Е. А. Бекетов атындағы Караганды профессоры, медицина гылымдарынын докторы А. Е. Коикабаева



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет3/16
Дата03.05.2017
өлшемі1.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

.6 0  
5 0
40
30 
20 
10
О 


12 
25
1-сурет.  Жаска байланысты дене пропорциясының өзгеруі
тұла  бойы   мен  бастары   үлкен  болады   да  оларды ң  дене 
пропорциясы:  басының  үзындығы  1:4,  түла  бойының  үзын- 
ды ғы   2:4,  а я қ та р ы н ы ң   ү зы н д ы ғы   1:4  б о л ад ы .  М үн дай  
пропорция  бір  жаска  дейін  сақталады,  ал  бір  жастан  кейін 
омыртқа  сүйектерінің  өсу  карқыны  жіліктерінің  өсу  қарқы- 
нынан  жылдамырақ  болып,  дене  пропорциясы  өзгере  бас- 
тайды.  Екі  ж астағы   баланы ң  дене  пропорциясы   мынадай 
болады:  1:5,  2:5,  2:5.  Екі  жастан  әрі  қарай  жілік  сүйектері 
жылдамырақ өседі  де алты жаста дене  пропорциясы  1:6,  2:6, 
3:6,  яғни  баланың  аяқтарының  үзындығы  түла  бойынан  ар- 
тык* бола  бастайды.  5-6  жастағы  баланың  қол-аяқтары  үза- 
рып  жалпы  үсқы ны   өзгереді.  6  жастан  әрі  қарай  тағы   да 
ом ы ртқа  сүйектерінің  өсу  қарқы ны   күш ейеді,  сонды қтан
7 жастағы баланың басы  1:7, түла бойы 3:7, аяқтары 3:7 қаты- 
насында  болады,  яғни  7-8  жасар  баланың  аяқтары  мен  түла 
б ой ы н ы ң   ү зы н д ы ғы   те ң есед і.  О дан  әр і  қ ай тад ан   ж ілік 
сүйектерінің  өсу  қарқы ны   үдеп,  12  ж аста  баланы ң  дене 
пропорциясы  1:8,  3:8,  4:8  қатынасындай  болады  (1-сурет). 
Бүл  пропорция  дүрыс  өсіп  жетілген  ересек  адамның  дене 
пропорциясы  болып  кала  береді.  Яғни  ересек  адамда  аяқта-
31

рының ұзындығы жалпы бойының жартысына тең болғанда, 
оны  сымбатты  адам  деуге  болады.  Дегенмен  мұндай  жаксы 
пропорция барлық адамда кездесе бермейді, себебі оған сырт- 
Қы ортаның түрлі жағдайлары эсер етеді. Айтапық, баланың 
бас  сүйегі  жылдам  өсіп  келе  жатқанда  бала  ауырып  қалса 
немесе жілік  сүйектері тез  өсетін кезде баланың тамағынын 
құрамында  сүйектің  өсуіне  қажетті  кальций  мен  фосфор 
аз  болса,  оның  дене  пропорциясы  жасына  сай  дүрыс 
болмайды. 
• 

4
Баланың  өсуі  мен  дамуы  оның  организміндегі  түқым 
қуалау  қасиеттеріне  және  сыртқы  ортаның  жағдайларына 
байланысты.  Организмнің  өсу және даму қарқыны,  жыныс- 
тық деморфизм  және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің 
жетілуі  т.с.с.  түқым  қуалау  қасиеттеріне  байланысты. 
Дегенмен  олар  сыртқы  ортаның  жағдайына  байланысты 
ауытқуы да  мүмкін.  Бірақ егіздерді  зерттеу  әдісімен  табыл- 
ған мәліметтер бойынша (Никитюк, Мүсағалиева, Савченко, 
1990),  сыртқы  ортаның  жағдайлары  негізгі  түқым  қуалай- 
тын зандылықтардан онша асып кете алмайды, яғни балалар 
мен жастардын өсуі  мен дамуы  белгілі  биологиялық заңды- 
лықта  сыртқы  ортаның  әсеріне  байланыстьі.  болады. 
Сондықтан  балалардың  денсаулығын  сақтау,  жан-жақты 
жетілдіруге қажетті жүмыстарды үйымдастырғанда осы заң- 
дылықтарды  міндетп  түрде  ескеру  керек.
1960-1990  жылдары  байқалған  еліміздегі  балалар  мен 
жастардың  өсуі  мен  дамуының  олардың  ата-аналары- 
мен  салыстырғанда,  жылдамдануын  өсу  мен  дамудың 
а к с е л е р а ц и я с ы   деп атайды, яғни қазіргі балалар мен 
жастардың  белгілі  бір  жас  мерзімінде  олардың  ата-ана- 
лары ны ң  сол  ж асындагы  денесінен  ірі  болып,  ерте 
жетілуін  айтады.  Өсу  мен  дамудың  акселерациясын  анық- 
таУ  үшін  баланың  немесе  жас  өспірімнің  нақтылы  бір  жас 
мерзімін  алып,  оның  көрсеткіштерін  баланың  ата-анасының 
сол жастағы көрсеткіштерімен немесе сол жерде бүрын өмір 
сүрген  балалардың  орташа  көрсеткіштерімен  салыстырады. 
Мысалы,  1979 жылғы Ресейдегі мәскеулік  12 жасар ер бала- 
лардың бойы  1930  жылдағыдан  11  см,  салмағы  10  кг  артык 
болған.  XX  ғасырда  өмір  сүрген  Алманиядағы  балалар  мен 
жас  өспірімдердін  белгілі  бір  жас  кезіндегі  көрсеткіштері 
XIX  ғасырдағылардан  анағүрлым  артық  болған.
32

Мұндай  мәліметтер  қазақ  балаларының  өсуінде  де  кез- 
деседі.  Айталық,  1976  жылғы  Алматы  қаласының  13  жас- 
тағы  оқуш ыларының  бойы  орта  шамамен  152  см,  салмағы 
44,17  кг,  кеуде  шеңбері  78,13  см  болса  (Алиакбарова,  1993, 
1995),  1950  жылдары  ол  көрсеткіш тер  146,6  см;  37,03  кг; 
70,67 см (Ш әкенов,  1960) болған, яғни  1980 жылдары  айтар- 
лықтай  айьфмаш ылықтың  бар  екенін  көруте  болады.
Өсу  мен  дамудың  акселерациясының  бірнеше  белгілері 
‘бар:
—  жаңа  туған  нәрестелердің  ірі  болуы  (1970-80  ж ылда­
ры  Алматыда  туған  нәрестелер  1950-1955  жылдары  туған 
сәбилерден  3-4  см  ұзын,  0,4-0,5  кг ауыр);
—  белгілі  бір  жас  м ерзім інде  балалар  мен  ж астарды ң 
д е н е с ін ің   ірі  б о л уы   (ж о ға р ы д а   ж азы л ған   1976  ж ы л ғы  
мәліметті  қараңыз);
—  ерте  ж ыны сты қ  ж етілу  (қазіргі  ж астарда  ж ы ны сты қ 
жетілу  белгілері  1,5-2  жыл  ерте  басталып,  ерте  аяқталады; 
онын  белгілері:  мысалы,  қыздардың  етек  кірінің  10-12  жас­
та басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйектерінің 
өсуі); 
***
—  б ал ан ы ң   сү й егі  ер те  қ атад ы   (с ү й е к т ің   қ ату ы н ы ң  
белгісі:  баланың  сүт  тістері  1-2  жыл  ерте  шығып,  түрақты 
тістері  ерте  пайда  болады,  маңдай  еңбегі  ерте  жабылады  — 
қазіргі  кезде  нәрестенің  мандай  еңбегінің  9-10  айда  жабы- 
луы  қалыпты  жағдай  деп  есептеледі);
—  ж астарды ң  бойыны ң  өсуі  ерте  тоқталады :  қалыпты 
ж ағдайда  ж ігіттерде  22-24  ж аста,  қы здарда  20-22  ж аста 
бойының өсуі тоқталса,  акселераттарда өсу 2  жылдай  бүрын 
аяқталады  (өсуі  мен  дамуының  акселерациясы  байқалатын 
жастарды а к с е л е р а т  деп атайды), яғни жігіттердің бойы 
20-22  жаста,  қыздардың  бойы  18-20  жаста  өсуін  тоқтатады.
Өсу  мен  дамудың  акселерациясының  себептері  туралы 
б ір н е ш е   б о л ж а м д а р   б ар   (г е н е т и к а л ы қ ,  г е т е р о з и с т ік , 
гелиогендік,  урбанизациялы қ,  әлеум еттік-экон ом и калы қ, 
т.6.),  бірақ  олардың  әрқайсысы  жеке  алғанда  өсу  мен  даму- 
дьщ  акселерациясын  толық  дәлелдей  алмайды.  Сондықтан 
ХХ-сыншы ғасырдың 80-90-шы жылдары ұсынылған өсу мен 
дамуды ң  акселерациясы   комплексті  (бірнеш е)  себептерге 
байланысты  пайда  болады  деген  түж ы ры м дар  ш ы нды ққа 
көбірек  үйлеседі.
3— 182
33

3.  Адам  жасының  кезецдері
Оқу-тәрбие жүмыстарын үйымдастырғанда балалардын 
жасын белгілі бір топқа белуге тура келеді, яғни әртүрлі жас- 
тағы  балаларды  бір  топқа  қосады.  Ол  топтардағы  балалар- 
дың  жасын  белгілі  бір  мөлшермен  шектеу  кажет.  Осыған 
байланысты  адам  өмірін  бірнеше  жас  кезеңдеріне  бөлу 
қажеттілігі  пайда  болады.
I Ж  а с   к е з е ң д е р і   деп  өсу  мен  дамуы  үқсас, 
физиологиялық  ерекшеліктері  бірдей  уакыт  мөлшерінін 
шегін  айтады.  Белгілі  бір  жас  кезеңінде  организмнің  даму 
дәрежесі  бір  деңгейге  жетіп,  келесі  деңгейге  дайындалу 
мерзімі  басталады.  Осыны  ескере  отырып,  1965  ж.  адам 
организмін  зерттейтін  түрлі  ғылымдар  өкілдерінің  (физио- 
логтар,  гигиенистер,  дәрігерлер,  педагогтер,  психологтар 
пәлсапашылар,  генетиктер  т.б.)  қатысуымен  Мәскеу  қала- 
сында  болған  дүниежүзілік  жас  кезеңдерінің  шағын  жина- 
лысында адамның барлық өмірін  12  кезеңге бөлген:
1.  Жаңа туған сәби (алғашқы  10 күн өмірі);
2. Емшектегі сәби (10 күннен  1  жасқа дейін);
3.  Алғашқы  балалық шақ (1-3  жаё);
4. Бірінші  балалық шақ (4-7 жас);
5.  Екінші балалық шақ (қыздар 8-11  жас, үлдар 8-12 жас);
6.  Жеткіншек немесе жасөспірімдер (қыздар  12-15, үлдар 
13-16  жас); 

7.  Кәмелеттік  немесе  жігіттік/бойжеткендік  (қыздар 
16-20, жігіттер  17-21  жас);
8.  Кемелге  келу немесе  ересектік мерзімнің  1-ші  жарты- 
сы (әйелдер 21-35, ерлер 22-35 жас);
9.  Ересектік  мерзімнің  2-ші  жартысы  (әйелдер  36-55, 
ерлер 36-60 жас);
10.  Егде жас (әйелдер 55-74,  ерлер 60-74 жас);
11. Қариялар немесе кәрілік (әйелдер мен ерлерде бірдей
74-90 жас);
12.  Үзақ өмір сүрушілер (90 жастан әрі қарай). 
I
ГБүған  қоса,  балаларды  тәрбиелеу,  үйрету  және  оқыту
жағдайларын  ескеріп  педагогтер  келесі  жас  кезеңдерінің 
топтарьш  үсынды:
1. Жаңа туған сәби (1  ай);
2.  Емшектегі сәби (1  айдан  1  жасқа дейін);
3. Ясли жасы немесе балбөбектер тобы (1-4 жас);
4.  Мёктепке дейінгілер тобы  (5-7жас);
34

5.  Мектеп  жасындағылар:
а.  Бастауыш  сыныптағы  оқуш ылар  (7-11  жас);
ә.  Ортаңғы  сыныптағы  оқушылар  (11-14  жас);
б.  Ж оғарғы  сыныптағы  оқуш ылар  (14-18  жас).  [ 
Жалпы алғанда адамның жасын кезеңдерге бөлу ұсыныс-
тары  өте  көп.  Ғалымдар  алға  қойған  мақсаттарына  байла­
нысты  б ел гіл і  б ір  к ө р с е т к іш т е р д і  н егіз  етіп ,  ад ам н ы ң  
көптеген жас кезеңдерін ұсынуда. Олардың кейбіреуі ескіріп, 
қазіргі  ж ағдайларға  сай  келмейді,  кейбіреулері  бір  жақты 
б олы п ,  ж а н -ж а қ т ы   т ү с ін ік   б е р м е й д і.  С о ң ғы   к е зд е р д е  
валеологи яға  б етб ү р у ға  бай лан ы сты   адам н ы ң   ж асы ны ң 
к е зе н д е р ін   д е н с а у л ы ғ ы н ы ң   қ а л ы п т а с у ы н а   л а й ы қ т ы  
топтастыру  жүйелері  көптеп  пайда  болуда.  Ф изиологиялық 
түрғыдан  алғанда  үсынылып  отырған  мәскеулік  1965  жыл- 
ғы  т о п т а с т ы р у   ғы л ы м и   н е гізд е л ге н   ж ә н е   о р га н и зм н ің  
ерекшеліктеріне сәйкес деуге болады. Әрбір жас кезеңдерінің 
белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге 
ауысу  уақытын  ө з г е р у   м е з г і л і   немесе  а у   ы  с у  
м  е р  з  і м  і деп  атайды  (кейбір  зерттеушілер  ауысу мерзімін 
мүшелі  ж ас  деп  атап  жүр,  бірақ  оның  жас  кезеңдері  қазақ- 
тың  мүшёлі  жасымен  сәйкес  келмейді,  дегенмен  белгілері 
үқсайды).  Өзгеру  мезгілі  эр   кезеңде  де  ауыр,  организм  көп 
күш  ж үм сай ты н   кез,  ол  —  д ен ед егі  б ір тін д еп   ж и н алған  
өзгерістерге  жаңадан  бейімделу  уақыты.  Сондықтан  өзгеру 
мезгілінде адам организмі  біршама әлсіреп, сыртқы ортаның 
ж ағдайлары ны ң  өзгерістерін  қиналып  өткізеді.  Бүл  кезде 
жүрёк-қан  тамырлары  мен  жүйке  ж үйелеріне  түсетін  сал- 
мақ  ауыр  болады.  Өзгеру  мезгілін  басынан  өткізу  адамның 
жасы үлғайған сайын қиын болады.  Жас  кезеңдерінің уақыт- 
тары  әртүрлі  шектелген.  Ол  организмнің  биологиялық  көр- 
сеткіштеріне  негізделген.  Дегенмен  үсынылған  жас  кезең- 
дерінің өлі де жетіспейтін жёрлері бар. Оларды анықтау адам 
организм і  ж ай ы н дағы   зерттеулерді  әл і  де  ж алғасты ры п  
кеңейтуді талап  етеді.  Жас  кезеңдерінің уақыт  шектері  (хро- 
нологиясы)  болсын,  оның  жеке  функдиялық  көрсеткіштері 
болсын  әлеум еттік  ж ағдайларға  байланысты  екенін  үмыт- 
паған  жөн.
Ж ас кезендерінің ортақ ерекшеліктеріне қоса, әрбір адам- 
ньщ өзінің  жеке  басының  ерекшеліктері  болады.  Олар  адам- 
ның  д е н с а у л ы ғ ы н а ,  т ү р м ы с   ж а ғ д а й ы н а   ж ә н е   ж ү й к е  
жүиесінің даму дәрежесіне,  т.б.  қарай  әртүрлі  болады.
35

Екінш і  бөлім
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ

III - т  а р  а у
Жүйке  жүйесінің  кұрылысы, 
қызметі және жасқа сай дамуы
1.  Қ озу  ф и зи о л о ги я сы
І
В
Тірі  организмдер  екі  түрлі  қалы пты  ж ағдайда  болады: 
физиологиялық тыныш тық ж әне физиологиялық белсенділік.
Ф и з и о л о г и я л ы қ   т ы н ы ш т ы қ  деп  организмнің 
көзін  жұмып,  тыныш ,  ештеңені  ойламай,  ты вдамай,  денесін 
босатып,  демалы п,  ояу  ж атқан  қалпы н  айтады.  Бұл  кезде 
организмнің өзінің тірш ілігіне қажетгі құрылымдары (жүрек- 
қан  тамырлар,  тыныс  алу,  зәр  ш ығару  т.с.с)  белгілі  ш амада 
қызмет  атқарады  ж әне,  мысалы,  үлпалардың  клеткаларында 
б ел гілі  м өлш ерде  зат  ал м асу ы   ж ү р іп   ж атад ы .  О сы н д ай  
қалыпта  жатқанда  сыртқы  ортаның  қандай  да  болмасын  бір 
жағдайлары  эсер  етсе,  организм  физиологиялық ты ны ш ты қ- 
тан физиологиялық белсенділікке ауысады. О рганизмнің қан- 
дай  да  болмасын  жеке  мүшесі  немесе  мүш елер  жүйесі,  тіпті 
б ү к іл  
о р г а н и з м н ің  
қ ы з м е т  
а т қ а р а т ы н  
ж а г д а й ы н  
ф и з и о л о г и я л ы қ   белсен ділік  дейді.
Ф и з и о л о г и я л ы қ   б е л с е н д і л і к   кезінде  зат 
ал м асу ы   ар тад ы ,  б ір н еш е  м ү ш е л ер ,  ж ү й е л е р   к ы зм е т ін  
к ү ш е й т е д і.  М ы сал ы ,  т а м а қ   іш к е н н е н   к е й ін   ас  к о р ы т у  
мүшелері  қызмет аткаруына байланысты оларға қоса жүрек- 
қан  там ы рлар,  ты ны с,  зә р   ш ы ғару  ж ү й ел ер ін ің   қы зм еті 
күшейеді.  М үндай  жағдайда  сыртқы  ортаның  әсері  денедегі 
үлпаларды,  клеткаларды  тітіркендіреді.
А дам  денесіндегі  көпш ілік  тірі  клеткалардың  тітіркену 
қ а с и е т і  б о л а д ы .  С ы р тқ ы   ж ә н е   іш к і  о р т а л а р д ы ң   т ү р л і 
әсерлеріне жауап  беру  қабілетін  т  і  т  і  р  к  е  н  у  деп  айтады.
36

Ал  олардың  әсерлерінің  өзін  т і т і р к е н д і р г і ш   деп 
атайды.  Сыртқы  ж әне  ішкі  орталардың  әсерінен  организм, 
о н ы ң   ж е к е   ұ л п а л а р ы   ф и з и о л о г и я л ы қ   т ы н ы ш т ы қ т а н  
белсенділікке  ауы сады .  Т ітіркендіргіш терді  тегіне  қарай 
төртке бөледі: физикалык, химиялық, физико-химиялық және 
биологиялық  тітіркендіргіш тер.
Ф и з и к а л ы қ   тітіркендіргіиггер  деп  түрлі  механика-
•лы қ  (соккы,  шаншу,  қысым  т.б)  ж әне  электрлік  әсерлерді 
айтады.
Х и м и я л ы қ   тітіркендіргіиггерге  тамақтың  қүрамын- 
дағы органикалық ж әне бейорганикалық заттар, дәрілер, улы 
з а т т а р ,  с іл т іл е р ,  қ ы ш к ы л д а р ,  т ү з д а р   ж ә н е   о л а р д ы ң  
ертінділері  тәрізді  көптеген  химиялық  заттардың  әсері  жа-
тады. 
FBI 
V
Ф и з и к о - х и м и я л ы қ   т іт ір к е н д ір гіш те р ге  
ертінділердегі  заттарды ң  парциалды қ  қы сы мы ,  осм осты қ 
қысымы,  иондардьщ  (аниондар  мен  катиондар)  ж әне  түрлі 
за т та р д ы ң   к о н ц е н т р а ц и я   а й ы р м а ш ы л ы қ т а р ы н ы ң   ә с е р і 
(айталы қ,  5%  ж ән е  7%  түз  қы ш қы лы ны ң  ертін ділерін ің  
әсерінің  айырмаш ылығы)  жатады.
Б и о л о г и я л ы қ   тітіркендіргіш терге  түрлі  макро- 
және  микроорганизмдердің  әсерін  жатқызуға  болады.
Тітіркендіргіштердің  әсерінен  тітіркене  алатын  үлпалар- 
ды  т і т і р к е н г і ш   үлпалар  деп  атайды.  О ларға  нерв,  ет, 
без үлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштің әсеріне қозумен 
жауап  береді.  Қ о  з  у  аталған  үлпалардың  қызметінің  үрдісі. 
Қозу  кезінде  бүл  үлпалардың  электрлік  ж әне  биохимиялық 
касиеттері өзгереді, үлпалардың  қызметі басталып, күшейеді.
Сыртқы  ортаның  кейбір  тітіркендіргіштері  эсер  еткенде 
қозғыш  үлпалардың  қозуы  бәсендейді  немесе  мүлде  тоқтап 
қалады.  Мүны т  е  ж  е л  у  деп  атайды.  Тежелу де  қозу  іспетті 
тірі  үлпалардың  белсенді  қызмет  атқару  күйі.  Бірақ  тежелу 
кезінде  жеке  мүшелерде  немесе  организмде  бүрын  басталған 
кызмет баяулайды,  я болмаса мүлде тоқталады.
Тірі  үлпалардың  электрлік  қасиетін  б и о э л е к т р л і к  
күбылыс  дейді.  Көп  клеткалы  организмдерде  сыртқы  және 
ішкі  орталардың  мәліметтерін  қабылдап,  сақтап,  талдап,  бір 
жерден  екінші  жерге  жеткізу,  қажетіне  қарай  қайтадан  жаң- 
ғырту  тарихи  даму  барысында  қалыптасқан  электр  сигнал- 
дары  арқылы  іске  асады.
37

Электр  кушін  тудыратын  энергия  клетка  мембранасыньщ 
ішкі  және сыртқы  жагында о риал ас ка н  он (+)  зарядты  натрий, 
калий,  кальцийдің  катиондары  мен  түрлі  теріс  зарядты  (—) 
аниондарға байланысты.  Олардың бір-біріне  г р а д и е н т  к каты- 
насы  (мембрананың  иондык  тарткышы)  деп  аталатын  арнайы 
молекулалык құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі 
саналатын  иондық  тартқыш  — аденозинүшфосфор  қышкылы 
(АТФ)  ферменттердің  әсерінен  ыдырау  кезінде  пайда болатын 
энергияны  (яғни  зат  алмасуынан  пайда  болатын  энергияны) 
жұмсайды.
Тыньпптықтағы клетка мембранасыньщ сырты мен ішіндегі 
п о т е н ц и а л   а й ы р м а ш ы л ы қ т а р ы н   м е м б р а н а -  
н ы ң   п о т е н ц и а л ы   немесе тыныштық тогы деп атайды.
Қызмет атқарған клетканың мембранасы мен тыныш тык- 
таг ы  клетка  м ем бранасы ны ң  потенциал  айы рм аш ы лы гы н 
э р е к е т   п о т е н ц и а л ы   дейді.  Ты ны ш ты қ потенциалы 
50-90  мВ-қа  дейін  болады. 
і 
:
2.  Нейронный кұры лы сы  мен кызметі
Ж үйке  ж үйесінің  қүры лы сы   мен  ф ункциялы к  негізі  — 
нерв  клеткасы  немесе  н е й р о н .   О рталық  ж үйке  жүйесінде 
нейрондарды  қосымш а  клеткалар  — г л и я л а р   корш аған. 
Н ейрондар мен глиялар нерв үлпасын қүрайды.  Глиялар нерв 
клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді ж әне электр 
и зо л я т о р ы   қ ы зм е т ін   а т қ а р а д ы /  Ж аң а  т у ғ а н   н ә р е с т е н ін  
нейрондары ны ң  саны   глиялардан  анағүрлы м   көп  болады . 
20-30 ж аста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адам- 
ны ң  ж асы   ү л ғай ган   сайы н  н ей р о н д ар д ы ң   ү л есі  азай ы п , 
глиялардың  үлесі  көбейеді.
Нерв  клеткасының  қүрылысы  күрделі  (2-сурет).
Басқа  тірі  клеткалар  тәрізді  оның  мембранасы,  ядросы, 
ядрош ы ғы   м ен  орган ои дтары   болады .  Н ей рон н ы й   баска 
клеткалардан айырмаш ылығы — денесінің көптеген өсінділері 
б о л а д ы   ж ә н е   ц и т о п л а з м а с ы н д а   н е й р о ф и б р и л д е р і  б ар . 
Н ейронны ң  ала  түсті  заттарының  қүрамы нда  рибонуклеин 
қы ш кы лы   (РН К )  бар.  О ны ң  мөлш ері  ж ы ны сты қ  ж етілуге
деиін  көоеиш ,  кеиіннен  түрақталады.  і\ау ш ті  ж ағдаиларда 
РНК-ныЦ'  м өлш ері  азаяды   д а  ала  түсті  заттары   ы ды рап, 
ж оғалы п  кетеді.  М үндайда  нейронны й  тірлігі  ж ойы лады .
38

Н ейроф ибрилдер  ұзы н  м олекулалы   белоктардан   түрады . 
Нейрон үзақ жұмыс істегенде олар ж ойылып та кетуі мүмкін.
Н ейронны ң  денесін  с о м а   деп  атайды.  О ны ң  піш іні 
әртүрлі:  сопақш а,  ұрш ы қ  тәр ізд і,  дөңгелек,  дом алақ,  үш 
бұры ш ты ,  төрт  бұры ш ты ,  ж ұлды з  төрізді,  т.б.  Д енесінен 
ұзы нды -қы сқалы   өсінділері  —  нерв  талш ы қтары   ш ығады. 
Үзын  талш ығын  а к с о н   (грекше  аксон  — тірек деген  мағы-
•  нада),  қысқа талш ыктарын д е н д р и т  деп атайды (дендрон
-   ағаш ).  А ксонның сыртьга қорш аған м и е л и н  қабығы бар. 
Миелин  — ақ  май  тәрізді  (липид)  заттан  түзілген.  Ол  әрбір 
1,5-2  см сайын  үзіліп,  Ранвье белдеуіне  айналады.  Аксон  ар- 
қы лы   н ерв  к л етк асы н ы ң   д е н е с ін е н   б асқ а  н е й р о н д ар ға, 
жүмысшы  мүшеге  нерв  импульстері  тасылады.  М үш елерге 
келген  аксонның  үш ы  тармақталы п  нерв  ү ш т а р ы н а  
айналады .  Н ерв  ұш тары   қы зм етіне  байланы сты   екі  түрлі 
болып  келеді:  сезгіш   үш тар  -   р е ц е п т о р л а р   ж әне 
қозғауш ы үш тар — э ф ф е к т о р л а р .   Рецепторлар  сыртқы 
ж әне  ішкі  ортаньщ  қандай  да  болмасын  тітіркендіргіш інің 
әсерін  нерв  импульстеріне  — қ  о  з  у  ғ  а  айналдырады.  Ал 
эффектор  орталық  жүйке  жүйесінен  келген  қозуды  жүмыс- 
шы  мүшеге  жеткізеді.
Д ендриттер  — тарм ақталған  қы сқа  өсінділер.  О лардың
үш тары  сәл  ж уандап  бүды рланады .  Бүл  —  нейрондарды ң
б а с к а   к л е т к а л а р м е н   ү ш т а с у   а у д а н ы н   ү л к е й т е д і.  Н ер в
к л етк ал ар ы н ы ң   аксо н ы   к ө б ін е  б ір е у -а қ   б о л ад ы .  Б ірен -
сараны нда  ған а  екі  аксон  кездеседһ  О лар  үзы н  болады :
бірнеше  сантиметрден  1-1,5  метрге  дейін.  Дендриттер  көп
болады.  Олар — нейронның  кірер  есігі,  ал  аксондар -   шығар
есігі.  Дендриттердің  бүртіктері  бала  туғаннан  кейін  көбейе 
түседі §
Нейрондардьщ  бір-бірімен  байланысы  с и н а п с   деп 
аталатын  арнайы  ерекше  қүрылым  арқылы  іске  асады
С и н а п с ты н  к ү р ы л ы с ы  м ен к ы зм еті. Синапс 3 бөлімнен 
түрады:  пресинапстық  (синапстың  алдындағы),  синапс  саң- 
лауы  ж әне  постсинапстық  (синапстың  соңындағы)  бөлімдер 
(2 -с у р е т   Б ,В ,Г ,  3 -с у р е т ).  П р е с и н а п с т ы к   б ө л ім н ің   п ре- 
с и н а п с т ы қ   м е м б р а н а с ы   б ар .  П р е с и н а п с т ы қ   м е м б р а н а  
н ей р о н н ы й   а к с о н ы н ы ң   ж у а н д а ға н   үш ы   —  с и н а п с   тү й - 
м еш есінін  қабы ғы .  С инапс  түй м еш есін ің   іші  си н ап сты к 
көбікке  толы  болады.
39

2-сурет . 
Нерв клеткасыньщ (А) жөне синапстың 
(Б , 
В,  Г)
қүрылысы:
1  — дендрит, 2 — нейронның денесі, 3 — аксо-сомалық синапс, 4 — аксо- 
дендриттік синапс,  5 — аксон,  6 — Шван қабығы, 7 — Ранвье белдеуі,

— дендритгің бүршігі,  9,10 — аксон  көпіршігі,  11  — пресинапстық 
мембрана,  12 — синапстык саңлау,  13 — синапстың төменгі  мембранасы,
14 — постсинапстық мембрана,  15 — митохондрий!
Бұл көбік м е д и а т о р  деп  аталаты н белсенді хим иялы қ 
заттан   тұ р ад ы   (лат.  м ед и а т о р   —  д ел д ал ,  ар ад а  ж ү р у ш і). 
Қ абы лдауш ы   нейронны ң  пресинапсты қ  бөлімім ен  ж алғаса- 
тын  ж ерінің  қабы ғы н  постсинапсты қ  м ем брана  деп  атайды. 
П ресинапсты қ ж әне постсинапсты қ мембраналарды ң арасын- 
да  синапс  с  а  ң л  а  у  ы  болады.  Ол  — клетка  аралы қ  сүйы ққа 
толы   кеңістік.
Ә рбір  н ей ронны ң  денесіндегі  син ап старды ң   саны   100, 
тіпті  бірнеш е  мы ңға дейін  болуы  мүмкін.  А л  әрбір  нерв тал- 
ш ы ғы   10  м ы ңға дейін  синапс  түзе  алады.
Қ а зір гі  к езд е  ж ү л ы н   м ен   м и д ы ң   т ү р л і  б ө л ім д е р ін д е
2  түрлі  синапстар  бар  екені  аны қталды :  козды руш ы   ж ән е 
теж еу ш і  си н ап стар.  О р тал ы қ  ж ү й ке  ж ү й есін д егі  теж еуш і 
нейрондарды ң  аксондары ны ң  үш тары нда  теж еуш і  медиатор 
болады   да,  ол  қабы лдауш ы   нейронға  теж еп  эсер  етеді.  М и 
сы ңарлары ны ң қы рты сы ңдағы  нейрондарда g -амин май қыш - 
қы лы   (ГА М К )  теж еуш і  м едиатор  ролін  атқарады.
40

1  — аксон, 2 
мембрана,  5
3-сурет .  С и н ап сты ң   қүры лы сы :
митохондрия,  3 — синапс  көпіршігі, 4 — пресинапстық 
постсинапстық мембрана,  6 — медиатор  қабылдағышы, 
7 — синапстык саңлау,  8 — дендрит
Ә р б ір   н ер в   к л е т к а л а р ы н д а   к ө п т е г е н   т е ж е у ш і  ж ә н е  
қоздырушы  синапстар  болады.  Бұл  нерв  әрекеттерінің  бір- 
бірімен  байланысты  қызмет  атқаруын  қамтамасыз  етеді.
Нерв  талш ығы  арқылы  келген  қозу  синапстық  көбіктегі 
медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп, синапс ара- 
лығына  қүйылуына түрткі  болады.  Ол  медиатор  синапс  ара- 
лы ғы ндағы   клеткаралы қ  сұйы қта  диф ф узды   түрде  тарап, 
постсинапстық  мембрананы  тітіркендіреді.  П остсинапсты қ 
мембранада  медиатордың  әсері  қайтадан  қозуға  айналады.
А дамның  миы  нәтиж елі  еңбек  еткен  сайын  оның  синап- 
стары  көп  болады.  Сондықтан  ж аңа  туған  нәрестелерде  си­
напстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адам- 
да өте  көп  болады.

жүктеу 1.71 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет