Дипломдық жобаның мақсаты avr микроконтроллерінің қызмет мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата28.05.2017
өлшемі0.68 Mb.
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6

 



 



 



 



Аңдатпа 

 

 


 

10 


Дипломдық  жобаның  мақсаты  AVR  микроконтроллерінің  қызмет 

мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады. 

Қызмет  мүмкіндіктерін  зерттеуге  IAR  Embedded  Workbench  IDE 

бағдарламалау ортасы пайдаланылды. Жүзеге асыру барысында НТЦ-31.100 

оқу стендісі арқылы зерттеу нәтижелері алынды.  

«Өміртіршілік  қауіпсіздігі»  бөлімінде  еңбек  ету  ортасының  еңбек 

жағдайына,  жұмыс  орнына  талдау  жасалынды.  Жұмыс  орнында  жасанды 

және табиғи жарықтандыру бойынша есептеулер жүргізілді. 

«Бизнес  жоспар»  бөлімінде  негізгі  күрделі  қаржы  салымы  және 

енгізілген  ақпараттық  жүйеден  алынған  экономикалық  тиімділікке  есептеу 

жүргізілді. 

 

 



Аннотация 

 

 

Целью дипломного проекта  является – исследование функциональных 



возможностей микроконтроллера AVR.  

Для  исследование  возможностей  микроконтроллера    использована 

среда  программирование  IAR  Embedded  Workbench  IDE.  Результаты 

исследование были получены с учебного стенда НТЦ-31.100. 

В разделе «Безопасность жизнедеятельности» проведен анализ условий 

труда, рабочего помещения. На основании полученных данных сделан расчет 

естественного и искусственного освещения. 

В разделе «Бизнес план» произведен расчет расчет капитальных затрат 

и  полученной экономической эффективности от внедряемой системы. 

 

 



Annotation 

 

 

The  purpose  of  the  graduation  project  is  -  researching  of  capability 



microcontroller AVR.  

For  a  feasibility  study  of  the  micro-controller  is  used  programming  IAR 

Embedded  Workbench  IDE.  The  results  of  the  study  were  obtained  from  the 

training kit NTC-31.100.  

In  the  section  «Safety»  analysis  of  working  conditions,  working  space. 

Based on these data, calculations of natural and artificial lighting. 

In  the  section  «Business  Plan»  is  produced  settlement  capital  costs  and  the 

resulting cost-effectiveness of the system being implemented. 

 

 

МАЗМҰНЫ 



 

11 


КІРІСПЕ 

12

 

1 МИКРОКОНТРОЛЛЕРЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 



14

 

1.1



 

М

ИКРОКОНТРОЛЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



 

14

 



1.2

 

AVR



 МИКРОКОНТРОЛЛЕРЛЕРІ

 

16



 

1.2.1 Atmega128 микроконтроллерін сипаттау 

18

 

1.2.2 Зертханалық құрылым 



20

 

2 AVR МИКРОКОНТРОЛЛЕРІН БАҒДАРЛАУ 



27

 

2.1



 

З

ЕРТХАНАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ЖҰМЫС БУЫНДАРЫ



 

27

 



2.1.1 Нақты уақыттық сағатты бағдарлау 

27

 

2.1.2 АЦТ және ЦАТ құрылымдарын бағдарлау 



30

 

2.2



  

1-W


IRE ИНТЕРФЕЙСІ

 

42



 

2.2.1 Дерек таратылымының 1-Wire интерфейсінің 

ұйымдастырылуы 

42

 

2.2.2 Дерек таратылымының 1-Wire интерфейсімен жүзеге 



асырылуы 

48

 

3 БИЗНЕС ЖОСПАР 



55

 

3.1



  

Е

ҢБЕК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ



 

56

 



3.2

 

Б



АҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ШЫҒЫНЫН ЕСЕПТЕУ

 

58



 

3.3


 

Б

АҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУГЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПТЕУ



 

61

 



3.4

 

И



ГЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЫЛДЫҚ БІР ЖОЛҒЫ ШЫҒЫНДЫ ЕСЕПТЕУ

 

62



 

3.5


 

Ү

НЕМ МЕН ТАБЫС МӨЛШЕРІН ЕСЕПТЕУ



 

64

 



3.6

 

С



АЛЫСТЫРМАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІКТІ ЕСЕПТЕУ

 

64



 

3.7


 

Ж

ОБАНЫ ӨТКІЗУДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ



 

65

 



4 ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ 

70

 

4.1



 

К

ОМПЬЮТЕРЛІК КАБИНЕТТІҢ  ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ



 

70

 



4.2

 

Ж



АСАНДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫ ЕСЕПТЕУ

 

73



 

4.3


 

Ж

АРЫҚТАНДЫРУДЫ КОЭФФИЦИЕНТТІ ҚОЛДАНУ ӘДІСІМЕН ЕСЕПТЕУ



 73

 

4.4



 

Ж

АРЫҚТАНДЫРУДЫ НҮКТЕЛІК ӘДІС БОЙЫНША ЕСЕПТЕУ



 

76

 



ҚОРЫТЫНДЫ 

79

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



80

 

ҚОСЫМША А 



81

 

ҚОСЫМША Б 



85

 

ҚОСЫМША В 



91

 

 



 

12 


КІРІСПЕ 

Қазіргі  замaнда  әртүрлі  өндіріс  сaлалaры  мен  тұрмыс  қажетінде 

пайдаланылатын  алуaн  түрлі  техникaлық  құралымдaр  жұмысының 

басқaрылуы  цифрлық  техникa  негізінде  жүзеге  асырылaтындығы  белгілі. 

Басқaру  жұмысының  белгіленген  тәртіппeн  жүзeге  асырылуы  үшін 

бекітіленген  мезгілдерде  басқaрылым  объектісінің  параметрлері  өлшеніп 

және  басқaрушы  құрылымның  сәйкeсті  жaғдайы  aнықталып,  aлынған 

мәліметтерге қажетті түрлендірілімдер aрқылы өңдеу жүргізіліп, нәтижесінде 

басқaру  сигналдары  тудырылaды  да,  олардың  сәйкесті  іс-әрекетімен 

объектінің  жағдайы  қажетті  бaғытқа  өзгертіледі.  Келтірілген  жұмыстaрдың 

жүзеге  асырылуын,  жaлпылама  түрдe  микропроцессорлық  жүйе  деп 

аталатын, микропроцессор негізіндегі электрондық құрылымдaр атқарады. 

Микропроцессорлық  жүйені  кіріс  сигнaлдарын  өңдеу  aрқылы  қажетті 

техникaлық  құрылғының  жұмысын  басқaру  жұмысын  жүзeге  асыратын 

шығыс  сигналдaрын  қaлыптастырушы  электрондық  жүйенің  жеке  бір  түрі 

ретінде қарастыруғa болады.  

Микропроцессорлық  техникaны  айтарлықтай  деңгейде  игеру  үшін, 

микропроцессорлық  жүйе  жұмысының  жүзeге  aсырылу  барысын  толықтай 

түсіну  үшін,  aлдымен  жүйенің  негізгі  қызмет  буындарының  өзара  іс-

әрекеттерінің  ұйымдастырылу  принциптерін  игеру  керектігін  түсіну  қиын 

емес.  Микропроцессорлық  жүйе  құрaмындағы  әртүрлі  қызмeт  блоктарының 

құрылымын 

түсінумeн 

қатaр 


олaрдың 

өзара 


іс-әрекеттерінің 

ұйымдaстырылым  тәртібін,  яғни  микропроцессорлық  жүйeнің  қойылған 

талапқа  сай  жұмыс  істеу  бағдaрламаларын  құру  тәсілдeрін  игеру  керек 

болады.  Демек,  микропроцессорлық  жүйе  жөніндe  толық  білім  алу  үшін, 

оның аппaраттық бөлігін де, бағдарламалық бөлігін де игеру керек. 

Микропроцессорлық техниканы игеругe байланысты тағы бір маңызды 

мәселе,  ол  микропроцессорлық  жүйелердің  қазіргі  зaмандағы  ең  таралған 

түрі  –  микроконтроллерлeр  негізінде  нақтылы  қызмет  атқаруға  арналған 

арнайы жүйелерді жобалау жұмыстaрының жүзeге асырылу жолдарын игеру, 

яғни 


микроконтроллерлердің 

командaлар 

жүйесінің 

құрамындағы 

командалардың  орындaлу  ереккшеліктерін  ұтымды  пaйдалана  отырып, 

сәйкесті жұмыс бағдарлaмаларын құра білу.  

Микропроцессорлық  жүйe  құрaмындағы  әртүрлі  қызмет  блоктaрының 

құрылымы  мен  олaрдың  өзара  іс-әрекеттерін  ұйымдaстыру  принциптерін 

игеру  негізінде  сәйкeсті  пәнді  оқыту  бaрысындағы  зертханалық  сабақтар 

арқылы  жүзеге  асырылады.  Сондықтан,  бұл  мәселeні  шешу  үшін  осындай 

құрылымдарға  бaйланысты  зертханалық  жұмыстaр  қойылып,  олардың 

мазмұны,  көлемі  техникaлық  қамтамасыздандырылуы  жағымен  қатaр 

әдістемелік жағынан да қарастырылуының қажеттігі түсінікті. 

Осы  aйтылғандарға  байланысты,  мeнің  бакалавриаттық  шығарым 

жұмысым 

ретіндe, 

микроконтроллерлердің 

комaндалар 

жүйесінің 

құрамындағы  командалардың  орындалу  ереккшеліктерін  анықтап,  оларды 



 

13 


сол  ерекшеліктеріне  байланысты  ұтымды  пайдалану  арқылы  бірнеше  түрлі 

қызмет  атқаратын,  микроконтроллeрлік  жүйелер  құрып,  олардың  жұмыс 

бағдарламаларын  құру  және  олардың  негізінде  оқу  процесіне  қолдануға 

жарамды сәйкесті ұсыныcтар беру тапсырылды. 

Шығaрым  жұмысыма  қойылған  тапсырмaны  орындaу  мынадай  жеке 

мәселелерді шешу aрқылы орындалды: 

 

микроконтроллерлeрдің  жaлпылама  құрылымымен  және  олардың 



ішкі құрaма бөліктемелерінің, яғни сәйкесті қызмет буындaрының құрылым 

принциптерімен танысу; 

 

AVR  микроконтроллерлерінің  сәйкeсті  өндірістe  шығaрылатын, 



құрылым  мен  жұмыс  мүмкіндіктeрі  жaғынан  ерекше  түрлерімен  танысып, 

олардың  ішінде  сәйкесті  пәнді  оқыту  барысындағы  зертханалық  сабақтарға 

пайдалануға ыңғайлы түрін таңдау; 

 



1  –  Wire  интерфейсі  aрқылы  дeрeк  таратылымын  зерттеп,  жүзеге 

асыру жолдарын түсіндіріп, бағдарламалар құру; 

 

AVR 



микроконтроллерінің 

құрама 


буындарының 

жұмыс 


мүмкіндіктері  мен  оның  командаларының  орындалу  ерекшеліктеріне 

негізделген  құрылымдар  құрып,  олардың  сәйкесті  жұмыс  бағарламаларын 

дайындау және оларды зерттеу. 

Бакалавриаттық  шығарым  жұмысымa  қойылған  тапсырмaның    және 

оған  байланысты  туынды  мәселелердің  шешілу  барысы  жұмыс  жазбасында 

келесі тәртіппен баяндалды: 

Бірінші  бөлімде  микроконтроллeрлердің  жaлпылама  құрылымы, 

нақтылы түрде  AVR микроконтроллерінің құрылымы мен түрлері қысқаша 

баяндалып,  екінші  бөлімде  AVR  микроконтроллерінің  негізінде  техникалық 

қолданымға  арналған  бірнеше  құрылымның  жұмыс  бағыты  баяндалып, 

сәйкесті жұмыс бағдарламаларының  жалпылама түсініктемесі келтірілді.  

Үшінші  тарауда  істелгeн  жұмысыма  байланысты  экономикалық 

есептеу  нәтижелері  кeлтіріліп,  төртінші  тарауда  өміртіршілік  қауіпсіздігі 

мәселелeрі талқыланды. 



 

14 


1 Микроконтроллерлердің құрылымы 

1.1 Микроконтроллердің құрылым ерекшеліктері 

Микроконтроллер  –  бір  чипке  сиятын  компьютер.  Ол  жадыдан, 

процессордан  және  кіріс-шығыс  порттарынан  тұратын  интегралды  жүйе 

болып  табылады.  Микроконтроллер  белгілі  бір  қойылған  тапсырманы 

орындау  үшін  бағдарламаланады.  Егер  оның  қызметін  өзгерту  немесе 

толықтыру қажет болған жағдайда чипке қайта бағдарламаны жүктеу қажет. 

Микроконтоллерлердің кәдімгі компьютерлерден айырмашылығы келесідей: 

 



барлық  функциялар  бір  ғана  кіші  және  ыңғайлы  мөлшерде 

орналасады; 

 

нақты тапсырманы орындау үшін бағдарламаланады; 



 

аз 



көлемде 

энергиямен 

қоректенеді. 

Себебі 


физикалық 

параметрлеріне қарай аз мөлшерде ғана энергия қорымен қамтамасыз етіледі;  

 

бірбағытты  кіріс-шығыс  порты  бар.  Перифериялық  құрылғылармен 



байланыс орнатылатындықтан тиімді болып табылады.  

Микроконтоллерді 

күнделікті 

адам 


қолданатын 

көптеген 

құрылғылардан, мысалы үй техникасынан, қозғалыс құралдарынан және тағы 

басқалардан  кездестіруге  болады.  Қазіргі  таңда  микроконтоллерді 

бағдарламалаудың 

қызметтік 

және 

пайдаланушылық 



мүмкіндіктері 

артқандықтан кеңінен қолданысқа ие болып отыр. 

Микроконтоллерлердің ең кең таралған түрлері: 

 



Atmel AVR (ATmega, ATtiny және т.б.) микроконтоллерлері; 

 



Microchip 

Technology 

PIC 

(PIC16, 


PIC24 

және 


т.б.) 

микроконтоллерлері; 

 

ARM технологиясына негізделген микроконтоллерлер. 



Қарастырып  отырған  микроконтоллерлердің  ішінде  тиімдірегін 

анықтау  үшін  сапасына  қарай  4  категорияға  бөлеміз:  бағасы,  физикалық 

сипаттамасы,  құрылым  ортасы  және  техникалық  қолдау.    Физикалық 

сипаттамасы бойынша келесідей болып табылады: 

 

процессордың  жұмыстық  жиілігі  –  чиптің  жұмыс  жылдамдығын 



анықтайды; 

 



бағдарламаның  жады  –  чипке  жүктелетін  максимал  көлемін 

анықтайды; 

 

деректерді  сақтау  жадысының  көлемі  –  бағдарламаның  өңделу 



көлемін көрсетеді;  

 



кіріс  пен  шығыстың  саны  және  оны  тағайындау  –  әртүрлі 

өткізгіштің әртүрлі  мүмкіндіктері  бар; 

 

таймер саны – уақыт критерийлерінің орындауы үшін маңызды; 



 

энергияны  пайдалану  –  мобильді  қосымшаларда  маңызды  болып 



табылады. 

 

15 


Микроконтроллер  –  электронды  құрылғыны  басқаруға  арналған 

микросхема. Қарапайым микроконтроллер жедел есте сақтау құрылғысынан 

және  тұрақты  есте  сақтау  құрылғысынан  тұрады,  оның  бір  кристаллы 

процессор мен сыртқы құрылғы қызметін атқарады.  

Микроконтроллерлер 

басқару 


саласында 

компьютерлік 

автоматтандыруды  жаппай  қолдану  кезінен  кеңінен  пайдаланыла  басталды. 

Контроллер  дегеніміз  басқару.  Ең  алғашқы  і8048  микроконтроллерді 

америкалық  Intel  фирмасы  1976  жылы  шығарған  болатын.  1978  жылы 

Motorola  фирмасы  МС6801  микроконтоллерін  шығарды.  Төрт  жыл  уақыт 

өткеннен  кейін  Intel  фирмасы  і8051  микроконтоллерін  нарыққа  шығарады. 

Осы  микроконтоллер  пайдалу  жағынан  ыңғайлы,  құрылғының  ішкі  және 

сыртқы  бағдарламалық  жады  икемді  және  бағасы  қолжетімді  болғандықтан 

нарықта і8051 микроконтоллері  фирмаға көп табыс әкелген болатын.  

Микроконтроллердегі  жедел  есте  сақтау  құрылғысында  бағдарламаны 

және  деректерді  сақтайтын  энергияға  тәуелсіз  жады  болады.  Кейбір 

микроконтроллерлерлерде сыртқы жадыны қосатын шина мүлдем болмайды. 

Жадыға жазу тек бір рет қана жүзеге асады. 

Микроконтроллерлерлерде келесідей перифериялар болады: 

 



кіріс және шығысты баптауға болатын әмбебеп цифрлық порттар; 

 



UART, I²C, SPI, CAN, USB, IEEE  1394, Ethernet  сияқты  әртүрлі 

интерфейстер; 

 

аналогты-цифрлық және цифрлы-аналогтық түрлендіргіштер; 



 

компараторлар; 



 

кең импульсті модулятор; 



 

таймерлер; 



 

дисплей мен пернетақта контроллері; 



 

радиожиілікті қабылдағыш мен таратқыш; 



 

флеш жады; 



 

орнатылған тактілік генератор; 



Өндірісте шығарылатын микроконтроллерлердің әйгілі түрлері: 

 



MCS 51 (Intel); 

 



MSP430 (TI); 

 



ARM (ARM Limited); 

 



AVR (Atmel); 

 



PIC (Microchip); 

 



STM8 (STMicroelectronics). 

Микроконтроллерді  түрлі  басқару  саласында  және  жеке  бөліктерде 

пайдалану: 

 



есептеу  техникасында:  аналық  плата,  қатты  және  илгіш  дисктер 

контроллерінде,  CD және DVD, есептеу аппараттары; 

 

электронды  басқару  жүйесі  қолданылатын,  элекроника  және 



тұрмыстық  техникада:  кір  жуу  машиналары,  микротолқынды  пештер,  ұялы 

телефондар және қазіргі заманғы аспаптар



 

16 


 

өндірісте: өнеркәсіптік автоматика құрылғылары, білдекпен басқару 



жүйесі. 

Микроконтроллерлерді  бағдарламалау    Си  және  ассемблер  тілдерінде 

жүргізіледі.  Фортран  мен  Бейсик  тілдерінің  де  компиляторы  бар. 

Микроконтроллер үшін Си тілінің келесідей белгілі компиляторлары бар: 

 

GNU Compiler Collection; 



 

Small Device C Compiller; 



 

CodeVisionAVR (AVR үшін); 



 

IAR (кез келген МК үшін); 



 

WinAVR (AVR және AVR32 үшін); 



 

Keil (8051 және ARM үшін); 



 

HiTECH (8051 және PIC үшін); 



 

CooCox (ARM үшін). 



Бағдарламаны  қалыптау  үшін  арнайы  бағдарламалық  симуляторлар, 

ішкісхемалық эмулятор және JTAG интерфейсі қолданылады. 

Қазіргі таңда микроконтроллерлер қарапайым микротолқынды пештен 

күрделі  басқару  жүйелеріне  дейін  өміріміздің  барлық  саласында  қолданыс 

табуда.  

Микроконтоллерлер  туралы  айта  келе,  келесідей  қорытынды  жасауға 

болады, 

яғни 


микроконтроллерлер 

қарапайым 

схемалардағы 

микропроцессорлардың 

орнын 

басты, 


құрастырушының 

жұмысын 


жеңілдетті, өнімді арзан әрі қолжетімді жасады. 

Осы 


дипломдық 

жобада 


Atmel 

компаниясының 

АVR 

микроконтроллерлері зерттелінеді.  



1.2 AVR микроконтроллерлері 

AVR 


бұл 

Atmel 


компаниясы 

шығаратын 

RISC 

8-битті 


микроконтроллерлер 

 

топтамасы 



болып 

табылады. 

AVR 

микроконтроллерінің    Гарвардтық  архитектурасы,    жеке  бағдарламалық 



жады және деректер жады бар.  

Бағдарлама  үшін  ішкіжүйелік  қайта  жазушы  Flash  жады  және 

статикалық  деректерге  арналған  EEPROM  жадысы  орналасқан.    Тактілік 

жиілігі 16 МГц-ке дейін жетеді.  

AVR  микроконтроллерлерінің  басым  бөлігін  бағдарламалық  жады 

үлкен көлемді серия megaAVR құраса, қалған бөлігін  tinyAVR  сериялы кіші 

корпусты  микроконтроллер  құрайды.  Одан  бөлек  USB,  CAN,  LCD,  ZigBee, 

автоматтар,  жарықты  басқару  және  жинақтауыш  қорек  көзі  бар 

құрылғыларға арналған сериялары бар.  

Барлық  AVR-де    Flash-жады  бағдарлама  бар,  ол  1-ден  256  кбайтка 

дейінгі  әртүрлі  мөлшерде  болады.  Оның  ең  басты  ерекшелігінің  бірі  – 

электрлік  қайтабағдарламалау  негізінде  құрылуы.  Яғни,  бірнеше  мәрте 

ақпаратты өшіріп, қайта жазуға болады.  

 


 

17 


 

1.1 Сурет – АVR микроконтроллерінің түрлері  

Деректер жады үш бөліктен тұрады: регистрлік жады, оперативті жады 

(ОЗУ) және энергияға тәуелсіз жады (EEPROM). 

Регистрлік жады 32 жалпы тағайындалған, құрама файл регистрлерден 

және қызметтік кіріс/шығыс регистрлерден тұрады.  

Деректерді  ұзақ  уақыт  аралығында  сақтау  және  микроконтроллерлік 

жүйенің  қызметін  өзгерту  барысында  қолдану  үшін  EEPROM  жады 

қолданылады.  EEPROM  64  байттан  4  кбайтка  дейінгі  энергияға  тәуелсіз 

электрлік  қайта  жазу  блоктарынан  тұрады.  EEPROM  жады  аралықтағы 

деректерді  сақтауға өте ыңғайлы. 

Ішкі  жедел  статикалық  жады  Static  RAM  (SRAM)  байттық  форматта 

болады  және  деректерді  жедел  сақтауда  қолданылады.  RAM-ға  жазу  және 

оқуға  шектеу  жоқ,  бірақ  қорек  көзін  кернеуден  алғанда  барлық  ақпарат 

жоғалуы мүмкін.  

AVR микроконтроллерінің перифериясына порттар, таймер-есептеуіш, 

бақылау  таймері,  аналогты  компараторлар,  10  разрядты  8  арналы  АЦТ, 

UART, JTAG, SPI интерфейстерінен, кең импульсті модулятордан тұрады.  

Микроконтроллердің  ең  маңызды  бөлігі  –  үзіліс  жүйесі.  Барлық  AVR 

микроконтроллерлерде көпдеңгейлі үзіліс жүйесі бар. Үзіліс бағдарламаның 

жұмыс кезінде ішкі және сыртқы жағдайды анықтау үшін басым тапсырманы 

орындайды. 

AVR микроконтроллерлері  сегіз немесе он алты битті разрядты бірден 

төртке дейінгі таймер/есептегіштен тұрады, олар таймер ретінде де және ішкі 

тактілік  жиілікті  есептегіш  болып  жұмыс  жасайды.  Таймер-есептегішті 

нақты  уақыттық  интервалдарды  құру,  микроконтроллер  шығысындағы 

импульстарды  есептеу,  ретті  импультерді  құру  және  қабылдап-жіберу  ретті 

байланыс арнасын тактілеу үшін қолданылады. 

Аналогты компаратор микроконтроллердің екі шығысындағы кернеуді 

салыстырады.  Салыстыру  нәтежиесінде  бағдарламадан  оқылған  логикалық 



 

18 


мән  шығады.  Аналогты  компаратор  mega8515-тен  басқа  соңғы  шыққан 

барлық AVR – де бар. 

Аналогты-цифрлық  түрлендіргіш  оның  кірісіне  берілген  кернеуді 

сандық  мәнде  алу  үшін  қызмет  етеді.  Оның  нәтежиесі  АЦТ  деректер 

регистрінде сақталады.  

Ретті  перифериялық  үшсымды  SPI  интерфейсі  екі  құрылғы  арасында 

ақпаратпен  алмасуды  ұйымдастыруға  арналған.  Оның  көмегімен  цифрлық 

патенциометр,  АЦТ,  ЦАТ,  Флеш-ПЗУ  т.б.  әртүрлі  құрылғылар  маен 

микроконтроллер  арасында  ақпарат  амау  жүзеге  асады.  Осы  интерфейс 

негізінде микроконтроллерді бағдарламалау жүргізіледі. 

JTAG  интерфейсі  алдыңғы  қатарлы  мамандар  тобы  шығарған 

электронды компоненттерді тестілеу үшін құрастырылған. Төртсымды JTAG 

интерфейсі  ішкіжүйелік  қалыптауда,  микроконтроллерді  бағдарлауда 

қолданылады. 

AVR  1,8-ден  6  вольт  кернеуінде  қоректеніп,    қызмет  етеді.  Активті 

режимде тоқты пайдалану қоректену кернеуі мен жиілігіне тәуелді.  

AVR  микроконтроллерлерін  сипаттай  келе,  зерттелетін  жұмыста 

ATmega128 микроконтроллері таңдалып алынды. 




жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет