапайым түсінікте ұят деген адамдықгың 
кісілік өлшемі, бірақ мұның қоғамдық, әлеуметтік мэнін ашуға 
талаптанбайды, яғни, адамныңтіршілікжағдайлары қиылыстары 
сәтіндегі, мұның қылыкгарымен ғана шектеледі. Абай түсінігінде 
ең алдымен адамның өз қылығына, бұған деген басқа адамдардың 
әрғилы эсері, осыдан туындайтын мінез өлшемі, қарсылық эрекеті, 
бұған  деген  адамның  әр  деңгейдегі  багасы,  түсінігі.  Абай 
талдауында, түсінігінде, қабылдауында «ұят» философиялык та, 
моральдықта жиынтық үғым. Адам өз тіршілігі, қоғам болмысы
санғилы эсеріне орай саналы іс әрекеттері.
«Үят»  адамға  туа  біткен  қасиет  емес  қоғамдық  құбылыс,
тікелей осы мэнінде ұгып, қабылдау үшін Абай ойына жүгінейік.
Адам  ұяты  болмыстын  эр  сэттегі,  саналы,  санасыз  деңгейде
қабылданатын  іс-қимыл  эрекеттеріне деген  Абайдың Абайлық
талдауымен, түсінілуімен тікелей танысайық. Абай өз ойын үш
бағытта дамытады.
Бірінші багыт. «Бір ұят бар -  надандықтың ұяты: жас бала
сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдында жазықсыз-ақ 
әншейін барып жолығысуцан ұялған секілді... ұялмас нэрседен ұялу
-  ақымақтық, жамандық». (Сонда,  133 б.).
283

Қандай да ұят, Абай түсінігінде, бір себепке байланысты. Бұган 
талдау да, жауап та Абай ойынан анық байқалады.
Екінші  багыт.  «Шын  ұят  сондай  нэрсе:  шаригатқа  теріс  я 
ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себелті болады». «Мұндай 
үят екі түрлі болады »-деп Абай ойын эрі жалғастырады. «Біреуі 
-ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын 
көргенде, сен ұялып кетесің» (Сонда,  133 б.).
Бұл  тұста  Абай  адам  өз  ісі  мен  әрекетіне  жауапкешілігін 
ескертеді.  Бугінде  қанатты  сөзге  айналған  «заң тыңдағыш,  зан 
орындағыш»  азаматтар  ұятымен  жалғасып  жатыр.  Сонда  заң 
шығарушылар мен заң орындаушылардың ұяты қарапайым салык
төлеушілердің  ұятымен  жараса  ма?  екен  деген  ой  мазалайды. 
Үшінші  түрі  «...  сондай  ұят,  шариғатқа теріс,  я  ақылға теріс,  я 
абиұрлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден, яки 
нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан  шыққандықтан болады. 
Мұндай үят қылық қылғандығыңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың 
өз  нысабың  өзіңді  сөккен  соң,  іштен  үят  келіп,  өзіңе  жаза 
тарттырады»  (Сонда,  134 б.).
Қорыта келе, Абай өз ойын: «¥ят деген адамның өз бойындағы
адамшылығы, итппңді ішіңнен өз моиныңасалып, сөгіп қылган 
қысымныңаты»дейді (Сонда, 1346.). Абайойын диалектика тіліне 
көшірсек: «¥ят» деген диалектикалық қарама-қарсылыктардың-
«адамшылық» пен «кесел қылықгың» күресі, арпалысы, әрі оірлігі, 
эрі екі жік болып шайқасуы, ажырасуы да.
О Т Ы З  Ж Е Т ІН Ш ІС Ө З
Бүл сөзді  мақал-мателге жатқызып,  не  афоризм  қатарында 
қалдырсақ, бүйткенде философиялық мэні мен мазмұны ескерусіз 
қалады. Бұған қоса Абай философиясы жүйесінде алатын орыны 
жэне өзіңдік логикасы да аңғарусыз, бағусыз қалады. Осы жағдайды 
ескере отырып, сөздің тақырыптық жэне мазмүндық ерекшелігін 
ескеріп, философиялықсипатын анықтау қажет. Отыз жетінші сөз 
ерекшелігі,  бұның  терең  философиялық  сипатында.  Абай  өз
284

замандастарын толғандырған, жауабын іздеп, әуреге мэжбүр еткен
ойлардың  ең  тұлғалысы  адам  мен  қоғам  байланыстары  қазақ 
ойшылына да жат емес. Бұл сөздің тақырыптық жэне мазмүндық, 
эрі сөз құрылымы жағынан қарасақ, ой күрмеулері деп (тезистер / 
калам  иесі/)  атағанда,  философиялығын  анықтауға ұмтыламыз 
«Тезись  м.  греч.  ученое  положенье,  мысль,  проводимая  въ 
сочиненіи».  (Владимир  Даль.  Толковый  словарь  живого 
великорусского языка.  Москва:  Русский язык,  1982,  395  стр.). 
Философиял ық тезис ауқымды, терең ой толғаныстарына бастама
сапасында қызмет атқарады.
Отыз жетінші  сөздің афоризмдік сипатына Мұхтар Әуезов
«эдебиет тарихшысы» ретінде ден қояды. «Абайдың афоризмдерінің 
санын молайту керек. Ең ақыры, осы бөлек тексеріліп отырған кара 
сөздердің өздерінін кейбіреулерінен де Абайдың шешен, шебер, 
тапқыр етіп түйген сөйлемдері афоризм қатарында оқушы жүртқа 
ертеден көп тарап кеткені бар. Олар да «отыз жетінші сөзді» көп 
тың  мысалдармен  әлі  талай  тамаша  бағалы  афоризмдерімен 
молайга алады. Осылайша, жалпы Абай қара сөздерінің ішінен «отыз 
жетінші сөзді» деп біраз ерекшелігін қарап, бөліп шығардық»—дейді
Мүхтар Әуезов.  (20-т.,  218 б.).
Абайтанушы  Ғарифолла Есімов өз ойын:  «Мақал-мэтелдер 
ойлаудыңтемір қазықтары. Адам соларға сүйене отырып, өз пікірін 
білдіреді. Әдетге мақал-мэтелдер ғасырлар бойы сүрыпталып, ой 
елегінен өтіп барып, мэңгілік эрі аксиомалық мэнге ие болады. 
Мақал-мәтелді қүрастыру эркімнің колынан келе бермейді. Абай 
бүл сөзінде (отыз жетінші /қалам иесі/) көңілінде жүрген көрікті 
ойларын мақал-мәтел етіп өрнектеген» -  дейді (Аталган кітабы,
177 б.).
Ой  күрмеулері,  бізің  ойымызша,  философиялық  мэні 
ескерілмесе, әрине, «шешен», «тапкыр» сөйлемдер шеңберінде 
қалады да, бұлардын танымдық жэне логикалық мүмкіндіктері 
қолданысқа  сүралмайды.  Отыз  жетінші  сөз  жиырма  үш  ой 
күрмеулерінен  (тезистерден  /қалам  иесі/)  түрады.  Абайдың ой 
күрмеулерінің эрқайсысы такырыптық жағынан қоғамдық, саяси-

1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал