Долган тілі Тексерген: Тулегенова Шынар - Долган тілін бұрын саха тілінің құрамындағы диалект деп есептеген. Қазір Ресейдің Красногорск өлкесінде (6571 адам) және Сахада (408 адам) өмір сүреді.
- Долган тілінде 8 қысқа, 8 созылыңқы дауысты дыбыс бар: а, ы, о, у, аа, ыы, оо, уу, ее, іі, өө және үү. Бұларға қосымша 4 дифтонг ыа, уо, үө, іе бар. Ал дауыссыздары – 20. Созылыңқы дауысты дыбыстар бірінші және екінші созылыңқы болып бөлінеді. Материалдардың көрсетуінше, дауыстылар буын талғамайды және әлсіз болса да сингармонизм сақталған.
- Морфологиялық жағынан олардың сегіз септік жалғауы бар. Атау септігі (қосымшасы жоқ). Ілік септігі –тың, -тің, -дың, -дің, -ның, -нің; табыс септігі –ы, -ны; барыс септігі –га, -ге, -ка; шығыс септігі –тан, -тен; құралдық септігі –ынан, -нан; бөліктік септігі –та, -да, -ла, -на; салыстыру септігі –тағар, -дагар, -лагар, т.б. Сондай-ақ тәуелдік және жіктік жалғауы бар.
- Етістіктің бес етісі бар: 1. Негізгі етіс. Оның қосымшасы жоқ; 2. Ортақ етіс. Оның қосымшасы –ыс, -с; 3. Өздік етіс. Оның қосымшасы –н, -ын; 4. Өзгелік етіс. Қосымшасы: -т, -тар, -ар, -ыар; 5. Ырықсыз етіс. Қосымшасы –лін.
- Долган тілінде жіктік жалғауының екі түрлі парадигмасы бар. Бірінші түрі мынадай үлгіде болады: I – im, ibim; II – ың, -ігіm; III – а, -лара, -тара. Екінші үлгі мынадай: I – пін, -бін, II – кін, -gін, III – қосымшасыз, т.б.
Поделитесь с Вашими друзьями: |