Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы



жүктеу 1.17 Mb.
Pdf просмотр
бет15/25
Дата09.01.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

214

танысты деуге философ ақынның шығармаларынан, біздің келтіріп 
отырған деректер толыгынан дэлелді негіз боларлық. Бірақ, Абай 
өзінің философиялык сөздеріндене идеализмді, не материализмді 
жақтаймын,  қолдаймын деген  пікірді ұстанбайды. Тірш ш ктеп 
(болмыста) бардан тікелей атгану Абай көзқарасы ерекшеліп. Тіггп 
таза діни ұғымдардың өзі (алда бұл туралы арнайы сөз болады)
нәрсе(философиялық  түсінікте  зат,  құбылыс  /қалам  иесі/) 
логикасымен жүріп, құбылып, өзгеріп отырады. Осы ойымызды 
жеткізіп, дәлелді негіздеуге мақсатгы бағыт алғанымызды айтып, 
әрі жалғастырмақпыз. Абай философиясы, белгілі бір Абайлықжүйе 
«Үшкіл» арқылы кдлыптасып, дамиды. Үшкіл-жүие дегенге бара- 
бар.  Ал,  жүйе  болса  заңдылықпен  байланысып,  сабақтасып, 
қабысып жатыр. Заңцылық болса, философ ақынның, ғалымның 
көзқарасы диалектикал ық тұтастығы. Белгілі бір танымдық жэне 
логикалық бағыттылыққа  сүйеніп,  осыдан туындап,  өріс  алып 
дамитын Абай философиясы жүйесі. Мүны аңғармасақ, тексеріп, 
талдап, түсініп ұғуға түбегейлі бетбұрыс жасамасақ, онда Абай 
философиясы  жүйесін  мойындап,  қабылдамағанымыз  ғой.
Үйреншікті  «Абай  философ  емес»,  «мұнда  система  жоқ» деп, 
дағдылы  сара  ж олмен  алаң сы з  ж үре  берем із  де.  Абай 
шығармаларын  қалай болса солай тістелеп, жұлмалап,  Мұхтар 
Әуезов айтқандай, «ойдым-ойдым» тақырыптарға айналдырмаи, 
бұларга диалектикалық тұтасты қ көзімен қарап, философиялык 
жүйе сипатын анықтап, тексеріп, талдауымыз қажет. Осы торагггы
ойым ызды қадағалап, бетке ұстап ке леміз.
Абай философиясы жүйесін ұғудан гөрі, мэселен, «Өлсе өлер
табиғат, адам өлмес» 105(178), немесе:  13(109-119), 14(110-111), 
15(111-112), эсіресе, аты шулы 38(136-155) (еңбектерінің шифрларын 
көрсетіп отырмыз) сөздерінен не идеализмді жақтады, немесе дінді 
жақтады  деген  пікірлерді  іздестіріп  эуре  боламыз.  Бұған  қоса 
идеализм ге үрындың, дуализм мен рационализм не н де құр алақан 
емессің деп те жазғырамыз. Абай еңбектерін мұқият оқып, эр сөзінің
философиялык  астарлылығын,  мазмұндылығын,  логикалық
215

мәңділігін ескерген жағдайда ғана Абай даналығының сыры ашыла, 
айқындала түсіп, айрықша дараланып байқалады. Мұнымен қатар 
ұлы Мұхтар Әуезовтің (бастан бұл турасында ескертіп келеміз) 
Абай элемініңжаңа мәселелеріне, бұның ішінде Абай философиясы
жүйесіне, тікелей қатысты-ау дейті н ғылыми-теориялық, әдістемелік 
ойларын,  қағидаларын  бетке ұстасақ,  сонда  ғана,  Абайдың тек 
ақындығы ғана емес, ойшыл философтық қасиетгері де ерекшеленіп, 
даралана көзге түседі.
Абай  философиясы  тікелей  Абайлық  сипатын  танытатын, 
осыған ғанатэн танымы мен логикасы қалыптасуы заңдылыгын 
ашатын екі жағдайды бөліп алып, ескерту қажет. Біріншісі, Абай 
философиясыныңхалықгықжәнеұлттықтамырлары. Философ-ақын 
қазақша ойлап, еңбектерін қазақша жазды, элемдік философияны 
ана тілінде сойлетіп, қазақ сөзін философиялық сыннан өткізген алғаш 
оқымысты. 
1
Философиялық мэселелер жөнінде соз қозғағанда Абай, көбіне, 
араб мәдениеті, ислам діні ұғымдарын көмекке алатын сияқты. Бүл, 
диалектиканың тарихтық,  тарихилық жэне  логикалық  эдістері 
козімен қарағанда тарих логикасына жанасты, эрі сәйкес. Ғасырлар 
бойы орыс патшалығы боданы болып, еліміз, жеріміз орыс халқымен 
ата  көрші  болса да,  мұсылман әлеміне,  араб  мәдениетіне етене 
жақындығымызды тарих өзі куэлік етеді.
«Абай философиясы» деген такырыптарды оның кейбір өлең 
сөздерінен жэне біраз  қара сөздерінен теріп-сүзіп  қана  қарауға 
болады»  дейді  М ұхтар  Әуезов 
(20т.,  181
  б.^.Үлы  ғалым- 
ж азуш ы ны ң  осы  айты п  оты рған   сө зд ер і,  әри н е,  «Абай 
философиясын» зертгеуші ғалымның тұжырымы емес, өзі айтатын 
«әдебиеттарихшысы есебінде» Абай шыгармаларының«әдебиеттік
сапасын» тексеру үстіңде айтқан пікірі. Біздіңтүсінігімізде, Абайдың 
өлең де, философия лық та сөздерінен«теріп-сүзіп» қана емес, Абай 
философиясына жүйе сипатын беретін «үшкіл» заңдылығы сырын 
ашуга бет алғанымызды айтып, «иман келтіріп», негіздеп, дэлелдеп 
келеміз. Диалектиканың абстрактіліктен нактылыққа өрлеу эдістері
216

көзімен Абайдың философиялық сөздерін мұқият оқып, талдап, 
тексергенде айрықша байқалатыны -  сөзден сөзге көш ауысып, 
бойын түзеген сайын философиял ық ойдьщ қорланып, байып нэрлене 
түсіп, үздіксіз қарапайымнан күрделіге сатылап жоғарылап, көтеріліп 
отыратын  танымның  қайшылықты  жолы.  Сонда  айқындала, 
даралана түсетіні -  Үшкіл жүйесі. Бұның айшықты дейтін көрінісі

  таным  үдерісі.  Абайдың  философиялық  сөздерін  зерттеу 
барысында екшеліп, жиынтықтала түсетін  қасиеті -  үшкіл мен 
ғылым түтастығы, бүның эрбір жеке қырлары, жекелеп айтсақ: 
танымның ішкі кұрылымы; танымның пайда болуы, бұның қатерлі, 
қайшылыкгы сапары; біл імнің күрделене түсуі -  осылардың бәрісі 
ақиқат пен жалғандық қарама-карсы қоғамдық күштердің күресі
үстінде өтетіні де сөз болады.
Абай өлең жэне философиялық сөздерінің бір ғана көркемдігін, 
әдебиеттігін  елеп,  дэріптеумен  ғана  шектелмелік.  ¥лы   ақын, 
философ, ойшыл Абайдай әлемдік тарихи тұлға даналық бітімі 
тұтасты қ  көзімен  қарағанда,  ж аңа  қыры  философиялық 
сауапылығымызды ашады. Көне қазақ сөзінің философиялық, яғни 
бұның  танымдық  жэне  логикалық  мүмкіндіктерін  жан-жақты 
талдап,  тексеріп,  зерттеп  барып,  элем дік  философияның 
дэстүрлерімен  жалғастырып,  сабақтастырып  байытқан  ойшыл
философ-ақын -  Абай.
Таным цүрылымы.
 Мида «сэуле» болып бейнелене ме? Ойға
қона ма,  қисынды  ма? Естіген қүлаққа ерсі  ме? Әлде жағымды
ма? Бұл жағы естіген құлаққа емес, «көкірегі көзді», «ойлы» жанға
арналады.
Үлы  Абай  қазақ  сөзін  реформалауға  Құдаиберен  Жүоанов 
айткандай, арналған атақты әдеби-көркем, философиялық тағдырлы 
шығармасында, шифры 33(63-64), өзі айтпай ма:
Ескі бишв  отырман  бос моқаядап,
Ескі ацынша мал  үиіін  түрмын зарлап
,
Сөз түзелді

тпыңдаушы

сен дв мүзел,
Сендерге  де  келейіи  енді  аяңдап
,  -  деген  сөздерінде,
217

әсіресе,«түзел» деген түйіндік ойыңца қаншама тың философиялық
пікірлер, жаңа тақырыптар бар десеңізші. 

«Сөз түзелді»,  «Сен де түзел» -  деген  Абайдың адам  ойын 
әбігірлендіретін, қазақ сөзінде, Құдайберген Жүбановтың сөзімен 
айтсақ:  төңкеріс,  иә,  төңкеріе.  Нағыз  жасампаз төңкеріс!  Неге 
десеңіз  — халы қ  и гілігін е  қы зм ет  ететін  шынайы  халық 
революциясы! Неге? Бұл сұрақ—XX гасырдың «каны бүзықтарга» 
арналган  сұрақ.  Неге?  «М эдениетті»  адамзат  иэ,  менімше, 
мыңдаган гасырлар бойы жауап беруге ізденіп келеді. Бірақжауап 
беруге  құдіретті  күштер  элі де дэрменсіз  сияқты.  Себебі,  шын 
мэнісінде  халық  революциясы  — қан  төкпейді,  адамдықты,
парасатталықты  ту  көтеретін  Абайдың атақты  реформаторлық 
қағидасы. 

„у
¥лы   ойшыл Абай сөзінің жұмбақтығы  сыры  «тереңіне  бет 
қоймай»  сыңар  бағып,  таяз  ойлап,  үстірт  шешім  қабылдауга 
дагдыланған бас, әсіресе, «философиялық концепциялыгын», «терең 
пәсапалыгын» жете бағалап ескермеген сияқтымыз. Сондықтан 
Абай сөзі туралы пікір айтып, ой үсынуға аса жауапкершілікпен карау 
қажет. Абай өзі «неге алтынды десін жез» дегендейін. Бүган қоса 
үлы ойшылдың: «түзу сөз», «түзететі н сөз»жөнінде ұсынған атақты, 
мәселен,  «қисынды»,  «жарасымды»,  «ұнасымды»,  «терең»  т.б. 
логика-философиялық жүйе қүратын қагидаларын үнемі есте сақгау 
қажет. Абай сөзінің әдеби-көркем таңгажайыптылығы көлеңкесі 
саясында қалып қоймалық.
Философия, мүның ең қүнарлы, өзекті саласы -  диалектика. 
Әр сөздің Абай  айтқандай,  «хикметін»,  «растыгын»,  «шынын» 
«ынталанып», «ниеттеніп білмекке» «қүмарландыратын» жасампаз 
ілім.  «Түзел»,  «түзелді»  деген  Абайдың  атақты  логикалық 
абстракция  дәрежесіндегі  түлгалы  қагидалары,  түйін  ойлары 
дамудың диалектиклық заңдылығына (зандар мен категориялар 
ж үйесіне  /қалам   иесі/)  ден  қой  деп,  сы ңарж ақты лы қтан 
сақтандырып түрған жоқ па?! Осы айтып отьірған пікірлеріміз, Абай 
әлемі мәселелерін зерттеушілер көзқарасы түргысы нан дұрыс па?
218

Иә бұрыс па? Бұл-дағы диалектиканың тарихтық, тарихилық жэне 
логикалық ғылыми әдістемелерінің орынды, қажетп деп саналатын 
талаптары. Осылай қарап бағалағанда: «түзел» мен «түзелді» деген 
қарама-қарсы  көзқарастардың,  бұлардың  тірегі  әлеуметтік- 
қоғамдық  күштердің,  идеялық  ағымдардың  тұрағы  болуы  өте 
ықтимал. Сонда ғой замандар тартысы, үндері де әр түрлі, әргилы. 
Қорыта келе айтпағымыз, «түзел» мен «түзелді» логикасы Абайдың 
Отыз тоғызыншы сөзіндегі: «ел басы» мен ел «намысқорлары», 
қазіргі конституция тілімен айтсақ, Президент пен заң шыгарушылар 
логикасына келіп тіреледі. Абай логикасы бойынша: «Түзелді ме?» 
деген тағдырлы сұраққа келіп ат басын тірейді. Ел тағдырын, ел 
қамын Конституция, Мәжіліс, Сенат ойлайды, шешеді демейік, 
түптеп, түйіндеп  келгенде,  мемлекетшілдердің қалауынша:  екі 
арнаға  келіп  тіреледі.  Халық  түсінігі  дағдысымен  айтсақ:  заң 
шыгарушылар мен занды  орындаушылар.  Біреуі -  ел билеймін 
дейтіндердің қоқан-лоқысы. Ел намысын қорғаймын дегендердің 
іс-әрекеттері,  дәмелері  т.т.  Бұл  ел  тағдыры,  намысы,  ахуалы 
түрғысынан тағдырлы, өте жаупты, ауқымды мәселе. Бүл -  ақиқат. 
Бүдан аулактап кету—Әкімшілік институттарын: Сенат, Мэжіліс — 
бэрін де жоққа шығарып, тәлкек, келеке ету деген. Бұл -  күрес 
деген. Мэдениетті (өркениетті) парламент деудің сыры да осыған
байланысты болар.
«Сөзді түзеу» -  қазіргі түсінік бойынша, жанүя -  от басынан
бастап, еліміздің Президентіне дейін қазақ сөзі қазақ халқы өмірі 
мен тіршілігінің мыңжылдық тарихы деп қабылданып, үқса екен 
деген жүрек тебіренісі. Себебі, ана тіліміз қазақ халқының өмір сүруі, 
тағдыры тарихы. Долларға <окан» мен «тэнін» сатпаған үлтгық пен 
ұлтжандылық  қасиеттерін  ғасырлыр  қойнауында  сақтаған 
халқымыз. «Ойлы жастарға» арнап айтқан ақын, галым, философ, 
саясаткер, тәрбиеші сөзі ана тіліміздің мәртебесін, мемлекеттік,
адамдық дәрежесін көтереді деген емес пе?!
«Тыңдаушыны түзеу» дейтіні елім іздің барлық қүрылымдарыңца 
—бапа бақшасынан бастап, шаруашылық, өндіріс пен техника, білім
219

мен  ғылым,  мэдениет  ошақтарында,  қоғамдық  жэне  саяси 
ұйымдарда ацамдардың өзара қатынастары құралына айналдыру 
қажеттігі мен қоғамдық сұранысы. Міне, келтіріп отырған көркем 
ұғымның  философиялығын  сөз  етсек,  бұның  танымдық  жэне 
логикалық мүмкіндіктерін пайдалана, қолдана да білу деген сөз. 
Бүгінде жетпісті алқымдап қалған менің құрдастарым түсінер. Ал 
тэуелсіз еліміздің болашағы -  эл гі «қыздар сүйген жиырма бестің» 
бірі түсінер, біреуі түсінбес. Бірақ бэрімізде кешегі кеңес заманы 
мектебін өткен түлектеріміз. КПСС-тің саясатын да, идеологиясын 
да оқыдық, айтқанын бүлжытпай орындадық, айдауында жүрдік. 
Өтірік емес  қой.  Көктен  ешкім де түскен жоқ.  Барлыгы да сол 
кешегілерге  жатады.  ¥лтты қ  сауаттылықтың  қажеттілігі  осы 
жерде.  Ал  мүның  тозбас,  мүқалмас  қүралы  ана  тіліміз.  Сол 
кешегілер бүгінде «реформатор» болып шыға келді. Бүгінде бүлар 
болса: «Ертең-ақжетілдірем! Шыдай түр» деп, үлы Абай айтандай 
«күнде  ертеңмен»  жарылқайды.  Атқа  (таққа)  мінуге  асыққан 
«пысықшалардан» бүгінде аяқ алып жүре алмайсың.  Кешегінің 
зардабынан сабақ алсақ, ақылды кімнен үйренеміз? «Кім  келер 
екен?» Ол: «Не айтар екен?» деп, жол қарап алаң болмайық. Абай 
айтқандай:  «күнімізді  өткізіп»  алмайық.  «Түзелейік»,  әлемдік 
өркениетке  бетбүрыс  жасайық.  Тоқ  соққандай  түла  бойыңды 
шымырлатып, әлекке салатын Абайдың мына төмендегі сөздері: 
Ацыл сөзге  ынтасыз,  жүрт  шабандап,
Көнгенім-ац соган  деп жүр  табандап.
Кісімсінген,  жеп кетер білімсіз көп,
Жіберсем  өкпелеме  көп жамандап.
Амсшдап  қаргайды  талга жалгап,
Әркім жүр алар жердің ебін  қамдап,
Мақтан қуган,  мал  қүмар нені үга алсын,
Шықпаса мыңнан  біреу талгап-талгап.
220

Man  жиып  арамдықпен  үрлап-қарлап,
Кусың десе куанып жүр алшаңдап.
Қақса-соцса бір пайда түсе ме  деп,
Елдің байын  еліртіп «жау мүндалап».
Ынсап,  үят,  ар-намыс,  сабыр,  талап,
Бүларды  керек қылмас ешкім цалап.
Терең ой,  терец гылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап,  - 
дегені бүгінгі қазақ ұлттық санасы мен тіршілік ахуалы төбесінен
жай түскендей. Қазақ қоғамының қазіргі бар сүреңі мен мазасы
жан-жақты бейнеленіп қамтылған. Бүған не қосып, не алып айіуға
болады. Абай өзі айтатын «көкірегі көзді», «саналы жан»ұғарлық
сөз. «Терең ой, терең ғылым» жолына шақырып тұрған жоқ па?!
Сондықтан, ең қажеттісі — осы сөздерді үғып қана емес, бұның
жолы бір басқа да, ең абзалы  іске асыру. Таным сапары ұзақ та,
қайшылыкты азап жолы «көкірегінде оты» бар «ойлы жанды» саяси-
әлеуметтік іс-қимылдарға ынталандырады емес пе? Абай таным
қүрылымы басқадан өзгеше, өзіндік қана ерекшеліктері бар дедік.
Таным — тұтастық мәселе.  Осы орайда ескеретін бір жайт.  ол —
Абай  ойлау  мәдениеті -  даналарға тэн таңғажайыптылықты  іс
жүзінде танытады. Абай талдауындағы қазақ сөзін философиялык
деңгейдегі ұғым сапасында қабылдап, дэрежесіне сай сый-құрмет
көрсетуге элі де болса біреуден жасқанатын сияқтымыз.
«Жаратушы» деген үғымның тарихына, мазмүнына үңілмей,
тек сырт киіміне қарап ой пішіп, діни ұғым деп, қабылдауға дайын 
түрамыз. Осы ұғымға Абай қандай философиялык мэн мен маңыз 
беретінін байқамай, аңғармауға бейім түрамыз. Шыңдығында, Абай 
түсінуінде «жаратушы» ұғымы табиғаттың өздігінен «жаралып, 
жасалып қойған», дамып, өсіп, өніп, өзгеріп отыратын объективті 
дүниенің  өзі  екеніне  көңіл  аударады.  Мэселен,  «иман» үғымы 
Абайлықтаным теориясында ғылыми дэлел келтіретін нэрсе деп
ұғылады.  Таза  діни  үғымдарды  -   «Алланың  сипаттары»  мен
221

«есімдеріне» де танымдық, логикалық мэн береді Абай. Атақты 
Отыз сегізінші сөзінде Алланның мына сипаттарын кездестіреміз: 
«Тіршілік,  гпірі болу — 
ц
Хаят, гылым 
Күш
 — 
Құдірет,
Көру,  көруші — Басар,
Есту,  естуіш — Сәміг,
Тілеу,  цалау -  Ирада,
Сөздер
 — 
Кәлам,
Болдыру
 -  
Тәкин.
(Екінші том, 138 б,)
Алланыңмынаесімдерін: 
..  д
Жарылқаушы -  Рахман,
Мейрімді -  Рахим,
Кешіруші -  Ғафур,
Сүюші -  Уадуд,
Қорғаушы, сақтаушы—Хафиз,
Айыпты жабушы — Сәтгар,
Рызық беруші -  Разақ,
Пайдалы, пайда беруші- Нафиғ 
Өкіл -  Уәкил
Жақсы, кішіпейіл -  Латиф».
(Сонда, 141 б.).
Ж ақы ндап,  қо ян -қ о л ты қ  д и д ар л асқ ан д а  бұларды ң 
философиялық сипатына, мәніне көзің жетеді. Сырт қараганда таза
діни ұағызда паидаланатын ұғымдар деп, ал шындығында дүние 
мен адам болмысы санғилы байланысарын бейнелейтін объективті 
үдеріс деп қабылдауға «якини», «таклиди» иманымыз тым жүдеу 
көрінеді.  Софылық  (схоластикалық  /қалам  иесі/)  түрғыдан 
қолданғанда аталған ұғымдар тек бір ғана Алланың сипаты, бір 
ғана  алланың  есімі  болып  қана  қабылданса  метафизикалық 
сыңаржақтылыққа үрындырары сөзсіз. Абай талдауында осы діни
222

ұгымар  таным  мен  логика  құралдары  сапасында  паидаланып,
қолданылады.
К. Маркс пен Ф. Энгельс материализмнің—диалектикалық жэне 
тарихи  деп  аталатын  жаңа  түрін  ашты  деп,  КПСС  үстемдігі 
заманында санамыз тек осы қалыпта ғана қабылдауға, бұған коса, 
«бірден-бір» ең дана, ғылыми көзқарас деп қуатгауға, насихатгауға 
үйренгенбіз.  Бірде  бір  басқа  философиядағы  ағымдарды  жаңа 
материализм  дәрежесіне  көтеріле  алмады  деп,  ешкімге  де  бой
бермейтін едік.
«Философиялык материализм дэрежесіне көтеріле алмады», - 
деп, Абайға да мін тағатынбыз. Абайдың Абайлық өздігін түсіну, 
жұмбактығы сырын ашуғаұмтылыс жасаған болар едік. Бұл болса,
қазак  ғылымы  мен  мәдениеті  үлтық  және  гуманистік  парызы. 
Осылай, басқадай емес деген пікір қоғамдық санада орнықса Абай 
Үшкілін—ғылымын үғып, меңгеруге мүмкіндік жасаған болар едік.
Алланыңсипатгарын, есімдерін пайдалана отырып: «ғалам», «өмір», 
«дүние», «нәрсе», <оат» туралы айтқан ойларында материализм мен 
диалектиканың үшқыны байқалатынын ескеріу ғылыми қажетплік. 
Осы орайда Абай таным теориясы  құрылымы мен зандылығын 
ашуға көмектесетін үғымдар (категориялар жүйесімен /қалам иесі/) 
«тереңіне  бет  қойып»,  жақынырақ  танысайық.  Абай  танымы 
кұрылымын зерттеп меңгеру үшін осы өлкеде, яғни, тек Абайлыққа 
тэн үғымдар жүйесін қалыптастырып, паидаланғанын байқамасқа 
мүлдем  болмайды.  Дәстүрлі  философиядағы  сияқты  Абайлық 
философия жүйесін қүратын мазмүнды үғымдар (категориялар) 
жүйесі  барын  мойындауымыз  керек.  Бұл  Абай  шығармаларын 
мұқият оқып, талдап, тексеріп барып, түжырымдалатын пікір. Мұны
ескермесек,  онда  Абайдың  Абайлық таным  теориясын,  мұның 
заңдылығын  ашуга,  жол  нүсқап,  ақыл  қосатын,  эрі  Абай  өзі
ұсынатын, пайдаланатын, өзіндік үғымдарын да, түсінігін де мүлдем
ескермей, мойындамай қаңғыртып жібереміз бе? Бүйтсек, Абай 
қолдануындағы,  мәселен,  «тәнін  асырап»,  «тэн  қүмары»  т.б. 
жүздеген қарапайым қазақ сөздеріне, күле қарап, бір сәтке де ой
223

тоқтатпай  жүре  тыңдап  мэн  бермей,  мазақ  етеміз  бе?  Таным 
заңды лы ғы :  қүры лы м ы ,  қалы п тасуы ,  дам уы ,  мақсатты 
бағыттылығын, объективтігін ашатын ұғым-категориялар Абай 
ш ы ғармалары нда  ж еткіліктіден   асады .  Бұл  орайда  Абай 
философиясы қысқа сөздігін жасап, шамамызша бұған түсініктер 
беріп жэне таным теориясында бұлардың эрқайсысының өз алдына 
атқаратын  қызметіне  сәйкес  қысқа  талдау  жасамақпыз.  Абай 
философиясы  сөздігімен  танысқанда  байқалатыны  -   Абайлық 
түсішлуцің философиялық мүмкіңдігі жэне Абай қолданысында қазақ 
сөзінің өзіндік философиялық сипаты. Бүған қоса,  қазақ тілінің 
ғылыми-теориялық дэрежесін көтеріп, логикалық мүмкіндіктерін 
жетілдіріп, қадірін де арттырып, мазмүнын шыңдай түседі.
Табиғат жаратылысын сөз еткенде бүның қозғалысы, өніп өсуі, 
жетілуі, дамуы  заңдылығы туралы  түсінік беретін үғымдарды, 
қағидаларды  кездестіреміз.  «Себеппен  байланыстырылып», 
«мықты көркем закон» (гармония /қалам иесі/), «законсыз», «бір 
нәрседен жаралған ба» деп, табиғат пен қоғам заңдылығын түсінуге, 
Абай өзі айтқанындай, «ниеттеніп білмекке»ұмтылыс жасағанын 
көреміз.
«Тэн» мен «жан», «тэн қүмары», «жан қүмары» үғымдары, 
түсініктері Абай талдауында танымның ішкі қүрылымы, қозгалысы 
мен  дамуы  зандылығын  танып,  «білмекке»  мүмкіндік  береді. 
Сондықтан, эр үғымның өз алдына атқаратын қызмет бабы барын 
ескеруіміз қажет.
Кеңестік  (КПСС)  философиялық  оқулықтарында  «таным 
теориясы», немесе «бейнелену» теориясы деп талданып, түсіндірілin 
келді. Абайда «бейнелену» демей өзіндік: «айна», «сәуле», «жан 
куаты»», «жан жарығы», <окүрек айнасы», «көңілге түседі», «көңілде 
суреттеледі»,  «онды  ұғым»,  «өз  сурстімен  ішке  жайғастырып 
алады»  деген  философиялық  мүмкіндіктерін  пайдаланады. 
Танымның  сезімдік  және  логикалық  жақтарын:  «нәрселерді 
көбейту»,  «естіп  білу»,  «көріп  білу»,  «жибили»,  «кэсиби»,
224

«құмарлану»,  «мейірлену»,  «ішкі  дүние»,  «сыртқы  дүние»
т  
Л   м
түсініктері арқылы талдаиды
қүралдары туралы
Абайдың ой толғанысы бар екенін ескеріп, мойындауымыз орынды. 
Мәселен «денелеп білмесе», «эр нәрсенің хикметі», «растығы»т.с.с. 
ұгымдар жүйесін қолдануы осыған айғақ. Дэстүрлі философияда 
таным үдерісі үздіксіз, үзіліссіз қозғалыста, өніп, 
өсіп 
дамуца болаггын 
үдеріс  деп  үғылады.  Сонда  танымның  диалектикалық  жолын 
қадағалап, талдап, тексеріп қарасақ: үнемі сатылап, жоғарылап 
отыратын қайшылықты жол. Диалектика тілінде мұны -  білмеуден
білуге, толық емес  білімнен  мейлінше толық білімге толассыз 
ұмтылу  деген.  Бір  ғажабы  «философ  емес»  Абайда  -   «сахара
үнсіздігінен шыққан» «қыр ақынында»терең диалектикалық ойлау
ұшқыны  бары на  таңданбасқа  болмайды.  «Білмек  керек»,  «әр 
білмегеннен»  «білсемге»,  «хикметін  білмекке»,  «білімсіздік», 
«үйреніп элекболу», «ниетгеніп білмекке» деген қагидалы, түсінікгік 
ұғымдар арқылы таным үдерісінің қайшылықты жол екеніне ерекше
мән бергенін көреміз. 
;  |
«Баға», «таразы», «қазы», «ақыл-мизан», «эр нәрсенің өлшеуі»
-  міне, осындай жай көзге, «ойсыз құлаққа» шалынбайтын, түсініксіз
сөздер Абайдың Абайлық талдауында эр  қайсысы, яғни таным
үдерісінде  өз  орнын тапқан.  Танымның тарихи  сапары  әрғилы
себептермен ақиқат жолынан  не түрлі ауытқулар,  шегіншектеу,
секем алушылық, сенімсіздікболатыны қарапайым адамға белгілі.
Абай ұсынатын: «бахас», «ой кеселі», «ақыл кеселі» «кесел қылық» 
деген үғымдар ақиқат жолы—күрес жолы екенін дәлелді негіздейді.
Абай  таным  теориясына  қатысты-ау  дейтін  ұғымдық- 
категориялық  қысқа  философиялык  сөздігін  қүрастыруға 
талаптанды қ.  Ф илософ иядан  түсін ігі  бар  адамға  бірден 
байқалатыны мынажағдай. Үйреншікті, ми жылғаларына кірігіп, 
орныққан орысшатүсініктер-чувственное и логическое познание, 
формы и методы научного познания т.с.с. осыларға тікелей қатысты, 
бара-бар  үғымдарды  Абай  шығармаларын  жан-жақты  талдап,
225

жиынтықтап барып құрастырған қысқа философиялықсөздігінде 
молынан кездеседі. Қорытындылай келіп, айтпағымыз «Абайда 
өзіндік  познаниесі  жоқ»  деп  теріс  жолға  түсеміз  бе?  Немесе, 
керісінше, Абайда «өзіндік» таным теориясы бар деп, ізденіс жолына 
түскен дұрыс болар деп ойлаймыз. Марксизм-ленинизм ілімі билігін 
жүргізіп, дәуірлеп тұрған щағында қазақ ұлттық философиясы өз 
үлесінен  мүлде  құр  қалған  сияқты .  О сы дан  болар  казақ 
философиясы,  бүның  ішінде  Абай  философиясы  -   жеке  бір 
«философские  взгляды»  деген  көлемінде  болмаса,  жан-жақты 
зерттелмеді. КСРО  қүрамындағы Қазақ КСР арнайы  білімі бар 
философ мамандар Киров атындағы университеттің философия- 
экономика факультеті 1954 жылы алғаш түлегін дайындап шығарды. 
Солардың бірі осы жолдарды жазып отырган қалам иесі. Бүл туралы 
жоғарыда айтқан болатынбыз. Мына бір жағдайға куэлік етер едім. 
Университетте  бес  жыл  бойы  оқып  жүргенде,  жалпы  қазақ 
философиясы, бүның ішінде Абай философиясы туралы бір сөзді 
қүлағым естіген емес. Осы себепті болар Абай философиясы элі 
күнге шейін жабулы қазан куйіңде қалып келе жатыр. Абайдың «ойлы 
көзін»,  «терең  ойын»,  «терең  ғылымын»  жадағай  (стихиалды) 
(аңғырт  даналық  /қалам  иесі/)  диалектика  деп  қабылдап,  осы 
түрғыдан ойшылдың шығармаларын (өлең жэне философиялық 
сөздерін /қалам иесі/) оқып, талдап, зерттеп, танып, біліп барып, ой 
сарабынан  өткізгенде  ғана,  тек осы  жағдайда,  Абай  сөздерінің 
қалтарыстарында  қымтырылып,  тығылып,  байқаусыз  қалған 
философиялықжайттар көптен көп. Ағаштың артындағы қалың
орманды көрмей-білмей кел іппіз ғой. Сол жайттардың бірі -  «Мен» 
менен  «М енікі»  жэне  «Сенікі»  турасында  Абайдың  терең 
философиялықтолғаныстары.
226
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет