Дот- 502т Сугирбаева Перизат Конденсаторлар және оларды қосу



жүктеу 22.78 Kb.
Дата10.02.2022
өлшемі22.78 Kb.
#17127
3 тапсырма
Топ ымы, мысалдар. Топты арапайым асиеттері Аны тама, 2-практикалық сабақ-Байтурсын, Физикада математикалық әдістері (1), Векторлар рісі, МФТ дәрістер, зертханалық жұмыс 2021 2022, Кернеулік векторыны а ыны. Электр рісі графиктік т рде рбір н, Емтихан с ра тары Электрді атомистік т р ыда ы таби аты, Механиканы физикалы негіздері Механика Механика, 3 тапсырма АЖСТ, 1тапсырма Сақина түрлері

Дот- 502т Сугирбаева Перизат

Конденсаторлар және оларды қосу

Oқшауланған өткізгіштердің сыйымдылығы аз болады. Практикада өткізгіштерді өзін қоршаған денелермен салыстырғанда шамалы потенциалы бола тұрып шамасы едәуір зарядтарды жинақтайтын қондырғылар қажет болады. Осындай қондырғыларды конденсаторлар деп атайды. Зарядталған өткізгіш туғызатын өрістің әсерінен оған жақындатылған денеде индукцияланған немесе байланысқан зарядтар пайда болады. Зарядталған өткізгішке кез келген денені жақындатқанда өткізгіш потенциалы абсолют шамасы бойынша азаяды, сөйтіп өткізгіштің сыйымдылығы артады.

Конденсаторларды бір – біріне жақын орналасқан өткізгіштер түрінде жасайды. Конденсатор құрайтын өткізгіштерді оның астарлары деп атайды, олардың арасын диэлектрикпен толтырады.

Сондықтан да бір – біріне жақын орналасқан екі пластина, екі коаксиалды цилиндр және екі концентрлі сфера сияқты конденсаторлар түрі практикада жиі қолданылады.

Электр өрісі конденсатордың ішіне шоғырланғандықтан, электрлік ығысудың сызықтары бір астардан басталып екіншісінде аяқталады және астарларда пайда болатын еркін зарядтардың шамасы бірдей де, таңбалары қарама – қарсы болады.

Зарядтардың өзара әсерлесуі

Кулон заңы — екі нүктелік электрикалық зарядтардың өзара әсерін сиппаттайтын заң. Тыныштықтағы екі нүктелік зарядталған денелердің өзара әсерлесу заңы бүкіл әлемдік заңға ұқсас деген пікірлер ХVIII-ғасырдың ортасында туа бастады. Осы пікірдің дұрыстығын 1785 жылы француз ғалымы Ш.Кулон дәлелдеді. Кулон заңы бойынша



Тыныштықтағы екі нүктелік зарядтар зарядтардың модульдерінің көбейтіндісіне тура пропорционал, ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал, таңбасы зарядтардың таңбаларының көбейтіндісімен бірдей, ал бағыты екі зарядты қосатын түзу бойымен бағыттас күшпен өзара әсер етеді.

Кулон тәжірбиесі

Ол жіңішке серпімді сымға ілінген және шыны цилиндр тәрізді ыдыста орналастырылған шыны таяқшадан тұратын қондырғы-иірілмелі таразыны қолданды.Таяқшаның бір ұшына кішкене металл шар бекітті,ал екінші ұшына оны теңгеріп тұратын жүк ілді.Жіптің жоғарғы ұшын оның ширатылу бұрышын анықтауға арналған бөліктері бар шкалаға бекітті.Ыдыс тығынындағы саңылау арқылы дәл сондай басқа сынақ шар енгізді.Содан соң шарларға оң заряд берді және олар бір-бірімен өзара әрекеттесті.Ал олардың әрекеттесу күшінің шамасын жіптің ширатылу бұрышына қарап анықтады. Өлшемдері электрленген шардың өлшемдерімен бірдей,заряды жоқ үшінші шардың көмегімен Кулон алдыңғысының зарядын тең екіге бөлді. Осылайша,Кулон тәжірбиелерін қорыта келе,шарлардың өзара әрекеттесу күші олардың арақашықтығының квадратына кері,ал шарлардың зарядтарының көбейтіндісіне пропорционал екенін анықтады. Әрі,олардың әрекеттесу күші әр ортада әртүрлі екенін байқап,ортаның диэлектрлік өтімділігі деген шама енгізді.Ол әр ортада әртүрлі мәнге ие. Оған қоса,Кулон электр тұрақтысы деген шаманы енгізді

Заң орындалу үшін мына шарттар орындалуы маңызды:



  1. зарядтардың нүктеде болуы — яғни зарядталған денелер ара қашықтығы олардың өздерінің өлшемінен әлдеқайда үлкен болу керек — әйтсе де сфералық симметриялы бір бірімен қиылыспайтын көлемді үлестірілген зарядты екі дене өзара әсер ететін күші сол денелердің симметриялық ортасында орналасқан эквивалентті нүктелік зарядтардың әсер ететін күшіне тең екенін дәлелдеуге болады;

  2. олар тыныштықта, өозғалыссыз болуы. Болмаса басқа да күштер пайда болады: қозғалмалы зарядтың магнитөрісі және оған сәйкес басқа қозғалмалы зарядқа әсер ететін Лоренц күші;

  3. вакуумда орналасулары керек.

Дегенмен аздаған өзгерістермен заң ортада және қозғалмалы зарядтар үшін де орындалады.

Векторлы түрде Ш. Кулон заңы тұжырымы былай жазылады:



{\displaystyle {\vec {F}}_{12}=k\cdot {\frac {q_{1}\cdot q_{2}}{r_{12}^{2}}}\cdot {\frac {{\vec {r}}_{12}}{r_{12}}},}

мұндағы {\displaystyle {\vec {F}}_{12}} F 12— 1 заряд 2 зарядқа әсер ететін күш; q1,q2{\displaystyle q_{1},q_{2}} — зарядтар шамасы; {\displaystyle {\vec {r}}_{12}} r12— радиус-вектор (модулә {\displaystyle r_{12}}-ге тең 1 зарядтан 2 зарядқа бағытталған вектор); {\displaystyle k} k— пропорционалдық коэффициенті. Осылайша, заңға сәйкес біртекті зарядтар бір-бірін итереді (ал әртекті — тартады).



Диэлектриктер – электр тогын өткізбейтін заттар. диэлектриктің барлық молекулалары электрлік бейтарап күйде болады.

Ортаның диэлектрлік өтімділігі–диэлектрик орналасқанда өрістің қаншалықты әлсірейтінін және диэлектриктің поляризациялану қасиетін сандық сипаттайтын өлшемі жоқ шама:
жүктеу 22.78 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет