Е. А. Бекетов атындағы Караганды профессоры, медицина гылымдарынын докторы А. Е. Коикабаева


Белоктың  синтезделуі  тездейді.  Холин  қабылдагышы  іспетті



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет7/16
Дата03.05.2017
өлшемі1.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Белоктың  синтезделуі  тездейді.  Холин  қабылдагышы  іспетті 
жаңа  белок  заттары  пайда  болады.  ДН К   мен  РНК-ның  қүра- 
мында  біраз  өзгерістер  туады,  нейрондағы  РНК-ның  түзілуі 
ж еделдей ді.  Н ейрондар  аралығындағы  глиялық  клеткалар 
кейбір  ерекше  заттарды  түзеді  д е  импульстің  синапстан  тез 
өтуіне  мүмкіндік  тудырады.
3.  М о р ф о л о г и я л ы қ   тетік.  Уақытша  байланыс 
жасауға қатысатын нейрондардың талшықтарының, көбінесе 
оны ң  д ен д р и т т ер ін ің   аздап  ж уан дауы   байқалады   д еген  
м әл ім ет  бар.  Бірақ  цитологиялық  д әл ел д ем е  м әлім еттер 
әзірш е  жоқ.  Дендриттердің  үштарында  жаңа  бүршіктер  пай­
да  болған  деген  дерек  те  бар,  бірақ  ол  да  толық  дәлелдеуді 
қажет  етеді.
Осы  айты лгандарды   түж ы ры м дасақ,  мидагы   ф и зи о- 
логиялық,  биохимиялық  ж ән е  кейбір  цитологиялық  қүбы- 
лыстардың  нәтиж есінде  нейрондардың  арасында  уақытша 
функциялық байланыс туады.  Ол шартты рефлекстің мидагы 
физиологиялық  тетігі,  яғни  оның  материялық  негізі.
Ш а р т т ы   р е ф л е к с т е р д ің   т е ж е л у і  ж ә н е   ж а с  ер ек ш е- 
л ік тер і.  Мидагы  козу  мен  тежелу  бір-бірімен  байланысты 
өтеді.  Табигатта  организмнің  қызметін  тудыратын  мидағы 
нерв  клеткаларының  қызметін  акырындатып  нем есе токтату 
қажеттілігі  жиі  кездеседі.  М үндайда  мидагы  теж елудің  ма- 
ңызы  адға  шығады.  Қалыпты  жагдайда  мидагы  қозу  мен 
теж елу  д әл   қажетті  сәтте  организмнің  қызметін  не  үдетіп,
74

не  баяулатып  отырады.  Теж елу  2  түрлі  болады:  сыртқы 
немесе  шартсыз  ж әне  ішкі  немесе  шартты  тежелу.
С  ы  р  т  қ  ы  теж ел у  туа  пайда  болады .  Ол  шартты 
рефлекторлы  түрде  пайда  болған  кезде  сыртқы  ортаның 
күшті  немесе  үзақ  эсер  ететін  басқа  бір  тітіркендіргішіне 
байланысты  баиқалады.  Мүндай  жағдайда  ми  қыртысында 
жаңа  күшті  қозу  ошағы  пайда  болып,  индукциялы  түрде 
бүрынғы  шартты  жауапты  тудырған  қозу  ошағын  тежейді 
Де  ол  жауап  тоқтап  қалады.  Мысалы,  мүғалімнің  айтқанын 
үқыпты тыңдауға дағдыланған оқушы жаңа тақырыпты тың- 
дап  отырғанда  кенеттен  далада  шыққан  қатты  шыңғырған 
лауысты  естісімен  мүғалімді  тыңдамай,  орнынан  көтеріліп, 
дереу  терезеге  қарайды. 
Я  болмаса,  қарны  ашып  жылаған 
оаланы  тамақтандырып  жатып  оған  әдем і  көз  тартарлық 
ойыншықты  корсете  қойса,  бала  тамақ  ішпей  ойнап  кетеді. 
Бүл  мысалдарда  ми  қыртысында  пайда  болған 
ж а ң а  
қозу 
ошақтары  шартты  рефлекторлы  түрде  пайда  болған  қозу 
ошағын  тежейді.  Мүндай  тежелу  балаларда  жиі  кездесетін 
жағдай.  Шартсыз  тежелудің  бір  түрі  —  ш е к т е н   т ы   с 
тежелу немесе  қ о р ғ а н ы с   тежелу.  Бүл  организмді  сырт- 
қы  ортаның  үзақ  өсерінен  өлсіреуден  сақтайды.
Ш а р т т ы   немесе  і  ш  к  і  тежелу  пайда  болған  шартты 
рефлекстің  жағдайлары  өзгер ген де  туады ,  яғни  шартты 
тітіркендіргіш ті  шартсыз  тітіркендіргіш пен  бекітпегенде 
біртіндеп  шартты  жауап  жойыла  бастайды  да,  біраздан  соң 
мүлде  тоқтайды.  Мысалы,  күнде  сағат  1  кезінде  тамақ  ішіп 
жүрген  баланың  уақыты  жақындағанда  қарны  ашып,  аузын- 
да  сілекей  көбірек  бөліне  бастайды.  Егер  түскі  тамақты  ішу 
уақытын  сағат  2-ге  ауыстырса,  алғаш  кезде  сағат  1-ге  жа- 
қындағанда баланың қарны аша бастайды. Біраз күннен кейін 
бүл  өдет жойылып,  баланың  қарны  сағат  2-ге  жақындағанда 
ашатын  болады.  Мүндайда  алғашқы  шартты  рефлекс  пайда 
болған  орталықтың  қозуы  біртіндеп  әлсіреп,  біраздан  соң 
мүлде  жойылады.  Сондықтан  бүрынғы  шартты  рефлекс 
тежеліп, жаңа жағдайда басқа шартты рефлекс пайда болады. 
Ішкі  тежелу  организмнің  өзгермелі  сыртқы  ортасының  жағ- 
дайына  бейімделуі  үшін  маңызы  өте  зор.  Қажетсіз  дел  сол 
уақытта  төмендеген  мәліметтер,  ақпараттар  осындай  ішкі 
теж елудің  н егізін де  жойылып  отырады.  Д егенм ен,  кейін 
ондай  мәлімет  қайта  қажет  болғанда,  жағдай  қайталанғанда
75

бұрынғы жойылып кеткен шартты рефлекс оп-оңай, тез пайда 
болады.  Неғұрлым шартты рефлекс күшті  мықты болса, көп 
мерзім өтсе де, соғұрлым оңай тез қалпына келеді.  Ал әлсіз, 
нервтік байланыс іздері нашар болған шартты рефлекс мүлде 
үмытылады,  жойылып  кетеді.  Оны  қалпына  келтіру  үшін 
қайтадан  шартты рефлексті тудыру қажет болады.
Балалардың  шартты  рефлекстері  ересек  адаммен  салыс- 
тырғанда  анағүрлым  күшті  және  берік  болады.  Сондықтан 
олардың  жойылуына  үзақ  мерзім  қажет  (  бала  кезінде  жат- 
талған  тақпақ  қартайғанньщ  өзінде  есте  жүреді  ).  Адамның 
миы  өте  ұқсас  тітіркендіргіштердің  әсерін  ажырата  алады. 
Адам  баласы  өте  үксас дыбыстарды  бір-бірінен  ажыратады. 
Ондай  қабілет  жануарларда  да  бар.  Мысалы,  итке  1000  гЦ 
жиілігімен  шыққан дыбысты  тамақ беріп  бекітіп  отырса,  ал 
950  гЦ  жиілігімен  шыққан  дыбысты  жағымсыз  эсер,  айта- 
лық,  ауру  сезімін  тудыратын,  тітіркендіргішпен  бекітіп 
отырса, біраздан кейін  итте  1000 гЦ дыбысқа сілекей шыға- 
ру шартты рефлексі қалыптасады, ал 950 гЦ дыбысқа сілекей 
бөлінбейді.  Мүндайда  жағымсьп  дыбыстың  әсеріне 
а ж ы р а т у шартты тежелуі пайда болады.  Мүның маңызы 
адам  баласы  үшін өте  күшті,  себебі  оқыту әдістемесі  негізі- 
нен осы ажырату шартты тежелуіне негізделеді (жиілігі ұқсас 
дыбыстарға  байланысты  әріптерді  үйренуді  еске  алыңыз).
Шартты  тежелудің  үшінші  бір  түрі  -   ол  ш а р т т ы  
тежеу. Бүл негізінен ажырату шартгы тежелуіне үқсас. Шарт­
ты  тежелу  адамның  сыртқы  ортасының  биологиялық  ма- 
ңызды  ситналдарын  ажыратып,  дүрыс  жауап  беруіне  кажет. 
Ол  табиғатта  маңызды  және  маңызы  төмендеу  тітір- 
кендіргіштер  эсер  еткенде  маңыздысына  шартты  рефлекс 
пайда болып,  маңызсызына  шартты  тежеуді  тудырады.
Шартты  тежелудің тағы  бір  түрі  -  к  е  ш  і  к  п  е тежелу. 
Бүл  организмді  мезгілінен  бүрын  энергия  жүмсаудан  сақ- 
тайды.  Мысалы,  жыртқыш  аңдардың  сілекейі  жейтін  жану- 
арды көргенде бөлінбейді, тек қана оны үстап  алып, жей ба- 
стағанда сілекей  шүбыра бастайды.  Мүндай  тежелу  шартты 
тітіркендіргіштің  әсері  шартсыз  тітіркендіргіштің  әсерінен 
кешігіп  бекітілгенде  байқалады.
Окыту,  тәрбиелеу  барысында  мүғалімдер  балаларда 
кешікпе  шартты  тежелуді  тудыру  үшін  көп  еңбек  сіңіріп, 
жаттықтырады.  Мүндай  тежелу,  өсіресе  бастауыш  сынып
76

окушыларында  қиындықпен  пайда  болады,  көп  ж әне  ұзақ 
жаттықтыруды  тал an  етеді.
Оқыту, тәрбиелеу барысында балалардың ішкі жөне сыр- 
тқы тежелуінің пайда болу ерекшеліктерін жақсы білген жөн. 
Сыртқы  тежелу  3-4  жаста  жеңіл  пайда  болады.  Сондықтан 
баланың  ойын  жағымды  әсерм ен  оп-оңай  бөліп  жіберуге 
болады.  Мысалы,  жылап  түрған  балаға  қызық  ойыншықты 
.  көрсете  қойса,  ол  жылауын  тоқтатады.  Яғни  сыртқы  тежелу 
сөбилерді  төрбиелеуде  өте  маңызды  орын  алады.
6-7  жастың  арасында ішкі тежелудің  маңызы  арта түседі. 
Бүл  кезде  баланы  үстамдылыққа,  шыдамдылыққа  үйрету 
үшін  оның  ішкі  тежелуін  пайдаланса,  дүрыс  тәрбиеленеді. 
Т әрбиенің  бүл  әд ісін   пайдаланып,  балаларды  әлеуметтік 
жағдайларға  жақсы  бейімдеуге,  тәртіпке  үйретуге  болады. 
Баланы  тек  қана  өзінің  тілегінің  жетегінде  болмай,  басқа- 
лардың  жағдайымен  санасатындай  етіп  тәрбиелеген  жөн.
Еске  сақтайтын  жағдай:  баланың  ішкі  теж елуі  жүйке 
жүйесінің қозуы төмен болғанда ғана орын алады. Сондықтан 
төрбие  жүмыстарын  үрыспай,  ақырын,  айқайламай  жүргізу 
керек.
Ми  кыртысындағы тежелудің  биологиялық  маңызы  адам 
баласы үшін өте зор.  Соның арқасында адамның еңбегі, түрлі 
әрекеттері  бағытталып,  жөнделіп  отырады.  Қажетсіз  ақпа- 
раттар мен мәліметтер жойылып, қажеттілері есте сақталады.
Бір-бірімен  байланысты  өтетін  мидағы  қозу  мен  тежелу 
ми  кыртысында  тітіркендіргіштердің  әсерін  талдау  (анализ) 
ж ә н е   талқы лау  (с и н т е з )  қ а б іл е т т е р ін ің   н е г ізі  болы п 
есептеледі.
Ми  кырты сы ны ң  талдау  ж әне  талкылау  кызметтері. 
Д и н а м и к а л ы   с т е р е о т и п . 
Сыртқы  ж ә н е   ішкі  ортаны ң 
көптеген тітіркендіргіштерінің әсерінен биологиялық маңыз- 
дыларын  таңдап  алу  үшін  мида  олар  талданады.
Т  а  л  д   а  у   аркылы  организм   ө зін е  қаж етті,  ти ім ді 
әсерлерді  бөліп  алып,  ажыратады.  Ми  қыртысы  өсер  ететін 
тітіркендіргіштерді  жіктеп  талдайды.  Таңдалған  әсерлерге 
дүрыс  жауап  қайтару  үшін  ми  қыртысында  олар  қайта  жи- 
нақталып  қорытылады,  талқыланады.  Мұны  ми  қыртысын- 
дагы  т а л қ ы л а у  дейді.  Талдау  мен талқылаудың  қарапай- 
ым  түрлері  қабылдағыштарда  (рецепторларда)  басталады. 
Бүл  түрғыдан  қарағанда  көру  талдағышының  маңызы  өте
77

зор.  Сондықтан да оны шеткі ми деп те атайды, яғни мидың 
шетке  шығып  тұрған  бір  бөлігі  дейді.  Талдау  мен талқылау 
қабілеттері  төменгі  сатылы  жүйке  жүйесінің  бөлімдері  -  
жүльшда,  ми  бағанасында  да  жасалады.  Дегенмен,  ми  қыр- 
тысы бүлардың ең басты,  ең маңызды орталығы.
Өте  күрделі  талдау  мен  талқылаудың  үлгісі  ретінде  ди- 
намикалы  стереотипті  алуға  болады.  Д и н а м и к а л ы  
с т е р е о т и п   (лат.  динамика  -   қозғалыстың,  әрекетгің 
көптігі;  грек,  стерео-капы  +  типос-  таңдау,  із  )  деп  адам 
мен  жануарлардың  ми  қыртысында  үзақ  мерзім  түрақты 
ретпен эсер еткен топты тітіркендіргіштердің біртүтас шарт­
ты  рефлекторлы  әрекетті  тудыратын  қабілетін,  яғни  белгілі 
бір  жүйеге  келтіруді  айтады.  Бірінен  соң  бірі  эсер  ететін 
тітіркендіргіштер  біртіндеп  бір  жүйеге  айналады  да,  оның 
алғашқы  біреуі  эсер  етсе  болғаны,  шартты  жауап  пайда 
болады.  Балалар да белгілі  қажетті дағдыларды ту дыру үшін 
динамикалы  стереотиптің  маңызы  зор.  Мысалы,  таңертең 
түрғаннан  кейін  баланың  өз төсегін  жинауы,  жуыну,  тамақ- 
таиу  дағдыларын  динамикалы  стереотипке  айналдыру  ар- 
қылы тәртіпке үйретуге  болады.
Табиғи  жағдайда  динамикалы  стереотип  жиі  кездеседі, 
алғашқы күндерінен бастап балаға сырткы ортаның көптеген 
тітіркендіргіштері  эсер  етіп,  олардың  әрқайсына  жеке-жеке 
шартты  рефлекстер  пайда  болады.  Кейіннен  жиі  кездесетін 
шартты  рефлекстер  динамикалы  стереотипке  айналып,  ба- 
лада  белгілі  бір  дағдьшар  қалыптасады.  Кішкентай  кезінде 
пайда  болған  дағдылар  берік  болып,  баланың  төрбиесін 
дүрыс  бағыттауға  көмектеседі  әрі  организмнің  қызметін 
жеңілдетеді.
Шартты  рефлекстердің  пайда  болуы  мен  тежелуінің 
жас ерекшеліктері. 
Жаңа туған сәбидің біраз ғана шартсыз 
рефлекстері  болады.  Олардың  көбі  қорғаныс  және  тамақта- 
ну  рефлекстері.  Баланың  алғашқы  апталық  өмірінен  бастап 
оның  шартты  рефлекстері  пайда  бола  бастайды.  Ғалымдар- 
дың  зерттеуінше,  5-10-шы  күндері  тамақтануға  байланысты 
шартты  рефлекстері  қалыптасады:  ең  алдымен  тамақтану 
негізінде  баланың  денесінің  к е ң і с т і к т е   д ү р ы с
о р ы н а л у  шартты рефлекстері байқалады. Баланы емізерде 
оны қолға алып тамақтандыруға оның денесін икемдеуге бай­
ланысты баланың шартты рефлекстері туындайды (қолға ал-
78

ғанда  басын  бұрып,  анасының  кеудесіне  аузын  жақындату, 
copy  қимылдарының  пайда  болуы,  басын  анасына  қарай 
бұрып,  оның  емшегін  іздей  бастауы  т.б.).
Баланың  бұл  рефлекстері  күрделі  тері  рецепторлары, 
проприорецепторлары  (лат. 
проприус  —  өзіне  меншікті  + 
рецептор)  мен  вестибулярлык  қүрылымдарын  тітіркендіруге 
Оаиланысты  пайда болады.  Алғашқы  шартты рефлекстер өте 
.  оаяу  туады,  олардың  нервтік  байланыстары  түрақсыз,  оңай 
жайылады.
3-4  айлық  жасында,  кей  кезде  одан  да  ертерек,  баланың 
ажырату  шартты  рефлекстері  туа  бастайды  (көп  дыбыстар- 
дың  ішінен  анасынын  дауысын  айыруы).  5  айлық  балада 
шартты тежелу орын алады.  Зерттеулерге қарағанда алдымен 
дыбысқа  байланысты  шартты  рефлекстер  тезірек  пайда 
оолады:  4-ші  айда  бала  дыбыс  шыққан  жаққа  басын  бүрып, 
колын  созып  гу-гулей  бастайды.  Содан  кейін  вестибулярлық 
шартты  рефлекстер,  содан  соң  ғана  жарыққа  деген  шартты 
рефлекстер  туады.
Баланың дамуында бағдарлау рефлекстерінің маңызы зор. 
Соның  негізінде  балада  сыртқы  орта  жайында  алғашқы  та- 
нымдар  пайда  болады.  3-4  айда  оньщ  бағдарлау  рефлекстері 
калыптасып,  әрі  қарай  жасы  өскен  сайын  жеңілденеді.
3-5  жас  арасында  шартты  оң  рефлекстердің  бекуі  қиын- 
дау,  себебі  бүл  мерзімде  балалардың  қорғану  рефлекстері 
жөне  шартты  қорғаныс  тежелуі  жақсы  болады.  Қорғаныс 
т еж ел у   ми  қы рты сы нда  т ез  ж ойы лады   да,  шартты  оң 
рефлекстердің  пайда  болуына  кедергі  жасайды.  Мектепке 
дейінгі  жастағы  балалардың  комплекстік  шартты  рефлекс- 
терінің  пайда  болуы  киындай  түседі:  негізінен  олар  ком­
плекс^  тітіркендіргіштің  жеке  өсеріне  ғана  туады.  Сыртқы 
ортаның  ә с е р л е р ін е   байланы сты   пайда  бол ған   шартты 
рефлекстер  балаларда  түрақсы з,  тез  жайылады,  шартты 
тежелуі  байқалады.  Бүл  мектепке  дейінгі  жастағы  балалар- 
дың  қозуы  мен  тежелуінің  өлсіз  екенін  көрсетеді.
5-7  ж ас  арасы нда  қ озу  м ен  т еж ел у   к үш ей е  т ү с е д і. 
Сондықтан  бүл  кезде,  әсіресе  6  жаста,  ішкі  тежелуі  жақса- 
рады,  ми  кыртысының жүмысы артады.  Бала  16-20  минөттей 
бір  нөрсеге  зейінін  тоқтата  алады.  Сьгртқы  тежелудің  маңы- 
зы  төмендейді.  Сондықтан  15-20  минөттей  баланы  оқытуға 
мүмкіндік  пайда  болады.
79

Баланың  шартты  рефлекстері  тек  қана  ыақтылы 
тітіркендіргішке туып қана қоймайды.  Біртіндеп екінші сиг­
нал  жүйесінің  дамуына  қарай  шартты  эсер  ретінде  сөздің 
маңызы артады. 6 жасқа жақындағанда бала сыртқы ортаның 
жағдайьш сөзбен қорыта бастайды.  Баланың сөзге байланы­
сты санасы  5-7 жаста жақсы дамиды.
Бастауыш  сынып  оқушыларында  шартты  рефлекстердің 
тууы жеңілденеді, ішкі тежелудің маңызы артады, сөзге бай­
ланысты төртінші, бесінші дәрежелі шартты рефлекстері пай­
да  бола  бастайды.  Бұл  кездегі  нервтік  байланыстар  анағүр- 
лым берік болады, баяу тежеледі. Сөзге байланысты шартты 
рефлекстерінің қасиеті өзгереді: ересек адамның сөздік шарт­
ты  рефлекстеріне  үқсас  келеді.  Шартты  оң  рефлекстердің 
пайда  болуы  жеңілденеді.  Баланың  орталық  жүйке 
жүйесіндегі  қозуы  мен  тежелуі  күшейіп,  ми  қыртысындағы 
қозуының маңызы  артады.
3.  Жоғары  жүйке әрекетінің типтері
Шартты рефлекстердің пайда болуы әр адамның жоғары 
жүйке  әрекетінің  және  жеке  басының  жүйке  жүйелерінің 
қасиеттеріне  байланысты.  Әр  адамның  жүйке  жүйесінің 
түқым  қуалаған  жеке  қасиеттері  мен  өмірден  алған  тәжі- 
рибесін,  сыртқы  ортадан  алған  мағлүматын,  мінез-қүлықта-
рын жоғары жүике әрекетінщ т и п т е р і  деп жинақтаиды.
И.  П.  Павлов жоғары жүйке әрекетінің типтерін ми қыр- 
тысындағы қозу мен тежелудің негізгі  3  қасиетіне байланы­
сты 4 топқа бөледі. Ол қариеттер -  қозу мен тежелудің күші, 
теңдігі  және  алмасуы.
Қозу  мен  тежелудің  к  ү  ш  і  деп  ми  қыртысындағы 
олардың өту дәрежесін айтады. Негізінен алғанда, ол ми қыр- 
тысындағы  нерв  клеткаларының  қызмет  қабілеті.  Кейбір 
адамдардың  миындағы  нейрондарының  жүмыс  қабілеті 
жоғары  болып,  кейбіреулерде  төмен  және  нашар  болады. 
Соған  байланысты  қозу  мен  тежелудің  күшін  И.  П.  Павлов 
к ү ш т і және  ә л с і з деп екіге бөлген.
Қозу мен тежелудің ми  қыртысындағы  т е  ң д  і  г і  деп 
олардың  бір-біріне  катынасы  мен  даму  дәрежесін  айтады. 
Кей адамда олар бірдей дамыған, ал енді біреулерде не қозуы,
80

не  т е ж е л у і  басы м ы рақ  б о л а д ы .  С он ды қ тан   қ о зу   мен 
тежелудің  теңдігін  т  е  ң  ж әне  т  е  ң  е  м  е  с  деп  екіге 
бөлген.  Егер  қозуы  басым  болса — қозғыш,  тежелуі  басымы- 
рақ  болса — тежелгіш  болуы  мүмкін.
Қозу  мен  тежелудің  а л м а с у ы  деп  олардың бір-біріне 
ауы су  ж ы л дам ды ғы н ,  яғни  қ о зу д ы ң   т е ж е л у г е   ж ә н е , 
керісінше,  теж елудің  қозуға  ауысу  жылдамдығын  айтады. 
Олардьщ  алмасуы  ж  ы  л  д   а  м  (ш  и  р  а  қ)  немесе  б а я у  
(и  н  е р т т і) болуы  мүмкін.
Қозу  мен  тежелудің  ми  қыртысындағы  осы  қасиеттеріне 
қарай  И.  П.  Павлов  жануарларда  жоғары  жүйке  әрекетінің
4 түрлі  типтерін  атаған:
1.  Күиггі  үстамсыз,  қозуы  тежелуден  басым  тип;
2.  Күшті,  козуы  мен  тежелуі  тең,  алмасуы  ширақ  тип;
3.  Күшті,  қозуы  мен  тежелуі  тең,  алмасуы  баяу тип;
4.  Ә л сіз  тип.  Ми  қыртысының  нерв  клеткаларының 
кызмет  қабілеті  томен,  қозуы  нашар  дамыған,  тежелуі  ба­
сым.
И.  П.  Павлов  өзінің  ашқан  жоғары  жүйке  әрекетінің  жа- 
нуардағы  типтері  дәрігер  грек  ғалымы  Гиппократтың  айт- 
кан  4  тем перам ентіне  сәй к ес  деп   есеп теген .  Гиппократ 
денедегі  4   түрлі  сұйықтардың  өзара  қатынасына  байланыс­
ты  адамның  м інез  тем перам ентін  4  типке  бөлген.  Олар 
холерик  (грек, 
холе  — сары  от),  сангвиник  (■сангвине  — қан), 
флегматик 
( ф легм а  —  кілегей  шырын)  ж ен е  меланхолик 
(мелайне холе — кара от).  Күшті  үстамсыз тип  Гиппократтың 
холерик темперамент! не,  ал  күшті  тең  жылдам  — сангвиник, 
күшті тең баяу -  флегматик, әлсіз тежелгіш тип — меланхолик
темпераментіне  сэйкес. 
.
Аталган  4  типтің  аралас  түрлері  жиі  кездеседі.  Әсіресе, 
өсіп  дами  келе,  баланың  жасы  үлгайған  сайын  ержеткенде 
аралас  типтер  көбірек  орын  алады.
<*чЬ-ц,И  ж әне  2-ші  сигнал  жүйелері  мен  олардың 
дам уы . 
Адам^5аласының  ми  қыртысының  жануарлардың  ми  қыр- 
ты сы нан  айы рмаш ы лы ғы   бар .  Д е г е н м е н ,  ж ан уар лар 
мен  адамдар  үшін  нақтылы  өсер ді  ж ән е  көз,  қүлақ  т.б. 
организмнің  сезгіш   рецепторлары  арқылы  келетін  сыртқы 
ортаның  коріністерін  талдау  (анализ)  мен  талқылау  (синтез) 
екеуінде  де  бар  ортақ  қасиет.  И.  П.  Павлов  сыртқы  ортаның 
табиги  әсерлерін  “сигналдар”  деп  атады.  Сол  сигналдарды
6— 182
81

және  оларды  қабылдауға  қатысатын  мүшелер  жүйесін  1-ші 
с и г н а л   жүйесі деп, ал сол  сигналдардың сөзбен белгісін 
“сигналдың  сигналы”  деп  атады.  Еңбектің  және  әлеуметтік 
дамудың  нәтижесінде  адамда  сөз  сигналдарына,  сөйлеуге 
байланысты  жай  сигналдарды  сөзбен  белгілеу  және  оны 
қабылдау қабілеті дамыған.  И.  П.  Павлов “сигналдың сигна- 
лын”  қабылдауға қатысатын  мүшелер жүйесін және сөйлеу, 
сөзге байланысты ойлау қабілетгерін 2-ші  с и г н а л   жүйесі 
деп атады.  Жануарларда тек  1-ші  сигнал  жүйесі  бар.  Кейбір 
қүстардың (тоты қүс, қараторғай) жеке сөздерді айту қабілеті 
және олардың мағынасын түсіну (иттерде) қабілёті сол  1 -ші 
сигнал жүйесінің қызметіне жатады, өйткені олар сөзді қара-
Ал
сигнал
Ми  қыртыстарында  1-ші  сигнал  жүйесіне  байланысты 
баланың  уақытша  нервтік  байланыстары  туғаннан  кейін 
бірнеше күннен бастап-ақ қалыптасқаны байқалады. Сәбидің 
өмірінің  7-10  күндерінде  алғашқы  шартты  рефлекстері 
қалыптаса бастайды. Ал 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері 
нәресте  жарты  жастан  асқан  соң  пайда  болады.  Сөздің  ма- 
ғынасын  нәресте  ерте  түсіне  бастайды,  сондықтан  оны  да- 
мыту  үшін  нәрестемең  сөйлесу  қажет.  Жаңа  туған  баланы 
емізгенде,  киімін  ауыстырғанда,  қасына  келгенде  сүйіс- 
пеншілікп  көрсетіп,  алғашқы  күндерінен  бастап,  сөйлесуге 
болады. Бүл  2-ші сигнал жүйесінің дамуына жақсы қозғаушы 
эсер.  Сөз  сигналдарының  пайда  болуы  ми  қыртыстарының 
әрекетіне жаңа негіз болды.  И.  П.  Павловтың айтуынша, сөз 
адамның  өзін  қоршаган  ортасына  бейімделуінің  және  өзін- 
өзі тануының қүралы болды.  Олай  болса,  2-ші  сигнал жүйе- 
сінің  дамуы  адамның  өмірі,  сыртқы  ортамен  байланысы, 
оларды  мезгілінде  тануы  үшін  маңызы  зор.  Өйткені  екінші 
сигналдық жүйе адамның әлеуметтік өмірімен тыгыз байла­
нысты  және  оның  қоршаган  ортамен  карым-қатынасының 
күрделі  нәтижесі.  Қоғамсыз  2-ші  сигнал  жүйесі  дамымай- 
ды.  Ал  адам  тек  қоғамда  ғана,  басқа  адамдармен  араласу- 
дың нәтижесінде ғана жеке түлғаға айналады.  Жүртпен ара- 
ласу  арқылы  балалар  өз  мінез-қүлықтарын,  өздерінің  іс- 
әрекетгерінің  багытын  анықтайды.  Баланың  өзі  үшін  істе- 
гендерінің  бәрі  (жеке  басының  қажеттерін  орындағаннан 
басқасы)  басқалар  үшін  де  жасалады,  тіпті,  оның  өзінің
82
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет