8
9
10
11
Аңдатпа
Бұл
дипломдық
жобада
сатып
алушылардың
талаптарын
қанағаттандыратын «Eclair» кондитерлік фабрикасының ғаламтор-дүкені
құрылды. Заман талабына сай «Eclair» кондитерлік фабрикасының ғаламтор
арқылы қызмет көрсету аясы кеңейтілді және тұтынушылар саны артты. Сол
арқылы фабриканың жұмыс істеу өнімділігі артты. Тұтынушыларға қолдануға
ыңғайлы болу үшін сайт екі тілде жұмыс істейді. Тұтынушылар сайтқа тіркеле
алады. Бірнеше категориялардан тұрады. Сатып алушыларға тауарды таңдау
үшін тауарларды салыстыру бөлімі қарастырылған.
Аннотация
В дипломном проекте была создано интернет-магазин который
удовлетворяет покупателей. Кондитерская фабрика «Eclair» расширил свою
обслуживание в интернете и увеличил число потребителей. В результате
значительно улучшилась производительность фабрики. Сайт работает на двух
языках, чтоб было удобно пользователям. Покуатели может зарегистрироваться
нат сайт. Сайт состоит из нескольких категорий. Есть раздел сравнение, чтоб
легче было сравнить товар.
Annotatio
Pastry "Cook factory Eclair, that satisfies selling in it diploma project
requirements of customers, an online shop was created. To Requirement of epoch a
ravine broadened" pastry "cook factory Eclair area circumference doing service over
the internet and number of consumers increased. Through left factory to work loaded.
To Consumers to apply a web-site works, that comfortably to be, on two languages.
Consumers can to register oneself to the web-site. Some stands from categories.
Selling to the customers to choose commodity examined department for comparison
of commodities.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..................................................................................................................... 7
1
Сайтты құру құралдары.............................................................................. 9
1.1. Ғаламтор ұғым................................................................................................. 9
1.2
DNS server ұғымы........................................................................................... 13
1.3
Ғаламтордағы бағдарламалау тілдері........................................................... 15
1.4
РНР бағдарламалау тілі................................................................................... 19
1.5
HTML бағдарламалау тілі................................................................................ 23
1.6
JavaScrpit бағдарламалау тілі
23
1.7
CSS бағдарламалау тілі.....................................................................................
24
1.8
MySQL дерек қоры......................................................................................... 29
2
Ғаламтор - дүкенді құруды жобалау және оны іске асыру.......................... 32
2.1
Ғаламтор - дүкенді құру кезеңдері ................................................................
32
2.2
Жобаны іске асыру мерзімі............................................................................ 32
2.3
Сайт жасау технологиялары........................................................................... 32
2.4
Сайтты жылжыту............................................................................................. 37
2.5
Бағдарлама скриншоттары.............................................................................. 42
3
Тіршілік қауіпсіздігі.................................................................. ....................... 56
3.1
Оператордың жұмыс жағдайын талдау......................................................... 56
3.2
Жасанды жарықтандыруды есептеу............................................................ 61
4
Техника-экономикалық негізделуі............................................................... 67
4.1
Жоба сипаттамасы............................................................................................ 67
4.2
Маркетингтік стратегия................................................................................... 67
4.3
Бағдарламамен қамтамасыз етудегі еңбек сыйымдылығын есептеу........ 68
4.4
Бағдарламалық қамсыздандыру шығынның есебі........................................ 70
4.5
Бағдарлама өнімін сатып алуға кеткен бір жолғы шығындар есебі........... 74
4.6
Игеру саласындағы жылдық бір жолғы шығындар есебі............................ 75
4.7
Ақпараттық жүйе енгізуден үнем мен табыс мөлшерінің есебі................. 76
4.8
Салыстырмалы экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу...... 77
4.9
Динамикалық көрсеткіштер негізінде жобаны өткізуде
экономикалық тиімділігін бағалау..................................................................
78
Қорытынды................................................................................................................. 82
Әдебиеттер тізімі...........................................................................................................
83
Қосымша А..................................................................................................................
84
Қосымша Б.................................................................................................................. 98
7
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні адамдардың өмірін ғаламторсыз елестету мүмкін емес.
Өйткені, ол күнделікті жаңалықтармен, аудио, видео өнімдермен танысу немесе
әлеуметтік желілерде уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар әр түрлі оқуға,
жұмысқа керекті ақпаратты іздеуге, танысуға, оқып білуге, сонымен бірге
адамдардың өздерінің бизнестерін дамыту үшін керек.
Ғаламтор сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен
шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер
бірлестіктері. Кең мағынасында - бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер
жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік.
Көбіне Ғаламтор сөзімен Желінің информациялық құрамын түсінеді. Ғаламтор
– бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған технология. Ғаламтор
сонымен қатар ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді және
оперативті тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық
түрде өзін-өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып
табылады.
Қазiргi ғаламтор технологиялар бір орында тұрмайды. Жылма-жыл
жарыққа жетiлдiрiлген жаңа бағдарламалардың нұсқалары және әр түрлi
жобалар шығады. Егер 10 жыл бұрын кез-келген компания өзiнің меншiктi
ғаламтор сайтын иемденуге мүмкiндiк бере алмаса, онда бүгiнгі таңда өз
қызметтерi немесе өнiмін ғаламтор ресурстары арқылы iске асырмаған кәсiпкер
iс жүзiнде қалмады. Егер адам әлдебiр тауар алғысы келсе, ол көбiнесе, оның
үлгiсімен және оның құнымен танысу үшін бiрiншi кезекте ғаламторға кiредi,
және тек қана содан кейiн ол оның iздестiрулерiндегi дүкенге шығуды, әлде
ғаламтор арқылы тапсырыс беруді шешедi.
Аулада XXI ғасыр. Адам өзінiң зәру нәрсесiн сатып алуы үшін алыстағы
шағын кiшкене дүкенге ұзақ сағаттар бойы жол жүрмей-ақ, үйде, ыңғайлы
креслода отырып, және ғаламтор-беттерді бiртiндеп баяу аудара отырып
барлық керек заттарын сатып алуына болады. Пайдаланушының алдында
тауарлар түрлерiнiң, сонымен қатар қолайлы бағадағы әр түрлi қызмет
көрсетулердің үлкен тiзiмi ашылған. Ғаламтор - дүкендер кәдімгі дүкендердегi
бағалардан едәуiр аз болып келетін өндiрушiнiң бағаларымен тауарлардың
үлкен таңдауларын ұсынады. Ғаламтор -дүкен, көпшiлiк адамдардың пiкiрi
бойынша - бұл ғаламтордың өте жағымды «қызметтерінің» бiрi. Және бұл
шынымен ыңғайлы болғандықтан ол жылма-жыл дамып келеді. Әр компания
үшiн сайттың құрылуы- бұл үлкен артықшылық,себебі қысқа мерзiм ішінде
клиент базасы үлкееді, сонымен қатар бұл тиiмдi жарнама болғандықтан
қаражат үнемделеді. Кәсiби игерiлген сайтты басқару оңай. Сайтты
басқаратын адам оның құрылымын оңай өзгерте алады. Виртуалды дүкендегі
электрондық сауда дәстүрлi саудаға негiзделедi. Виртуалды дүкеннiң
8
артықшылығы нақтының алдында анық. Клиенттермен өзара iс-әрекеттiң
көлемiнiң қысқаруының, дискiлi кеңiстiктi жалдаудың және орналастырудың
есебінен қызметкерлер саны азаяды және «электрондық витринаны»
орналастыру, үй-жайларды жалдау арзандайды және тауарларды полкада
орналастыру оңай болады, кассалық қызмет көрсетуде мұқтаждық болмайды
және т.б.
Веб технологиясы бәріне жетімді технология болғаннан кейін, жер бетінде
Ғаламтор пайдаланушылар саны күрт өсті. Бұл, өз алдына, жаңа ресурстарға
сұранысты көбейтті. Аз уақыт ішінде Веб-серфингті сүюшілер арасында аудио,
видео және анимация ең әйгілі ресурстарға айналды.
9
1 САЙТТЫ ҚҰРУ ҚҰРАЛДАРЫ
1.1 Ғаламтор ұғымы
Ғаламтор (оқылуы интэрнэ т ағылш. Internet — International Network) —
компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Ғаламторға қосылу мүмкіндігі
болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық
кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат
алуға болады.
Қазіргі кезде Ғаламтор сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес,
Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Егер бұл терминді енгізген
ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде
жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады.
Егер Ғаламтор сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин
мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру
ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды.
Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.
Ғаламтор – кез-келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат
алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Ғаламтор – байланыс араларын
өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы
жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай
торапты кейде хост деп атайды. Торапты оның иесі – провайдер деп аталатын
ұйым немесе Ғаламтор қызметін жабдықтаушы басқарады.
Ғаламтор әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл
ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз – басқаша
тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің
бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.
Ғаламтор желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс
істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ
хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-
ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге
қабілетті болады.
Электронды почта немесе е-mail (electronic mail – электронды почта),
адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды
почтаның Ғаламтордағы негізгі функциясы – планетаның қай нүктесінде болса
да, Ғаламтордың кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды
хаттармен – мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге
асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға
болады:
дыбыстық
хабар,
құжаттарды,
сызуларды,
фотосуреттерді,
бейнематериалдарды беру ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету
және әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату сонымен қатар, ұжымдық іс-
10
әрекеттерді программалық қамтамасыз ету мекемелер мен ұйымдарда құжат
қолдану
ұжымдық
жұмысты
жоспарлау. EFT хаттамалары
бойынша
электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer – ақшалай
қаражатты электронды аудару) және EDI (Electonic Funds Data Interchange –
мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қамтамасыз
етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару. [2]
Қазіргі уақытта кез-келген информациялық технологияның жаппай
техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі.
Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен
диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, электрондық почта өте қолайлы
және аса қымбат емес.
Ғаламтор жетістігі. Ғаламтор технологисы жылдам өзгеріп отырады.
Ғаламтормен жұмыс істеу оңайлағандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім
немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр. Дегенмен, " Web-тен білгім
келген нәрсе туралы, информация таба аламын ба?" – деген сұрақ туындайды.
Сол себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар
алдында Web-тен информация алады.
Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенің білмесеңіз, оны
қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін сіз
қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.
Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ
(Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі- сізді қызықтыратын мамандықтары
бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез табу үшін сіз
сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз жетпей
жүрген затынызды да табуға болады.
Зерттеу. Заң кенселері бұрын қажетті информациялар үшін сағатына $8600
төлесе, қазір олар оны Ғаламтордан өте аз бағаға ала алады. Жылжымайтын
заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін Ғаламторға
сай келетін демографиялық мәләметтерді пайдаланады. Ғалымдар өздерінің
соңғы зерттеу нәтижелерімен ауысады. Ғаламтор көмегімен бизнесмендер
болашақтағы нарықтарды үйренеді.
Білім. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту программаларын бақылап
отыра алады. Колледж оқытушылары өз шаңырақтарымен электрондық почта
арқылы хабарласып, сонымен қатар телефонмен сөйлесу ақысын үнемдейді.
Студенттер компьютерде курстық жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар,
диалогтық режимде энциклопедияның соңғы басылымын және басқа да қажетті
материялдарды алуға болады.
Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те
туристік және басқа да қажетті информациялардан табуға болады. Желіде сапар
шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, транспорт қозғалысының уақыт
кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала -алады.
11
Маркетинг және сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы
компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі
көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап және
грампластинка дүкендерді оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті
мәліметті каталогтардан көре алады.
Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау
облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен
алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп
отырады.
Инвестиция. Адамдар акция сатып алып ақшаларын пайдалы айналымға
жібереді. Кейбір компаниялар өздерінің акцияларын оперативті режимде
ұсынады.Осылайша инвесторлар жаңа өнеркәсіптерді, ал өнеркәсіптер капитал
табады. Конференция және аукциондарды ұйымдастырушылар хабарлама
жасау, өтініш жинау немесе қатысушыларды тіркеу, т.б. жұмыстарды Web-те
жасайды. Мұнда информация барлық уақытта жаңарып отырады, мұнда
қағазды және транспорт шығынын әлдеқайда үнемдеуге болады.
Дін немесе басқада қоғамдық ұжымдар web-те өздері туралы айтып, басқа
адамдарды ұжымдарына шақыратын өз парақтары бар.
Ғаламтордың негізгі принциптері. Ғаламтор мыңдаған корпоративті,
үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен құралған. Әртүрлі архитектуралы және
топологиялы желілерді біріктіруге IP (Интернет Protocol) протоколын және
мәліметтер пакеттерін маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP
протоколы әдейі физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни
цифрлық мәліметерді тасымалдауға арналған кез-келген жүйе Ғаламтормен де
байланыса
алады.
Желілердің
байланысқан
түйіндерінде
арнайы
маршрутизаторлар
(бағдарламалық
немесе
аппараттық)
пакеттердің
қабылдаушылардың IP-адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін
сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл әлем
көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік
адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру
маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік
береді. Осылайша, Ғаламтор құрамындағы жекелеген желілер арасында
конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі.
[1]
IP протоколын IETF (Интернет Engineering Task Force) ұйымы ойлап
тапқан болатын. IETF және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік
желінің протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым
пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын
жариялайды.
Бұл
құжаттарда
көптеген
сұрақтардың
техникалық
спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі.
Қазіргі заманғы кең тараған Ғаламтор қызметтері:
–
бүкіләлемдік тор
–
веб-форумдар
12
–
блогтар
–
вики-проекттер
–
ғаламтор-дүкен
–
электронды почта
–
жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet);
–
файл-алмасу желілері
–
ғаламтор -радио
–
ғаламтор -теледидар
–
IP-телефония
–
мессенджерлер
–
FTP-серверлер
–
IRC (веб-чаттар)
–
іздеу жүйелері
–
ғаламтор -жарнама
–
өшірілген терминал
–
төлеу жүйелері.
Қазақстан ғаламторы. 1998 жылы наурыз айының басында Республика
телекоммуникациялық компанияларының басқаруымен телекомуникация
ассоцияциясы деген жаңа ұйым пайда болды .
[1]
Коммерциялық емес құрылымның шығу мақсаты – кәсіпорынның
іскерлігін
байланыстыру,
желілер
телекоммуникациясының
дамуын,
ақпараттық технологияны пайдалану және байланыс қызметін ұсынады.
Ассоцияның негізгісан есебінде : отандық және шетелдік операторлар
арасындағы құжат қатынастарын құруға практикалық көмек көрсету көзделген .
Осыған орай - тұтынушылар мен қолданушылар арасындағы қызметті де
қамтиды. Мұнда – электрондық World Wide Web-тің өсуімен қоса, көптеген
қызықты және арнайы сайттар пайда болуда. Соңғы уақытта, әртүрлі
анықтамалар, каталогтар және мәліметтер қоры (солардың ішінде неше түрлі
керекті тақырыптар ақпараты бар ) кіре бастады. Мысалы, сайтта
Өзіңізге керекті Голливудта түсірілген фильмді таңдап алып, сол фильм
туралы толық анықтама алуға болады.Оның жанрын,актерлік бөлімін,
режисерлік және де фильмнен бірнеше кадрларын көрсетіп шығарады. Сол
жерден сізді қызықтыратын кино актерлері, режисерлері және де дауыс
операторлары жайында толық мәлімет ала аласыз.
World Wide Web - қазіргі заманғы Ғаламтордың ең танымал қызметі . Оны
көбіне Ғаламтормен теңдестіреді, бірақ шын мәнінде бұл оның көптеген
қызметтерінің бірі. Бір Web-серверде бірнеше сайттар болуы мүмкін.
Электронды Wed - құжаттар принтерде басу үшін емес , компьютер экранында
қарап шығуға арналған және сонымен бірге оның қайсысында екені алдын ала
белгісіз .Web – парақтарды қарап шығуға арналған программалар броузерлер
деп аталады .World Wide Web түп- түгел гипермәтіндерден тұрады .Гипермәтін-
13
мәтінің дара блоктарымен байланысты ассоциациялық түрде ұсынылған мәтін.
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екенің
бізге белгілі болсын. Енді сол файлды өз компьтерімізге қалай әкелу жолын
қарастырайық. Мұндай мақсат үшін файлды тасымалдау протоколы деп
аталатын жүйе қолданылады(File Transfer Protocol – FTP). FTP-серверінің
мәліметтерімен қатынас жасау үшін әркім стандартты кіру сұбатын орындау
керек. Оның бір мысалы мынадай болу керек: Open named password-FTP -
серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұнда:
–
Open FTP-сервермен қатынас жасауды сұрау
–
қажетті информациямен толықтырылған аты немесе anonymous;
–
Password- сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі; [2]
Поделитесь с Вашими друзьями: |