Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/21
Дата17.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
часть 
кочевого общества, и свободными общинниками, 
в 
Казахстане 
существовали 
категории 
независимого населения – толенгутов и рабов.
Толенгутами  называли  лиц,  находившихся 
на  службе  у  султанского  сословия.  Появление 
этой прослойки было связано междоусобицами 
и  многолетней  борьбой  с  джунгарами, 
обусловившими  большой  спрос  верховной 
власти  и  ее  представителей  –  султанов  на 
«служилых» людей.
К категории зависимого населения относились 
также рабы – кулы, которые набирались из среды 
пленных – россиян, калмыков и иранцев. Рабы 
использовались,  главным  образом,  в  личном 
хозяйстве: по уходу за животными, для обработки 
посевов,  в  домашнем  обиходе  наследственной 
степной  аристократии.  Однако  рабство  как 
социально-экономический уклад не получило у 
казахов широкого распространения и не вышло 
за пределы патриархального домашнего рабства. 
Список литературы
1. Назарбаев Н. В потоке истории. - Алматы, 1999. – 293 с.
2. Абай. Наследники. На перепутье. - Алматы, 1995. - 122 с.
3. Масанов Н.Э. Социально-экономические отношения в казахском кочевом обществе // Культура 
и история Центральной Азии и Казахстана. – 1993. - № 3 - С. 35-36.
4. Живописный альбом народов России. – СПБ., 1890. – 397 с.
5. Масанов Н.Э. Социально-экономические отношения в казахском кочевом обществе // Культура 
и история Центральной Азии и Казахстана. - С. 35-36.
6. Масанов Н.Э. Социально-экономические отношения в казахском кочевом обществе // Культура 
и история Центральной Азии и Казахстана. – 1993. №3. - С. 37-38.
7. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов. - Алма-Ата. 1968. – 
296 с.
8. Прошлое Казахстана в источниках и материалах / Под ред. С.Д. Асфендиярова, П.А. Кунте. - 
Алма-Ата, 1935. – 288 с.
9.  Левшин  А.И.  Описание  киргизо-казачьих  или  киргизо-кайсацких  орд  и  степей.  2-е  изд.  - 
Алматы, 1996. - 190 с.
10. Масанов Н.Э. Специфика общественного развития кочевников-казахов в дореволюционный 
период: историко-экономические аспекты номадизма: автореф. … докт. ист. наук. - М., 1991. – 50 с.
11. Гавердовский Я.П. Обозрение киргиз-кайсацкой степи. – Ленинград, 1973. - 204 с.
12. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т. 4. - Алма-Ата, 1985.
13. Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. - М., 1975. - 99 с.
● ● ● ● ●

№1 (42) 2016 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
14
Бұл  мақалада  қазақ  мемлекеттілігінің  дамуының  тарихи-құқықтық  аспектілері  және  оның 
ерекшеліктері қарастырылған.
Түйін сөздер: құқық, Қазақстан, құқықтық даму, мемлекеттілік.
В данной статье рассматриваются историко-правовые аспекты развития государственности 
Казахстана и ее особенности.
Ключевые слова: право, Казахстан, правовое развитие, государственность.
This article discusses the historical and legal aspects of the development of Kazakhstan's statehood and 
its features.
Keywords: right, Kazakhstan, legal development and statehood.
Айсана Сман,
заң ғылымдарының докторы, профессор
Әділдік жолында: қазақ мемлекеттілігі және оның мұрасы (тарихи-құқықтық аспекті)
Сман Айсана,
доктор юридических наук, профессор
На пути к справедливости: казахская государственность и ее наследие (историко-правовой 
аспект)
Sman Aisana,
Doctor of Law, Professor
Towards Justice: Kazakh statehood and its heritage (historical and legal aspect)

15
Конституционное и административное право
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЗАҢДЫҚ КҮШІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ САПА: 
ӨЗАРА ТӘУЕЛДІЛІК ДИАЛЕКТИКАСЫ
Негізгі заң ретінде конституцияның әмбебап 
қызметтері  кең.  Кез-келген  мемлекеттің 
конституциясы  ондағы  әлеуметтік  күштердің 
арақатынасын  білдіретіні  баршаға  аян.  Осыған 
орай,  конституцияны  биліктегі  қоғамдық 
топқа  қосымша  мүмкіндік  беретін  құрал 
ретінде  қарастыруға  болады.  Сонымен  қатар, 
конституцияның  мемлекеттің  құқық  және  өзге 
де салалардың әлеуетін білдіретін көрсеткіш те 
болуы әбден мүмкін. Сондықтан конституцияның 
қоғамдағы  құқықтық  қатынастарды  әмбебап 
реттеу  үшін,  бірінші  кезекте  құқықтық  және 
тілдік сапасы өте жоғары болуы қажет. 
Әлем мемлекеттерінің ішінде конституциялық, 
шындығында 
конституциясының, 
тарихы 
екі  ғасырдан  асатындары  бар.  Бұл  – 
конституция  сапасының  жоғары  екендігін 
көрсетеді.  Сондықтан,  мемлекет  пен  билікті 
ұйымдастырудың  жалпы  нобайын  бекітетін 
мұндай  конституциялардың  күші  де  олардың 
құқықтық және тілдік сапасында деуге болады. 
Яғни, олардың арасындағы өзара диалектикалық 
тәуелділігі жоғары деңгейде.
Конституция  –  табиғаты  қоғаммен  бірдей, 
қатар  өмір  сүретін  құжат.  Оның  мұндай 
қасиеті  бір  жағынан  тұрақтылықты,  екінші 
жағынан  өзгерушілікті  қажет  ететін  құбылыс. 
Конституцияның  құқықтық  күші  мен  тілдік 
сапасының диалектикасы – оның статикасы мен 
динамикасында.  Сондықтан  конституцияның 
сапасына  ерекше  назар  аударылатыны  да 
қоғамдық қажеттілік және шарттылық.
  Конституция  бір  рет  әрі  мәңгілікке 
қабылданбайды,  және  ол  құқықтық  догма  не 
ескерткіш емес. Оның да өмірлік циклы болады, 
өйткені  оны  да  адам  жасайды.  Объективтік 
және  субъективтік  факторлардың  әрі  жемісі, 
әрі  құрбаны  деуге  де  тұрарлық.  Конституция 
генезисіне оң не сол әсерін тигізетін факторлар 
көптеп саналады. Сондықтан адам баласына тән 
қателіктер ол әрекет ететін барлық ортаға тән. 
Қазақстан  Республикасы  сияқты  өтпелі 
типтегі  мемлекеттерде  түрлі  саяси-әкімшілік 
сипаттағы  қағидатты  қателерге  жол  беріліп 
жатады. Өкінішке орай, осындай теріс тәжірибе 
конституция саласында да орын алған. 
Кез келген конституция алдымен мемлекеттің 
нормативтік  құқықтық  актісі  болып  табылады. 
Сондықтан оған тән қасиеттер де оның құқықтық 
сапасының құраушысы бола алады. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 
тарихи  миссиясына  назар  аударатын  болсақ, 
оның 
ресми-пафостық 
қызметін 
былай 
қойғанда,  кезінде  объективті  және  субъективті 
себептермен  жіберілген  қате-кемшіліктерін 
түзету мәселесі тұрады. Өйткені ұлттық құқыққа 
тән  кемшіліктердің  біразы  Конституцияда 
да  жіберілгені  анық.  Сондықтан  тілдік 
және  құқықтық  талдау  негізінде  оған  түзету 
жұмыстарын  жүргізу  де  –  үлкен  жұмыс  әрі 
міндет.
Қазақстан  Республикасының  Конституция-
сында да, өкінішке орай, құқықтық және тілдік 
талаптар  тұрғысынан  ұлттық  заңнаманың 
барлық  нормативтік  құқықтық  актілеріне 
тағылатындай  объективтік  міндер  жеткілікті. 
Оларды дер кезінде тауып, қоғам мен мемлекетті 
оларды жоюға жұмылдыра білу де мемлекеттік 
басқару  жүйесінің  бір  көрсеткіші  әрі  әлеуеті 
деуге болады.
Жалпы  құқық  теориясында  түрлі  сипаттағы 
кемшіліктердің болатынын меңзейтін «құқықтық 
дефект»  деген  ұғым  бар.  Ол  –  объективті. 
Сондықтан  қателердің  конституцияда  да  орын 
алуына  жол  беріліп  жататын  әлемдік  тәжірибе 
бар. Оларды тіпті жіктеуге де болады. Мысалы, 
Қазақстан Республикасының Конституциясында 
жіберілген  құқықтық  қателердің  өрескелісі 
деп  45,  58  және  91-баптардағы  қателерді 
атауға  болады.  Мысалы,  45-баптың  2-тармағы 
Примашев Нұрзада Маханбетұлы,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы,
заң ғылымдарының кандидаты, доцент

№1 (42) 2016 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
16
бойынша  «Конституцияның  53-бабының  4) 
тармақшасында  көзделген  ретте  Республика 
Президентi заңдар шығарады». Сілтеме жасалған 
53-баптың 4) тармақшасында «соғыс және бiтiм 
мәселелерiн шешедi» делінген!? Яғни екі норма 
бір-бірімен үйлеспейді!?  
Келесі  мысал  –  58-баптың  2)  тармақшасы 
бойынша  «Палаталардың  төрағалары,  егер 
бұл  үшiн  Палаталардың  депутаттары  жалпы 
санының  көпшiлiгi  дауыс  берсе,  қызметтен 
керi  шақырылып  алынуы  мүмкiн,  сондай-
ақ  олар  өз  еркiмен  орнынан  түсуге  хақылы». 
Бұл  норма  ұлттық  заңнамадағы  қазақ  тіліне 
тамаша  аударылғандардың  бірден-бірі!  Бірақ, 
норма  оның  орыс  тіліндегі  нұсқасына  толық 
теңтүпнұсқалы  емес.  Өйткені  орыс  тіліндегі 
мәтін  бойынша  төрағалардың  қызметтен  керi 
шақырылып алынуы да, өз еркiмен орындарынан 
түсуі  де  депутаттар  көпшілігінің  талап  етуіне 
байланысты. Яғни екі диспозия бір гипотезамен 
ұштастырылған.  Сондықтан  бір  норманың  екі 
тілдегі нұсқасын теңтүпнұсқалылы ету үшін орыс 
тіліндегі  мәтінді  өзгерту,  яғни  бір  гипотезамен 
бір  ғана  диспозицияны  байланыстыру  қажет. 
Екі  тілдегі  мәтіндік  сәйкестілікті  қамтамасыз 
ету  үшін  алдағы  конституциялық  реформада 
аталған  баптың  орыс  тіліндегі  нұсқасын,  яғни 
қолданыстағы  «Председатели  Палат  могут 
быть  отозваны  от  должности,  а  также  вправе 
подать  в  отставку,  если  за  это  проголосовало 
большинство  от  общего  числа  депутатов 
Палат»  деген  норманы  «Председатели  Палат 
могут  быть  отозваны  от  должности,  если  за 
это  проголосовало  большинство  от  общего 
числа депутатов Палат, а также вправе подать в 
отставку» – деп өзгерткен орынды болар.  
Конституцияның  91-бабында  жіберілген 
құқықтық  қате  Парламент  қабылдаған  заңды 
референдумға шығаруға байланысты. Құқықтық 
табиғаты  бойынша  заң  шығару  органы 
қабылдаған заңға мемлекет басшысы қол қояды 
немесе өз қарсылығын білдіреді, яғни вето қояды 
не  кейін  қайтарады.  Бұл  екі  тетік  Қазақстан 
Республикасында да қолданылады.
Конституцияның  осы  нормасы  бойынша 
«Парламент  Палаталарының  әрқайсысының 
депутаттары  жалпы  санының  кемінде  бестен 
төртінің  көпшілік  даусымен  Парламент 
өзгерістер  мен  толықтыруларды  Конституцияға 
енгізу  туралы  заң  қабылдауға  хақылы.  Мұндай 
жағдайда Республика Президенті осы заңға қол 
қояды немесе оны республикалық референдумға 
шығарады».  Мәселе  –  осы  жерде.  Біріншіден, 
референдумға  не  шығарылады?  Парламент 
қабылдаған  заң  ба  әлде  «Конституцияға 
өзгерістер  мен  толықтырулар»  (құқықтық  және 
тілдік  тұрғыдан  үйлеспейтін  ұғым.  Олар  жеке 
дара болуы мүмкін емес!) ма?  
Конституция 
және 
қолданыстағы 
«Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы» 
Заң  бойынша  Конституцияға  өзгерістер  мен 
толықтырулар  тек  заң  арқылы  енгізіледі. 
Сондықтан 
«Конституцияға 
енгізілетін 
өзгертулер  мен  толықтырулар  жобасы»  деген 
ұғым  да  мәселелі  (орыс  тіліндегі  «Проект 
изменений и дополнений в Конституцию» деген 
де сол мәртебеде).
Екіншіден,  «референдумға  шығарылған 
Конституцияға  өзгерістер  мен  толықтырулар 
(бұл  да  үйлеспейтін  ұғым!),  егер  олар  үшін 
облыстардың,  республикалық  маңызы  бар 
қалалардың  және  астананың  кемінде  үштен 
екісінде  дауыс  беруге  қатысқан  азаматтардың 
жартысынан  астамы  жақтап  дауыс  берсе, 
қабылданды деп есептеледі». Референдумға тек 
мақұлдау не мақұлдамау туралы сұрақ қойылады, 
сондықтан  олардың  құқықтық  маңызы  мен 
салдары  қандай?  Референдумда  қабылданған 
шешім  Конституцияға  қалай  енгізіледі,  тетігі 
қалай, яғни құқықтық техника тұрғысынан қалай 
заңдастырылады?  Бұл  да  шешімін  таппайтын 
мәселе.
Үшіншіден, 
Парламент 
қабылдаған 
«Конституцияға  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізу туралы» Заңның тағдыры не болады? Ол 
құқықтық салдар туғыза ма? Ол да белгісіз.  
Сонымен  қатар,  осы  баптағы  орыс  тіліндегі 
нұсқасы  бір  «өзгертулер»  (2  рет  қолданылған) 
мен  «өзгерістер»  (бұл  да  2  рет  қолданылған) 
деген сөздердің қайсысы дұрыс?
Кез  келген  Конституцияның  заңдық  күші 
оның  құқықтық  қасиеттерінің  бірі  болып 
табылады.  Сондықтан  62-баптың  7-тармағына 
сәйкес  «Республиканың  заңдары,  Парламент 
пен 
оның 
Палаталарының 
қаулылары 
Конституцияға  қайшы  келмеуге  тиiс».  Бұл  – 
императивтік  әрі  талқыланбайтын  норма.  Оны 
бұлжытпай орындауға барлығы да міндетті. Ал 
іс  жүзінде  солай  ма?  Мәселе  осында.  Мысалы, 
Конституцияның  59-бабының  6-тармағында 
Республика  Президентiнiң,  Премьер-Министр 
мен  Үкiмет  мүшелерiнiң,  Ұлттық  Банк 
Төрағасының,  Бас  Прокурордың,  Ұлттық 
қауiпсiздiк  комитетi  Төрағасының  кез  келген 
отырыстарға  қатысу  және  сөз  сөйлеу  құқығы 
бекітілген. Яғни нормада кез келген отырыстарға 
қатысу  және  сөз  сөйлеу  құқығы  бар  жоғары 
лауазымды тұлғалардың шекті тізімі бекітілген. 

17
Конституционное и административное право
Бірақ соған қарамастан, 1996 жылғы 8 ақпандағы 
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 
Регламентінің 15-тармағының бірінші абзацында:  
«Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің, 
Премьер-Министр  мен  Үкімет  мүшелерінің, 
Ұлттық  Банк  Төрағасының,  Бас  Прокурордың, 
Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  Төрағасының, 
Мемлекеттік Хатшының, Республика Президенті 
Әкімшілігі  Басшысының  ашық  отырыстарға 
да, жабық отырыстарға да қатысуға және сөзін 
тыңдатуға  құқығы  бар»  –  деп  көрсетілген. 
Дәл  осындай  норма  сол  жылғы  әрі  сол  күнгі 
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі 
Регламентінің 11-тармағының екінші абзацында: 
«Республика  Президентi,  Премьер-Министр 
мен  Үкiмет  мүшелерi,  Ұлттық  Банк  Төрағасы, 
Бас  Прокурор,  Республика  Ұлттық  қауiпсiздiк 
комитетiнiң  Төрағасы,  Мемлекеттiк  хатшы, 
Президент  Әкiмшiлiгiнiң  Басшысы  Мәжілістің 
кез келген жалпы отырысына қатысуға құқылы» 
–  деп  бекітілген.    Яғни  жоғары  заңдық  күші 
бар  Конституцияда  бекітілген  лауазымды 
тұлғалар  тізімі  туынды  нормативтік  актілерде 
–  регламенттерде,  біріншіден  өзгертілген, 
екіншіден  екі  жоғары  лауазымды  тұлғамен 
толықтырылған.
Осындай  норма  1996  жылғы  20  мамырдағы 
қаулымен қабылданған Қазақстан Республикасы 
Парламенті  Регламентінің  12-тармағында  да 
қайталанған.  Бұл  мысалдар  регламенттердің 
заңдық  күші  Конституцияның  заңдық  күшінен 
де басым екендігін көрсетеді. 
Осы  көрсетілген  Конституция  мен  үш 
регламент  арасында  тағы  да  екі  мәселе 
бар.  Біріншісі  –  орыс  тіліндегі  «быть 
выслушанным»  деген  тіркестің  аудармасында. 
Ол  Конституцияда  «сөз  сөйлеуге»  (59-баптың 
6-тармағы), Парламент Регламентінде «өз сөзiн 
тыңдатуға» (12-тармақ), Парламент Сенатының 
Регламентінде «сөзін тыңдатуға» (15-тармақтың 
бірінші абзацы) деген үш нұсқада берілген. 
Екінші  мәселе  –  құқықтық  та,  тілдік  те. 
Конституциядағы  «кез  келген  отырыстарға» 
деген  тіркестің  орнына  Парламент  Мәжілісінің 
Регламентінде  «кез  келген  жалпы  отырысына» 
(11-тармақтың  екінші  абзацы)  деген  тіркестің 
қолданылуын  да  конституциялық  нормадан  
лексикадан ауытқу деуге болады.
Конституцияның  62-бабының  1,  5  және 
8-тармақтарындағы  «заң  актілері»  деген  ұғым 
«Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы» 
Қазақстан 
Республикасының 
Заңында 
бекітілмеген.  Мәселе  аталған  нормативтік 
құқықтық  акт  түрі  берілмеген  Конституцияда 
ма, әлде оны елемеген заңда ма, белгісіз.
Конституцияның  4-бабының  1-тармағы 
бойынша 
Қазақстан 
Республикасында 
қолданылатын 
құқық 
Конституцияның, 
соған  сәйкес  заңдардың,  өзге  де  нормативтiк 
құқықтық  актiлердiң,  халықаралық  шарттары 
мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, 
сондай-ақ 
Республика 
Конституциялық 
Кеңесiнiң  және  Жоғарғы  Соты  нормативтiк 
қаулыларының нормалары болып табылады
1

Бұл  да  жоғарыда  қарастырылған  59-баптың   
6-тармағының тәжірибесіне ұқсас. «Нормативтік 
құқықтық  актілер  туралы»  Заңның  3-бабы 
1-тармағының  5)  тармақшасында  аталған 
шектеулі тізім Қазақстан Республикасы Орталық 
сайлау  комиссиясының  және  Республикалық 
бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі 
есеп  комитетінің  нормативтік  қаулыларымен 
толықтырылған.  Бұл  мысалдан  да  құқықтық 
күшіне  орай,  Конституция  басым  ба,  әлде  заң 
басым ба деген сұрақ туындайды.
Конституцияның  45-бабының  2-тармағы 
бойынша 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті «61-баптың 2-тармағында көзделген 
ретте Республиканың заң күшi бар жарлықтарын 
шығарады» делінген. Ал «Нормативтік құқықтық 
актілер  туралы»  Заңның  3-бабы  1-тармағының 
2)  тармақшасында  «Қазақстан  Республикасы 
Президентiнiң  Конституциялық  заң  күшi  бар 
Жарлықтары» деген нормативтiк құқықтық акт 
көрсетілген.  Бұл  жерде  мәселе  жарлықта  емес 
екені белгілі. Мәселе – заң мен конституциялық 
заңда.  Құқықтық  табиғаты  мен  күшіне 
байланысты  олардың  айырмашылықтары  бар 
емес  пе?  Егер  ондай  жіктеу  есепке  алынбаса, 
кодексті де заң деп ресми атауға да еш кедергі 
жоқ!
Құқықтық 
кемшіліктердің 
біразын 
Конституция  мен  «Қазақстан  Республика-
сындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару 
және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Заңның 
арақатынасынан  келтіруге  болады.  Мысалы, 
Конституцияның 
89-бабының 
2-тармағы 
бойынша  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  тұрғын 
   1
«Әділет» ақпарат-құқықтық жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің тәуелсіздікті бекіту жылдары шығарған / 
қабылдаған, қазіргі кезде құқықтық күшінде деуге болатын 29 қаулысы келтірілген. Құқықтық ғылыми әдебиет пен тәжірибеде олар 
туралы мәселе жоқтың қасында. Оларды қалай қабылдауға болады: жоқ дейін десең, тізімде бар, бар дейін десең – тәжірибеде жоқ!

№1 (42) 2016 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
18
халық  тікелей  жүзеге  асырады,  сондай-ақ  ол 
мәслихаттар  және  халық  топтары  жинақы 
тұратын  аумақтарды  қамтитын  жергілікті 
қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі 
басқару  органдары  арқылы  жүзеге  асырылады. 
Яғни  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  тек  үш-
ақ  субъект  атқара  алады:  халық,  ол  құратын 
жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  және 
мемлекеттік  басқару  органы  –  мәслихат.  Ал 
аталған Заңның 1-бабының 1-тармағында «әкім 
...  өзін-өзі  басқару  функциялары  берілген  ... 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  мен 
Үкіметінің  өкілі»  делінген.  Сонда  мемлекеттік 
басқару 
субъектісіне 
өзін-өзі 
басқару 
функцияларын  кім  берген?  Заңда  ол  туралы 
айтылмаған.  Заңсыз,  өздігінен  иемдену  ме? 
Белгісіз.  Жақсы,  тиісті  аумақтағы  бүкіл  іске 
жауапты  тұлға  ретінде  әкімге  өзін-өзі  басқару 
функцияларын  атқарған  артық  емес  шығар 
делік. Бірақ Конституцияда олай көрсетілмеген. 
Ал осы баптың 4) тармақшасы бойынша келесі 
жергілікті  мемлекеттік  басқару  субъектісі  – 
жергілікті атқарушы органды (әкімдікті) – «өзін-
өзі  басқаруды  жүзеге  асыратын  ...  орган»  деп 
тану  да  Конституция  нормасын  өрескел  бұзу 
болып табылады. 
Құқықтық  қатенің  мұнан  да  зоры  келесі 
5)  тармақшада  бекітілген.  Онда  «жергілікті 
бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган 
... өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын 
жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті 
жергілікті  бюджеттерден  қаржыландырылатын 
мемлекеттік  мекеме»  делінген.  Яғни,  алдыңғы 
тармақшада  көрсетілген,  құқықтық  табиғаты 
заңсыз құзыретті иемденген субъект өз кезегінде 
өзінен  төмен  тұрған  мемлекеттік  басқару 
органдарына  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың 
жекелеген  функцияларын  жүзеге  асыруға 
уәкілеттік  береді  екен.  Сонымен  аталған 
жергілікті  өзін-өзі  басқару  функцияларын 
иемденген әкім – әкімдік – жергілікті атқарушы 
органдар  онсыз  да  заңсыздықты  заңсыздыққа 
айналдырып,  туынды  заңсыздық  тудырып 
отыр!  Мұндай  тәжірибенің  ғылыми-құқықтық 
әрі  дұрыс  атауы  «құзыреттерді  заңсыз 
иемдену»  болып  табылады.  Жалпы  құқықта 
ол  үшін  жауапкершілік  те  белгіленген.  Міне, 
мемлекеттік  басқарудың  негізгі  қағидаты  – 
заңдылық қағидатын сақтау қайда жатыр!? Бұл 
ретте  де  Конституцияның  жоғары  заңдық  күші 
қағидатының  ескерусіз  қалғанын  мойындау 
қажет! 
Қабылданғанына  15  жылдай  уақыт  өткеніне 
қарамастан осы Заң нормаларының Конституция 
нормаларына  қарама-қайшылығы  мәселесіне 
қажетті  назар  аударылмай  келеді.  Мұндай 
тәжірибеден  кейін  «қабылданғанның  бәрі  заң 
емес» – деген субъективтік тұжырым дәлелдене 
түсетіні анық.
Аталған  кемшіліктердің  тағы  бір  кілтипаны 
осы  Заңның  өзінде  берілген.  Заңның  кейінгі 
баптарында  бекітілген  нормалар  1-баптағы 
«маңызды» ұғымдар мен нормалардың өздеріне 
қарама-қайшы.  Мысалы,  Заңның  29-бабы 
1-тармағының  7)  тармақшасына  сәйкес  облыс, 
республикалық  маңызы  бар  қала,  астана  әкiмi 
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, 
республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, 
астанадағы 
ауданның) 
әкiмдерi 
арқылы 
«жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару  органдарымен 
өзара  iс-қимыл  жасайды».  Бұл  ретте  «өзара  iс-
қимыл  жасау»  мен  «жергілікті  өзін-өзі  басқару 
функцияларын  жүзеге  асыру»  ұғымдарының 
арасы өте алшақ екені дәлелдеуді қажет етпейді. 
Тіпті  бір-бірімен  тікелей  байланысы  жоқ  деуге 
тұрарлық! Дәл осындай «өзара iс-қимыл жасау» 
аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  әкiмiнiң 
(33-баптың  1-тармағының  6)  тармақшасы), 
қаладағы  аудан,  аудандық  маңызы  бар  қала, 
кент,  ауыл,  ауылдық  округ  әкімінің  (35-баптың 
1-тармағының  15)  тармақшасы)  құзыретіне  де 
кіреді.  Яғни,  Заңның  1-бабында  көрсетілген 
«жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  жүзеге  асыру» 
функциясы 
әкімдердің 
құзыреттерінде 
бекітілмеген.  Заңның  ішкі  қарама-қайшылығы 
дегеніміз осы!
  Конституцияның  жоғары  заңдық  күші 
қасиетін  онда  қолданылған  ұғымдар  мен  сөз 
тіркестері де қамтамасыз етулері тиіс. Яғни олар 
Конституцияда қалай бекітілсе, өзге нормативтік 
құқықтық  актілерде  де  солай  қолданылуы 
тиіс  (бұл  жерде  олардың  орыс  тіліндегі 
баламаларының  бірдей  екенін  естен  шығармау 
қажет).  Мысалы,  Конституцияның  14-бабының 
1-тармағында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрi 
тең» делінген. Ал «Әкімшілік рәсімдер туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3) 
тармақшасында «Заң мен сот алдында баршаның 
теңдiгi»  деген  қағидат  бекітілген  (норманың 
орыс  тіліндегі  нұсқалары  бірдей:  «Все  равны 
перед  законом  и  судом»  және  «равенство  всех 
перед законом и судом»). 
Конституцияның  86-бабында  қолданылған 
«әкiмшiлiк-аумақтық  бөлiнiс»  және  «Қазақстан 
Республикасының 
әкiмшiлiк-аумақтық 
құрылысы  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Заңындағы 
«әкiмшiлiк-аумақтық 
бірлік» 
деген  ұғымдардың  да  орысша  нұсқасы  бір 

Каталог: sites -> default -> files -> leaflets
files -> Тіркеу кеңсесі отдел-офис регистрации
files -> Алпысбай Мұсаев Әдебиеттанушы ғалым библиографиялық
files -> Аға оқытушы Мағжан жаны сыршыл ақын
files -> Тасимова Айслу Педагог ғалым
files -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
leaflets -> Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж
leaflets -> Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж
leaflets -> Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж
leaflets -> Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет