Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы



жүктеу 1.17 Mb.

бет17/25
Дата09.01.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

238

қабылдануы қажет. «Көңіл», «көкірек» Абай түсінігінде интеллектке 
балама ұғым. Ал, «ниеттеніп білмек» деген Абай өзі айтқандай: 
«Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ», яғнитанымның мақсатты 
бағыттылығын аныктайтын тарихи үдеріс. «Көңілін ашпақ» деудің 
философиялык сырын ашып, ұғуға талаптанбасақ, «кұрғак сөз» 
қалпында қала береді ғой. Сұранысқа ие болатын мэселе -таным 
заңдылыгы, яғни «көңілде суретгемек мэселе»: таным қозғалысы, 
қалыптасуы жэне дамуы туралы мәселелер. Осы бағытта ізденіп, 
алғаш қадам жасаған Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов, 
осылардын  қолдауымен  (1918  жылы)  шыға  бастаған  «Абаи» 
журналы. Бірақ бұл журналдың өмірі қысқа болды. Шықпай жатып, 
сол жылы жабылып, тек 1992 жылдан бастап қайта шыға бастады.
Таным козғалысы, дамуы «білмектен» аяқганып, «эр білгеннен» 
толық «білмекке» көшін қамдап, бел гісіздің сырын ашуға аттанатын 
қайшылыкты сапар. Осылайша үнемі, үзіліссіз төменнен сатыланып 
жоғарылап отыратын, диалектика тілінде, бір-бірінен туындап, өзара 
байланысып, сабакгасып жатқан таным шеңберлерінің тарихи жолы. 
Шеңберлер дегеніміз танымның қозғалысы, дамуы заңдылықтарын 
ойлауда жан-жақты бейнелейтін логикалык құралы, бұған қоса 
тарихи  уақыттың  өлшемді  бір  кезеңі.  Заттар  логикасы  осыны 
куаттайды. Акты ақ деп, караны қара деу осыған байланысты болар.
«Білім-ғылым  үйренбекке талап  қылушыларға эуел білмек 
керек. Талаптың өзінің біраз шартгары бар. Оларды білмек керек. 
Оларды  білмей,  іздегенм ен  табы лм ас»  (Абай  (Ибраһим 
Құнанбаев).  Екі  томдъщ  шыгармалар  жинагы.  Екінші  том.
Аудармалар мен қара сөздер.  Алматы: Жазушы,  1986,  128 6.J.
Таным үдерісі зандылығының Абайлық түсінілуінің үлгісі міне 
осындай. Таным зандылығы табиғат пен қоғамдағы шектілікпен 
шексіздіктің байланысы жэне осылардын дамуы, өзгеруінің адам 
миында  бейнеленуінің  тарихи  үдерісі.  Адам  өзінің  қоғамдық 
тэжірибесіне сүйене отырып, логикалық ойлауы арқылы таным 
барысында қалыптасқан абстракцияларды: үғымдар, түсініктер мен
239

болжамдарды материалдық өндіріс, білім мен ғылым арқылы адам 
қоғамның ғылым и-техникал ы қ жэне рухани әрекеттеріне айналады.
Біріншісінен бастап, Қырық бесінші философиялық сөздерін 
түгелдейін бойлай, жан-жақты таддап тексергенде, түжырымдалып, 
сұрыпталып  Абай  түйінінде  жиынтықталатын  -   «білмек», 
«үйренбек», «білмегеннен» «білсемге» деген таным қозғалысының 
мақсатты бағыттылығы, яғни «ниетгеніп білмекке» «қүмарлынып» 
ұмтылыс жасауы деген. Сонда Бірінші сөзден «білмею>, «үйренбек», 
«эр білгеннен» «білсемге» деген тарихи үдерістің «тереңіне бет 
қоймаса» танымның сыры ашылмай, жабулы қазан қалпында қала 
берер еді. «Білсем»-әдеби қүрғақ сөз емес Абай таным теориясы. 
Бүл  дегеніңіз  -   күрделі  философиялық  концепция.  «Білсем» -  
логикалық абстракция -  категория сапасында таным мен логика 
жүйесін ашуга септігін тигізетін қагидалы ой. Таным үдерісін жан- 
жақты  зерттеп,  бүның  пайда  болуы,  қозгалысы  мен  дамуы 
заңдылығын, мақсатгы багыттылыгын «ниеттеніп білмекке» бет 
алдық. Абайдың философиялық сөздеріне талдау жасаганда, таным 
мэселелері түргысынан, үш жагдайды ескеруді орыңцы көрдік Атап 
айтсақ олар:
-   бірінш ісі,  Абай  ақы нды қ,  ойш ы лды қ  қасиеттерін 
қалыптастыратын ғылыми-теориялық, эдістемелік қүралдарды сөз 
еткенде,  бүлардың  төңірегін  Абайдың  «өзіндік  учениесі»  -  
философиясы,  ягни  Үшкіл  сапасында  маңайламайды.  Абай 
философиясын  зерттеп  талдауда  қүндылыгын  жоймаган  үлы 
Мүхтар  Әуезовтің  философиялық  ойлары  да  ескерусіз  қалган 
сияқгы.
Абай  еңбектерін  «әдебиет  тарихшысы»  сапасында  талдау 
үстінде айтқан терең магыналы философиялық ойларын Мүхтар 
Әуезов сыңаржақты қабылдамауды өтініп сұрады емес пе?! Бүл 
туралы ойымызды бастан айтып ескертіп келеміз;
-   екіншісі,  үйреншікті  «қара  сөз»,  эрине,  «философиялық 
трактат» емес. Сондықтан Абай арнайы «философиялық трактат» 
жазбады деп, тек ақындыгын гана мойындап, философиялыгын
240

ескермеу әдетке айналған сияқты. Абай философ па? деген сауалға 
жауап ретіңде, тағы да бір талас туцыратын, тың пікірді ұсынбақпыз. 
Тақырыбын айтсақ: «Қара сөздер -  философиял ыққа айналса-шы?!» 
атгы мәселе. Бұл өз алдына жеке талдауды талап ететін тақырып
болмақ;
-үшіншісі, Абайдың қара сөздерін философиялықтраісгат деп 
қабылдасақ, сөз жоқ ұлы ойшылдың философиясын «ниеттеніп 
білмекке» кең жол ашылған болар еді. Бұл бір дерлік. Әрі бүдан 
Абай ақындығына ешбір нұқсан келмес деп ойлаймыз. Бұған қоса 
Абайдың ақындығын да, философтықта беделін, дэрежесін арггыра 
түсер еді. Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов, қазақ жерінде 
Кеңес  өкім еті  орны ға  бастаған  кезеңнің  өзінде:  Абай 
шығармашылығының  айшықты  қасиеттерінің  бірі  деп,  бүның 
«тереңнен  толғайтын  пэсапалығын»  ескертті  емес  пе?  Бұл тек 
кешегі  ғана емес,  бүгінгі  де тарихымыз,  болашаққа бастайтын
саналы жол. Абайдың философиялық сөздерінде әлемді қамтитын, 
болжап сараптайтын даналық ой бар деп қабылдасақ, тек сонда 
ғана Абай сөзінің Абайлық фиософиялық сырын үғуга «мейірленіп»,
«құмарланып» «бет қоямыз».
Абай  философиясы  тағы  бір  кереметі,  бұнын  әлемдік
философиямен байланысын, сабақтастығын, үндестігін, рухани 
жақындығын көреміз. Батыстың эмпиризмі Абай философиясында

 «нәрселерді сезбекпіз, көзбен көрмекпіз» деп, «ақылмен біліті» 
деп  рационализмі  де  бой  көрсетеді.  Ислам  діні  тұлғалы 
«жаратушысы»  да  Абайлық  түсінілуде  «жаралып,  жасалып», 
өздігінен жаралушы деп үғылады. Адамды <окаратушы», адамдағы 
«адамдықгың орны»—сезім мүшелерін, ақылын жаратушы «хауаси 
хамса заһри», яғни еңбек екенін Абай даналықпен терең сезінеді.
Абай философиясының байқалмай, ескерілмейтін тағы бір кереметі 
—таным теориясының жадағай (стихиалды) диалектикал ық сипаты. 
Абай даналығының сыры -  әр сөзін философиялық трактат деп 
қабылдасақ, сонда әрбірінін өзіндік философиялық сиқырл ы сыры 
барына  көзіміз  жетеді.  Күнделік  тұрмыстық  жағдайда  жиі
241

қолданылатын, паидаланатын, әрі адамның көңіл-күиіне етене жақын 
тұратын  қазақтың  қарапайым  сөздеріне  Абай  жалпылық,  ягни
танымдық, логикалық-ұғымдық, түсініктік мэн, мазмұн оереді.
Абайлық  таным  теориясын  «мейлінше»  толық  түсінілуі 
талабына, сүранысына орай жаңа ізденіске бастайтын ой-пікірімізді 
талдап,  тексеріп  келеміз.  Осының  бірі  — тарих  пен  ізденістің  I 
беттесіп ,  үгы суы ,  табы суы .  Т арих  —  Абай  өм ірі  мен 
шығармашылығы. Ізденіс—Абай әлемін жан-жакты талдау, зерттеу 
мәселелері, бұлар туралы жаңа ой-пікірлер, түсініктер, болжамдар 
қалыптасуы, дамуы тарихы. Бірінші сөзінен Қырық бесінші сөздерін 
түгелдейін  өңірін  жайлап,  бағалып,  бапталатын  Абайдың 
философиялық  ойларымен  жақын  танысайық.  Сонда  гана
«көкірепміз  көзді»  оолып,  «жүрек  аинасы»  «оңды  ұғымды» 
бейнелеп, «эділетті ақылды» мойындауға жол ашады.
Абайдың философиялық сөздерінің бірінен соң біріне көшіп, 
қоныс аударған сайын айқындала, ерекшелене түсетіні -  үшкіл мен 
ғылым тұтастығы. Осы орайда қысқа түйін жасайтын болсақ:
-біріншіден, Он бірінші сөздерінде, мәселен, үшкілдіңжеке 
қырлары — қайрат,  ақыл,  жүрек жэне  ғылым;  Он  екіншіден  Он 
алтыншы сөздерінде танымның ішкі қүрылымы; Он жетінші, Қырық 
бесінші сөздерінде күрделене түсетін мэселе -  таным теориясы 
қалыптасуы,  қозғалысы  мен  дамуы  туралы;  таным  мен  логика 
біртұгастығы. Философияда Абай жолы Ақжан Машанов түсінігінде 
тағы  да  қайталасақ:  «Абай  жолы  нақли-ғақли  исламнын  бас 
қосқаны, немесе, ғылымның, ғадалаттың ақыл, қайрат, жүректін 
бас қосқан жолы» (Аталган еңбегі,  91 б.). Ягни, Ақжан Машанов 
өзі үсынатын—«Ү шкіл» жолы.
Абай логикасы өріс алып, қүнарлана түсетін арнасы—Он екінші 
сөзден Қырық бесінші сөзіне дейін ислам мәдениеті, бұның ішінде 
ислам діні. Осыған орай өте ескеретін жайт: ол — Абайды ислам 
діні насихатшысы деп сыңаржақгамай, бос «бахасқа» салынбай тек 
Абайға  лайық,  Абайдың  Абайлығын  танытатын  философиясы 
жүйесімен  жан-жақты  танысуымыз  білім  мен  ғылым  үшін  өте
242

қажетгі. Абайдың философиялык сөздерінің әрқайсысының өзіндік 
тақырыбы, логикасы -  түсінігі, талғамы, тұжырымы -  идеясы, 
қағидалы ойлары, пікірлері бар. Бэрі жиылып, теріліп, бас қосып 
ақылдасатын  ортақ  тақырыбы  -   таным  теоршсьщеп  түйдік. 
Біріншісінен Қырық алтысын қамтып, бойлайтын тұлғалы қағида: 
«білмек»,  «білсем»,  яғни  осы тұтқалы  ойдың төңірегіне таным 
теориясы мәселелері шоғырланады. Абай сөзін казақтың«жуан, 
ысылмаган»тілінде айтылған деп, қисынсыз менсінбеушіліктен
аулақ  болайық.  Төменде  келтіріп  отырған  Абай  өлең  сөзі 
жолдарында қыстырылып, қымтырылып, бойын жасырып тұрған, 
Абай өзі ұстанатын, терең философиялык ойларын басшылыққа
алайық.
Жұртым-ай,  шалцацтамаи сөзге  түсін,
Ойланшы,  сыртын қойып,  сөздің  ішін.
Ыржаңдамай тыңдасаң нец кетеді,
Шыгарган сөз емес қой эцгіме үшін,  -  дегені  қазақ сөзінің, 
тікелей философиялык деп айтпаса да, мұныңмәндік, мазмұндық 
сырластығын — «ойланшы» деп «ойсыз құлаққа» ескертіп тұрған
жоқ па?!
Міні цайда екенін  біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей, - деп, ойлау логикасына 
ерекше ден қойып, көңіл аударады емес пе? «Абай -  философ емес»
деген ойдың сыңаржақтылығын ескерткендей пікір айтып тұр ғой. 
Ендігі  «ниеттеніп  білмекке»  бастайтын  мақсатты  бағытымыз 
Абайдың қырықбес философиялык сөздерінде қаралатын «білмек»
-  таным  мәселелері.  Тарих  пен  логика  сұраныстарына  орай 
Қырықбес  философиялык  сөздің  қойнауына  сапарымызды 
Біріншісінен бастадық. Іске сэт болсын дейік.
243

2.4.5 АБАЙДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ СӨЗДЕРІ
БІРІНШІ СӨЗ
Философиялық  сөздеріне  — бастама,  тұлғалы  тақырыпты 
түйіндеп, анықтайды. Жалпылық дәрежедегі, тағдырлы, айдарлы 
мәселенің бас қосып, түйіскен жерін ашып айтсақ: ол — Ел бағу. 
Бұның өңіренен  енші  алып,  шаңырақ  көтеріп,  өз  алдына түтін 
түтететін мэселелер: Мал бағу; Ғылым бағу; Софылық қылып дін 
бағу;  Балаларды  бағу.  Осы  аталған  тұтқалы  мэселелер  Бірінші 
бөлімніңЕкінші тарауында қаралған еді. Қалған қырықтөртсөзіне 
бастама боларлық пікірін Абай: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген 
нәрселерді қағазға жаза берейін,.. ақыры осыған байладым, енді 
мұнан  басқа  ешбір  жұмысым  жоқ»  (Сонда,  96  б.)  деп,  ұзаққа, 
мэңгілікке  созылатын  таным,  білім,  ғылым  сапарына  аттанар 
алдындағы өзіне қойган міндеттерді осылайшатүйіндеген. «Ойға 
келген нәрселерді» деп, «ә!» дегеннен-ақ материализм сарынын 
танытады.  «Білгеніңді  кімге  үйретерсің,  білмегеніңді  кімнен 
сұрарсың?»  (Сонда,  95 6.)  деп,  өмірге  «ғылым  көзімен»  қарап, 
таным  туралы  күрделі-ау  дейтін  философиялық  ой  осылайша 
басталады. Қырық бес жастағы Абай өмірден көргенін, білгенін, 
түйгенін, баққанын: «Бұл жасқа кел генше жақсы өткіздік пе, жаман 
өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, 
айтыстық, тартыстық- әурешілікті көре-көре келдік», - дейді. Сонда 
Абай ойы диалектика тілін қолдансақ, күрес үстінде туып «қалған 
өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз?» деген сұрақ төңірегіне 
топтастырып,  сала-саласына тарқатып  талдамақ.  Сол  шақтағы 
қазақжеріндегі тіршілікті «...қажыдық, жалықтық; қылып жүрген 
ісіміздіңбэрініңбаянсызын, байлаусызын көрдік, бэрі қоршылық 
екенін білдік»  (Сонда,95  6.)  деп  «эу» дегенде,  налыған  сезімге 
берілген сияқты, бірақ Қырық бес философиял ық сөздерін мұқият 
оқып, «мейлінше» толық талдап барып ой тұжырымдасақ, Абай 
ойы -  қазақ хал қының бүгіні, ертеңі, болашағы екеніне көзіміз жетеді.
244

Бастама сөз деудің де  мәнісі  осында болар деп ойлаймыз. Абай 
өмірі  -  халық  өмірі,  жеке  қара  басы  мал-мүліктен  мұқтаждық 
көрмеді. Абай мұқтажы -  халқының мүдделері мен арман-тілегі. 
Осыдан  болар  Абайдың  көзқарасы  халқы  тағдыры  үшін  күрес 
үстінде туып, дамып, ат үстінде қанаттанды.
Е К ІН Ш І С Ө З
Бірінші сөз логикалық сарынын «...мен ойлаушы едім» деп 
халқының аянышты тағдырына аса бір тебіреніспен толғанып, өнер 
қуған, мал тапқан, әсіресе...» орыстың өнерін бізден олар (ноғай, 
сартты  айтады  /қалам  иесі/)  көп  үйреніп  кетті»  дейді.  Басқа 
халықтармен салыстырып, орыстың «құлы, күңі қатарлы жоқпыз» 
Деп халқын: «...қор болмай, шаруа қуып, онер тауып, мал тауып зор 
болуға» (Сонда, 976.). шақырады. Күнделікті тіршілік қажетінде 
қодданатын қарапайым «мал», «шаруа», «онер» деген сөздер аркылы 
қазақ халқыныңтағдырына қайғы жейді.
ҮШІНШІ с ө з
Сөзден  сөзге  ауысқан  сайын  ел  бағу  мәселелері  күрделіне 
түседі.  Қоғам  құрылымы  мен  мемлекет  қүрылысы тарихы  мен
логикасынатоктаған. Кдзақ елі ішіндегі саяси-әлеуметтік топтардың
қулық-сұмдығын  ашып,  тарихына тоқтаған.  Қазақ  қоғамының 
келешегі,  қазіргі тілмен  айтсақ,  ғылым  мен жаңа технологияға 
сүйенген  шаруашылық жэне  заң  мен  заңдылыққа  негізделген, 
орныққан үлтгық мемлекетке тікелей байланысты екенін сөз етеді. 
Осы орайда Абай өз ойын: «...бил ік деген біздің қазақ ішінде әрбір 
сайланған кісінің қолынан келмейді. Бүған бүрынғы Қасым ханның 
«Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолын», Әз Тәуке ханның «Күл 
төбенің басында күнде кеңес» болғанда, «Жеті жарғысын» білмек 
керек. Әмбе, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендіюен ескіріп, 
бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса,  оның орнына татымды
245

толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, 
ондай кісі аз, яки, тіпті жоқ», - деп түйген Абай (Сонда, 99 б.).
Абай ойының адамға етене жақын, ақылшысы, сүйенері болып, 
өзіне баурап алатын қасиеті, эр сөзінің философиял ық терендігі мен 
логикалық дэлелдігі, негізділігіне байланысты. Жаңа ғана келтірген 
Абай  ойына  сүйенсек  нені  байқауға,  ақылмен  қабылдауға, 
түйіндеуге болар еді. Абайдың өте ықшам ой мұхитына бастайтын 
қысқа-қысқа философиялық сөздері:  «жұмбақтығымды  аш, ұқ, 
қабылда»  деп  өтініп  тұрған,  терең  қоғамдық,  философиялық 
ойларына тап боласың. Сондықтан Абайдың өлең, философиялық 
сөздеріне үстірт, ат үсті қарасақ, жел қуған қаңбақсияқты ойымыз 
өріссіз, ескерусіз, бағусыз болар еді. Диалектиканы таным жэне 
логика теориясы сапасында, ғылыми-әдістемелік құрал ретінде 
саналы меңгеріп, қолданданбаса да Абай өзі айтатын әр сөздің: 
«қисыны», «үнасымы», «жарасымы» деген үғымдық түсініктері 
диалектикаға  жанасты.  Даналарға  тэн  қасиет  -   сөзді  ұясынан 
үліырғанда, мұның қанаттарын қамдап, ойын сомдап, жан-жақты 
баптауында.  Диалектика  осыны  талап  етеді.  Ойлауды  негізді, 
дәлелді, жетік бабына келтіру үшін әлемдік философияда қоныс 
тепкен логикалық дәстүрлерді, ойлау үлгілерін қолдану, пайдалану 
қажет.  Теориялық,  эдістемелік  сатыға  көтерілген  ұғымдар, 
түсініктер жүйесін ойлау түрі, немесе құралдары дейміз. Мәселен, 
тарихилық пен логикалықтың байланысы.
-Б ірінш ісі- тіршілік, өмір қозғалысы, дамуы.
-  
Екіншісі -  логикал ық, біріншіні, яғни өмірді -тарихты ойда 
қайталап, адам миында бейленелену үдерісінің қаңқасы.
Бірақ  тарихилықтың  адам  миында  қайталануы  үдерісі 
логикалықсыз мүмкін емес. Тарихилық деген ойдың, ойлаудың қан- 
тамыр жүйесі. Логикалық дегеніміз -  қандайда «нәрсеге  иман» 
келтіргенде, яғни қандайда нәрсені ойша меңгергенде, ойда бұның 
тарихын ашып, зерттеп, «мейлінше» толық меңгеру үшін тіршіл ікте 
бүл нәрсе қандай болды екен деп, осыны жете біліп барып, мүның 
кешегісін, бүгінін жэне болашағын танып білу үшін мәдениетте,
ғылымда жэне өңдірюте қалыптасқан оилау мэдениеті құралдарын
246

пайдалануымыз қажет. Осылардың бірі—таным зандылықтары. 
Абай ойының өріс алар жері, ұшар канаты тарихилық пен логикалық, 
абстрактіліктен  нақтылыққа  т.б.  диалектиканың  заңдары, 
категориялары  эдістемелік  құралдар сапасында орын алатыны
айрықша байқалады.
ТӨРТІНШІ 
с ө з
«Ә рбір  байқаған  кісі  білсе  керек»  деп  таны мны ң 
бағыттылығына назар аударады. «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, 
адам саумақ- өнерсіз иттің ісі» (Сонда,  1016.) деп, адамды кесел 
мінезден сақтандырып, бұған қарсы қолданатын қару—еңбек екенін 
ескертіп: «...өз қайратыңа сүйеніп еңбегінді сау, еңбек қылсаң, қара 
жер де береді, құр тастамайды», адам осыны «білсе керек» (Сонда,
101 б.) еді деп, таным үдерісінің күрделілігін ескертеді.
БЕСІНШІ СӨЗ
«Ел  бағу» логикасы  тағы  бір  қыры  -  қазақ  мақалдарының 
кертартпа, боямасы көп, бос сөз екенін ескертіп. «білсе» керек деп 
шаруашылық қамын ойлап жайғастыруға шақырады. Тағы да үшкіл 
мен ғылым мәселесі. «Бұл мақалдардан (мэселен. «Ер азығы мен 
бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», т.б. «есепсіз 
толып жатыр» /қалам  иесі/)  не  шықты?  Мағүлым  болды:  қазақ 
тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді 
екен, бірақ мал үшін қам жейді екен, ол малды  қалайша табуды 
білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап, мақтап алмақ екен, 
бермесе оныменен жауласпақ екен, егер малды болса, экесін де 
жаулауды да үят көрмейді  екен.  Әйтеуір ұрлық,  қулық-сүмдық, 
тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып, мал
тапса,  жазалы  демесек  керек  екен»  (Сонда,  101-102  бб.)  деп,
танымныңтірегі үшкіл мен ғылым екенін қарапаиым дэлел — қазақ 
мақалдарын сынай отырып талдаған.
247

АЛТЫНШЫ СӨЗ
Ү шкілдің тағы бір тың мәселесі -  «тірлік» туралы. Мэн беріп, 
мазмұнына  көңіл  аударсақ  адам  болмысының  қажетті  деген 
мәселесі екен. Бесінші сөзде мақалға айналған  қазақ сөздерінің 
үғымдық, түсініктік тарөрістілігін, мұны да Абай сынағанын көреміз. 
Абай  ойы  жекеден  ж алпы лы ққа  бастайты н  қазақ  сөзінің 
философиялық  мағынасын  ашып,  логикалы қ  мэнін  ұғуға 
көмектеседі. Бір қызығы мынада:  кімге де таныс «тірлік» деген 
сөзден бастайды.
«Ырыс алды -тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден 
шықпағандық па? Жоқ ондай тірлік итте де бар» (Сонда,  102 б.) 
деп, жауабын Абай өзі береді. Сөзден сөзге біртіндеп, сатылаған 
сайын Абай ойы да күрделіне түсіп, жалпыфилософиялық, дэстүрлі 
«жан» деген үғымға жақындай түседі. «Тірлік» үшкілмен тікелей 
байланысты. Сонда «тірлік» деген Абайлықталдауца:
«Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да
көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен 
ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла апмайсьщ»(Сонда, 102-103 
бб.) деп, Абай атақты  үшкілін бар  ізденісінің, ой толғаныстары 
арқауы,  тірегі  ететінін  келесі  философиялық  сөздерінде  анық 
байқалады. Сонымен, таным үдерісі қозғалысы, құрылымы, дамуы
W
заңдылығынатікелеи жақындадық.
ЖЕТІНШІ СӨЗ
Абай философиялықсөздерінің үнемі қарапайымнан күрделіге 
үздіксіз сатылап, жоғарылауының өзіндік заңдылығы -  үшкіл мен 
ғылым  түтастығы.  Осы  мәселені  талдап,  зерттеу  барысында
күрделі-ау  деитін  м әсел ел ер ін е  арналган  торапты   ои 
аялдамаларынан байқауға болады. Философиялык ойдың Абайлық 
сипаты,  әрине, Бірінші  сөзден  басталып, бірақ торапты дейтіні 
Жетінші сөзден аяктанады.
248

Абай философиясы жүйесін қүрып, жұмбақтығы сырын ашатын
-  «үшкіл». Философиялык сөздерінің танымдық, логикалық арнасы 
үшкіл екенін бастан айтып келеміз. Осыдан қорытылып шығатын 
ойды түйіндеп түжырымдасақ: «Ғаділетгі жүректің әділетін» сактап,
осыныңжолында«эділетті ақылды мойындау» үшін табанды күрес
кажет. Жүрек философиясының «әділетті ақылды мойындау» деген 
жетекші, эрі ұйымдастырушы қағидасын үшкіл мен ғылымның 
өзекті мэселесі жэне эр сөзінің ғылыми-теориялық, эдістемелік 
арнасы ретінде пайдаланады Абай. Осыныңбір көрінісі мына талдап 
отырған  Жетінші  сөзі.  Таным  үдерісі:  мүның  пайда  болуы, 
қозғал ысы, дамуы мен логикасы зандылыктар деңгейіне көтерілген 
үғымдар арқылы Абай «ойшылдардың санатындағы бірі» ғана емес, 
керісінше, нағыз данасы ретінде мүны жан-жакты қамтып, талдап, 
тексеріп зерттеген. Міне, сол қағидалы ұғымдары: «тән қүмары», 
«жан қүмары», «тәннен жан артық», «адамдықтың орыны», «ақыл 
кіргенде» т.б. Ал, осы түсініктік қос сөздердің ұйтқысы, мазмұндық 
қызмет атқарып, баяндайтын «қүмарлық», «білсем» үғымдары. Өте 
мүкият болып, эрібінің тарихилығын жэне логикалығын ескеріп, 
мазмұнын жетік «білуге» «қүмарланайық». «Тэн құмары». «Жас 
бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі — ішсем, жесем, 
үйықтасам деп түрады.  Бүлар — тәннің қүмары, бүлар болмаса, 
тэн жанға конақ үй бола алмаиды, һәм өзі өспейді, куаттаппаиды.» 
(Сонда,  103  б.).  Міне,  қоғамдық  өмір  мен  еңбек  әсерімен
калыптасқан адамныңсезім мүшелерін жиынтықтап «тэн қүмары» 
деп түйген. Сырт көзге тым қарапайым, жабайылау көрінетін ұғым 
арқылы Абай қарапайым мен күрделіні өте үтьімды пайдаланып, 
ойлаудың абстрактіліктен нақгылыққа көтерілуіне жол ашады.
«Тэн» адам денесі деп  қабылдасақ,  бүлай еткенде түрпайы 
натурализмнен асып шыға алмай, эрі мүның философиялык мәш 
түсінілмей  калады.  «Тэн» -  жалпы  философиялык ұғым.  Абай 
ойынын  кереметі  -   диалектикалык  материализмнің  дэстүрлі 
философияны  сүріндіретін  идеалдық  пен  материалдыктың эрі 
айырмашылығын, эрі бірл ігін түсіндіретін қағңдасына ұлы Абай бір 
қадам  болса да жақындай түскені  байқалады.  Дана  интеллекті
249

даралыгын танытады. Абайды диалектикалық материализм негізін 
салушылардың бірі деген пікірді қуаттаудан мүлде аулақпыз.
«Құмарлық» философиялықталғамдықүғым. «Жан кұмарына» 
қызмет жасап, еңбек пен танымды нәрлендіретін үнемі қозгалыста 
болатын объективті, субъективті үдеріс. Мэселен, біреуге қара нан 
мен су да -  қорек, мұның «қүмарлығы» талғамды болса да, тұрмыс 
жағдайы, қогам мүмкіндігі қара нанды талшық қыл деп, осыған 
итермелеп мәжбүр етеді. Екіншісі байлығы, мүмкіндігі болған соң 
қазы-қартаны қалайды. Абай айтып отырған «қүмарлық» тек ішіп- 
жеп, аяқ босату ғана емес, бүл -  логикал ық абстракция, жал пылық 
мәніндегі ұғым. «Қүмарлық» «тәнге» де (сезімдікке), «жанға» да 
(логикалыққа)  ортақ,  бұларды  бірімен  бірін  байланыстырып, 
сабақгастырып жалғастыратын дәнекер, себептілік. «Ішсем, жесем, 
үйықтасам»  деген  қүмарлық  «тэнге  қонақ  үй»  болып,  «жиған 
қазынасын» үсынады, табыс етеді. Сонда «қазына» деген алтын,
күмісемес, адамныңөзіндікжасампаздықкүштері. Адамныңбілімі,
ғылымы, өнер дэрежесі, ягни рухани мүмкіндіктері.
Абай  айтып  отырған  баланың  екі  мінезі:  біреуі  -   «тэн 
құмарлығы»  да,  екіншісі  — «жан  құмарлығы».  Абай  ойынын 
қарапайымдылығы, үтымдылығы арқылы дәстүрлі философияның 
өте күрделі-ау дейтін таным мен логика мәселелерін, тігггі логикадан 
хабары жоқ адамға да түсінікті болсын дегендейін, бала мінезімен 
салыстырып талдаған. Бала сүймеген, бала мінезіне қүмарланып 
сүйсінбеген, бақпаған ата-ана бар деуге ешкімнің ауызы бұрылмас. 
Сонда баланың еқінші мінезі не қалайды екен. Таным үдерісі де 
бала мінезі сияқгы үнемі қарапайымнан күрделіге жоғарылап, өрлеп, 
котеріліп отыратын тарихи үдеріс. Абай даналығының тағы бір 
кереметі. Абай ойына қүлақ арталық.
Сонда бүл «...білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, 
жалтыр-жүлтыр еткен болса, оған қызыгып, аузына салып, дэмін 
татып қарап, тамағына, бетіне, басып қарап, сырнай-керней болса, 
дауысына үмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа 
да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тура жүгіріп, «ол немене?» деп,

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал