Е. А. Бекетов атындағы Караганды профессоры, медицина гылымдарынын докторы А. Е. Коикабаева


 Эмоция және оның себептері мен дамуы



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет9/16
Дата03.05.2017
өлшемі1.71 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

6. Эмоция және оның себептері мен дамуы
Эмоция, оның түрлері, физиологиялық негізі. 
Эмоция 
немесе  көңіл-күй  латын  тілінде  эмовере  -   қобалжу,  қозу 
деген  мағынада  тараған  термин.  Бүл  жоғары  жүйкенің 
күрделі,  қиын  зерттелетін  қызметінің  бір  түрі.  Сондықтан 
осы  күнге  дейін  эмоция  туралы  нақтылы  анықтама  жоқ. 
Дегенмен  көптеген ғалымдардың қағидаларын қорыта келе, 
адамның  ішкі  сезімін  білдіретін  сыртқы  ортадан  алған 
сезімдерінің  негізінде  қалыптасқан  көңіл-күйінің  көрі- 
ністерін  э м о ц и я   деп атауға болады. Ол адамның сыртқы 
ортаның  жағдайына  деген  сезімін  білдіріп,  белгілі  бір 
тітіркендіргіштің  әсеріне  көрсететін  организмнің  жауабы. 
Эмоция  адамның  бетініц  әлпетін,  денесінің  қалпын,  мими- 
касын, сөз интонациясын, дауыс ырғағын қан тамырларының 
жағдайын  өзгертуі  арқылы  көрінеді.  Олар  адамныц  ішкі 
сезімін  анық  жеткізеді.  Былайша  айтқанда,  эмоциялық 
реакциялар вегетативтік реакциялармен сипатталады. Неғүр- 
лым вегетативтік өзгеріс күшті  болса,  соғүрлым эмоцияньщ 
дәрежесі  жоғары  болады.
Өткен ғасырдың басында ағылшын физиологы У. Кеннон 
эмоцияны  мүқият  зерттеген.  Эмоциялы  ашулану,  қорқып 
үрку  кезінде  қандағы  адреналиннің  мөлшері  оқыс  орасан 
көбейіп  кетеді,  сөйтіп  организмді  төзімділікке,  жағымсыз 
әсерге  қарсы  түруға  дайындайды.  Мақсатты  жүмыс  сәтті 
орындалса, тағы да екінші  рет эмоция туады.
92

Д .  О.  Х е б б   м и к р о эл ек т р о д т а р д ы  
егеуқ үй р ы қ ты ң   миы на  қ о н д ы р ға н д а  
оның  біреуі  гипоталамустың орталығына 
бармай,  ми  қыртысына  қадалыпты.  Оны 
тоқпен  т іт ір к ен д ір ген д е  т ө ж ір и б е д е г і 
егеуқүйрықтың  жаңа  жауабы  байқалған. 
Сөйтіп,  тәжірибенің  жаңылысы  ми  қыр- 
ты сы ндағы   эм оц и я н ы ң   ең   ж оғары  
орталығын  табуға  себеп  болған.
Э м оц и ял ы қ   ортал ы қ тарды ң   к өбі 
гипоталамуста,  таламуста  ж ән е  мидың 
торлы  қүрылымында  орналасқан,  ал  ең 
жоғары  орталығы  ми  қыртысының  маң- 
дай  аймағында  болады.  Мақсат,  қуаныш 
орталықтары  ми  қыртысының  маңдай 
жөне  маңдай  алды  аймақтарында  орна- 
ласқан.  Бүл  аймактарда  эмоция  мен  сана 
қабысады.  Өйткені  ол  артқы  ж ене  самай 
айм ақтары м ен  бай л ан ы сады   (Л ур и я ,
1966;  Николаев,  1979).
К е й б ір   зе р т т е у ш іл е р   эм оц и я н ы ң  
3  қүрамы  бар  екенін  жазады:
1)  ішкі  сезім;
2)  сыртқы  көрінісі;
3)  соңғы  нәтижесі.
Эмоция  организмнің  нервтік-психи- 
калық  қызметінін  реттелу  механизмінің
бірі.  Сондықтан  адамның  барлық  еңбегі, 
жағдайы  оның  көңіл-күйіне  байланысты 
болады.  Тіпті,  еске  сақтау  қабілетінің  өзі 
көңіл-күйге тәуелді. Эмоцияны оң немесе 
жағымды  ж ен е  теріс  нем есе  жағымсыз 
деп екіге бөледі. Денедегі барлық тірлікке 
қ аж етті  қ ы зм ет т ер д і  ж ақ сар таты н , 
күшейтетін  көңіл-күйді  о  ң  немеде  ж  а  - 
ғ ы м д ы  эмоция дейді. Жағымды эмоция 
( 1 1-сурет  )  кезінде  адамның  беті  шырай- 
ланып,  өңі  кіреді,  тынысы  кеңиді,  пульсі 
қалыпты  ыргакқа  келеді,  шаршауы  басы- 
лады, организм белсенді  қалпына көшеді.
1
Ш
  V
т
11-сурет. 
Ж ағы м ды ,  ж ағы м - 
сы з  эм оция:
қуаныш ,  шаттану, 
ж иіркеніш ,  таңғалу, 
ашу,  қоркы ныш
93

Мұндай  эмоция  адамның  күлкісінен,  жымиюынан,  қызу 
еңбегінен  көрінеді.  Оң  эмоция  адамның  денсаулығын  жақ- 
сартады, еңбек қабілетін күшейтеді. П. В. Симоновтың түжы- 
рымы бойынша (1975), жағымды эмоциялар организмге пай- 
далы шартты-рефлекторлы реакциялардың бекітілуінің күшті 
амалы.  Олай  болса,  жағымды  эмоция  —
  эволюцияның  өте 
күшті  қозғаушысы,  тыныштық  пен  түрактылықты  бүзушы. 
Мүнсыз әлеуметтік алға басу да мүмкін болмас еді. Шынын- 
Да, 
адамның  оң  эмоциясын  ецбектегі  жетістіктер,  ғылымда 
жасалған  жаңалықтар,  емтихандағы  жақсы  баға,  өндіріс
орынындағы тапсырманы орындау, адамды жетістіктері үшін 
мақтау,  марапаттау  сияқтылар тудырады.
Т е р і с  немесе ж а ғ ы м с ы з эмоция организмнің бар- 
лык көрсеткіштерін төмендетеді. Иығы салбырап, бет пішіні 
бүзылады (11-сурет), бетінен шырайы кетеді, күлкісі тиыла- 
ды,  тынысы  тарылып,  жүрегінің  соғуы  жиіленеді, 
денсаулығы нашарлайды. Қайғы-қасіреттің әсерінен жылай- 
ды.  Теріс эмоция өз ецбегіне риза болмағанда да байқалады 
немесе  еңбегініц  нәтижесі  күткен  дәрежеде  болып  шықпа- 
ғанда  туады.  Мысалы,  оқушы  сабаққа  жақсы  дайындалып, 
жауап бергендегі мүғалімнің бағаны төмен қойған кезін еске
алыңыз.
Эмоциялар  пайдалы  нәтижеге  жету  үшін  организмнің 
барлық қорын, мүмкіндігін жүмсауға жүмылдырады. Мүндай 
жүмылдьфу қиындықтарды жеңу мүмкіндігін береді. Әсіресе 
бүл  организмге  тым  күшті  тітіркендіргіштер  эсер  еткенде, 
яғни  тіршілікке  қауіп  төнгенде  немесе  ауыр  қара  жүмыс, 
мимен күшті жүмыс істеуге тура келген төтенше жағдайлар 
кезінде аса маңызды орын алады. Организмнің төтенше қиын 
жағдайлардагы  қызметін  зерттеулер  оның  өте  күшті  жасы- 
рын  жатқан  мүмкіндіктерінің  бар  екенін  көрсетеді.  Мыса­
лы,  бір  қарапайым  әйел  баласын  қоргау  үстінде,  салмагы 
бірнеше  жүз  килограмм  болатын  автомобильді  артқы 
дөңгелектерінен  үстап,  көтергені  мәлім.
Оң және теріс эмоциялар адамның сыртқы орта жағдай- 
ларына бейімділігіне  эсер  етеді.
Организмдердің  эволюциялық  даму  сатысында  эмо- 
цияның кальпггасуына байланысты оны төменгі және жогары 
сатыдагы эмоция деп бөледі. Т ө м е н г і сатыдағы эмоцияга 
адам  мен  жануарлардың  организмінің  қажеттілігіне  бай-
94

ланысты  туы ндаған  түрлерін  жатқызады.  Мысалы,  жы-
ныстык  инстинкттер,  өзін -өзі  қорғауға  бағытталған  эм о- 
циялар.
Ж  о  ғ  а  р  ы  саты дағы   эм о ц и я ға   адам ға  ғана  т ән  
интеллектуальдік, эстетикалық, адамгершілік т.б.  әлеуметтік 
эмоциялар  жатады.
Э м оцияны ц 
ж ас 
ерекш еліктері. 
Жаңа  туған  сөбидің 
эмоция  жағдайы  ыңғайсыз  болғанда  жылау,  терісінің  қыза- 
руы  (бала жылар  алдында  зорланып,  беті  қызарады)  арқылы 
білінеді.  Кейіннен  оның  эмоциясының  сипаты  өзгереді.  Ба- 
ланың әрекеттерінің бері оның көңіл-күйінің белгілі  бір қал- 
пы  арқылы  көрінеді.  Алғашқы  жылғы  өмірінен  бастап  оң 
эмоциялары  қалыптасады.  2 -4   жас  арасы нда  жағымсыз 
эмоция  белгілері  туады.  Мысалы,  заттардын  белгісін,  түсін 
айыра  бастап,  эмоциялық  өзгерістерім ен  оның  жағымды- 
жағымсызын  білдіре  алады.  Жағымды  эмоциялар  3  жасқа 
дейінгі  балаларда  өздерін  шексіз  сүйетін  анасымен  тікелей 
қарым-қатьшастыц  негізінде  қалыптасады.  Сондықтан  бүл 
кезде  балаларда  сүйіспенш ілікке  сүйіспенш ілікпен  жауап 
беруге байланысты жағымды эмоцияларды қалыптастыру аса 
маңыз ды .
Балалардыц эмоциясы түрақсыз келеді. Әсіресе, мектепке 
дейінгі  жастағы  балалар  бір  қалыптан  екінші  қалыпқа  тез 
ауысады.
7-11  жастағы  балалар  психикалық  эмоцияның  барлық 
түрлерінің  белгілерін  корсете  бастайды.  Ә сіресе,  қуаныш, 
ренжу,  қарсыласу  іспетті  эмоцияның  түрлері  дамиды.  Бас- 
тауыш  сынып  оқушыларын  байсалдылыққа  үйрету  арқылы 
жағымсыз  эмоцияларын  азайтып,  жағымды  эмоцияларын 
дамыту мүмкіндігі мол. Сондықтан оку-төрбие жүмыстарын- 
да  мүны  ескеру  қажет.  Баланың  еңбектегі  ж ән е  оқудағы 
жетістіктерін  жөнімен  пайдалана  отырып,  дүрыс  тәрбиелеу 
аркылы  болашақ  азаматты  озін-өзі  үстай  алуға  үйрету,  теріс 
эмоциясын  тежеп,  көңіл-күйінің  жетегінде  кетуден  сақтауға 
болады. -
12-16  жаста  эмоцияның  барлық  түрлері  толық  қалыпта- 
сады.  Бүл  жастағы  ж еткінш ектердің  ми  қыртысындағы 
қозуы ны ң  басы м   болуы на  байланы сты   тер іс  эм оциясы  
көбірек  көзге  түседі  ж әне  себебі  түсініксіз  жағдайы  —  теріс 
эмоцияға  бейім  келеді.  Бул  саладагы  зепттеүлеплі  жалғас-
95

тыру  аса  маңызды.  Эрине,  өмірдің,  тұрмыстың,  мектептегі
балалардың ықпалымен эмоцияның кейбір түрлері  күшейіп, 
өзгеруі  мүмкін.
Тәжірибелі мүғалім оқушының есте сақтау қабілетін да-
мыту  үшін  жағымды  эмоцияның  әсерін  пайдаланады.
Оқушының  берген  жақсы  жауабын  мақтап,  басқаларға  үлгі
етіп  жариялайды.  Сонда  ол  оқушы  сабақты  бүрынғысынан 
да жақсы  оқуға талаптанады.
Эмоцияның  есте  сақтау  және  еске  түсіру  қабілетте- 
рімен  байланыстылығы. 
Эмоциялық  көтеріңкі  күй 
оқушынын материалды берік есте сақтауына күшті эсер етеді. 
Сондықтан  оқу-тәрбие  жүмыстарын  үйымдастырғанда
эмоциялық әсерлердің маңызын  есте сақтау керек.  Мүғалім 
жаңа  материалды  жоғары  көңіл-күймен,  мәнерлеп  айтып, 
түсіндірсе,  ондай  сабақ  баланың  есінде  жақсы  сақталады. 
Оқушының  көңіл-күйі  жақсы  болғанда  оқу  да  жеңілденеді. 
Баланың аурудан айығуы да оның көңіл-күйіне байланысты 
болады.  Көңіл-күйі  жақсы  болса,  бала  тез  айығады,  ауруы 
да  жеңілірек  өтеді.  Сондықтан  ауырған  балалардың  эмо- 
циялық жағдайына  назар  аударған жөн.
Эмоциялық  жақсы  әсерленіп  шабыттанған  кезде  акын- 
дар,  композиторлар,  жазушылар суретшілер  көптеген  жайт- 
тарды тез ойына түсіріп, жаңа шығармаларды қолма-қол ту- 
дырады.  Мысалы,  Иса  Байзақовтың  желдірмелері  осындай 
жағдайда  туған  шығармалар.  Ол  жақсы  ақын  ғана  емес, 
сонымен  қатар,  өте  дарынды  әртіс  болып,  шығарманың 
желісін  эмоциялы  қимылдармен  тыңдаушыларға  жақсы 
жеткізген.  Сахнадағы оның өнерін қолдап халық ду қол ша- 
палақтағанда,  ол  сценарийдегі  мәтінге  қосымша  жаңа 
сөздерді  қосып,  тоқтамай  жалғастыра  берген.
Бұл жағымды эмоцияның әсері, ал жағымсыз эмоция есте 
сақтауға,  еске  түсіруге,  оларды  қажетіне  пайдалануға  кері 
эсер етеді.  Мысалы, студенттер емтихан тапсыру қарсаңын- 
да  жағымсыз  эмоцияның  ықпалында  болса,  онда  олар 
материалды  біле түра, дүрыс жауап  бере  алмайды.
Эмоция  мен  есте  сақтау қабілеттерінің арасындағы  бай­
ланысты  орыс  психиаторы  С.  С.  Корсаков  зерттеп,  былай 
деген:  Кейбір  адамнын  есте  сақтау  қабілеті  жақсы  бол- 
ғанымен,  өтіп  кеткен  оқиғаларды  есіне  түсіруі  оңайға
96

соқпайды. Ал басқа бір адамның есте сақтау және есіне түсіру 
қабілеттері  эмоциялық  маңызы  бар  оқиғалармен  тығыз  бай­
ланысты  болады.
7.  Ү й қ ы ,   о н ы ң   ф и з и о л о г и я л ы қ   н е г із д е р і  м е н
ж а с   е р е к ш е л іг і
Үйқы  адам  организмінің  қалыпты  қызмет  атқаруы  мен
тірлігін  сақтауға  қажетті  жағдаи.  Сергек  ояу  адам  сыртқы
ортамен  бел сен ді  қарым-қатынаста  болып,  оның  әсерлеріне
лайықты  ж ауап  б е р е д і.  Ол  сыртқы  ортаны ң  т іт ір к ен -
діргіштерінің  түріне  байланысты  күшті  әсерге  күшті,  әлсіз
есерге  әл сіз  жауап  берсе,  үйқыдағы  организмнің  жауабы 
мүлде  баскаша  болады.
Ұ йқы ны ң  ф и зи ол оги я л ы қ   негізі.  И. 
П.  Павлов  пен 
оның  ш әкірттерінің  зерттеулері  н егізін де  үйқы  мен  ішкі 
тежелудің табиғаты  бір  екені  анықталды.  Ояу жүргенде  ішкі 
тежелу  нерв  клеткаларының  жеке  топтарында  ғана  байқала- 
ды.  Ал  үйықтағанда  күллі  ми  қыртыстары  мен  қыртысасты 
күрылымдарына тарайды.  И.  П.  Павловтың  айтуынша,  үйқы
—  мидың  жоғарғы  бөлім деріне  жайылған  қ о р ғ а н ы с  
т е ж е л у  і  .
Қазіргі  мәліметтер  бойынша  ми  бағанасында  үйқы  мен 
сергектікке  эсер   етуш і  нерв  клеткаларының  шоғырланған 
топтары  болады.  Үйқының  пайда  болуына  таламус,  гипо­
таламус  пен  торлы  қүрылымның маңызы  бар  екені  анықтал- 
ды.  Таламус  пен  гипоталамуста  арнайы  үйқы  орталыктаоы
орталық
теиді.  ьүл  орталықтар  жануарлардың  миына  электродтарды 
орналастырып,  үйқы  ж ән е  сергектік  орталықтарын  тітір- 
кендіру  арқылы  дәлелденді.  Егер  үйқы  орталығын  тітіркен- 
дірсе,  жаңа  ғана  үиқыдан  оянған  жануар  қайтадан  үйықтап 
қалады.  Ал,  керісінше,  сергектік  орталығын  тітіркендірсе, 
үйқыдагы  жануар  тез  оянады.
Үикыны зерттеу үшін мидың ЭЭГ-сын организмнің түрлі
калыптарында  жазып  алып  талдағанда,  үйқы да  жатқан
организм нің  б е л с е н д і  қы змет  атқарып  жатқан  н ей р он -
дарының  саны  сергек  кездегіден  анағүрлым  көп  екенін  бай-
каган,  яғни  үйқы  организмнің  белсенді  жағдайы.  Үйқыдагы
организмнің  миының  көпшілік  бөлімдері  белсенді  қызмет 
атқарады.
182
97

/
II
III
IV
Б
12-cypem.  ¥йқы.
А-баяу және жылдам  ұйқы,  Б-ұйқының кезеңдері  (I-IV);
В-¥йқы мен сергек кездегі ми орталықтарының ара қатынасы
(П.  К.  Анохиннің қағидасы бойынша)
Ү йқы және сергектік қал ыптарына ми қыртыстары ықпа- 
лын тигізеді.  Ондай ықпал лимбика және  торлы кұрылымы 
бөлімдерінің  қызметін  реттеп,  өзінің  нейрондарының 
қызметін  күшейту  арқылы  іске  асады.  Осыған  байланысты 
П.  К.  Анохин  ұйқының  қыртыс-қыртыс  асты  механизмдері 
туралы болжамды ұсынды (12-сурет В). Ол бұл болжамында 
И. П. Павловтың ілімі мен одан кейінгі XX ғасырдың екінші 
жартысындағы  жаңалықтарды  біріктірді.
Үйқыдағы  организмнің  ЭЭГ-сын  зерттегенде  әрбір  80- 
90  минөт  сайын  баяу  ырғақтар  ояу  кездегіге  ұқсас  жылдам 
ырғаққа  ауысатынын  бақылаған.  Ондай  кезде  көз  алмасы 
жылдам-жылдам  қозғалып,  пульс  пен  тыныс  жиілігі  арта­
ды.  Бұл мезгіл ұйқының  п а р а д о к с т ы   к е з е ң і ,   яғни
98

жылдам ұйқы деп белгілеген. Бұл кезеңце электр белсенділігі 
сергек  кездегідей  болғанымен  организмнің  сыртқы  ортамен 
байланысы  болмайды,  оның  сигналдарын  қабылдау  тежел- 
ген.  Кезекті  күнделікті  үйқы  кезіндегі  ЭЭГ-ның  белсенділік 
ырғақтары  нейрохимиялық  жүйенің  белгілі  бір  жүмыстары- 
на байланысты деп есептеледі.  Үйқыдағы  адам осы кезде түс 
көреді  (12-сурет  А ).  Жылдам  үйқы  адам  организміне  аса 
кажетті.  Егер  үйықтағанда  ол  пайда  болмаса,  бір  түннің 
іш інде  адамның  ж үйке  ж үй есін ің   қозғыштығы  күш ейіп, 
күндіз  ашуланшақ  болады,  ал  үзақ  мерзімге  созылса,  адам 
науқастанады.  Жылдам  үйқы  кезінде  адам  оянбайды.
Үйқының  баяу  толқы ндары   байқалатын  к езең дер ін
б  а  я  у  үйқы  немесе  о р т о д о к с т ы   үйқы  деп  атайды. 
Кезекті  түндегі  бір  үйқы  бірнеше  циклдан  түрады.  Әр  цикл- 
да жылдам ж әне баяу үйқы кезеңдері бар. Таңға жақын оянар 
кезде жылдам үйқы байқалады, сондықтан оянған адамда  түс 
көру  сезімі  туады.  Түс  көру  сезімі  түс  көріп  жатқанда  оянса 
ғана  пайда  болады,  оянбаса  ондай  сезім  тумайды.
Кезекті күнделікті үйқы 4 кезеңнен (12-сурет Б;  13-сурет) 
қүралады:  бір  белсенді  жылдам  үйқы  кезеңі  ж өне  3  баяу 
к езең д ер .  О ларды ң  би ол оги ял ы қ   ырғақтары  ш ам ам ен 
1  сағат  30  минөт  сайын  қайталанып  отырады.
Б 
2
г 
' V
V
W
4
I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I  I 
I
Ш
13-cypem. Үйқы және сергек  кездегі адамның ЭЭГ-сы:
1-сергек  ,  2-бірінш і  кезең,  3-екінш і  кезең,  4-үш інш і  кезен.
99

Ұ й к ы н ы ң  ж а с   е р е к ш е л ік т е р і, ұ за қ т ы г ы   ж ә н е   к а ж ет т і 
ж а ғ д а й л а р ы . 
Б а л а н ы ң   ө с іп   д а м у ы   б а р ы с ы н д а   ұ й кы   м ен 
сергек ж үру м ерзім д ерін ің  м өлш ері өзгереді. Ж аң а ту ған  сәб и  
ал ғаш қ ы  күндері т ә у л ігін е  21  сағаттай  ү й ы қ тай д ы .  Б іртін деп  
он ы ң   үй қы сы   азай ы п ,  сер гек   м ерзім і  үзарады .  1  ж а с қ а   ж а- 
қ ы н д аған   б ал ан ы ң   ү й қ ы сы н ы ң   ү зақ ты ғы   14  сағат,  4   ж а ста — 
12,  10  ж аста —  10-11,  ер есек   ад ам д а  7-8  сағат  (2-кесте).
2  - к е  с  т е
Ж а ск а   са й   ұ й қ ы   м ө л ш е р і
Ж ас 
ч*
Ү йкы ,  сағ.
Ж ас
Ү й к ы ,  сағ.
1-күн
2 1 -2 2
5-6
10-11
1-2  ай
14-16
13-14
8-9
6-12  ай
13-14
16-17
7-8
2-3  ж ас 
«•>
11-12
20-25
6-8
Ү й қ ы н ы ң   б а р л ы қ   к е з е ң д е р і  б а л а н ы ң   а л ғ а ш қ ы   а й л ы к  
өм ірін д е  қ ал ы п таса  бастай ды .  Е р есек   ад ам н ы ң   ү й қ ы сы н ы ң  
кезең дері  10  ж асқ а  д ей ін   қал ы п тасы п   үлгереді.
Ү й қ ы н ы ң   п а й д а   б о л у ы   т ә у л ік   м е з г іл ін е   б а й л а н ы с т ы . 
К ү н д із  ш ар ш аған д а  ү й қ ы   ми  қ ы р ты сы н ы ң   қ о зғы ш   ай м ак та- 
р ы н д а  п ай д а  болған   теж ел у д ің   ж ай ы л у ы н ан ,  ал  кеш ке  сезім  
м ү ш ел ер ін ің   қы зм еті  то қ тап ,  сы р тқ ы   о р там ен   б ай л ан ы сты ң  
н аш ар л ау ы н ан   басталад ы .
Б ал ан ы ң   өм ір ін д е  5-6  ж асты ң   м аң ы зы   ерекш е:  бүл  кезд е 
күн д ізгі  ү й қ ы   то қ тал ы п ,  1  т ә у л ік   екі  кезең ге  ған а  бөлін еді: 
о я у   ж ү р у   н е м е с е   с е р г е к т ік   ж ә н е   ү й ы қ т а у   к е зе ң д е р і.  С о н - 
д ы қ тан   б ал ан ы ң   тү н гі  ү й қы сы   б ү зы л ған д а  о н ы ң   о р ган и зм і 
өлсіреп ,  тез  ш ар ш ау   белгілері  туады .  Б ал а  күн   к естесін д егі 
е ң б е к   у а қ ы т ы   м ен   ү й қ ы   у а қ ы т ы н   д ү р ы с   с а қ т а м а с а ,  о н ы ң  
о р г а н и з м ін д е   қ а л ж ы р а у   п а й д а   б о л а д ы .  О н д а й   б а л а н ы ң  
ең б егін ің   н әти ж есі  тө м ен д еп   кетеді.
8.  Адамның  саналы  іс-әрекетінің  физиологиялык  негізі  ж әне
оныц жас  ерекш еліктері
Ш а р т т ы   р е ф л е к с   ж о ғ а р ы   ж ү й к е   ә р е к е т і н і ң   м а ң ы з -  
д ы   т е іч г і.  Д е г е н м е н ,  а д а м н ы ң   і с - ә р е к е т і   м е н   қ ы л ы ғ ы  
р еф л ек то р л ы   р еак ц и ял ар д ы ң   қ о сы н д ы сы   ем ес.  А д ам н ы ң   іс-
100

әрекеті  нақты  міндет,  мақсаттар  мен  күтетін  нөтижені  анық 
ойлаумен  байланысты.  Бүдан  үш  ж үз  жылдай  бүрын  ашыл- 
ған  мидың  кызметінің  рефлекторлы  қағидасы  тірі  организм- 
нін  кызметін  анықтауды  қамтамасыз  еткен  еді.  Бүл  мидың 
кызметі  жайлы  ілімнің  дамуына  қажетті  кезең  болып,  сол 
кездегі  іс-өрекеттің,  мінез-қүлықтың  физиологиялық  тетігі 
туралы түсініктің қалыптасуына, сөзсіз, қажет болған еді. Ал 
физиологияның  қазіргі  замандағы  дөуірлеу  шағында  дөлел- 
деудің орыны мен маңызы, нақтылы жағдайы ескеріледі, яғни 
қозғау  салушы  тетік  (стимул)  іс-қылықтың  қалыптасуының 
себебі  ретінде  карастырылады.
П.  К.  А н о х и н   (1 9 6 8 )  саналы   іс-қим ы лды   т ү с ін д ір у  
үшін  арнайы  “функциялык  ж үй ен ің ”  сы збасы н  үсы нды . 
П.  К.  Анохин  функдиялық  жүйені  белгілі  бір  нақты  бейімді 
пайдалы  нөтижеге  қол  жеткізуге  бағытталған  іс-өрекеттерді 
іске асыратын орталық жүйке жүйесінің тиісті  бөлімдері мен 
атқарушы  м ү ш ел ер д ің   б ір л е с т іг і  р е т ін д е   қарасты рады  
( 14-сурет). Функциялық жүйе қүруда ең негізгісі — ол өрекет- 
тің  нәтижесі.  Организм  пайдалы  нәтижеге  жеткенде  оның 
лайықты  мақсаты  орындалады,  қанағаттандырылады.  Бүл 
кезде функциялық жүйенің қызметі тоқтайды.  Ал  егер орын- 
далған  әрекеттің  нәтиж есі  организмді  қанағаттандырмаса, 
он да  функдиялық жүйе  қайтадан  басқаша  қүрылып,  мақсат- 
ты іс-өрекетті орындауға кіріседі.  Бүл жүйедегі  негізгі  кезең, 
ол  —  кері  байланыс  аркылы  мөліметтердің  берілуі.  Мүндай 
мэліметтер  орталық  жүйке  ж үйесіне  тек  қана  эффектордың 
сезімтал  күрылымдарынан  ғана  келіп  қоймай,  өрекеттің 
н егізін д е  тітір к ен дір іл ген   басқа  м үш ел ер де  орналасқан 
кабылдагыштардан  да  келеді.  Организмнің  тіршілік  ортаға 
нақтылы  сөйкестеліп  икемделуінде  кері  байланыс  тетігінің 
мені  өте  зор.
Қазіргі  замандағы  ғылым  мен  техниканы ң,  киберне- 
тиканың  жетістіктерін,  радиоэлектрониканың  жаңалықта- 
рын,  компьютерді  кенінен  физиологиялық  зерттеу  жүмыс- 
тарында колданып, нерв  импульстерінің кері байланыс тетігі 
жайлы  қағида  теренірек  зерттелуде.
Саналы  іс-өрекет  адамның  жасына  байланысты  ерек- 
шеленеді.  Балаларда  ол  қимыл  белсенділігімен  көзге  түседі, 
яғни  оларды ң  бүлш ы к  ет т ер ін ің   қы зметі  қатарласады . 
О рганизмдегі  бүлшық  еттердін  қызметі  жүйке  ж үй есін ің
101

қызметімен  және  оның  қасиеттерімен  тікелей  байланысты, 
сондықтан  жоғарыда  айтылған  орталық  және  шеткі  жүйке 
жүйелерінің  баланың  жасына  лайық  ерекшеліктерінің  заң- 
дылықтарына  және  мүмкіндіктеріне  тәуелді  болады.  Оку, 
тәрбие,  тұрмыс  жағдайларында  баланың  жасына  лайық 
физиологиялық  қажеттері  толық  қанағаттандырылмағанда 
оның  қалыпты  тіршілік  әрекеттері,  сыртқы  және  ішкі 
орталардың  жағымсыз  әсерлеріне  төзімділігі,  организмінің 
иммундық  қасиеттері  нашарлайды.  Сонымен  қатар,  жүйке 
жүйесі  мен  оның  бөлімдерінің  арасындағы  үйлесімділік 
бүзылады, жоғары жүке жүйесінің жоғары сатылы қызметіне 
жағымсыз эсер етіп, ес, эмоция, шартты рефлекстерінің пайда 
болуы  мен тежелуі,  баланың  көңіл-күйі  бүзылады.
Кері  афферентация  (кері байланыстар)
14-сурет.  Саналы іс-әрекет.
1, 2, 3..., п -   әрекет кезеңдері
Алғашқы  3  жаста  жоғары  жүйке  жүйесінің  қарқынды 
дамуына байланысты сәби бірнеше сағат бойы сергек күйде 
бола  алады.  Дегенмен  оның  жүйке  жүйесінің  жоғары  бел- 
сенділігі сергектік кезде тежелуге жылдам ауысады. Бүл бала 
организмінің  қорғаныс  реакциясының  біріне  жатады,  яғни 
оның  организмі  шектен  тыс  қажудан,  шаршаудан,  қалжы- 
раудан  өзін-өзі  сақтайды.

жүктеу 1.71 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет