Дипломдық жұмыста Ақтау қаласының «Актау-сити»



жүктеу 331.23 Kb.
Pdf просмотр
бет7/9
Дата04.05.2017
өлшемі331.23 Kb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 
4.2 Қоршаған ортаны қорғау 
 
 
Қалдықсыз  өндірістік  технологиялар.  Қалдықсыз  өндіріс  өндіріске 
еңгізілген  табиғи  ресурстарды  неғұрлым  тиімді  және  үнемді  пайдалану  үшін 
шешімдер  кабылдау  үшін  кажет.  Территориялық-өндірістік  комплекстер  ішіндегі 
энергия  мен  заттар  ағынына  талдау  нәтижесі,  әрбір  келесі  кезеңде  алынатын 
өнімнің массасы, алдыңғы кезеңдегі өнімнің массасынан түрлі қатты, газ, сұйық 
күйдегі  қалатын  калдық  мөлшеріне  аз  болатынын  көрсетті.  Ал  бұл 
қалдықтардың  өзін  де  белгілі  мақсатта  пайдалануға  болады.  Өндірісті 
интенсивтендіруге  байланысты  қалдықтар  мен  қосымша  өнімдерді  өндірісте 
қайтадан  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  жаңа  экологиялық  таза  технологиялар 
пайда болды.  Қалдықтардың  түзілуін  азайта  отырып,  өндірістің  рентабельдігін, 
ресурстарды  пайдалану  коэффициентін  көтеруге  жэне  соның  нәтижесінде 
табиғатты корғау іс-шараларына жұмсалатын шығынды азайтуға болады. 
Қалдықсыз  өнім  өндірісінің  мәні  -  жұмсалатын  ресурстарды  толык 
пайдалану  арқылы  биосфераның  ластануына  жол  бермеу.  Практика  жүзінде 
қалдықсыз  өнім  өндіруді  жүзеге  асыру  өте  қиын.  Қалдықсыз  өнім  өндіруге 
технологиялык  процестер  мен  құрал-жабдықтардың  тиімділігін  арттыру, 
рекуперацияны пайдалану, қоланылып келе жатқан технологиялык процестерді 
анағүрлым  экологиялық  жағынан  таза  процестермен  алмастыру,  т.б.  арқылы 
жетуге болады. 
Қалдықсыз  өнім  өндірісін  енгізуден  біз  не  күте  аламыз?  Практика 
көрсеткендей,  олар:  биосфераға  келетін  шығынды  төмендету,  шикізат  пен 
энергетикалык  ресурстарды  үнемдеу,  шикізат  базасын  кеңейту,  қалдықтарға 
жұмсалатын шығынды азайту, т.с.с. 
Қалдықсыз өнім шығару технологиясының ең жақсы  мысалы - хромдау 
гальваникалық  цехының  қазіргі  заманғы  технологиясы.  Бұл  технология 
бойынша,  шайылатын  судағы  ауыр  металл  иондары  тазартқыш  қондырғыға 
сіңіріліп, хромдау ваннасына қайтып келеді, ал тазартылған технологиялық су 
хромдалған  детальдарды  жууға  қайтадан  қолданылады.  Бұндай  мысалдарды 
көптеп кездестіруге болады. 
Көптеген  мемлекеттерде  тұрмыстық  қалдықтарға  карағанда  өндірістік 
калдықтардың мөлшері әлде қайда жоғары  болады. Қалдықтар касиеттеріне 
байланысты  "қауіпті",  "қауіпсіз",  улы,  күйдіргіш,  тұтанғыш,  т.с.с.  болып 
бөлінеді.  Қалдықтарды  шығу  тегіне  байланысты  да  жіктеуге  болады,  олар: 

82
 
тұрмыстық,  өндірістік,  ауылшаруашылық,  медициналык,  т.б.  Қалдыктар 
жиналған  аймақта  1,5  км-ге  дейін  территория-ның  топырағы  пен  өсімдіктер 
дүниесі ластанады. 
Қазіргі  кезде  үлкен  қалаларда  жылына  1  адамға  шаққанда  250-300  кг-нан 
қатты тұрмыстық қалдықтар жиналады. (4.10 -кесте) 
 
4.10- к е с т е .   1  млн  халқы  бар  қаланың  қатты  тұрмыстық  қалықтар 
жиыны 
Қалдық түрі 
Мөлшері,(т) 
ЖЭС күлі, шлактары 
550,0 
Қатты қалдықтар ,(жалпы канализациядағы) 
420,0 
Ағаш текті қалдықтар 
400,0 
Қатты тұрмыстық қалдықтар 
350,0 
Қара металлургия өнеркәсібінің қалдықтары 
320,0 
Тамақ өнеркәсібінің қалдықтары 
130,0 
Түсті металлургия өнеркәсібінің қалдықтары 
120,0 
Химия заводтарының ағызынды сулары құрамындағы қалдықтар 
90,0 
 
 
4.10-кестеде  Қалдық  түрлері  және  олардың  мөлшері,  қазіргі  таңда 
қалдықтың  шығуының  түрлері  көп,  мысалға  кестедең  көріп  отырғанымыздай 
ЖЭС, Қара металургия, тамақ өнеркәсібінің қалдықтары сияқты т.б. 
 
Адамзат 
коғамының 
дамуында 
өнеркәсіп 
өндірістері 
мен 
ауылшаруашылығындағы  жаңа  көзқарас  аз  қалдықты  және  қалдықсыз 
технологияларды еңгізу болып отыр. 
 
Қалдықсыз  технология  дегеніміз  -  БҰҰ  Европа  экономикалық 
комиссиясының 
Деклорациясына 
(1979) 
сәйкес 
адамзат 
қоғамының 
қажеттіліктерін  қамтамасыз  етуде  табиғи  ресурстарды  барынша  тиімді 
пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау үшін білім мен ғылымның жетістіктерін, 
түрлі әдістер мен қүралдарды практикада қолдану болып табылады. 1984ж. БҰҰ 
осы комиссиясы бұл түсінікке накты анықтама берді: "Қалдықсыз технология  - 
шикізат  ресурстары  -өнеркәсіп  орны  -  түтынушы  -  екінші  реттік  ресурстар" 
циклында  шикізат  пен  энергияны  барынша  тиімді  және  комплексті,  қоршаған 
ортаға  кез  келген  әсерлердің  түрі  оның  қалыпты  жұмыс  істеуіне  кері  әсерін 
тигізбейтін  жағдайда  пайдалануды  қамтамасыз  ететін  өнім  өндірудің  (процесс, 
өнеркэсіп, террито-риялық - өндірістік комплекс) әдісі болып табылады. 
 
Қалдықсыз  технология  -  өңделетін  шикізат  пен  осы  процесс  нәтижесінде 
түзілетін  қалдықтарды  толығымен  пайдалануды  жүзеге  асыратын  өндіріс 
процесінің әдісі. 
Қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету,  шикізат  пен  энергияны 
үнемді  пайдалану  үшін  материалдық  ресурстарды  қайта  пайдалану,  яғни 
рециркуляция  үлкен  роль  атқарады.  Мысалы,  металлоломнан  алюминий  алу 
өндірісінде бокситті балқыту  үшін жүмсалатын  энергия мөлшері 5%ғана,  1 т. 
екінші  реттік  шикізатты  қайта  балқыту  кезінде  4  т  боксит  пен  700  кг  кокс 
үнемделеді,  оның  үстіне  атмосфераға  бөлінетін  зиянды  фтор  қосылыстарының 
мөлшері 35 кг-ға азаяды екен. 

83
 
Шын  мәнінде  калдықсыз  технология  практикада  болуы  мүмкін  емес, 
себебі,  кез  келген  өндіріс  орны  жұмыс  істеу  барысында  ең  болмағанда  жылу 
түрінде  болса  да  қоршаған  ортаға  қалдық  бөледі.  Сондықтан  қалдықсыз 
технология туралы сөз болғанда біз аз қалдықты технологияны айтамыз. 
Көптеген авторлардың пікірінше, қоршаған ортаға түрлі зиянды қалдықтардың 
әсері  мен  мөлшерін  азайту  үшін  темендегідей  іс-шараларды  жүзеге  асыру 
қажет: 

 
қалдықсыз технологиялық жүйелердің түрлі типтері мен қалдық суларды 
тазартуға негізделген су айналымы циклдарын енгізу; 

 
өндірістік  қалдықтарды  екінші  реттік  материалдық  ресурстарға  өңдеу 
жүйелерін жасау; 

 
ресурстарды  бірнеше  қайтара  пайдаланудың  талаптарына  сәйкес  жаңа 
өнім түрлерін дайындау мен шығару; 

 
қалдық  түзілетін  кезеңдерін  қысқартуға  немесе  мүлде  жоюға 
мүмкіндік беретін жаңа өндірістік процестерді құру. 
Болашақта қалдықсыз технологиялар жасауға бағытталған осы комплексті 
іс-шаралардың  ең  бастапқьі  кезеңі  қазіргі  кезде  кейбір  өнеркәсіп 
орындарында жүзеге асырылып  отырған су пайдаланудың жабық, айналымды 
циклы деуге болады. 
Облыстың  ауа  бассейні  екі  түрлі  жолмен  (  табиғи  және  антропогендік) 
ластанады.  Күшті  шаңды  борандар  мен  Маңғыстау  жеріндегі  тұздардың  болуы 
ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.  
Бізді  қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау  саласында  биотехнологияны 
қолдану  дегеніміз  -  адамға  пайдалы  өнімдер,  процестер  мен  құбылыстарды 
микроорганизмдер 
көмегімен 
алып, 
оларды 
заттар, 
энергия 
мен 
информацияның  табиғи  айналымына  енгізу,  сол  арқылы  биологиялық 
объектілер,  микроорганизмдер,  олардық  қауымдастықтары,  метаболиттері  мен 
препараттарьша негізделген технологиялык процестерді жасау болып табылады. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  биотехнология  әсіресе  төмендегі 
мәселелерді шешу үшін кең түрде қолданылады: 

 
ағызынды  сулардың  катты  зат  фракциясын,  қатты  тұрмыстық 
қалдықтарды анаэробты ашу процесінің көмегімен өңдеу; 

 
табиғи  және  ағызынды  суларды  органикалық  жэне  минералдық 
қосылыстардан биологиялық жолмен тазарту; 

 
ластанған  топырақты  ағызынды  сулар  кұрамындағы  ауыр  металдарды 
нейтралдайтын микроорганизмдер арқылы қалпына келтіру; 

 
өсімдік қалдықтарын компостау (биологиялық тотықтыру); 

 
ластанған ауаны тазартатын биологиялық активті сорбент материалдар 
жасап шығару. 
 
 
 
 

84
 
4.3 Техника қауіпсіздігі 
 
 
Жасанды жарықтандыру. Жасанды жарық табиғи жарықтың жоқ немесе аз 
болған  жағдайда  қолданылады.  Жасанды  жарық  көздері  жоғары  және  төменгі 
қысымды газоразрядты шамдар, жазық және тесікті световодтар шамдары. 
Еңбектің  қолайлы  шаттарын  орнату  үшін  өндірістік  жарық  келесі 
талаптарға сәйкес болуы керек. 
– Жұмыс орындағы жарық ҚР СНиП 2.04-05-2002 бойынша орындалатын 
жұмыстың сипаттамасына сәйкес болуы керек («табиғи және жасанды жарық. 
Жалпы талаптары») 
– Жарық жұмыс бетіне немесе айналасына мүмкіндігінше бірқалыпты 
берілуі керек 
– Кенет көлеңкелер болмауы керек 
– Дұрыс жарық берілуі үшін жарық шамның керекті спектральді құрамын 
қамтамасыз етуі керек. 
– Жарық жүйесі басқа зиянды факторлардың (шу) қайнар көзі болмауы 
керек, онымен қоса электро және өртке қауіпсіз болуы керек. 
Жасанды жарықтың түрлері: жұмыстық, авариялық, күзеттік. 
Жұмыстық  жарық  –  ғимарат  іштерінде  және  жұмыстардың  өндірістік 
жерлерінде нормирленген жарықтық талаптар беретін жарық. 
Авариялық  жарық  қауіпсіздік  және  эвакуациялық  жарық  болып  бөлінеді. 
Қауіпсіздік  жарық жұмыстың жарықтың 5%-ін құрайды. Бұл  жарық  жұмыстық 
жарық  өшіріліп,  ол  өз  кезегінде  өрт,  жарылыс,  адам  улануына,  т.с.  секілді 
процестерге әкеле алған жағдайда қолданылады. 
Эвакуациялық  жарық  нормативтік  жарықтың  авариялық  өшуі  кезінде 
адамдарды ғимараттан эвакуациялау үшін қолданылады. Ол адам өтуіне қауіпті 
жерлерде  орнатылады.  Ғимарат  ішінде  жарық  0,5  лк-ден  және  ғимараттан  тыс 
0,2 лк-ден аз болмауы керек. 
Күзеттік  жарық  түнгі  уақытта  күзетіліп  отыратын  терриорияларға 
қойылады. 
Жарықтың келесі жүйелері бар: 
– Жалпы жарық ғимаратты бірқалыпты жарықпен қамтамасыз ету үшін 
керек. 
– Жергілікті жарық – стационарлы және жылжымалы – тек қана жұмыстың 
орынды жарықтандыру үшін керек. 
– Комбинирленген жарық – жергілікті және жалпы жарықтардың 
қосындысы. 
Тек қана жергілікті жарықты қолдануға тыйым салынады. 
Жасанды  жарықтың  номирленуі  ҚР-ның  СНиП  2.04-05-2002  бойынша 
жүргізіледі («табиғи және жасанды жарық. Жалпы талаптар). Жұмыс орнындағы 
жарық  жасалынатын  жұмыстың  шартына,  жарық  көзінің  түріне  және  жарық 
жүйесіне байланысты номирленеді.  
Көрермендік жұмыстың шарттары келесі параметрлермен анықталады: 

85
 
– Ажыратылатын объект өлшемі – жұмыс орындау кезінде көрсетіліп 
қойылатын ең кіші өлшем. 
–  Фон – ажыратылатын объекттің беті шағылу коэффицентімен (р) 
сипатталады. Бұл коэффициент беттің түсіне және фоктурасына байланысты. 
Егер р>0,4 болса, фон жарық, 0,2<р<0,4 орташа, р<0,2 қаранғы фон болып 
саналады.  
– Объекттің фонмен контрасты (К) – фонның және объекттің шағылу 
коэффициенттерінің айырмасының фонның шағылу коэффициентіне қатынасы. 
К<0,2, контраст кішкентай, 0,2<К<0,5 орташа, К>0,5 болса контраст үлкен 
болып саналады. 
Көрермендік жұмыстың шарты фонның жарықтығын үлкейткен кезде 
жақсарады. Оны ғимараттың және өндірістік құрылғының беттерінің шағылуы 
коэффициентін үлкейткен кезде алуға болады. 
Жарықтылықтың абсолютті шамасынан басқа, жарықтың сапалы 
сипаттамалары нормирленеді: соқырлықтың көрсеткіші және жарықтылықтың 
пульсациясының коэффициенті. 
Жасанды жарықтың есептеуі келесі тапсырмалары орындауда негізделген 
жарықтыдық жүйесін, жарық қайнар көзінің түрін, жарықтандырғыштардың 
орналасуын тандау, жарықтехникалық есептеуді орындау және 
жарықтандырғыш қондырғының қуатын анықтау. 
Жарықтехникалық есепту былай орындалады: 
– Қолдану коэффициенті әдісі арқылы; 
– Нүктелік әдіс арқылы
Өнеркәсіптегі  жарықтандыру  адамның  көру  жұмыс  әрекетіне,  физикалық 
және моралді жағдайына, яғни жұмыс өнімділігіне, сапасына және өнеркәсіптік 
жарақаттануға үлкен әсерін тигізеді.  
Бөлмедегі шамның орналасуы Сурет 4.1-суретте орналасуы көрсетілген. 
 
 
 
a - бүйір жазықтығы бойынша қыйма 
b – астынан көрінісі (накаливания шамы мен ДРЛ) 
c – астынан көрінісі (люминесцентті шамдар) 
 
 
4.1-сурет. Шамдардың жалпы орналасуы 
 
4.1-суретте көрсетілгендей шамдар былай орналасады: H  – бөлме биіктігі, 
h  –  жұмыс  орнынан  шамның  биіктігі,  L  –  көршілес  шамдар    немесе 

86
 
люминесцентті  шамдар  қатарының  арасындағы  арақашық,  l  –  сыртқы 
шамдардан  немесе  шамдр  қатарының  қабырғаға  дейнгі  арақашықтық,  hш  – 
шамнан төбеге дейінгі қашықтық, hж – еденнен жұмыс орнына дейінгі биіктік. 
Нүктелік тәсіл бойынша есептеу. 
Әр шамдағы жарық ағыны есептеледі: 
 
Ф = 1000*Еу*Кқ/μ*∑Еу ,                                      (4.9) 
 
мұндағы μ – салыстырмалы шамдарының әсерінің коэффициенті (1,1÷1,2); 
∑Еу –берілген нүктедегі шартты жарықтанудың суммасы; 
Еу – жеке шам. 
 
Алынған  жарық  ағыны  бойынша  лампа  таңдалынып  алынады,  оның        
ағыны  (-10…+20%) аспау керек. H=3 м, h
жұм
 =0,8, h
іліну
=0,1. 
Нормаланған жарықтанудың жұмыстық көру разряды – 1,2-300 лк. 
Шамның іліну биіктігін есептейміз: 
 
h=H-(h
жұм
+h
іліну
),                                          (4.10) 
 
h=3-(0,8+0,1)= 2,1 м 
 
Шамдар арасындағы арақашықтық (Z): 
1.
 
Ұзындығына қарай 
 
Zд= λ·h,                                                  (4.11) 
 
мұндағы λ =1.2-2; 
Zд = λ∙h
1
= 2 ∙ 1.5 = 3 м; 
Zш= λ·h, λ =1.2-2; 
Zш = λ∙h
1
= 2  ∙ 1,5 = 3 м. 
 
Қабырғадан шамдарға дейінгі арақашықтық:  
l

= 0,5∙ L
A
 = l
A
 ∙ Zд = 0,5∙3= 1,5 м, 
l
В 
= 0,5∙ L
В
 = l
В
 ∙ Zш = 0,5∙3= 1,5 м. 
 
4.3.1  Өрттен  және  жарылыстан  қорғау  жүйесіне  қойылатын  жалпы 
талаптар.  Объектілердің  өрт  қауіпсіздігінің  ішінде  адамдардың  қауіпсіздігінің 
нормативтік  деңгейін  қамтамасыз  етуге  және  өрт  нәтижесінде  үшінші  тұлғаға 
зиян келтіру қауіптілігін болдырмауға бағытталған шаралар кешені болуға тиіс. 
Өртті болдырмау, өртке қарсы қорғаныш жүйесі және ұйымдастыру-техникалық 
шаралар  құрамын  шаруашылық  ету  объектісінің  атқарымдық  арналуы 
анықтайды  және  осы  Техникалық  регламентте,  сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасының  нормативтік  құқықтық  актілері  және  өрт  қауіпсіздігі 
мәселелерін регламенттейтін нормативтік құжаттар белгілейді.   

87
 
Өртті болдырмау жүйесіне қойылатын талаптар: 

 
жанғыш ортаның;   

 
жанғыш  ортада  жану  көздерін  мыналардың  пайда  болуын  болдырмай 
қол  жеткізіледі. Жанғыш  ортаның  пайда  болу  жағдайларын  болдырмауға  мына 
тәсілдермен:  жанбайтын  заттар  мен  материалдарды  максималды  мүмкін 
қолданып;жанғыш заттар мен материалдардың салмағын және (немесе) көлемін 
шектеп  технология  және  құрылыс  шарттары  бойынша  максималды  мүмкін; 
тотықтырғыш  немесе  жанғыш  заттар  ортасында  қауіпсіз  концентрациясын 
ұстап; жанғыш  заттармен  жұмыс  істеуге  байланысты  технологиялық 
процестерді  механикаландыру  және  автоматтандыру  және  т.б  арқылы    қол 
жеткізіледі.  
Жанғыш  ортада  жану  көздерінің  пайда  болу  жағдайларын  болдырмауға 
мына тәсілдермен:  

 
жарылыс  қауіпті  және  (немесе)  өрт  қауіпті  аймақ  класына,  жарылыс 
қауіпті қоспа санаты мен тобына сәйкес келетін электр жабдығын қолданып;  

 
құрастырылымға  электр  қондырғысы  және  жану  көздерінің  пайда 
болуына  алып  келетін  басқа  құрылғылардың  қорғаныш  ажыратудың  жылдам 
әсер ететін құралдарын қолданып;  

 
статикалық  электрдің  пайда  болуын  болдырмайтын  технологиялық 
процестерді жүргізудің жабдықтары мен режімін қолданып;  

 
ғимарат, ғимарат және жабдықты жайдан қорғау құрылғысымен; 

 
жанғыш  ортамен  байланыста  болатын  заттар,  материалдар  және 
беттердің қызуының қауіпсіз температурасын ұстап;  

 
жанғыш  ортада  ұшқын  разрядының  энергиясын  қауіпсіз  мәнге  дейін 
шектеу тәсілдері мен құрылғысын қолданып;  

 
тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш газдармен жұмыс істеген кезде, 
ұшқынға қауіпсіз аспапты қолданып

 
заттар, материалдар және бұйымдардың жылу, химиялық және (немесе) 
микробиологиялық өздігінен жануы үшін жағдайларды болдырмау; 

 
пирофор заттардың ауамен байланысын болдырмау;  

 
жангыш  ортаны  жану  көзінен  оқшаулау  (оқшауланған  бөлік,  камера, 
кабинаны қолданып) қол жеткізіледі.  
Өртті сөндіру әдістері және құралдары. Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу 
сұйықтары  пайдаланады.  Олардың  ішінде  кең  тарағаны  химиялық  және  ауалы 
механикалы  көбіктер.  Химиялық  көбіктер  қышқыл  мен  карбанат  немесе 
бикарбанаттың  араласуынан  пайда  болады.  Ал  ауыспалы  механикалық  көбік 
ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 %  ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан 
тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді.  
 
4.3.3  Электр  қауіпсіздігінің  ұйымдастыру  –  техникалық  шаралары  және 
қорғану  құралдары.  Электр  қондырғылардың  бірнеше  түрі  мен  жүмыс  істеген 
кезде ереже бүзып, немесе ток жүретін қондырғының ашық жеріне тиіп, кеткен 
жағдайда  адамның  өміріне  қауіп  төнуі  мүмкін.Адам  ағзасына  ток  тиген  кезде, 
есінен танып қалуы, демалу органдары жүмыс істемеуі жэне жүйке жүйелерінің 

88
 
бүлінуі мүмкін.Бұдан басқа электр тогы адам денесінің ашық жерлерін күйдіруі 
мүмкін  жэне  күюдің  ауырлық  жағдайы  токтың  шамасына  байланысты 
болады. Адам  шаршаған  болса,  қанша  көлемде  ток  тартқан  ауыспалы  токтың 
соғуына  теріс байланысты.  Адам  ағзасынан  ток  қанша  көлемде  өтсе,  ток  тарту 
сонша көлемде өтеді. Адамды ток тартқан кезде, 30 секундта денесі 25% төтеп 
береді, ал 90 секундта  — 70% күйіп қалады. Адам ағзасы үшін түрақты ток та 
ауыспалы ток та қауіпті, бірақ түрақты токтың қауіпсіздігі 3-5 рет аз, ауыспалы 
тоқтан. Тұрақты ток 50МА-ге дейін, ал ауыспалы ток ІОМА-ге дейін қауіпті.Ток 
күші 0,05А болса, адамға қауіпті, ал 0,1 А  — адам өмірін қияды. Ток өткізудің 
екі  түрі  бар:  1)       электрлік  соғулар  —  олар  адамның  ішкі  ағзасын 
жарақаттайды,  жүйке  жүйелерін,  көкірек  клеткаларын  жарақаттайды.  2)  
электрлік  жарақаттар  —  олар  адамның  сыртқы  терілерін  жарақаттайды. 
 
Электр  кауіпсіздігінің  техникалық  ұйымдастыру  шаралары  жүмысорнын 
ұйымдастыру. Электр  қауіпсіздігінің  техникалық  үйымдастыру  шаралары  3-ке 
бөлінеді.  Бұларды  орындайтын  жүмысшылар  электр  қондырғыларын  іске 
қосқанда  өте  білімді  жауапты  маман  болуы  тиіс.  1)  оперативтік  персонал  - 
кезекші  электротехникалық  персонал  —  бүкіл  қарамасындағы  электр 
қондырғыларын қосып жэне соған жауап береді.  2) жөндейтін персонал - бұлар 
электр    қондырғыларын  жөндеу,  реттеу,  монтаждау  сияқты  жүмыстарға  жауап 
береді. 3) оперативтік жөндеу персоналы - бұлар әрі жөндеу, реттеу, монтаждау 
мен  қоса  бүкіл,  Электр  қондырғыларын  іске  қосып,  әрі  жауап  береді.Электр 
қондырғыларын  жөндейтін,  әрі  іске  қосатын  жүмысшылар,  денсаулықтары 
мықты, ешқандай науқас емес жәые білікті, білімді болуы керек, әрбір жүмысшы 
электрлік  жүмысқа  барар  кезде  электр  қауіпсіздігі  туралы  емтихан  тапсырып, 
білімін  тексереді.  Электр  қауіпсіздігі  жонінде  курстық  сабақтар  өтіп,  жүмыс 
орнында квалификациялық комиссиялар жұмысшыларды тексереді. 
 
Электр  қондырғылардың  бірнеше  түрі  мен  жүмыс  істеген  кезде  ереже 
бүзып,  немесе  ток  жүретін  қондырғының  ашық  жеріне  тиіп,  кеткен  жағдайда 
адаммын  өміріне  қауіп  төнуі  мүмкін.  Адам  ағзасына  ток  тиген  кезде,  есінен 
танып қалуы, демалу органдары жүмыс істемеуі жэне жүйке жүйелерінің бүлінуі 
мүмкін. Бұдан басқа электр тогы адам денесінің ашық жерлерін күйдіруі мүмкін 
жэне күюдің ауырлық жағдайы токтың шамасына байланысты болады. Ток күші 
0,06А болса, адамға қауіпті, ал 0,1 А — адам өмірін қияды. Ток өткізудің екі түрі 
бар:  1) электрлік  соғулар  —  олар  адамның  ішкі  ағзасын  жарақаттайды,  жүйке 
жүйелерін, көкірек клеткаларын жарақаттайды. 2)  электрлік жаракаттар — олар 
адамның сыртқы терілерін жарақаттайды. 
4.3.2  Эвакуациялау  жоспарын  құру  жөнінде  ұсыныстар.  1.  Ғимараттар 
мен  құрылыстарда  (тұрғын  үйлерден  басқа)  қабатта  бір  мезгілде  10-нан  астам 
адам  болған  кезде  өрт  шыққан  жағдайда  адамдарды  эвакуциялау  жоспарлары 
әзірленеді. 

89
 
 
 
 
4.2-сурет. Ғимаратты эвакуациялау жоспарлары 
 
 
Эвакуациялау  жоспарлары  графикалық  және  мәтін  бөлімдерінен  тұрады. 
Графикалық бөлім ғимаратты немесе құрылысты эвакуациялық шығу жолдарын 
(саты  торларын,  сыртқы  ашық  сатыларды,  тікелей  сыртқа  шығу  жолдарын), 
көрермендер  мен  қызмет  көрсетуші  персоналдың  қозғалыс  маршруттарын, 
сондай-ақ қол өрт хабарлағыштары түймелерінің, телефон аппараттарының, өрт 
сөндіру  құралдарының  (өрт  сөндіру  крандарының,  өрт  сөндіргіштердің) 
орналасқан орындарын көрсете отырып, әр қабатты (әр секторды) жоспарлауды 
қамтиды.   
 
Мәтін  бөлімінде  адамдарды  эвакуациялаудың  тәртібі  мен  реті,  қызмет 
көрсетуші персоналдың міндеттері, сондай-ақ жарыстарға немесе мәдени ойын-
сауық іс-шараларына өрт туралы хабарлау және адамдарың эвакуациялық шығу 
жолдарына  қозғалысын  ұйымдастыру  бойынша  қызмет  көрсету  жөніндегі 
күштерін жұмылдыру жазылады.   
 
Жоспардың  графикалық  бөлімінде  эвакуациялауда  адамдардың  қозғалу 
жолдары  (эвакуациялық  шығу  бағытына  қарай  көрсеткіштері  бар  жасыл  түсті 
тұтас  сызықпен)  көрсетіледі.  Құрылыс  ішінде  адамдардың  жаппай  жиналғаны 
болса,  жоспарларда  бұл  зоналарды  эвакуациялау  бағыттары  көрсетілген,  түрлі 
түсті  реңктермен  белгіленген  эвакуациялық  жолдарды  қарастыру  керек. 
Эвакуациялау  жоспарында  қосалқы  эвакуациялау  жолдары  (жасыл  түсті  ирек 
жолымен) көрсетіледі.   
 
Эвакуациялау  жоспары  (графикалық  және  мәтін  бөлімдері)  көрнекті 
рәсімделіп,  өрт  сөндіру  посттары  мен  қызмет  көрсету  персоналының  тәулік 
бойлы  кезекшілігі  бар  басқа  да  үй-жайда,  сондай-ақ  объекттің  басшылығында 
көзге көрінетін жерде тұрады. 
 
 
Графикалық  бөлімдегі  белгілердің  шешімін  эвакуациялау  жоспарының 
астында мемлекеттік және орыс тілдерде беріледі.   
  
Жалпы  құрылыс  үшін  жалпы  эвакуациялау  жоспарынан  басқа  әр  зона 
(сектор, үй-жайлар тобы) зоналар мен секторлар бойынша жауапты кезекшілерді 

90
 
болулары  тиіс,  өрт  қауіпсіздігі  шаралары  мен  өрт  жағдайларындағы  тәртіп 
ережелері туралы жаднамасы бар жалпы эвакуациялау жоспарынан үзінділермен 
(әр түрлі нұсқалар) қамтамасыз етіледі.   
 
Эвакуациялау  жоспарының  үзіндісінде  басқыш  алаңдары,  лифттер  мен 
лифт  холлдары,  есік,  балкон,  дәліз,  сыртқы  басқыштарға арналған ойықтардың 
белгілері бар бөлмелер көрсетіледі.  
 
Эвакуациялау жоспарынан үзінді арналған үй-жай сектордың, зонаның әр 
қабаттық жоспарында «Сіз тұрған үй» деген жазумен белгіленеді. Эвакуациялау 
жолын 
бұл 
үзіндіде 
жасыл 
түсті 
тұтас 
сызықпен 
көрсетеді. 
 
Эвакуациялау  бағытын  көрсететін  сызықтар  қаралып  жатқан  үй-жайдан 
қауіпсіз  жерге  немесе  тура  сыртқа  шығу  орнына  дейін  жүргізіледі. 
 
Эвакуациялау  жоспарынан  алынған  үзіндіні  үй-жайда  көзге  көрінетін 
жерде шынының (пленканың) астына іледі, жоспардан алынған үзіндінің көлемі 
20 х 30 сантиметрден кем емес. 
 
 
Эвакуациялау  жоспарынан  алынған  үзіндінің  астында  қолданған 
белгілердің түсінігі беріледі.  Үзіндінің 
мәтін 
бөлігінде 
қызмет  көрсету 
персоналының  және  адамдарды  эвакуациялауға  жұмылдырылған  күштердің 
міндеттері мен әрекеттерінің бірізділігі көрсетіледі.   
 
Эвакуациялаудың  жалпы  жоспарынан  алынған  үзіндінің  мәтін  бөлігі 
зонадан, сектордан, үй-жайдан эвакуациялауға жауапкершілік атқаратын тұлғада 
болады. 
 
 
Эвакуациялау жоспарын кәсіпорынның, ұйымның басшысы бекітеді. 

жүктеу 331.23 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет