Е. А. Бекетов атындағы Караганды профессоры, медицина гылымдарынын докторы А. Е. Коикабаева



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата03.05.2017
өлшемі1.71 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
8300

ш
ж
»  и 3 и о л о г и я 
Ш ш ш ш ш л  Е 
о л о г и я

Қ .  Д үй сем би н ,  Г .  А б еу о в а ,
3 .  А л и а к б а р о в а
Ж А С Қ А   САИ  Ф И ЗИ О ЛО ГИ Я 
Ж ӘН Е  ВА Л ЕО Л О ГИ Я
(оқулы қ)
АЛМАТЫ ,  2007

ББК  51.204.0 
Д 87
V
П і к і р   ж а з г а н д а р :
араби  атындагы  Қазак Үлттык Университетінін профессоры 
биология  гылымдарынын докторы  С.  Т.  То. іе\ ханов;
Е.  А.  Бекетов атындағы  Караганды  профессоры, 
медицина  гылымдарынын докторы  А.  Е.  Коикабаева.
Д 87
Дүйсембин  Қ.  ж.  б.
Жаска 
сай 
физиология  және 
валеология:  Оқулық./ 
Қ.  Дүйсембин,  Г.  Абеуова,  3.  Алиакбарова.  — 
Алматы, 
2007.— 416 бет. 
ISBN  9965-749-80-9
Бүл  оқулықта  балалардың өсуі,  физиологиялык дамуы  және 
жетілу зандылықтары жазыл ған. Дене мүшелерінін калыптасып рет- 
телу  тетіктерін  авторлар  жаска  сай  мелімдеген.  Физиология  мен 
валеологияның жалпы және жеке мәселелері камтылды.
Оқулық  студенттер  мен  магистрантгарга  жене  үстаздар  мен 
тәрбиешілерге ар налган.
д
4101000000
00
(
05)-07
С.Торайғыров
атындағы  ПМУ-дің
академик  С. Бейсе
••
атындағы  ғылих.  Б Б К   51.204,0
КІТАПХАН

ISBN  9965-749-80-9
©  Дүйсембин Қ„ Абеуова Г., 
Алиакбарова 3., 2007

АЛ ҒЫ   СӨЗ
Бұл  о қ у л ы қ ты ң   н егізгі  м ақ саты   —  б ал ал ар   м ен  ж ас 
ж етк ін ш е к тер д ің   өсіп   д ам у ы   м ен  м ін ез-қ ұ л ы қ тар ы н ы ң  
қалыптасу  ерекш еліктерімен  таныстыру,  сол  мағлүматтар-
ды  оқу-тәроие  ж ұмысында  паидаланудың,  салауатты  өмір 
сүруде  д ен ед е  ж үріп  ж атқан   ф и зи о ло ги ял ы қ  ү рд істер д і 
білудің  қажеттілігін  баяндау.  Ж асына  сай  адам  организмінің 
қызмет ерекшеліктері  мен  оның даму  заңдылықтарын  білу — 
денсаулықты  сактауда,  нәтижелі  еңбек  етіп,  өз  мүмкіндігін 
толық  пайдалануда  аса  маңызды.
Ө м ірде  еш н әр се  де  кездей соқ  болм айды ,  әр   адам   өз 
өмірінің  қожасы.  Оның  тіршілігіне  қарай  өмірі  қалыптаса- 
ды,  нәтиже  береді.  Өзін-өзі  танып-білудің  маңызы  бала  жа- 
с ы н а н   б а с т а л а д ы ,  с о н д ы қ т а н   б а л а   т у ы с ы м е н   о н ы ң  
денсаулығын  дүрыс  тәрбие  беру  арқылы  қалыптастыру  әр 
ата-ананын  борышы.
Балалардың  өсіп  дамуы  тоқтаусы з  жүріп  жатқанымен, 
оның  қарқыны  өсу  кезеңдерінде  біркелкі  болмайды.  Бала- 
ның  организмі  ересек  адамнан  өзгешеленеді  әрі  өзінің түрлі 
өсу  кезендеріне  сәйкес  ерекшеліктері  болады.  Бүл  сан  жа- 
ғынан  да,  сапа  жағынан  да  байқалады.  Осыған  орай  бапа- 
лардың міиез-күлықтары, ой  өрісі  мен дүние танымы  қалып- 
тасады.
Өсу  кезеңдерінде  бала  организмі  күрделі  өзгеріске  үшы- 
райты нды қтан,  оқу-тәрбие  ж үмы стары н  осыған  үйлестіре 
үйымдастырмаса, оқытушы мен тәрбиеші мақсаттарына жете 
апмаған  болар  еді.  Жас  бапаларды  дүрыс  тәрбиелеп  оқыту 
үшін,  осы  мақсатқа  бағытталған  оқулық  пен  оқу  қүралдары 
өте  қаж ет.  Ж ас  ж еткінш екті,  өрендерді  дүры с  тәрбиелеп 
оқы ту  —  ж анүяны ң,  оқу-тәрбие  оры ндары ны ң,  тіпті  мем- 
лекетгің   парызы  мен  міндеті.  Кезінде  даны ш пан  жазуш ы 
М.  Әуезов  “ел  боламын  десең,  бесігінді  түзе” деген.  Халқы-
3

мызды,  отанымызды  өркениетті  ел  қатарына  жеткізетін- 
дер -  болашақ ұрпақ екенін ойдан  шығармаған жөн.
Бұл  кітапта  балалардың  өсу  қарқыны,  мүшелерінің 
қалыптасуы,  олардың  қызметін  реттеуші  жүйке  мен 
эндокринді жүйелердің маңызы сипатталады. Сонымен қатар, 
жоғары жүйке әрекетінің,  сезім  мүшелерінің күрылысы  мен 
қызметі,  жас  ерекшеліктері  және  валеология  түрғысынан 
қойылатын  талаптар  қамтылған.  Жасқа  сай  физиологияның 
ерекшелігі  мен  денсаулығының  бірлігінің  қажеттілігі 
ешкімнің  күмәнін  тудыра  қоймас.  Бірақ  осы  пән  жөніндегі 
арнаулы  оқулықтар  орыс тілінде жеткіліксіз  болса,  ал  қазақ 
тілінде  әлі  күнге дейін жоқтың  қасы.  Алғашқы,  2003  жылы 
баспадан  шыққан  “Жасқа  сай  физиология  және 
м ектеп 
гигиенасы”  атты  кітабымызға деген  сүраныс  көп  болып,  та- 
ралым саны жеткіліксіздеу болуы осы оқулықты қайта қарап, 
жөндеп,. университеттер  мен  институттардың  оқу  бағдарла- 
масына  лайықты  валеология  мәселелерін  қосып,  қайтадан 
жазуымызга  түрткі  болды.  Нәтижесінде  “Жасқа  сай
физиология  және  валеология”  деген  жаңа  атаумен  бірінші 
оқулық болып шығып отыр.
Оқулықта  баланың  өсіп  даму  кезінде  тез- өзгеретін
мүшелерге,  әсіресе  жүйке  мен  эндокринді  жүйелерге  көп
коңіл  болінді,  өйткеиі  баланың  жыныстық  жетілу кезеңінде
оның  мінез-қүлқы,  тәртібі  күрт  өзгереді.  Мүғалімдер  айта-
тындай,  осы  кезде  тәрбиеге  көнбейтін  “қиын  балалар”  шы- 
ғады. 
ВЯ  I 
-  В В  ■
 
isи
Осы  өсу  кездерінде  денсаулықтың  қальштасуы  дүрыс 
өмір  сүруге  байланысты.  Өзін-өзі  күтіп,  мезгілінде тамақта- 
нып,  үйықтап, демалып, үрыншақтықққа, жагымсыз қылық- 
тарға  салынбай,  өз  тәртіптерін  өзі  бақылай  алуы  -   дүрыс
денсаулықты  сақтаудың  басты  кепілі.  Ал  мүны  ата-аналар, 
тәрбиешілер  мен  мүғалімдер  багытгайды.
Айтылып отырган ерекшеліктерді білу -  үйдегі, бала бақ- 
шалары мен мектептердегі, одан асса, орта және жогары білім 
беру  орындарындағы  балалар  мен  жастардың  оқу-тәрбие 
жүмысын  үйымдастыруды  дұрыс  қалыптастыруға  негіз 
болады.  Мысалы,  баланы  жасына  сәйкес  дүрыс  тамақтан- 
дырудьщ  өзі,  оның  дүрыс  өсіп  жетілуіне  гана  емес,  түрлі
індеттерге  (инфекцияларга)  төзімділігіи  қалыптастырады
және денсаулыгын артгырады. Бөлмелердің ауасы мезгілімен
4

желдендіріліп  отырса,  баланың  орындықта,  партада  отыруы 
дүрыс  дағды ланса,  дене  ш ынықтыру  ж атты ғулары   ұдайы 
және  уақытында  жүргізілсе,  ж әне  т.с.с.  валеологияның  та- 
л ап тар ы   д ұ р ы с   о р ы н д а л с а ,  а т а -а н а н ы ң ,  о қ ы ту ш ы   мен 
тәрбиеш інің  еңбектерінің  нәтижелі  болатынына  еш  күмән 
болмас  еді.
Оқулықтың  кейбір тарауларына  байланысты  жаңа ғылы- 
ми  мәліметтер  берілді.  Қазақстан  ғалымдарының  ғылымға 
қосқан  үлестері  баяндалды.  Осы  кітаптың  авторлары  үзақ 
жылдар ғылыми жүмыстармен айналысқан ж әне жоғары оқу 
орындарында,  мектепте  дәріс  берген  үстаздар.
Үсынылып  отырған  оқулық  жоғары  оқу  орындарының 
оқу  бағдарламаларына  қойылатын  негізгі  талаптарға  сәйкес
жазылды.
С т у д е н т т е р г е ,  м ү ғ а л ім д е р   м ен   т ә р б и е ш іл е р г е   осы  
оқулы қты ң  көмегі  тисе,  авторлардың  мақсаты  орындалды 
деуге  болады.
“Ж асқа  сай  физиология  мен  мектеп  гигиенасы”  атты  ал- 
ғаш қы еңбегіміз ш ыққаннан бері  өздерінің пікірлерін айтып, 
қолдауш ылық білдірген көптеген университеттер үстаздары- 
н а,  ө с ір е с е   Ө л -Ф а р а б и   ж ә н е   А б ай   а т ы н д а ғ ы   у н и в е р - 
ситеттердің  физиология  кафедраларын  меңгеруші  профес- 
сорлар  С.  Т өлеуханов  пен  Қ.  Ры м ж ановқа  ж әне  кафедра 
мүшелеріне  шексіз  алғысымызды  білдіреміз.
VFA-нын  академигі,  профессор  Қ.  ДҮЙСЕМБИН.
5

Бірінші  бөлім
ЖАСҚА САЙ ФИЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ  ВАЛЕОЛОГИЯ

І - т а р а у
Жаска  сай  физиология  мен  валеология 
пәні туралы  жалпы  түсінік
1. Ж асқа сай физиология және валеология  пәні
Жасқа сай  физиология  және валеология  пәні  ғылымның 
екі  саласын  қамтиды:  адам  организмінің,  жеке  мүшелердің 
және  мүшелер  жүйелерінің  қызметтерінің  жас  ерекше- 
ліктерінің  заңдылықтарын,  даму  жолдарын  қарастыратын 
жасқа  сай  физиология,  ал  адамның денсаулығын  нығайту- 
дың  медициналық,  биологиялық,  философиялық,  саяси, 
психологиялық,  педагогикалық,  экономикалық  және 
әлеуметтік  жағдайларды  қарастырып,  анықтап  салауатты 
омір  сүрудің  негіздерін  ұсынатын  -   валеология.  Жасқа  сай 
физиология мен валеология -  жогары оқу орындарында жеке 
оқылатын  пән.  Бұл  пәнде  негізгі  назар  мүғалімдер  мен 
тәрбиешілер еңбегіне  іс  жүзінде  қажет болатын  физиология 
мен гигиена ғылымдарының ілімдері, салауатты өмір сүрудің
қағидаларына аударылады. Мүндай мәселелерге, ең алдымен,
осу мен даму және жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары,
балалар  мен  жастардың жүйке  жүйесінің  жасына  байланыс-
ты ерекшеліктері,  аурудың алдын  алып, болдырмау шарала- 
ры  жатады.
Жасқа сай физиология мен валеология —
 жас үрпақтарды 
тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын 
дамытудың,  дені  сау,  сымбатты,  сұлу  егіп  өсірудің  негізі. 
Ол  балалар  мен  жастардың  денесінің  дүрыс  өсіп  дамуын^ 
ақыл-ойының  жетілуін  қамтамасыз  етіп,  оган  қажетті  жағ- 
дайларды  үсыну  арқылы  түрлі  аурулардың  алдын  алады, 
еңбек  қабілетін  күшейтеді, дене  шынықтыру жолдарын,  күн
6

кестесі  мен түрлі еңбек  кестелерінін бала организміне тиімді 
түрлерін  анықтайды.  Бұл  пән  мұғалімдерге  психология  мен 
педагогика  пәндерінің  негізін  дұрыс  түсінуге  арқау  болады, 
медициналық  ж әне  санитариялық  салауаттық  мәселелерін 
қамтиды.
Оқулықтың  негізгі  міндеттеріне  келесі  мәселелер  жата-
•  ды: 
*
1.  Педагогтер мен тәрбиеш ілерге аса қажетті балалар мен 
ж ас  ө с п ір ім д е р д ің   а н а т о м и я л ы қ   ж ә н е   ф и зи о л о ги я л ы қ  
ерекшеліктерін  беру. 
j
2.  Өсу  мен  дамудың  негізгі  биологиялық  заңдылықтары 
туралы  дұрыс  түсінік  қалыптастыру.
3. Оқыту ж әне тәрбиелеу жұмысында маңызды орын ала- 
тын  шартты  рефлекстердің  негізімен  таныстыру.
4.  Сезім,  қабылдау,  түйсік,  ес,  ойлану,  сана-сезім,  сөй- 
леу,  көңіл-күй  (эмоция)  іспетті  функциялардың  физиология- 
лы к  негіздерін  түсіндіру.
5.  Болашақ  мамандарды  балалар  мен  жастардың,  жалпы 
адам  организмінің  жас  ерекшеліктерін  іс  жүзінде  пайдалана 
білуге  үйрету.
6.  Салауатты  өмір  сүрудің  негізгі  шартты  мәселелерімен 
таныстыру.
Ж асқа  сай  ф изиология  мен  валеологияны ң  м ацы зы   — 
еліміздің  болаш ақ  азаматтары н  қазақ  халқы ны ң  мүддесін 
қорғай алатын білімді, өнерлі, талантты, сұлу, еңбекқор, яғни 
ж ан-ж ақты   дұры с  өсіп  дам ы ған  балалар  мен  ж астар  етіп 
тәрбиелеу  мен  оқыту.  С ондықтан  да  бұл  мұғалімдер  мен 
тәрбиеш ілер  үш ін  ғана  емес,  болаш ақ  ата-аналар  үш ін  де 
маңызы  бар  кітап. 
^
Бүл  пәнді  оқы ту  м әселесін ің   өзіндік  тарихы   да  бар. 
А лғаш   кезде  педагогикалы қ  білім   берудің  негізі  ретінде 
1930-ыншы  жылдары  жасқа  сай  физиология  ж әне  мектеп 
гигиенасы  пәндері  педагогикалық  училищ елер  мен  инсти- 
туттардың  оқу  бағдарламасына  енгізілді.  Кейіннен  адамның 
дамуы  жайьшдағы  әлемде  болған  ғылыми  пікірталастардың 
себебінен  ол  бағдарламалардан  жасқа  сай  физиология  алы- 
нып  тастал д ы   да,  м ектеп  ги ги ен асы   п ед аго ги к а  п ән ін е 
қосымш а  ретінде  оқу  жоспарында  қалдырылды.  Дегенмен, 
а д а м д ы   з е р т т е й т ін   ғ ы л ы м д а р д ы ң ,  ә с ір е с е   г е н е т и к а , 
п е д а г о г и к а   м ен  п с и х о л о ги я   ғы л ы м д а р ы н ы ң   д а м у ы н а ,
7

мектептердегі  оқу-тәрбие  жүмыстарының  қажеттеріне  бай- 
л а н ы с т ы   1 9 7 0 -1 9 7 1   о қ у   ж ы л ы н а н   б а с т а п ,  ж а с қ а   сай  
ф и з и о л о г и я   м ен   м е к т е п   г и г и е н а с ы   п е д а г о г и к а л ы к  
университеттердің  күллі  факультеттерінің  оқу  жоспарына 
жеке пән ретінде енгізілді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі 
алғаш қы  жылдары  барлық  педагогикалық  институттардың 
у н и в е р с и т е т т е р г е  
а й н а л у ы н а  
б а й л а н ы с т ы  
к е й б ір  
факультеттер бұл пәнді оқу жоспарынан алып тастады.  Бірақ 
кейіннен  өмір  талабына  сай  әр  адам  өз  денсаулығын  сақтау 
үшін, өзін-өзі білуінің қажеттілігі жасқа сай физиология ж әне 
валеология  пәні  ретінде  көптеген  маманды қтарды ң  (гума- 
нитарльгқ,  ж араты лыстану,  педагогикалық)  оқу  жоспарына 
енгізілуіне  себеп  болды.
2.  Ж аска  сай  ф и зи ол оги я,  гигиена  ж ән е  валеология 
гы л ы м дар ы н ы ң   баск а  пән дерм ен   бай лан ы сы
ж ән е д а м у   тарихы
Ж асқа  сай  физиология  адам  ж әне  жануарлар  физиоло- 
гиясының  үлкен  бір  саласы.
Ф изиология  ғылымы  организмнің  тірш ілігін,  оның  бар- 
л ы к   м ү ш е л е р і  м ен  к л е т к а л а р ы н ы ң   (ж а с у ш а л а р ы н ы ң ) 
қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың функцияларын 
реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Ол өмір сүру, экология, 
сыртқы  ж әне  ішкі  ж ағдайларға  байланысты  өтіп  жататын 
организмдегі  қүбылыстарды  бақылайды.  Физиология  ғылы- 
мы  организмнің жеке  мүшелерін  белгілі  бір  жүйеге  келтіріп, 
олардың қызметтерінің бір-бірімен  қарым-қатынастарын сол 
түрғыдан  қарастырады.
Ж асқа  сай  физиология  мен  валеология  пәні  педагогика 
ғылымымен де байланысты, себебі  педагогика жоғары жүйке 
әрекетінің  заңдарына  сүйене  отырып,  оқу-тәрбие  жүмыста- 
рын  ғылыми  негізде  іске  асырады.
Ж асқа сай физиология ж әне валеология  балалар мен жас 
өспірімдердің  өсу-даму  заңдылықтарын,  олардың  денесінің 
күрылысына,  яғни  анатомиялық  ерекш елікгеріне  сай  қарас- 
гырады.  Барлық тірі  организмдердің  қүрылысы  мен  қызметі 
тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің, үлпа- 
ларының  жеке  клеткаларының  қүрылысын  білмей,  олардың 
қызметін  дүрыс  анықтап,  білу  мүмкін  емес.  Сондықтан  да
8

И.  М.  С еченов  (1829-1905) 
И.  П.  П авлов  (1849-1936)
жасқа сай  физиология  мен  валеология адам  анатомиясыньщ, 
гистологиясы  мен  цитологиясының  ғылыми  ж эне  саяси- 
әлеуметтік  жетістіктерін  кеңінен  пайдаланады.
Ж асқа  сай  физиология  негізінде  анатомия  мен  физио­
логия  ғылымдарының  дамуына  байланысты  пайда  болган 
физиология  ғылымының  улкен  саласы.  Адам  организмінің 
жас  ерекшеліктерін  зерттеу,  осы  екі  ғылымның  дамуыиың 
негізінде пайда болды.  Алгашқы зерттеулер нәтижелері ауру 
адамдарды  емдеуге  байланысты  алынған.  Ал  ауру  балалар- 
ды дүрыс  емдеу  үшін,  оның  организмінің  қалыпты  қүрылы- 
сы  мен  қызметін  білу  керек,  яғни  жасына  сай  анатомиялық 
және  физиологиялық  байқауларды  қажет  етеді.  Сондықтан 
көн е  Г р ек и я  м ен  Рим  и м п е р и я сы н д агы   ж ә н е   Ш ы гы с 
елдеріндегі тәуіптер мен дәрігерлер адам организмінің қүры- 
лысына  коса,  оның  қызметін  де  зерттей  бастаган.  Дегенмен 
тек  қана  1628  ж ы лы   ағы лш ы н  галы м ы   У ильям   Гарвей 
организмнің  негізгі  қызметінің  бірі  — қан  айналысын  бакы- 
лап,  адам  білімінің  алгаш қы  физиологиялық  жаңа  негізін 
қалады.  XVII ғасырда француз философы  Рене Д ек ар т(1596- 
1650)  организмнің  рефлекторлы  қызметін  негіздеу  арқылы 
физиологияның  дамуына  ат  саггысты.  ХІХ-ХХ  ғасырларда 
орыс ғалымдары И.  М.  Сеченов,  И.  П.  Павлов және олардың 
әріптестері  мен  шәкірттері  өз  үлестерін  қосты.  Көне  заман- 
дағы адам организмінің құрылысын зерттеу жайындағы  жаз- 
балар, ягни анатомиялық зерттеу мәліметтері өте аз кездеседі.
9

Мұның  дамуы  XVI  ғасырда  А.  Везалийдің  еңбектерінен 
басталады.  Оның  “Адам  денесінің  фабрикасы”  (1583)  деп 
аталатын еңбегінде анатомия мен физиологиялық мәліметтер 
қатар  берілген. 
-  ' 
к  ‘
Қазақстанда  физиология  ғылымьшың  қалыптасуы  1938 
жылдан  басталады.  Бұл  жылы  профессор  А.  П.  Полосухин 
Алматыға  келіп,  1944  жылы  Қ.  И.  Сатпаев  ашкан  Кеңес 
Одағының  Ғылым  академиясының  казак  филиалында 
физиология секторын  (бөлімшесін),  1945  жылы  Физиология 
ғылыми-зерттеу  институтын  ашуға  ат  салысты.  Содан 
кейін  Республикамыздың  жоғары  оқу  орындарындағы 
физиологиялық  зерттеулер  бірнеше  бағытта  жүргізіле 
бастады: 
і
1. Негізін А. П. Полосухин қалаған қан және лимфа айна- 
лысының  реттелуі  мен  оларға  байланысты  вегетативтік 
қызметтер.  Бұл  бағытта  А.  М.  Бекетаев,  I.  А.  Бірімжанова, 
JI. Е. Бөлекбаева, X. Қ. Сәтбаева, т.б. ғалымдар мен олардың 
шәкірттері  зерттеулер  жүргізіп,  кезеген  нервтің  қан  тамыр- 
ларына  тигізетін  әсерін,  жүрек-қан  тамырлар  жүйесіне 
бірінші  және  екінші  сигнал  жүйелері  арқылы  беретін  шарт­
ты  әсерлерін,  ауру  организмдегі  гемодинамикалық 
өзгерістерін  анықтады.  1950-1980-жылдары  ғалымдар
О. Ж. Жүмажанов, Ф. Ж. Жүмағалиева Қазақстанньщ жерінде 
өсетін  түрлі  шипалы  өсімдіктердің  қүрамындағы  белсенді 
биологиялық  заттарды  бөліп  алып,  олардың  жүрек-қан  та­
мырлар жүйесіне әсерін, олардың емге пайдалану мөлшерін 
анықтауда көп еңбек етгі.
2.  Академик  Н.  О.  Базанованың  шәкірттері  профес- 
сорлар  Қ.  Д.  Дүйсембин,  Т.  О.  Измайлов,  3.  Қ.  Қожебеков, 
Г.  Н.  Несіпбаев, Б.  Н. Никитин, К.  Т.  Ташенов организмнің ас 
қорыту  ерекшеліктерін,  оның  реттелу  механизмдерін,  жас 
ерекшеліктерін,  сүтоң  пайда  болуы  мен  реттелуін,  босанған 
әйелдердің сүтсіздігін (агалактия) және оның бала организміне 
типзетін әсерін зертгеп үлкен табыстарға жетуде.
3.  Қазақстандағы  физиология  ғылымынын  жаңа  салала- 
ры  ft  нейрофизиологияның  және  сыртқы  ортаға  бейімделу
мәселесійің  дамуына  профессорлар  Қ.  С.  Рымжанов,
С. Ж. Тілеулин,  С. Т.  Төлеуханов және олардьщ шәкірттері 
үлесін  қосуда.
10

А.  П.  Полосухин (1901-1965) 
Н. О. Базанова (1911-1993)
Ж асқа сай физиология гигиена (гигиенос — грек, емдеуші, 
денсаулық  әкелуш і)  ж әне  валеологиямен  (вале  Й  лат.  cay 
болу)  тікелей  байланысады.  Гигиена  мен  валеология  адам 
денсаулыгына  қажетті  сырткы  ортаның  жагдайларын  жэне 
аурудың алдын алуга багытталган шараларды,  ауруды емдеу 
әдістерін  зерттейді.  Олар  адам  денсаулы ғы   табиғи  ж әне 
әлеуметтік-экономикалык  әсерлерге  байланысты  қалыпта- 
сатындыктан, оған қажетті түрлі сауықтандыру жүмыстарын 
ұйымдастырып,  оларды  жүзеге  асырып,  бақылайды.  Халық 
денсаулығы,  әсіресе  халыктың  болашагы  — балалар  мен  жа- 
стардың  денсаулығы  әлеуметтік  мақсат  болғандықтан,  та- 
биғатты  қоргау  және  табиги  қорларды  пайдалануды  жөнге 
келтіру,  денсаулық  сақтауга  қажетті  мөлшерлерді  жасына 
сай  анықтап,  оны  іске  қосу  мәселелерін  шешеді.
Гигиеналық  қүрылыстар  ертеден  бері  сапынып  келеді. 
Мысалы,  Ресейдің  Новгород  қаласында  XI  ғасырда  салын- 
ған  су  қүбьфлардың  қалдығы  табылган.  Сондай  қүбырлар- 
дың  калдығы  өзіміздің  Отырар  қапасының  және  еліміздің 
басқа археологиялык  қазбаларынан да табылды.  Ең апғашқы 
гигиеналык құрылыстар — моншалар, басқа жуыну орындары 
көпшілік  елдерде  ерте  заманнан  бері  пайдаланылып  келеді. 
Дененің  тазапығын  сақтауға  байланысты  нүсқаулар  діни 
к іт а п т а р ға   да  е н гізіл ге н .  X V III-X IX   ғасы р л ар д а  оры с 
гигиенистері  дәрігерлер  М.  Я.  Мудров,  А.  П.  Доброславин, 
Ф.  Ф.  Эрисман, т.б.  қосқан үлестері ерекше.  Олар хапык ара-
11

сына  санитариялық  ошім  таратуға,  ғылыми  зерттеулердін 
нәтижесін  іске  асыруға,  дамуы  кешеуілдеген  халыкка 
мәдениет тарату үшін көп еңбек сіңірген.
Қазақстанда  ХХ-сыншы  ғасырдың  бас  кезінде 
X.  Досмүхамедов  және  басқа  да  ғалымдар  мен  дәрігерлер 
адамның  денсаулығын  сақтау  және  гигиена  мәселелері  ту- 
ралы  кітаптар  жазып,  баспадан  шығарды.
Елімізде гигиена гылымының негізін қалап, гигиеналык-
санитариялық  жұмысты  жөнге  келтіруге,  коршаган  сыртқы
ортаны  залалды  заттардың  әсерінен  сақтау  мәселелерін
шешуде  ҚР  ¥ҒА-ның  академиктері,  медицина  ғылымының
докторы, профессорлар Б. А. Атшабаров пен Т. Ш. Шарманов
және олардың шәкірттері көп еңбек етті. Республикамыздағы
денсаулық  сақтау  министрлігінің  қарамағындағы  өлкелік
аурулар (патология),  кейіннен гигиена және кәсіби аурулар-
Ды зерттеу институты болып 
аталған Қарагандыдағы гигиена
және  еңбек  физиологиясы  инстигутында  академик
Т. А. Қүлқыбаевтың басқаруымен және Засқа ғылыми зерттеу
институттарында  тамақтанудың  өлкелік  мәселелері,  обаға
қарсы  түру,  еліміздегі  экологиялық  жағдайларға  байланыс-
ты мәселелер, олардың адам организміне (соның ішінде бала
организміне  де)  әсері  толық,  жан-жақты  зертгелуде.  Қазақ-
стандық галымдар Арал мен  Балхаш,  Семей,  Шығыс  Қазак-
станның экологиялық жағдайларына көп көңіл бөліп, халық-
тың денсаулығын сақтау, үлкен қырғьгаға үшырататын ауру-
ларды  болдырмау  жолдарын  іздеуде  көп  еңбек  сіңіріп 
жатыр. 
|  
V.-'  >

*
*
-
Академик  Б.  А.  Атшабаров  өзінің  шәкірті  профессор 
Б.  А.  Әбеуов  екеуінің  ашқан  мидың  қан  айналыс  ерекше- 
лігін  зерттеу  тәсілінің  жаңа  түрін,  өндіріс  орындарындағы 
ауыр  металдармен  улану,  оның  миға  әсерін  аныктау 
жолдарын үсынды.  Қазірде гигиенаның үлкен мәселелерінің 
бірі -  үлкен  өндірістер мен  ірі  қалаларда ауыр  металдармен 
уланудың алдын  алу мәселелерін  шешті.
Академик  Т.  Ш.  Шарманов  пен  профессор  А.  А.  Алда-
шев  Қазақстан  жағдайьшда  тамақтану  ерекшеліктерін  ұзақ
зерттеп,  адамға  қажетті  витаминдердің  мөлшерін  анық-
тады  және  авитаминоз  ауруларын  емдеу  тәсілдерін,
биологиялық  белсенді  заттарды  пайдалану  жолдарын 
ұсынды.

Валеология латынның vale — cay болу деген сөзінен шық- 
қан,  денсаулықты  ж әне  оны  сақтау  әдістерін  зерттейтін, 
тікелей  медицина  ж әне  гигиена  гылымымен  байланысты 
ғылым  саласы.  Оны  1960-ыншы  жьшдары  медицинаның  бір 
бөлімі ретінде ұсынган профессор  И.  И.  Брехман. Алғашын- 
да  валеология  денсаулықты  сақтау,  нығайту  деген  ұгым 
шенберінде болды. Кейіннен,  1980-інші жылдардан соң оның 
мағынасы,  алдына  қойган  мақсаты  кеңейіп,  физиологиялық, 
психологиялық, педагогикалық валеология бөлімдері қалып- 
таса  бастады.  Ал  адам  тек  биологиялық  дамудың  нәтижесі 
ғана  емес,  қоғам и-м әдениеттік  дамуды ң  да  нәтиж есінің 
субъектісі,  сондықтан  қазір  валеологияның  философиялық, 
әлеуметтік  және  т.б.  бөлімдері  пайда  болуда.
В алеологияның  негізі  —  салауатты  өмір  сүру  жүйесі, 
өйткені денсаулыктың түрақтылығы, оньщ қальштасуы, сырт- 
қы  және  ішкі  орталардың  түрлі-түрлі  көптеген  әсерлеріне 
төзімділігі  дүрыс  өмір  сүруге  байланысты.  Жеке  адамның 
өмірін  қоғамдық  өмірден  бөліп  қарауга  болмайды.  Сыртқы 
ортаның  әлеуметтік,  мәдени,  экологиялық,  өндірістік,  өзара 
қарым-қатынастық және т.б. толып жатқан жагдайлары адам- 
ның өміріне, денсаулыгына ықпаиын тигізбей коймайды. Сол 
сыртқы  тіршілік  пен  қоғамның  жагдайларына  сай  адамның 
салауатты  өмір  сүру  жүйесі  қапыптасады.  Бірақ  ол  заманы- 
на  сай  жылжымалы  бейімделгіш  болуы  тиіс.  Олай  болмаса 
тірш ілік  орта  мен  организм  арасы нда  қайш ы лы қ  туады 
д а  д е н с а у л ы қ   н аш ар л ай д ы .  М ін е,  осы д ан :  “ А д ам н ы ң  
денсаулығын  қандай  көрсеткіш  белгілер  аныктайды?”  деген
заңды  сүрақ  туындаиды.  і іршіліктің  қандаи  оелгілерімен 
денсаулықты  қалыпты,  немесе  төмен,  немесе  өте  нашар  деп 
айтуга болады? Әлде дені сау (қалыпты норма), дені сау емес 
(патология) деп  қана  бөлігРқарау  керек  пе?
А уырған  адамды  емдеу  үш ін  дәрігер  оның  қанының 
қысымын,  ж үрегінің  қызметін,  қанының  қүрамын  тексе- 
реді  де  калыпты  мөлшермен  (нормасымен)  сапыстыру  ар- 
кылы  ауруды   аны қтай ды .  Басқа  қосы м ш а  кли н и калы қ 
көрсеткіш терді,  генетикалы қ  ж әне  ж еке  басы ны ң  ерек- 
шеліктерін  негізге  ала  отырып,  емдеу  шараларын  шешеді. 
Ауруды  емдегенде  әр  адамның  ішкі  дүниесінің,  мінезінің, 
өмір  сүріп  ж атқан  ортасы ны ң  ерекш еліктерін  де  ескеру 
қажет.
13

М едицина  ғылымының  негізінде  туғандықтан,  валеоло- 
гияның  зерттеу  әдістері  клиникапық  аспаптар  мен  олардын 
кө р сетк іш тер ін   қо л д ан ад ы .  Ж алп ы   ал ған д а  вал ео л о ги я 
ф изиологиям ен  ж ән е  терапиям ен  іргелес  ғы лы м   саласы , 
сондықтан  физиологиялық  әдістер,  көрсеткіштер  мен  емдеу 
жолдарын  пайдаланған  дұрыс.  Кейбір  ғалымдар  (Колбанов, 
2 0 0 1 ,  т .б .)  в а л е о л о г и я н ы   қ а л ы п т ы   ф и з и о л о г и я   м ен 
патологиялық  физиологияның  арасы  деп  қарауды,  яғни  сау 
және ауру қалыптардың аралығы деп  қарауды  ұсынады.  Бүл 
дүры с  ем ес,  өй ткен і  оны ң  өзі  к ө п теген   ж ағд ай л ар   мен 
себ еп тер ге  б ай л ан ы сты   б ір н еш е  к езең н ен   тү р аты н   өте 
күрделі  хал.
Келешектегі  үрпақтың  денсаулығын  ойласақ,  жасқа  сай 
валеология  мәселелерін  зерттеу  керек  екендігі  айқындала- 
д ы .  Ж аң а  т у г а н   н ә р е с т е н ің   б о й ы н д а   д е н с а у л ы қ т ы ң  
биологиялық,  генетикалы қ  негіздері  ғана  бар.  О ның  өсіп- 
дамы п,  дёне  қүрылысы  мен  қы зм еттерінің  қалы птасуы на 
алдымен  анасының  сүті  мен  аялы  алақандары   эсер  етеді. 
Кейіннен  баланың  жейтін  тамағы,  ішетін  сусыны,  дем  ала- 
ты н  ауасы ,  үйқы сы ,  ой ы н -күлкісі,  қи м ы л-қозгалы стары , 
айналасымен  қары м-қаты насы  оиың  дүры с  өсіп-ж етілуіне 
үлестерін  қосады.  Бүлардың  бәрі  баланың  жасына  сай  азды- 
көпті өзгеріп, денсаулығының қалыптасуына ж әрдем болады. 
Д ем ек,  өсіп  келе  ж атқан  организм дегі  күн  сайы н  болы п 
оты раты н  үрдістердің   әсерін ен ,  өзіндік  ген ети калы қ  қа- 
сиеттерінің  негізінде  баланың  денсаулығы  толықтырылып, 
шыңдалып,  дамиды.
Осы  айты лгандар  валеологияны ң  ж еке  ерекш е  ғылым 
саласы екенін білдіреді.  Оның зерттеу объектісі — адам, онын 
денсаулығы,  көңіл-күйі,  мінез-қүлқы,  іскерлігі,  өмірге  көзқа- 
расы   ж әне  басқалар.  В алеология  м едицина,  психология, 
п едагоги ка,  экологи я,  ф и лософ ия  эк о н о м и к а  т.б.  адам и 
гылымдармен байланысты және солар арқылы толықтырылып, 
жетілдіріліп отырады. Біз осы жаңадан туган валеология гылы- 
мы  зерттеу  әдістерін  көбейтіп,  терминдік  үгымдарын  нақты- 
лап, қағидапарын шындай түсіп, канатын кең жайып, келешекте 
ілгері  өрістейді деген  үміттеміз.
Валеология гылымьшың медициналық басқа ғылымдардан 
бөлінгеніне аз ғана уақыт өткенімен, оны дамытуга,  күнделікті
14

өмірде  қолдануға  көптеген  дәрігерлер,  гигиенист  ғалымдар, 
физиологтер ат салысып, өз үлестерін  қосуда.
Денсаулық сақтау  мәселелеріне жүрттың  назарын аудар- 
ған   е р т е д е н   б е р і  е с ім д е р і  ә л е м г е   ә й г іл і  Ә л -Ф а р а б и , 
Гиппократ,  Ибн-Сина  (Авиценна),  Поль  С.  Брегг,  П.  К.  Ива­
нов,  Н.  А м осов  сы н ды ,  б асқ а  да  кө п теген   адам д ар д ы ң  
валеологияның дамуына косқан  үлесі  зор.  1960-ыншы жылы 
валеологияны н  негізін  қалауш ы ,  осы  терм инді  ғы лы м ға 
енгізген  ресейлік  профессор  И.  И.  Брехман деп  бүдан  бүрын 
ж азы п   кеткен   б о л аты н б ы з.  О ны ң  ал ғаш қ ы   қ ад ам д ар ы , 
денсаулық сактаудағы маңызы ж әне адамдарға денсаулықты 
сақтау  мәселелерін  үйрету жайындағы  пікірлері  мен  үсыны- 
стары  бүл  ж аңа  ғылым  саласын  дамы туда  маңызды  орын 
алып,  кеңінен  тарады.
Біздің  елімізде  денсаулық  мәселелеріне  белгілі  шамада 
көңіл  аудары лы п,  көптеген  зерттеулер  бүры ннан  ж үргі- 
зілгенімен  (X.  Досмүхамедов,  т.б.),  валеологияға  қарай  бет 
бүрыс  ХХ-сыншы  ғасырдың  80-інші  жылдарынан  басталып, 
эр  адам  салауатты  өмір  сүру  үшін  ең  алдымен  өзін-өзі  білуі 
ти іс  д е ге н   п ік ір д е н   б а с т а л д ы   ж ә н е   д е н с а у л ы қ   са қ т а у  
м ә с е л е с ін ің   к ө п т е ге н   ж а ғд а й л а р ы   з е р т т е л е   б а с та л д ы . 
Көптеген  ғалы мдар  мен  гигиенист-дәрігерлер  валеология­
нын  өмірге  енуіне  өз  үлестерін  қосты.  Алдымен  валеология 
ғы лы м ны ң  кай  саласы на  ж ататы ны ,  оны н  бөлім дері  мен 
түрлері туралы, зерттеу объектілері жайындағы пікірлер үсы- 
нылып,  мектеп  оқуш ыларына,  студенттерге  арналған  орыс 
тілінде  жазылған  алғашкы  оқу  қүралдары  шыға  бастады.  Бүл 
түрғыдан  А.  А.  Ақанов,  А.  С.  Адылханов,  X.  Қ.  Сәтбаева,
А.  Д.  Соколов,  3.  С.  Әбішева,  К.  А.  Төлебаев,  Л.  3.  Тель,
Н.  Т.  Торманов,  т.б.  ғалымдар  мен  оқу  орындарының  үстаз- 
дары   м ектеп  о қ у ш ы л ар ы н а,  ж о ғар ы   оқу  о р ы н д ар ы н ы ң  
с т у д ен т т е р ін е   арн ап   Р есп у б л и к ам ы зд ы ң   ж а ғд а й л а р ы н а  
бейімделген  методикалы қ  нүскаулар  мен  оқу  қүралдарын 
жазып,  көп  еңбек  сіңірді.
А дам ны ң  денсаулы ғы   оны ң  ден есін ің   қүры лы сы   мен 
мүшелерінің  қызметіне,  яғни  организмнің  анатомиясы  мен 
физиологиясына  тікелей  байланысты.
Анатомия мен физиология ғылымдары ерте заманнан бас- 
т а п   д а м ы ғ а н ы м е н ,  б а л а л а р д ы ң   д е н е   қ ү р ы л ы с ы   м ен 
мүшелерінің  қызмет  ерекшеліктерін  зерттеу  кейінірек  бас-
15

талған.  Себебі,  балалардың  организмін  зерттеу  жалпы  адам
мен  жануарлар  организмін  зерттеуден  басталады.  Ондай
зерттеулер  XVIII-XIX  ғасырларда  ғана  белгілі  бір  жүйеге 
келтірілді.
Жасқа  байланысты  анатомия  мен  физиология  және  ба­
лалар  гигиенасы,  жалпы  алғанда,  медициналық  қажетті- 
ліктерге  байланысты дамыған.  Сондықтан да негізгі  зерттеу­
лер  балалар  ауруы  мен  олардың  алдын  алу  мәселелерімен 
тығыз  байланысты.  Бұл  түрғыдан  алғанда  Н.  Ф.  Филатов, 
П.  Ф.  Лесгафт  секілді  дәрігерлердің  еңбектері  аса  маңызды 
орын  алады.  П.  Ф.  Лесгафт балалардың дене  қүрылысының 
Дене шынықтыру тәрбиесіне байланыстылығын анықтап, ба- 
ланың  психикасын,  ақыл-ойын,  ішкі  сезімдерін  дамытумен 
байланыстырады. 
(  ,  , 
11  |  
.
XIX  ғасырда еңбек  еткен  ғалымдар  балалар  анатомиясы 
және физиологиясының педагогика мен тәрбие жүмыстарын 
дамытудағы  маңызын  алғаш  рет  дәріптей  бастады. 
К.  Д.  Ушинский  балалардың  дене  қүрылысы  мен  мүшелер 
қызметін білмей, тәлім-тәрбие жүмыстарын, балаларға білім
беруді  багытталған  дүрыс  жолға  қою  мүмкін  еместігін  айт- 
қан  болатын.
Атақты  галым  физиолог  И.  П.  Павлов  “Бал ал ар ды  тэр- 
биелеу мен  оларды дамыту  физиологияға  негізделуі  керек,” 
-   дейді.  Оның  бүл  ойьш  П.  Ф.  Лесгафт  тіпті  де  тереңдете 
түскен:  ...“педагогика  биология  ғылымының  бір  бөлімі 
болуьі  керек”.  Бүл  ғалымдардың  ойымен  П.  П.  Блонский- 
дің  пікірі  үндескендей:  ...“атақты  тәрбиелеу  жүйесінің 
реформаторы  аталған  педагогтердің  өзі  педагогиканы  тек 
кана  психологиямен  үштастырып,  баланың  денесі  мен 
антропологиялық коз  қарастарды  үмытады”, -  деген.
Алгаш  рет  1939  жылы  А.  Н.  Северцев  түжьфымдаган, 
кеиіннен  П.  К.  Анохин  дамытқан  (1949)  системогенез  тура- 
лы ілімнің мүшелер мен мүшелер жүйелерінің гетерохронды 
(гетерос  — әр  түрлі,  хронос  -   уақыт)  түрде  болу  негізінің 
жасқа  байланысты  физиологияның  дамуына  ықпалы  күшті 
болды.  П.  К.  Анохиннің  бүл  пікірі  бойынша,  бала  орга- 
низмінщ  алғаш  рет  түрлі  кезеңдерде  дамуы  оның  қүры-
лымдарының  бір-біріне  уақытша  байланысты  өзгеруі  арқы- 
лы  жетілетіндігін  байқатады.  Функциялық  жүйелердің  әр 
уақытта паида болуы мен әртүрлі дамуы ең алдымен дененің
16

б е и ім д е л у   қ а с и е т т е р ін   н е г із д е й д і.  Б ұ л а й   б е й ім д е л у  
нәтижелері  биологиялық  жүйелердің  қызметінің  беріктігін, 
мықтылығын  көрсетеді.  Ал  мұның  өзі  онтогенездің  түрлі 
кезеңдерінде  көптеген  ж ағдайларды н  эсер  етуінен  пайда 
болады.  П.  К. Анохиннің әріптесі А. А.  Маркосян  1969 жылы 
б и оло ги ял ы қ  ж ү й ел ер д ің   б ір л іктігі  тірі  ор ган и зм д ерд ің  
қасиеттеріне  негізделген  жекеленіп  дамудың  жалпы  заңцы- 
л ы ғы   ек ен ін   т а п қ а н .  Б и о л о ги я л ы қ   ж ү й е л е р д ің   б ір ін ің  
кызметін  екіншісі  жартылай  болса  да  орындай  алуы,  қайта- 
лауы,  мүмкіндігінің  қажеттіліктен  артық  болуы,  оның  жеке 
бөлімдерінің  түрақты  қалпына  тез  келуін  қамтамасыз  етеді.
Биологиялық  жүйелердің  беріктілігі  онтогенездік  даму 
б ар ы сы н д а  б ір н еш е  к езең д ер д ен   ө тіп ,  б ей ім д ел у   реак- 
циялары н  дам ы та  түседі.  Өсіп,  дам ы п  келе  ж атқан  орга- 
низм нің  сы ртқы   ортам ен  байланы сы   күрделенген  сайы н 
бейімделуі  де  жоғары  сатыға дами  түседі.
Ж еке  басы ны ң  дам уы   кезіндегі  м үш елер  қы зм етін ің  
қалыптасу  заңдылықтарына  орыс  ғалымдары  И.  П.  Павлов,
В.  М.  Бехтерев,  И.  А.  Аршавский,  А.  Г.  Хрипкова,  т.б.  ат  са- 
лысқан.  Олардың  еңбектерінің  арқасында  баланың  жасына 
л а й ы қ   ш артты   р е ф л е к с т е р д ің   қ ал ы п тасу ы ,  б ағд а р л а у
реакциясының  дамуы,  сөилеу  қаоілепнің  қалыптасып  дамуы, 
түрлі  эмоциялық жағдайлардың байланысы,  өзгермелі  сыртқы 
ортаның  жағдайларына  бейімделу  зандары  анықталды,  бала­
лар мен  жастарға арналған  оқулықтар  шықты.
С. 
М.  Г ром бахты ң   1975  ж ы лы   тап қан   м үш елер  мен 
мүш елер  жүйелерінің  қызметі  әр  кезеңде  белгілі  бір  саты 
жоғары  артып,  дамуға дайын  түратындығы  бала  организмін 
түсінуде маңызы зор. Бүған қоса,  1969 жылы А. А.  Маркосян 
тапқан  физиологиялы қ  ж үйелердің  беріктігі  мен  қалыпты 
тіршілікті  сақтау  қабілетінің  жоғары  дәрежеде  болуы,  1975 
жылы  үсынған  П.  К.  Анохиннің  бейімделу реакцияларының 
жүйелі  үйымдасуы туралы  қағидасы  бала организмінің даму 
заңдарын  жете  түсініп,  дүрыс  зерттеу,  жөндеп  тәрбиелеу, 
бағытталған  тәрбие  ж әне  оқу  жүмыстарын  үйымдастыруда 
маңызы  жоғары  болып,  көптеген  жаңалықтарды  аш уға  жол 
сал д ы .  Қ а зір гі  к е зд е   б а л а н ы ң   о н т о г е н е з д ік   д а м у ы н д а  
жүйкелік  ж ене  психофизиологияль 
д ам у ы н   тал д ап ,  м и ды ң   қүры л
• 
• 
•  /-V 
«/  * I 
ы w д а  ы
жетілуі  зерттелді.  Орталық  ж үш
182
н в к ш


жүктеу 1.71 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет