Дипломдық жұмыста Ақтау қаласының «Актау-сити»



жүктеу 331.23 Kb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата04.05.2017
өлшемі331.23 Kb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

91
 
 
5 Экономикалық  бөлім 
 
 
Кәсіпкерлік  жоспардың  мақсаты  –  GPON  технологиялсы негізінде интер-
нетке  кіруге  болатын  кабелдік  теледидар  желісінің  өңделетін  жобасын  эконо-
микалық  тұрғыдан  негіздеу.  Бұл  жоспар  Ақтау  қаласындағы  жоспардың  ор-
ындалуы  компанияға  байланыс  және  телевизия  қызметтері  нарығынан  орын 
тауып, тұрақты және жақсы табыс алып келеді. 
Компанияның негізгі мақсаттары: 

 
қаланың ең перспективті аудандарын телевизия және интернеттің сапа-
лы қызметтерімен қамтамасыз ету; 

 
өткізу нарығын жаулап алу; 

 
пайда алу. 
Оператордың  ұйымдық  түрі  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік  болады, 
бұл осындай қызметтер үшін ең қолайлы түр болып табылады. 
Оператор  пайдаланушыларды  сапалы  түрде  қызметтердің  келесі  түрлері-
мен қамтамасыз ету керек: 

 
ақпараттық қорларға рұқсат қызметі

 
басқа желідегі пайдаланушыларымен электрондық пошта арқылы хабар 
алмасуы, Web-хостингта өзінің жеке ақпаратын орналастыру; 

 
IP телефония, ДВО және видео-телефония қызметтері; 

 
IP TV, NVOD, VOD бар қызметтер пакеті; 

 
қалған телекоммуникациялық қызметтер. 
Провайдерлік  желілеріне  рұқсат  сыртқы  торапта  ажыратылған  цифрлік 
желістер арқылы жүзеге асады. 
Операторда  көптеген  байланыс  қызметтеріне  лицензия  болады,  оның 
ішінде:  жергілікті  телефон  байланысы,  мәліметтерді  тасымалдау  қызметі, 
Интернетке шығу және цифрлік телевизия қызметі. 
Мәліметті  тасымалдауда  PON  технологиясын  қолданғандағы  Х  желінің 
айырмашалағы: 

 
интернетке және негізгі IP қызметтерге жылдам мүмкіндік; 

 
коммутациялық пакет - IP байланысына оңтайланған; 

 
абоненттің үнемі on-line қалпында болуы

 
үлкен жылдамдық - әр абонентке 100 Мбит/с дейін; 

 
тараитын ақпаратқа рұқсатсыз кіру жоғары деңгейде қорғалуы; 

 
аса өнімділік; 

 
кеңжолақты қызметтер: VPNs, VLANs; 

 
жеңіл ауқымдағы сәулет;  

 
перспективті технология. 
Айтылған  технология  әмбебап  және  кез-келген  тұтынушының  көңілінен 
шыға  алады,  50  Мб  трафикке  қанағаттанатын  жеке  Интернет  қолданушысы 
болсын, не болмаса лимитсіз трафикті қолданатын ірі компания болсын. 
Барлық тұтынушыларды негізінен 3 топқа бөлуге болады. 

92
 
Біріншілері  – көп пәтерлі  үйлерде  тұратын жеке  тұлғалар,  олар  тек  IPTV 
немесе IPTV-мен қоса кішігірім трафигі бар Интернетті қолданады. 
Екіншілері  –  заңды  тұлғалар,  олар  тек  Интернетті  немесе    Интернет  пен 
IPTV  колданады.  Олардың  қатарына  орташа  фирмаларды,  медицина  орталық-
тарын, Интернет-клубтарды жатқызуға болады. 
Үшіншілері  −  кешенді  қызметті  қолданатын  тұтынушылар  (IPTV,  IP-
телефония  мен  Интернет).  Осындай  тұтынушыларға  ірі  бизнес  орталықтарын, 
қонақүйлерді, ЖОО және жаңа тұрғын кешендері кіреді. 
Республикамыздағы  осындай  қызметтер  нарығына  келер  болсақ,  әзіргі 
таңда бұл қызметтер даму үстінде.  
Х компаниясының негізгі бәсекелестері "ICON", "Digital TV" және "Алма 
TV" болады. 
Кеңжолақты  мультисервистік  қызметтер  нарығының  ауқымды  бөлігі  Х 
компаниясына тиесілі болу керек.  
Қазірдің өзінде жаңа және бұрынғы фирмалардан бәсекелестікті байқауға 
болады.  Олар  PON,  xDSL  сияқты  жаңа  және  перспективті  технологиялардың 
тиімділігін түсінді. 
 
 
 
5.1 Компания және сала 
 
 
GPON  ұйымдастыру  қазіргі  уақытта  жете  дамып  келе  жатқан  сала.  Бұл 
стандарт телекоммуникация саласында жаңа байланыс түрі болғандықтан оның 
негізгі  тұтынушылары  ретінде  бүкіл  халықты  қарастыруға  болады.  Бұндай 
кәсіпорынды  құру  үшін  нағыз  нарық  көзі  болып  табылатын,  болашақта  ұзақ 
уақытты  стратегия  құра  алатындай,  басқа  да  байланыс  жүйелерімен  байланыс 
орната  алатындай,  тұтынушылардың  сұраныстарын  қанағаттандыра  алатындай 
байланыс түрі және жерді таңдай білу қажет. 
Келісім  сұранысы  бойынша  «Marconi  Communications»  фирмасының 
жабдықтарын  таңдаймыз  және  оны  монтаждау,  жөндеу  және  қызметкерлердің 
білімін жетілдіру кіреді. 
Шартта  жалгер  каналдарды  жалға  беру  кезінде  бағасы  тіркелген  болуы 
керек және ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттесуіне байланыссыз болады.  
 
 
5.2 Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы 
 
 
Бұл жұмыстың пайда түсімінің жоғарылауына байланысты инвестицияны 
соған сәйкес таратуға мүмкіндік беретін,  қызмет көрсетілетін абонеттер санын, 
сонымен  қатар  ұсынылатын  қызмет  түрлерін  ақырындап  көбейтуге  мүмкіндік 
беретін модульді жүйе. Бұл жобаны іске асыру кіріс және шығыс байланысының 
сапасын  жақсартуды,  байланыс  жылдамдығын  жоғарлату.  Қазақстан  мен  Ресей 

93
 
арасындағы халықаралық байланыс түрін дамыту. Сонымен қатар, ол арналарды 
уақытша қолдануға беру жобасын іске асырудың арқасында қосымша табыс пен 
пайда түсіруге мүмкіндік береді. 
 
 
5.3 Өтім нарығын талдау және қызметтер нарығын зерттеу 
 
 
Қазіргі заманғы телекомуникациялық технологиялардың дамуы іс- жүзінде 
барлық бағыттағы ұрпақтардың ауысуымен сипатталады. Байланыс жүйелерінің 
шеңберінде  үшінші  ұрпақ  жүйелеріне  кезең  бойынша  ауысу  қазіргі  уақытта 
жүріп  жатыр,  ал  соның  нәтижесінде  кеңжолақты  мәліметтерді  тарату 
шеңберінде  жаңа  технологиялардың  саны  күрт  артып,  интегралды  қызмет 
көрсетуді  ұсынатын  жүйелерді  құрудың  деңгейі  артуда.  Осының  нәтижесінде 
жаңа технологияларды ұсынатын көптеген фирмалардың (Солярис, Сomputerra, 
Siecor,  Элвис  және  т.б  фирмаларының  )  арасында  бәсекелестік  өте  үлкен 
мөлшерде байқалады. 
Бәсекелестік  –  әлемдік  нарықтың  талаптарын  қанағаттандыратын, 
нарықтың  бос  және  адал  шарттарында    мемлекеттің  тауарлар  мен  қызметтерді 
өндіру  дәрежесі,  бұл  кезде  мемлекет  өз  азаматтарының  табыстарын 
қалыптастыра отырып, оларды арттырады. 
Бәсекелестік  жоғары болған сайын, сол мемлекеттің өмір сүру деңгейі де 
жоғары болады. 
 
 
5.4 Менеджмент және Маркетинг 
 
 
Телекоммуникациялық  сферада  әрқашанда  әсер  етуші  екі  жақ  болады: 
біріншісі- көрсетілетін қызметтерді қажет ететін тұтынушылар, яғни абоненттер; 
екіншісі – осы қызметтерді ұсынатын операторлар.  Ұсынылған жаңа технология 
сапалы қызметті көрсетуі тиіс. 
Бұл  компанияның  негізгі  жылдық  жоспары  1  жылда  50000000  көлемінде 
жаңа  технологиялар  сатып  алып,  жұмыскерлердің  класификациясын  көтеру, 
жаңа  мамандар  алу.  Мерекелерде  үстем  ақы  төлеу  мен  қатар  қосымша  жалақы 
беру. Мамандарды басқа кәсіпорындарына жіберіп біліктілігін жоғарлату. 
Маркетингті  бағдарлама  –  бұл  өзінің  мақсатына  жету  үшін  кәсіпкер 
жоспарын іске асырудағы өзіндік ерекше маркетингті әсерлер. 
Телекоммуникация  аумағындағы  маркетинг  кейбір  қасиеттерге  ие 
болады,бұндағы  соңғы  тауар  оператормен  берілетін  байланыс  қызметі  болып 
табылады.Уақыттық  факторлармен  тығыз  байланысқан  және  тұтынушының 
жеке меншігіне ауыспайтын, тұтынушыда немесе желіде орнатылатын байланыс 
құрылғысы соңғы қызметпен тығыз байланысты. 
Маркетингті бағдарлама ең негізгі төрт компоненттен тұрады. 

94
 

 
Тауар - (Product) 

 
Орын/Орналастыру-(Place) 

 
Жылжу-(Promotion) 

 
Баға-(Price) 
Қызметтер  көп  қабатты  тұрғын  үйлерде,  кеңселерде,  адресі  бойынша 
тұрғызылып жатқан мөлтек аудандарда көрсетіледі. 
Жарнамалық  буклеттерді  тікелей  тарату.  Потенциялды  қажеткерлермен 
тікелей әңгімелесу. Радиода, СМИ-да жарнамалардың орналасуы 
 «Казахтелеком»  ААҚ  орнатқан  бағасын  жобаны  іске  асыру  кезінде 
қолдану болып табылады. 
 
Бірлестіктің  дұрыс  таңдалған  маркетинг  саясатына  бүкіл  кәсіпорынның 
табысты болуы тәуелді. Бұл әртүрлі сауда орталықтарындағы IP TV демонстра-
циялық  көрсетілімдері,  телевизия,  радио  және  БАҚ  құралдары  арқылы  жарна-
малау.  
«KITEL» сынды IT-индустриясы көрмелеріне қатысу өте маңызды болып 
келеді.  Сондай-ақ,  абоненттерді  ақысыз  негізде  пилотты  (демонстрациялық) 
тәртіпте  қосу  ұтымды  жүріс  болып  саналады,  мұндай  қосылымды  абонент 
бағала-ғаннан соң өзі үнемі қосылып тұрады. 
Өнімді  нарықта  алға  бастыру  үшін  жарнаманың  келесі  түрлерін  пай-
далану ұйғарылады: 
-
 
бұқаралық ақпарат құралдары;  
-
 
жарнама тақталары, плакаттар, прайс-қағаздар;  
-
 
жылма-жыл көрмелер. 
 
 
5.5 Қаржы жоспары 
 
 
5.5.1  Оптикалық  кабельдің  салынуына  және  монтажына  кететін  күрделі 
шығындар. Жұмсалатын қаржы көлемін анықтау, К

:
 
 
К

:
= К
О 
+ К
Ж 
+ К
М 
+ К
жт 
+ К' 
(5.1) 
 
мұндағы К
О
 - құрал-жабдық сатып алуға жұмсалатын қаржы, тг; 
К
Ж 
- жобалау шығындары, тг; 
К
М 
- сымжелінің монтажына жұмсалатын қаржы, тг; 
К
жт
 - жүк тасымалдау шығындарына жұмсалатын қаржы, тг; 
К' - орауға кететін шығындар, тг. 
 
Төмендегі  5.1  -  кестеде  бізге  қажетті  құрал-жабдықтардың  тізімі  және 
құрылғылар-дың бағасы көрсетілген.  
 
 
 

95
 
5.1 - к е с т е . Құрылғылар құны 
Құрылғы 
Тип, маркасы 
Саны 
Бірлік бағасы, 
тенге 
Толық бағасы, 
тенге 
OLT 
FlаxLight 2500LT 

1878800 
1878800 
ONT 
FlаxLight 1000NT 

67 100 
201300 
FlаxLight 540NT 

80 520 
322080 
FlаxLight 530NT 

134 200 
805200 
FlаxLight 510NT 
25 
241 560 
5797440 
Коммутатор 
Cisco Catalyst 
3750G-24TS 

946 000 
945000 
Сервер 
AquaServer PD352 

335 500 
671 000 
Цифрлық стример 
Anevia Flamingo 
220S 

27 000 
54 000 
Эфирлік антенна 
DIP 26/6-12/21-60 

9 500 
9 500 
Сплиттерлер 
 
29 
1 500 
43 500 
Модуль GBIC 
 

2 000 
4 000 
Оптикалық кабель 
 
15000 
120 
1920 000 
Кабель UTP 5E Cat 
 
2 000 
15 
30 000 
Телекоммуникациялық 
шкаф 
 

46 000 
92 000 
Абоненттік құрылғылар 
AmiNET110 
1 100 
2 000 
2200 000 
Барлығы 
 
 
 
14973820 
 
Кабельді  салуды  ұйымдастыру  үшін  кететін  күрделі  шығындар  келесі 
формуламен анықталады: 
 
К
Ж
 = 1,07 * К'
Ж
 * L
Ж
 
(5.2) 
 
 
мұндағы К
ж
 - бір километр оптикалық кабельдің құны, тг; 
L
ж
 - жобаланған абоненттік қатынау желісінің жалпы ұзындығы, км; 
1,07  -  құрылыс  кезіндегі  кабельдің  артықшылығын  ескеретін  коэффи-
циент. 
 
Бір  километр  оптикалық  кабельдің  құны  600 000  тенгені  құрайды  (бұл 

96
 
құнға канализацияда кабельді тосеу, құрылыстық алаңда құрылыстық кабельдің 
ұзындығын өлшеу және муфт қондырғысын орнату жатады).  
Таңдалынып алынған сұлба бойынша жоспарланған желінің жалпы ұзын-
дығы 7,15 км-ді құрайды. 
Жоғарыда  көрсетілген  бойынша,  кабельді  салу  үшін  кететін  күрделі 
шығынды (5.2) формуламен анықтаймыз: 
 
К
Ж
 = 1,07 * 600 000 * 7,15 = 4590300 тг.  
 
Құрылғының  монтажына  кететін  шығынды  табамыз,  ол  құрылғының 
жалпы құнының 10%-н құрайды:  
 
Км = 14 973 820 * 0,1 = 1 497 382 тг. 
 
Жүк  тасымалдау  және  складтық  дайындық  жұмыстарына  кететін  шығын 
құрылғының жалпы құнының 2,5
 
%-н құрайды:  
 
К
жт
 = 14 973 820 * 0,025 = 374 345,5 тг.  
 
Орауға кететін шығындар құрылғының жалпы құнының 0,5% құрайды: 
 
К' = 14 973 820 * 0,005 = 74 869,1 тг. 
 
Жалпы күрделі қаражат шығыны: 
 
 
К

  =  14 973  820  +  4  590  300  +  1 497 382  +  374 345,5  +  74 869,1  = 
21 510 716,6 тг. 
 
5.5.2  Жылдық  эксплуатациялық  шығындарды  анықтау.  Эксплуатациялық 
шығындарды келесі өрнектен анықтаймыз: 
 
Э = Ж + С
әл.с
 + А + М + С
эл
 + С
адм
 + С
ж 
(5.3) 
 
мұндағы Ж  - қызметкерлердің әлеуметтік  кепілденуге төленетін төлемде-
рімен қосқандағы негізгі және қосымша жалақысы, тг; 
С
әл.с
 - әлеуметтік салым, тг;  
А - амортизациялық аударымдар, тг; 
М - материалдар мен қосалқы бөлшектерге кететін шығындар, тг; 
С
эл
 - өндіріске қажетті электр энергиясының шығындары, тг; 
С
адм
 - өзге де басқару, административті және пайдалану шығындары, тг; 
С
ж
 - жарнама шығындары, тг. 
Жоба  бойынша  қазіргі  қолданыстағы  техникалық  нысаналар,  электрмен 
қамту  көздері  қарастырылады.  Қондырғыны  жөндеу  және  орнату  жұмыстарын 
қызметкерлер  орындайды  деп  саналады,  сондықтан  шығындар  көлемі  аз  бола-

97
 
ды.  Инженер  қызметіне  0,5  қойылым  төленеді.  Жалақыны  анықтау  үшін  5.2  - 
кестеде қызмет көрсететін жұмысшылардың орташа айлықтары келтірілді. 
 
5.2 - к е с т е . Қызмет көрсететін жұмысшылардың орташа айлықтары 
Тізім 
Саны 
Айлық жалақысы, 
тенге 
Жылдық жалақысы,  
тенге 
Барлығы 
Инженер I 
категория 

100 000 
1 200 000 
1 200 000 
Инженер II 
категория 

70 000 
840 000 
840 000 
Операторлар 

50 000 
200 000 
2 400 000 
Барлығы 

220 000 
2 240 000 
4 440 000 
 
Бір жыл ішіндегі негізгі жалақы Ж
нег 
= 4 440 000 тг. 
Жалақының  жылдық  қорына  негізгі  жалақының  30  пайызын  құрайтын 
қосымша  жалақы  кіреді  (мейрам  күндері  жұмыс  істеу,  тыс  уақытта  жұмыс 
істеу):  
 
Ж
қос 
= Ж
нег  
* 0,3 = 4 440 000*0,3 = 1 332 000 тг. 
 
Еңбек төлемдерінің қоры негізгі және қосымша жалақыдан табылады: 
 
ЕТҚ = Ж
нег
 + Ж
қос
 = 4 440 000 + 1 332 000 = 5 772 000 тг. 
 
Әлеуметтік салық еңбек төлемдерінің қорының 11 пайызын құрайды:  
 
С
әл.с
 = (ЕТҚ - 0,1 * ЕТҚ) * 0,11 = (5 772 000 - 577 200) * 0,11=571 428 тг. 
 
Сонда, 
 
Ж = ЕТҚ + С
әл.с
 = 5 772 000 + 571 428 = 6 343 428 тг. 
 
Амортизация қондырғы құнының 15 пайызын құрайды: 
 
А = 21 510 716,6 * 0,15 = 3 226 607,49 тг. 
 
Электр энергиясына қажетті шығындар: 
 
С
ЭЛ
 = W * T * S 
(5.4) 
 

98
 
мұндағы W - тұтынылатын қуат, W=4,6 кВт (OLT - 51 Вт, ONT - 550 Вт, 
сервер - 1460 Вт, шкаф - 2,4 кВт; басқалары - 120,3 Вт); 
Т - жұмыс істеу уақыты, Т = 8760 сағ/жыл; 
S  -  киловатт-сағат  электр  энергиясының  құны.  Бұл  құрылғы  электрді  24 
сағат  пайдаланатын  болғандықтан  біз  Ақтау  қаласы  үшін  тағайындалған 
екізоналы  есептеу  жүйесін  пайдаланамыз,  яғни  күндізгі  тариф  1  кВтч  үшін  -
19,48 теңге, ал түнгі тариф 1 кВтч үшін - 4,29 теңге.  
 
Сонда жалпы құны: 
 
S = 19,47 + 4,29/2 = 11,885 тг/(кВт*сағ). 
 
Электр энергиясына қажетті шығындар: 
 
С
ЭЛ
 = 4,6 * 8760 * 11,885 = 478917,96 тг. 
 
Материал мен қосалқы бөлшектерге керек шығындарды жүйенің құнынан 
2 пайыз ретінде анықталады: 
 
М = 14 973 820 * 0,02 = 299 476,4 тг. 
 
Өзге шығындардың құны ЕТҚ 10 пайызын құрады:  
 
С
адм
 = ЕТҚ * 0,10 = 5 772 000 * 0,10 = 577 200 тг. 
 
Берілген  жобаның  қолданысқа  енуі  жарнамаға  тәуелді  болғандықтан, 
жарнама шығындарын айына 53700 тенге деп қабылдаймыз:  
 
С
ж 
= 53700 * 12 = 644 400 тг/ж. 
 
Несие алу қарастырылмағандықтан «Қазақтелеком» АҚ өзінің қаржылары 
пайдаланылады  да,  К
Р 
көрсеткіші  нөлге  тең.  Осылайша  эксплуатациялық 
шығындар келесі шамаға тең болады: 
 
Э = 6 343 428 + 3 226 607,49 + 299 476,4 + 478 917,96 + 577 200+ 644 400 = 
11 570 029,85 тг.  
 
 
5.6 Жобаның кірістік және тиімділік есептеулері 
 
 
Бөлімде  өзге  өнімдерге  және  өнеркәсіптің  дамуына  және  кеңейтілуіне 
керекті  қаржыны  анықтау  жоспары  келтіріледі.  Қаржылардың  қажеттігін 
бағалау  орындалады.  Берілген  жобаны  іске  қосу  үшін  21 510 716  тенге 

99
 
инвестиция керек және ішкі өзіндік қаржыландыру қолданылады. 
Мүмкін болатын салынған қаржының қайтарылу мерзімі табыстарды қоса 
есептегенде  –  18  ай  болуы  тиіс.  Қондырғының  жұмыс  істеу  мерзімі  14  ай  деп 
қарастырғандағы  берілген  жоба  бойынша  салынған  қаржының  толық 
дисконтталған қайтарылу мерзімі жарты жыл шамасында болады. 
Желі  абоненттері  ретінде  заңды  және  физикалық  тұлғалар  сымсыз 
рұқсат  жүйесінің  40/60  пайыз  сыйымдылығы  қолданылады.  Сондықтан 
есептеулерді  орындау  үшін  физикалық  және  заңды  тұлғаларға  бөлек 
тарифтерді  ескеру  керек.  Орташа  есеппен  200  абоненттің  қосылуын 
есептейміз. 
Операторлардың табыстары келесі құраушылардан тұрады: 
 
D = D
заң т 
+ D
физ т 
 
(5.5) 
 
мұндағы D
заң т 
 - заңды тұлғалардан табыс, тг; 
D
физ т 
 - физикалық тұлғалардан табыс, тг. 
 
Заңды тұлғалардан табыс орнатудан келетін табыстан және  абоненттік 
төлем табыстарынан құралады. 
Заңды тұлғаларға орнатудан түсетін табыс келесі жолмен анықталады: 
 
D
заң орн  
= q * U
орн заң 
 
(5.6) 
 
D
заң орн  
= 80 * 44280 = 3 542 400 тг. 
 
мұндағы U
орн заң 
- заңды тұлғалар үшін орнатудан алынатын бір уақыт-
тық тарифі, тг; 
q - заңды тұлғалар абоненттерінің саны; 
 
Интернет желісінің қорын пайдаланған үшін алынатын табыстар: 
 
D
Абон.Интернет  
= 80 * 20000 * 12 = 19 200 000 тг. 
 
U
АбП.Internet
 = 20000 теңге (Трафик 5 Гб); 
 
Т.о. заңды тұлғалардан түсетін табыс: 
D
заң т 
 = 3 542 400 + 19 200 000 = 22 742 400 тг. 
 
Физикалық  тұлғалар  пайдасы  орнату  және  абоненттік  төлем 
табыстарынан тұрады.  
Физикалық  тұлғалар  үшін  орнатудан  түсетін  табыстар  келесідей 
анықталады: 
 
D
физ орн  
= q * U
орн физ 
 
(5.7) 

100
 
D
уст.физ 
= 120 * 1470 = 176 400 тг. 
 
мұндағы  U
орн  физ 
-  физикалық  тұлғалар  үшін  орнатудан  алынатын  бір 
уақыттық тарифі, тг; 
q - физикалық тұлға абоненттерінің саны. 
 
Интернетті пайдалану бойынша табыстар: 
 
D
абон.төл  
= q * U
абон.физ 
 
(5.8) 
 
мұндағы q - физикалық тұлғалардан абоненттер саны; 
U
абон.физ.
 - физикалық тұлғалар үшін абоненттік төлем тарифі, тг. 
 
D
абон.төл 
= 120 * 4500 * 12 = 6 480 000 тг.  
 
U
АбП.Internet
 = 4500 теңге (Трафик 5 Гб); 
 
Интернетті пайдалану бойынша табыстар: 
 
D
физ.т 
= D
орн.физ 
+ D
абон.т 
= 176400 + 6480000 = 6 656 400 тг. 
 
Осылайша, оператор табыстары: 
 
Т = 22 742 400 + 6 656 400 = 29 398 800 тг. 
 
5.4.1 Пайдалар және қайтарылу мерзімдерін есептеу. Қайтарылу мерзімін 
есептеу үшін абсолютті экономикалық тиімділік шамасын білу қажет.  
Абсолютті  экономикалық  тиімділік  таза  табыстың  (ТТ)  капитал  салым-
дарының құнына қатынасы ретінде анықталады: 
 
 
(5.9) 
 
Таза табыс келесі жолмен анықталады: 
 
ТТ = Т – Э 
(5.10) 
 
ТТ = 29 398 800 - 11 570 029,85 = 17 828 770,15 тг. 
 
Осыдан, 
 
Е = 17 828 770,15 / 21 510 716,6 = 0,83 
 
Қайтарылудың  есептік  мерзімі  абсолютті  экономикалық  тиімділікке  кері 
К
ТТ
Е


101
 
шама ретінде анықталады:  
 
T = 1/E=1/0,83 =1,2  
 
Осылайша, жобаның шығындарының қайтарылу мерзімі 12 ай. 
Нормативті дисконтталу коэффициенті: 
  
5.3 - к е с т е . Экономикалық негізгі көрсеткіштер 
Көрсеткіш атаулары 
Мәні, тенге 
Жүйенің құны 
14 973 820 
Тасымалдау құны 
374 345,5 
Орнату құны 
4 590 300 
Капитал шығындары 
21 510 716,6 
ЕТҚ 
5 772 000 
Әлеуметтік салық 
571 428 
Амортизациялық аударымдар 
3 226 607,49 
Электр энергиясының шығындары 
478 917,96 
Жарнама шығындары 
644 400 
Эксплуатациялық шығындар 
11 570 029,85 
Табыс 
29 398 800 
Таза табыс 
17 828 770,15 
Абсолютті экономикалық тиімділік 
0,83 
Қайтарылу мерзімі, айлар 
12 
Дисконтталуды ескергендегі қайтарылу мерзімі, жыл 

 
5.1 - суретте бағдарламаны жобалаудың шығын құрылымы көрсетілген. 
 
ТТ
i
 = ТТ
нег
/(1+r1) * t 
(5.11) 
 
мұндағы ТТ
i
 - қондырғыны i-рет пайдаланғанна кейінгі таза табыс, тг; 
ri - дисконтталу қойылымы; 
r1=20% жылдық; 
t - дисконтталу уақыты. 
 
ТТ1 = ТТ
нег
 / (1+0,2) 1 = 17 828 770,15/ 1,2 = 14 857 308,46 тг. 
ТТ2 = ТТ
нег
 /(1+0,2) 2 = 17 828 770,15 / 2,4 = 7 428 654, 23 тг. 
 
ТТ3 = ТТ
нег
 /(1+0,2) 3 = 17 828 770,15 / 3,6 =  4 952 436,43 тг. 
 
Дисконтталуды ескергеннен кейінгі қайтарылу мерзімі: 
 
Т = К
вл 
/ ТТ
ср 
= 21 510 716,6 / 9 079 466,4 = 2,3 екі жыл 
 

102
 
 
 
5.1 - сурет. Жобаның экономикалық көрсеткіші 
 
Жоғарыдағы  кестеде  барлық  есептеулер  нәтижесінде  көріп  отырған-
ымыздай,  экономикалық  тиімділік  көрсеткіші  0.83,  ал  қайтарылым  мерзімі 
12 ай. Яғни, жобаланатын желі сегіз айдан кейін өзін-өзі ақтап, пайда әкеле 
бастайды.  Келесі  GPON  желісін  ұйымдастыру  телекоммуникация  саласы 
үшін табысты болып саналады. 

жүктеу 331.23 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет