Е. А. Бекетов атындағы Караганды профессоры, медицина гылымдарынын докторы А. Е. Коикабаева


орталығы  теж елгенде  екінш ісінің  қозуы  күш ейеді.  Мүны



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет6/16
Дата03.05.2017
өлшемі1.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

64

орталығы  теж елгенде  екінш ісінің  қозуы  күш ейеді.  Мүны 
қозу  мен  теж елудің  и н д у к ц и я с ы   (лат. 
индукция  — 
орнату,  кіргізу) дейді.  Егер  нерв  орталығында  қозу тежелуге 
ауысса  -   теріс  индукция,  ал  тежелу  қозуға  ауысса  — оң  ин­
дукция.
Орталық  жүйке  жүйесіндегі  қозу  мен  тежелудің  индук­
циясы  да  олардың  жайылуы  тәрізді  нерв  талшықтарының 
миелин  қабығының  қалыңдығына  байланысты.  Сондықтан 
бала  неғүрлым  жас  болса,  қозу  мен  тежелудің  индукциясы 
соғүрлым  нашар  болады.  Мысалы,  кішкентай  бала  ауырған- 
да  күндіз-түні  тынымсыз  әбден  шаршағанша  жылай  береді. 
Ересек адамда қозу мен тежелудің индукциясы күшті болады.
Б ір н еш е  ж ү й к е  орталы ғы н дағы   қ о зу   м ен   т е ж е л у  
бір  орталыққа  жинақталады.  М үны  қозу  мен  теж ел удің  
ж и н а қ т а л у ы   (суммациялануы)  дейді.  Жинақталу тара- 
луга  қарама-қарсы  қүбылыс.  Балаларда  ол  нашар  болады.
Ж үйке  орталықтарының  қызмет  атқаруының  н егізгі 
қасиеттерінің  біріне  доминанта  жатады.  Оның  негізін  ең  ал- 
ғаш  А.  А.  Ухтомский  үсынған.  Оның  қозу  мен  тежелудің 
д о м и н а н т а с ы (   лат. 
доминанта — басым)  туралы  ілімі 
бойы нш а  ж ү й к е  ж ү й е с ін ің   қ ы зм ет ін д е   б ір   ж ү й к е 
орталығының  қозуы  басқаларының  қозуын  өзіне  тарту  ар- 
қылы  белплі  бір  сәтте  басымырақ  болады  да,  басқа  орта- 
лықтарынын  қызметін  өзіне  бағындырады.  Мүндай  жағдай- 
да  басқа жүйке  орталықтарын  қоздыратын  тітіркендіргіштер 
доминантты  (басым)  орталықтың  қозуын  күшейте  түседі. 
Мысалы,  “2”  алып,  жылап  отырған  баланы  жолдастары 
жүбатса,  оның  жылауы  үдей  түседі.  С ебебі  бүл  сәтте  бала- 
ның  орталық  жүйке  ж үйесінде  басым  жүйке  орталығы  бас­
ка  орталықтардың  қозуын  өзін е  тартып,  қоза  түседі.  Бір 
мүшесі  қатты  ауырып  отырған  адамның  ауырмайтын  сау 
мүшесіне  қол  тиіп  кетсе,  оның  ауру  мүшесі  одан  сайын  қат- 
ты  ауырады.  Бүл  да  басымдылыққа  мысал  бола  алады.  Бала­
ларда  басы м ды лы қ  оңай  ж ә н е   ж ең іл   п ай да  б о л а д ы . 
С онды қтан  да  бал ал ар ды ң   з е й ін і  түр ақ сы з:  ж аңа 
тітіркендіргіштер  оның  миында  басқа  орталықтың  басым- 
дылығын  тудырады.  Педагогикада  кездесетін  балалардың 
белсенді  зейінін  ми  сыңарларында  басым  орталық  ж ән е 
шетге  индукциялы  тежелудің  пайда  болуымен  түсіндіріледі. 
Балаларда  бел сен ді  зей ін н ің   үзақтылығы  жасына  қарай

әртүрлі.  Кішкентай  балаларда  белсенді  зейін  нашар  қалып- 
тасады: тек 7 жасқа таман ол ұзара бастайды; 7 жасар балада
— 15 мин.,  10 жаста —20 мин.,  12 жаста 25 минөтке созылады,
13-15  жас  арасында  жарты  сағаттай,  16  жаста 40  минөттей, 
ересек адамда  1  сағатқа жуық.  Еске ал ар жай:  егер бала ұзак 
Уакыт жұмыстың бір ғана түрімен шұғылданса, оның басым 
орталығы шаршап, белсенді зейіні төмендейді.  Мұндай жағ- 
дайда басым жүйке орталығы 3  кезеңді өткізеді:
1) басымды орталықтың маңайында индукциялық тежелу 
пайда болып,  бала  мазасызданады;
2) басым  орталықтың  қозуы  төмендейді  де,  шартты 
нервтік  байланыстардың  пайда  болуы  баяулайды,  бала  са- 
бақты  түсінбейді,  есінде  сақтамайды;
3) басым  жүйке  орталығында  шектен  тыс  тежелу  пайда 
болады,  белсенді  зейін  жойылады,  бала мүлде  сабақ тыңда- 
маиды,  тіпті  мұғалімнің айтқанын естімейді.
Сондықтан мұғалімдер балалардың сабаққа зейініне көңіл
бөлуі  шарт.  Егер  олар  тыңцамай  бара  жатса,  онда  еңбектің
түрін  ауыстыра  қою  керек.  Мысалы,  сабақ  түсіндіруді
тоқтатып,  методикалық  картамен  жүмыс  істету  сияқты 
әдістерді  пайдалану қажет.
Жүйкелік  орталық  байланыстың  мол  болуынан  бір 
нерв  клеткасына  жүйке  жүйесінің  бірнеше  жерінен  нерв 
импульстері келуі мүмкін. Әртүрлі талшықтар арқылы келген 
қозулардың үшырасуын к о н в е р г е н ц и я  (лат. конвергенс

  түйісу)  деп  атайды.  Айталық,  дыбыс,  көру,  тері  рецеп- 
торларынан келген  қозулар  бір нейронда түйісуі  мүмкін.
Жалпы  алғанда  балалардың  жасына  қарай  үшырайтын
үйлесімділіктің  кейбір  кемшіліктері  жасы  үлғайған  сайын
бәсеңдеп,  18-20 жаста толық жойылады да, үйлестіру қабілеті 
толық  қалыптасады.

IV - т а р а у
Жоғары  жүйке  әрекеті  және оның жасқа
сай  ерекшеліктері
1. 
Ж оғары   жүйке  әрекеті  туралы  түсініктің 
\
 
пайда  болуы
\   Жоғары  жүйке  әрекетіне  ми  сыңарлары  мен  оның  қыр- 
тысының  қызметі  жатады.  Ж оғары  ж үйке  әрек еті  адам 
организмінің  сыртқы  ортамен  қарым-қатынасының  тиімді 
қалыптасуын  зерттейді.  Жоғары  дәреж едегі  қызметтер:  ес, 
сана,  ойлау,  көңіл-күйі,  үйкы,  түс  көру,  гипноз  т.с.с.  ми  сы- 
ңарлары  мен  олардың  қыртысының  негізгі  қызметі  болып 
есептел е д і.
Адамның мінез-қүлқы  мен мидың арасындағы  байланыс­
ты  ең  алғаш  Платон,  Гиппократ  секілді  алдыңғы  қатарлы 
грек  ғалымдары  болжап  айтқан  болатын.  Ал  ғылыми  не- 
гізде  жазылған  еңбек,  ол  орыстың  ұлы  галымы  физиолог 
И.  М.  Сеченовтың  “Ми  рефлекстері”  (  1863  )  атты  кітабы. 
Осы  еңбегінде  ол  психикалық әрекеттердің рефлекторлы та- 
биғатын  алғаш  рет  дәлелдеген.  Еш  әрекет  өзінен-өзі  пайда 
болмайды, тітіркендіргіиггің әсерінен туады.  Қобалжу, сезім, 
адамның ойы белгілі  бір жауапты тудырады,  мүның барлығы 
да  бүлшық  еттердің  қызметімен  аяқталады.  Ғалым  мидың 
қызметі  рефлекторлы  түрде  іске  асады,  —  деп   түсіндірді. 
Ғалымның  одан  кейінгі  шыққан  еңбектері  де  (“Психикалық 
этюдтер”,  “Психологияны  кім  қалай  дамытады?”)  жогары 
жүйке  әрек етін   осы   түрғы дан  т ү сін д ір у ге  багытталған. 
И. М. Сеченовтың бүл ілімін И. П. Павлов шартты рефлекстер 
түрғысынан  дәлелдеген  ж әне  дамытқан.  Ол  жоғары  жүйке 
әрекетін  шартты  рефлекстерді  тудьф у  арқылы  зерттеп,  адам 
мен  жануарлардың  психологиясының  заңдылықтарын  ал- 
таш  рет түсіндірген.  Шартты  рефлекстердің  пайда  болуы  ми 
қыртысының  нервтік  байланыс  іздерінін  қалыптасып,  ны- 
ғайып,  күш ею іне  негізделгендігі  туралы  ғалымның  ілімі 
жоғары  жүйке  әрекеті  туралы  көзқарастың  қалыптасуында 
манызды  орын  алды.  Уақытпен  шыңдалған  бүл  ілімнің  ма- 
ңызы осы кезге дейін төмендеген жоқ,  қайта көптеген ғалым- 
дардың  зерттеуі  арқылы  кеңейді.
67

2.  Балалардың  шартты  рсфлскстері
Балалардың  шартты  рефлекстерінін  манызы  және 
шартсыз  рефлекстерден  айырмашылыгы. 
И.  П.  Павлов 
барлық  рефлекстерді  екі  топқа  шартты  және  шартсыз 
рефлекстер  деп  бөлгені  жоғарыда  айтылған. 
іиартсыз 
рефлекстер алғашқы  кезде организмнің тірлігін сақтау үшін 
қажет.  Балалардың  шартсыз  рефлекстерін  туысыменен 
тексеру арқыпы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтай- 
ды.  Шартсыз  рефлекстер  туа  пайда  болып,  өздерінің 
орындалуы  үшін  ешқандай  қосымша  жағдайларды 
кажет 
етпейді:  тітіркендіргіш  эсер  етісімен  шартсыз 
жауап  пайда 
болады.  Олар  түқым  куалайды,  сондықтан  организмнің  әр 
түріне  тән  өздерінің  шартсыз  рефлекстері  болады. 
Бүл 
рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің төменгі 
дәрежедегі  жұлын,  сопақша  ми  секілді  бөлімдері  арқылы 
қалыптасады  да  ми  сыңарларының  қыртыстары  қатыспай- 
ақ  іске  аса  береді.  Шартсыз  рефлекстер  негізінен 
үрықтық 
кезеңде  де,  бала  туғаннан  кейін  де  калыптаса  береді.  Айта- 
лық,  қорғаныс  рефлекстері  туғаннан-ақ  болады,  ал  жыныс 
рефлекстчузі  жыныстық  жетілу  мерзімінде  пайда  болады. 
Олардың рефлекторлы доғасы  өзгермейді.
Шартты  рефлекстер  түқым  куаламайды  тек  өмір 
тәжірибесінің  негізінде,  сыртқы  ортамен  байланыстьщ  ар- 
қасында пайда болып отырады. Әркімнін өзінің түрмыс жағ- 
дайына қарай  әртүрлі  шартты рефлекстері  болады.
Шартты  рефлекстер  организмді  сыртқы  ортаның  өзгер- 
мелі жағдайларына бейімдейді. Балалардың шартты рефлекс- 
терін  бақылау  арқьшы  олардың  миының  даму  дәрежесін, 
ақьш-ойының дамуын  бақылауға болады.  Барлық балаларда 
шамамен  бір  мезгілде  пайда  болатын  шартты  рефлекстерді 
(түрақты шартты рефлекстерді)  бақылай  отырып,  бала дәрі- 
герлері  оның жоғары жүйке әрекетінің дамуьш біледі.
Шартты  рефлекстердің  пайда  болуына  кажетгі  жағ- 
дайлар. 
Барлық  шартты  рефлекстердің  қалыптасуы  үшін
сыртқьі  ортаның  қосымша  белгілі  бір  жағдайларын  тудыру 
керек:
-   эсер  етуші  шартты  және  шартсыз  тітіркендіргіштердің 
болуы;
68

—  шартты  тітіркендіргіш тердің  әсер і  шартсыз  тітіркен- 
діргіштің  әсерінен  сәл  бүрынырақ  басталып  (15-20  сек), 
олар  біраз  уақыт  бірге  эсер  етуі  тиіс;
—  тітіркендіргіштердің  түрақты  ретпен  эсер  етуі;
—  аталған  жағдайлардың  үзақ  уақыт  көп  қайталануы;

 
шартты  тітіркендіргіш тің  шартсыз  тітіркендіргіш тен 
өлсіздеу  болуы;
—  жүйке  ж ү й есін ің   маңызды  бөл ім і  —  ми  қыртысының 
%
  кызмет  қабілетінің  дүрыс  қалыпта  болуы.
Шартты  рефлексті  тудыру  тәж ірибесінде  сыртқы  орта- 
ның белгілі бір жағдайын  шартты тітіркендіргіш ретінде пай- 
далана  береді.  Ал  шартсыз тітіркендіргіш  организм  үшін  ма- 
ңызды эсер болуы керек.  Ол шартты тітіркендіргіштің әсерін 
бекітетін болғандықтан көбінесе тамақты немесе ауру сезімін 
тудыратьін  әсерді  пайдаланады.
Балаларда  шартты  рефлекстерді  тудыру  үш ін  3  жасқа 
дейін шартты эсер ретінде баланың үнататын тамағын немесе 
ойынш ықты  к ол дан ады .  М ы салы ,  баланы   ж ү р г ізіп  
үйреткенде шақырушы кісі  кәмпитті (егер бүрын кәмпит жеп 
жүрген  бала  болса)  немесе 
ж а ң а  
ойыншықты  көрсетіп  ша- 
қырады  да  бала  тәй-тәй  басып  келсе,  кәмпитті/ойыншықты 
бере  қояды.  Кейіннен  кәмпитті  алуға  үмтьшған  бала  аяғын 
тезірек  басуға  мәж бүр  болады  (кәмпит  үстаған  адам  бала 
алға  басқан  сайын  ш егініп,  ара  қашықтығын  үзартады ), 
сөйтіп  баланың  жүруін  тездетеді.
Бала  өсе  келе,  оның  екінші  сигнал  жүйесі  дамыған  са­
йын  шартты  тітіркендіргіш  ретінде  сөздің  әсері  пайдаланы- 
лады.  Сөз  әсеріне  шартты  рефлексті  тудыру  үшін  3  жасқа 
дейінгі  балаларда  негізінен  үш  жағдайды  алғаш  кезде  сақ- 
тау  керек.  Сонда  бала  тез,  уақытында  сөйлеп  үйренеді:
1.  Ү йретіліп  отырған  сөздің   мағынасына  байланысты 
бейненің  болуы  ж эн е  алғаш  кезде  оның  түрақты  болуы. 
Мысалы,  “әк е”  деген  сөзді  үйрету  үш ін  “әк е”  деп  айтып 
отырып,  әкесін  көрсету  керек;
2.  Сөзді  айтушының  болуы  керек  ж әне  алғаш  кезде  ол 
да түрақты  бір  кісі,  айталық,  шешесі  болуы тиіс.  Сөзді  айту- 
шы  болмаса,  бала  сөйлеп  үйренбейді.  Мысалы,  сақау  адам- 
дардың  баласы  сөйлеу  қабілеті  бола  түра,  сойлеп  үйренбеуі
мүмкін; 
*
3.  Бала сөздің мағынасына байланысты затты дүрыс көріп
69

түруы керек, яғни баланың ден есі кеңістікте дүры с орын алуы 
қажет.
М үндай  үш  жағдайдың  маңызы  алғашкы  3  жасқа  дейін 
ғана.  Кейіннен  баланың  сөз  қоры  көбейе  келе,  олардың  ма- 
ңызы  төм ендеп,  біртіндеп  жойылады.  3  жастан  кейін  сөзді 
ай туш ы   б е й н е н ің   түрақ ты   б о л у ы   ш арт  е м е с ;  м ы салы , 
кішкентай  баланы  бөтен  адам  сөйлетсе,  ол  түрып  қалады, 
б о л м а с а   ж ы л ап   ж іб е р е д і.  Ө с е   к ел е  ол   т ә р б и е ш ін ің , 
теледидарды ң,  м агнитоф онны й,  м үғал ім дер дің   айтуы м ен, 
оқып  үйрене  келе,  кітаптардағы  түсіндірм е  сө зд ер   арқылы 
да  жаңа  сөздер ді  үйрене  алады.
Ш а р т т ы   р е ф л е к с т е р д ің   т ү р л е р і.  Шартты  реф лекстер 
рецепторлардьщ тітіркенуіне ж ән е  пайда болатын  қызметіне 
байланысты,  қозу  мен  теж елуге  ж ән е  олардын  кезеңдеріне, 
пайда  б о л у   м ех а н и зм ін е  байланы сты   к өп теген   т ү р л ер ге 
бөл ін еді.
Т ітір к ен етін   р ец еп тор л ар ы н а  с ә й к е с   эк ст ер о р ец е п т і, 
п р оп р и ор ец еп ті  ж ә н е   и н тер ор ец еп ті  ш артты  р еф л ек стер  
болады . 
м
 
ч 

. г  г
Э к с т е р о р е ц е п т і   шартты  рефлекстер  шартты 
тітіркендіргіштер сыртқы сезім  м үш елеріне эсер  еткенде пай­
да  болады:  көзге,  қүлаққа,  иіс  м үш есіне,  д ө м   с езу   м үш есіне, 
тері  рецепторларына.  ,' 
;  Н  ^ 
ЩшшшЖ
••  <- 
x-rzjhS
  atooir^
П р о п р и о р е ц е п т і   шартты  рефлекстер  каңқаның 
бүлш ы қ  еттерін   т іт ір к ен д ір ген д е,  яғни  оны ң  п р оп р и ор е- 
цепторлары на  э с е р   ет к ен д е  п ай да  бол ады .  Бүл  топтағы  
р е ф л е к с т е р г е   а д а м н ы ң   б а с ы   қ о з ғ а л ғ а н д а   т е п е - т е ң д ік  
(в ест и б у л я р л ы қ )  аппаратты   т іт ір к е н д ір у   арқылы  п а й д а  
болған  теңдік  сақтау рефлекстері  д е   кіреді.
И н т е р о р е ц е п т і   шартты рефлекстер ішкі м үш елерді 
тітіркендіргенде  олардың  рецепторларына  эсер   ету  арқылы 
пайда  болады .  Бүл  топқа  қанға  түрлі  химиялық  заттарды 
ж ібергенде  туатын  автоматты  шартты  рефлекстер  д е   жата­
ды.  Ондай  ж ағдайда  хнмиялық  заттар  интерорецепторларды
(ішкі  рецепторларды)  тітіркендіріп  ж үйке  ж үй есін е  тікелей 
эсер   етеді.
Т уаты н  қ ы зм еттің   т ү р ін е   бай л ан ы сты   ш артты   р е ф - 
лекстерді  екіге  бөледі:  қнмьш-қозғалыс  ж ән е  вегетативтік 
шартты рефлекстер. Вегетативтік шартты реф лекстердің өзін 
секреторлық,  жүрек-қан  тамырлық,  тыныс  шіу,  ас  қорыту
70

рефлекстері, ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертетін, 
зат  алмасуын  ж әне  иммунитетті  өзгертетін  рефлекстер  деп 
бөледі.
Рефлексті  тудыратын  қозу  мен  теж елудің  кезеңдеріне 
карай  шартты  рефлекстерді  оң  ж әне  теріс  немесе  жағымды 
және  жағымсыз  рефлекстер  деп  атайды.
Шартты  тітіркендіргіштің  әсерін  күшейту  үшін  шартсыз 
тітік ен д ір гіш ті 
п а и д а л а н ға н д а  
миды  
қозды раты н 
рефлекстерді  шартты о ң немесе ж а ғ ы  м д  ы рефлекс дейді. 
Ал  нығайтушы  тітіркендіргіш ,  керісінш е,  мидың  қозуын 
тежесе  шартты  т  е  р  і  с  немесе  ж  а  г  ы  м  с  ы  з  рефлекс  деп 
атайды.  Шартты  оң  рефлекстер  кезінде  мүшелердің  қызметі 
пайда  болады  немесе  бүрынғы  қызметі  одан  әрі  күшейеді. 
Шартты  теріс  рефлекстерде  мүшелердің  қызметі  нашарлай- 
ды, тіпті  тоқтап  та  қалады.
Шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіш болмаған жағ- 
дайда да пайда  бола  береді.  Ондайда шартсыз тітіркендіргіш 
белгілі  бір  мерзім  сайын  эсер  етеді.  Мүны у  а қ  ы т қ а деген 
шартты  рефлекс  деп  атайды.  Бүл  жағдайда  уақыт  шартты 
тітіркендіргіштің  рөлін  атқарады.  Мысалы,  мезгіл-мезгіл 
жүректің  соғуы ны ң  өзгер уі  н ем есе  тыныстың  тарылуы, 
немесе  тамақ  қабылдау  т.с.с.,  кей  кезде  таңның  атуы  мен 
күннің  батуы  шартты  тітіркендіргіш  есебінде  эсер  етеді.
Шартты  рефлекс  шартсыз тітіркендіргішсіз, бүрын шарт­
ты  тітіркендіргіш  ретінде  пайдаланып,  үзак  мерзім  шарт­
сыз  тітіркендіргішпен  нығайтылған  шартты  әсерді  пайдала- 
ну  арқылы  да  пайда болады.  Оны  е к і н ш і   д ә р е ж е л і  
шартты  рефлекс дейді.  Бүрын  шартты тітіркендіргіш  ретінде 
пайдаланылған  әсерлерді  шартсыз  тітіркендіргіштің  орнына 
жүмсау  аркылы  ү ш і н ш і ,  
т ө р т і н ш і   т.с.с.  шартты 
рефлекстерді  тудыруға  болады.
Шартты  рефлекс  топты  тітіркендіргіш терге  де  туады. 
Мүндайда бейтарапты тітіркендіргіштер бірінен соң бірі эсер 
етіп,  оның ең соңғысы  шартсыз тітіркендіргішпен  бекітіледі. 
Ондай  рефлекстерді  к о м п л е к с т і   шартты  рефлекстер 
дейді.  Бүлардың  пайда  болуы  жеке  тітіркендіргіштерге  ту- 
ған  рефлекстер  тәрізді.
Уакытш а  нервтік  байланы с. 
Шартты  тітіркендіргіш 
э с е р   етк ен де  ми  қыртысының  тітір к ен дір гіш к е  сәй к ес 
орталығында  қозу  ошағы  пайда  болады  (9-сурет).  Мысалы,
71

көзге  эсер   етсе  —  көру  орталығы,  дыбыс  өсер  етсе  —  есту 
орталығы.  Шартсыз  тітіркендіргіштің  әсерінен  оған  сәйкес 
орталықта  екінші  бір  қозу  ошағы  пайда  болады.  Организм 
үшін  маңызды  әсерді  шартсыз  тітіркендіргіш  ретінде  алған- 
дықтан екінші орталықтағы  қозу біріншіге қараганда анагүр- 
лым  күштірек  болады.  Сондықтан  бірінші  қозу  ошағындагы 
нерв  импульстері  екінші  орталыққа  тартылады  да,  екеуінің 
арасында  байланыс  пайда  болады.  Шартсыз  тітіркендіргіш 
негүрлым  күшті  болса,  согүрлым  екінші  орталықтың  қозуы 
күшті  болып,  шартты  рефлекс  тез  туады.  Жағдай  қайталан- 
ған  сайын  екі  нерв  орталығының  арасындагы  байланыс  ны- 
ғайып,  күшейеді  д е  шартты  тітіркендіргіштің  әсеріне  шарт­
ты  рефлекс  пайда  болады.  Шартты  рефлекс  күшейген  сай­
ы н,  ми  қ ы рты сы н да  қ о зу д ы ң   ж айы луы   н аш ар л ап , 
ш оғы рлануы   к ү ш е й е д і.  Ш артты  р е ф л е к с т е р д ің   п ай да 
болуының негізі — ми қыртысындағы жүйке орталықтарының 
арасында  у а қ ы т ш а   н е р в т і к   б а й л а н ы с т ы ң  
пайда  болуы  (9-сурет).  Мысалы,  лимонды  көргенде  ми  қыр- 
тысының  көру  аймағында  қозу  пайда  болады  (а),  лимонның 
д ә м і  ауы з  қуысыны ң  рецепторлары н  т іт ір к ен д ір ед і  д е , 
сопақша  мидың  сілекей  шығару  орталығында  ж әне  ми  қыр- 
тысының  ас  қорыту  орталығында  қозу  пайда  болады  (б), 
ми  қыртысындағы  екі  қозу  ошақтарының  арасында  уақыт-
ша  нервтік  байланыс  туады   (в,  үзіл ген   стрелкамен  көр- 
сетілген).
Қазіргі  электрофизиологиялық  зерттеулердің  арқасында 
И.  П.  Павлов  түсіндіргендей  уақытша  нервтік  байланыс  тек 
кана  ми  қыртысында  түйықталып  қоймайды,  қыртыс  асты 
қүрылымдарда  да  пайда  болады.  Жарыққа  немесе  дыбысқа 
деген  шартты  қорғаныс  немесе  ас  қорыту  рефлекстері  пайда 
болғанда  ми  кыртысының  ЭЭГ-сы  ғана  өзгеріп  қоймай,  ми 
баганасының  торлы  қүрылымынан  жазылып  алынған  ЭЭГ 
да  өзгереді.  Жануарлардың  ми  сыңарларының  қыртысының 
жаңа  (неокортекс)  бөлімін  сылып  алып  тастаса,  қарапайым 
шартты  рефлекстер  пайда  бола  береді,  бірақ  ондай  рефлекс­
тер  өте  түрақсыз,  тым  тез  жойылады.  И.  С.  Бериташвилидің 
болжамы  бойынша  ми  қыртысы  жоқ  жануарларда  шартты 
рефлекстің  пайда  болуы  ескі  ж әне  көне  ми  жарты  шарлары- 
ның  қыртысына  байланысты.  ЗКануардың  сол  бөлім дерін 
алып  табтаса,  ешқандай  шартты  рефлекс  пайда  болмайды.
72

3
9-сурет .
  Ш артты   реф лекстердің   пайда  болуы ньщ
н ей роф и зи ологи ялы қ  м еханизм і:
а — ми  кы рты сы ндағы   көру орталығы,  б — ми  қы рты сы ндағы   ас  корыту
орталығы,  в — сопакш а  м вдағы   сілекей  ш ы ғару орталыгы.
Бүл  анықтаулардын  арқасында  П.  К.  Анохин  уақытша  бай- 
ланыс тік бағытта (вертикальды қыртыс-кыртыс асты) түйық- 
талады  деген  болжамды  үсынды.
Сонымен  шартты  рефлекстің  пайда  болуы  тек  қана  ми
кыртысында  ғана  емес  қыртыс  асты  күрылымдарының  да
қатысуымен  болады.  Дегенмен  шешуші  орын  эволюциялық
сатыдағы  ең  жас  бөлім  — ми  қыртысының  қызметіне  байла­
нысты.
73

М и   қ ы р т ы с ы н д а ғ ы   у а к ы т ш а   б а й л а н ы с т ы н   н ей - 
рон ды к   тетігі.
1 . Ф у н к ц и я л ы қ   тетік.  Шартты  тітіркендіргіштің 
ә с е р ін е н   туған  қ озу  толқы ндары   бір   нейроннан  екінш і 
н е й р о н ғ а   ө т іп ,  ал  со ң ғы сы н а н   б ір н е ш е   н е й р о н д а р ғ а  
дивергенция (қосарланып бөліну) тәртібімен тарайды. Сонан 
соң   қайта  оралып  алғашқы  нейронға  қайта  соғады .  Нерв 
импульсінің  осылай  ш еңбер  жасап  айналып  қайталануын 
р е в е р б е р а ц и я   (лат. 
реверберация
 — біртіндеп  басылу, 
жаңғырығу)  дейді.  Ол  қайталаған  сайын  нерв  импульсінің 
жүруі жылдамдайды, өйткені қозу синапс арқылы өткен сәтте 
электр  потенциалы   туады ,  ал  бұл  импульс  өткізгіш тігін 
ж еңілд етед і .
2.  Б  и  о  х  и  м  и  я л  ы  қ  тетік.  Ми қыртысының нейронын- 
да  қозу  туган  сәтте  алдымен  ферменттік  үрдіс  күш ейеді. 

жүктеу 1.71 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет