Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы



жүктеу 1.17 Mb.
Pdf просмотр
бет18/25
Дата09.01.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

250

«бұл  нөмене?» деп, «ол  неге үйтеді?»,  «бұл  неге бүйтеді?» деп, 
көзі көрген, құлагы естігеннің бэрін сүрап, тыныштық көрмейді. 
Мүның бэрі -  жан құмары, білсем екен,  көрсем екен, үйренсем 
екен деген». (Сонда,  103 б.). «Тән қүмары», «жан қүмары» деген 
қарапайым  қазақ  сөздері  дүниежүзілік  философияның  көне, 
антикалық  замандағы  «душа»  (жан)  түсінігімен  де  үштасып 
жатқанын байқатады. Бертін келе рассудок (сезімділік) пен разум 
(парасат);  чувственное(сезімдік)  жэне  логическое(ойшылдық) 
познание(таным)  үғымдары  қалыптасты.  Бүгінде  объект  пен 
субъект  қатынасы  — осының  бэрі  гносеология  ілімі  сапасында 
калыптасып дамыды. Абай философиясында «тэн құмары», <окан 
қүмары»  деп  басталып,  объект  пен  субъект  дәрежесіндегі 
қатыныстар Абайлық талдауда, түсінілуде: «Мені» мен «Менікі», 
«Сенікі»;  «Жибли»  мен  «Кэсиби»,  «Жан  қуаты»  ұгымдары 
(категориялары) бір бірімен байланысып, жалгасып, сабақтасып, 
түтасып барып -  Абай гносеологиясын- «Білмек» туралы ілімін 
қалыптастырады. Бір үгымнан келесісіне ауыскан саиын «білмек» 
мэселелері, айталық, «білмегеннен білмекке», «білгеннен білсемге», 
тагы да келесі, тагы да білсемге үнемі, үздіксіз, үзіліссіз бірінен 
соң бірі туындап іске қосылып жатады. Осындай тарихи үдеріс 
барысында білімге,  гылымга деген  «құмарлық»  пайда болады. 
Сонда  «құмарлықты ң»  мақсатгы  багыттылыгын  сөз  етсек  -  
«білмек» пен «гылымның» байланысын қалыптастырып, тереңдете, 
жетілдіре түсетін көп салалы: адамдықжасампаздық күштердің 
материалдық та, рухани да куаты. Адамның жасам паздық күштерін 
қорландыра түсетін үшкілдің бір тірегі. «Құмарлык» гылым жолына 
бастайтын себептіліктің бір түрі. Ал гылым болса «адамдықтың 
орыны», ягни, «адам жанын» қал ы птастырад ы. «Дүниенің көрінген 
һэм  көрінбеген  сырын  түгендеп,  ең  болмаса,  денелеп  білмесе, 
адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген сон ол жан адам жаны 
болмай, хайуан  жаны  болады.  Әзелде  құдай тагала хайуанның 
жанынан  адамның  жанын  ірі  жаратқан,  сол  эсерін  көрсетіп 
жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаган ессіз бала күндегі «бұл
251

немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, 
үйқы,  тамақ  та  есімізден  шығып  кететұғын  құмарымызды, 
ержеткен соң ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып 
сұранып, ғылым тапқандардың жолынанеге салмайды екеміз?» 
(Сонда,  103 б.) деп, таным мен ғылымның тығыз байанысын сөз 
етеді.  Сонда  тагы  бір  кереметі  «білмек»  жолында  бір-бірімен 
үйлеспейтін, табыепайтын көзқарастарды: «дін» мен «ғылымды» 
пайдаланып  отыр.  Сонда  Абай  талғамы  ғылымды  дінмен 
табыстыру емес, керісінше қарапайым халықтың миына кіріккен 
нанымды ескерте отырып, ғылымныңтиімді, ұтымды жақтарын 
пайдалан деп, ғылым жолына шақырады. «Адамдықтың жаны» 
«хайуан жанынан» артықшылығы ғылымда екенін айрықша ескертіп 
отыр  емес  пе?!  «Білмектен»  «Білсемге»  сапар  жолы  тікелей 
ғылымға  байланыеты  екеніне  көзімізді  жеткізеді.  Сонда  Абай 
түсін ігін де  «жан  құм арлы ғы »  «адам ды қты ң  орнын» 
қалыптастыратын «көкірекке сэуле» қондырып, «көңілге сенім» 
орнықтыратын  ғылым.  Сонда  ол  не  қылған  «сәуле»,  не  қылған 
«сенім» десек: бүл -  ғылым жолы екен, білім жолы: «білмекке» 
бастама екен. Осы іуралы қорытынды ойын Абай былай деп түйеді: 
«Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Қүр көзбенен көрген біздің 
хайуан малдан неміз артық? Қайта бала күнімізде жақсы екенбіз. 
Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. 
Енді осы күнде, хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін 
деп таласпайды. Біз түк білмейміз, білмесе де -  «біз бе?»білеміз 
деп,надандығымызды  білімділікке  бермей  таласқанда,  өлер- 
тір іл ер ім ізд і  білм ей,  күре  там ы ры м ы зды   ады райты п 
кетеміз.»(Сонда,104б.).  Қ азақткң  қарапайым  сөздері  Абай 
қолданысында  әлемдік  философияның  қазақ  атты  шаңырағын 
көтеріп, бұныңкүрделі-ау дейтін мәселелерін қазақтілінде сөйлету 
дәрежесінежеткізді. Мәселен, таным үдерісініңтарихилығы мен 
логикалығына Абай айрықша мэн береді. Ойланып, ақыл сарабына 
салып көрелікші: «Сол өрістетіп, өрісімізді, үзартып, қүмарланып 
жиған қазынамызды көбейтсек (ғылымды /қалам иесі/) керек, бұл
252

жанныңтамағы еді. Тәннен жан артық еді, тэнді жанға бас ұргызса 
керек  еді.  Жоқ,  біз  олай  қылмадық,  ұзақтай  шулап,  қарғадай 
барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық» (Сонда,  103-104 бб.).
Абайдың философиялық сөздерінің қай-қайсысында болмасын, 
бастан  айтып  ескертіп  келеміз,  диалектиканың  заңдары  мен 
қағидалары -  теориялық та, эдістемелік те құралдар сапасында 
стихиалды түрде қатысып келе жатқанын сөз етгік.
СЕГІЗІНШІСӨЗ
Қазақ қоғамы -  XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың 
басы. Тарихқа үңілсек, бүгін эйнек сыртында XXI ғасыр көші ат 
басын тіреп, жайғасып жатыр. Абай заманы. Дүниежүзі халықтары, 
әсіресе  Буропалық  ширектің,  өмірінде  аты  шулы  ғылыми- 
техникал ық жаңалықтар өріс ала бастаған шақ. Ал қазақ қоғамында 
шы? Абай сөзін оқығанда, осы сүрақтіл үшына еріксіз оралады. 
Сонда мүның философияға қатысы қандай? Тікелей. Надандық 
жайлаған жерде ғылым мен білімге жол тарыла түседі ғой. Таным 
өрісі «ауыл боқтығынан» асып шығуга мүмкіндігі де жоқ. Орыс 
патшалығы өз боданы, Қазақ еліне деген саясаты да, көзқарасы 
да,  әсіресе,  Мүхтар  Әуезовтің  «Абай»,  «Абай  жолы»  роман-
эпопеясынан  ерекше  айқындалып  көрінеді.  «Осы  ақылды  кім
үйренеді,  насихатты  кім тыңдайды?» (Сонда,  104 б.) деп, Абай
қазақ қоғамы жырым-жырым идеологиясын, әлсіз экономикасын, 
түгелдейін патша экімшілігінен тәуелді саясатын сынаған. Міне, 
сол қазақ әлеумет ортасы эр тобының саяси-әлеуметтік түлғасы 
Абай талдауында: «Біреу — болыс, біреу — би...  Басында өзіндік 
жұмысы бар: үлығымызға жазалы болып қаламыз ба, яки елдегі 
бұзақыларымызды бүзып аламыз ба, яки халқымызды бүлдіріп 
аламыз ба, яки өзіміз шығындап, шығынымызды толтыра алмай 
қаламыз  ба?  -   деген  ебіне  қарай  біреуді  жетелейтін,  біреуді 
құтылтайын деген бейнетінің бэрі  басында,  қолы тимейді.» Ал 
келесі тобы байлар, бүлар болса «өздері де бір күн болса да, дәулет
253

қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен 
сатып алады.» Қалған екі тобы «үры-залым, сұм-сұрқия» да, «қой 
жүнді қоңыршалар»-біріншісі «...өзі детындамайды», ал екіншісі 
болса «күнін де көре алмай жүр.» (Сонда,  104-105 66.).
Жоғарыда тоқтаған философ иялық сөздерімен тақырыптық та, 
логикалық та жалғасы -  елдік, үлттық сана насихаты, ақыл ы қайда?
-  деген сұраққа келіп тіреледі.
т о ғ ы з ы н ш ы  с ө з
«Ақылды  кім  үйренеді,  насихатты  кім  тыңдайды»  Бірінші 
бастама сөздің «Ел бағу» деген тағдырлы бағытын эрі жалғастыра 
түседі.  Абай  ой  толғанысы  эр  атырабына  сапар  шеккен  сайын 
тіршілік болмысынан туыңдаған философиялық ойларына тереңдей 
түсесің. «Осы мен өзім қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек 
көрем бе?»  (Сонда,  105 6.).
Мүхтар  Әуезов  айтқандай,  Абай  «тікелей  халықтығын» 
танытады.
о н ы н ш ы  с ө з
Қоғамдық, саяси-элеуметтік ой, пікір нүсқалары, ең алдымен, 
«жақсы» мен «жаман» деген диалектикалық қарама-қарсылықтар 
қыспағынан туады. Осыдан болар «жақсы көрем бе?» «Жек көрем 
бе?» дегеннің төңірегіне топтасқан мәселелермен танысайық. Сөз 
арқауы қоғамдық, адамдық деңгейден көрініп, талданып отырған 
мэңгілік мэселе - э к е  мен бала қарым-қатынасы.
Баланы «қүцайдан тілейді» не үшін тілейді? Міне, ой қазығы. 
Сонда Абай ойына көңіл аударсақ, баланы: «орнымды бассын»; 
«артымнан қүран оқысын»; «асырасын» деп тілей ме? «Осыдан 
басқасы бар ма?» деп сүрақ қойып, жауабын Абай өзі береді. Абай 
жауабы,  эрі талдауы  қүндылық түрғысынан,  не  пайдакүнемдік 
түрғысынан емес. Адамдық, гуманизм жэне философия түрғысынан
254

талданып, қаралып жауап берілген. Абай ойы -  Бала, эке баласы 
ма? Әлде  халық баласы  ма?  Немесе  шен-шекпенге  құмар бала 
ма? Болмаса туған халқына қайғы жеп, «ар ойлайтын» бала ма? 
Эр сөзіне мэн бере, мазмұнына үңіле түсіп, «білмекке» талаптансақ, 
тіршілік қамынан аса алмаған әке мен елі, халкы қамын ойлаған 
Абайдай эке арасындағы пікір таласы куәгері боламыз. Абай ойы 
екі бағытта дамиды. Бірініиісі—«пайда ойлаған» әке психологиясы.
Екіншісі- халқы үшін қайғы ойлаған Абай. Бала тәрбиесі -  эр 
түрлі, осының жолына арнаған мақсат та -  әрғилы екенін ескерген 
Абай бұл ту рас ы н да ойын: «Қартайғанда асырасын десен, о да — 
бір бос сөз. Әуелі, өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ 
па? Екінші, балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ 
па? Үшінші, малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай 
асы pay  толымды  болады?  Баланың  мал  табарлық болары,  мал
шашарлық болары, ол да — екіталай.»(Сонда, 106-107 бб.).
Баласы на  ар  ойламай  «пайда  ойлайтын»  эке  тәрбиесінің
соқырлығын, алдамшыбаянсыздығын қамқор эке, оқытушы ұстаз
көзімен қарап сынаған. Абай өз ойын былай деп тарқатады. «Әуел 
баланды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұныберем», - деп. 
Бастап  баланды  алдағаныңа  бір  мэз  боласың.  Соңыра  балаң 
алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп,біреуді боқтатып, 
«кэпір-қияңкы, осыған тимеңдерші» деп, оны мазатгандырып, әбден 
тентекті кке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын 
іздеп, хат таныса болады деп, қу, сүм бол деп, «пәленшенің баласы 
сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей, жат мінез 
кылып. осы ма берген тэлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?» 
Абай да эке міндетіңде өз ойын үсынады. Бала тәрбиесіне Абаңдай
экенің талаптары:  «қайрат», «қуат», «ақыл», «ғылым», «жүрек» 
жолы. Адамның өзіндік жасампаздық күштерін қалыптастырып 
тэрбиелейтін жолдарды да жан-жакты талдап корсеткен. Адамдай 
жаратушы, жасаушы құдайыңа сиын дейді. Себебі, адамдай қүцай 
«еңбек кылып мал табарлық қуатберді»... Ол қуатгы орнынтауып 
сарп қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың, Олғылымдьі 
оқыса, үғарлык ақыл берді, кайда жібергенінді кім біледі? Ерінбеи
255

еңбек  қылса,  түңілмей  іздесе,  орнын  тауып  істесе,  кім  бай
6олмайдыЪ>(Сонда,  107 б.). 
й |||  I
Ғылымға сүйенген еңбек пен ақылға Абай үлкен сенім артады.
Адам  өміріндегі  ғылым  орнын  өте  жоғары  бағалап,  мүны 
алладан да жоғары санап, пір түгады. «Ғылымсыз -  ахирет те жоқ, 
дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, түтқан руза, қылған қаж 
ғибадат орнына бармайды» дейді Абай (Сонда,107 б.).
ОН БІРШШІСӨЗ
Адам жэне мүның санғилы болмысы, міне, Абай танымы -  
өріс алатын басты да, нэр беретін де арнасы. Коғам денсаулығын 
бүзып, тынысын тарылтып, берекесін алатын екі нәрсе: «үрлық» 
пен «бүзақылық». «Әуелі -  ұрлық. ¥ры  үрлықпен мал табам деп 
жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлыктар 
алып  берем  деп,  дәугерді  жеп,  қүтқарам  деп  үрыны  жеп  жүр. 
Қарапайым жүрт үрлық айтып мал алам деп, үрыға атымды сатып 
«пайдаланам» деп,  не  өткізбесін  арзанға түсіріп  алам  деп жүр. 
Екінші -  бүзақылар біреуцің ойында жоқ пәлені ойына сал ып, бүйгсең 
бек боласың, бүйтсең көп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты 
атанасың деп ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса 
мен соған керек боламын деп, к... қыздырып алып, өзін біраз ғана
азық қылайын деп жүр.» (Сонда,  108 б.).
Қазіргі  тілмен  айтсақ:  өкімет  үстаушылар  өздері  үры  мен 
бүзақыларға  жол  ашып,  дем  беріп,  халықаралық  көлемде 
үйымдасқан  қылмысқа — мафияға  қолдау  жасап  отыр.  Абай  өз 
заманында  Ресейде  етек  ала  бастаған  капитализмнің  ашқарақ 
шағында, бүның буына пісіп жетіле бастаған қазақ мафиясы, яғни 
жергіліісгі «бүлдіргіш әкімдерінің» тамырын дэл басқан. Бүгінде де 
төменнен жоғарылап қаулап өсіп келе жатқан жаңа әкімдер Абай 
айтатын  «бүлдіргіш  әкімдермен»  қоян-қолтық,  ымы-жымы 
жарасқан сияқты.  Заман  мафиясы  тарамдалған  қан-тамырлары 
қорек алатын қоғамдық, саяси-әлеуметтік жэне психологиялық
256

жағдайдарды  Абай  көреген  саясатшы  сапасында  терең  талдау
жасайтьга ой-пікірлерімен танысайық.
«Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді. Шаруа 
да қылар еді. Бай барып бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп 
талапка, тілеуге кірісер еді. Енді жүрттың бэрі осы екі бүлік іске 
ортақ, мүны кім түзетеді? Анттың, серттің, адалдықтың, үяттың 
бір токгаусыз кеткен і ме? ¥рыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы 
бүзақының тіліне еріп, аза-тұғы н байларды кім тыяды?» (Сонда, 108 
б.).  Абай  кандай  саяси  көрегендікпен  пайымдап,  терең  сезініп 
байқаған десеңізші.  Қазіргі тәуелсіз Қазақ Елін де дендеп бара 
жатқан мафия. Сонда мафияныңтүп тамыры саяси-әлеуметпк жэне 
мемлекеттік қүрылымда екенін айтып, дәлелдеп отырған жоқ па?! 
—үлы Абай. Мемлекет бар жерде, мүның көлеңкесі: «үрлық» пен 
«бұзақылық» бірге ере жүре ме? -  деген сүрақ жауапсыз қалып 
келе жатқан сияқты. Сонда, жүмақ орнатпақшы болған тәуелсіз 
Қазақ Елінің демократиясы, рефоматорл ық Конституциясы не бітіріп
жүр екен деген ойда қаласың.
ОН ЕКІНШІСӨЗ
Бүган  қоса,  он  үшінші,  он  төртінші  жэне  он  бесінші 
философиялық сөздері логикасы, тағы бір ескертіп өтсек, адамның 
өзіңдік жасампаздық күштерін қалыптастырып, бүларды жеплдіре, 
тереңдете түсіп, адамдыққа бастайтын Абай Үшкілі — таным мен 
ғылым  одағын  сөз  еткен.  Жиынтықтай,  ой  сарабынан  өткізіп 
тұжырымдағанда, «иман» жэне «жүрек» туралы философиялық 
талғамды пікірлерімен танысамыз. Бүл турасында үсынып отырған 
еңбегіміздің  Екінші  болімінің  екінші  тарауының  «Жүрек 
философиясы» атты және үшінші тарауды ң «Иман -  философиялық 
мэселе» деген тармақтарында талдау пікірімізді оқырман назарына
үсынған едік.
257

ОН АЛТЫНШЫ СӨЗ
Ғылымнан тым  шалғай жатқан  надан  адамның ои сараптау 
талғамын: «Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп 
әлек болмайды» (Сонда,  112 б.) деп түйін ойын негіздеген Абай. 
Осы бір он екі жолдан тұратын сөз құрамындатаным мен логика
мұқтажын өтеитін: «тіл», «дін», «оилану», «үирену» деген қазақ 
сөздеріне  айрықша  көңіл  аударған.  Бұл  арада  Абай  «дін» 
насихаттаушы  ретінде  өзін  таныстырып  отырған  жоқ,  ғылым 
жанкүйері болып, адамды білім жолына ынталандырып отыр ғой. 
Наным, сенімге негізделген дін уағызынан гөрі, «шын ақыл», «терең 
ой», ақиқат жолын ұстанған ғылым жолы ұтымды, тиімді екенін 
айтып, түсіндіріп отыр емес пе?!
ОН ЖЕТІНШІСОЗ
Сөзден сөзге қоныс аударған сайын байқалатыны, бұлардың 
бір бірімен тығыз байланысы, сабақтастығы. Ой үнемі, үздіксіз 
абстрактіліктен (алғашқы, элі жүдеу оймен шырамытудан /қалам 
иесі/)  нақтылыққа  (затты  ойша  жан-жақты  меңгеру,  көптеген 
түсініктердің,  ұғымдардың  жиынтығы  /қалам  иесі/)  сатылап, 
жоғарылап көтерілуі үдерісі.
Абай философиясы жүйесін қалыптастыратын—атақты үшкілге 
кел іп жетгік. Зертгеушілердің бірде бірі бүл сөзге аялдама жасамай, 
аттап кете алмайды. Себебі, бүл сөз киелі, тұлғалы, тағдырлы сөз, 
озінің терең философиялығымен адамды ой елегіне душар етеді. 
Абай атақгы Үшкілі он жетінші сөзден енші алып, шаңырақ котереді. 
Қырық бес сөздің өрісін үшкіл кағидасы жайлайды. Ойлау сарабына
салып, түптеп, түгендеи келгенде, үшкіл мәселелері таным  мен 
логика  тұғы ры нан  түсп еген .  С онды қтан,  тек  «Абайдың 
философиясы» деген тақырыптары оның кейбір олеңцерінен жэне 
біраз қара создерінен теріп-сүзіп қана қарауға болады» (Мухтар 
Әуезов Жиырырма томдьщ шыгармалар жинагы.
258

Жиырмасынгиы  том.  Алматы: Жазушы,  1985,  181  б.).  Мұхтар 
Әуезовтіңбұл пікірі жөнінде ойымызды ұсынып огырған еңбегіміздің 
«Абай философиясы: Жаңа мәселелері» деген бөлімінің«Абай- 
философ» атты бірінші тарауында пікірімізді ұсынған болатынбыз.
ОН СЕГІЗІНШІСӨЗ
«Ойлап-ойлап  құлаққа  ілетін»  мәселеміз,  сырт  қарағанда 
философияға  ешбір  қатысы  жоқ  «кербез»  деген  қазақ  сөзінің 
танымдық мэні. Бүл қазақ сөзін Абай ойлауцың санғилы түрлерінің, 
қүралдарының бірі ретінде санап, диалектиканың тарихилық жэне 
логикалық  көзқарасы  көзімен  қарасақ логикалық эдістің  қазақ 
қолданысындағы тамаша үлгісін  көреміз.  Қарапайым  «кербез» 
деген казақсөзінен сатылап, жоғарылап отырып, Абай «ғылым» 
деген логикалық абстракция деңгейіне көтеріледі. Бұл туралы сөз 
етіп  отырған  еңбектің  Екінші  болімінің:  «Адамның  өзіндік 
жасампаздық  күштері»  деген  үшінші  тарауының  «Ғалым 
ғылымының үш тірегі» деген екінші тармағында пікірімізді аитгық.
ОН т о ғ ы з ы н ш ы  с ө з
Танымның келесі мэселесін: «ес», «білім», «көрген», «білген» 
ұғымдық  сөздер  арқылы  дәстүрлі  философия  айналысатын,
сезімдіктен ойлылыққажоғарлайтын, «білмек»-таным үдерісін
сөз етеді. Таты да диалектиканың қарапайымнан күрделіге, жекеден 
жалпыға  көтерілетін  ойлау  заңдылығын  кімге  де  етене  жақын 
күнделік өмірдің көріністерін пайдалана отырып, танымның сезімдік 
жэне  логикалық  жақтары  өзара  байланысын  өте  ұтымды, 
тартымды, күнделіктәжірибеге сүйене отырып, шебер, эрі терең 
ойлыл ық түрғысынан талдаған. Міне, осының Абайлықталдаудың
тамаша үлгісі.  «Адам  ата-анадан туғанда есті  болмайды:  естіп, 
көріп, үстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды- 
дағы  сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
259

Естілердіңайтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады»
-  дейді  Абай  (Сонда,  114 б.).
Тікелей  таным  -   Абайлық  «білмек»  үдерісі  мэселелерін 
қаншама  рет  оқып  жүрсек  те  ой  токтатып,  философиялығын 
ескермеген  сияқтымыз.  Ойлау  мэдениетіміз  «эр  білмегеннен» 
«білсемге» көтерілуге талаптанбаған екенбіз.
Абай айтқаңцай: «...сөз танымайтүғын елге сөз айтқанша, өзіңді 
тани-түғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен» 
(Сонда,  115  б.).  «¥ғайын  деп  түшынбайтын»  мисыздан  гөрі 
шаруашылыққа(экономикаға/қалам иесі/) қажетгі шошқа бақканды 
артық, жоғары санайды. Себебі, шаруашылық баққан адам еріксіз 
ойын да бағады.
ЖИЫРМАСЫНШЫ  СӨЗ
Күңделікпгі өмір тэжірибесінен, «көріп» «білгеннен» сүрыпталып,
жинтықталып  шыққан адам оиын эр саққа жүгірінді оолуының 
себебін Абай:«... адам баласының жалықпайтүғын нәрсесі бар ма 
екен?»—деген сүрақтан іздестіреді. Бүл сөз Он тоызыншы сөздің 
логикасын жалғастыра отырып, өм ір- күрес жолы екенін «жалығу» 
мен  «жалықпау»  деген  сөздер  аркылы  түсіндіреді.  «Дүние 
біркалыпты  түрмайды,  адамның  қуаты,  ғұмыры  бірқалыпты 
түрмайды» -  деп, Абай жадағай (стихиалды) түрде диалектиканың: 
«даму  деген  -   қарама-қарсылықтар  күресі»  деген  қағидасына 
жақындығын танытады. «Бірақ осы жалығу деген әрнені  көрем 
деген, көп көрген, дэмін, бағасын -  бэрінің баянсызын біліп жеткен, 
ойлы адамнан шығады» (Сонда,  115 б.) деп, Абай «білмектің» жаңа 
қырларын: «әрнені көрген», «көп көрген», «баянсызын біліп», «ойлы 
адам» деген жаңа үғымдық түсініктерді үсыныды. Осы түсініктерді 
қоғамдық психология мэселелерін талдауға келесі философиялық
сөздерінде қалаи қолданғанын «ниеттеніп оілмекке»тапаптанаиық.
260

ЖИЫРМА БІРІНШІ СӨЗ
Сөзден-сөзге ауыскан сайын байқалатыны -  Абайлықтаным 
өрісіне жаңа мэселелер килігеді. Осы орайда үшкілге үнемі аялдама 
жасауға  тура  келеді.  Тағы  бір  тың  мэселеге  тап  боласың. 
Айтпағымыз  келесі  торапты  тақырып  -   қогамдық  психология, 
бұның ішінде қазақ мінезі. «Мақтан»— қазақтың қарапайым сөзі 
қоғамдықтанымның күрделі қүралынаайналады. Бүл туралы Абай: 
«Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мактаннан аман болмағы
-  қиын іс. Сол мақтан деген нэрсенің мен екі түрлісін байқадым: 
біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншактық деймін» 
(Сонда,  115-11666.). Қазақтың қоғамдық мінезін (психологиясын 
/қалам иесі/) екі өріске бөледі. Бірінші мінез Абай талдауында: 
«Үлкендік -  адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни,
надан  атанбасты ғы н,  ж еңіл  атанбасты ғы н,  мақтанш ақ 
атанбастығын, әдепсіз,  арсыз,  байлаусыз,  пайдасыз,  сүрамшақ, 
өсекші,  өтірікші,  алдамшы,  кеселді  — осындай  жарамсыз 
қылықгардан, сактанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін 
ондайлардан  зор  есептемек.  Бүл  мінез  — ақылдылардың, 
арлылардың, артықгардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі 
білсін,  жаман  дегізбесем  екен  деп  азаптанады.  Екінші  мінез  -  
мақтаншақ. Бүл мінездіңсырын Абай:«... мактаншақ деген біреуі: 
«демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, 
пысықдесін, эрнешік не түрлі болса да, «десін» деп азаптаныпжүріп,
«демесінді»  ұмытып  кетеді.  Ұмытпақ  түгіл,  әуелі  іс  екен  деп 
ескермейді» (Сонда.116 6.).
Осы екі мінез, әсіресе, мемлекеттарапынан, заң шығарушылар 
мен өкімет үстайтындардың мінезінен айрықша байқалады. Абай 
айтатын «қой жүнді қоңыршалар» (Сегізінші сөз /қалам иесі/) қай 
заманда болмасын «жалыну» мен «жагыну» қыспағында өткендер 
ғой.  Кешегі  социализм  заманында,  мәселен,  философиялық 
оқулықтарда, қоғамдық психология, бұның ішінде үлтгық мінез 
(психология /қалам иесі/) саясат қоржынына ілінбегендіктен болар, 
бүларға мэн берілмеді. Брежнев Конституциясы заманында ұлттық
261

та, қоғамдықта психология мәселелері не тарихы, не тұрагы жоқ, 
не  халқы на  там ы ры н  терең   ж іберм еген   «коммунизм
құрылысшысының  моралдық  кодексі»  — деген  тексіз,  оетсіз, 
абыройсыз  бірдеңемен  алмастырды.  КСРО  заманында  КПСС 
«дегізем» дегенін «десін» дегізе алмады, бірақ «демесінді» мүлдем
ұмытты. 
.  ; f
t
Ш
& і
і
і
.
fГ НОТ* *ІІН ІИ Н ^И
Тэуелсіздікгің буьша піскен қазіргі қазақ атқа мінерлері Абайдың
мінез танығыштық шеберлігін сыйлап, біліп, ісіне жарата алар ма? 
екен деген ой мазалайды. Абай айтқандай: «... өзі мақтау іздеген 
өзімді өзім макгап жетем», - деп (Сонда,  116 б.), күнін өткізіп алар 
ма екен? деген ой мазалайды. 
1
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод
transactions -> Тәңірберген Қалилаханов
transactions -> Ж ү с І п о в а МӘШҺҮр жүсіп көпеиүлы деректанушы

жүктеу 1.17 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет