Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы



жүктеу 1.17 Mb.

бет16/25
Дата09.01.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

2.4.3 «МЕН» МЕНЕН «МЕН1К1» ЖЭНЕ «СЕНІКІ» 
ФИЛОСОФИЯЛЫҚКАТЕГОРИЯЛАРЫ. 
АБАЙЛЫҚ  ТҮСІНІЛУІ
Абай  ф и лософ и ясы н ы ң   тағы   бір  керем еті  дәстүрлі 
философияның объскті мен субъекті ұғымдарымен сабакгастыгы. 
Бірде бір философиялық ағым гносеология мэселелерін маңайламай, 
бұған ой аялдамасын жасамай көңілі көншімейді. Бұл мәселелерден
Абай да 
кенже қалған жоқ, өз заманына үн қосты.
Абайлық: «Меи» менен «Менікі», «Сенікі» үғымдары эрғилы 
талас пікірлер тудырып, әр аггырапқа жүгірінді болып, әлі де болса 
таным өңіріне түракгап, орын теппей жүрген сыңайы бар сияқты. 
Абай  талдауында  «Мен»  менен  «Менікі»  -   диалектикалық 
сипаттағы, 
түгасты ққа мегзейтін философиялық кдғидалы ұғымдар- 
Себебі,  адамның  болмысқа  деген  сан  алуан  қатынастарын 
бейнелейтін жиынтық түсініктер. Мэселен, «Мені»: «ақыл» мен 
«жан», «жан куаты», «тән қуаты», «таклңди иман» мен «якини иман», 
«кәсіби» мен <окибили», «таразы» мен «қазы», «мизан», «жаратушы» 
мен «тәңірі»т.б. ұғымдарды қамтиды. Осы келтірілген жэне баскд
іар Жүйесі -  «Менің» -  субъекті дэрежесінде адамның
өзіндік жасампаздық күштерін бейнелейді.
Субъекті мэнін алсақ: бұл дегеніңіз -  адам өзінің қоғамдық,
саяси-элеуметгік  істерінің  ұйтқысы,  ұйымдастырушысы,  эрі 
орындауш ысы.  М ы салы ,  осы  дәреж еде  біздің   қазіргі 
Республикамыз, өзініңтәуелсіздігін алғаннан бері, БҮ¥-ныңтолық
қанды  мүшесі,  әрі  Халықаралық  қүқықтың субъектісі.  БҮҮ-ға 
мүше болу деген, басқа мемлекеттермен бірге біздщ де үлтгық 
мемлекетіміз  халықаралық  қауіпсіздікті  сақтауға,  қорғауға  өз 
кепілдігін береді. Қазақстан Республикасы халықаралық көлемде 
өзінің объекті және субъекті дәрежесінде түбегейлі өзгерістерге 
кездесіп отыр.  Субъект -  бұл адамдардың тарихи  қалыгггасқан 
санғилы  қауымдастығы түрлері.  Субъект -  түтастық түрғыдан, 
яғни  қоғам,  халықтар,  адамдардың ұйымдасқан  жеке топтары,
I
227

таптары т.т.  деген түсінікті  береді.  «Менікі» -  объект ұғымына 
бара-бар. Объект ұғымының мэні -ад ам д ар  тіршілігіне қажетті
материалдық ипліктерді өндіру оарысында қалыптасқан өндірістік 
қатынастардың шеңберіне киліккен шексіз дүниенің- бір қыры, 
көрінісі, сэті, кезеңі т.т. с.с. Сонда, танымның объектісі дегенде 
материалдық өңдіріс қажетінен туып, қал ыптасқан қоғам тарихының 
белгілі бір кезеңінде қалыптасқан: зат(электрон/қалам иесі /) немесе 
саяси-элеуметтік  (азаматтық  қоғам  /қалам  иесі/),  таза  ғылыми, 
өңдірістік тұрғыдан өзіне танымның (қоғамның) назарын аударады.
«Мен»  менен  «Менікі» үғымдары  көбіне  өлең сөздерінде, 
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» 105( 178), «Көк түман -  алдындағы 
келерзаман» 130(212-213) атты шығармаларында кездестіреміз. 
Ал философиялык сөздерінде «Мен» менен «Менікі» ұғымдарын 
пайдаланбаған сиякгы. Шындығында осылай ма? Бірақта бүларға 
бара-бар  ұғымдарды  көптеп  кездестіреміз.  Философиялык 
сөздерінен талдауға киліккен ұғымдардың қай-қайсысы болмасын, 
біздің түсінігімізше,  «Мен»  ұғымына  бара-бар.  Алда  Абайдыц 
философиялык  сөздері  бойынша  таным  теориясы  мәселелерін 
тексеру барысында тағы да бұлармен талай кездесеміз.
«Менікі» -  мұны объектілік тұрғыдан қарағанда тек «әнмен» 
шектесек  тұрпайы  натурализмге  тап  боламыз  ғой.  «Менікі»  -  
философиялык үгым. Он екінші, Он үшінші, Он төртінші сөздерінде 
айтылатын «иман» ұғымына бара-бар. «Иман» деген жан-жақты 
дәлел келгіріп барып, танып, біліп, ойша меңгерілетін шексіз дүниенің 
нәрсесі, заты, құбылысы.
Арам гапыл  дүниені дер менікі,
Менікі  деп  жүргенніц  бәрі  онікі,  -
  деп,  Абай  «Менікі» 
ұгымына мазмұн жағынан философиялык жалпылық мән береді. 
Менікі  ұғымы  -   «дүние»,  «нэрсеге»  бара-бар  үғым.  Дүние  -  
материалдық,  нэрсе,  зат  болатын  болса,  «тэн»  осының  бір 
қүрылымы. Сонда «Менікі»—объект ретінде қабылдайтын болсақ, 
онда бүл дегеніңіз өндіріс қажеті арқылы таным өңіріне киліккен 
нәрсе,  зат  сапасында  қабылданып,  зерттеледі,  тексеріледі,
228

меңгеріледі деген сөз. Диалектика қалауында философиялық ұғым 
ойлаудың логикалық түрі, ой ұясы  іспеттес, әрі адам танымның 
ұнемі үзіліссіз В.И. Ленин айтқандай, баспалдақпен толық емес 
білімнен мейлінше толық білімге үнемі, үзіліссіз жоғарылап отыратын 
тарихи үдеріс. Абайда да,  осындай ойдың үлгілерінің талайын 
кездестіреміз:  «білмеуден»  «білсемге»  танымның  мақсатты 
ұмтылысы, осының дэлелі. Қалай дейсіз? Бізше, таңғажайып жағдай 
емес  пе?!  «Ағартушы»  Абайда  қаншама  философиялық  ой 
копаргышы барын, мүмкін білсекте, білмеген болып, көзжүмып 
жүре бердікте? Әлі де болса, Абайдай үлы ақын «философиялық 
трактаттар»  жазбапты  деп,  жоқ  нәрсені  іздеп  несіне  арам  тер 
боламыз. Бүлай етсек, Абай философиясына жетелік ететін жолды 
өз 
қолымызбен бітеп тастадық па? -  деген де ой  келеді.  Ұядан 
ұшып шыққандай іспеттес санғилы, көп мэнді Абай ойлары көптен 
көп екенін айтып, тексеріп, талдап, негіздеп жэне де осылай деп, 
бастан насихаттап, үгітгеп келеміз. Сондықтан да, «Мен» менен 
«Менікі» ұғымдары болмыс әсерімен, мұның сұранысына жэне де 
жағдайлар қиылыстарына орай қалыптасқан жалпылық мэніндегі
логикал ық ұғымдар.
«Мен» менен «Менікі» ұғымдары, Абай түсінігіне сүйенсек,
дүниежүзілік философияның көнс грсктер заманынан оері талас
күрес тұғырынан  түспей  келе  жатқан:  «адам» жэне  «болмыс», 
«адам  жэне  қоғам», «сана жэне болмыс»,  «ойлау мен болмыс», 
«адам мен гарыш», «адам мен табиғат» т.с.с. адамдық мәселелерді 
талдаудың, ұғындыруцыңтабиғи жалғасы. Абайдың өз куәліпне
сүйенсек:
Тіршіліктің несі сэн,
Тереңіне бет қоймаса?-
 деуінің табиғат сиқырлығына орай 
адамның жасампаздық күштері қалыптасуының сыры да осында 
болар.  Абайдың  бүкіл  шығармашылығына,  атақты  үшкілдің 
«ғылымға» жүгінгеніндей, бағдарламалық бағыт ұсынатын «мен» 
менен «менікі» сиякты, күрделі-ау деп саналатын философиялық 
тағдырлы қағидасы да эр саққа жүгіріңді болды. Қазақ ғылымының
229

көрнекті өкілдерінің бірі Құдайберген Жұбанов Абайды «идеал измге 
бой  үрдың»  деген  негізсіз,  нақақ  пікірден  арашалады.  Абай 
талдауының, түсінігінің танымдық жэне логикалық байлықтары 
ұмыт болып, ескерілмеді. Абайдың атақты «Мен» менен «Менікі» 
қағидасы, философиялық сөздеріндегі—«иман», «білмек» «ниеттеніп 
білмек» туралы түлга бітімді қағидаларымен сабактасып жатқаны 
да  ойға  кірмеді.  Бұл  туралы  «ғылым  жэне  дін»  тақырыбын 
талдағанда  пікірімізді  ұсынған  едік.  Логикалық  ұғымдардың 
эрбіріне диалектика көзімен қарасақ, әрі бүларды таным мен логика 
құралдары деп қабылдаған жағдайда адамды табиғат пен қогамның 
сан алуан құбылыстарымен, оқиғаларымен байланыстырып, көп 
мэнді қоғамдық қатынастарды өмірге келтіріп, қалыптастырады. 
Тек осы жағдайда ғана адам дүниені рухани да, заттай да меңгеруге 
жағдайлар жасайды, дұрысы адам қоғамы қалыптасып дамиды.
«Мен»менен «Менікінің»болмысқадеген қатынастары: шекті 
де, шексіз, санғилы, көп мәнді, алуантүрлі. Дәстүрлі философияда 
осылардың бэрін объекті мен субъектілік қатынастары қамтып, 
байланыстырады. Осы сапасында қаралып, зерттелуі, бағалануы 
қажет. Абай философиясында сырт Караганда қара дүрсін, Абай 
айтқандай -  «Ойсыз  құлақ ала  амас  ондай  сиды» деп  эн-күйге 
ынтасызды  айтса,  дэл  осының  кейпі,  философиялык  тәрбиесі 
шамалы  адамды  да  «Мен»  менен  «Менікі» туралы:  «Е,  кімдікі 
болмайды  дейсің,  иесіз де  қалар» деп  «адамның  надан  әуресі» 
қүнтсыз, ой тоқтатпай жүре беруі де мүмкін. «Менікі» -  ойсыздың 
қалтасындагы  тиын-тебені  сияқты  көрініп,  көз  үйіріміндегіге 
малтығып шыга алмай, келте пішіп, шолақ ойлайтындар да болады. 
Абайдың-«табигат» өледі «адам» өлмес деген атақты қагидасы 
күрамына кіретін келесі бір ескерусіз, бағусыз калган, күтімі шамалы 
-«Сенікі» үгымы. Қүндылыққадегенадам көзқарасы көзге көрініп 
түрган арзан-қымбат нәрсе туралы түсінік емес, бүл логикалық 
абстракция. Абай айтқандай:
Дуниеде нені сүйесің,
Өмір қайда, дос қайда?
 -  деп, жалпы философиялык мәселені
230

тұжырымдап:  «нені сүйесің?»,  немесе «болады  не сенікі?» деп, 
тағдырлы сұрактарды қоя отырып танымдықта, логикалықта мэні 
зор, өте ауқымды философиялық мәселеге мезгеп отыр емес пе?! 
Абай философиясыныңадамды жолдан адастырып, шатастыратын 
таңғажайып  сиқырлы  сыры  мол  ғой.  Абайдың  философиялық 
сөздерініңэрбіріндеөзі айтып,түсіндіретін мынажайларды ескертіп, 
жанашырлықпен тапсырғандай. Абайдың атақты Үшкілі: Ақыл, 
Крйраг, Жүрек—дәстүрлі философияның—Онтология, Г носеология 
жэне  Логика  қағидаларымен  салыстырып,  оймен  сараптап 
байқаганда көзге түсетіні: бұлардың бір-бірімен сабақтастығы, 
байланысы. Абайдыңмына төмендегі келтіріп отырған.
Баци  цоймас  фәнидің  мінін  көрмей,
  -  деген  өлең  жолында 
қаншама философиялық ойлар: «Мені тапшы» деп, бой тасалап 
тұргандай сезінесің. Қарапайым сана «бахи», «фэни» деген сөздерге 
танымдық  та,  логикалық  та  мэн  бермей:  «Е,  мен  де  фәниге 
барармын» деп немқүрайды қарап жүре берер. Бірақ ойы үйқыда. 
Ойланайықшы, жүзінші, мыңыншы рет қайталасақ та, сөз арасында, 
тасасында қысылып, байқаусыз қалған жайлар Абайдың: «терең 
ойдың  телміріп  соңынан  ермей»  дегені:  «ер  соңымнан»  деп 
түрғандай сезінесің. «Менікі»-өткінші: <сгэн», «мал», «дәулет» дегені 
ғой.  «Мені»  болса,  оймен  де,  іспен  де  үнемі  «эр  білмегеннен» 
«білсемге»  «құмарланып»,  «ниеттеніп  білмекке»  бағытталған
тарихи ұмтылыс.
Абайды н ой сарабынан өтіп, қазақ болмысына етене жақын
ойлы көзімен қарасақ, әлемдік философия кэдесіне жарайтын. «мені» 
жэне  «сенікі»  туралы  ойлары  күрделілікке,  диалектикалық 
нақтылыққа  бағыттайды.  Саяз  жүзер  сайқалдар  ғапыл  қалар» 
эулетінен бойды аулакұстауға шақырады емес пе?! Абайдыңмына 
өлең  шумақтары:  «Мені»  менен  «менікі»  философиясымен
таныстырады.
Ацыл мвн жан — мвн  өзім

тпән — мвнікі,
«Мені» мен  «мвнікініц» мозынсісы вкі.
«Мен»  өлмекке  тагдыр жоқ эуел бастан
,
«Менікі»  өлсв  әлсін,  оган  бекі....
231

...Арам гапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі оныкі. 
Ң
Тән қалып, мал цалып,  жан  кеткенде,
Сонда ойла,  болады  не  сенікі?
Абайдың өлең жолдарында көзден таса түрган философиялық 
танымын  ой  сарабына  салайықшы,  сонда  Абайдың  тағы  бір 
кереметіне тап боламыз. «Мені» менен «Менікі» логикасы элемдік 
философия талғамы тұгырынан: сана мен болмыс, объект жэне 
субъект деңгейіне сабақтастығын, ұқсастыгын танытатынын неге 
кормеске? Неге айтпасқа?!  Муны  неге байқамасқа? Абай ойлау 
мәдениеті элемдік философия деңгейіне құлаш сермейді ғой. Біздің 
ойымызша, сэл ғана демей, ойланып барып, ойшыл философ ақынның 
өлеңжәне философиялық создері логикасы, Абайдың «Мені» менен 
«Менікі» қағидасы «СенІкі» логикасына келуі -заңды. Адамға деген 
Абайдың  құндылық  көзқарасына  тікелей  байланысы  барын 
аңғаруымыз  ғылыми  қажеттілік.  Абай  өзі  айтып,  жан-жақты 
негіздейтін:  «Ойлан?» деген қағидасы осы сэтте: танымдық та, 
логикалықта қызмет атқарып тұрган жоқ па?! Бұған селқос қарап, 
мэн бермесек, онда Абай философиясы жүйесін ұғуга ұмтылыс 
жасамай, бар болғаны көз бояушылыққа салынамыз да.
«Сенікі»  жан-жақтылық,  тұтастық  сипаттағы  логикалық 
абстракция  деп  қабылдасақ,  сонда  ғана  «мені»  менен  «менікі» 
іспеттес категория мәніндегі ұгым екеніне козіміз жетеді. «Мені» 
мен «менікінің» мағынасы -екі», эр түрлі, ягни субъектісі субъект 
де, обьекгісі объект. Сонда, «мен» өлмейді де, ал «менікі өлсе бұган 
беку керек». Неге? Қалай? Не себепті? Сұрақтар иін тіресіп, бір- 
бірін итермелеп, жауап күтіп алға ұмтылады. Сонда жауап беруге 
неге ынталанбасқа, талаптанбасқа.
Сырт қарағанда мүлдем  қарапайым  көрінетін қазақ сөздері 
дәстүрлі философия қагидалары -  объекті мен субъекті тілін қазақша 
сөйлетіп, үгындырып түр ғой. Мүнда терең диалектикалық сыр бар 
деудің де мәнісі осыган тікелей байланысты болар. Себебін ашу 
мақсатында жогарыда айтқанымызға оралайық: «Мені» өлмейтіні
232

-  адам 
дар ұрапактары бірі бірімен жалғасып, сабақтасып жатыр. 
Үрпактан-ұрпаққа көшетін материалдық жэне рухани байлықтар 
өлмейді деп тура айтпса да, осы ой Абайдың«мені» менен «менікі» 
диалектикасында анық байқалады. «Өлсін»—бұл үздіксіз, үзіліссіз 
өзгеріс пен даму үдерісінен түсінік береді. Себебі: «арам ғапыл» 
қанша жармасып, арпалысып, алам десеңде, қимасаңда, қарапайым 
бұқара халық түсінігінде орныққан мындаған жылдар бойы тіршілік 
қамымен, тарих қақпайымен қалыптасқан: «Бүгін бар, ертеңжоқ»
деген пікір жалпылық деңгейіне көтерілген.
Дүние жэне адам, уақыт жэне заман, «мазлүм» (зүлымдық / 
қалам иесі/) мен «мархамат» (жақсылық /қалам иесі/) туралы ой 
толғайтын  Абайдың  «Көк  тұман  — алдындағы  келер  заман» 
шығармасының философиялык түйіні  «Сонда ойла,  болады  не 
сенікі». «Өлсем, орным -  кара жер»... деп те, айтпай ма?!  Абай. 
Ойымызды дэлелді негіздеу үшін тікелей Абай логикасына жүлнейік.
«Мені» мен  «менікініц»  айрылганын
«Өлді» den am қойыпты өңкей білмес,  - 
...Өлді деуге  сыя ма,  ойлацдаршы,
Өлмейтұгын  артында  сөз  цалдырган?  — деп,  Абай  келте 
пішіп, сыңаржакты ойлайтын философия тілінде, метафизиктерді 
сынайды. Бұл жағдайда аты-жөні әлемдік философияға белгісіз 
болса да, бірақ Абайға айдан айқын қазактың «бүлдіргіш экімдерін», 
«қарыны тоқ қас надандардын» білімсіз, ойсыз санасын сынаған. 
«Өлмейтін не?» деп, философиялықталғамды сұраққою заңды гой. 
Сонда «өлмейтұғын» «сөз» екен. «Сөз»—неге өлмейді? «Тіс жарып 
шыққан сөз алпыс руга тарайды» деп, дана халық тегін айтпаған 
ғой.  Сөзге философиялык мэн беру, халықтың ұғымында сөзге 
төркін  беру деген.  Ер  жігітгің де,  сондай-ақ  қыздың да төркін 
жұрттары көп қой. Сөздің философиялык төркіні. сөз затталған
дүние; сөз таным мен логика; сөз ойшылдық пен даналықгың нэр 
алатын көзі; сөз адамзатгың өркениетгілігі; сөз адам интеллекті
жасампаздыгы.
233

Шексіз дүние заттары, құбылыстары философия тілінде сөз 
өрнегі арқылы бейнеленіп, логикалық абстракция (категориялар / 
қалам иесі/) деңгейінде қабылданады. Логика -  ойлау заңдылығы, 
мәдениеті. Ал, сөз болса ойлаудың түрі, өлмес, мұкалмас құралы. 
Сөзге төркін беру дегенді философиял ық тұрғыдан қарайтын болсақ, 
ақиқатты танып, білу, эрі мұны сөзсіз мойындау.
Әсіре цызыл емес деп,  жиренбеңіз,
Түбі  терең  сөз  артъщ,  бір  байқарсыз,  -  демей  ме  Абай?! 
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» (Шифры:  159(93-94)) деген 
А байдың 
әдеби -көркем , 
ф и лософ и ялы қ 
ш ығармасы 
философиялыққа түнып түрған жоқ па? Оқып, тоқып, ойланып барып 
ой түйсек «Интеллект» -  «Көкірегі сезімді, тіл і орамды» жан болып, 
Абайлық талдауда, түсінілуде қазақша сөйлеп түрған жоқ па?! Абай 
логикасына жүгінсек: иә, «коңілінің козі ашық» деп ойшыл, дарынды, 
«талапты» жастарды дәріптеп тұр ғой. «Схоластиканы» -  «тасыр 
ұқпас»  деп,  «Метафизиканы»  -   «қисық-қыңыр»  деп  қазақша 
үғындырады. Дәстүрлі элемдік философияның, өркениет тірегі -  
таным мен логикасын:
«Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей», - деп бір-екі сөздің 
ауқымына философиялықжалпылықты сиғызып түр ғой. Қазақтың 
айтатыны бар емес пе: «Таяқ еттен өтеді, соз сүйктен өтеді» деп, 
себебі, соз -  октан да бетер қауіпті. Ғыл ымға арналған өлең созінің 
ш умақтарын  ж ады м ы зда  ж аңғы ртайы кш ы .  С өздің  неге 
«өлмейтіндігі» Абай түсінігіңде:
Надандарга  бой  берме,
Шын  сөзбенен  өлсеңіз...
...Мүны жазган  кісінің 
Атын білме,  сөзін біл.
Осы жалган  дүниеден 
Шешен де  өткен  не  бүлбүл,
Көсем де  өткен не дүлдүл,
Сөз мәнісін білсеңіз,
234

Ақыл-мизан,  өлшеу қыл,
Егир қисъщ көрінсе
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап,  құлаққа  іл.
Сонда, сөздің өлмейтін себебі:  ол  «ішкі дүниені», «сыртқы 
дүниені» де, дәстүрлі философия тілінде, яғни материалдық та, 
рухани да дүниені өзгертетін «Рахман», «Разақ», «Қүдірет» күші. 
Жоғарыда келтіріп отырған «бой берме», «сөзін біл», «бүлбұл», 
«дүлділ»,  «ақыл-мизан»,  «құлаққа  іл»,  «жалған  дүние»  т.б. 
түсініктері таным  қүрылы  мен заңдылығын үғуға, танып білуге
көмектесетіні сөзсіз.
2.4.4 БІЛМЕК  ЗАҢДЫЛЫҒЫ
■г
Абайлық  таным  теориясы  деп,  бұның  қозғалысы,  дамуы 
заңдылықтарын ашып түсіндіретін, біздін сөз етіп отырған Абайдың
философиялык тұлғалы қағидалары. Бүлардың Абайлықталдануы,
түсінілуі  ерекшеліктері  бар  десек  асыра  сілтеу  болмас.  Абай 
философиялык  сөздерінің  қырық  бесінің  бірде  бірінде  таным 
(гносеология /қалам иесі/), логика (ойлау) деген үғымдық сөздерді 
(категорияларды   /қалам   иесі/)  тікелей   қолданысында 
кездестірмейміз. КПСС идеологиясы дэстүрінде таптық, партиялық 
калыпқа салынып, тэрбиеленген социалистік, коммунистік сана Абай 
шығармаларынан, мәселен: (таным), логика (ойлау) атгы қып-қызыл 
философиялык сөздерді  кездестірмесе, сонда тек осыган қарап 
Абайды философ деп танып, бІлуден, қабылдаудан бас тартамыз 
ба?  Таным  теориясы  деген  дәстүрлі  философияның  қүнарлы 
саласының Абай философиясы жүйесіне қатысы бар ма? Осылай 
деп мэселені тікелей қоюға Абай шығармашлығында философиялык 
негізі қандай? Талас пікіріміздің басын ашып алайық. Сонда, алға 
қойган  мақсатымыз  айқындала  түсіп,  тың  пікірімізді  Абай
235

шығармаларына  сүиене  отырып  дәлвлді  негізеуге  мүмкіндік 
аламыз. Абай өзі айтпай ма:
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы  келсеңіз. 
\ J
Көп көзіне көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз, - деп, философиялық пікірталасына қатыс 
деп тұр ғой Абай?!  Яғни, Абайдың талдап, айтып отырғаны дін 
мәселелері емес, тікелей гылымга қатысты ойлар екенін: «Шын 
сөзбенен  өлсеңіз» деп  қатты  ескертіп  отыр  емес  пе?  Абайдың 
Абайлық  таным  теориясын  талдау  барысында  калыптасқан 
ерекшеліктерімен  тікелей  ойшыл  шығармаларына  сүйеніп, 
жақынырақ, толыгырақ танысайық.  Абай өз  атынан сөйлеп,  өз 
заманы берген тэрбиес і нен алғанын, тоқыганын, өзі көргенін, білгенін, 
оқығанын, түсінгенін ой сарабынан өткізіп барып түжыры.мдаган. 
Осыдан тікелей туындаған  ойларын Абай халқына,  оқырманга 
ұсынады.  Ойлау,  ой  саптау  ашығына  киліккен  мэселелердің 
тақырыптарына шолу жасағанда ең өзекті-ау дейтін екі бағытта 
біздің ойымызша, өріс алып, дамитынын аңғаруға болады, мәселен: 
-біріншіден, қазақхалқыныңтіршілігі, іс эрекеттері, осыдан 
туындап, қалыптасқан ұлттық сана, ақыл мен парасат дүниесі — 
АбайҮшкілі;
-  екіншіден, әлем халықгарына деген қазақ халқының ықыласы, 
бүларға  деген  бірлестік,  ынтымақтастық  ақ  ниеті,  гуманистік 
көзқарасы.  Мүхтар  Әуезов  айтқандай,  Абай  шығармашылык 
іскерлігін  «ойдым-ойдым»  тақырыптарға  бөлмей,  түлғалы, 
тағдырлысын  сөз  ету  Абай  ойлау  деңгейіне,  мэдениетіне 
«үнасымды», «жарасымды». Абай таным теориясы ерекшеліктері 
дегенде, мұның мәнін ашып, ұғуға ынталандырып жол нүскайтын. 
ақыл қосатын жагдайлармен танысайық:
-  біріншіден, осы орайда: Абайда «өзіндік учениесі жоқ» деп 
сырт айналмай. Жоқ олай емес, Абайдың Абайлық «өзіндік таным 
учениесі бар» деп, мүның тағдырлысы, айшықтысы -  үшкіл, бүдан
236

туындайтын таным теориясы. Осы  мәселені «мейлінше» толық 
«ниеттеніп білмекке» саналы талпыныс жасау тарихи да, ғылыми
да қажетгілік;
-   екіншіден,  Абайлық  түсінудегі,  талданудағы  таным 
теориясына  қатысты-ау  деген  түсініктік  үғымдар,  элемдік 
философияда өріс тепкен дэстүрлі қағидаларымен сабақтастығы, 
байланысы барлығын дәлелді негіздеу қажет. Бүйткен жағдайда 
Абай философиялық көзқарасын  не  идеализмге жақын,  немесе 
рационализмге бейім, болмаса исламизмді жактайды, тіпті, ислам 
діні насхатшысы, үгітшісі қылып, қиянат жасау тарих шындығана 
сиымсыз.  Ғылым  тұрғысынан  айтқанда,  бүндай  мекіренуден, 
ауытқулардан іргемізді аулақ үстайық. Сүйпп, шынайы (обьективті) 
ақиқатгы  сырт айналып  кетпейік.  Осының дұрыс,  бүрысын да 
анықтау  бүгінгі  қазақ  ғылымына  өте  қажет,  Мұхтар  Әуезов
айтқандай -  «үлкен шарт».
Абайдың эр  сөзі  өзі  айтқандай:  «Неге  алтынды  десін жез» 
дегендей, ұлттық мәдениетіміздің алтын қоры деп санасақ, ұлтгық 
сауаттылығымызды, халықтық мэртебемізді көтере де, қорғай да
білгеніміз емес пе?!
-  Үшіншіден, дүниежүзілік философияның элем халыктарына
танымал — материализм мен диалектика сияқты ғылымға ынталы,
«қүмар» прогресшіл бағыттары Абай философиясында да Абай
даралығы болып көрінеді. ¥лы ойшылдың өз шығармаларын тікелей
талдау үстінде байқалатыны: ол—философиялық мэселелердің ең
түлғалысының бірі таным теориясы. Әрі терендете «иман» келтіріп
жалғастырсақ, Абайдың өзіндік философиял ық қағидалары әлемдік
философияның прогресшіл үлгілеріне жақындығын, сабақгастығын
мойындатады.  Бүлай  етпесек,  онда  Абай  философиясының
Абайлық сипатын танымаған, ұқпаған боламыз ғой.
- Төртіншіден, қазақ халқының қазіргі жағдайында ұлттық,
мемлекеттік тәуелсіздігі үш мәселеге:  1) Шаруашылық. 2) Ұлтгық 
саясат. 3)¥лттық сана, ұлттық идеология.Міне, осыларга тікелей 
сүйенеді, тығыз байланысты.  Алдыңғы  екі  мэселемен өкіметгі
237

үстап  отырғандар  айналысып  жатқанга  ұқсайды.  «Олқылық» 
үшінші  мәселе  төңірегінде  болып  отыр.  Себебі:  сөз,  көбінесе, 
шаруашылықты  тиімді,  үтымды  пайдалану  төңірегінде  болып 
отырған  жоқ,  керісінше,  өкіметті  ұстаушы  мен  заң  шығарушы 
саясатшылар арасында өкіметті бөлісу үшін талас-тартыс күн санап 
өрістей түсуде. Үлттық сана, үлттық идеология мэселелері үнемі 
өкімет қоржынына симай қалагын сияқты. Гуманизм, өркениет агын 
жамылып,  әркімнің  жетегінде  жүріп  келеміз.  Конституция, 
демоіфатия, реформа қағидалары желікпе сөзге айналып, татымсыз 
болып, абройга ие бола алмай жүр.
Конституция -  бүл бұхара халық санасы  емес, мемлекеттік 
саяси идеология. Өкімет билігіне таласқан топтардың бір-бірінен 
қулығын асырудың айла-амалдары. Міне, осы жағдайда үлттық 
даналарымыз—Абай мен Мүхтар Әуезовтің рухани мүрасы үлттық 
санамыздың тарихы да, философиясы мен логикасы да. Қорытып 
айтқанда, қазіргі саясатшылардың ойлау мэдениеті үлтгық сипатын
-   қазашқа  сауаттылығын  тэрбиелеу  қажеттілігі.  Жоқтан  бар 
жасауға эккіленіп, маманданып алдық. Ал, барды «мейлінше» толық 
меңгеруге,  танып  білуге  Абай  ойымен  түйсек,  талаптанып,
«күмарланбадық», «ниеттеніп білуге» тарихи үмтылыс жасамадық. 
Тағы, тағы да ескертіп айтсақ, ойшыл даналығы сыры қарапайым 
«құмарлық»  деген  қазақ  сөзі  үғымдық  қызмет  атқарып,  Абай 
әлемдік фил ософияның сиқырл ығы сырын қазаққа өз тіліңде жеткізіп 
отыр. Сондағы бары «қыр ақыны»—Абай философиясы. Мүны да 
әр тарапқа жүгірінді ететін, көпшіл ікке элі де болса, мүмкін түсініксіз, 
мүмкін белгісіз мәселесін—Ү шкілді «ниетгеніп білуге» бет қойып, 
үмтылыс  жасамақпыз.  Бұл  орайда  ізденістің,  талдаудың  жаңа 
тақырыбы  -   Абайдың  таным  теориясы,  бұның  қалыптасуы, 
қозғалысы  жэне  дамуына  қатысты-ау дейтін түлғалы  мэселе -  
үшкіл  мен  ғылым  түтастығы  көзімен  қаралатын  Абайдың 
философиялық ойлары. Диалектиканы жадағай (стихиалды) түрде 
таным  жэне  логика теориясы,  әрі  гылыми  әдістеме  сапасында 
қолдану  Абай  «білмек»  теориясын  зерттеудің  қүралы  ретінде

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал