Е. А. Бекетов атындағы Караганды профессоры, медицина гылымдарынын докторы А. Е. Коикабаева



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет12/16
Дата03.05.2017
өлшемі1.71 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

122

1
8-сурет.
  Құлақтың 
жалпы  қүрылысы.

-  қүлак калқаны; 2 -  сырткы 
кулак  түтікшесі;  3  — дабыл 
жарғағы; балғаша;  4-ортаңғы 
күлак куысы; 5 -  дыбыс түтігі;
6 — үлу;  7 — жартылай  айнал- 
малы  каналдар;  8  — төсше;
9 — балғаша;  10 — үзеңгіше;
г   %
буы н дасқан .  Ү зеңгіш ен ің   табаны   іш кі  құлақты ң   сопақш а
тесігін жауып тұрады. С опақш а тесіктің беті ж ұқа ж арғақпен 
ж абы лған.
Д абыл жарғағының ауданы 70 мм2, ал үзеңгіш енің ауда- 
иы  3,2^ мм2,  яғни  22  есе  кем,  сонды қтан  табиғи  физикалы қ 
заң боиынш а дабыл ж арғағынан үзеңгіш еге өткенш е тербеліс 
амплитудасының  2,5  есе  төмендеуі  арқылы  сопақш а тесікке 
кысымды сонш а есе күш ейтеді. О сыған байланысты ортаңғы 
қүлақтан  өткенш е  тербеліс  50-60  есе  күшейеді.
І ш к і  
қ ү л а қ т а   екі  талдағы ш ты ң  шеткі  бөлімдері 
орн аласқан :  б ір ін ш ісі,  вести б у л яр л ы қ  ап п арат  б ір -б ір ін е 
перпендикуляр орналасқан  жартылай  айналмалы  3  каналдар
мен  олардың  табалды ры ғынан  түрады ;  екінш ісі,  үлу  сүйегі
— есту  мүшесі.
ү лу  сүиегі  тәрізді  қүрылым  екі  жарым  есе  айналым  жа- 
сайтын  спиральді  сүйек  тү п гі.  О ның  ішінде  екі  ж арғақ  бар: 
вестибулярлы қ  ж ән е  негізгі.  Бүл  ж арғақтар  үлу  сүйегінің 
к ан ал ы н   ү ш к е  б ө л ед і:  ж о ға р ғы ,  о р таң ғы   ж ә н е   тө м ен гі. 
Ж оғарғы   ж ән е  төм енгі  қуы стар  перилим ф а  сүйы қты ғы на 
толы  болып,  үлу  сүйегінің  үстіңгі  ж ағы нда  кіш кентай  тесік 
арқылы бір-бірімен жалғасады. Сол тесік арқылы перилимфа 
ар ал асы п   тү р ад ы .  Ү зең гіш е  с о п а қ ш а   т е с ік т ің   ж ар ғағы н  
и тергенде  ж оғарғы   қуы стағы   п ери ли м ф а  төм енгі  қуы сқа
құи ы лы п ,  іш кі  қ ү л ақ ты ң   д ө ң гел ек   тесігін ің   м ем б ран асы  
ортаңғы  күлакка  қарай  ығысады.
123

Вестибулярлық  және  негізгі  мембраналардың  арасында
ортаңғы  немесе  жарғақты  канал  болады.  Оның  ішкі  қуысы
тұйық.  Іші  эндолимфа  сүйығына  толы.  Құрамы  жағынан
эндолимфаның  перилимфадан  айырмашылығы  бар:  эңдо-
лимфадағы калий ионы перилимфадағыдан 30 есе артық, ал 
натрий ионы 20 есе кем.
Н е г і з г і   м е м б р а н а   бір-біріне көлденең орналас- 
қан, әлсіз байланысқан 24 мың дәнекер талшықтардан түра- 
ды.  Үлу  сүйегінің  түп  жағындағы  талшықтар  қысқа,  үзын- 
дығы 0,4 мм, ал жоғарғы жағында үзындау -   0,5 мм болады. 
Негізгі  мембранада  корти  мүшесі  орналасқан.  Ол -   дыбыс 
қабылдаушы  негізгі  мүше.
К о р т и   м ү ш е с і   түкті клеткалардан түрады.  Әрбір 
түкті  клетканың  жоғарғы  жағында  үзындығы  4  микрон 
60-70  түктері  болады.  Негізгі  мембрана  шайқалғанда  оның 
түктері  жабық  мембранаға  тиіп,  тітіркенеді.  Рецепторлық 
клеткалармен  жалғасқан  дыбыс  нерві  арқылы  қозу  қыртыс 
бөліміндегі  дыбыс  орталығына  барады.
2. Дыбысты қабылдау, оның жас ерекшелігі
және  гигиенасы
Дыбысты  қабылдау. 
Дыбыс  толқындары  дабыл 
жарғағы  мен  дыбыс  сүйектерінен  өтіп,  сопақша  тесік- 
тін  жарғағы  арқылы  перилимфа  сүйығын  шайқайды. 
Перилимфаның  шайқалу  жиілігіне  байланысты  негізгі 
мембрананың  белгілі  бір  дәнекер  талшықтары  қозғалады. 
Жоғары дыбыстың әсерінен үлу сүйегінің түбінде орналасқан 
дәнекер  талшықтар,  ал  төмен  дыбыстың  әссрінен  ұлу 
сүйегінің  жоғары  жағындағы  фиброздық  талшықтар 
қозғалады.  Дыбыс  неғүрлым  күшті  болса,  перилимфаның 
және фиброзды талшықтардың қозғалысының амплитудасы 
соғүрлым  биік  болады,  яғни  жабын  мембранаға  тиген  тал- 
шықтар  көбірек  иіледі.  Дыбыс  тембрі  негізгі  дыбысқа 
қосылатын  қосымша  дыбыстардың  әсерінен  қозғалатын 
фиброз  талшықтарының  мөлшеріне  байланысты.  Сонымен,
корти  мүшесі  дыбыс  жиілігін,  оның  күшін  және  тембрін 
сезеді.
Г.  Бекеши  негізгі  мембранада  әрекет  потенциалы  ж  а  - 
р ы  с қ а н толқын  іспетті  тербеледі  деген болжамын үсын-
124

ды.  Муны  Эвальд  т а л а с а  
ж а р ы   с қ а н   толқындар 
төрізді  деп  толы қты рды .  О лардың  қағидасын  басқа  зерт- 
теушілер толықтыра келе, әртүрлі серпімділіктегі негізгі мем- 
брананың дыбыс  жиілігіне  сай  бірде  жарысқан,  бірде таласа 
жарыскан  толқындар  іспетті  тербелетіндігін  анықтады.
Ересек адамның құлағы  16 герцтен 20  мың герцке дейін- 
гі  дыбыс  ырғақтарын  қабылдайды,  өсіресе  1000  герцтен  — 
3000  герц  жиілігіндегі  дыбысты  жақсы  қабылдайды.
Қалыпты  жағдайда  ересек  адам  5  м  қашықтан  сыбырла- 
ған  дауы сты   естісе,  есту  қ аб іл еті  қ ан ағаттан ар л ы қ   деп 
есептеледі.  Есту  қабілетін  а у д и о м е т р   деп  аталатын 
аспаплен  аныктайды.
Д ы б ы с   т а л д а г ы ш ы н ы н   ж ас  е р е к ш е л ігі.  Ж аңа  гуған 
сөбидің. сыртқы  құлақ  түтігі  тар,  оның  терісінде  түктер  көп 
болады.  1  жасқа  дейін  құлақ  түтігі  өсіп,  ұзарып,  кеңейеді. 
Дабыл  жарғағы  жаңа  туған  нәрестеде  ересек  адамға  кара- 
ганда  анағұрлым  көлбеу  орналасқан  (ересек  кісіде  45  гра­
дус, балада  15 градус). Ж аргақтың екі жагындағы эпидермисі 
қалың  болғанды қтан  қозғалы сы   наш ар.  С әби дің   ортаңғы 
күлағы   сү й ы қ қ а  толы   болады   д а  б ір тін д еп   бары п  ауаға 
толады.  1  жастагы  балада  Евстахи  түтігі  қысқа,  кең,  түзу 
б о л ад ы .  Іш кі  қ ү л а қ   1  ж ы л д ы ң   іш ін д е  е р е с е к   ад ам н ы ң  
қүлағымен  теңеседі.
2-3  ж аста  сыртқы  қүлақ  түтігі  сәл  иіледі  де  4-6  жаста 
ересек  адамның түтігіндей  болады.  Дабыл  жаргағы  2-3  жас- 
т а -а к   е р е с е к   а д а м н ы ң   ж а р ғ а ғ ы н а   ж а қ ы н д а й д ы ,  б ір а қ  
орналасуы  30-35  градус  болып,  тек  4-6  жаста  45  градусқа 
теңеледі.  Ортангы  қүлақтың  көлемі  2-3  жаста  ересек  адам- 
ның  қүлағынан  кішірек  келеді.  Ол  4-6  жаста  ересек  кісінің 
ортаңгы қүлағының көлеміне жетеді.  Евстахи түтігі 2-3  ж ас­
та үзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі 
күлақ  2-3  ж астың  арасында-ақ  ересек  адамның  қүлағымен 
теңеседі.
Ж а ң а   т у ғ а н   с ә б и д ің   д ы б ы с   н ер в і  ә л і  м и е л и н д е н іп  
б о л м аған ,  т о р т   т ө м п е ш ік т ің   ж ө н е  б а с қ а   ай м ақ тар ы н ы ң  
нейрондары   ди ф ф ерен ц и ялан баған .  1  ж аста  ды бы с  нерві 
жылдам  дамып  жетіледі  де,  4-6  жаста  ересек  кісінің  дыбыс 
н е р в ім е н   б ір д е й   б о л а д ы .  Е сту   т а л д а ғ ы ш ы н ы ң   қ ы р ты с 
б ө л ім ін ің   с е н с о р л ы қ   (с е з г іш )  зо н а с ы   а л д ы м е н   д а м ы п , 
ассоциативтік  зонасы  кейінірек  жетіледі.  1  жастан  аса 41-ші
125

сезгіш   аймақ,  6  ж аста  42-ш і  ассоциативтік,  7  ж аста  22-ші 
ассоциативтік  зоналар  жетіледі.
Баланы ң  ды бы с  есту  қабілеті  алғаш қы   ж ы лды ң  ішінде 
тез  жетіліп,  қарапайы м   ды бы старды   есту  қабілеті  болады. 
Тіпті  1  жастан  аса  музыкалық  қарапайым  әуенді  аздап  ажы- 
рата  алады.  Д егенмен,  ми  қы рты сы ндағы   дыбыс  орталығы 
алғаш қы жылы наш ар жетіледі. 4 жастан аса 41 -ші сенсорлық 
аймақтың  дамуы,  ал  6  жаста  42-ш і  ассоциативтік  аймақтың 
дамуы,  7  жаста  22-ші  аймақты ң  дамуы  аяқталады.  6  жастан 
аса  дыбыс  орталығы  ересек  адамның  дыбыс  орталығындай 
болы п ,  тал д ау   ж ә н е   тал қ ы л ау   қаб іл еттер і  ж оғары лай ды . 
6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адам- 
нан  анағүрлым жоғары.  7-13  жаста баланың дыбыс талдағы- 
ш ының барлық бөлімдері ересек кісінің дыбыс талдағыш ын- 
дай,  бірақ есту қабілеті  анағұрлым жоғары  болады.  М и  қыр- 
ты сы ны ң  талдау  ж ән е  талқы лау  қасиеттері  одан  әрі  дами 
түседі. 
іШ
  - І  ; 
Т  >
Е сту гигиенасы . 
Есту талдағы ш ьш ың қызметіне қажетті 
т и ім д і  ж а ғ д а й л а р д ы   е с т у   г и г и е н а с ы   з е р т т е й д і.  А д а м  
о р га н и зм ін е   э с е р   ету ш і  ш у д ы ң   ы қ п ал ы н   а за й т ы п ,  есту 
қабілетін үзақ мерзім жоғары дәреж еде сақтап қалу үшін бала 
кезден бастап есту гигиенасының талаптарын дүрыс орындап 
отыру керек. А йқай-ш у есту талдағы ш ы на 2 түрлі эсер етеді: 
қүлақтың дыбыс өткізуші мүшелерінің қызметін бүзады ж ене 
орталық  жүйке  жүйесіндегі  есту  орталықтарыны ң  қызметін 
наш арлатады.  Қатты  айқай,  айталы қ  90  децибел  ш амасын- 
дағы, есту қабілетіне ғана өсер етіп қоймай, ас қорыту, жүрек- 
қ ан -там ы р л ар   ж ү й ел ер ін ің ,  іш кі  с е к р е ц и я л ы қ   б езд ер д ің  
қызметін бүзады,  жалпы жүйке жүйесін тоздырады.  4-5  жыл 
б о й ы   120  д е ц и б е л   ш у д а   е ң б е к   е т к е н   а д а м н ы ң   ж ү й к е  
ж үйесінде  кем ш іліктер  пайда  болады :  үйқы сы   бүзы лады , 
басы  ауырады,  ішкі  секреция  бездерінің  қызметі  нашарлап, 
зат алмасуы  әлсірейді, тез  қозғыш,  аш уланш ақ болады,  қан- 
ның  қысымы  артады,  есту  қабілеті  төмендеп  мамандығына 
байланысты кереңдік пайда болады. М ысалы, тракторш ы ның 
басы  ауы ры п,  ды бы с  нервтерінің  қабы нуы   пайда  болады. 
Тіпті 6 сағат бойы 90 децибелдік шуда болғанның өзінде есту 
қабілеті  шүғыл  төмендейді.  90  децибелдік  шу  көлік  ағылып 
жатқан  көш енің  шуына  барабар.
М ектепке дейінгі  балалар  мекемелеріндегі  айқай-ш удың
126

мөлшері  40-100  децибел,  ал  мектеп  бөлмелеріндегі  айқай- 
шу  одан  ар ты ғы р ақ   болады .  Ер  б ал ал ар д ы ң   ш еберхан а- 
сындағы  ш удың  шамасы  60-110 децибел,  сынып  бөлмесінде 
40-90  децибел.  40  децибел  ш амасындағы  ш у  балаларға  за- 
қым  келтірмейді,  50  децибелден  асқанда  балалардың  ецбек 
кабілеті  төмендейді.  Өсіресе  60  децибелдегі  шу  оқушылар- 
дың  зейінін  төмендетіп,  еңбек  қабілетін  нашарлатады.  Осы- 
ған  б ай л а н ы сты   б ал ан ы ң   ең б ек   ш е б е р х а н а с ы н д а   ш улы  
жұмыспен  көп  ш үғылданбағаны  жөн.
Есту  кемшіліктерінің  алдын  алу  үшін  дыбыс  гигиенасы- 
ның  талаптарын  орындау  қажет.  Әсіресе  мектепте  гигиена- 
лык  талаптарды  сақтауды ң  маңызы  зор.  М ектептегі  шуды 
азайту  үш ін  оны ң  ау л асы н ы ң   көш е  ж ақ  б етін д егі  ж ерді 
қорғаныс  аймағына  айналдырып,  оған  5  қатар  ағаштар  мен 
бүталар  отырғызады.  Ж апырақты  биік  ағаштар  мен  бұталар 
сыныпқа көшеден келетін  шудың мөлшерін  1,5-2 есе азайта- 
ды.  Қ ауіпсіздік  айм ағы ны ң  ені  6  м етрден,  м ектеп  үйінің 
транспорт  ж олы нан  қаш ы қты ғы   25  метрден  кем  болмауы
Т И І С .  
1
Гигиеналық  талапқа  сай  сынып  кабинетгерінің  есігі  ты- 
ғыз жабылса,  бөлмеге кіретін  ш удың мөлшері  5-7 децибелге 
азаяды.
Есту  қабілеті  төм ен  оқуш ы ларды   алды ңғы   қатардағы  
парталарға отырғызған жөн. Мектеп үйінің шулы бөлмелерін, 
айталық спорт залы,  шеберханалар  негізгі  оқу бөлмелерінен 
бөлек  әрі  алы с  орн аласты ры лады .  О ларды ң   қабы рғасы н  
калың,  есігін  шу  шығармайтындай  етіп  орнату  керек.
Б алалар  ж үм ы с  істеп  ж атқан   ш еб ерхан алард а,  ш улы  
жерлерде  әр  30-50  минөт сайын  10-15  минөттік үзіліс  жасау 
керек.
6-7  жаста  мектепке  барар алды нда емханаларда баланың 
есту  қабілетін  тексереді,  балалар  бақш асына  баратын  бала- 
ларды  мектепке  барардағы  тексеру  кезінде  балалар  бақша- 
сының  комиссиясы  тексереді.  Содан  кейін  4-5-ші  сыныпта, 
7-ші,  8-ші,  9-шы  сыныптарда  баланың дыбыс  есту  қабілетін 
бала дәрігері  анықтап  отырғаны  жөн.
Б ал ан ы ң   есту  қ аб іл е тін   са қ т ау д а   м ү ғал ім н ің   сөй леу 
ерекш еліктерінің  әсері  күшті.  Сондықтан  мүғалім,  әсіресе 
бастауыш сыныптарда асықпай, ақырын, мөнерлеп сөйлегені 
дүрыс.  М үғалім нің  ә р   сөзі  аны қ  болуы   керек.  Бастауы ш
127

сы ны птарда  мүғалімнің  сөзі  көрнекі  қүралдарды  пайдалану 
арқылы оқуш ылардың есту қабілетін жеңілдетеді. Ү зақ уакыт 
а қ ы р ы н ,  б ір к е л к і  д а у ы с п е н   с ө й л е г е н д е   б а л а н ы н   е с т у  
орталығы тез ш арш ап, қы зм ет қабілеті төмендейді, корғаныс 
теж елуі  пайда  болады.
Бастауыш  сыныптағы оқуш ы ларды н есту кабілетіне ұзақ 
уақы т  қатты  дауы сты  теледидар,  музы ка  аспаптары ны н  ды- 
быстары  күш ті  эсер  етеді. 
Кіш кент ай  балаларга  ңү.іаңңа 
киіп  т ыңдайтын  аспапты  пайдалануга  болмайды.
Д ы б ы с   е с т у   қ а б іл е т і  ж а р ы қ т ы ң   ә с е р ін е н   к ү ш е й е д і, 
сондықтан музы калық әуендердің ды быстарын күш ейте түсу 
үшін,  оны  ж ақсы  қабылдау  үшін  ойы н-сауы к  орындарында, 
к о н ц ер т  за л д а р ы н д а   тү сті  ж ар ы қ ты   к ең ін ен   қ о л д ан ад ы . 
М үны м ен  қатар  қатты   дауы стағы   м узы ка  адам н ы н   ж үйке 
ж үйесіне,  әсіресе  көңіл  күйінін  калпы на  күш ті  эсер   етеді. 
С о н д ы қ т а н   м у зы к а  а с п а п т а р ы н ы ң   д ы б ы сы н   ты м   қ атты  
қойы п,  үзақ  ты ңдауға  болм айды .  М узы каны   қатты   қойы п 
тыңдаумен  әуестенген  ж астардың  ішінде,  әсіресе  1-15  жас- 
тағы  керең дер саны көбеюде. Қатты дауы сты  музыканы тын- 
дау  мөлш ері  7-10 ж аста — жарты  сағаттай,  11-16 ж аста  1-1,5 
сағат,  17-20  ж аста  1,5-2  сағаттан  аспауы   тиіс.  М узы ка  ас­
паптарыны н  катты дауы стары   кейбір  мамандыктар  үш ін  аса 
зиянды.  А йталы қ,  көлік  ж үргізуш ілер  ұйықтап  қалм ас  үш ін 
музы ка ойнатады,  бірақ оның ш уы 40-60 децибелден аспауы 
тиіс.  Егер  ж үргізуш і  музы ка  ш уын  90  децибелден  асы ры п 
(бүл —  ж астарда жиі  байқалаты н ж ағдай),  1 -2 сағат тыңдаса, 
онда ш арш ау белгісі  пайда бола бастайды ж әне, ең қауіптісі, 
жол оқиғалары на деген жауап реакциясы наш арлайды да жол 
апаттарына  себеп  болады.  Сонымен  катар,  көліктегі  музыка 
д ы б ы с   қ а л а   к ө ш е л е р ін д е г і  ж а л п ы   ш у д ы ң   м ө л ш е р ін  
күш ейтеді.
3.  Вестибулярлык  немесе дененіц  кеңістіктегі  орнын 
анықтайтын  жене тепе-теңдік сактайтын  талдағыштын
жас ерекшелігі
В е с т и б у л я р л ы к   т а л д а ғ ы ш .  А дам   к ең істік тегі  ө зін ің  
орны н  көз  арқы лы   аны қтайды .  Б ірақ  кең істіктегі  оры нды  
сезуге арнайы қүрылым — вестибулярлы қ талдағы ш  та каты- 
сады.  Сондықтан  көзі  көрмей  калған  адам  үйреніп  алғаннан
128

кеиін  кеңістіктеп  өз  орнын  анықтап,  дене  тепе-теңдігін  сақ- 
тайды. 
, v
 
і
Вестибулярлық  талдағыштың  шеткі,  яғни  с  е  з  г  і  ш 
бөліміне ішкі құлақтағы жартылай айналмалы 3 каналдар мен 
солардың  табалдырығындағы  о т о л и т   жатады.  Жартылай 
айналмалы  каналдардың  табалдырығының  іші  эндолимфа 
сұйығына  толы.  Бұл  сұйықта  отолит  немесе  статолит  деп 
аталатын  калыдийдің  фосфор  қышқылды  тұздарынан  тура- 
тын  құрылым  бар.  Табалдырықты  лабиринт  деп  те  атайды. 
Лабиринттің  бір-біріне  перпендикуляр  орналасқан  3  жарты 
ай  тәрізді  каналдарының  бір  ұштары  кеңейіп  ампулаға  ай- 
налған.  Олардың  ішінде  орақ  іспетті  сүйекті  құрылым  бар. 
Бүл  күрылымға  жарғақты  лабиринт  жалғасады.  Онда  екі 
үштарында  10-15  шақты  үзын  түктері  бар  сезгіш  ж әне тірек 
клеткалары  болады.  Тірек  клеткалары  бір-біріне  киіз тәрізді 
жабысқан  талшықтарды  т ү зе д і.  Бүл  талшықтарға  түкті 
клеткаларға  жалғаскан  отолит  сүйекшелері  байланысады.
Орақшаның  түкті  клеткалары  мен  отолит  қапшықтары 
ішкі  қүлақтың  түкпірінде  орналасқан  вестибулярлық  Скарп 
т ү й ін ім ен  
бай лан ы сқан  
биполярлы  
н ей р о н д а р д ы ң  
талшықтарымен  жалғасады.  Бүл  нейрондардың  аксондары 
вестибулярлык  нейронды  қүрап  үлу  нервімен  бірге  дыбыс 
нервіне  айналады.  Ды бы с  нерві  ішкі  қүлақтан  шығып, 
сопакша  миға  барады.  Сопақша  мида  вестибулярлық  нерв 
қайтадан  үлу  ж ән е  вестибулярлы қ  нервтерге  б ө л ін е д і. 
Сопакша  мида  вестибулярлық  нерв  жоғарғы  ж әне  төменгі 
талшықтарға  ж іктеледі.  Бүл  талшықтар  сопақша  мидағы 
вестибулярлы қ  я др ол ар да  аяқталады .  В ести бул я р л ы қ  
ядролар  талшықтар  арқылы  мишықпен,  сопақша  ми  мен 
ортаңғы  мидың  вегетативтік  орталықтарымен,  ортаңғы  ми- 
дан  шығатын III жене  IV қозғаушы  нервтермен, жүлын ж әне 
ми  шарларының  самай  бөлігімен  байланысады.
Дененің  кеңістіктегі  орнын  анықтау  бастың  қимылына 
байланысты.  Бас  қозғалғанда  эндолимфа сұйығы  жылжиды. 
Онда  қалқыган  отолиттер  қозғалады  да  жартылай  айналма­
лы  каналдардың  сезгіш   түкті  клеткаларын  тітіркендіреді. 
Сондықтан  орталыққа  тебетін  ж үйке  импульстері  пайда 
болып,  вестибулярлык  нерв  арқылы  сопақша  миға,  сосын 
мишық  пен  ортаңғы  ж әне  аралық  миға  барады.  Содан  кейін 
ғана  ми  қыртысының  самай  б ө л ігін д егі  вестибулярлы қ
9 -1 8 2  
129

орталы ққа  жетеді.  Ж арты лай  айналм алы   каналдар  кимыл- 
ды ң  басында  ж әне  соңы нда  тітіркенеді,  яғни  олар  негізінен 
қимы лды ң  қозғалысын  үйлестіреді.  Бас  қозғалғанда  пайда 
болған  ж үйке  импульстері  рефлекторлы  түрде  бүрылыс  жа- 
ғындағы  мойын  еттерін  ш ирықтырады.  О толиттердің  қысы- 
мы  реф лекторлы   түрде  м ойы нны ң,  аяқ-қолды ң ,  түлғаны н 
бүгу  еттерінің  тонусы н  күш ейтеді,  ж азы лды рғы ш   еттердін 
то н у сы н ,  к е р іс ін ш е ,  б о сатад ы .  О т о л и т   қ ап ш ы қ тар ы н ы ң  
ішіндегі  отолиттері  дененің  енкею ін,  оңға  ж ән е  солға  бүры- 
луын,  ш алқаю ын  реттейді.  О лар  тітіркенген  ж актағы   еттер- 
д ің   то н у сы н   күш ей тіп ,  кері  ж ағы н ы ң   еттер ін ің   тон усы н  
төм ендетеді. 
it;*
С онды қтан  қаң қа  еттерін ің   ш иры ғы п,  босауы н   вести- 
булярлы қ аппараттан орталы ққа тепкіш  ж үйке аркылы  келіп 
түратын  импульстер  реттейді.
В естибулярлы қ  аппарат  өте  сезім тал  болған  ж ағдайда
40
үзақ  қозғалыс  кезінде,  әсіресе  ш айкалмалы  козғалы ста  (м ы ­
салы,  үш ақпен  үш қанда,  кемеде  жүзгенде,  ж үріп  келе  жат- 
кан  маш инада оты рғанда)  “теңіз  ауруы ны ң”  белгілері  пайда 
болады:  бас ауырып, жүрек кобалжиды, пульс ж иіленеді, кан 
тамырлары  өзгереді,  қанның  қысымы  артады,  тер  ш ыгады, 
іш ек-кары нны ң  қозғалы сы   үдеп,  адам   күсады ,  яғни   түрлі 
вегетативтік рефлекстер туады. Вестибулярлық аппаратка өте 
күпггі ж әне үзақ ж үктемелер —  “теңіз ауруы ”, ғары ш ты қ дағ- 
дарыс  т.б.  —  эсер  еткен  кезде  қозғалы с  үйлесімділігі  төмен- 
дей ді.  А рн ай ы   ж атты ғу л ар   арқы лы   теп е-тең д ік   р еф л ек с- 
тер ін ің   түрақты лы ғы н   н ы ғай туға  болады .  Ғары ш керлерді 
дайы ндауда  мүндай  ж атгы ғуларды ң  маңы зы   зор.  Ж атты гу­
ды  алдымен  аз ш апш аңдықтан бастайды,  содан соң ж ы лдам - 
дықты үдетеді. Әуелі көлденең тербеліс бағы ты нда, кеніннен 
ж оғары -төм ен  тербеліс  бағы ты нда  ж атты қты ры лады .  Бас- 
тапқы кезде бас айналып, лоқсу, қүсу т.б. ж ағы м сы з сезімдер 
пайда  болады ,  бірақ  бірнеш е  ж атты ғудан   кейін  орган и зм  
бей ім деліп ,  вести б у ляр лы қ  ап п аратты ң   сезім тал д ы ғы   тө- 
мендеп,  болаш ақ  ғары ш кер  тербеліске  үйренеді.  Ғарыш тық 
салмақсы зды қ отолиттік қабы лдагы ш ты ң қасиетін өзгертеді. 
О ны ң  қы зметі  алғаш кы   2-3  тәулікте  ты м  төм ен деп   кетеді 
де,  содан  кейін  ж оғары лай  бастайды .  Бесінш і  тәу л ікте  қа-
б ы л д а ғы ш ты ң   қ ы зм е ті  б ү р ы н ғы ,  яғн и   ж е р д егі  қ а л п ы н а  
келеді.
130

Д ененің  кеңістіктегі  оры ны н  аны қтау  мен  тепе-теңдік 
сақтауда,  қимылды  үйлестіруде  бұлш ық  еттерден,  буындар 
мен  сіңірлерден,  яғни  оларды ң  проприорецепторлары нан 
үнемі  келіп  тұратын  кері  байланыс  импульстерінің  маңызы 
өте зор.  Бұған терінің тактильді рецепторларынан келіп тура- 
тын  импульстері  де  катысады.
А дам ны ң  п р о п р и о р ец еп то р л ар ы   қү р ы л ы сы н ы ң   күр- 
делілігі жағынан төртінш і орын алады. Қаңқа еттерінің нерв- 
терінде  проприорецепторлы қ  им пульстерді  өткізетін  тал- 
шықтар  барлық  орталыққа  тепкіш   талш ықтардың  30-50  %. 
Бүл  рецепторлар  ж атты қты руға  көнбейді,  оларды ң  бейім- 
делу  қасиеті  де  жоқ.  Сондықтан  еттер  мен  буындардьщ  сәл 
өзгерістері  оларда  қозуды   туды рады ,  яғни  проприорецеп- 
торлар  Зркаш ан  да  қозута  дайын  тұрады.  Бұл  қасиеттерге 
байланысты  адам ны ң  позасы  сақталы п,  ж ердің  тарты лы с 
күшіне карсы тұру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, 
проприорецепторлардың тітіркенуі арқылы бұлшық еттердің 
жиырылуының  тонусы  мен  дененін  кеңістікте  қозғалуыньщ  
рефлекторлы  түрде  өзін-өзі  реттеуі  іске  асады.  Проприоре- 
цепторларды ң  тітіркенуі  реф лекторлы   түрде  вегетативтік 
қызметтерді  тудырады.  Бұл  функциялар  қимылдың  түріне, 
маңызына,  сипатына  байланысты.
П р о п ри орец еп торларға  қоса  тер ід ен ,  оны ң  такти льд і 
рецепторларынан  импульстер  келіп  түрады.  О ларды ң  бір- 
оірімен байланысын  к и н е с т е з и я   деп атайды. Кинестезия 
кимылдың үйлесімділігін реттейді, кеңістікті бағдарлап, көру 
сезімдерімен  қоса,  заттың  қаш ықтығын  аңғартады.
П р о п р и о р е ц е п т о р л а р д ы ң   т іт ір к е н у і  ж о ғ а р ы   ж ү й к е
әрекетіне  эсер  етеді:  ш артты  қимыл  рефлекстерінің  жасы- 
рын  уақытын  азаитады,  ал  өз  еркімен  тынысты  тоқтату  ар- 
қы лы   қи м ы л  р е ф л ек сін ің   у ақ ы ты н   қ ы сқ ар т у ға  болады . 
Сонымен,  дененің  кеңістікте  орын  алуы  мен  қозғалуы нда 
вестибулярлы қ  ап п аратқа  қоса  п роп ри орец еп торлар  мен 
тактильді  рецепторлар  маңызды  орын  алады.
В е с т и б у л я р л ы к   т а л д а ғ ы о іт ы ң   к ы з м е т і н і ң   ж а с  
ерекш еліктері. 
Адамның вестибулярлық аппараты туғаннан 
бастап  қызмет  атқарады.  Ж аңа  туған  нәрестенің  жартылай 
айналмалы  каналдары,  әсіресе  бүйір  ж ақ  шетіндегі  каналы 
жақсы  қалыптасқан.  Ол  тік  ж әне  еркін  орналасқан  жоғарғы 
канал мен  үлкен  бүрыш  жасайды.  Ересек  адамда  бүл  канал

жүктеу 1.71 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет