Докторы PhD дәрежесін алу



жүктеу 78.3 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.05.2017
өлшемі78.3 Kb.

6D011700  -   Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша  «философия 

докторы» 

PhD 

дәрежесін 

алу 

үшін 

жазылған 

Махаш 

Гаухар 

Абдуғаппарқызының  «XX  ғасырдың  II  жартысындағы  қазақ  әдеби  сыны 

және  оны  оқыту  әдістемесі  (1960-1990 жылдар)»  атты  диссертациясының 

қолжазбасына  рецензенттің

ПІКІРІ

1. 

Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі  және  оның  жалпы  ғылыми  және 

жалпы  мемлекеттік  бағдарламалармен  (практикалық  және  ғылыми 

сұраныстарына)  байланысы

Тәуелсіздік жылдары  қазақ  әдебиеті  тарихы  мен  сынын  зерттеу  бағытында 

тың  ой-пікірлер  жазыла  бастады  жэне  қазақ  әдебиеті  дамудың  жаңа  сатысына 

қадам  басты.  Расында,  қазақ  әдебиетінің  тың  табыстарға  жетуімен  қатар  қазақ 

әдеби  сыны  да  жан-жақты  дамып,  жанрлық  түр,  бағыт-бағдар,  мақсаты 

жағынан да біраз өзгерістерімен ерекшеленді. XX ғасырдың екінші жартысында 

қазақ  әдеби  сыны  жеке  ғылым  ретінде  биік  деңгейге  көтеріліп,  үлттық 

әдебиеттің  даму  кезеңдері  мен  көркем  әдебиет  жанрлары  жөнінде  көптеген 

іргелі  ғылыми  зерттеулер  жүргізілді.  Үлттық  эдеби  сынның  тууы  мен  даму 

ерекшеліктері,  қазақ әдебиеті  сынының тарихын жүйелеу,  жанрлық сипаттарын 

айқындау  бағытында ондаған  зерттеу еңбектері  жарияланғаны белгілі.  Екінші 

дүниежүзілік  соғыстан  кейін  қайта  қарқын  алған  әдеби  сын  майданында 

М.Әуезов,  Ғ.Мүсірепов,  С.Мүқанов,  Б.Кенжебаев,  Ә.Тэжібаев,  М.Қаратаев, 

С.Сейітов,  З.Ахметов,  З.Қабдолов,  С.Қирабаев,  Т.Кэкішев,  Ш.Елеукенов  т.б. 

ғалымдар  мен  жазушылар 

қалам  тербесе, 

бүл 

бағытты 


Р.Нүрғалиев, 

С.Әшімбаев, 

З.Серікқалиев, 

Т.Тоқбергенов, 

Д.Ысқақов, 

Ж.Дэдебаев, 

Б.Майтанов, 

Б.Ыбырайымүлы, 

Т.Шапай, 

т.б.сыншы-ғалымдар 

сәтті 

жалғастырып,  елеулі  еңбектер,  сүбелі  сын  мақаларын  жазды.  Демек,  осы 



түрғыдан  алғанда  Махаш  Гаухар  Абдуғаппарқызының  «XX  ғасырдың  II 

жартысындағы  қазақ  әдеби  сыны  жэне  оны  оқыту  әдістемесі  (1960-1990 

жылдар)» 

атты 


диссертациясы  қазақ  әдеби 

сынының 


өткен  ғасырдағы 

жеткен  биігі  мен  бүгінгі  деңгейін,  кемшіліктері  мен олқы  түстарын  саралап 

көрсету  орайында  айтарлықтай  маңызды  эрі  өзекті  болып  табылады.  Сонымен 

бірге  эдеби  сын  бағытындағы  ғылыми  еңбектер  қазақ  әдебиетінің  қалыптасу 

жолдары  мен  идеялық,  көркемдік-эстетикалық  мазмүнын  саралап,  алдағы 

күндердің  бағыт-бағдары  мен  маңызды  мақсаттарын  айқындауда  айтарлықтай 

мэнге ие.

Бүгінгі  таңда  XX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  кезең  қазақ  әдебиетін 

тарихи-салыстырмалы,  теориялық  жэне  әдеби  сын  түрғысынан  зерттеген 

ғалымдардың  ғылыми  еңбектері  арнайы  қарастыру  -   уақыт  талабы.  Әділін 

айтқанда,  оларды  заманауи  ғылым  биігінен  танып,  білу  аркылы  белгілі  бір 

кезеңдегі 

қазақ  сөз  өнерінің 

жетістіктері  мен  кемшіліктерін  дөп  басып 

саралауға  мүмкіндік  туады.


Қазіргі кезде  білім беру жүйесінде қай  салада болмасын маманның кәсіби 

білімі  мен  іскерлігіне  ерекше  көңіл  бөлінуде.  Бүл  талап  болашақ  маманның 

жоғары  оқу  орнында  игерген  білімдерінің,  құзыреттіліктерінің  сапалы  болуын 

көздейді.

Бұл  орайда  да  Махаш  Гаухар  Абдуғаппарқызының  қорғауға  ұсынып 

отырған  диссертациялық  жұмысының  өзектілігі  интеллектуалдық  элеуеті 

жоғары  педагогтерді  даярлау  бағытында  айқын  көрінеді.  Зерттеу  нысанына 

алынған  ғылыми  тақырып,  ең  алдымен  әдебиеттану,  әдеби  сын  салаларымен 

тығыз  сабақтасып  жатса,  екінші  жағынан,  оны  оқытудың 

философия, 

психология,  педагогикалық  жэне  әдіснамалық  негіздері  айқындалған  жаңаша 

әдістемесі  ұсынылған.  Бүл  зерттеу  мэселелерін  өзге  ғылымдармен  өзара 

пэнаралық  байланыста  жазылғанын  дәлелдейді.Бұл  зерттеу  тақырыбының 

өзектілігі 

жэне 

оның 


жалпы 

ғылыми 


жэне 

жалпы 


мемлекеттік 

бағдарламалармен  (практикалық  жэне  ғылыми  сұраныстарына)  байланысына 

дэлел болады.

2. 

Диссертацияға  қойылатын  (Ғылыми  дәрежелер  беру  ережелерінің 

9-10  тармағына  және  Ғылыми  қызметкерлердің  тиісті  мамандықтарының 

төлқұжаттарында) талап деңгейіндегі ғылыми  нәтижелер.

Зерттеу  жұмысында  тақырыптың  өзектілігі  айқын  дэлелденген  жэне 

диссертацияда  котерілген  мэселелерді  нақты  шешу  барысында  қойылған 

мақсат-міндеттері,  оларды  жүзеге  асыру  нәтижесінде  алынған  ғылыми 

жаңалықтар, қорғауға үсынылып отырған тұжырымдар толық көрсетілген.

Диссертациялық  жұмыста  ізденуші  XX  ғасырдың  екінші  жартысындағы 

қазақ  әдеби  сынына  қатысты  көптеген 

зерттеу  еңбектері  мен  эдеби-сын 

мақалаларын  кеңінен  қамти  отырып,  олардың 

үлттық  педагогика  мен 

психологиямен  байланысты  қырларына  мұқият  назар  аударғаны  көрінеді. 

Сондай-ақ,  қазақ  әдеби  сынының  негізгі  жанрларына  тоқталып,  ЖОО 

білімгерлеріне  «Қазақ  эдеби  сыны  тарихы»  пэні  бойынша  курсты  оқытудың 

ғылыми-әдістемелік  негіздерін  жасау  бағытында  тәжірибелер  жүргізу  арқылы 

нақты  нәтижелерге  қол  жеткізуді  жэне  оқыту  үдерісінде  жаңаша  білім  игеру 

қүзыреттілігін қалыптастыруды  мақсат еткен.

Диссертация  кіріспеден,  үш  тараудан,  қорытынды  және  пайдаланылған 

ғылыми әдебиеттер тізімінен түрады.

Ізденуші  осы  ғылыми-  зерттеу  жүмысының  негізінде  бірқатар  ғылыми 

түжырымдар жасауға қол жеткізген.

Диссертацияның  бірінші  тарауы  «XX  ғасырдың  екінші  жартысындағы 

қазақ  әдеби  сыны»  деп  аталып,  мүнда зерттеліп  отырған  кезеңдегі  әдебиеттану, 

эдеби  сынның  даму  тенденциялары  карастырылған.  Екінші  «XX  ғасырдың 

екінші  жартысындағы  қазақ  әдеби  сынын  оқытудың  ғылыми-әдіснамалық 

негіздері»  деп 

аталатын  тарауда  диссертант  эдеби  сынды 

оқытудың 

педагогикалық  жолдары  мен  әдеби  шығармаларды  оқытудың  психологиялық, 

философиялық  негіздерін  зерделеген.Бүгінгі  заманауи  талаптар  мен  жоғары 

білімді  маман  даярлаудың  жаңа  бағыттарын  үштастыра  зерттеген.Үшінші 

тарауда негізінен  XX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  әдеби  сынды  оқытудың 

инновациялық  әдіс-тәсілдерін  қарастырған.Өзі  үсынған 

эдістемелік  жүйені


эксперимент арқылы тексеріп,  нәтижелерін талдаған.  Зерттеу қорытындыларын 

жүйелеп, дэлелдеген.

Зерттеуде  алға  қойылған  мақсат-міндеттерді  орындау  барысында  бірқатар 

ғылыми нәтижелерге қол жеткізілген:

Бірінші  ғылыми нәтижесі  XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби 

сынына  байланысты  қазақ  ғалымдарының  еңбектері  алғаш  рет 

тәуелсіздік 

кезеңіндегі ғылыми ой-пікірлермен сабақтастырыла, салыстырыла зерттелген.

Екінші  ғылыми нәтиже  ретінде  XX ғасырдың екінші жартысындағы  қазақ 

әдеби  сыны  дамуының  үлттық  педагогика  мен  философия  жэне  психология 

негіздерімен үйлестіріле талдануын айтуға болады.

Үшінші  ғылыми  нәтижеге  қазақ  әдебиеттануы  мен  сынының  Кеңес 

қоғамының 

идеялық 


жэне  эдеби-эстетикалық  санасының  дамуына  қосқан 

үлесі  тарихи-салыстырмалы 

ғылыми  пайымдаулар 

жасау  арқылы 

қол 

жеткізілген.



Төртінші ғылыми  нәтиже -  Алаш зиялыларының ақталуы  жэне тәуелсіздік 

қарсаңындағы 

эдеби 

сын 


жанрларының  жетістіктері,  көркем  әдебиеттің 

ұрпақ  тәрбиесіне  тигізетін игі эсері туралы ғылыми пайымдаулар  жасалған.

Бесінші  ғылыми  нәтижеде  эдеби  сынды  оқытудың  заманауи  әдістемелері 

анықталып, 

оны 

оқыту  үдерісінде 



қолданудың 

эдістемесі  үсынылған. 

Нэтижесінде,  диссертант  болашақ  әдебиеттанушылардың  эдеби  сын  курсы 

бойынша қүзыреттілігін  жетілдіру  әдістемесінің тиімділігін ЖОО-да жүргізген 

нақты  тәжірибе  арқылы  дәлелдей  алған.  Бүл  ретте  ізденуші  білімгерлердің 

эдеби  сын  қүзыреттілігін  қалыптастырудың  үстанымдарын  эксперименттік 

эдістер  нэтижесімен  нақтылаған.  Ғылыми  зерттеу  еңбегінің  тағы  бір  жетістігі 

-студенттер  игеруі  тиіс  әдебиеттанымдық  қүзыреттіліктерді  дамыту  жолдарын 

айқындап,  «Эдеби  сын  тарихы»  курсының  жүмыс  оқу  жоспары  мен  пэн 

силлабустарына  толықтырулар  енгізген.  Зерттеудің  мақсат-міндеттері  айқын, 

өзектілігі  мен  идеясы  нақты,  теориялық  дәйеккөздері  орынды  сараланған. 

Диссертациялық  жүмыстың  әдіснамалық  негіздері  дүрыс  таңдалған  жэне  соған 

орай қолданылған зерттеу тәсілдері нақты ғылыми нәтижелер алуға жол ашқан.

3. 

Ізденушінің  диссертацияда  тркырымдаған  эрбір  нәтижесінің, 

т^жырымдары  мен  қорытындыларының  негізделу  және  шынайылық 

дәрежесі.

Диссертациялық 

жүмыста 

түжырымдалган 

нэтижелер 

мен 


қорытындылардың 

шынайылық 

дәрежесін 

диссертацияның 

мазмүнынан 

аңғаруға  болады.  Жүмыста  ғылыми  түжырымдар  мен  нәтижелерді  дэйектеуде 

соңғы  жылдарда  жарық  көрген  шетелдік  жэне  отандық  ғалымдардың  ғылыми 

пікірлері  негізге  алынып,  ізденушінің  жеке  түжырымдары  мен  тиісті 

қорытындылар жасалған.

Қорғауға  үсынылып  отырған  зерттеу  жүмысы  XX  ғасырдың  екінші 

жартысындағы  қазақ  эдеби  сыны  тарихын  терең  зерделеген,  оны  оқыту 

әдістемесін  жетілдіруге  жол  ашқан  тәжірибе  жүзінде  іске  асыруға  мүмкіндік 

беретін  толымды еңбек ретінде бағалаймын.

Тәуелсіздік  қарсаңындағы  қазак  әдеби  сынының  жеткен  жетістіктері  мен 

жіберген  олқылықтарын  дүрыс  сараптап,  керекті  түста  одан  сабақ  алу  жөнінен


де  осындай  зерттеу  жүмыстарының  маңызы  үлкен.  Бүл  орайда  да  осы  ғылыми 

жүмыстың  жоғары  дейгейде  орындалғаны  байқалады.  Ізденушінің  жазу  стилі 

жатық,  үсынған  ғылыми  тұжырымдары  жұмыс  мазмұнына  сай.  Диссертацияда 

келтірілген ғылыми нэтижелер  сілтемелермен  жэне тиісті  сала бойынша белгілі 

ғалымдардың ой-пікірлерімен бекітілген.

4. 

Ізденушінің 

диссертацияда 

тркырымдаған 

әрбір 

ғылыми 

нәтижесімен  қорытындысының  жаңалық  дәрежесі.

Ізденушінің ғылыми жұмысы ЖОО-да қазақ эдебиеті  мамандығы  бойынша 

әдеби  сынның  эстетикалық  қызметі  мен  оның  мәдени-әлеуметтік  маңызын 

оқып-үйренудің  теориялық  жэне  эдістемелік  негіздерін  жасау  мақсат  етілген. 

Жалпы  алғанда,  диссертацияның  ғылыми  нэтижелері  мен  қорытындылары 

ғылыми жаңалық дәрежесі талапқа сай.

XX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ  эдеби  сыны  тарихы  пэнінің 

негіздерін  жаңаша  оқыту  қажеттілігі,  курстың  оқу-әдістемелік  кешенін 

жетілдірудің  маңызды қырлары анықталған.

XX  ғасырдың  екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің жанрлық түрлерін 

сын  түрғысынан  зерттеген  ғалымдардың  ғылыми  еңбектеріне  сараптау 

жасалған.

Әдеби  сынды  оқыту  тэжірнбесі  бойынша  қорытынды  жасалып,  сол 

бойынша 


әдістеменің 

эксперименттік 

нэтижелері 

мен 


жетістіктері 

түжырымд алған.

«Қазақ әдеби  сынының тарихы» таңдау курсында сын тарихы  мен  көркем 

әдебиет сынының ғылыми-теориялық жэне эдістемелік аспектілері  негізделген.

Алаш  қаламгерлерінің  туындыларының  үрпақ  тэрбиесіндегі  қүндылығы 

жэне  рухани  мүраны  ғылыми  оралымға  енгізуде  қазақ  әдеби  сынының  ролі 

айқындалған.

Әдеби сынды оқыту әдіснамасын зерделеуде  ұлттық педагогикамен қатар, 

үлттық  философия,  психология  ғылымдарының  қызметі  байланыстырыла 

қарастырылған.

«Қазақ  әдеби  сынының  тарихы»  курсында  студенттерді  инновациялық 

эдістер 


арқылы 

оқытудың 

интеллектуалды-танымдық 

қүзыреттілігін 

қалыптастыруға басымдық берілген.

Қазақ  әдебиетіндегі  сын  тақырыбы  бойынша  жүйеленген  материалдар 

ғылыми- зерттеу жұмысы ретінде рэсімделген.

Ізденушінің  тұжырымдары,  жүмысының  нэтижелері  ғылыми  жүмыстың 

тараулары  мен  тараушаларында  нақты  көрсетілген.  Жұмыста қазақ  эдеби  сыны 

тарихын  ЖОО-да  оқытудың  эксперименттік  тэжірибелерімен  қатар  пән 

қүзыреттілігін  әдеби  талдау  арқылы  негіздеу  жолдары 

айқындалып,  оны 

жоғары білім беру үдерісінде оқыту эдістемесі үсынылған.

5. Алынған  нәтижелердің  ішкі бірлігінің  бағалануы.

Зерттеу  жүмысында  келтірілген  қорытынды  мен  түжырымдар  озара 

байланыста,  бір  мақсатқа  жұмылдыра  отырып  дэйектелген.  Әр  тараудағы  ой- 

түжырымдар 

бірін-бірі 

толықтырып, 

нәтижесінде 

ЖОО-да 


филолог- 

әдебиеттанушылардың  сыншылық  құзыреттілігін 

көркем  эдебиет  мэтінін


талдау  арқылы  қалыптастыру  мәселесі  теориялық жэне  әдістемелік  түрғыдан 

негізделген.

Қорғауға 

ұсынылған 

диссертациялық 

жұмыстың 

эрбір 

ғылыми 


нәтижелері 

мен  қорытынды-тұжырымдары 

бірінен-бірімен  өзара  тығыз

байланыста 

көрініс 

тапқан. 


Жүмыстың 

әрбір 


тарауы 

мен 


оның

тараушаларындағы  пікір-пайымдаулар  мен  түйіндер  жүйелі  түрде  сабақтасып 

жатыр.

6.  Ізденушінің  алған  нәтижелерінің  тиісті  өзекті  мэселені,  теориялық 

немесе  қолданбалы  міндетті  шешуге міндетті  бағытталғандығы.

Қазақ  әдеби  сыны  тарихы  мен  теориясын  ЖОО-да  оқытудың  ғылыми- 

әдіснамалық 

негіздері 

айқындалып, 

оны жанрлық  ерекшелігіне 

қарай

меңгертудің 



ғылыми-теориялық,  тэжірибелік  әдістемесінің 

жасалуы  ЖОО 

филология  факультеттері  студенттерінің  қазіргі  қазақ  эдеби  сынының  даму 

үдерісін  білумен  бірге,  теориялық  білімдерін  тәжірибемен  сабақтастырып, 

эдеби сын жанрлары туралы терең  білім алуларына мүмкіндік туғызады.  Әдеби 

сын  тарихы  курстарында  берілетін  білім  жас  үрпақтың  рухани-эстетикалық 

танымын  байытуға  жэне  олардың  кәсіби-  интеллектуалдық 

түрғыдан 

қалыптаса түсуіне  көмектеседі.

Осы  ғылыми  жүмыста  эдеби  сын  бағытындағы  зерттеулерді  талдау 

барысында түжырымдалған  ой-пікірлер  мен  қорытындылар 

қазақ 


әдеби

сынының тарихын  оқыту эдістемесін теориялық түрғыдан толықтырады,  әдеби 

сынды  оқытудың  инновациялық  әдістері  мен  жаңа  технологиялары  білім 

сапасын 


арттырады 

деп 


санаймын. 

Зерттеудің 

теориялық 

нәтижелері 

гуманитарлық бағыттардағы  мамандықтарда,  ЖОО-ға арналған  оқулықтар  мен 

оқу қүралдарын жасауға ықпалын тигізеді.

Зерттеу  жүмысы  нәтижелерін  орта  мектептің  әдебиет  сабақтарында, 

ЖОО-да  «Қазақ  эдеби  сыны  тарихы»  пэнінен  дэріс,  семинар  сабақтарында, 

«Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесі»  пэнінде  өздік жүмыстарда,  факультативтік 

сабақтар 

мен 

секцияларда, 



әдебиетші-ұстаздардың 

білімін 


жетілдіру 

курстарында пайдалануға болады.

Диссертанттың 

жүргізген 

зерттеу 

нәтижелерінің 

қорытындысы 

эдебиеттану,  педагогика,  психология,  әдебиетті  оқыту  эдістемесі  пәндерінің 

жақын келешектегі зерттеу жүмыстарына оң ықпал етеді деп ойлаймын.

7.  Диссертацияның  негізгі  қағидасының,  нәтижесінің  тұжырымдары 

мен  қорытындыларының 

жариялануының  жеткілікті 

толықтығына 

растама.

Зерттеу  жүмысының  тарауларындагы  көркем  эдебиет  сыны  мен  оны 

оқыту  әдістемесіне  қатысты  зерттеу  түжырымдары  ғылыми-практикалық, 

халықаралық 

ғылыми 

конференциялар 



мен 

семинарларда 

баяндалып, 

талданған.Автордың  ой-пікірлері  түрлі  деңгейдегі  ғылыми  конференция 

жинақтары  мен  шетелдік  жэне  ҚР  БҒМ  Білім  жэне  гылым  саласындағы 

Бақылау  комитеті  бекіткен  республикалық  басылымдарда  жарияланған. 

Жарияланған мақалалар диссертация мазмүнына сай жазылған.

8. 

Диссертацияның  мазмұны  мен  жазылуы  жағынан  кездескен 

кемшіліктер.


Диссертациялық жұмыс  нэтижесінде XX ғасырдың екінші жартысындағы 

Қазақ эдеби  сыны тарихын  оқытуды  заман  талабына сай  жетілдіру  қажеттілігі, 

курстың 

оқу-әдістемелік 

кешенін 

кредиттік 

оқыту 

талаптарына 



сай 

толықтырудың 

маңыздылығы 

айқындалып, 

сол 

бойынша 


әдістеменің 

эксперименттік  нэтижелері  мен  жетістіктері  тұжырымдалғаным,  сын  тарихы 

мен  көркем  эдебиет  сынының  ғылыми-теориялық  жэне  эдістемелік  аспектілері 

негізделгенін  атай  отырып,  оның  мазмұны  мен  кұрылымына  қатысты 

төмендегідей ұсыныс-ескертпелерді атап көрсеткенді жөн санаймыз:

1.  Днсертацияның  «Сын  жэне  эдеби  байланыстар»  тараушасында 

көршілес  қырғыз  эдебиеті  өкілдерін 

арнайы  тоқталғанда  жүмыс  мазмұны 

толыға түсер еді.

2.  Зерттеу  еңбегінде  эдеби  сын  тарихының  өзге  кезеңдермен  байланысы 

кеңірек  ашылғанда,  XX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ  әдеби  сынының 

ерекшелігі ашыла түсер еді.

Десек  те,  көрсетілген  сын-ескертпелер  диссертациялық  зерттеудің 

мазмүнына,  аталған  ғылыми  жүмыстың  теориялық  жэне 

әдістемелік 

қүндылығына нүқсан келтірмейді.



9. 

Диссертацияның  жеке  жазылған  ғылыми  квалификациялық 

жұмысқа  қойылатын  талаптарға  сәйкес  келуі.  Диссертациялық жүмыс  жеке 

жазылған  ғылыми  квалификациялық  жүмысқа  қойылатын  талаптарға  сәйкес 

жазылған.  Ғылыми  жүмысқа  қойылатын  стандартты  талаптар  толықтай 

сақталған.  Махаш Гаухар  Абдуғаппарқызының  қорғауға үсынып  отырған  «XX 

ғасырдың II жартысындағы  қазақ эдеби сыны жэне оны оқыту әдістемесі  (1960- 

1990  жылдар)» атты диссертациясы Қазақстан  Республикасы Білім  жэне  ғылым 

министрлігі  Білім  жэне  ғылым  саласындағы  Бақылау  комитетінің  талаптарына 

сәйкес  орындалған.  Қорытып  айтқанда,  аталған  диссертациясы  үшін  Махаш 

Гаухар  Абдуғаппарқызы  6D011700  -   Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы 

бойынша 


«философия  докторы»  (PhD)  дәрежесін  алуға  лайықты 

деп 


бағалаймын.

Рецензент:

Қырғыз Білім  академиясы 

қырғыз тілі мен әдебиеті 

лабораторияеының  меңгерушісі,

п.ғ.д., профессор


жүктеу 78.3 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет