Домбырадағы жазу Көне домбыраның табылған орны



жүктеу 131.28 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.03.2017
өлшемі131.28 Kb.
#4374

 

Домбырадағы жазу 

 

Көне  домбыраның  табылған  орны.  Монғол  Алтай  жотасының  бір 

сілемі  Жарғалант-қайырқан  тауы.  Осы  таудың  «Өмнөхөн  аман»  (Алдыңғы 

сай)  деген  жерге  орыналасқан  Нүхэн-хад  (Үңгір  тас)  деген  үңгірден 

табылған. 

2008 жылы осы жердің тұрғыны Н.Дандар деген шопан алғаш үңгірге 

тап  болып,  оның  ішінде  мойны  қисық  саз  аспабын  тауып  алып,  аул 

мектебінің ұстазы Ч.Энхтөр деген азаматқа апарып береді. Ч.Энхтөр мұғалім 

Улан-Батыр  қаласында  орыналасқан  Монғолия  Республикасы  Ғылым 

Академиясының  Археология  институтына  ақпарат  жеткізіп,  археологтарды 

шақыртады. 

Ц.Төрбат  бастаған  археологтар  тобы  2008  жылы  25  маусымда 

Ч.Энхтөрге  келіп  Нүкін-хад  (Үңгіртас)  үңгіріне  барып  қазба  жұмысын 

жүргізеді. 

Үңгіртас  үңгірі  (GPS)  №  47º37'433''  ендікте,  Е  92º27'273''  бойлықта, 

теңіз деңгейінен 1866 м биіктікте орыналасқан. 

 

Зерттелуі. Саз аспабы табылған үңгірге ең алғаш Ц.Төрбат бастаған моңғол 

археологтары қазба жұмысын жүргізіп, ол туралы «Археологийн судьлал» 

(«Studia archaeological» 11. худ.274-292) жинағында жарияланған. 

Ц.Төрбаттың бұл мақаласында қазба жұмысының нәтижесі көрсетілуімен 

бірге саз аспабының суреті, басқа олжалармен (адамның қанқа сүйегі, ер, 

үзеңгі, садақ, қорамсақ, оқтар) бірге жарияланған. Саз аспабы туралы толық 

сипаттама берілмеген.   

 

Екінші  рет  Герман  археологтарымен  бірлесіп  Улан-Батыр 



қаласында  2007  жылы  тамыз  айының  1-23  күндері  аралығында  өткізілген 

халықаралық  конференцияның  жинағы  («Current  Archaeological  Research  in 

Mongolia», Bonn. 2009.) 2009 жылдың екінші жартысында Бонн университеті 

тарапынан  басылып  шығарылған.  Саз  аспабы  табылған  Жаргалант  хайрхан 

олжалары  (находка)  туралы  мақаланы  осы  жинаққа  T.Törbat,  D.Batsukh, 

J.Bemmann,  O.Thomas,  O.Hollmann,  P.Zieme  «A  Bock  tomb  of  the  ancient 

Turkic  period  in  the  Zhargalant  Khairhan  mountains,  Khovd  aimag,  with  oldest 

preserved  horse-head  tiddle  in  Mongolia  –  preliminary  report»  (10.ss.365-383) 

енгізген. 

Кейін 


бұл 

мақаланың 

рефераты 

http://win.mail.ru/cgi-

bin/link?check=1&url=http%3a%2f%2fwww.vfgarch.uni%2dbonn.de%2fdownloa

ds%2fbemmann%2dhorse%2dhead%2dfiddle.pdf

 

сайтында 



жарияланды. 

Ц.Төрбаттың  неміс  зерттеушілерімен  бірігіп  жариялаған  жинақтағы  және 

интернеттегі  мақалаларында  да  домбыраның  сипаттамасы  берілмеген.  Осы 

жолдардың  авторы  Қ.Сартқожаұлы  Моңғолия  Археология  институтының 

лабораториясына  жаңадан  алып  келген  саз  аспабын  көріп  жазуын  көшіріп 

алуға  талпынды.  Институт  қызметкерлері  ұйғармады.  Біз  осы  саз  аспабы 

туралы  алғашқы  мақаламызды  2008  жылдың  төртінші  мезгілінде  «Егеменді 

Қазақстан» (                  ) сияқты 8 газетке жарияладық. Кейін 2010 жылғы 



 

жазғы  экспедиция  кезінде  археология  институтымен  қайта  қатынасып,  саз 



аспабының  сипаттамасын  жасап,  жазуын  көшіріп  алуға  қол  жеткізілді. 

Соның  нәтижесінде,  ең  әуелі  Қазақстан  Республикасының  «Дала  мен  қала» 

газетінде «Ата домбыра» деген атпен мақала жарияланды (2010.№47.376). 

Түркияның 

http://www.tdtkb.org/content/hun-d%C3%B6neminden-

g%C3%BCn%C3%BCm%C3%BCze-ula%C5%9F-1500-y%C4%B1ll%C4%B1k-

saz

 

сайтында  жарияланды.  Қазақстан  Республикасының  Мәдениет 



министрлігі тарапынан 2010 жылы 22 желтоқсанда ұйымдастырып өткізілген 

«Жалпы тіл білімі және түркі тілдерінің өзекті мәселелері» атты халықаралық 

ғылыми-теориялық  конференциясында  осы  жолдардың  авторы  «Ертеорта 

ғасырдан  жеткен  домбыра»  деген  баяндамасы  тыңдалып,  конференция 

жинағына  жарияланды  (12.34-41.бб.).  Бұл  мақалада  саз  аспабы  табылған 

жердің,  үңгірдің,  табылған  олжалар  мен  домбыраның  толық  сипаттамасы, 

домбыраның  мойнындағы  бітіг  жазудың  түпнұсқасы,  транслитерациясы, 

транскрипциясы,  аудармасы  мен  түсініктемесі  толық  берілді.  Біздің 

мақаламызға  байланысты  Қазақстан  Республикасының  ҒА-ның  М.Әуезов 

атындағы  Әдебиет  және  Өнер  ғылыми  зерттеу  институтының  ғалымдары, 

С.Кузенбаева  (Өнертану  ғылымдарының  докторы,  профессор),  А.Мұқан 

(Өнертану  ғылымдарының  кандидаты),  Қ.Кенжалин  (фолклортанушы,  фғ. 

кандидаты)  ғылыми  мақалалары  жарияланды  («Дала  мен  қала»  газеті.2010. 

№49-50). Бұл үш ғалымның мақаласында жаңадан табылып отырған домбыра 

әлемнің  шертпе  аспаптарының  атасы  деген  қорытынды  жасап,  өнертану 

ғылымына қосылған аса құнды жаңалық деп бағаланды. Автор домбыраның 

ғылыми көшірмесін жасатып ҚР-ның домбыра музейіне тапсырды.  

 

Сипаттамасы.  Үңгірдің  аузы  тік  орыналасқан.  Кіретін  адам  тура 

төменге  қарай  сырғиды.  Үңгірдің  аузы  86×60  см.  Тікше  үңгірдің  еденінен 

сыртқы ернеуіне дейінгі өлшемі 95 см. Үңгір іші жалғыз дәліз. Ішкі өлшемі 

130×280 см. Үңгірдің дәлізге кіретін сол жақ босағасына аздаған тас үйілген. 

Бұл  жердің  қиғаштығына  байланысты  сырттан  сырғып  түскен  тас  жиналып 

қалған.  Археологтар  барып  көрген  кезде  үңгірдің  ішіндегі  жер  топырақты 

алғаш  рет  осы  үңгірді  тапқан  Н.Дандар  қазып  сыртқы  бетінің  алғашқы 

бейнесіне  өзгеріс  енгізген.  Жалпақтығы  35  см,  тереңдігі  15  см  жерді  қазып 

көрген.  Топырақтарын  үңгірдің  ауыз  жағына  қарай  үйген.  Үңгірдің  шығыс 

жақ қабырға тұсында екі үзеңгі мен ердің қапталы анық көрініп жатқан екен. 

Ал  қабырғаға  сүйеулі  тұрған  саз  аспабын  Н.Дандар  Ч.Энхтөрге  апарып 

берген. Ердің астыңғы жағынан қорамсақ оғымен табылған. Қазба жұмыстың 

нәтижесінде  бас  сүйегі  бүтін  адамның  қаңқасы  1  дана,  20  дана  садақтың 

темір оғы, оқтың ағаш сабтары, жалпақ қасты қазақы ер, түрік үзеңгі (2 дана) 

табылған (11.275-279). 

Монғолия  Республикасы  Ғылым  Академиясының  Археология 

институты  үңгірден  табылған  адам  қаңқасына  антропологиялық  зерттеу 

жүргізген.  Адам  қаңқасының  палеоантропологиялық  анализ  көрсеткіші 

төмендегідей. Онда: бас сүйек жақсы сақталған. Бастың сол жақ еңбегі бұрын 

жараланып,  кейін  толық  сақайған  белгісі  қалған.  Бас  сүйектегі  тыртық  ту 


 

баста  қандай  бір  үшкір  ұшты  қарумен  ұрғызғаннан  пайда  болған  сияқты. 



Оқтың  орны  емес.  Тыртық  мөлшері  3,6×2,0  см.  Бас  сүйектің  төбесі  мен 

маңдайында бас терісінің құйқасы сақталған. Адам қаңқасының эпифазы мен 

бас  сүйектің  жіктері,  тістің  жалпы  сипатына  қарағанда  20-25  жастағы  жас 

жігіт  деген  қорытынды  жасалған.  Бойының  биіктігі  166,7  см,  еркек  адам 

(11.279). 

Саз аспабы. Үңгірден табылған археологиялық олжалардың ішіндегі біздің 

назарымызды аударған дүние – саз аспабы. Ц.Төрбат, Петр Цима бастаған 

мақала авторлары саз аспабын ешбір ғылыми дәлелсіз моңғолдардың 

«Морин-хуур» (ат-қобызы) аспабы деп атай салған (10.ss.377). 

Сараптама (анализ).  

 

1. Морин-хуур (ат-қобыз) деген қандай аспап? 



 

Ат қобыз (Морин-хуур): Шанағы үлкен әрі төрт бұрышты, мойны 

қысқа әрі сом жуан болады. Мойнының басында аттың басының мүсіні 

қондырылған, ысып тартып үн шығаратын аспап (№1 суретті қараңыз). Оның 

ішегін жылқының құйрық қылынан жасайды. Жылқының екі топ қылын алып 

жуып, тазалап аспапқа ішек етіп орналастырады. Ат қобыздың тиегі биік 

болады. Ішек топ қылдан жасалғандықтан тиектің ішек орналасқан кертік 

кетігі, шертіп үн шығаратын аспаптарға қарағанда жалпақ әрі көлемді келеді. 

Шертіп үн шығаратын аспаптың тиегінің кертігі 0,7-0,8 мм-ден аспайтын 

болса, ат қобыздың тиегінің кертігі 3-4 мм-ден кем болмауы керек. 

Украйнаның хомусы, түркі тектестердің қобызы сияқты әлемдегі барлық 

қобыз аспаптарының мойны қысқа, әрі сом жуан болады. Оның себебі ысып, 

есіп үн шығаратын болғандықтан аспаптың мойнына күш түседі. Сонымен 

бірге қобыз аспабында перне болмайды.  

  

Үңгірден табылған саз аспабының мойны жіңішке, шанағы қуышық. 



Оның сыртында жапсырған пернелердің орны бар. Бұл аспаптың тиегі бар. 

Тиегінің кертігі 0,08 мм-ден аспайды. Бұл аспап ысып үн шығаратын аспап 

емес, шертіп үн шығаратын шертпе аспап екендігі жіңішке мойнынан, екі 

құлағынан, пернесінен, тиек сипаттамаларынан көрініп тұр (№2 суретті 

қараңыз). Сондықтан бұл аспаптың ат қобыз еместігі белгілі болды.  

 

 



 

 

 



 

 

   



                         №1 сурет                           №2 сурет                            №3 сурет

 

 



Үңгірден  табылған  мұралар  (ер,  үзеңгі,  садақ,  қорамсақ  және  оқтар) 

түркілердің  мұрасы  екендігін  жоғарыдағы  мақала  авторлары,  археологтар 

дәлелдеп  шыққан.  Әрі  табылған  ер,  үзеңгілер  қазіргі  қазақтардың  ер, 


 

үзеңгілерінен  еш  айырмасы  жоқ.  Ендеше,  ол  үңгірдегі  барлық  заттар 



түркілердікі  бола  тұра  саз  аспабы  неге  моңғолдардікі  болуы  керек?  Әрі  саз 

аспабының  мойнындағы  байырғы  түрік  жазуы  екендігін  ұмытпағанымыз 

абзал болар. 

 

Домбыра шанағы. Шанақтың бірінші бетіне екі ішекті аспаптың тиегі 

орыналасқан.  Алғаш  домбыраны  ұстап  көргенімде  шанақтың  бетіне  тиек 

жабысып  қалғанын  көргенмін.  Биыл  сол  күйінде  фотоға  түсірдім.  Тиек 

орнынан  қозғалып  шанақтың  бетіне  көлденеңінен  емес,  ұзына  бойымен 

параллель  жабысып  қалған.  Ішек  тартылып  барып  үзілген  кезде,  орнынан 

қозғалған.  Шанақтың  бірінші  бетінде  иненің  көзіндей  үш  тесік  бар.  Үлкен 

тесік  жоқ.  Домбыраның  шанағының  беткі  беті  мойыннан  2  мм-дей  биік 

орыналасқан. Үлкен тесігі шанақтың сыртқы бетіне айшық таңбамен ойылып 

салынған.  Айшық  –  керей  тайпасының  таңбасы.  Шанақтың  сыртқы  бетіне 

бұғының, бұланның суреттері ойып салынған. Тас бетіндегі суреттерден көп 

айырмашылығы жоқ. 

 

Домбыра пернесі. Аспаптың тоғыз пернесі болған. Тоғыз түркілердің 

киелі  саны.  Этностың  бір  символына  айналған  сан.  Пернелерді  ішекпен 

немесе  жіппен  тақпаған.  Ырғай,  қараған  немесе  қайыңның  ішкі  жұқа 

қабығынан таспалап тіліп алып, перне етіп жапсырған. Перне етіп жапсырған 

жұқа  қабыршықты  домбыраның  мойнын  орап  орналастырған.  Осы  кезде 

домбыраның  мойнына  жазылған  әріптердің  үстінен  таспалап  жапсырған 

перне  қабыршықтары  басып  қалған.  Жазудың  кейбір  әріптері  қабыршық 

астында қалып қойған.  

 

Домбыраның  басы.  Домбыраның  басы  бұғы  мен  бұланның  басына 

ұқсас. Бүгінгі күннің домбыраларындай қалақ бас емес. Ежелгі дәуірден келе 

жатқан аң стилімен жасалған.  

Қазақ  халқы  мұсылман  дінін  қабылдағаннан  кейін  аң  стилін  жойды. 

Себебі,  Тәңіршілдіктің барлық  нышандарын жоймайынша,  мұсылман  дініне 

бүкіл халық бой ұсыну мүмкін емес еді. Аспаптың мойнының қисаю себебі 

төмендегідей. Онда: Бірінші, қандай бір осындай ағашты қабырғаға сүйеп қоя 

салса бір айдың ішінде қисайып қалады. Екінші, аспапта ішек болған. Ішекті 

көшпелі  түркілер  қойдың  аш  ішегінен  иіріп  жасайды.  Ішек  кепкен  сайын 

тартыла-тартыла үзіледі. Міне бұл да мойынның қыйсаюына әсер еткен.  

 

Мәтін. Саз аспабындағы жазуды алғаш рет Берлиндік Peter Zieme оқуға 

талпынған. Демек, әріптерді дұрыс тани алмаған. Ол 12 әріп кескіндерін 

таныған. Домбыра мойнында: 


 

 



Деген  16  таңба,  бір  қос  нүкте  бар.  Әрбір  кескіндерін  домбыраның 

мойнына ойып жазған. Peter Zieme жоғарыдағы графикалардың 1, 2, 6, 7, 8, 9, 

10, 12, 13, 14, 15, 16 таңбаларын дұрыс таныған (10. ss. 378-379). Ал қалған 3, 

4, 5, 11 таңбаларын көре алмаған. 12-ші таңбаны        графикасы деп танып «-

nt»  деп  оқыған.  Осының  салдарынан  саз  аспабындағы  мәтінді  дұрыс  оқи 

алмаған.  Былай  қарағанда  12-ші  таңба  ортасында  нүктесі  бар  ромб  іспеттес 

боп көрінеді. Демек, ол ортадағы нүкте ағаштың өз эрозиясы. Ромб тәріздес 

таңбаның  үстінгі  жағындағы  имек  сызықты  байқамаған  болуы  керек. 

Әріптердің үстін  басқан қара дақтар  саз  аспабының пернесі  етіп жапсырған 

қараған немесе ұшқат қабықтарының қалдығы. 



 

Мәтіннің түпнұсқасы: 

 

 

Транслитерациясы: 

ž² p r¹ küü čöre: sb²t²d²mz 



Транскрипциясы: 

župar küü čöre sebit idmis 



Аудармасы: 

Жұпар күй әуені бізді сүйісіндірді. 

 

Түсініктеме:  

1.

 



Аспаптың  мойнында  бір  жол  түрік  бітіг  (руна)  жазуы  бар  екен. 

Жазу түрік тілінің үйлесім заңдылығына бағынбаған. Тұжырып 

айтсақ,  түрік  бітігке  реформа  жасалудан  бұрынғы  жазу. 

Қараңыз, басқы 

  (ž


2

,  j)  таңбасы  жіңішке  айтылатын  сөзге,  ал 

үшінші таңба 

  (r



1

) жуан айтылатын сөзге жазылатын әріптер. 

Байырғы  түрік  бітігтің  грамматикасына  б.з.  552-570  жылдары 

реформа  жүргізілген.  Ал  мынау  одан  бұрынғы  дүние. 

Реформадан бұрын байырғы түрік бітігтерінің әріп-таңбаларын 

ағымдағы  түрде  қосып  жаза  беретін  болған.  Ол  дәуірде 

жазудың  грамматикалық  ережесі  жасалмаған.  Сондықтан  б.з. 

V-VI  ғасырларда  жасалған  болуы  мүмкін  деген  болжам 

ұсынамыз.   

2.

 



12 кескінге сараптама жасасақ: 

-

 



Орта Азияда =  , б.з.б. І ғғ. (14.128 б.); 

-

 



Хуанхэ (Сарыөзен) =   б.з. ІІІ – VШ ғғ. (14.128 б.); 

-

 



Кубань =   б.з. VІІ – ІХ ғғ. (13. с.128); 

-

 



Моңғол Алтайы =   б.з. VІ – Х ғғ. (14.130 б.); 

-

 



Оңтүстік Енисей, Дон = 

 б.з. І – Х ғғ. (13. с.70); 

-

 

Моңғол Алтайы =   б.з.б. VІІІ – ІІІ ғғ. (14.129 б.); 



-

 

Мондар Соккан (горный Алтай) =   б.з. І – VІ ғғ. (13. с.85); 



-

 

Большой Бом (горный Алтай) =   б.з. І – VІ ғғ. (13. с.85); 



-

 

Енисей (реформадан соң) = 





 

-



 

Орхон (реформадан соң) = 

Бұл кескіннің эволюциясы осылай өзгерген болуы мүмкін. Олай болса 



  таңба  логограммалық  «ev»  (курень)  деген  мағына  беретін  тым  көне 

кескіннің  бірі  болмақ.  Түрік  бітігке  б.з.  552-570  жылдары  реформа 

жүргізілгенде  «b

2

»  дыбысты 



  деп  белгілеп  байырғы  түрік 

графикасының  қорына  қосқан.  Оған  дейін  «b

2

»  дыбысының  орнына 



«b

1

»      таңбасы  қолданыста  болған.  Саз  аспабын  жасаушы  адам 



өздерінің  ұлттық  рухани  дәстүрін  жақсы  білетін  сауатты  адам  болған 

болуы мүмкін. «b

2

» дыбысын буындық әріп қолданып келген кездегі   



кескінімен  белгілеген  деген  логикалық  тұжырым  нәтижесінде  «b

2

» 



дыбысы деп таныдық. Бұл талпынысымыз саз аспабындағы сөйлемнің 

логикасына дөп келді.  

3.

 

Саз аспаптағы мәтінде жуан айтылымдағы сөзге жіңішке 



айтылымдағы       (j) таңбасын қолданған. Реформадан кейінгі (б.з. 552-

570  ж.ж.)  мәтіндерде  бұл  таңба  тек  ғана  жіңішке  оқылымды  сөздерде 

қолданылады.  Реформадан  бұрын  немесе  байырғы  түрік  бітіг  (рун) 

жазуының  граматикасы  жасалмай  тұрған  дәуірде  жуан,  жіңішке 

дыбысталатын  сөздерде  қолданатын  әріп  кескіндерін  ағымдағы  түрде 

қосып  жазып  кете  беретін.  Жіңішке,  жуан  деп  айырмайтын.  Сол 

ерекшелік  саз  аспабының  мәтінінде  сақталған.  Сондықтан  да  біз 

жоғарыдағы 

логограммалық 

таңбамен, 

мына 

граматикалық 



ерекшелігіне сүйене отырып бұл аспапты б.з. V- VІ ғасыр мұрасы деген 

тұжырымға келіп отырмыз. 

4.

 

«küü» лексемасы. Мұндағы 



B

 таңба ök, kö, kü, ük деп оқылынады. 

Бұған  қоса    (ü)  таңбасы  қоса  жазылған.  Өйтсе,  «küü»  деп  оқылады. 

Бұл сөз ежелгі түрік тілінде «kügü» болған. Ортадағы «g» фонемі түсіп 

қалып  V  ғасыр  дәуірінде  «küü»деп  айтылған  сияқты.  Бүгінгі  қазақ 

тілінің «küj» сөзінің де айтылымы осыған ұқсас. Түрік тілінің осы сөзін 

қытайлар  ертрорта  ғасырда  «сһ’ü»  деп  белгілепті  [1].  Ұйғыр 

графикалық  мәтінде  «tükedi  Afrin  čor  Tegin  kügi»  «Африн-чор  Тегін 

күйі  түгесілді  (аяқталды)»  [Uig.VIII].  Мани  гимндерінде  (VІІІ-ІХ  ғғ), 

Қараханид  дәуірінде  (ХІ-ХІІ  ғғ),  шағатай  жазбаларында  (ХІV-ХV  ғғ), 

1172-1173  жылдары  құрастырылған  шағатай-перс  тілінің  сөздігі 

(авторы  Мұхаммад  Махди  Хаан)  [2]  еңбектерде  «köög,  küüg,  kügi» 

формада  «ән,  әуен,  күй»  деген  мағынада  берілген  [3.709,  711].  Өйтсе, 

бұл деректер «küü» сөзін «күй» деп оқып аударуымыздың жөн екеніне 

дәлел бола алады. 

5.

 



 «čöre». Бұл сөзді түркі тілдерінің сөздігінен кездестіре алмадым.  

Қазақ  халқы  ешкі  малы  лағынан  жерігенде  «шөре-шөре-шөре»  деп 

озандатып, әндетіп, әуендетіп отырып лағын алдыратын-ды. Өйтсе, бұл 

сөз  көне  түрік  тілінің  «әуен»  деген  сөзі  екені  мағынасынан, 

қолданысынан өзін-өзі ақтап тұр. 

Бұл ақпарат бізге – бүгінгі ХХІ ғасырда өмір сүріп отырған бүкіл түркі 

әулетіне  домбыраның  күй  жанры  б.з.  V-  VІ  ғасырда  әлдеқашан  қалыптасып 


 

қойғанына  дәлел  бола  алады.  Олай  болса  күй  жанры  біздің  жыл 



санауымыздан  бұрынғы  Сақ,  Сюн-ну  (Гун)  дәуірінде  домбыра  түркі 

этносының  рухани  байлығының  бірі  болған  деген  тұжырым  жасауымызға 

болады.  

 

Аңыз және 1500 жыл бұрынғы домбыра. Домбыра аспабының қалай 

пайда  болуына  байланысты  қазақ  халқының  ортасында  сақталған  аңыз  аса 

мол.  Солардың  біразын  Б.Сарбаев  [4],  Қ.Жұбанов  [5],  Ө.Жәнібеков  [6], 

А.Сейдімбек  [7]  еңбектерде  жақсы  көрсеткен.  Домбыра  және  домбыра  күйі 

туралы сөз қозғағанда осы зерттеушілердің еңбектеріне сүйенеміз.  

Ақселеу  Сейдімбек  «Күй  шежіре»  еңбегінде  осы  аңыздардың  екеуіне 

ерекше назар аударған. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім 

ауданының  тумасы  Арғынбек  Қилыбаев  ақсақалдың  айтуымен  хатқа  түскен 

«Қос ішек» күйінің аңызы. 

«Ертеде  бір  аңшы  жігіт  болыпты,-  деп  айтылады  «Қос  ішек»  күйінің 

аңызы.  –  Сол  аңшы  жігіт  биік  таудың  қиясын,  қалың  қарағайдың  арасын 

тұрақ  еткен  бұғы-маралды  аулап,  кәсіп  етсе  керек.  Бірде  жолы  болып,  биік 

таудың  қиын  қиясынан  теңбіл  марал  атып  алады  да,  маралды  етекке  түсіру 

үшін ішек-қарынын ақтармалап алып тастайды. 

Содан, арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой 

деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс 

естіледі  дейді.  Барлап  қараса,  өткенде  атқан  маралдың  ішегін  қарға-құзғын 

іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын 

көреді.  Ызыңдаған  дыбыстың  сол  ішектен  шығып  тұрғанын  аңғарады. 

Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, 

жанға  жайлы  дыбыс  шығарады.  Оның  өзі  бірде  уілдеп,  бірде  сарнап,  енді 

бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. 

Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, 

бір амал жасайын» - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған 

қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей 

сұңқылдап  қоя  береді.  Бұл  үн  аңшы  жігіттің  ғана  жанын  жадыратып 

қоймайды,  тыңдаған  жанның  бәрін  ұйытады.  Осылайша  домбыра  көптің 

сүйіп тыңдайтын аспабына айналады» [7.192]. 

Қазақ  аңызы  осылай  десе,  осыдан  XV  ғасыр  бұрын  жасалған  Алтай 

жотасының  бір  үңгірінде  сақталып  бізге  жеткен  кәрі  домбыра  шанағының 

сыртқы  бетіне  бұғының,  бұланның  суреттері  ойып  салынған.  Ол  аз  десеңіз 

домбыраның  басы  бұғының,  бұланның  басы.  Сонда  деймін-ау,  бұл 

кездейсоқтық па, әлде тарихи шындық па? Аңыз не айтса, мына кәрі домбыра 

бітім  тұрпатымен  соны  дәлелдейді.  Бірін-бірі  толықтырып,  бірін-бірі 

дәлелдеп аңызда айтылған әңгіменің ақиқатын айғақтап тұрғандай. 

Осы  аңыздың  жалғасы  сияқты  аңыз-әңгімені  этнограф  Ө.Жәнібеков 

ағамыз  өз  еңбегінде  келтірген.  Бұл  аңыз  бойынша,  домбыраның  шанағына 

тарихтың тоғыз тарау шежіресі құйылыпты-мыс. Тарихтың сол шежіре-сыры 

шығып  кетпесін  деп,  домбыраның  өн  бойына  тоғыз  тосқауыл  перне 

тағылыпты.  Домбыраның  мойының  жіңішкеріп,  шанағының  үлкейіп  кетуі 



 

содан еді дейді. Күндердің күнінде көне өсиетке ынтық бір дана қарт тарих 



сырын  танып-білу  үшін  домбыраның  құлағын  тесіп  –  тыңдайтын,  ішегін 

тағып – сөйлейтін етеді. Содан былай домбыра шанағынан тоғыз тарау сыр 

ақтарылатын болыпты дейді [6]. 

Ал мына кәрі домбырада тоғыз перне. Үшеу, бесеу, жетеу, жиырма бір 

емес тоғыз перне. Аңыз бен кәрі домбыра екеуі тағы да бірін-бірі толықтап, 

бірін-бірі дәлелдеп тұр. 

Үшіншісі  «Ақсақ  құлан»  аңызы.  Қаһарлы  қаған  ұлының  өлімін  кімде 

кім  естіртетін  болса  көмекейіне  қайнап  тұрған  қорғасын  құюды  бұйырады. 

Сол  кезде  ешкімнің  жүрегі  дауаламай  тұрғанда  домбырашы  келіп  «Ақсақ 

құлан» күйімен естіртеді. Екі көзінен жас аға тыңдаған қаһарлы қаған: «Құй 

мынаның  көмейіне!»  деген  бұйрық  береді.  Домбырашы  орнынан  ұшып 

тұрып: «-Дат тақсыр! Мен емес, мына домбыра ғой Сізге естірткен»,- дейді. 

«Олай болса, домбыраның шанағына құй, қорғасынды!»,- дейді қаған. Содан 

бері  қазақ  домбырасының  шанағына  тесік  пайда  болыпты-мыс.  Бұл  Жошы 

қаған дәуірі. Біздің жыл санауымыздың ХІІІ ғасырдың басы. Дәлірек айтсақ, 

1220-1227  жылдар  шамасы.  Ал  мына  кәрі  домбыра  V  ғасырдың  мұрасы.  V 

ғасыр  домбырасының  шанағында  тесік  жоқ.  Аңыз  бүй  дейді.  Олай  болса, 

«Ақсақ құлан» күй аңызы тарихи шындықтың айшықты да, анық ақпаратын 

бізге жеткізіп тұр. 

Біз  жоғарыда  ертеорта  ғасыр  мен  орта  ғасырда  «күй»  сөзі  туралы 

ақпараттар мен түсініктеме бердік. Ал біздің қазақ тілінде «күй» лексемасына 

байланысты талдау берсек [7.149].  



Күй – қазақтың аспапты музыкасы. 

Күй – адамның белгілі бір сезім сәті, ол сезімнің қуанышты болуы да 

немесе мұңды, қайғылы болуы. Адамның көңіл-күйі. 



Күй  –  бұйрық  райлы  мәндегі  сөз.  Мәселен,  «отқа  күй»,  «біреу  үшін 

біреу  күймек  жоқ»,  «әбден  шыдамым  таусылып  күйіп  кеттім»,  «нақақ 

күйдіру» деп келетін бейнелі образды тіркестер. 

Күйші – музыкалық аспапта күй тартушы. 

Күйле – бұйрық рай. «Домбыраның құлақ күйін келтір», тт.с.с. 

Күйлеу  –  етістік.  1).  Жан-жануардың  табиғи  әсерленуі,  шағылысуы, 

сезімге берілуі. 2). Музыкалық аспапты бабына келтіру. 



Күйлі – адамның және малдың жай-күйінің мықты болуы. 

Күйіт – адамның және көңіл қошының келуі, сезімге бөленуі. 

Күйгелек – қызу қанды, тағатсыз адам. 

Күйзелу – адамның сезімге беріліп қиналуы, қайғыруы, қажуы. 

Осынау  «күй»  түбірлі  лексеманың  түпкі  мән-мағынасы  сезіммен 

тікелей  байланысты.  Көшпелі  халықтардың  соның  ішінде  түркі-монғол 

тектестердің дүниетанымы бойынша ең киелі, ең қасиетті ұғым. Өзгенің де, 

өзінің  де  ерік  жігерінсіз  белгісіз  бір  күштің  құдіретімен  берілетін іс-қимыл. 

Сондықтан  да,  түркі-монғол  халықтарында  «күй»  сөзі  мен «көк»  лексемасы 

«Тәңірдің»  синонимі  ретінде  беріледі.  Тұжырып  айтсақ,  Тәңірлік  наным-

сеніммен  ұштасады.  Өйтсе,  «kögü,  kü:ü,  kök»  ту  баста  Тәңірлік  құбылысты, 

Тәңірдің  әсерін  білдірген.  Ежелгі  дәуірден  бермен  қарай  «kögü,  kü:ü,  kök» 


 

түрде  қолданыста  болған  осы  лексемалардың  Тәңірлік  наным-сеніммен 



байланыста болғанын дәлелдейтін тарихи-рухани айғақтар мол. 

Түркі  халықтарының  қағандық  заманында  қағанның  алтын  үзікті  ақ 

ордасында  әрбір  атар  таңды  күймен  қарсы  алу  дәстүрі  болған.  Дәлірек 

айтқанда  мұның  өзі  дәстүрден  гөрі  тәңірлік  наным-сенімнің  бір  рәсімі 

ретінде  атқарылған.  Қаған  ордасында  тартылатын  күйдің  саны  бір  жыл 

ішіндегі  күндердің  санына  сәйкес  366  болған.  Мұны  «Тәңірдің  366  тармақ 

күйі»  деп  атаған.  Жыл  басы  көктемдегі  күн  мен  түннің  теңесер  күнінен 

(наурыздың 22-23-і) басталып, бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп, ұлан-асыр 

тойға  айналдырған.  Ұлыстың  ұлы  күнінде  бүкіл  қағанаттың  үміт-тілегін 

Тәңірге жеткізетін 9 күй тартылған. Байырғы грек тарихшысы Квинт Курций 

Руф (б.з.д. І ғ.) өзінің «Ескендір жорығы» деп аталатын еңбегінде Орта Азия 

көшпелілердің  Ұлыс  (наурыз)  мейрамын  қалай  тойлайтынын  жазады.  Ұлыс 

күні  таң  шапақ  шашар  сәтте  қаған  ордасының  үстіне  күн  бейнелі  жалау 

көтеріліп,  қотанға  өңшең  қызыл  мауытыдан  киім  киген  365  бозбаланың 

шығатынын,  сонсоң  бір  жыл  бойындағы  тәулік  санын  білдіретін  365 

бозбаланың  мерекені  бастайтынын  тамсана  суреттейді  [8].  Осынау  тәңірлік 

наным-сенім  туралы  музыка  зерттеуші  Әбдіқадыр  Мұрағи  да  өзінің 

«Зүбдәтел  әдуыр»  деген  кітабында  былай  депті:  «Түркі-монғол  ән-күйі 

мынадай  үш  бөлімге  бөлінеді:  музыка  құралында  ойналатын  бір  түрі  бар. 

Оларды «көктер» деп атайды (көкһа), енді дауыспен айтатын түрлерін «ыр» 

және «дола» деп атайды. Ал, байырғы түрік елінде күйдің саны 366 болады, 

бір  жылдың  ішінде  қанша  күн  болса,  соның  сонша  күйі  болады.  Оның  әр 

біреуі  бір  күнде  ханның  алдында  тартылып  отырады.  Бұлардың  ішінде  ең 

асыл және ең ірісі 9 күй» [7.150-151; 5.309].  

Бұл туралы қазақ күйін зерттеген белгілі этнограф-ғалым А.Сейдімбек 

былайша түсінік береді. Онда: «Ең бастысы тәңірлік наным-сенімнен шыққан 

семантикалық  негізі  ортақ.  Көкті  (аспанды,  әуені)  Тәңір  тұтқан  қазақ 

ежелден-ақ  уақыт  пен  кеңістік  аясындағы  өзгерістерді  тәңірлік  құбылыс 

ретінде  қабылдаған.  Сондықтан  да,  күні  бүгінге  дейін  қазақтар  көктемдегі 

күн  мен  түннің  теңесер  кезін  жыл  басы  санап,  «Ұлыстың  ұлы  күні»  дейді. 

Яғни,  мемлекеттің,  ұлттың  ең  ұлы  күні  деген  сөз.  Мұндай  күнде  қаған 

ордасында  киелі  9  күйдің  тартылуы  Тәңірге  деген  мінәжаттың  белгісі,  жыл 

басын  аман-есен  көрген  қуаныштың  айғағы.  Мұның  әдемі  мысалын  қазақ 

халқының  күйшілік  дәстүрінен  әлі  де  байқауға  болады.  «Тоғызтарау»  деп 

аталатын  тармақты  күй  қазақ  арасында  қазір  де  тартылады.  Тәттімбет 

Қазанғапұлының  бір  күйі  «Тоғызтарау»  деп  аталады.  Белгілі  «Кертолғау» 

күйі  ертеректе  «Тоғызтарау  –  Кертолғау»  деп  аталған  тармақты  күй  екенін 

көнекөз қарттар айтады» [7.152]. 

Бұл  тарихи деректер  көне дәуірдің  өзінде домбыра  аспабы,  күй өнері, 

оны  танып  білу,  сезіну,  құрмет  тұтып  бойға  сіңіру  менталитеті  бүгінгі 

деңгейден кем болмағанын көрсетеді. Бұл аз десеңіз б.з.  VІІ-VІІІ ғасырында 

жазылып бүгінге жеткен мына дерекпен танысыңыз. Орталық Монғолияның 

Баянхонгор  (Байқоңыр)  аймағы  (облыс)  Ғалуут  (Қаздар)  сұмынының  Олон-

нуур (Көп көлдер) ойпатында орналасқан байырғы түрік ғибадатханасы 2008 



 

10 


жылы  табылған.  Ғибадатхана  орнындағы  шарбақтасқа  мынандай  сөйлем 

қашалып  жазылған:  «Ізгілік-чор  сегіз  түрлі  саз  аспабын  меңгергендігі  үшін 

қатты тастан ғибадатхана орнаттық» [9.603-606]. 

Б.з.  VІІ-VІІІ  ғасырдың  өзінде  біздің  бабаларымыз  көк  түріктерде  8 

түрлі  саз  аспабы  болғанын,  сол  аспапты  меңгеріп  күй  тартып,  ән  айтқан 

сазгерге  арнап  мәңгілік  ғибадатхана  орнатқаны  туралы  тарихи-рухани 

мәдениетімізден  баға  жетпес  ақпарат  беріп  тұр.  Саз  өнерін,  сазгерлік 

құдіретін  кезінде  бабаларымыз  қаншалық  дәрежеде  ұлықтап,  ұлағат 

тұтқанын осыдан-ақ білуге болады. 

Сол  саз  аспабының  бірі  құдіретті  қара  домбыра  б.з.  V  ғасырында 

жасалған тірі бейнесімен міне біздің қолымызға түсіп отыр. Бүгінгі жағдайда 

әлемдегі  шертпе  саз  аспабының  ең  көнесі.  Әлемнің  көптеген  еліне  тараған 

ысып ойналатын саз аспабы қобыздың өзін б.з. Х ғасырдан бері қолданыста 

болған деген тұжырым айтылады. Сондықтан да қобызды ыспа аспаптардың 

атасы деп атайды. Өйтсе, шертпе аспаптардың ең көнесі және атасы Домбыра 

екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеп беруіміз керек. 

Еуразияның  қос  құрлығында  домбыра  аспабы  мол  тарағанын 

көрсететін  тілдік  дерек  қолымызда  бар.  Түркі  тектес  қазақта  –  домбыра, 

қарақалпақ,  ноғайда  –  домбыра,  тувада  –  дамбыра,  қырғызда  –  дүңгір, 

түркіменде – тамдыра, өзбекте – тамбур, орыста – домра, ауғанда – дамбура, 

иракта – тунбур, монғол тектес халқаларда – домбыр, буряттарда – домбыр, 

қалмақтарда  –  дүңгірмә.  Бұл  атаулардың  осылай  қалыптасуы  домбыра 

аспабы 

еуразия 


халықтарының 

ортасына 

қаншалықты 

дәрежеде 

таралғандығын көрсетеді. 

Жоғарыда  сөз  еткен  тарихи  деректер  мен  халықтар  арасындағы 

таралымы  шертпе  аспаптардың  атасы  домбыра  екенін  көрсетеді.  Онымен 

қатар,  түркі  халықтарының  соның  ішіндегі  қазақ  халқының  ұлттық  ділінің 

(менталитетінің)  музыкалық  мәдениетінің  биік  өрісін  көрсетеді.  Домбыра 

үніндегі  дәстүрлі  саз  тілінің  байлығы,  оның  болмысын  бітімін  білдіреді. 

Өйтсе,  күй  тілі  қазақ  болмысының,  қазақ  менталитетінің  ұлттық  тілі  деп 

тұжырым жасауымызға мүмкіндік береді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

11 


 

Әдебиеттер 

 

1.

 



Giles H.A. Chinese-English Dictionary. London. 1912. 

2.

 



Gibb E.J.W. Memorial, New Series XX.London. 1960. 

3.

 



Clauson  G.  An  Etymological  Dictionary  of  Pre-Thirteenth-Centrury  Turkish. 

Oxford. 1972. ss. 709, 711. 

4.

 

Сарбаев Б. Қазақтың музыкалық аспаптары. Алматы, 1978. 



5.

 

Жұбанов Қ. Исследования по казахскому языку. Алма-Аты, 1966. 



6.

 

Жәнібеков Ө. Алтын домбыра // Қазақ әдебиеті. 1984, 6-қаңтар. 



7.

 

Сейдімбек А. Күй шежіре. Алматы, 1997. 



8.

 

Руф К.К. История А.Македонского. М., 1993. 



9.

 

Қаржаубайұлы Ж. Байырғы түрік Ғалуты мәтіні // «Еуразияшылдық идеясы 



контексіндегі 

Қазақстан 

түркітануы: 

мәселелері 

мен 

болашағы» 



халықаралық  ғылыми-теориялық  конференциясының  ғылыми-теориялық 

мақалалар жинағы. 12-13 желтоқсан 2008 жыл. 603-606 беттер. 

10.

 

Tsagaan Torbat, Dunburee Batsukh, Jan Bemmann, Thomas O. Hollmann, 



Peter Zieme. A ROCK TOMB OF THE ANCIENT TURKIC PERIOD IN THE 

ZHARGALANT KHAIRKHAN MOUNTAINS, KHOVD AIMAG, WITH THE 

OLDEST PRESERVED HORSE-HEAD FIDDLE IN MONGOLIA – A 

PRELIMINARY REPORT // Current Archaeological Research in Mongolia. 

Bonn.2009. ss. 365-383.

 

11.



 

Төрбат Ц., Батсүх Д., Батбаяр Т., Баярхүү Н., Идэрхангай Т. «Монгол 

Алтайгаас илэрсэн хадны орчуулгууд»//АС.2008.т.24.f.14.274-292 худ. 

12.


 

Сартқожаұлы Қ. Ертеортағасырдан жеткен атадомбыра.// «Жалпы тіл білімі 

және түркі тілдерінің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-теориялық 

конференция материалдары. Астана «Астана полиграфия» АО баспаханасы. 

2010. 34-41 бб.

 

13.



 

Кызыласов И.Л. Рунические письменности евразийских степей. М.1994. 

14.

 

Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік жазуының генезисі. Астана 2007. 



 

 

 



 

 

 



 

 

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> №1 (74) 2010 Р. т саДыҚова мҰхтаР Әуезов ЖӘне халел ҒаббасовтыҢ Рухани-ӘРІптестІк баЙланысы
123456789 -> Мұхтар Әуезовтың "Хан Кене" трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері
123456789 -> Абайдың инновациялық Ұлы жаңалығы а.Қ. Омаров
123456789 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы н б. аҒалиева ШӘкӘРІм өлеҢДеРІнДегІ лиРикалыҚ кеЙІпкеР
123456789 -> Ш. айдарбекова ж. Аймауытұлы әҢгімелеріндегі кейіпкерлер жүйесі мен сюжеттік арналар

жүктеу 131.28 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет