Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы



жүктеу 1.17 Mb.

бет11/25
Дата09.01.2017
өлшемі1.17 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

156

ҚаЛсп  алаан  көп мгнез,
Қалайша қылып тыя алдым?
Бойдагы мінді  санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді  байқасам,
Инедейін  таза емес.
Аршып альт тастауга,
Апандагы  саз емес.
Бәрі болды  өзімнен,
Тэңірім салган наз емес.
Осынша  ақмақ  болганым
Көрінгенге қызыңтым.
Ғаділетті жүректің 
Әділетін бүзыппын.
Ақыл менен  білімнен 
Әбден үміт үзіппін;
Айла мен  амалды 
Меруерттей тізіппін;
Жалмауыздай  жалаңдап,
Ар, үяттан күсіппін;
Қулық пенен сүмдықца 
Қүладындай  үіиыппын;
«Сіз білесіз» дегенде 
Күнге  күйіп,  пісіппін;
Мақтанбасқа мақтанып,
Деп жүріппін  «пысықпын».
Өлең шығармасының эрбір жолы, эр сөзі өз алдына, жеке-дара 
философ иялық шаңырақгың отауын көтеріп, көп жылдар бойы қоғам 
өмірінен, өз заманы сабақтары, ақыл ізденістері сапарынан алған 
әсерлерін «Ғаділетгі жүректің әділеті» деп жүрек философиясына 
деген тұжырымдық ойын түйген. Жүрек—ақыл, қайрат, ғылым—
157

Абай айтатын таза «көңіл ашығы» -  түрағы, яғни диалектикалық 
түгастығы. Жүрексіз адам -  тексіз, жұртсыз, елсіз адам. Тексіз, 
елсіз  адам  сатқын  адам,  үлттығын,  үлтжандылығын  бақырға 
сататын адам. Сатқын адамныңтэні болғанымен жүрегі мен жаны 
жоқ адам. Абай айтқандай «ақылсыз», «мисыз», «шаруасыз» адам. 
«Жүрегімнің түбіне терең бойла» деп, Абай жүрек философиясы 
сырын ашуға ынталандырады, саналы үмтылыс жасауға шақырады. 
Жұрек философиясын қорыта келгенде, бұныңтөңірегін паналайтын 
түжырымдар, пікірлер, ойлар құрылымы қалыптасқаны турасында 
сөз болды. Келесі мэселе Абай Үшкілін дараландыра көрсететін,
мазмүнын аиқындаи түсетін -  ол адамның өзіндік жасампаздық 
күштері.
158

ҮШІНШІ ТАРАУ.  АДАМНЫҢ ӨЗІНДІК 
ЖАСАМПАДДЫҚ  КҮШТЕРІ
2.3.1  ҒАЛЫМ  МЕН  ҒЫЛЫМ -  АБАЙ 
ФИЛОСОФИЯСЫ  ТІРЕКТЕРІ
Үшкіл қа гид асы құрамына кіретін 
«оңдықгың» 
табиғи жалғасы

 «адамнын өзіндік 
жасампазық 
күштері», қысқартып — «адамдык 
күштер», - деп атайық. Абай философиясын талдап текссргсндс, 
сүрыпталып, қорытылып, түжырымдалатын Абай сөзімен айтсақ: 
үш-ақ нәрсе: «қайрат», «ақыл», «жүрек». Ү шеуі бас косып ғылымға 
жүгінуі адамдык күштерге тікелей баиланысты. Сайып қорыта, 
келгенде, дүниені «жаратушы», өзгертуші, заттай да, рухани да 
меңгеретін  — адамдық  күштер.  Адамды  қор  ететін:  топастық, 
надандык, ойсыздық. Адамга «тән қуатын», «жан куатын» оеріп, 
кісілік қасиетгерді ту көтеріп, дәріптейтін адамд ы қ күштердің аты
-үшкіл.
Үшкілге арналған Абай шығармалары молшылык, солардың 
бірінде шифры: 118(198) Абай:
Мстга достың мүңы жоқ малдаи басца,
Аларында  шаро  жоқ  аддамасқа.
Табысына табымып,  цалтаң қагып,
Тойгаиынан  калганын  берсе  алашца.
159

Мал жияды мақтанып білдірмекке,
Көзге  шүцып,  малменен  күйдірмекке.
Өзі шошщ  өзгені ит деп ойлар,
Сорпа-сумен,  суйекпен  сүйдірмекке.
Ақылды деп,  арлы деп,  ац бейіл деп 
Мақтамайды  ешкімді бүл  күнде көп.
Осы  күнде мал цайда -  бок; ішінде,
Алтын алсаң,  береді богынан жеп.
Осыны  оқып,  ойлай бер,  болсаң зерек,
Еңбекті cam,  ар сатып не керек?
Үш-ақ нәрсе -  адамның қасиеті:
Ыстыц қайрат,  нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Адамның өзіңцік жасампаздық күштері төңірегінде әңгіме, тек 
осы  шығармадағана  емес,  өлең  мен  философиялық  сөздерінің 
әдістемелік  те  қызметін  атқарады.  №  1 ,2 ,  3,  4,  5  Кестелерде 
«адамдық күштерді», әсіресе, ой; ойлау; логика; адам мінезі; еңбек 
туралы Абайлық талдау, түсінілуі үлгілерімен тікелей танысуына 
болады.  Жасампаздықты  қастерлейтін  үшкілді:  «алдамасқа», 
«қаптаң қағып», «көзге шұқып», «шошқа», «ит», «боғын жеп» деген 
надандықтың жиренішті кыл ықтарына жасампаздықтың жүйелік 
сипатын: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» қарсы қояды 
Абай.  Сөз қүрамындағы:  «ыстық»», «нұрлы», <окылы» тек қана 
«қисынымен» ғана қызықтыратын тіл емізетін сөздер ғана емес. 
Бұлардың  әр  қайсысының  мазмүнын,  мэнін  ескерсек:  үшкіл 
жүйесіне мақсатты бағыттайтын танымдық, логикалық абстракция 
дэрежесіндегі ұғымдық түсініктер. Соңғы шумағында: «оқып», 
«ойлап», «еңбек» пен «ар» деген түйін, жүйелік түжырымдарда терең 
танымдық және логикалық сыр бой тасалап түрғандай сезінесің. 
Абай  ойының таңғажайыптылығы  -  адамнан тыс  өмір  сүретін 
«жаратушы», «тэңірі» иелері, дін сиынатын Алланың есімдері мен 
сипаттарыны ң өзі гылым арқылы адамдық күштер жуйесі -  үшкілді
160

қал ы птастырады. Абай Үшкілі философиялықжүйе дәрежесіне
көтерілуі сыры: Абай талдауында, түсінілуінде, ғылым құдіретіне 
тікелей байланысты. «Таным тарихы -  ғылым мен білім тарихы» 
деген қағидаға сүйеніп, адамдық күштерге арналған Абайдың отыз 
сегізінші философиялық сөзінде айрықша ерекшеленіп, байқалатын, 
күрделі-ау  деп  саналатын  екі  мәселеге  ой  тоқтауды  қажет деп
таптық. Бүлар болса:
— біріншісі—ғалым мен ғылым,
-  екіншісі -  ғылым мен ді н.
Аты шулы Отыз сегізінші философиялық сөзін Абайдың әркім 
өз керегіне жаратып, әр саққа жүгірінді етіп, Мүхтар Әуезовтің 
айтқанындай,  «ойып-ойып»  алып,  «ойдым-ойдым»  тақырып 
жасаймыз. Соның бірі—Абай ойын дін мақсатына пайдалану. Абай 
сөзіне кіріспес бүрын Қүдайберген Жұбановтың Абай философиясы 
төңірегін  жайлайтын  талас  пікірлер  турасында  айтқан  ойын 
қайталауцы дұрыс көрдік. Міне, сол ойы: «Соңца да оған «діншілсің» 
деп ұрысып, «Мен» менен «Менікінің» («Өлсе өлер табиғат, адам 
өлмес» деген шығармасынан /қалам иесі/) айрылғанын, «өлді» деп 
ат қойыпты өңкей білмес», - дедің, идеализмге түсіп кетгің деп 
өкпелейміз-ау!.. Асау жүрек аяғын шалыс басқан» жері болса бір 
сәрі, кейде дұрыс басқан жерін де «шалыс» деп шатаспаған болар 
едік»,  - дейді  (Абай тогылымы. Алматы: УКазушы,  1986,  15-16 
бб.). «Өлер» мен «өлмес» атгы деген қазақ сөздері қарапайым көзге 
де, сезім дүниесінде үрей, қорқыныш әкелетін дүлей, түсініксіз, 
сиқырлы күштер болып көрінеді. Шындығында, келтіріп отырған 
сөздерге  Абай  диалектикалық  қарама-қарсылықтар  теориясы 
көзімен қарап, «баршаның өмір сүруі заңцылығы» деп санайды. 
Сырт қөзге қарапайым саналатын бұл философиялық үғымдармен 
алда талай кездесеміз. Көбіне, Абайды «ұлы ақын», «ағартушы», 
«моралист»  деп  дәріптеу,  бұл  тек  қазақ  санасында  ғана  емес, 
халықаралық пікірде де орын тепкені белгілі. Бұл бағаға етіміз эбден 
үйренген секілді. Абай философ деген түсінік Абайдың әлемдік 
тарихи түлға бітімін паналап, элі де болса өріс сұрап, мазаламайгын
161

сияқты. Сырт қарағанда, діни ұғымдар мен уағыздардан аяқ аттап 
жүре  алмайтын  философиялық  Отыз  сегізінші  сөзі  ғалымның 
гылым туралы ұрпақтарға деген мэңгілік үндеуінен басталады. Сол 
сөздерді жадымызда тағы бір жаңғыртайықшы.  Бүл жетіспейді 
десеңіз,  өзіңіз  қолыңызға  қалам  мен  қағаз  алып,  оқып, талдап, 
тереңіне бойлаңызшы. Міне, «эу!», - дегеннен басталатын Абай 
ғалымныңүңдеусөзі:
«Ей, жүрегімнің қуаты, перзенгглерім! Сіздерге адам үғылының 
мінездері түғыралы  біраз сөз жазып ядкар (Сілтемеде берілген 
түсінігі -  Ескерткіш, есте қалу /қалам иесі /) қалдырайын. Ықылас 
бірлэн оқып, үғып  алыңыздар,  аның үшін  махаббатың толады. 
Махаббат -  әуел адамның адамдығы, ғақыл, гылым деген нәрселер
— бірлэн. Мүның табылмақтығына себептер: әуелі -  һауас сәлим 
һэм (жақсы сипат/қалам иесі/) тэн саулық, бүлар туысынан болады, 
қалмысы жақсы  ата, жақсы  ана,  жақсы  қүрбы,  жақсы үстаздан 
болады»  (Абай  (Ибраһим Құнанбаев)  Екі томдық шыгармапар 
жинагы  Екініиі  том  Аудармалар  мен  цара  сөздер.  Алматы: 
Жазушы,  1986.  2-т.,  136  б.).  Осы  түста  ескерте  кететін  жайт 
ғылым өңірінде қаншама талас тудырып, бүгінде бүның ең жемісті 
саласына айналған «гена» мен «геналық инженерия»—барша тірінің 
үрығын, нәсілін зерттейтін гылым туралы Абай да өз пікірін айтып 
отыр ғой.
«Талап,  ұғым  м ахаббаттан  ш ығады.  Ғы лы м-білімге 
махаббаттандырмақ элгі айтылған үшеуінен болады». Бүл айтып 
отырғаны Абайдың: «адамдық», «ғақыл», «гылым». Абай даналығы 
сыры біздің үсынып отырган, галым қызметінің үш тірегі: ойшылдық, 
зерде (интеллект), шығармашылық. Бүлай болғанда «Ғылым-білімді 
әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен, яки 
алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі ізденгендей болғанша. 
Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда 
ғана  оның  аты  адам  болады.  Сонан  соң  гана  Алла  тағаланы
танымактық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдыгын 
бұзбай ганажэліб мәнфағат(Табыс, кіріс; пайда, қайырымды іс,
162

қызығушылық /қалам иесі/) дэфғы мұзарратларны (Зарарлыдан 
қашу /қалам иесі/) айырмақлықсекілді ғылым-білімді үйренсе, білсе 
деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Оның 
үшін, көбінесе, балапарды жасында ата-аналары қиянатшылыққа 
салындырып алады, соңынан моллаға берген болады я ол балалары 
өздері барған болады ешбір бэһра (Пайда,  нәтиже /қалам иесі/)
болмайды  (Сонда,  136-137 бб.).
Өз заманы үміт артқан өрелі ойының биігіне шыққан Абайдың
даналық ойы, міне, осындай. Демек, ғылымға деген «қүмарлық» 
өздігінен келмейтұғын, ең алдымен, адамдық жасампаздықтың 
қасиеті — дүниені  заттай,  рухани да  меңгеру деген.  «Ниеттеніп 
білмекке» талап қылсақ, сонда ғой байқайтынымыз ғалым Абай
гылымның жасампаздык сипатына айрықша мэн береді.
Ұлы ойшыл, ғалым өзін нағыз гуманист ретінде таныстырып 
отыр  емес  пе?  С ебебі,  ғалым  Абай  «білм ек»  жолында
диалектиканың  қарама-қарсылықтар  туралы  қағидасын  тиімді 
қолданғанын көреміз. Ислам мэдениетінің Ақжан Машанов айтатын
«наққыл», «ғаққыл» қағидаларын Абай ғылым көзімен бағалап,
пайдаланыпотырғанын көреміз.
Ғылымды  ғалым  көзімен  қарап,  бағалап,  бүның дамуының 
мақсатты  бағыттылығын  да  Абай  ескерусіз  қалдырмаған. 
Танырқарлықжағдай-бірде-бір ғылыми зерттеу мекемесі, қазақ 
тілінде оқытатын не орта, не жоғары білім беретін оқу орыны жоқ 
«сахара үнсіздігінен» шыққан Абайдың ғасырларды аттап ғылымға 
қол артып, халқын ғылым-білімге шақырғанын тек ағартушылық 
көзімен қарасақ сыңаржақтылық болар. Абай ғылымға деген ғалым 
көзқарасын  танытады  емес  пе?!  Ойшылдың  даналығына  тэн 
қасиеттер -  ғылымға деген зеректігі, зерделі еңбекқорлығы, бұл 
болса жасампаз күш деп өзін таныстырып түрған жоқ па?! Діни 
оқудың да адамды ғылым жолына салатынына сенімі берік емес,
күмэн келтіретінін байқауға болады. Ғылым жолы -  ерекше жол 
екенін де баса ескертіп, бүған айрықша көңіл қояды.
163

Еждиһатсыз, михнатсыз
Табылмас  гылым  сарасы,  -  демей  ме  Абай?  Осы  ойды 
тереңцете, өлең жэне философиялық сөздерінің арқауы, әрі түйіні 
(Отыз  сегізінші  сөз) боларлық  қорытынды  тұжырымына  көңіл 
аударсақ: ғылым сөзі, ғылым туралы ойлар екенін аңғаруға болады. 
Ғапым еңбегі, гуаманистік ары мен ұяты, адамдық қасиеттері бүкіл 
Үшкіл жүйесіне сүйеніп, ғылымға деген улкен сенімін танытады. 
Ғалым Абай пікірін эрі жалғастырайық.
«Ол  қиянатшыл балалары талапқа да,  ғылымға да, үстазға 
да,  хаттэ  (тіпті,  /қалам  иесі/)  иман  иғтихатқа да  қиянат бірлэн 
болады.  Бүл  қиянатшылдар жарым  адам, жарым  молла, жарым 
мұсылман.  Олардың  адамшылығының  кәмелат (сенім,  наным) 
таппағы  -   қиынның  қиыны»  (Сонда,  137 б.)  дейді.  Осы  жерде 
«жарым» деген үғымды қолдануында сиқырлы мән бар сияқты.
ыздің  оиымызша,  «жарым»,  «толық»  ұғымына  қарама-қарсы. 
«Толық» ұғымының  Абайлық түсінілуі,  мүның  философиялық 
жұмбақтығы  сырын  ұғып,  ғалым  шығармашылығында  алатын 
орнын  анықтау  танымдық,  эрі  логикалық  та  қажеттілік.  Бұл 
ұғымдардың мазмүнына ден қойғанда, байқалатыны күнделікті 
қарапайымдылықтан  өзгеше,  басқаша,  яғни  «терең  ғылымы» 
түрғысынан қаралуы, қабылдануы керек. Демек, «жарым» деген 
«жарымес» дегеннен ақылсыз дегенге жақын. Керісінше, толық, 
толық емес  білімнің мағынасын  анықтайтын -  «ақыл-мизаны» 
сапасындағы логикалық абстракциялар. «СебебІ, - дейді Абай, - 
«Алла тағапа өзі хақиқатжолы. Хақиқат бірлэн растық- қиянатгың 
дүшпаны, дүшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме? Көңілде өзге 
махаббат түрғанда хақлықты таппайды. Адамның ғылымы, білімі 
хақиқатқа, растыққа құмар болып, эр нәрсенің, түбін, хиқметін 
білмекке ынтық бірлэн табылады. Ол -  Алланың ғылымы емес, 
һэмманы  білетұғын  ғылымға  ынтықтық,  өзі  де  адамға  өзіндік 
ғылым береді. Аның үшін ол алланың өзіне ғашықтық. Ғылым -  
Алланың бір сипаты, ол хақиқат, оған ғаш ы қтық- өзі де хақлық 
һэм  адамдық дүр.  Болмаса  мал  таппақ,  мақтан  таппақ,  ғизат -
164

хұрмет (қадірлі, сыйлы /қалам иесі/) таппақ секілді нәрселердің 
махаббаты бірлэн ғылым-білімнің хақиқаты табылмайды» (Сонда, 
137  б.)  -   деп,  Абай  ғалым  менен  ғылымның  қарым-қатынасы 
төңіргінде көптеген мәселелерді топтастырып, мэнін ашады. Атап 
айтсақ:  ғалымның адамдық сипаты,  ғылымға деген махаббаты, 
яғни  берілген д ігі,  құм арлы ғы ,  «ы нты қты ғы».  Адамның 
жасампаздығы  тірегі  — ғылым.  Абайша:  «адамның  адамдығы,
гақыл, ғылым».
Келесі бір өте ескеретін жайт: дүниені танып, меңгеретін де, 
өзгертетін де жасампаз қуат: ол—ғылым. Маркстік атеизм дәстүрі 
бойынша жетпіс жыл бойы алған тәрбиеміз дінге деген партиялық,
таптық көзқарас. Абайдың:
Лқыл,  қайрат,  жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек,  - деген Үшкіл қағидасы
кұрылымына «толық»үғымы логикалык қызметатқарады. Даралап 
айтсақ: логикалық деудің мэні — ойлаудыңтүрі ретінде адамдық 
күштердің жасампаздығы ғалымның гуманистік үніне сәйкестігін,
сабақгастығын танытады. Ал мазмүндылық мәні, мүныңтанымдық 
бағыттылығын негіздеп, қуатгап, яғни адамның табиғи толықгығын 
емес, танымның, білімнің мейлінше толық білімге деген мақсатты 
ұмтылысын баяндайды. Абайдың сөзіне қүлақ асайық. «Хакимдер 
дүниеде тиетін пайдасын сөйлейді, ғибрэт (үлгі—сілтемеде бершген 
арабша сөздің аудармасы /қалам иесі/) көзімен қарағанда, екісі де 
бірінен-бірі көп жырақ кетпейді. Оның үшін эрбірінің сөйлеуі, аитуьі 
басқаша болса да, Алла тағаланың сұңғатына қарап, пікірлемекті 
екісі де айтгы. Пікірленбектің соңы ғибратланбақ болса керек. Бүл 
ақыл, ғылым екісі де өзін зорға қисабламақты, залымдықты, адам 
өзіндей адамды алдамақты жек көреді. Нэм екісі де марқаматты, 
шапағатты болмақтыкты айтып бұйырды, бұл рақым болса керек. 
Бірақ менің ойыма келеді, бұл екі тайфа эр кісі өздеріне бір түрлі 
нәпсісін фида қылушылар деп. Яғни, пенделіктің кэмэлаты әулиелік 
бірлэн болатын болса, күллі  адам тэркі дүние болып, «һу!» деп 
тариқатқа (дін жолы /қалам иесі /) кірсе, дүние ойран болса керек.
165

Бұлай болғанда, малды кім бағады, дүшпанды кім тоқтатады, киімді 
кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін 
жаратқан қазыналарын кім іздейді? Хэрами (арам нәрсе/қалам иесі/), 
макруһи (жиіркенішті /қалам иесі/) былай түрсын, қүдай тағаланың 
қуаты бірлән юқдиһад ақылыңбірлән тауып, рахатын көрмегіне бола 
жаратқан, берген нигмәттеріне, онан көрмек хұзурға (тыныштық, 
рахатшылық/қалам иесі/) суық көзбірлэн қарап, ескерусіз тастап 
кетпек  ақылға,  әдепке,  ынсапқа  дүрыс  па?!»  (Абай  (Ибраһим) 
Құнанбаев).  Екі  томдыц  шыгармалар  жинагы.  Екінгиі  том. 
Аудармалар мен  цара сөздер.  Алматы: Жазугиы,  1986,  145-146 
бб.).Осы  жерде  Абайлық  талдаудың,  ойдың  жаңашылдығын 
жоғалтпай, «терең ойлылығын» қатты ескеруіміз қажет. Себебі, 
ғылымның гуманистік бағыттылығын айта отырып, ғалым Абай
дін жолына емес, ғылым жолын табанды қорғауды жақтайтынын 
көреміз.
Отыз  сегізінші  сөздің айрықша ерекшелігі,  басқаларымен 
салыстырғанда, терең философиялық мағыналығында, яғни ғалым 
мен ғылым одағы -а д а м  жасампаздығы қуаты екенін жан-жақты 
негізді дәлелдейді. Сырт қарағанда, хат танитын, бірақ ғылымға 
қатысы жок адамға, Абайды дін уағыздаушы, насихатшысы деп 
қабылдануы  әбден  мүмкін.  Ал  шындағында  философиялық 
сөздерінің қырық бесін түгелдейін тереңіне бойлай, тақырыбы мен 
мазмүнына жүгінсек: талдайтыны, тексеретіні таным, логика мен 
гылым мәселелері. Отыз сегізінші сөз тақырыбы мен логикасына 
орай, торапты-ау деген екі мәселе:
-  галым мен гылым;
— гылым мен дін.
Осы екі мәселені үсынамыз.
Ғылым жанкүйерлеріне арнаған Абайдың үндеуінен кіріспе де, 
талдау  сөзімізді  бастадық.  Абайдың  ғылыми  талгамы  мен 
ізденістері үшкіл мен ғылым төңірегінде шоғырланады. Осыдан 
болар айрықша қүнт қоятын мэселелерге -  «үшкіл» мен «гылым», 
«ғыл ым» мен «дін» екеніне ақылымызды, көзімізді жеткізеді. Абай
166

тек осы Отыз сегізінші сөз шеңберінде дінді уағыздайтын араб 
сөздерін пайдаланады деп, осыған ғана қарап, Абайды діншіл, дінді 
уағыздаушы 
ақын деп есептейміз бе? Таным мен логика дамуының 
жиынтығы -ғылым тарихы. Тарихты тәлкекке салуорынсыз болар. 
Бүл дегеніңіз бұлтартқызбайты н деректерге сүйенеді. Осы орайда
тарихтың біраз деректеріне сүйенейік.
Сұлтанмахмүт Торайғыровтың «Қалың мал» романы, Мағжан
Жүмабаевтың «Шолпанның күнэсі», Бейімбет Майлиннің «Шұға» 
энгімелері ата жолы, дін  шариғатын жамылып адамның кісілік 
қасиеттерін аяққа басқан молланың надандығын сынайды. Орыстың 
данышпан жазушысы, «Соғыс және бейбітшіл ік» романының авторы 
Лев  Николаевич  Толстойды  «күпір»  болдың,  шіркеуге  қарсы
шықтың деп, орыс шіркеуінен аластатқанын гуманистердіңбәрі
біледі. Ғылым тарихынан да белгілі, мәселен, француз философы 
Жан Мелье бүкіл өмірін дін жолына арнап, священник болды, бірақ 
«Завещание» атгы философиялық еңбегінде дін уағыздарына қарсы 
шыгып, материалистік философияны жақтайтынын әлемге жария
етгі.
Поляк халқының данышпан  оқымыстысы,  астрономы,  бар 
өмірін ғылым жолына арнаған Коперник діннің инквизиция сотына 
қарсы болып, өлім аузындатұрып, дінге қарсы данышпан ғалымның 
айтқаны: «Дегенмен де, жер күнді айналады!» -  деген афоризмге 
айналган атакгы сөзі ғылым мен философияда төңкеріс жасады емес 
пе?!  Атақты  италияндық ғалым, философ,  астроном Джордано 
Бруноны дінге қарсы болып, ғылымды жактағаны үшін инквизиция 
согыоттаөргеді?! Мүхтар Әузовтіңұлы шығармасы «Абай», «Абай 
жолы»роман-эпопеясы гуманизмге арналған ескерткіші емес пе?!
Осының бәрі -  ғылым мен дін, гуманизм мен діннің қарама қарсы 
гылыми да, қоғамдық күштер екеніне дәлелді негіз емес пе?!
Абайды ң Огыз сегізінші философиялық сөзін үшкіл мен ғылым 
көзімен  қарасақ:  24(41-43)  («Ғылым  таппай  мақтанба» 
шығармасындағы  «ғибрэтілі»  мен  «нәфрәтілі»  -   ғылым  мен 
надандықтың, гылым мен «күпір болдың» деместің арасындағы
167

ымырасыз күрестіңтабиғи жалғасы емес пе?! Осы екі шыгарманы 
бір-бірімен жақындастығы, сырластығы, сабақтастығы -  үшкілдің 
дилектикалық түтастығында, яғни, Абай философиясы жүйесіне 
деген зор  сенімнен туады.  Абай  философиясы  кереметі:  мұнда 
Батыстың «эмпиризмі» мен «рационализмі», Шығыстың «тэңірі» мен 
«жаратушысы», ертедегі гректердің «жан» мен «алғаш бастама»
туралы ілімдері оас қосқан ғылыми симпозиумынан, эсіресе, қазақ 
ғалымы Абай философиясына тікелей қатысты «үшкіл», «жүйе»
қағидалары жөнінде аса оір құнды-ау деген пікірімен тілдескендей 
ой қүшағында боласың. Себебі, бұлардың бэрін толғандыратын бір 
ғана  мэңгілік  мәселе:  ол  -   адамның  өзі  жэне  бұның  әлемдік 
шексіздікте  алатын  орнына  орай;  бүның  санқилы,  алуан  түрлі 
болмысы; дүниені сезіну, тану қабілеттері, мүмкіндіктері; әлем 
сиқырлығы сыры «тереңіне бет қоюы»; өзінің тәжірибесі мен ойлау 
мәдениетіне сай дүниені рухани да, заггай да меңгеріп, табиғатты, 
қоғамды өзгертіп, көркейтіп адам қажетіне жаратуы. Жоғарыда сөз 
еткен дүниежүзілік философияның дәстүрлі  үш  саласы -  Абай 
философиясында,  қазақтың  ғүлама  ғалымдарының бірі  Агжан 
Машановтың сөзімен түйіндесек: «Абай Үшкілі» сапасында бас 
қосып,  қалыптасады. «Абай  Үшкілі деп отырғанымыз», - дейді 
Ақжан Машанов, - «үш саладан бас қосқан нәрсе (Абайдың өзі де 
«үш нәрсе» деп айтады ғой /қалам  иесі/):  қайрат, ақыл, жүрек». 
(Ақжан Машанов.  Әл-Фараби жэне Абай. Алматы: Қазацстан,
1994,  121  б.). 
Щ
«Абай Үшкілі» үлы ойшыл философиясында жүйе (система) 
бар деген ойды негіздеп, Мұхтар Әуезовтің «Абайда философиялық 
система жоқ» деген секемін сейілтіп: «жоқ емес, жүйе бар!» деген 
тұжырымды қуаттауға ақыл қосады. Сонда, Абай философиясы 
әлемдік философия дәстүрлі қағидаларымен байланысын қазақтың: 
«Оты», «Жері», «Суы», «Ауасы», яғни көне гректердің дүние пайда 
болуы мен құрылымының алғаш бастамасы, «алғаш себептілігі» 
сырын ашуға бағытталған  қағидаларының логикалық жалғасы 
ретінде  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Мұнымен  бірге  Абай
168

философиясы  көне  гректердің  аңғырт,  мифтен  аса  алмаған 
көзкарасынан тереңірек жатыр. Абай ғалым ретінде өз заманының
гылыми-техникалықжетістіктерінен хабардар екенін, түсінігі бар
ғалым екенін де аңғартады, оған электр қуаты (электрон), зауыт,
фабрика жөнівде фил ософиял ық сөздерівде келтірген деректері куэ.
Мәселен үш млн. халқы бар ірі қалалар, жер шарын үш айналып 
шыққан жиһанкездер туралы айтқаны әлем ақпарат қүралдарынан 
тым шалғай жатса да, деректі, негізді пікірді жоғары бағалайтынын, 
бұларды ғалым көзімен қабылдап, қатты дэріптейтінін танытады
емеспе?!
Мұхтар  Әуезов  «Абай  жолы»  роман-эпопеясы  төртінші 
кітабында «сахара үнсіздігінен» (бұл ұғымның танымдық жэне 
логикалық мэніне жоғарыда тоқгаған едік /қалам иесі/) келген казақ 
жөнінде айтатын келелі пікірі көп нәрсеніңбет пердесін ашады. Сол 
казақтың бірі -  ұлы Абай, өзінің дарындылығы, еңбек сүйгіштігі 
арқасында  қарапайым  адам  түсінігіне  сиЫмсыз  керемет, 
таңғажайып  ақындық  та,  ғылыми  табыстарға  жеткеніне  Абай 
шығармашылыгы жан-жакты, негізді дэлел. Абай сөзін ақындық 
сөз  деп  қабалдауға  дағдыланғанбыз.  Үйреншікті  дедік,  яғни 
калыпты санамыз Абай философиясын ғылыми ұғым, не логикалық 
абстракция сапасында қабылдауға мэдениетіміз элі болса ғылыми 
да,  философиялық  та  ж еткілікті  дәреж еде  тэрбие  алуға 
еңбектенбейтін сияқтымыз. Абай сөзінің философиялық, ғылыми 
мәнін  Жете  ұқпай  не  идеализмге,  болмаса дін  құшағына  итере 
салудың сыры  да осыған  байланысты  болар.  Абай  өзі  айтатын 
«білімсіздік» пен «еріншектіктіц» қамауынан элі де шыға алмай 
жүрген сыңай бар ғой. Абай мен Мүхтар Әуезовтің шығармаларын 
мейлінше  мүқият  оқып  талдағанда,  Құдайберген  Жүбановтың 
сөзімен айтсак: Абай сөзініңтерең «философиялық концегщияльіғы» 
көзге түсіп, ойлауды талап етеді.  Сонда ойға келетіні  Абайдың
элемдік тарихи түлға бітімініңтаңғажайыптылығы сырын ұғуға
«ниеттеніп»  ұмтылыс  жасау.  Осылай  еткенде,  Абай  өмірі  мен 
шығармашылығы жаңа кырлары, ашылмаған сырлары айқындала
169

түседі. Абайдай тарихи тұлға бітімнің жаңа қыры, дәлірек айтсақ, 
Абайдың ғалымдығы көзге ерекшеленіп байқалады. Абай өлеңжәне 
философиялық сөздерін талдау үстінде Абай әлеміңде көптеген тың 
тұлға бітімді мәселелер туып, ғылыми-теориялық талғамдар өріс 
ала бастады. Үстіміздегі үшінші мыңжылдықта ғылым мен адам 
арасындағы, білімсіз саясатшылардың кесірінен туған қайшылыктар 
кімнің пайдасына-адамның, болмаса кісіні жаппай қырып жоятын 
қарудың пайдасына шешіле ме? Бүл тағдырлы мәселе.
Біз ғылым тарихына арнайы тоқтайық деген ниетген аулақпыз. 
Мақсатымыз философ Абайдың тікелей өз шыгармапарына сүйене 
отырып, қазіргі ғылымның аяқтана бастаған шағында өмір сүрген 
үлы ойшылдың ғылымға деген қөзқарасымен танысу. Біз үсынып 
отырған мәселе Абай әлемінің жаңа қыры. Абайдың ғылымға деген 
көзқарасынан туындайтын мэселе. XXI ғасырдың жаңа технологясы 
мен адамның табиғи,  ғарыштық жэне  саяси-элеуметтік ортасы 
туралы әлемдік ғылыми талғамы қандай болмақ? XX ғасыр бүл 
мәселені  тыңғылықты  шеше  алды  ма?  Ғалым  мен  ғылымның 
қарым- қатынастары XXI ғасырдың ең түтқалы деген мәселесінің 
бірі  болар.  Абай  ғылымы  қазақ  мәдениетінде,  бүның  ішінде 
философиясында,  алатын  орнын  сөз  етіп  келеміз.  Қандай  да 
ғылымның өзіндік даму тарихы  бар,  ал  мүнымен айналысатын 
ғалымды ғылым тарихы маманы—ғылым тарихшысы дейді. Біздің 
көздеп  отырған  мақсатымыз  ғылымды  тудыратын  да,  жасап, 
қалыптастыратын да ғалымның өзі. Сонда ғалым мен ғылымның 
қарым-қатынасы  қандай  болмақ?  — деген  сүрақ  туады.  Біздің 
ойымызша, ғалым еңбегінің айрықша ерекшелендіретін үш тірегі: 
зерде, санат (интеллект), ойшылдықжэне шығармашылық туралы 
өз  пікірімізді  үсынбақпыз.  Ғалым  ғылымының  тірегі  Абай 
логикасы на  сүй ен сек,  үш  нәрседен:  зерде,  ойш ы лды қ, 
шығармашылықтан түрады. Бүны ғалымның үшкілі деп санайық. 
Бүл орынсыз, негізсіз Абайға еліктеушілік емес ойшыл өзі: «Түбін 
ойлап, уайым жеп айтқанмын» демей ме? Отыз сегізінші сөзінде 
ғылым жанкүйерлеріне арнаған үндеу сөзінде Абай, иэ үндеуінде,
170

ғылымның мақсатын анықгай отырып: «Адамның ғылымы, білімі 
хақиқатқа,  растыққа құмар болып, эр  нэрсенің түбін,  хикметін 
(ғылыми мазмұны дегені емес пе? /қалам иесі/) білмекке» ынталы 
деп ескертпей ме!? Абайға еліктесек, онда өзімізді дұрыс жолға- 
ізденіс жол ына бағьптаған боламыз ғой. Сонда бізді ойға батыратын
жайт: Абаңдай ғалым адамныңеңбегініңтаңғажайыптылығы сырын
«ниетгені п білмекке» деген ұмтылыс. Абай Ү шкілі—еңбек, таным 
ЖЭНе ойлау нәтижесі, жемісі. Даналарғатэн әсерлі, жемісті, нәтижелі 
енбе кті ң айры кша көрі нісі. Бұның өзіндік ерекшел ігі мен завдылығьін 
мойындау қажет. Себебі, ғылым дамуыныңерекшелігі -обьективгпк 
ақиқат  заңдылығына  бағыну.  Абайлық  түсінілуде  -   «растыққа 
құмар» болу деген. Қоғамдық мэнінде ғылымның басты ерекшелігі
ету,
халқына
куэлік етеді. Бұған Ақжан Машановтың
улы
 ғалымдардың рухани
адамдығын да жоймайтын пікірімен жақынырақ танысайық, тек 
________ ___ _ 
Wa««/-A/iw»rrpni  к-ятяпктн  пя молайта түсуге ат
салысайық. Ғылым тарихына, ғылым мен дін күресіне тоқгай келіп, 
Ақжан Машанов Л. Толстой, эл-Фараби жэне Абаңцай ғалымдардың 
адамдык, кісілік қасиеттері тамыры, рухани жақындығын сөз етеді.
жүргендердің
рухани
ұрпағы  XXI  ғасырда арылар маекен? -деген сұрақ элі де болса
қалған 
«Л. Толстой
Сонымен қатар ол шіркеу ісіне де қарсы шыққан. Сол үшін оны 
ііііокеупен аластап, оған анафема (қарғыс) жариялағаны белгілі. Өзі
граф, өзі ұлы
қаймыкты
Бұл
дэнекердің  бірі  Л.  Толстой  болып  табылады.  Абайдың  айтып
интернаттан
халқымыздың өмірінде қандай із қалдырды? Осы жөнінде
171

Сол интернатіыңбірі Қарқаралы қаласының қасында «Актере к» 
деген жерде болған. Сонан оқып шыққандардың ішінен онан эрі 
карай оқып, жогары сатыға көтерілгендері де болды. Ауыл арасыңда 
тілмаш, болыс болғандары да бар. Сол Қарқаралы интернаты нан 
шыққандардың бір сыпырасы кейін біздің бала кезімізде «Алаш» 
партиясын  ұйымдастырды.  Солардың  ішінде  Абайдың  ағалық 
ақылын алған «паңда ойламай ар ойлаған» талапты ерлер де болды. 
Көптің қамын ойлаған ардагерлер де болды. Бір-екі ғана мысал. 
Әлихан Бокейханов, Жақып Ақпаев. Біреуі орман маманы, біреуі 
заң маманы.  Бірі Алаштың президенті, екіншісі бас  прокуроры 
болды. Бұлар халқын өгіздей өрге сүйрегендер еді. Олар адамдық 
із  қалдырды»  (Ақжан  Машанов  аталган  монографиясы,  176-
і77бб.).
 
jEggj  : , j
Кеңес дэуірінде КПСС-тің «данышпандығы» мен «көсемдігі» 
ғылым  мен  гуманизмді  арқандап  үстап,  өзінің  қанды  қолы 
«партиялық» пен «таптық» деген жалған насиқаттың құрбаны етті. 
Осыдан болар Кремль езгісінде болған түркі тектес халықгарды, 
араб,  ислам  м әден и еттерім ен   ж ақы ндасты рм ауға  Ресей 
патшалығы, бұның табиғи жалғасы КПСС-тің ұлы державалық, 
жаулаушылық саясаты пантюркизм, панисламизм атымен КСРО 
қүрамында болған мұсылман халықтарын шошындырмақ болды. 
Бүл туралы да Ақжан Машановтың эділ, шыншыл ойын қолдамасақ, 
қазақ халқының дамуы тарихы жолында қиянатшыл богетгерді 
мүлдем ескермеген боламыз ғой.
«Ш ариғатқа  -   шалалық,  исламға  -   селқосты қ  біздің 
халқымыздың рухани жағынан тоқырауға ұшырауына да белгілі бір 
дэрежеде  себеп  болды  деп  білеміз.  Ол  олқылық  сол  кездегі 
отаршылдық саясатына да байланысты болды. Бұл күнде біз оз 
еркімізбен ислам  елдерінің ұсынған  қолдарын  қақпай,  көмегін 
пайдалана отырып, сол олқылықты түзетпесек кешірімсіз  күнэ 
болмақ. Осыларды еске ала келгенде, Абай жолының негізі қалай 
болу  керек?  Абайдың  ең  басты  қағидасына  коз  жіберелікші: 
«Адаспай тура іздеген хакимдер болмаса дүние ойран болар еді... 
Бұл хакимдерден м ұ р ат- мұсылман хакимдері» (38-сөз).
172

Абаидың мүсылман хакимдері деп ерекше бөлуі себебіндұрыс
түсіну қажет. Өйткені, адам баласының бәрі досың деген Абай бұл
арада  мұсылмандықты  неге  алға  қойған?  Қазіргі  шағымызға 
ғалымдардың  көзімен  Караганда:  «Жер  -   ортақ  үйің»  деген 
дүниежүзі  ғалымдарының  халықаралық  үранына  үндестігін 
танытады. Ғылым мен гуманизм біртүтас еңбекшіл адамзат үлкен 
үміт артатын қоғамдық күш. Гуманизмнің бүгінгі күнде тікелей 
мәнісі -  адамның өз тегіне деген жалпы  кісілік көзқарасы мен 
қайырымдылығы.  XX  ғасырды  қара  түнекке  батыра  жаздаған
фашизм мен нэсілдік—гуманизм мен ғыльімның қас жаулары.
XX ғасыр ғылымыныңары, ұяты мен гуманистік үнін қорғаған 
ұлы ғаламдарының бірі — академик, физик Лев Давыдович Ландау. 
¥лы оқымыстының соңына түсіп, бүган қарсы Кремльдің КПСС 
билеген заманда өте қүпия жасалган қаскөйлік эрекетгері туралы 
деректер бүгінде баспасөз бетінде жария болып отыр («Известия» 
газеті 28 тамыз 1998 ж.)\ «Лев Ландау: Жизнь слишком коротка,
чтобы  тратить  ее  на  безнадежные  замыслы...»  деген  мақала 
оқырманды  оқы м ы сты га  тікелей   қаты сты   деректерм ен 
таныстыратын «Дау и КГБ» бөлімін түгелдейін орыс тілінде келтіріп
отырмыз. Макала авторы -  Даниил Данин.
Атомный век повесил на грудь Ландау золотую звезду героя
труда.  Но  тут  н еспроста  опущ ен  лживый  эпитет
«социалистического»... По прямому свидетельству самого Дау, его
участие в бесспорно героической эпопее создания нашей ядерной
энергетики  никакими  сверхчувствами  не  сопровождалось.  Им
двигали только гражданский долг и неподкупная профессиональная
честность и ни тени энтузиазма.
В начале 50-х годов было записано -  с его голоса, но, разумеется 
без его ведома:
«...Надо употребить все силы, чтобы не войти в гущу атомных 
дел... Целью умного человека является самоотстранение от задач, 
которые  ставит  перед собой  государство,  тем  более  Советское 
государство, которое построено на угнетении.
173

Я
 неизведен до уровня «ученого раба», и это все определяет...» 
Да, многое было записано с его голоса, хотя без его ведома. 
Просто ощеломляет прямодушие его доверчивости в общении с 
окруж аю щ им и.  Э то  каж ется  н есо вм ести м ы м   с  острой 
проницательностью его ума, бдительно настороженного с довоенной 
молодости,  когда  в  1938-м  он  был  уже  репрессирован  по  трем 
безнадежным пунктам смертоносной 58-й статьи и только чудом 
был спасен академиком Петром Капицей...
Нет,  маскировать  свое  взрывчатое 
«я»
  и  свои  «опасные 
взгляды» он не очень умел (или не очень старался). К счастью, он 
не ведал, что и до 62-го — до роковой автокатастрофы — жизнь его 
долгие годы постоянно и все неотвратимее повисала на волоске. 
Ему  не  пологалось  заглядывать  в документ,  на  машинописных 
страницах которого он с изумлением узнал бы... А, впрочем, почему 
с изумлением? -  он узнал бы себя!  Это была -  
Справка КГБ на 
академика  Л.Д.Ландау,
  отмечанная  грифом  «Совершенно 
секретно»,  датированная  1957  годом  и  подписанная  самим 
Начальником I спецотдела Комитета гозбезопастности Союза ССР 
Ивановым (без инициалов)...
(Архивные данные этой «Справки» -  ЦХСД, ф. 89, ОП. 18, Д. 
24,  Л.  170-186).  Занятно,  черт  возьми,  что  именно  ЦК  КПСС 
понадобился тот доносный портрет Ландау как раз накануне его 
50-летия. Еще интересно, что Начальник («без инициалов») в первых 
же  стр о ках  
почел 
нуж ны м 
зав ер и ть  зак азч и к а 
в 
доброкачественности предлагаемых сведений об академике: 
«Комитет гозбезопастности распологает сообщениям и многих 
агентов из его окружения и данными оперативной техники...»
Вот, пожалуй, единственное, что все-таки изумило бы Ландау 
в тексте «Справки»: оказалось, что агентов в его окружении было 
много

|Ё| 
Щ
  M l 
■  к
Много! Мысль об этом безысходно удручает задним числом. 
Так мы жили! (Говорю «мы», потому что и тут Лаңдау был моделью: 
если с ним можно было 
так,то
 что уж говорить о малых мира сего!)
174

Замечательно, что этим агентам, дабы снискать поощрение у 
Начальства «безинициалов», не нужно было клеветать на своего 
поднадзорного. Вполне достаточно было грамотно записывать его
откровения:
«...Я не разделяю науку на советскую и зарубежную... Поэтому 
я не  могу принять участие  в том утрированном  подчеркивании 
приоритета советской и русской науки, которое сейчас проводится».
«...Вот перед Венгрией я готов встать на колени... Наши решили 
забрызгать себя кровью... У нас это преступники, управляющие
страной».
«Идея, которая лежит в основе коммунизма, - это иезуитская 
идея. Это идея послушания начальству. Типичная, как вся история
Иезуитского ордена».
«...Наша  система,  как  я  ее  знаю  с  1937  года,  совершенно
определенно  есть  фашистская  система,  и  она...  так  просто
измениться не может...»
«Успех демократии  будет одержан  лишь тогда,  когда  класс
бюрократии будет низвергнут».
«Я отвергаю, что наша система является социалистической,
потому что средства производства принадлежат никак не народу, а 
бюрократии».
«Как зафиксированно оперативной техникой, в разговорах с 
учеными, которые его ежедневно посещают, Ландау неоднакратно 
высказывался в разных вариантах о своих домыслах относительно 
неизбежной ликвидации советской системы».
И, наконец, было однажды записано с его голоса, но не самым
большим грамотеем:
«Наши есть фашисты с головы до ног. Они могут быть более
либеральными, менее либеральными, но фашистские идеи у них. 
Но что я считаю чудесно, так это что вот иезуитский миф гибнет». 
А в другой раз его голос без колебаний произнес: «То, что Ленин
был первым фашистом, - это ясно».
175

Соңында  мақала  авторы:  «Так  зловещая  Справка  КГБ 
прибавила к его (Лаңдау /қалам иесі/)портрету задокументированные 
черты острой историософской зоркости. Дар историкам физики XX 
века!» 
^
Бұлтартпайтын дерек деген осы. Бәрі -  жазылган, бэрі де -  
деректі,  дәлелді.  Ж ал а,ж алған д ы қ  бүл  арада  ж үрмейді. 
Кешірілмейтін күнэ. КГБ-ніңтыңшысы барлық мәліметтерді ұлы 
оқымыстының  өз  аузынан  жазып  алған.  ¥лы   ғалым  кісілігі  -  
ХХІғасыр ар-үяты, ғылым мен гуманизмніңатына кір келтірмейтін 
бірден бір күш. Абай XIX ғасыр «қас надандарын» әшкірелесе, Лев 
Ландау XX гасыр жендеті, ғылымның қас жауы -  фашизмге қарсы 
күресті. 
^
Абайдың өлең жэне философиялык сөздерін мұқият оқып, ақыл 
сарабынан  өтіп,  сүрыпталып  шоғырланатын  ой:  ол  -   галым, 
ғылымның үш тірегі. Басын ашып айтсақ, олар: «шығармашылық» 
(творчество -  твори, қазақтың шыгару дегені ғой), «ойшыл» жэне 
«интеллект».  Соңғысы, яғни интеллект кейінгі  кезде «жасанды 
интеллект» (қазіргі компьютер /қалам иесі/), «ойлайтын машина» 
деген  үғым  гносеолологияда  берік  орныга  бастады.  Ғылым 
тарихына сүйенсек, «жасанды интеллектті» өмірге келтірген табиги 
интеллект. Табиғи дегенде, интеллекті тек қана ми қызметімен гана 
шектеу деген емес, бірақ ми қызметіне тікелей байланысты, тэуелді 
екенін  естен  шыгармау,  асып,  тасып  кетпеу  деген.  Қазақтың 
қүрықсыз  кетті  деуінің  мэн-жайы  да  осында  болар.  Асауды 
тізгіндейтін қүрықемес пе? Ғылым кереметтері қандайы болмасын
тіпті, мига сиымсыз болмасын, шыққан тегіне жүгінсек, айналып
келіптүрақтайтыны-адам миы.
«Ойшыл» -  философиялык интеллекттің эдебиеттік түсінілуі 
іспеттес.  Үшіншісі -  шыгармашылық (творчество /қалам  иесі/) 
тікелей әдебиеттік үғым деп қабылдуға дағдыланганбыз. Бірақ, 
қандайда  ұғы м ,  ғы лы м ны ң  қай  сал асы н ы ң   болм асы н, 
философиялык заңдыл ыққа сүйенеді, яғни диалектикага. Абайдың 
«сөз  мәнісін  білсеңіз»  дегені  -   философиялык  қагида.  Осы
176

тұжырым-ой таным мен логика құралдары, бұның бірі -ұғымның 
қалыптасуы, дамуы зандылығын күрделі үдеріс деп ескертіп тұр 
емес пе?! Енді осы үсынып отырған ұғымдардыңәрқайсысына өз 
түсінігімізді беруге талаптанайық. 
Интеллект—
 (лат. Intellectus— 
познание,  понимание,  рассудок),  способность  мышления, 
рационального познания. Лат. перевод др.-греч. понятия нус («ум»), 
тождественный  ему  по  смыслу 
(Советский энциклопедический
словарь.  Москва:Советская  энциклопедия,  1989,  500  стр.).
Интеллект- қазақша түсінсек, зерде, санат морфологиялық мәні 
емес, философиялық қағидалы үгым-таным, үғыну, сараптағыштық 
(рассудительный, рассудок) дегеннің баламасы. Танымдық және 
логикапық түсініктік мэніне жүгінсек, сарагггағыштық деген үғымға 
жақын. Кейінгі кезде «интеллект»ұғымы ғылым мен философия 
салаларында берік орныға бастады. «Жасанды интеллект» жэне 
«табиғи  инетеллект»  арасында  түсінбеушілік  туып,  адамның 
жасам пазды қ күштерін жасанды робот-техникамен—қүлтемірмен 
алмастыру жиілеп кетті. Тіпті, адамныңтабиғи интеллектіне де 
тікелей шабуыл жасалып, бүны менсінбей, кеміте бастадық. Осыған 
орай адам интеллектінің философиялық логикалығына айрықша мэн 
беру адамдық жасампазды қты жақтайтын түсінушілікке жол ашу 
мақсатында  «интеллект»  үғымы  жиі  қолданылып  келеді.  Осы 
талдап отырған ұғымдардың қазақтық мазмүнын қүруға, ашуға 
Абай өзінің интеллектін жан-жақты жұмсады. ¥лы  Абайдың өлең, 
философиялық сөздерін тексеріп талдағанда, «интеллект» деген 
ұғымға  балама  боларлық  түсінікті  іздестірсек  қалай?  Бүл  бос 
әурешілік  деп,  «Үшкілдің»,  «адамның  өзіндік  жасампаздық 
күштерінің» философ иялық сипатын үғуцан бас тартамыз ба? Әлдс, 
ойшыл философ, ғалым Абай ингеллекті -«тереңіне бет қой», «терең 
ойдың  соңына  ер»  дсген  ғылыми  қағида  жолына  түсеміз  бе?! 
Соңғысы дұрыс жолға бағыттайды. Интеллектке балама — Абай 
талдауында, түсінігінде, зерттеуінде, біздің қалауымызша, ол -  
«көкірегі болса көзді» деген «концепциялық» қағида. Осы қэлауымыз
177

дұрыс-ау деп, көкірегімізге сенім орнықтыру үшін ойшылдыңөлең,
философиялық сөздері ұсынатын қағидалы пікірлеріне жүгінейік.
Өлеңсөзінен:
Қазацтыц цайсысының бар санасы
Қылт етерде дап-дайын  бір жаласы.
Шифры: 20(35-38).
Қарыны тоқ цас надан үқпас сөзді,
Сөзді үгар,  көкірегі болса көзді.
Шифры: 35(66-67).
Мен жазбаймын  өлеңді ермек ушін,
Жоқ-барды,  ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді,  тілі орамды
Жаздым үлгі жастарга  бермек үгиін.
Бүл сөзді тасыр үцпас,  талапты үгар,
Көңілініц көзі аіиық,  сергегі үіиін.
Шифры: 49(93-94).
Философиялық сөздерінен:
Алтыншы сөз 1 6( 102-103). 
(Абай (Ибраһим Қүнанбаев). Екі 
томдыц  шыгармалар  жинагы.  Екіниіі  том.  Аудармалар  мен 
қара сөздер.  Алматы: Жазушы,  1986).
Адам болмысы -  тірл ікті сөз ете отырып, Абай: «Ырыс алды 
-тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық
па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті  қымбат көріп, 
бұлдаған адам  өлімді  жау көріп,  ахиретке  жау дұшпан болады. 
Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақатанып, еңбек қылудан, 
қызмет  қылудан  қашып,  еріншек  атанып,  дүниеде  элгі  атанған 
ырысқа дұспан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі 
тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, 
ақыл табуға сөз ұға алмайсың», - дейді 
(Сонда,  102-103 бб.).
Сонда, Абайша интеллект деген: «көкірегі тірі», «ақыл табу» 
үшін сөзді үға білу деген.
Жетінші сөз -  7( 103-104).Ғылым жол ы -  бүл зерде, санаттың -  
интеллекттің де жолы. «Тэн құмары» мен <окан қүмарын» талдай
178

отырып, білім мен ғылым одағы -  көкіректі «сәулелі», «көзді» ететін 
жол екенін ұлы Абай қай қазаққа да түсінікті қарапайым тілмен 
ұғынықты етіп, сіресіп қалған ми жылғаларын да аршып, жарық 
сәулеге қолдарын создырады. Абай түсінігінде интеллект «адам 
жаны», яғни, «адамдықтың орыны», ал бұл болмағанда «хайуан 
жаны болады» деп түсіндіреді. Жетінші сөз таным мәселелеріне 
бастама.  Абай  Үшкілінің келесі  адамның өзіндік жасампаздық 
күштерін жетілдіре, байыта түсетін үдеріс -  адам көкірегінің «көзді», 
«сәулелі» болуы, «Үшкіл» қуатына ие болу деген.
«Сол  қуат  жетпеген,  ми  толмаған  ессіз  бала  күндегі  «бүл
немене, ол немене?»-деп, бір нәрсені сүрап білсем екен дегенде, 
ұйқы,  тамақта  есімізден  шығып  кете-тұғын  құмарымызды, 
ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып 
сүранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз? Сол 
өрістетіп, өрісімізді ұзартып,  қүмарланып жиған  қазынамызды
көбейтсек керек, бүл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, 
тэнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, үзақгай 
шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан үзамадық...
Көкіректе -  сәуле жоқ, көңілде -  сенім жоқ. Құр көзбенен көрген 
біздің хайуан малдан  неміз артық? Қайта бала күнімізде жақсы 
екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы 
екенбіз. Енді осы күнде, хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, 
білемін  деп  таласпайды.  Біз  түк  білмейміз,  біз  де  білеміз  деп
надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді 
білмей, күре тамырларымызды адырайтып кетеміз» 
(Сонда,  ЮЗ-
104 бб.).
  Абай ғылымы тілімен айтсақ, зерде, санат (интеллект)
«адамдықтың 

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал