Е. А. Бекетов атындағы Караганды профессоры, медицина гылымдарынын докторы А. Е. Коикабаева



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет11/16
Дата03.05.2017
өлшемі1.71 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ВЯІ 
и з

жарық  толқындарын,  екіншісі  —
  жасыл,  үшіншісі  —
  күлгін 
түсті  жарық толқындарын  сезеді.  Бүған  коса,  көру  нервінің 
афференттік  талшықтары  3  түрлі  болады.  Олардың  әркай- 
сысы  сол  3  түрлі  жарық  толқындарының  әсерінен  пайда 
болған өзіне тән қозуды тасиды, яғни ол талшықтар сол түсті
сауытша  клеткаларымен  байланысты.  Қалыпты  жағдайда 
көзге  әртүрлі  үзындықтағы  сәулелер  эсер  еткенде  бір 
мезгілде 2 немесе 3 түрлі сауытша клеткаларда реакция пай­
да  болады  және  оған  қатысатын  сауытшалардың  саны  да 
әртүрлі  болады.  Сондықтан  осы  үш  түрлі  клеткалар  тобы 
арқылы адам жарықтың көп түрлі түстерін айыра алады.  Ал
жарық эсер еткенде заттың түсін нақтылы білу -   жаттығуға 
байланысты. 

;
Кейбір  адамдар  затгьщ түсін  мүлде  анықтай  алмайды. 
Мүндай  кемшілікті  ауырған  ағылшын  ғалымы  химик 
Дальтонның  атымен  д а л ь т о н и з м   деп  атайды. 
Дальтониктер  барлық  заттарды  сүр  немесе  коңыр  түсте 
қабылдаиды. Олар үшін барлық түсті заттар сүр немесе қоныр 
түстің реңі ретінде сезіледі.  Бүл кемшілік әрбір  100 азамат-
тардың 4-5 ер адамында байқалады. Әйелдерде бүл кемшілік 
өте аз кездеседі, не бары 0,5  % ғана.
4.  Көру талдагышынын жас ерекшелігі
Жаңа туған  нәрестенің  к ө з   а л м а с ы н ы н   с а л -  
м а ғ ы  2-4 граммдай ғана.  Бүл ересек адамның көзінің сал- 
мағынан 2 есе кем. Ересек адамның көзі 6-8 г. Алғашқы жылы 
көз  алмасы  көз  шарасынан  жылдамырақ  өседі  де  баланың 
көзі үлкен болып көрінеді.  3  жаста көз алмасы ересек адам- 
ның  көзінің  90%  болады.  6  жаста  ересек  адамның  көзімен 
теңеседі. Дегенмен, көз шарасының алдыңғы-артқы диаметрі 
ересек адамның көзінің 95% ғана болады, яғни сәл жалпақ- 
таУ келеді.  Ересек адамның көзі дөңгелек шар пішінді.
К ө з   ж а с ы н ы ң   б е з і   жаңа туған нәрестеде толық 
жетілген,  бірақ  оған  келетін  нерв  талшығы  әлі  жетіл- 
мегендіктен  алғашқы  3  айға  дейін  жылағанда  көз  жасы 
шықпайды. Нәрестенің көзінің қозғалысы екі көзінде бірдей 
емес,  тіпті  бір  көзін  жүмып,  екінші  көзін  ашуы  да  мүмкін. 
Көзін  жыпылықтату  қабілеті  өте  нашар  болады.  2  айға 
толғанда ғана екі көзі бірдей қозғалады, яғни сәйкес 
к и м ы п -
14

дайды.  Көзге затты жақындатқанда баланың екі көзін бірдей 
жұмуы  тек  1  жасқа  жақындағанда  сәйкестеледі.  2-3  жаста 
көздерінің  қозғалысы  толық  үйлеседі.
Жаңа  туған  нәрестенің  қ  а  р  а  ш  ы  ғ  ы  өте  жіңішке  — 
диаметрі  1,5  мм  ғана.  Екі  көзінің  қарашығы  тек  қана  1  айға 
толғанда  сәйкестеліп,  қарашық  рефлекстері  пайда  болады.
3-6  жаста  көзінің  қарашығының  диаметрі  ересек  адамның 
қарашығымен  тең есед і.  Д еген м ен ,  қарашық  реф лекстері 
мектеп  жасына  дейін  нашар  болады  да,  бастауыш  сынып 
оқушыларында  толық  ж етіл еді.  Баланың  жарыққа  деген  
рефлексі  алғаш  кезде  тек  қана  қорғаныс  қызметімен  шек- 
теледі.  Оларда жарыктан  қорғану  мен  бағдарлау  қабілеттері 
ғана  байкалады.  Жарықтьщ  әсерінен  қарашықтың  кішірею 
диаметрі  1  айда 0,9 мм, 6-12 айда -   1,2 мм, 2-6 жаста  1,5  мм, 
жоғарғы  сынып  оқуш ы лары нда  ер есек тер м ен   б ір д е й   —
1,9 мм ^ рлады,_____
Г
Ьаланьг^Скөзінің,  к о з г a j i h V n   тек  1  айғатолғанда ғана 
дүрыс  бағыттала  бастайды.'Зэтка  көзін  тігіп  қарау  қабілеті 
алғашқы  3-5  айға  дейін  қалыптасады.  Бұл  м езгілде  затқа 
қарау ұзақтығы  1-1,5  минөт,  3  айда  7-10  минөт, тек 3-7 жас- 
тың  арасында  толық  жетіледі 
-
Баланың  алғашқы  жылғы  өмірінде  оның  көз  алмасының 
алдыңғы-артқы  диаметрі  ересек  адамның  көзінен  25-35%  
қысқарақ  келеді,  сондықтан  заттың  бейнесі  торлы  қабықтан 
асып  фокусталады,  яғни  1  жасқа  дейінгі  балаларда  табиғи 
алы стан  көру  кабілеті  байқалады.
Баланың  к өзін ің   қасаң  қабығы  ер есек   адам нан  гөрі
дөңестеу, көз бүршағы серпімділеу болады. Қасаң қабық пен
көз  бүршағының  арасы  ересек  адамның  көзімен  салыстыр-
ғанда  жақындау  орналасқан.  Сондықтан  жарық  сындыру
к абілеп   күштірек.  Бүған  байланысты  көздің  айқын  көру
нүктесі  1  жасқа  дейінгі  балада  не  бары  4  см  болып,  көзі
жетілген сайын алыстай береді.  10 жаста ол  7  см,  20 жаста -
8,3  см,  30  жаста  11  см,  40  жаста  17  см,  50  жаста  -   50  см,
60  жаста  80  см  болады.  Яғни  ересек  адамның  көзінде  жасы
үлғайған  сайын  алыстан  көру  қабілеті  дам и  бастайды .
А й қ   ы н   к ө р у   н ү к т е с і   деп  заттың  анық  дәл  көріну 
кашыктығын  айтады.
Көз  бүршағының  а к к о м о д а ц и я   к ү ш і   жасына 
лайық өзгереді:  1  жаста 25 диоптрия,  3  жаста -  20,  5-6 жаста 
~   15,  7-15  жаста  —  12,  ересек адамда  10 диоптрияға тең.
US

Сәбидің  сауытша  клеткалары  жетілмеген.  Сондықтан 
бала  1  жасқа дейін заттың түсін анық көре алмайды.  Сауыт­
ша клеткалары мен таяқша клеткалардың диаметрі кішкентай 
болады  және  бір-біріне  жақын.  2  жастан  әрі  қарай  баланың 
фоторецепторлары  жетіле  бастайды  да,  заттың  түсін  анық- 
тай алады.  Ең алдымен сары, сосын жасыл, қызыл, көк түсті 
заттардың бояуын, кейіннен басқаларын анықтайды. Сауыт- 
шалар  3  жаста  толық  қызмет  атқара  бастайды.  Дегенмен,
З  жасқа дейін олар нашар жетіледі, диаметрі кішкентай, бір- 
біріне  жақын  тығыз  орналасады.  4-6  жаста  балалар  барлық 
түсті  айырады,  бірақ  тәжірибесі  аз  болғандықтан  ересек 
адаммен  салыстырғанда  заттың  түсін  тану  қабілеті  нашар- 
л а У 
келеді.  Бүл  мезгілде  бала  затты  қарағанда  ең  алдымен 
оның пішінін, содан кейін мөлшерін, ең соңында түсін анық- 
тайды.  Заттың  түсін  анықтау  қабілеті  жыныстық  жетілу 
мерзімінде  ғана  ересек  адамның  қабілетіне  жақындайды.
Баланың  алғашқы  1-2  апталық  өмірінде  көру  талдағы- 
шының  өткізгіш  бөлімі  жетілмегендіктен  заттың  бейнесін 
анық көрмейді. Ең алдымен көру нерві мен сопақша мидағы 
оның түйіспесі  қалыптаса бастайды,  содан соң мидағы төрт 
төмпешік  жетіледі.  Төрт  төмпешік  ми  қыртысындағы 
орталық  бөлімге  қарағанда  жылдам  жетіледі.  Алғашқы 
1  жылдың өзінде өткізгіш бөлім нерв импульстерін орталық 
бөлімге  таси  бастағанымен  төмпешіктердегі  нейрондар 
толық  жетілмегендіктен  көру  қабілеті  нашар  болады. 
Өткізгіш  бөлімнің  қызметі  тек  қана  10-14  жаста  толық 
жетіледі.  Бірақ бұл  кезде нерв жолдары  жіңішкелеу келеді.
Көру  талшығының  қыртыс  бөлімі  сезгіш  және  өткізгіш 
бөлімдерінен  кейін  дамиды.  Ең  алдымен  проекциялық 
(17  аймақ),  содан  кейін  ғана  түйсік  (18,19)  аймақтары  же- 
тіледі. Көру орталығының нейрондары алғашқы жылы өсуін 
аяқтамаған,  дендриттері  мен  аксондары  кішкентай,  әрі 
жіңішке  келеді.  2-3  жаста  сезгіш  аймақтар  өте  жылдам 
жетіле  бастайды  да  5-6  жаста  толық  жетіледі.  Ондағы 
нейрондар  ересек адамның нейрондарындай болады.  Түйсік 
аймақтары алғашқы 3  жылғы өмірінде нашар дамиды,  оның 
нейрондары  өте  нәзік,  қызмет  атқаруға  әлі  бейімделмеген.
5-6 жаста бүл аймақтар тез дами бастайды да  10-14 жас ара­
сында толық жетіледі. Түйсік аймақтарының дамуына лайық 
көзбен  шамалау  қабілеті  жақсара  береді.  Бүл  қабілет  тек
116

жыныстық  ж е т іл у   м е р з ім ін д е   ған а  е р е с е к   адам н ы ң  
кабілетіндей  болады.  4-6  жастың  ішінде  балалардың  сезгіш 
аймактары  мен  түйсік  аймақтарынын  арасында  нервтік  бай­
ланыс  жолдары  қалыптасады,  бірақ  байланыс  жолдарының 
нерв талшықтарының миелиндері болмайды, сондықтан көру 
талдағышының  орталық  бөлім інің  талдау  ж ән е  жинақтау 
қабілеттері  әлі  де  болса  кемеліне  жетпеген.  Ми  қыртысын- 
дағы  нервтік  байланыс  жолдарының  толық  м иелинденуі 
жігіттік/бойжеткендік  мерзімде  ғана  аяқталады.  Дегенмен, 
көру  талдағыш ының  салыстырмалы  толы қ  ж етіл у і  жас 
өспірімдік  мерзімде  аяқталады  деуте  де  болады.
К өз  ж ә н е   к өр у  талдағы ш ы   затты ң   п іш ін ін ,  т ү с ін , 
мөлшерін,  орналасу  қашықтығын  ж ән е  бағытын  анықтай- 
ды.  Затты  айқын  көру  үшін  онын  бөлшектерін  жақсы  көру 
керек.  Заттын  үсақ   бөл ш ек тер ін   көру  к абіл етін   к өздің  
ө т  к  і  р л  і  г  і  дейді.  Заттын  бейнесі  сары даққа түскенде  ол 
өте  анық  көрінеді,  ал  сары  дақтан  торлы  қабықтың  шетіне 
карай  жылжыған  сайын  бүл  қабілет  азаяды.  Көздің  өткірлігі 
сондыктан да сауытша клеткаларының  қызметіне  байланыс­
ты  деуге  болады.  Қараңғыда,  түнде  көздің  өткірлігі  нашар- 
лайды.  Көздің  өткірлігін  арнайы  кесте  арқылы  анықтайды. 
Ол  адамның  жасына,  жағдайына  байланысты.  Жаңа  туған 
нәрестенін  көзінің  өткірлігі  0,  0 0 4 -0 ,0 2 ;  3  айда  0 ,0 5 -0 ,1 ; 
1  жаста  0,3-0,6;  4-5  жаста  0,7-1,0;  10-15  жаста  1,0  шартты 
бірлік  өлшеміне  тең.
Адам  қос  көзбен  көру,  яғни  бинокулярлық  қабілеті  бар 
организм ге  жатады .  Қ ос  к өзбен   көру  арқылы  қорш аған 
ортаның  заттарын,  оның  тереңдігін,  қашықтығын,  пішінін 
дүрыс  анықтай  алады.  Екі  көзбен  қарағанда  заттьщ  бейнесі 
ер  көздің  торлы  қабығына  түседі.  Екі  көздегі  торлы  қабық- 
тардың  сәйкес  нүктелерінде  бейнеленуіне  байланысты  біз 
оны  бір зат ретінде қабылдаймыз.  Бүл  сезімнің дүрыс болуы 
көз  еттерінің  сәйкес  қызметіне  байланысты.  Г.  Гельмгольц 
пен  И.  М.  Сеченовтың  зерттеулері  бойынша  баланың  даму- 
ына  екі  көздің  сәйкес  қозғалуынын  маңызы  бар.  Екі  көздің 
еттерінің сөйкестелген қызметінің арқасында заттың бейнесі 
түтас  біреу  ғана  болып  анық  көрінеді  ж әне  оның  тереңдігі, 
бөлшектерінің  орналасу тәртібі дүрыс  анықталады,  көру  ай- 
мағында  көзбен  мөлшерлеу  кабілеттері  нактылы,  әрі  жақсы 
болады.  Көздің  қимылы  арқылы  заттың  әр  нүктесін  көруте
117

б о л а д ы .  Затқа  к оз  т іг іп   К араганда  к ез  алм асы   т е з -т е з  
қозғалып,  тек  кей  кезде  гана  онын  маңызды  нүктелеріне  көз 
тіккенде  ғана  біраз  тоқтайды.  Сондыктан  да  көздің  кимы- 
лын  арнайы  аспаппен  жазып  алуға  болады ,  оның  сызығы 
біркелкі  болмайды.  Оған  қоса,  көз  бен  заттың  кашыктығын, 
мөлшерін, тереңдігін анықтағанда әр адамның тәж ірибесінін 
д е  маңызы  зор.  Аталған  қабілеттердің  дүры с  болуы  көзді 
жаттықтыруға байланысты.  Мысалы, көлік жүргізуш ілердің, 
үшқыштардың  көзбен  м өлш ерлеу  қабілеті  өте  жақсы  да- 
мыған. 

.
Затты ң  қозғалы сы   оны ң  б е й н е с ін ің   торлы   қабы қта 
қ о зға л у ы   арқылы  ан ы қ тал ады .  М ү н д а й   ж а ғ д а й д а   көз 
қозғалмайды,  қозғалған  заттарды,  оның  қозғалу  жылдамды- 
ғын  аны қтау  б ір   м е зг іл д е   к ө зд ің   қозғалуы   м ен  басты ң 
қ о зға л уы   ж ә н е   м ойы н  е т т е р ін ің   ж и ы р ы луы н а,  к ө зд ің  
орталыққа  тасы латы н  нерв  и м п ул ь стер ін е  байланы сты . 
Дегенмен,  көздің  мөлшерлеу қабілетін  қанша жаттықтырсак 
та  біздің   көзіміз  кей  кезде  дүры с  кабылдамайды.  Мысалы, 
түзу  сызықтың  екі  үшындағы  сүйір  көрсеткіштердің  бағы- 
тына  қарай  анықталған  мөлшері  д е  әртүрлі:  сызықтардың 
үзындығы  бірдей  болғанымен  үшкір  көрсеткіші  бар  сызық 
қысқа  болы п  к өр ін еді.  М ұны м ен  қоса,  үш кір  бүры ш тар 
үлкен,  ал  мүқал  бұрыштар  кішкентай  болып  сезіледі.  Осын- 
дай  мысалдарды  көп  келтіруге  болады ,  бірақ  бүлар  көру 
кемшіліктеріне  жатпайды.  Көз  мүшелерінің  қызметіне  бай­
ланысты  бірнеш е  кору  кемш іліктері  кездеседі:  жақыннан 
ж ән е алыстан кору, дальтонизм, астигматизм, т.б. (17-сурет).
Балалардың  көз  алмасының  көлденең  диаметрі  үзарған- 
да  немесе  жарық  сәулелерін  сындыру  қабілеті  күш ейгенде 
жақыннан  кору  қабілеті  пайда  болады  (17-сурет,  б).  Ондай 
адам  тек  жақын  ж ердегі  заттың  бейнесін  анық  көріп,  көзден 
алыстау орналасқан затты бұлдыр көреді. С ебебі, кезге кірген 
сәул ел ер   торлы  қабыққа  ж етпей  фокусталады   да,  торлы 
қабықтың бетіне  қайта шашыраған  сәулелер түседі.  М үндай 
жағдайда  заттың  бейнесі  дүрыс  болмайды.  Коз  алмасының 
көлденең  диаметрі  кіш ірейгенде  нем есе  коз  аппаратының 
жарық  сәулелерін  сындыру  қабілеті  нашарлағанда  алыстан 
көру қалыптасады  (17-сурет,  в).  Ондай  адам  жақындағы  зат­
ты  бүлды р  көріп,  көзден  алыстау  орналасқан  затты  ғана 
дүры с,  анық  көреді.  М үндай  ж ағдайда  жарық  сәу л ел ер і
118

торлы  қабықтан  асып,  фокус- 
талады да оның бетіне әлі жи- 
налмаған  сәулелер  түседі.
Б а л а л а р д ы ң   ж ақ ы н н а н  
көру қабілетін екі жағы ойың- 
кы, алыстан көру қабілетін екі 
жағы  дөңестеу  өйнек  арқылы 
.жендейді  (17-сурет  б2,  в2).
А лғаш қы   рет  ж ақы ннан 
және  алыстан  көру  қабілет- 
терінің  қалы птасуы   туралы  
гигиенист  ғалым  Ф.  Ф.  Эрис- 
ман  ‘"В лияние  ш колы   на 
п р о и с х о ж д е н и е  
б л и з о р у ­
кости”  деген  еңбегінде  көру 
гигиенасын дұрыс сақтамауға 
байланысты  мектептегі  оқу- 
ш ы л ар д ы ң   ж ы л д ан   ж ы лға 
жақыннан  көру  қабілеті  арта- 
ты нды ғы н  ж азған  болаты н.
Кейіннен  бұл  мәліметтер  то- 
лык  зерттеліп  көру  кемшілік- 
терін  болды рм ау  ш аралары  
ан ы қталды .  О сы ған   б а й л а ­
нысты әрбір адам, ата-ана, мұғалімдер мен тәрбиешілер және 
оқушылар  көру  гигиенасын  біліп,  оны  сақтауы  қажет.  Жа- 
қыннан көру қабілеті бар бала затты көзін сығырайтып қарай- 
ды  немесе  көзіне  өте  жақын  үстайды,  еңкейіп  кітап  оқиды, 
теледидарға  ж ақы н  оты руға  ты ры сады ,  қы лилы қ  пайда 
болады.  К өздің  созы луы на  меш ел,  өкпенің  қүрт  ауруы , 
ревматизм т.б.  аурулар  себеп  болуы  да  мүмкін.  Сол  сияқты, 
жүмыс  орнының  жарығы  нашар  болғанда,  оқып  отырған 
к а ға з  о р н ы қ с ы з,  ә р іп т е р   ты м   ү с а қ   б о л ғ а н д а ,  д ү р ы с 
отырмағандықтан  көз  бен  жазуы  бар  қағаздың  арасы  тым 
жақын  болғанда  т.б.  көптеген  себептерден  пайда  болады. 
Көпшілік  зерттеушілердің  мәліметіне  қарағанда  жақыннан 
көру  қабілеті  бар  балалардың  көру  гигиенасын  сақтауын 
қадағалап отырған жөн.  Бүл қабілет пайда болғанда міндетті 
түрде  көзілдірік  киіп  жүру  керек.  Әсіресе  кішкентай  бала- 
лардың  көзінде  көру  кемшіліктері  тез  дамиды.
а
г1
?2
17-сурет .  Жарық  сәулелерінің
торлы  қабыққа өтуі.
а  — дүрыс  көретін  көз;  б
1.2
жа-
кыннан көру қабілеті, оны жөндеу;
в
1.2
алыстан  көру  қабілеті,  оны
жөндеу;  г
1,2
астигматизм,  оны
жөндеу;  1  — бейне  анық;  2 — бейне 
бүльщғыр;  3  — бейнені  жөндейтін 
көзілдіріктің  пішіні.

^ е т й  г м а т и з м ^ ө з а л м а с ы н ы ң ж а з ы қ т а р ы н а с ә у л е л е р  
бірдей~-і 
арамаі 
ШГдықтан  б ал ал ар д а  п ай да  б ол аты н   көру 
кемшілігі (17-сурет, г). Ол қасаң қабықтың беті біртегіс дөңес 
болмаған жағдайда байқалады. М ұны жөндеу үшін тік немесе 
көлденең  меридиана  бойынш а  жөнделген  цилиндр  әйнекті 
пайдапанады.  Себебі  бүл  кемшілікте  аталған  меридиананын 
бірі  жарық  сәулелерін  күш тірек  сындырады.
К ө з д ің   қ ү р ы л ы м д а р ы н ы ң   қ ы з м е т ін е  б а й л а н ы с т ы  
р е ф л е к с т е р   д е  ж а с ы н а   сай   ө р т ү р л і гСк^с ~қагу ч р еф ЗГек сігч 
мезгілінен бүрын туған (шала туған) балаларда 2 аптаға дейін 
болмайды,  ал  мерзімінде  туған  балаларда  бірінші  күннен-ак 
байқалады,  бірақ  өте  баяу  болады.  Ж аңа  туған  сәбилердің 
екі көзінің  қас  қағу рефлексі  бірдей емес,  бір көзінде болып, 
екінші  көзінде  болмауы  да  мүмкін.  Қас  қағу  қимылы  1  ай- 
л ы ғ ы н д а   р е т т е л е   б а с т а й д ы .  2  а й л ы ғ ы н д а   ол  к ө з д ің  
қимылымен  үласып,  екеуінің  арасында  үйлесімділік  туады.
К ө з д ің   а ш ы л ы п -ж ү м ы л у ы ,  ж ы п ы л ы қ т а у ы   с ы р т к ы  
тітіркендіргіш тің  әсеріне  сай  болады.  М ысалы,  ж арқ  еткен 
жарық  кірпік  қағу  рефлексін  тудырады,  бүл  рефлекстің  жа- 
сырын уақыты 200-300 мсек.  Егер жарык күшті болса, кірпік 
рефлексіне  коса,  басты  бүру  мойын  рефлексі  туады.
К ө зд ің   қ а р а ш ы қ   р е ф л е к с т е р і  ж а ң а   т у ғ а н   н ә р е с т е д е  
болғаны м ен,  қараш ы қ  қимы лы   өте  баяу  ж ән е  екі  көзінде 
бірдей емес,  бүл  ортаңғы  мидың төрт төмпеш ігінін алдыңғы 
екеуінің  толы қ  жетілмеуінен  болады.  1  айлық  балада  қара- 
ш ы қты ң  қозғалы с  м өлш ері  0,9  мм,  5  ай лы ғы нда  1,1  мм,
1  жасында  1,4 мм,  2,5-6 жасында  1,5  мм,  12  жасында  1,9  мм. 
Қараш ық рефлексі  кенеттен  болған  қатты дыбыстың  немесе 
қорқыныш тың  әсерінен  де  байқалады.
5.  К ө р у   ги ги ен асы
Балаларда  ең  жиі  кездесетін  көру  кемш ілігі  ж ақы ннан 
көру  қабілеті.  В.  Ф.  У ткин  (1971)  мен  Э.  С.  А ветисовты ң 
(1975)  зерттеулеріне  қарағанда  мектеп  ж асына дейінгі  бала- 
ларды ң  1-2%,  7-10  ж аста  4,5% ,  11-14  ж аста  10,5% ,  15-18 
жаста 21,5%,  19-25 жаста 28,7% -ында жакыннан көру қабілеті 
байқалады.  А.  А.  Сычевтың  (1980)  зерттеуі  бойы нш а  көзге 
күш  көбірек  түсетін  мектептерде,  айталық  математика,  ш ет 
тілі  м ам анды қтары на  көп  көңіл  бөлетін  м ектеп терде  бүл
120

қабілет  оқуш ылардың  25% -ында  байқалады.  Әсіресе,  бала- 
ларды  көру  ги ги ен асы м ен ,  п артада  дұры с  оты ру  ереж е- 
лерім ен  тан ы сты р м аған   ж ағд ай д а  бұл  кем ш ілік  көбейіп 
кетеді.  Осыған  байланысты  мұғалімдер  өздері  де,  олардың 
оқушылары да көру гигиенасын жақсы біліп, бұл кемшіліктің 
алдын  алғаны  жөн.  Көру  гигиенасының  талаптары:
—  кітапты  оқығанда,  қағазды  ж азғанда  баланы ң  көзі  мен 
•  қағаз  аралығы  35-40  см  болуы  тиіс.  Ең тиімдісі  37  см;
—  баланың  жұмыс  орыны  дұрыс  ж арықтануы  тиіс.  Оның 
ен  ти ім ді  ж ары қ  м өлш ері  150-300  лю кс  ш ам асы нда. 
Ж арық  баланың  сол  жағынан  немесе  үстінен  ж әне  алды- 
на  қарай  сол  ж ақтан  орналасуы   қажет.  Ж ары қ  сәуле- 
лерінің  әсері  баланың  көзіне  тура  түспеуі  керек.  Ж арық 
көздерінің  сыртында  жарық  сәулелерін  шашатын  сәуле 
сей ілдіргіш тері,  айталы қ,  плафон,  абаж ур,  пластинка 
болуы  тиіс;
—  үстелде,  партада  бала дүрыс  отыруы  тиіс;
—  жүріп  келе  жатқан  транспортта  кітап  оқуға  болмайды;
—  теледидар  көрсетулерін  қарағанда  ең  кем інде  2,5-3  м 
қ аш ы қ та  о ты р ған   ж өн  (тел ед и д ар д ы ң   экр ан ы   62  см 
болғанда);
—  баланың  жасына  лайы қ  жазу,  оқу  еңбектерінің,  теледи- 
дарды қарау үзақтығын, әсіресе көзге күш түсіретін еңбек- 
тін түрлерін, олардың үзақтығын мүқият кадағалаған жен.
—  баланың  жасына лайық  кітап  оқу  үзақтығын  сақтау:
6-7 жаста — 10 минөт,
7-10 жаста — 15  минөт,
10-12  жаста — 20 минөт,
12-15  жаста — 25  минөт,
15-18  жаста  — 30  минөт,  яғни  осы  көрсетілген  уақыттан 
сон  аз  да  болса,  көзді  демалдырып  отыру  қажет  немесе 
көз  талмайтын  жүмыспен  айналысқан  жөн;
—  көздің тазалығын  сақтау керек:  көзді таза қол  орамалмен 
сүрту,  ә р   адам ны ң  өз  бет  орам алы н ы ң  болуы ,  ш аң- 
тозаңнан  сақтау т.б.;
—  көз  еттерін  жаттықтыру,  жалпы  организмді  шынықтыру, 
ж ү қ п а л ы   а у р у л а р д а н   с а қ т а у ,  о л ар д ы   а с қ ы н д ы р м а й  
мезгілінде емдеу, дүрыс тамақтану т.б. гигиеналық талап- 
тарды  сактау  аркы лы   көздің  өткірлігін  сақтап,  жүмыс 
қабілетін үзартьш, организмді шаршатпауға тырысу керек.
121

VI - т  а р а у 
Д ы бы с және 
теңдік сақтау талдаг ыштары
1. Дыбыс талдагышынын күрылысы
Қүлақтың  құрылысы. 
Дыбыс  талдағышының  шеткі 
бөлімінеішкіқүлақтаорналасқанКорти  мүшесі,өткізгіш 
бөліміне  д ы б ы с  н е р в і,  қыртыс бөліміне  самай түсын- 
Да 
орналасқан  д ы б ы с   е с т у   о р т а л ы ғ ы   жатады 
Дыбыс  талдағышының  ең  шеткі  бөлімі  —
  қүлақ  үшке 
бөлінеді:  сыртқы,  ортаңғы және  ішкі  қүлақ болып.
Дыбыс нервтері сопақша мида бір-бірімен түйісіп, бағы- 
тын  ауыстырады:  оң  жақ  қүлақтан  келген  дыбыс  нерві  сол 
жақ самайға, ал сол жақ қүлақтан келген нерв қозуды оң жақ 
самайға  өткізеді.  Дыбыс  талдағышының  қыртыс  бөлімі  ми 
қыртысының  самай  түсында  жатқан  сенсорлық  (41  аймақ) 
және  ассоциативтік  (22,  42  аймақтар)  зоналардан  түрады. 
Сенсорлық  зона  бүзылғанда толық  керең,  ал  ассоциативтік 
зонаның 22-аймағы  бүзылганда музыкалық керең, 42-аймақ 
бүзылғанда сөз  кереңдігі  пайда болады.
Қүлақ күрделі  қүрылысты  мүше  (18-сурет).  С  ы р т қ ы 
қ ү л а қ  қүлақ қалқаны мен сыртқы қүлақ түтігінен тұрады. 
Қүлақ  қалқаны  дыбыс  толқындарын  жинап  сыртқы  дыбыс 
түтігі арқылы дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толкындары 
екі күлаққа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты қүлақ қал- 
қандары  дыбыстың  багытын,  шыққан  орынын  анықтайды.
Д а б ы л   ж а р ғ а ғ ы   сыртқы құлақты ортаңгы кулак- 
тан  бөліп  түрады.  Ол  ішіне  қарай  ойыңқы  қүрылыс.  Оның 
қалыңдығы  ересек  адамда  0,1  мм,  кеңістікте  45 градусқа
көлбеу  орналасқан.
Ортаңғы  қүлақ  самай  сүйегінің  қуысында  орналаскан 
дабыл қуысынан түрады. Сол қуыста 3 дыбыс сүйектері бар: 
балғаша, төсше, үзеңгіше. Ортаңғы қүлактың қуысын мүрын- 
жұтқыншақ қуысымен байланыстыратын Евстахи түтігі бар. 
Бүл түтік ауыз-мүрын қуысынан келген ауаны ортаңгы құлақ 
қуысына өткізіп,  дабыл жаргағының екі жағындагы  ауаның 
қысымын  теңестіріп  тұрады.  Балғашаның  сабы  дабыл 
жарғагымен  ұштасқан.  Балғаша  төсшемен,  ол  үзеңгімен

жүктеу 1.71 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет