Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын



жүктеу 35.3 Kb.

бет4/11
Дата09.01.2017
өлшемі35.3 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әр құрылтайдың 
өзіндік орны бар...  
 
Хабсаттар Омарұлы, 
Моңғолиядағы  қазақ мәдени 
орталығының төрағасы

29
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ
ерекшелігімен, сәулеттілігімен, айбынымен 
көз тартар Астана қаласына барған кезімде 
қазақ  болғаныма  бір  қуансам,  көк  тудың 
желбірегенін  көргенімде  асқар  таудай 
сүйенішім барына көзім жетіп, екі қуандым. 
Бұл  құрылтайдың  ерекшелегі  –  іскерлік 
қарым-қатынаста өтті. Енді шеттегі диаспора   
«Қазақстан  бізге  не  береді  деп  емес,  мен 
Қазақстанға не беремін» деп ойланатын уақыт 
жеткенін көрдік. Осы үш құрылтайдың өтуі 
барысында шеттен келген ағайын елдің ыстық 
ықыласы мен сүйіспеншілігін жақсы сезінді. 
Оған дәлел Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 
барлық құрылтайға қатысып, баяндама жасап 
шеттегі ағайынды көңілінде ұстайтыны. Көшіп 
келген  оралмандарға  барынша  көмектесіп, 
квота  бөлінуі  де  кез  келген  мемлекеттің 
қолынан келе бермейді. 
Әрине,  шеттегі  ағайын  Қазақстандағы 
барлық жаңалықтарға құлақ түріп отырады. 
Біздің  басқа  мемлекеттердегі  қазақтарға 
қарағанда  жағдайымыз  шүкіршілік. 
Қазақстандағы  барлық  телеарналарды 
келген  қазақтар  Қазақстанның  болашағына 
сендік,  басқа  мемлекеттермен  терезесі  тең 
болғандығын  көзімізбен  көрдік.  Береке-
бірліктің тенденциясын көргендей болдық. 
Ал  екінші  құрылтайдың  ерекшелігіне 
тоқталар  болсам,  ол  біріншіден  Түркі 
халқының  киелі  қаласы  Түркістанда  өтті. 
Келген қонақтарға тарихи жерлерді аралатты. 
Қазақ халқы тәуелсіздікке оңай қол жеткізген 
жоқ деген мағынада өтті. Ата-бабамыздың, 
хан  мен  бидің,  ғалым  мен  қараның  басына 
құран оқытып, ас бердік.     
«Сананы тұрмыс билеп тұрған» заманда 
өмір  сүргендіктен  2000  жылдан  кейін 
Моңғолиядан  көш  саябырлай  бастады. 
Өйткені  ол  жақта  да  экономикалық  жағдай 
жақсара  бастады.  Әрине,  көш  тоқтады  деп 
айтуға әлі ерте. 
2005  жыл.  Әлем  қазақтарының  үшінші 
құрылтайына шақырту алдық. Бұл құрылтайдың 
ерекшелігі жаңа қала, Қазақстанның тәуелсіз 
елордасы  –  Астана  қаласында  өтуі  еді. 
Сарыарқаның  төрінде  орналасқан  өзінің 

30
көріп  отырмыз.  2005  жылдан  бастап  БАҚ 
дамып, Қазақстаннан кітаптар келе бастады. 
Атажұртта  өтіп  жатқан  халықаралық  өнер 
мұшайраларына қатыса бастадық. Тағы бір 
қуантатын жағдай Қазақстанда шеттегі қазақ 
жастарының  шақыртылып,  тегін  дайындық 
бөлімінде оқуы. Жылда осындай дайындық 
бөліміне 200-300 бала келіп білім алады. Ал 
егер білімі жақсы болып ары қарай оқимын 
десе  тағы  да  грант  бөлінген.  Бұл  қазақ 
жастарына атажұрттың жасап отырған үлкен 
көмегі десем артық айтқандық емес.  
Ал  биылғы  өтетін  Құрылтайдан  шеттегі 
ағайын не күтеді? Ең бірінші көшіп келгендерге 
көңіл  бөлінсе  дейміз.  Осы  ата-баба  жеріне 
сіңісіп кетуіне жағдай жасаса. Өйткені, осы 
18 жылда Моңғолиядан көшіп кетіп қайтып 
келгендердің саны 9 мыңнан асады. Көбінесе 
жерсінбей қайтып келетін  үлкен кісілер. Осы 
уақытқа  дейін оралмандар мәселесімен тек 
қана  Көші-қон  агенттігі  айналысатын,  енді 
Ішкі  істер  министрлігіне  өтті,  олар  қалай 
жұмыс  істейді  ол  уақыт  еншісінде.    Негізі 
оралмандар мәселесін зерттейтін бір институт 
па, министрлік пе құрылса – нұр үстіне нұр 
болар еді. Сонда қайта тоқырап қалған көш 
түзеле  бастар  еді.  Әрине,    «Нұрлы  көш» 
бағдарламасы көшке бір серпін бергенімен 
ол тек оқыған, көзі ашық жастарға арналған. 
Мәселен  Моңғолияда  150  мың  қазақ 
тұратын болса оның жартысынан көбі мал 
шаруашылығымен айналысатын қарапайым 
адамдар.  Баян-Өлгий  аймағында  3  жыл 
қатарынан  жұт  болды.  Еліміз  бойынша  9 
миллиондай,  ал  қазақтар  тұратын  біздің 
аймақта 300 мыңдай мал қырылып қалды. 
Таяғын ғана ұстап қалған қазақ баршылық. 
Олар  не  көше  алмайды,  көшпейін  десе 
жағдайлары  жоқ.  Міне  осындай  көштің 
проблемалары  жетерлік.  Десекте,  асқар 
таудай сүйеніш Атажұрт аман болса, әлі-ақ 
қазақтың көші оңалар. Әлем қазақтарының 
ІҮ құрылтайы құтты болсын, ағайын!          
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ

31
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ
1991  жылдың  күзінде  Германияның  «Азаттық» 
радиосы  «Қазақстан  тәуелсіздік  жариялады»,  деген 
хабар таратты. Елден жеткен әр жаңалыққа құлағы түрулі 
біздер, Қытайдағы қазақтар өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз  
жанғандай қуандық. «Я, тәңірім, ақсарбас, алла тілегімізді 
берді»,  десіп  бір-бірімізден  телефон  арқылы    сүйінші 
сұрастық. Қытайдағы әрбір қазақ  отбасында апта бойы 
мереке болды. Қазақ біткен бірін-бірі  алыстағы тарихи 
Отандарының  тәуелсіздік  қуанышымен  құттықтап 
жатты.
Тәуелсіздік  таңы  атқан  сол  жылдан  кейінгі,  келесі 
1992  жылдың    өзінде-ақ  сыртта  жүрген  біздерді 
зор  қуанышқа  бөлеген    оқиға  орын  алды.  Тәуелсіз 
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаевтың  көреген  басшылығымен,  жат  жердегі 
қазақ  этностарының  да  тағдырына  алаңдаушылық, 
жанашырлық  кең танылды. Тәуелсіз елдің сол кездегі 
астанасы – Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының 
тұңғыш  І  Құрылтайы  шақырылды.  Осы  Құрылтайда 
шетелдегі қазақтармен байланысты нығайту, олардың өз 
тарихи Отандарына оралуына жағдай жасау мақсатымен, 
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Жаңа 
ұйым  Төралқасының  төрағасы  тәуелсіз  Қазақстанның 
тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды. Төрағаның 
бірінші орынбасары  көрнекті қазақ жазушысы Қалдарбек 
Найманбаев, төрағаның орынбасары драматург, жазушы 
Сұлтанәлі  Балғабаев  болып  бекітілді.  Осы    тұңғыш 
құрылтайдан соң  сыртта жүрген қазақтар өз көштерінің 
басын Қазақстанға бұрды. 
Қауымдастықтың  тұңғыш  жетекшісі  Қалдарбек 
Найманбаев сол кездері тарыдай шашылған 5 миллион 
қазақтар тұратын әлемнің 20 мемлекеті басшыларымен 
кездесіп,  ондағы  қандастарымыздың  тарихи  отанына 
оралуына  жол  ашты.  Қалекең  дүниеден  озған  2004 
жылдың  қыркүйек  айын  өз  еліне  шеттен  оралған 
әрбір  қазақ  ұмытпайды.  Тіпті,  қыркүйектің    22-сін  
Қ.Найманбаевті  еске алу күні етіп  белгілеген де артық 
болмас  еді.  Оралман  ағайындардың  қай-қайсысы    да 
Ғазиз райыС,
М.О. Әуезов атындағы 
Әдебиет және өнер институты 
Фольклор және қолжазба  
өнерінің ғылыми қызметкері
Қуаныш құшағында

32
мұндай  ұсынысты    қос  қолдарын  көтеріп 
қолдауға әзір. 
2002 жылы Дүниежүзі қазақтары қауым-
дас тығының шақыруымен Дүниежүзі қазақ-
тарының  ІІ  Құрылтайына  қатысқанымды 
мен  өзім  үшін  зор  бақыт  санаймын.  Бұл 
айтулы  шараға  ШҰАР    партия  комитетінің 
орынбасарлары Асхат Керімбайұлы, Нұрлан 
Әбілмәжінұлы,  Қытай  халық  құрылтайы 
тұрақты комитетінің мүшесі Сұлтан Жанболат, 
Қытай ғылым академиясының мүшесі, ШҰАР 
қоғамдық ғылым бөлімшесінің меңгерушісі, 
тарихшы  Жақып  Мырзаханов,  ШҰАР 
әдебиет-көркемөнер бірлестігі  төрағасының 
орынбасары    Шәкен  Оңалбаев,  жазушылар 
одағының  мүшелері  Сәли  Сәдуақас,  Серік 
Қапшықбай, Ораз Қанахмет, Тәліпбай Қабай, 
Жұмаділ Тұрысбай, Жұмабай Білал, Батырхан 
Құсбек,  Бақтыхан  Қыдырмолла  сияқты 
барлығы жиырмадан астам адам қатыстық.
Құрылтайдың жан тебірентерлік тұстары 
мол болды. Алайда, ең бастысы, Құрылтай 
өтетін жердің дұрыс таңдап алынғандығы еді. 
Дүниежүзінің  түкпір-түкпірінен  жиналған 
қазақтар  күллі  түркі  әлемінің  алтын  бесігі, 
қасиетті Түркістан қаласында бас қосты.
Біз  Алматыдан  кештете  поезға  отырып, 
таңертең Шымкентке жеттік. Қала басшысының 
қарсы алу сөзінен соң таңғы асымызды ішіп 
болып,  автобусқа  отырдық.  Осы  өңірдің 
барлық тарихи-мәдени ескерткіштерін аралап, 
қасиетті бабалар жатқан мазарларға тәу еттік, 
құран  бағыштадық.  Кешкісін  Түркістанға 
қондық.  Ертеңіне  жолдың  қашықтығына 
қарамастан, Әл-Фараби бабамыздың туған жері 
– Отырарды көруге сапар шектік. Кешке қарай 
Түркістандағы Қазақ-Түрік университетіндегі 
түрлі кездесулерге қатыстық. Кеш соңы түрлі 
ойын-сауыққа, биге ұласты.
Ертесіне  Қазақ-Түрік  университетінің 
Мәдениет сарайында Дүниежүзі қазақтарының 
ІІ Құрылтайы ашылды. Құрылтайды бәріміз 
іштей  мақтаныш  тұтатын,  бір  көруге 
асығулы  Қазақстан  Республикасының 
тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаев  сөз  сөйлеп  ашты.  «Құрметті 
отандастар,  Құрылтайға  шетелден  келген 
қадірлі меймандар! Біз бүгін түрліше тарихи 
себептермен  жержүзінің  24  мемлекетіне 
тарыдай  шашылған  қандастарымыздың 
басын  қо сқан  тарихи    маңызы  зор 
Құрылтайымызды  ашып  отырмыз»,  деген 
кезде менің көзіме еріксіз жас үйірілді. Сол 
жерде  туып-өскендігіме  қарамастан,  жат 
сезілетін Қытай еліндегі аянышты күндерім 
көз алдыма елестеді. Сонау 1958-82 жылдар 
аралығында  24  жыл  бойы  «ұлтшыл,  халық 
жауы»    деген  жаламен  жазалау  лагерінде, 
өзгерту майданында өксумен өткен жастық 
ғұмырым еске түсті. Совет одағы мен Қытай 
мемлекеттері арасындағы қырғиқабақ саясат 
кесірінен  екі  ел  шекарасынан  ұшқан  құс 
та  өте  алмайтын  кезеңді  бастан  өткіздік. 
Өзгерту майданының тереңдігі 200 метрлік  
көмір  шахтасында  жүргенде  ойымызға  не 
келіп – не кетпеді, десеңізші... «Шіркін-ай, 
«Саржайлау»,  «Сарыарқа»  күйлерін  емін-
еркін тыңдап жатар күн болар ма екен», деп 
армандаушы едім.  Міне, бүгін қасиетті қазақ 
жерінде тәуелсіз қазақ елі басшысының сөзін 
естіп  отырмын.  Мұның  бәрі  тәуелсіздіктің, 
егемен  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан 
Әбішұлы Назарбаевтың сара басшылығының  
арқасында жүзеге асып отырғандығы даусыз. 
Аллаға шүкір, тірі жүрген адамға тағдырдың 
берер,  күтпеген  жақсы  сыйы  аз  емес  екен 
ғой...
Әлемнің  24  елінен  келген  қазақ  ұлты 
өкілдерін қарсы алу, қонақасы беру кезінде 
Қазақстан  Президенті  Н.Ә.Назарбаевпен 
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ

33
қол  алысып  амандасып,  төбеміз  көкке 
жетті.  Сол  кездегі    ҚР  Премьер-  министрі 
И.Тасмағамбетовпен,  ҚР  Мәдениет  және 
ақпарат  министрі  М.  Құл-Мұхаммедпен  
кездестік.  Аты-жөндерін  газет-журнал 
беттерінен  оқып,  радио-телевидениеден 
еститін  ақын-жазушылар  және  әнші-биші, 
композиторлармен    таныстық.  Құрылтай 
күн  тәртібіне  сәйкес  дүлдүл  ақындар 
мүшәйрасының  куәсі  болдық.  Шетелден 
келген  15  ақын  ішінен  қытайлық  Сәли 
Сәдуақас  бас  жүлдені  жеңіп  алды.  Мен 
де  өз  ғұмырымда  тұңғыш  рет  жүлделі  
болдым, бесінші орын иемдендім. Алғашқы 
қуанышым болғандықтан, айта кетейін. Сол 
кездегі өлеңім мынау:
Құрылтай Құтты бОлСын!
Жиналдық дүниеден уа құдайлап,
Ата қазақ баласы Абылайлап.
Құрылтай құтты болсын Қазақ елі,
Келіпсің жүзден жүйрік, мыңнан саңлақ.   
                                            
Шашылған тарыдайын қайран қазақ,
Әркімге болдың мазақ, тарттың азап.
Отаршылдық ордасы ойрандалып,                                       
Тәуелсіз мемлекет болдың ерікті азат.
Бармақ басқа болғанмен, білегім бір,
Қоныс бөлек болғанмен тілегім бір.
Тілің де, дінің де бір болған соң,
Соғады бір кеудеде жүрегім бір.
Әлемдегі қазақтар бір туысқан,
Мақтанар мемлекет бар Қазақстан.
Самғай бер көк аспанда алтын самұрық,
Адамзат арман күнін алыпұшқан.
Екінші Құрылтай кезінде біз Қазақстанда 
бір жеті бойы болып, атамекенге тағы да қайта 
оралсақ, деген арман арқалап қайттық.
Марқұм  Қалдарбек  Найманбаевтың 
о р н ы н а   Д ү н и е ж ү з і   қ а з а қ т а р ы 
қауымдастығына  жетекшілік  етуге  келген 
Талғат  Мамашевтің  тұсында  менің  елге 
оралсам деген арманым жүзеге асты. Бұл кісі 
де қазақтар жиі қоныстанған Қытай, Ресей, 
Түркия,  Моңғолия,  Өзбекстан,  Германия, 
Австрия, Ұлыбритания, Франция, Голландия, 
Швеция  тәрізді  елдерді      аралап,  қазақ 
мәдени орталықтары мен түрлі бөлімшелер 
құрды, үлкенді-кішілі құрылтайлар өткізді. 
Елбасы  мен  осы  екі  кісінің,  дүниежүзі 
қазақтары  қауымдастығының  19  жылғы 
табанды еңбегінің нәтижесінде шетелдерден 
бір миллионға жуық қандастарымыз көшіп 
келді.  Солардың  ішінде  елге  келісімен 
дайын  баспанаға,  жер  телімдеріне  ие 
болғандары  аз  емес.  200  000-нан  астам 
оқушы  жастар  жоғары  оқу  орындарында 
білім алуды жалғастырды. Тіпті, «Болашақ» 
бағдарламасымен алыс өркениетті елдерде 
білім алып жатқан жастарымыз көп. Бұрын 
өздері тұрып келген елдерінде жазғандарын 
жариялата алмаған 45 автор қауымдастыққа 
қарасты «Атажұрт» баспасынан мемлекеттік 
бағдарлама  бойынша  тегін  кітаптарын 
шығарды.
Соңғы  жылдары  сырттағы  қазақтардың 
тарихи  Отанына  оралуы  сирексіп  бара 
жатқандығы  жасырын  емес.  Бұған  ең 
алдымен көші-қон төңірегінде жемқорлық 
әдеттерінің бой көтеруі, тілдік мәселелердің 
баяу  шешілуі,  қытай  өкіметі  тарапынан 
кейбір  «көзге  көрінбейтін»  қарсылық 
орын  алуы  т.б.  проблемалар  әсер  етіп 
отырғандығы  көп  жерде  айтылып  та, 
жазылып та жүр. Осыған менің қосарым – 
көші-қон  мәселесін      реттеуде  Дүниежүзі 
қазақтары  қауымдастығының рөлін барынша 
арттырған жөн. Бұл ретте алдағы дүниежүзі 
қазақтарының  ІҮ  Құрылтайы  көп  міндет 
атқаратындығына сенім мол.       
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ

34
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ

35
ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ IV ҚҰРЫЛТАЙЫ

36
Атажұртты аңсаған 
Еуропадағы 
қазақ жастары...
Еуропадағы  қазақ  жастары  үшін  ең 
маңызды, әрі асыға күтетін оқиғалардың бірі 
– дәстүрлі кіші құрылтай. Былтыр осындай  
Венада өткен кіші Құрылтайда тарихи отанын 
алыстан аңсап жүрген жастармен сұхбаттасып, 
арман, тілектерімен таныстық. Қазақстанды 
ешқашан көрмеген, көрмесе де кеудесіндегі 
жұдырықтай жүрегі «атажұртым» деп соғатын 
қазақ  жастарының  бүгінгі  саналы  өмірінен 
сіздерді де хабардар етуді жөн санадық. 
Еуропа  елдерінде  тұрып  жатқан  қазақ 
жастары  арасында  атына  заты  сай,  азды 
көпті жетістіктерге жеткен жастарымыз бар. 
Солардың бірі австрия командасының ең 
белсенді мүшесі Юнус Эмре: «Менің атым 
Юнус Эмре, әкемнің аты Қадыс, ол зейнеткер, 
анам үй қызметкері, 
4 бауырым бар. Ж
асым 
17-де
.  Вена  қаласында  тұрамыз.  Электро
-
техник  лицейінде  оқимын,  математика, 
геометрия пәндерін ұнатамын. Сабақтан кейін 
спорт ойындарына барамын, бос уақытым жоқ 
деп айтуға болады. Мен Австриядағы белгілі 
футбол командаларының бірі «Эфцевинада» 
ойнаймын, соның мүшесімін. Аптасына 5 рет 
жаттығуға барамын. Кәсіпқой ойыншы болу 
үшін  күш-жігерімді  аямаймын,  сондықтан 
үнемі дайындық үстіндемін. 
Алдыма қойған мақсатымның бірі – кәсіпқой 
ойыншы  ретінде  Қазақстан  командасында 
ойнау.  Тарихи  отанымда  болғаным  жоқ, 
алайда,  қазақ  екенімді  әрқашан  мақтаныш 
тұтамын.  Иншалла,  мамыр  айында  өтетін 
Құрылтайға  қатыспақ  ойым  бар.  Астананы 
көргім келеді, болашақта отбасыммен Алматы 
қаласында тұруды армандаймын»– дейді.
Еуропадағы Қазақ қоғамдары федерация-
сының  жанынан  ашылған  қазақ  жастары 
ұйымының  жұмыс  бөлімінің  жетекшісі, 
Мюнхен (Германия) қаласындағы белсенділер 
Құбылай Жаңалтай мен оның орынбасары 
Өзгежан абдұлқайымқызының кез келген 
жасты жігерлендіретін сөздері көңілге жағымды 
естіледі. «...Қазіргі уақытта Еуропадағы қазақ 
жастары  арасында  ассимиляция  қаупі  өте 
жоғары. Себебі олар неміс, түрік тілдерінде 
сөйлеуге бейім, ана тілін білетін қазақ баласы 
аз. Сондықтан біз, қоғам белсенділері демалыс 
күндері жастардың басын қосып, би кештерін 
ұйымдастырамыз. Тарихи отанымызда болып 
жатқан жақсы жаңалықтардан хабардар етеміз. 
Қазақстан  деген  отанымыз  бар  екендігін, 
мемлекеттік  рәмізімізбен  таныстырып, 
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

37
әнұранымызды  айтамыз.  Сонымен  қатар 
жастардың  болашағы  –  жоғары  білім  алу, 
сондықтан  университеттерге  құжаттарын 
дайындап,  қандай  мамандық  иесі  болу 
қажеттігіне талдау жасап, ақыл-кеңес беріп 
отырамыз».
австрия Қазақ қоғамының жанындағы 
жастармен  жұмыс  бөлімінің  бастығы 
Саджит Әлиахмет: «Атым Саджит Әлиахмет. 
Вена қаласындағы жастардың басшысымын. 
Біздің қоғамда 17 жігіт, 15 қыз бар. Барлығы 
дерлік жұмыспен қамтылған, жартысының 
осы  жерде  жеке  фирмалары  бар.  Менің 
өзім 10 жылдан бері «Siemens»-те инженер 
болып  қызмет  атқарамын.  Қазақстанмен 
байланысымыз өте жақсы. Осы бағытта ең 
үлкен,  пайдалы  «CaspioNet»  телеарнасы. 
Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде хабарлар 
таратады, ең маңыздысы – ол спутниктік жүйе 
арқылы таратылғандықтан тек Австриядағы 
қазақтар  емес,  Еуропаның  әр  тарапында 
отырған бауырлар тарихи отанында болып 
жатқан  елеулі  оқиғаларды  бақылап  отыр 
деп  айта  аламын.  Біз  «CaspioNet»  арқылы 
атажұрттағы  жаңалықтарды  естіп,  қуанса 
қуанып, ренжісе ренжіп отырамыз. 
Еуропадағы  ең  басты  проблемамыз  – 
қазақ  тілінде  сөйлесу.  Жастарымыз  өмір 
сүріп жатқан ортаға сәйкес ағылшын, неміс, 
француз тілдерінде сөйлейді. Бірақ-та, соңғы 
кездері  жастар  өзара  қазақша  сөйлесуге 
талпынуда. Еуропа жастары атажұртқа барып, 
тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне үлес қоссақ 
деп армандайды».
Еуропа  Қазақ  Қоғамдары  Федерация-
сының төралқа мүшесі және Швециядағы 
Жастар Қоғамының бастығы Гүлбаршын 
Кесер.  Еуропа  қазақтарының  мақтанышы 
Гүлбаршынның  жасы  29-да.  Жақында  қара 
көз сұлу қызымыз Швецияның Пәкістандағы 
елшілігіне  жұмысқа  тағайындалды. 
Гүлбаршын  Кесер  Швеция  сыртқы  істер 
министрлігіне қызметке қабылданған, шетел 
елшілігіне тағайындалған тұңғыш қазақ қызы. 
Басқа  Еуропа  жастарына  үлгі  болған  қазақ 
қызына жаңа қызметінде зор табыс, сәттілік 
тілейміз.
Юсуф нәби башташ. Осло университетінің 
халықаралық  қатынастар  факультетінде 
білім  алуда.  Жасы  22-де,  Осло  (Норвегия) 
қаласының  тұрғыны.  Юсуф  Нәби  сауатын 
түрік  тілінде  ашты,  ал  қазір  бірнеше  шет 
тілін толық меңгерген. Осы уақытта ол ана 
тілін үйренуге ден қойып, үнемі қазақ әндерін 
тыңдап, қосылып айтып жүр. Юсуфтың тарихи 
отанына деген аңсары сөзбен жеткізгісіз. Сол 
арманға жету мақсатында ол университеттегі 
сабақтардан бос уақытында Осло қаласындағы 
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

38
қазақ консулына көмектесіп, қазақ ағаларымен 
қоян-қолтық араласып жүр. 
мақсат маңғал-мұңал Қырықмылтық. 
Мюнхен  қаласындағы  талантты  жастар 
колледжінің студенті. Жасы 18-де. Жастайынан 
математика,  физика  пәндерін  сүйіп  өскен 
Мақсат  болашағын  тарихи  отанымен 
байланыстырады.  Ой  өрісі  озық  Мақсат 
колледжден кейін Германияның жоғары оқу 
орындарының  бірінде  атом  энергетикасы 
саласында білім алып, шама келгенше тәуелсіз 
Қазақстанның жарқын келешегі үшін қызмет 
істемекші ойы бар. 
Біздің  түсінгеніміз  шетелдегі  қазақ 
жастарының қазақ еліне, тіліне деген мейірімі 
өте күшті. Олардың жүрегі қазақ деп соғып 
тұрғандықтан, күнделікті қазақ болып қалуды 
армандайды. «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің 
кетпес далаға» деп Абай атамыз айтқандай, 
ол арманға да бір күні жетер, тек «елім» деп 
соққан жүректерінің оты сөнбесін.
Шетте жүрсе де ұлттық рухын жоғалтпай, 
қазақтың  салт-дәстүрін    барынша  сақтауға 
талпынған жас жеткіншектер өте көп.  
Қазақстан  шеттегі  ағайындардың  басын 
қосып,  атажұртқа  жүйелі  түрде  көшіріп 
алуға бюджеттен қомақты ақша бөліп жатқан 
әлемдегі  санаулы  елдердің  бірі,  ал  ТМД 
елдерінің  арасындағы  жалғыз  мемлекет. 
Жалпы, біздің еліміздің этникалық көші-қон 
саласында жақсы табыстарға жеткені даусыз. 
5  жыл  сайын  өткізіліп  отыратын  әлемдегі 
бүкіл  қазақтың  басын  қосуға  арналған 
Дүниежүзі  Қазақтарының  IV  Құрылтайы 
шеттегі  бауырларымыздың  асыға  күтетін  
кездесулері.  Әрине,  бұл  қадам  Еуропадағы 
жастардың ұлттық рухын оятуға өз септігін 
тигізетіне сенімдіміз. 
мен сенемін жастарға: 
алаш атын аспанға 
Шығарар олар бір таңда
мен жастарға сенемін! - деген Мағжан 
Жұмабаевтың өлең жолдарымен Отанға деген 
ықыласқа толы махаббаттарың сөнбесін деп 
мақаланы тамамдаймыз. 
Дайындаған, 
Маржан Үсенбайқызы
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

39
2010  жылдың  қараша  айында  Астана  қаласында 
өткен Моңғолияның Қазақстандағы Мәдениет күндері 
аясында Моңғолия білім, ғылым және мәдениет вице-
министрі Күләнда Шонайқызымен кездесіп әңгімелескен 
едік. 
Елден жырақта жүрсе де қазақтың атын шығарып, 
ұлттық болмысын жоғалтпаған қазақ қызы Күләнда 
ханыммен  болған  сұхбатты  назарларыңызға  ұсынып 
отырмыз.
- Құрметті Күләнда Шонайқызы, тарихи отаныңызға 
қош  келдіңіз.  Әңгіме  төркінін  қандастарымыздың 
жай-күйінен басталық. Жүрегі атамекенім деп соққан 
қазақтар өзге елде өгейлік көріп жүрген жоқ па? 
- Баянөлгийдегі қазақтар ма?
-  Жоқ,  моңғолия  ұлысында  тұрып  жатқан 
қазақтардың қазіргі жай-күйін айтамын...
- Біздің қазақтар ешқандай қиыншылық көрмей өмір 
сүріп жатыр. Моңғолия халқы шаршаса бірге шаршайды, 
қуанса  бірге  қуанады.  Барлығы  бірдей,  моңғолдың 
қазақтары деп бөліп жарар ештеңесі де жоқ. Солардың 
бірі  мен  өзім  емес  пе?  Мысалы,  Баянөлгий  аймағын 
алайық. Аймақ көлемінде отыздан астам қазақ мектебі 
жұмыс істеп тұр, барлық балабақша тек қазақ тілінде 
тәрбие  береді.  «Шалқар»  радиосы,  Қазақ  радиосы, 
Қазақ телеарнасы көрсетіледі. Моңғолия мемлекетінің 
көрегенді саясаты мен қазақ бауырларымыздың тынбай 
еңбектенгендігінің арқасында ұлт өкілдерінің арасында 
ұлтараздылық,  көреалмаушылық  жоқ,  тату-тәтті  өмір 
сүруде. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал