Ең бастысы – тәуелсіздік. Одан кейін келісім, достық және адал еңбек. Сонда ғана Ұлы Даланы мекендеген Мәңгілік Еліміз мәңгіліктерге қадам баса беретін болады


„ Шаһарда әуесқой автошабандоздардың республикалық



жүктеу 1.07 Mb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата06.05.2017
өлшемі1.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

„

Шаһарда әуесқой автошабандоздардың республикалық 



жарысы өтті.

Ерекше шеберлік

Шынболат СЕЙдУАЛИЕв

Қаланың батыс қақпасы маңындағы жолсыз жазықта өткен экстремалды бәсекеге Тараз, 

Қарағанды, Шымкент, Алматы және көрші Қырғыз елінің Бішкек қалаларынан әуесқой 14 

экипаж қатысты. Шараны «Джип Тараз» клубы, ҚР Автоспорт федерациясы мен облыстық 

дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. 

Республиканың әр өңірінен келген жол талғамайтын автокөліктер жарыс алаңына ерте 

жиналды. Көрермендердің қатары да аз болмады. Оның ішінде жеке көліктерімен келіп, 

елімізде енді ғана дамып келе жатқан спорт түріне жанкүйерлік еткендер де болды. Сондай 

жанкүйерлердің бірі - Луиза Лим.

- Менің алғашқы көлігім «Мерседес-180» болған. Бүгінгі күні «Тойота Ланд Крузер Пра-

даны» тізгіндеп жүрмін. Жарыс болатынын жарнамалар арқылы білдім. Жол талғамайтын 

автокөліктердің жарысына қатысар едім. Бірақ көлігімнің жағдайы оған келмейді, - дейді ол. 

Жазық далада автокөліктердің бәсекесі туризм және спорттық болып екі кезең бойынша 

өтті. Ал экипаж құрамында бір жүргізуші мен бейтаныс жолды бағдарлаушыдан болды. 

Алғаш болып жарыс жолына туризм бағытындағы автокөліктер шықты. Олар белгіленген 

уақытта арнайы қырлы-ойпатты жолды жүріп өтулері міндеттелді. Көлік жүргізушілеріне 

қалың түскен қар мен лайсаң жолдар еш кедергі келтіре алмады. Мәселен, жарысты белсенді 

бастаған «Нива» және «Субару» автокөліктерінің соңғысынан техникалық ақау шығып, 

бәсекені ерте аяқтауға мәжбүр болды. Сайыс осынысымен көрерменді қызықтырды. Айта 

кетерлігі, жарыс алаңында өрт және медициналық қызметкерлер кезекшілік етті. Деген-

мен оқыс жағдайға ұшыраған көліктерге көрермендердің көмек беруіне қатаң тыйым 

салынды. Туризм бағытындағы бәсекеде шымкенттік Евгений Скрыньсков пен Михаил 

Крокушевтердің көліктері мәре сызығына бірінші болып келсе, Руслан Вединцев пен 

Дмитрий Жарких екінші, Констанин Скрынников және Азиз Исаевтың экипажы үшінші 

болып келді.

Мұнан соң жарыс жолына спорттық жол талғамайтын автокөліктер шығып, жарыс көркін 

қыздырды. Дегенмен олар да жолдағы қиыншылықтардан айналып өте алмады. Бұл кезеңдегі 

автокөлік тізгіндеушілерге бір сағат уақыт беріліп, айналма жолды басып өту міндеттелді. 

Омбы қармен алысқан бұл жарыс бәсекесінде қарағандылық Михаил Леонтьев пен Георгий 

Гормаковтардың экипажы мәре сызығын бірінші болып қиып өтті. Сондай-ақ шымкенттіктер 

Виталий Немытов пен Антон Икленко, Иван Козулин мен Виталий Немытовтардың жұбы 

тиісінше екінші, үшінші орындардан көрінді. 

- Бүгінгі жарысқа «Mitsubishi Pajero» көлігін тізгіндеп шықтық. Осындай жарысқа 

қатысып жүргеніме биыл екінші жыл. Жарыстарда рахаттанып, демалып қаламын, - дейді 

шымкенттік Иван Козулин. 

Шынболат СЕЙдУАЛИЕв

Ұлттық ойындарымызды ұлықтаған бәсі 

жоғары  турнирдің  өтуіне  ҚР  Мәдениет 

және спорт министрлігі, облыстық дене 

шынықтыру және спорт басқармасы, «Орда-

басы» командалық ойынының қазақстандық 

федерациясы мен ҚР Асық ату федерация-

сы ұйытқы болды. «Тараз-Арена» спорт 

сарайында  жалауы  желбіреген  жарыс 

басталмастан бұрын, ұйымдастырушылар 

баспасөз мәслихатын өткізді. Бұқаралық 

ақпарат  құралдары  өкілдерімен  болған 

басқосуға  облыстық  дене  шынықтыру 

және  спорт  басқармасы  басшысының 

орынбасары Нұржан  Жолдасбеков жарысты 

өткізудегі мақсат балалар, жасөспірімдер 

мен жастар арасында салауатты өмір сал-

тын қалыптастыру және ұлттық спортты 

насихаттау екендігін жеткізді. Ал ҚР Асық 

ату федерациясының атқарушы директоры, 

асық ату спортынан Қазақстан құрамасының 

аға бапкері Жомарт Сабыржанов 2011 жылы 

асық атудың арнайы ережесі бекітілгенін 

тілге тиек етіп, сол жылдан бастап рес-

ми  чемпионаттар  мен  республикалық, 

халықаралық  турнирлер  үздіксіз  өтіп 

келе  жатқандығына  тоқталды.  Сондай-

ақ  «Ордабасы»  командалық  ойынының 

негізін салушы және федерация президенті                                                                      

Руслан Исмазов аталған ойынның ережесі, 

мақсатымен таныстырып өтті.

Мұнан соң турнирдің ашылу салтана-

ты  өтіп,  қатысушылар  таныстырылды. 

Жарысқа  Астана,  Алматы,  Павлодар, 

Қарағанды, ШҚО, ОҚО, Қызылорда және 

Жамбыл облысынан бас-аяғы 7 құрама ко-

манда қатысты. 12-16 жас аралығындағы 130 

балғын спортшы 3 күн бойы өзара мықтыны 

анықтады. 

Турнир «Ордабасы» командалық ойы-

нымен бастау алды. Бұл ойында арнайы 

төселген паркетте екі команда бір-бірімен 

қарусыз шайқасты. Яғни, шығыс жекпе-жегі 

тәсілдерін пайдалана отырып, қарсыластың 

туын алып қашуға және өздерінің туларын 

қорғауға тырысып бақты. Ұйымшылдыққа 

және өзін-өзі қорғауға машықтандыратын 

бұл спорт жанкүйерлердің қызығушылығын 

оятты. Мұнан соң асық ату ойыны өтіп, 

жарыстың көркі қыза түсті. Түрлі сақалар 

шиіріліп, алшысынан түскен асық ату «бес 

табан» және «бес тас» ойындары бойынша 

өрбіді. 

Жоғары  деңгейде  өткен  бәсекенің 

қорытындысы бойынша асық атудан Жам-

был облысының құрамасы тұғырдың ең биік 

сатысынан көрінді.  Ал жүлделі ІІ орынды 

Астана, ІІІ орынды Шығыс Қазақстанның 

өрендерінің еншісіне бұйырды. «Ордабасы» 

командалық ойынынан Жамбыл облысының 

«Тимур» командасы жеңімпаз деп танылса, 

Алматы облысының құрама командасы ІІ 

орыннан көрінді. Жүлделі ІІІ орынды Пав-

лодар және Қарағанды облысының құрама 

командалары өзара бөлісті. 

 

„

Жасөспірімдер арасында асық атудан және командалық «Ордабасы» 



ойындарынан өткен «Жас өркен» республикалық турнирі мәресіне жетті. 

аСық атып, аСыР Салып...

 

„

күн суытқалы екпе мәселесі де күн тәртібіне шығарылды.



керуен кеңес береді

Арайлым БАҚыТжАнҚызы

Дау туғызып келе жатқан мәселенің бірі – вакцина-

ция. Мамандардың пікірін екіге жарған, адамдарды 

денсаулығы  үшін  алаңдатқан  егудің  айналасында 

алып-қашпа әңгіме көп. Бұл да  негізсіз емес. Дегенмен 

қазіргі таңда түрлі індеттердің алдын алудың басқа 

амалдары жоқ. Тұмау сияқты түрлі ауру-сырқауды былай 

қойғанда, басқа да дерттің түрі жеткілікті. Сондықтан 

«Егу керек пе, керек емес пе?» деген сауал алдымыздан 

кесе-көлденең шыға бермек. Елімізде әлеуметтік жоба 

негізінде вакцинация мәселелеріне байланысты жыл-

жымалы кеңес беру пункті өз жұмысын қазан айынан 

бастаған болатын. Бұл бастама «Ормандағы денсаулық 

алаңқайы» деген атпен жүзеге асты. Орман алаңқайы 

сияқты  етіп  жасалған  мобильді  пунктте  жұқпалы 

аурулардың алдын алу, екпе жасатуға қатысты барлық 

сұрақтарға жауап алуға болады. Аталмыш көш «Ата-

кент-Тараз» базарындағы «Magic Town» ойын-сауық 

орталығына келді. Мұнда ата-аналарға тегін кеңестер 

беріліп, балалар ауруының алдын алуға қатысты сан 

түрлі сауалдарға жауап берілді. Аталмыш жоба ҚР 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 

тарапынан  да  қолдау  тауып  отыр.  Себебі  еліміздің 

санитарлық-эпидемиологиялық  қолайлы  жағдайын 

қалыптастыру – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің 

бірі. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, ТМД 

елдерінің ішінде Қазақстанның Ұлттық егу кестесі өзінің 

толықтығы және заманауилығымен ерекшеленеді. Ал 

енді жылжымалы кеңес беру орталығын құрудағы мақсат 

ата-аналар  мен  дәрігерлердің  жақындасуына,  жаңа 

отау құрған ерлі-зайыптылардың өздерін алаңдатқан 

сұрақтарына емін-еркін отырып, қысылмай жауап алуына 

жағдай жасау болып табылады. Сондықтан да жоғары 

дәрежелі мамандар мұндай шараларды демалыс күндері 

халық отбасымен көптеп жиналатын сауда-ойын-сауық 

орталықтарында жүргізіп отыр.

–  Қазіргі  таңда  жас  ата-аналар  дәрігерлермен 

әңгімелесуге уақыт таба бермейді. Әсіресе, бірнеше бала-

лы отбасылардың бұған тіпті мұршасы жоқ. Денсаулыққа 

байланысты түйткілді сауалдар, оның ішінде вакцинация 

мәселелері баланың тек ерте жасында ғана емес, өмір 

бойына қажет. Біз бұл іс-шараның форматы туралы көп 

ойландық. Ал енді Ашық есік күндері туралы айтсақ, 

онда бәрібір ата-аналарға жұмыс күндері емханаға 

баруға, жұмыстан сұрануға тура келеді. Ойласа келе, 

кеңес беру жұмыстарын демалыс күндерімен байланыс-

тыруды жөн көрдік. Осылайша жылжымалы кеңес беру 

орындары туралы идея табылды, – дейді «Вакцинология» 

қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Айнагүл Қуатбаева.

Дәрігерлік  кеңес  беру  жұмыстарына  Алматы 

қаласының білікті педиатрлары, невропатолог, аллер-

голог, иммунолог мамандарымен қатар, С.Асфендияров  

атындағы Қазақ ұлттық мединица университетінің және 

Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  комитетінің 

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мони-

торинг ғылыми-тәжірибелік орталығының мамандары 

тартылған. Жылжымалы кеңес беру бекетіне 40-тан астам 

ата-ана келіп, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. 

Алдағы уақытта аталмыш керуен республиканың батыс 

өңіріне жол тартпақ. 



 

„

50 жас сарбаз әскер қатарына 



салтанатты түрде аттанды. 

Отанды қорғауға 

дайынмын!

Сейділдә ТӨРЕн

Жастарды азаматшылдық пен патриоттық рухта, бүгінгідей 

бейбіт күнде конституциялық және жауынгерлік адалдыққа, 

жауапкершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан облыстық «Мен 

Отанды қорғауға дайынмын!» атты патриоттық акциясы бас-

тау алған болатын. ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта 

өткен шараны облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері 

басқармасы  мен  облыстық  қорғаныс  істері  жөніндегі 

департаменті  ұйымдастырды.  Жиынға  Ауған  соғысы 

ардагерлері  мен  әскери  қызметкерлер,  орта  арнаулы  оқу 

орындарының алғашқы әскери дайындық пәні оқытушылары, 

әскери кафедра курсанттары, әскер қатарына шақырылушылар 

мен ата-аналар қатысты.

Онда  облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің 

бірінші  орынбасары,  полковник  М.Дәулетбақов,  «Та-

раз  қалалық  Ауған  соғысы  ардагерлері  мен  мүгедектері 

одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүкенбай Ермеков 

болашақ сарбаздардың тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, 

тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетудегі 

мәртебелі қызметтеріне тілектестік білдірді. 

Шара барысында патриоттық әндер шырқалып, әскерилер 

жекпе-жек  өнерінің  тәсілдерін  көрсетті.  Жастарға  үлкен 

серпін беріп, жауынгерлік рухты оятатын айтулы жиында 

әскер айбынын асқақтатып, болашақ сарбаздарға құрмет 

көрсетілді. Сондай-ақ оларға ұйымдастырушылар тарапынан 

сыйлықтар табыс етілді.

-  Мен  әскер  қатарына  аттанып  бара  жатырмын.  Отан 

алдындағы азаматтық борышымды абыроймен өтеймін де-

ген сенімдемін. Өзімнің үзеңгілес жас достарыма Бауыржан 

Момышұлы атамыздың «Ерлік - қасиеттің қасиеті, жүректілік- 

жігіттің қасиеті» деген жалынды сөздерін әрдайым жадында 

ұстаса деген тілегім бар. Замандастарымды әскерге баруға 

шақырамын, - дейді Айтжан Әбілхайыр. 

Бәсеке барысы.   Суреттерді түсірген Н.тұрғынбек

Алдымда - әскери өмір.   Суретті түсірген автор.


АЛуАН

12

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №47 (1335), 23 қараша  2016 Жыл  //



Қырдағы  қырағы  тірлік  пен 

өнегелі  тарихтың өрісінде аттан 

түспей, қаламы мен қамшысын қатар 

ұстаған белгілі ауыл шаруашылығы 

өндірісінің  ұйымдастырушысы, 

тәуелсіздіктің  ширек  ғасырында 

қанатын  тұғырға  қайрап  ұшқан 

қазақ халқының көмбе-көмбе көне 

тарихын  зерттеуде  өзінің  қадау-

қадау ізін, қазық қағып, қолтаңбасын 

қалдырған  зерттеуші,  қоғам 

қайраткері Берден Байқошқаров 81 

жасқа қараған шағында дүниеден 

озды.  


Берден Байқошқаров 1936 жылы 

Талас ауданының Ойық ауылында 

дүниеге келген. 1956 жылы Қазақ 

мемлекеттік ауыл шаруашылығы 

институтын  инженер-механик 

мамандығы бойынша тәмамдаған 

бойда  тағылымды  еңбек  жолын 

өңірдің  ауыл  шаруашылығы 

өндірісінен  бастады.  Қатардағы 

қара шаруаға араласып қана қоймай, 

саланың  өркендеуіне  үлкен  үлес 

қосып, салмақты серпілістер жасады. 

«Ойық» кеңшарында машина-трак-

тор шеберханасының меңгерушісі, 

Талас аумақтық ауыл шаруашылығы 

өнімдерін өндіру және дайындау 

басқармасының  бас  инженері, 

«Кеңес»  кеңшарының  басшысы,                                                                              

Сарысу аудандық партия комитетінің 

екінші хатшысы, Қордай аудандық 

партия комитетінің бірінші хатшы-

сы, Қазақ КСР Су шаруашылығы 

министрлігінің  басқарма  басшы-

сы, Байзақ ауданындағы «Шахан»                  

АҚ-ның президенті болып, өнегелі 

өмірінде кәсібіне деген адалдықты 

әр  ісімен дәлелдеп кетті. 

Қоғам қайраткері қай қызметке 

араласса  да,  өзіне  жүктелген 

жауапкершіліктің жүгін абыроймен 

арқалап, өзіне де, әріптестеріне де 

таудай талап қоя білді. Шындықтың 

туын тік ұстап, әділдіктің алдаспа-

нын  жанына серік етті. 

Өн бойына туа дарыған осындай 

игі қасиеттерінің арқасында оның 

маңдай тері, ерен еңбегі де ерекше 

бағаланып отырды. Көзі тірісінде 

Кеңес Одағының ордендерімен және 

медальдерімен марапатталса, Қазақ 

КСР Жоғары Кеңесінің тоғызыншы 

және  оныншы  шақырылымында 

депутат болып сайланып, бұқараны 

алаңдатқан азулы мәселелердің бел 

ортасында жүрді. 

Уақыттың бұйрығымен зейнетке 

шықса да, көрген-түйгенін көпшілікке 

арнап,  шығармашылықпен  ай-

налысты.  «Авестадан  Алашқа 

дейін», «Қордай: кеше және бүгін», 

«Бір  сәт  және  бүкіл  ғұмыр», 

«Ғаламның туындауы әрі өрістеп 

дамуы жайлы» пәлсапасы парасатқа 

құрылған тарихи-танымдық және 

ғұмырнамалық туындыларды қағазға 

құлатып,  оқырмандарға  ой  сый-

лап,  ыстық  ықыласына,  шынайы 

құрметіне бөленді. Биыл ғана жарыққа 

шыққан Берден Байқошқаровтың  

филология  ғылымдарының  док-

торы,  профе ссор,  түрколог 

Қаржаубай Сартқожаұлымен бірге 

жазған «Үйсін  хандығы» кітабы– 

тұңғиыққа  тамыр  тартқан  талай 

тарихи сұрақтарға жарығын төгіп 

жауап беріп тұрған дүние. Ол өзінің 

ғазиз ғұмырында көреген басшы, 

ардақты азамат ретінде мойындалған 

жан. Ұл-қыздарына ұлағатты әке, 

немерелеріне асқақ та үлгілі ата, 

ағайынға беделді болып, ел ағасы 

атанды. 


Берден  Байқошқаровтың  әр 

ісіндегі  ізі,  жарқын  жүзі,  айтқан 

сөзі, шығармашылық ізденісі мен 

ой салатын салмақты туындыларын 

біз ешқашан ұмытпаймыз. Ұрпақ та 

ұмытпайды.

  

Тараз қаласы әкімдігі, 

қалалық мәслихат және 

қалалық ардагерлер кеңесі.

Ардақты  әке,  аяулы  жар,  абзал  дос  Жамалбек                                        

Сауранбеков көзі тірі болғанда 75-ке келер еді. Осыдан 12 

жыл бұрын сұм ажал ортамыздан алып кетті. Жазмыш со-

лай болған шығар... Жамбыл облыстық телекоммуникация 

саласының білгір маманы Жамалбек Сауранбеков талай 

жыл осы дирекцияның ақпаратты қорғау және арнайы 

жұмыс қызметін басқарды. Әріптестерінің ортасында сый-

лы, жолдастарының арасында беделді болды. Азаматтық 

болмысы оны талай биіктерге көтерді.

Жамалбек  Сауранбеков  1941  жылы  28  қазанда                          

Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында дүниеге келді. Жам-

был облысындағы байланыс саласында 1959 жылдан бері 

еңбек етті. 1969 жылы Ленинград байланыс институтын 

тәмамдаған соң, осы салада ұзақ жыл жемісті еңбек етті.  

Қарапайым инженерліктен басшылық лауазымға дейін 

өсті. Өз кәсібінің кәнігі маманы ретінде талай марапаттың 

да төрінде болды. Әсіресе, жас кадрларды тәрбиелеу ісінде 

өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерді.

Жамалбек  Сауранбеков  өмірлік  жары  Кәмшат 

Сейілбекқызы екеуі алтындай алты ұл-қыз тәрбиелеп 

өсірді. Балаларының барлығы тәрбиелі, ата-ана үмітін 

ақтаған  азаматтар  болып  өсті.  Әкеміз  анамыз  екеуі 

39  жыл  бірге  бақытты  ғұмыр  кешті.  Үлкенге  өнеге, 

кішіге ізетті жолды көрсетіп 

тәрбиелеген  балалары 

бүгінде  сан  салада  еңбек 

етіп жүр. Бүгінде анамыз 

немерелеріне аталарының 

жақсы қасиеттерін айтып, 

еске алып отырады.

Жатқан  жерің  жайлы, 

топырағың торқа болсын, 

ӘКЕ!


Жақсы әке, жақсы атың сақталды,

Үмітің де, арманың да ақталды.

Ұл-қыздарың ұлықтады жолыңды,

Немерелер атасымен мақтанды!

Әулетіңнің тасып бүгін дәулеті,

Есіміңнің жарқын болды келбеті.

Жадымызда жатталады болмысың,

Ұмытпаймыз, ардақты әке, біз СЕНІ!

  Еске  алушылар:  жары,  ұл-қыздары,  келіндері, 

күйеубала, немерелері.

БЕРДЕН БайқОШқаРОВ

ЕСкЕ алу

облыстық драма театры

30 қараша 2016 жыл

11.00

Қазақстан Республикасы Тұңғыш 

Президенті күніне арналған республикалық 

ғылыми-тәжірибелік конференция



Қаалық мәдениет үйі

23 қараша 2016 жыл

15.00

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 

«Алаш» ордасының 100 жылдығына 

арналған «Алаштың асыл арысы» атты 

әдеби-музыкалық кеш

24 қараша 2016 жыл

15.00

«Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу»  

атты байқау

25 қараша 2016 жыл

11.00

«Ақ босағаның алты діңгегі» атты қалалық 

әжелер сайысы

 1 желтоқсан 2016 жыл

10.00

Елбасының еңбек жолына арналған 

көрменің ашылуы

1 желтоқсан 2016 жыл

10.00

«Қазақстанда жасалған» атты флэшмоб 

акция

1 желтоқсан 2016 жыл

10.45

«Елбасы - ел тірегі» атты жас патриоттар 

форумы

«Баласағұн» орталық концерт залы

24 қараша 2016 жыл

15.00

Ауыл шаруашылық форумы



25 қараша 2016 жыл

19.00

Әбдімомын Желдібаевтың концерті



29 қараша 2016 жыл

14.00

Назарбаев Зияткерлік мектебінің концерті



Тұңғыш Президент атындағы саябақ

1 желтоқсан 2016 жыл

10.00

Тұңғыш Президент күніне орай қала 

тұрғындары арасында жеңіл атлетикадан 

жарыс (Тұңғыш Президент саябағынан 



орталық «Достық» алаңына дейін) 

1 желтоқсан 2016 жыл

10.00

«Менің Президентім» атты Президент 

әндерінен жастар флэшмобы

1 желтоқсан 2016 жыл

17.30

Тұңғыш Президент күніне орай ҚР 

Мемлекеттік Туын салтанатты көтеру 

рәсімі


1 желтоқсан 2016 жыл

18.00

«Ұлты  ұлықтаған  Елбасы» атты 

мерекелік бағдарлама, «Елі сүйген 

Елбасы» атты концерттік бағдарлама, 

мерекелік отшашу

«Тараз - Арена» спорт сарайы

26-27 қараша 2016 жыл

10.00

Мемлекет және қоғам қайраткері 

Д. Қонаевты еске алуға арналған 

еркін күрестен ересектер арасында 

халықаралық турнир

27 қараша 2016 жыл

10.00

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 

25 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 25 

шыңы» мерекесі аясында «Тұғырың 

биік болсын, Қазақстан» атты жастар 

спартакиадасы



қазақстан Республикасы тұңғыш 

президенті күніне

 ұйымдастырылатын мәдени 

іс-шаралардың жоспары

 

„

«Отбасы - шағын мемлекет» деп жатамыз. Екі жас көтерген шаңырақтың керегесі кең, босағасы 



берік болғанда ғана онда саналы да сапалы ұрпақ тәрбиеленері сөзсіз. әлбетте, бұл егемен еліміздің 

жүйелі түрде дамуына даңғыл жол ашады. тұғыры биік тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде

қазақстанда 3 миллион жас отбасы некелерін қидырса, оның 65 мың 213-і  тараздықтарға тиесілі.  

Жас отбасы - Мәңгілік Ел тірегі

Мына  өмірде  сыңарын  адаспай  тауып, 

болашаққа бірге қол ұстасып аттануды ниет еткен 

жастардың қарасы арта түссе, бұл да мемлекет 

үшін үлкен жетістік. 

Соңғы  жылдары  Тараз  қаласы  әкімі 

аппаратының  АХАТ  бөлімшесіне  келіп,  отба-

сы  болуды  көздеген  жастардың  қатары  артып 

отыр. Жыл басынан бері 2975 жұп өз некелерін 

заңдастырды. Үлкен өмірге қадам басып жатқан 

жастардың жас ерекшеліктері әртүрлі. Олардың 

қатарында  оң-солын  жіті  танымайтын  16-17 

жастағы  бозбалар  мен  бойжеткендер  және 

қырықты алқымдаған азаматтар да бар.  Бірақ 

қазіргі отбасы құрушылардың орта жасы 27-ні 

құрап отыр. Бұл да заманның талабы болар деп 

түсінген жөн. 

Мәселен, күні бүгін неке куәліктерін қолдарына 

алған  жас жұбайлардың жасы 35-те. Отағасы 

Алмас Тоқтанов әскери қызметкер болса, оның 

жұбайы  Жанат  Барлыбаева  қаржы  саласында 

еңбек етіп жүрген білікті маман. Осылайша, ел 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында шаңырақ 

көтерген  жас  жұбайлардың  армандары  асқақ, 

мақсаттары да айқын. 

Осы салада 10 жылдан астам уақыт тәжірибемде 

көз жеткізгенімдей, 25 жастан асқан жұптардың 

шаңырақтарының шайқалу фактілері арагідік қана 

тіркелсе,  керісінше, отбасы құндылығына аса мән 

бермей, жылт еткен сезімге бой  алдырған мектеп 

оқушылары мен студенттердің арасында ажырасу 

фактілері жиі орын алып жатады.  Өкінішке орай,  

қараша айының жиырма бірінші жұлдызына дейін 

1061 жас отбасы, яғни «өмір бойы бірге бола-

мыз» деп серттескен жандардың жолдары екіге 

айырылысыпты.  

Әлбетте, мұндай жантүршігерлік сандардың 

сыртында, жалғыздықтың кермек дәмін татып,  

өмірде жаңылысқан еркек пен әйелдің өзекті оттай 

өртейтін өкінішке толы тағдыры, әке мен ананың 

аялы алақанына зәру, тірі жетімдіктің зардабын 

тартып отырған бейкүнә балалардың көз жасы жа-

тыр емес пе?! Осы орайда, отбасында ұл мен қызға 

берілетін ұлттық тәрбиемізді қайта жаңғыртсақ, 

қоғам да жас ұрпақтың таным-түсінігінің тиісінше 

кеңеюіне ықпал етсе, нұр үстіне нұр болар еді-ау 

деген ойға қаласың.

Тақырыпқа тұздық ретінде, ширек ғасырға жуық 

жұптарын жазбай, ұлағатты ұл-қыз тәрбиелеп, 

бақыт кілтін адаспай тапқан Асанбековтер әулеті 

отбасының беріктігі кешірім мен ауызбіршілікте 

екенін жастарға ақыл ретінде алға тартады. Мен 

де бір отбасының отанасы, үш баланың анасы 

ретінде,  бұл  азаматтардың  ақыл-кеңестерін 

толық құптаймын. Отбасының іргесі берік болған 

жағдайда ғана, мемлекеттің бағындырар белесі мен 

асар асуы биік болмақ.   


Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі

жүктеу 1.07 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет