Дипломдық жұмыста Ақтау қаласының «Актау-сити»


АҚЖ  қазіргі заманғы принципі



жүктеу 331.23 Kb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата04.05.2017
өлшемі331.23 Kb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.3 АҚЖ  қазіргі заманғы принципі 
 
 
Абоненттік  қатынау  желісін  жиі  «соңғы  шақырым»  технологиясы  деп 
атайды.  «Соңғы  шақырым»  термині  батысқа  қарағанда  кейінірек  отандық 
техникалық  әдебиеттерде  жиі  қолданыла  бастады.  Бүгін  оның  қарқынды  даму 
кезеңінде  отандық  байланыс  желісінің  алдындағы  проблемалар  жақын  арада 
дүниежүзі операторларды мазалаған. Бұл проблеманы шешу үшін бірнеше жаңа 
технологиялар  шығарылды,  олар  әрі  дамыған,әрі  дамылудағы  елдердегі 
абоненттік қосылыстар проблемалардың өткірлігін шешті. Сонымен, бүгін бізде 
дүниежүзінде  тәжірибеден  өткен  шешімдер  бар,  оларды  пайдалану  жақын 
болашақта  Қазақстандағы  «соңғы  шақырым»  проблемасын  шешуге  мүмкіндік 
береді.  
Жалпы  қолданудың  дәстүрлі  телефондық  жүйесі  (ЖҚДТЖ)  дауыс  пен 
ақпаратты тар жиіліктік жолағының (300 – 3400) Гц шектерінде өткізуді рұқсат 
етеді.  Интернет  желісінің  тез  өсуі  және  оған  стандартты  аналогты  модемдер 
арқылы  ең  таралған  қатынау  ЖҚДТЖ  –  да  артық  жүкті  шақырады.  Өйткені 

22
 
соңғысы  Интернетке  есептелмеген  және  де  ол  байланыс  сеансының  үлкен 
орташа  уақытымен,  телефондық  жүктемеге  қарағанда  үлкен  бірқалыпты 
еместігімен  сипатталады.  Аналогты  модемдерді  қамтамасыз  ете  алатын 
тасымалдау жылдамдықтар жеткіліксіз. 
АҚЖ  дегеніміз  бұл  АТС-ке  тура  немесе  шығарылмалы  модуль 
(концентратор,  мультиплексор)  арқылы  қосылған  линиялар  мен  құрылғылар 
жиынтығы.  Оның  құрылымы  1.8  суретте  көрсетілгендей  абоненттік  және 
магистральды  линиялардан,  тура  қоректену  зонасынан,  үлестіргіш  учаскісінен 
тұрады.  
Қазіргі  кездегі  телефондық  байланыста  қолданылатын  телефондық 
линиялардың  мәліметтерді  жіберу  жылдамдығы  өте  төмен.  Қажетті  жоғары 
жылдамдығы  бар  қатынауды  тек  кеңжолақты  технологиялар  ғана  қамтамасыз 
ете  алады,  олар  телекоммуникациялық  индустрияның  болашағы  болып  келеді. 
Болашақ 
телекоммуникациялар 
әрбір 
қолданушыға 
ақпаратты 
жоғарыжылдамдықпен жіберуге мүмкіндік бере алатынына негізделген. 
 
 
 
1.8-сурет. ҚТЖ абоненттік қатынауды құрудың сұлбасы 
 
1.3.1  Қатынау  желілерінің  модернизация  принциптері.  1.9-суретте 
Халықаралық 
Электробайланыс 
Одағының 
(ХЭО) 

серия-сының 
рекомендациясынан  алынған  инфокоммуникационды  жүйелердің  моделі 
көрсетілген.  
 
 
1.9-сурет. ХЭО берген инфокоммуникационды жүйелердің моделі 
 

23
 
Бірінші  жағдайда  "Қатынау  желісін"  екісымды  физикалық  тізбек  болып 
келетін абоненттік линия істейді. 
Екінші  жағдайда  қатынау  желісінің  (бар  электробайланыс  жүйесі) 
құрамына  кіру  керек:    УАТС  ты  жергілікті  телефондық  желіге  қосу  үшін  E1 
цифрлық  тракты,  CP/IP  протокол  стегін  қолдайтын  цифрлық  тракт;  Internet 
локальды  желісіне  қосылу;  телефондық  байланыстың  желілерінде  немесе 
Internet те пайдаланбайтын арендалық линиялар.  
«Транзиттік  желі»  де  әр  түрлі  техникалық  құрылғылардан  тұрады.  Ең 
біріншіден,  ЖҚДТЖ  туралы  әңгіме  шешім  қабылдануда.  Ал  екінші  жағдайда 
бұл  элемент  екі  коммутацияланатын  желілерден  тұрады:  ЖҚДТЖ  және 
Интернет.  Транзиттік  желінің  "Өлшемдер"  байланыс  түрінен  тәуелді. 
Халықаралық  байланыс  үшін  станцияішті  байланыс  үшін  транзиттік  желі 
құрамына  ААТС-тан  басқа  автоматты  халықаралық  телефондық  станциялар 
(АХТС)  және  халықаралық  коммутация  центрі  (ХКЦ)  кіреді.  «Қызметтерді 
қолдау  құралдары»  сөз  тіркесі  өзінің  функционалды  мүмкіншіліктері  бойынша 
айырылатын құралдарға жатады. Ең қарапайым мысал ретінде автоинформатор, 
ал  ең  қиыны  ретінде  қазіргі  заманғы  Контакт  центрі  саналады.  Қатынау 
желісінің  негізгі  мәні  –  оператордың  потенциалды  клиенттердің  бөлмелерінде 
орналасқан  барлық  түрлі  құрылғылар  мен  сәйкес  транзиттік  желілер  арасында 
сенімді және сапалы байланыс орнату.  
Қазіргі  уақытта  қатынау  желілердің  құрлысы,  негізінен,  төрт  бағытта 
жүзеге асырылады: 
- барлық  мыс  телефондық  жұп  пен  xDSL  технологиялардың  негізіндегі 
желілер; 
- гибридті талшықты коаксиалды желілер; 
- сымсыз желілер; 
- талшықты -оптикалық желілер. 
Тұрақты  түрде  жаңартылатын  xDSL технологияларын  қолдану – бұл  мыс 
орама  жұптар  негізіндегі  кәбілді  жүйенің  өткізу  қабілетін  арттыруының  ең 
қарапайым  және  арзан  тәсілі.  Жылдамдықты  1  Мбит/с  дейін  арттыру  қажет 
болғанда, операторлар үшін бұл жол ең экономды болып саналады. Бірақ кәбілді 
жүйелердегі  тарату  жылдамдығын  секундына  оқыған  мегабит  жеткізу  күрделі 
және қымбат шешім болып саналады. 
Басқа бір дәстүрлі шешім – гибриті талшықты - каоксиалды желілер HFC 
(hybrid  fiber-coaxial).  Көптеген  кәбілді  модемдердің   бір  каоксиалды  сигментте 
қосылуы бір абаненке есептеуде желінің инфрақұрлымын құруға кеткен орташа 
шығарудың  төмендеуіне  алып  келеді,  сондықтан  бұл  шешімдер  тиімді  болып 
көрінеді. Бұл жерде өткізу жолағы құрлыстық шектеулер сақталады. 
Кәбілді инфрақұрлымдарды  қолдану  үшін  техникалық қиындықтар пайда 
болатын  жерде  қол  жеткізудің  сымсыз  желілері  тиімді  болады.  Сымсыз 
байланыс  мобилдік  қызметтер  үшін  альтернативсіз  болып  саналады.  Соңғы 
жылдары  дәстүрлі  шешімдермен  қатар  радио  және  оптикалық  Ethernet  қол 
жеткізу  негізінде   Wi-Fi  технологиясы  қолданылады,  ол  жалпы  жолақты  10 
Мбит/с дейін қамтамасыз ете алады. Аталған үш бағыты үшін өткізу қабілетінің 

24
 
кейінгі көбеюі үлкен қиындықтарға алып келді. 
Осылайша,  үлкен  тарату  жылдамдығын  қажет  ететін  желінің  жаңа 
қосымшаларымен  жұмыс  жасауға  қабілетті  болатын  шешім  –  оптикалық 
кәбілдің  (ОК)  орталық  офистен  үйге  немесе  корпаративті  клиентке  дейін 
жайылуы.  Бұл  аса  радикалды  жақындау.  Ал  5  жыл  бұрын,  ол  аса  қымбат  деп 
саналатын.  Брақ  қазіргі  уақытта  оптикалық  компоненттердің  бағасы 
айтарлықтай  азайғандықтан,  бұл  жақындау  актуалды  бола  бастады.Бүгінде 
қолжеткізу  желісін  ұйымдастыру  үшін  оптикалдық  кәбіл  төсеу  тиімді,  ескі 
желілерді  жаңарту  кезінде  де,  жаңа  қатынау  желілерін  құру  кезінде  де  тиімді 
болып  табылады.  Бұл  кезде  қатынау  талшықты  –  оптикалық  технологияларын 
таңдаудың  көптеген  нұсқаулары  бар.  Оптикалық  модем,  оптикалық  Ethernet 
Micro SDH технологияларды негізіндегі дәстүрлі шешімдерімен қатар PON желі 
архтиктураларын қолданумен жаңа шешімдер пайда болды. 
1.3.2  Қатынау  желісіндегі  талшық.  Қатынаудың  оптикалық  желілердегі 
келесі  топологияларын  бөліп  шығаруға  болады:  нүкте  мен  нүкте,  сақина,  ағаш 
пен активті түйіндер, пассивті оптикалық элементтері бар ағаш. 
 
 
 
1.10-сурет. OLT-дан тарайтын ағындар 
 
Бір  OLT  қабылдаушы  таратушы  модулге  қосылған  абонент  түйіндерінің 
саны  қабылдаушы  таратушы  аппаратураның  максималды  жылдамдығына  және 
бюджеттің  көлеміне  байланысты  көп болуы  мүмкін.  Ақпарат  ағынынның   OLT 
дан  ONU ға тура ағыннан тартылуы үшін, әдетте, 1550 нм нанаметр ұзындықты 
толқын  қолданылады.  Керісінше,  әртүрлі  абоненттік  түйіндерден  орталық 
түйінге  деректер  ағынынның  берілуі  толқынның  1330  нм  ұзындығында 
таралады. OLT мен ONU-ға WDM мультиплексорлары ендірілген, олар шығатын 
және кіретін ағындарды бөледі. 
 
 
 

25
 
1.4 Ақтау ситиге қатынау желілерін жетілдірудің қажеттілігі 
 
 
Пайдаланатын  қатынау  желілерін  жетілдіруіне  байланысты  актуальды 
қиыншылықтар үш негізгі фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, көбінесе АЛ-да 
пайдаланатын  қарапайып  сипаттамалар  телефондық  пен  басқа  (көбінесе 
дискретті)  ақпаратты  жіберудің  сапасына  және  байланыс  сенімділігіне 
қойылатын  қазіргі  талаптарды  қамтамасыз  ете  алмайды.  Екіншіден,  қатынау 
желілерінің  жұмыс  қабілеттілігін  қолдау  үшін  қажетті  операторлардың 
эксплуатация шығындары өсіп жатыр. Үшіншіден, қазіргі қатынау желілері (бұл 
өте  маңызды)  инфокоммуникационды  қызметтердің  жаңа  түрлерін  енгізу 
процессі  үшін  «тар  алқым»  болып  табылады.  Мұндай  инфо-коммуникационды 
қызметтер отандық және шетелдік мамандарымен жасалынған ЖҚДТЖ ақпарат 
жіберу сапасының жоғары көрсеткіштерінің, қызмет етуінен бас тартудың және 
АЛ  өткізу  қабілеттілігінің  кеңеюіне  бағдарланған.  Яғни  байланыс  сенімділігін 
жоғарлату  мен  ақпаратты  өткізу  сапасының  проблемаларын  қатынау  желінің 
деңгейінде  шешу  керек.  Жо-ғарыда  көрсетілген  факторлардың  екіншісі  - 
қатынау  желісіне  техникалық  қызмет  етуімен  байланысты  операторлардың 
шығынының өсуі. 
Аналогты ЖҚДТЖ – та мұндай шығындар негізгі болып келеді. Цифр-лық 
коммутациялық 
станцияларды 
пайдалану 
станциондық 
құрал-дарына 
техникалық  қызмет  етуіне  байланысты  эксплуатациялық  шығын-дарды 
төмендетеді.  Сонымен  қатар,  бұл  шығындардың  көлемі  цифрлық  коммута-
циялық  станциялардың  сыйымдылығына  аз  тәуелді.  Нәтижесінде,  қатынау 
желісіне  келетін  эксплуатациялық  шығындардың  үлесі  ЖҚДТЖ  –  ты  цифрлау 
кезінде өседі. Демек барлық электробайланыс техникалық бар-лық құралдарына 
қызмет  ету  шығындарын  төмендету  үшін  қатынау  желі-лерін  жетілдіру  қажет. 
Және  де  жетілдіру  қатынау  желілерін  құру  үшін  пайда-ланатын  техникалық 
және  азаматтық  құралдарының  еңбек-сыйымдылығын  төмендете  отырып  жүру 
керек.  Қатынау  желілерін  жетіл-діруіне  себеп  бола-тын  үшінші  фактор  бұл  – 
кейбір  жаңа  инфо-коммуникациялық  қызметтерге  сұраныстың  қалыптасуы.  Ең 
біріншіден,  қатынау  желісінің  өткізу  қабілеттілігінің  кеңеюіне  бағдарланған 
қызметтер түрлері туралы әңгіме қозғалуда. Кейбір жағдайларда жоғары өткізу 
қабі-летіне  қарағанда  ақпаратты  жіберу  сапасының  көрсеткіштері  маңызды 
болады.  Егер  де  қатынау  желілерін  жетілдірмесек,  оператор  өзінің  рыногінің 
болашағын  тек  ЖҚДТЖ  және  модем  көмегімен  АТ  қызметтерімен  шектейді 
(келесі шарт орындалғанда-ақпаратты айырбастау сапасы абоненттер деңгейінде 
жүрсе). Бұл жағдайда уақыт бөлігіндегі оператордың потенциалды пайдасы екі 
есе  азаяды.    Интервал  өлшемі  әр  түрлі  операторлар  үшін  кең  шек-тер 
аралығында өзгере алады. Орта шамасында, Ресейде бұл интервалдың көлемі он 
жыл  құрайды,  бірақ  потенциалды  пайданың  80%  төмендеуін  екі-үш  жылдың 
ішінде күтуге болады  (2003 жылдан санайтын болсақ). 
Маңызды  көлемде  байланыс  операторлардың  тұрақты  экономикалық 
жағдайы  қатынау  желісінде  өткізу  жолағының  кеңеюін  талап  ететін  инфо-

26
 
коммуникациондық    u1091  қызметтерін  қолдау  қабілеттілігімен  анықталады. 
Яғни  тек  қатынау  желісін  жетілдіру  ғана  жаңа  электробайланыс  қызметтерінің 
рыногында  операторлардың  белсенді  ойынның  мүмкіндігіне  кепілдік  береді. 
Барлық  үш  фактор  қатынау  желісін  сапалы  түрде  жетілдіру  ак-туальділігін 
куәландырады.  Сонымен  бірге,  қатынау  желісін  жетілдірудің  ұзақмерзімді 
болашағын,  сол  сияқты  ағымдағы  проблемалар  да  –  теле-коммуникациондық 
жүйенің бұл фрагментіне эксплуатационды, әрі капиталды шығынды төмендету 
қажеттілігін ескеру керек.  
 
 
1.5 FTTx технологиясы 
 
 
Кең  жолақты  қатынаудың  дамуда  перспектифті  бағыты  жеке  және 
коорпаративті  қолданушыларға  қызмет  көрсету  үшін  опто-волоконды 
сызықтарды  қолдану  болып  табылады.   Осындай  бағыт  оптикадан  х  дейін 
концепциясында жүзеге асырылады. 
Қазіргі  кезде  қолданушы  порты  кең  жолақты  қызметтерді  көрсету  үшін 
қатынау  желілерінің  аралас  мыс  оптикалық  қатынау  желілері  қолданылады. 
Аралас  типті  қатынау  желісін  ұйымдастырудың   бірнеше  концепциялары  бар 
олардың  біреуі  HFC(Hybrit  Fiber  Coaxial)  –оптикалық  концентрациясына  дейін 
жеткізілуін  ұсынады.  Осыны  ескере  отырып  үйлестіруші  абоненттік  желі 
коаксиалды  кәбіл  негізінде  құрылады.  Бұл  архитектура  кең  қолданыс  тапқан 
жоқ  және кәбілдік телевидение операторларымен қолданылады. 
FTTx   концепциясының  түрлерін  түсіндіретін  басқа  концепция  ,  FTTB 
(Fyber To The Building) деп аталады, яғни байланыстың опто-волоконды сызығы 
офиске  дейін  жүргізу  .  FTTB  концепциясы  бойынша  сигналдарды  мекеме 
ішіндегі абоненттер арасында үйлестіруші VDSL қолданумен виталық сым жұп 
бойынща іске асырылады. 
FTTx концепциясының бірнеше нұсқаларын атап өтейік: 
- FTTH (Fyber To Home) –ВОЛС-ты үйге дейін жеткізу; 
- FTTP  (Fyber  To  Premises)  –  жалпылама  түсінік,  FTTH  және  FTTB 
нұсқаларын біріктіру; 
- FTTO (Fyber To Office)- FTTB –ге анологты түсінік; 
- FTTC  (Fyber  To  Curb)-ВЛОС-тің  үйлестіруші  шкаф  орнатылған  жерге 
дейін жүргізілуі; 
- FTTCab (Fyber To The Cabinet)- FTTС –ға аналогты түсінік; 
- FTTR (Fyber To Remote)- ВОЛС-тің шеткі модуль, концентратоға дейінгі 
жеткізілуі; 
- FTTOpt  (Fyber  To  The  Optimum)  –  ТОБЛ-ың  оператор  көз-қарасы 
бойынша оптималды пункке дейін жеткізу; 
- FTTH  және  FTTB  қатынау  нұсқасы  кең  қолданысқа  ие  болған  жоқ,  іс 
жүзінде  қазіргі  шарттарға  қолдануға  болатын  концепциялар  FTTС,  FTTR, 
FTTCab, FTTOrt қолданылады. 

27
 
FTTH технологиясы негізіндегі желілер (талшық үйге дейін) Әзірге тек ірі 
қалаларда  ғана  енгізілуде,  ал  ТМД  елдерінде  сапалы  жоғары  жылдамдықты 
байланысты қажет ететін тұрғындардың көп бөлігі ауылда тұрады. Қазіргі кезде 
ауылдарда  интернеттің  жылдамдығы  мен  сапасы  ең  көкейкесті  мәселелердің 
біріне айналып отыр, өйткені ауыл тұрғындары үшін интернет өте қажет.  
 
 
1.6 PON пассивті оптикалық желілер  
 
 
Пассивті 
оптикалық 
желілердің PON 
(passive 
optical 
network) 
технологиясы  ағаш  тәріздес  талшықты  кәбілді  архитектураға  негізделген,  PON 
үлестіруші  қатынау  желісі  экономды  және  кең  жолақты  таратуды  қамтамасыз 
ету қабілеті бар желі деп саналады.  
Бұл кезде PON архитектурасы абоненттердің қажеттіліктеріне байланысты 
өсім тиімділігіне және өткізу қабілетін арттыруға ие болады. 
Барлық абоненттік түйіндер ONU бірдей толқын ұзындығында кері ағында 
берілісті  жүргізеді.  Әр  түрлі  ONU-дан  сигналдардың  қиылысу  мүмкіндігін 
болдырмау  үшін,  OLT-дан  ONU-дың  мәліметтері  өтуіне  байланысты,  олардың 
әрқасысына  кешігуге  түзету  есебімен  мәліметтердің  берілуі  бойынша  өзінің 
индивидуалды кестесі орнатылады. APON, EPON және GPON архитектуралары. 
PON (passive optical networks )  технологиясының бірінші қадамы 1995 ж., 
жеті  компанияның  ішінен  (British  Telecom,  France  Telecom,  Deutsche  Telecom, 
NTT, KPN, Telefoniсa и Telecom Italia) беделді топ бір талшық бойымен жеткізу 
туралы  көптеген  көзқарасты  ендіру  үшін  консорциум  қабылданды.  Бұл 
бекітілмеген ұйым ITU-T көмегімен FSAN (full service access network) деген атқа 
ие болды. 
Өткен  ғасырдың  90  жылдар  аяғында  оператор  сияқты  көптеген  жаңа 
мүшелер  сонымен  бірге  сөндіруші  құрылғылар  да  сол  ұйымға  кірді. 
Құрылғыларды өндірушілер мен операторлар PON енгзу жүйесіне бәсекелестікті 
тудыру үшін, жалпы ұсынысты жасау және PON құрлығысына талап ету FSAN-
ның  мақсаты  болды.  Бүгінде,  FSAN  -  40  операторды  және  өндірушілерді 
есептейді  және  стандарты  бойынша  ITU-T,  ETSI   және  ATM  сиақты  осындай 
тығыз бірлесіп жұмыс істейді.  
Пассивті оптикалық желілердің мәні болып, олардың үлестірілетін желісі 
қандай  да  болмасын  активті  компонентсіз  құрыла  алуы:  оптикалық  сигналдың 
тармақталуы,  оптикалық  қуат-сплиттерлерін  пассивті  бөлгіштер  көмегімен 
орындай  алуы.  Осы  артықшылықтың  салдары  болып,  қатыннау  жүйесінің 
құнының түсуі, желілік басқарудың керекті көмегінің азаюы, таратудың жоғарғы 
алыстығы және үлестіруші желіні модернизация жасауының керек еместігі. 
 

28
 
 
  
1.11-сурет. PON архитектурасының негізгі элементтері және оның әрекет 
ету қағидалары 
 
1.4-к е с т е. Сипаттамасы және спецификациясы 
Сипаттамма 
Спецификациялары 
Келетін ағындар үшін толқын ұзындығы 
(абонентерге келетін ағын) 
Базалық 1550 нм, өсіру 
DWDM  15 хх нм, C-band 
Ұлғаймалы ағындары үшін толқын 
ұзындығы 
Базалық1310 нм, өсіру 
DWDM  15 хх нм, C-band 
Келіп түсетін ағындар үшін қосынды беріліс 
жылдамдығы. 
155 Мбит/с; 622 Мбит/с 
Абоненттерден шығатын ағындар үшін 
қосынды беріліс жылдамдығы. 
155 Мбит/с; 622 Мбит/с 
Оптикалық линияның бюджеті  сплитрде 
және максималдық қашықтықта 
максималды сигналдың биіктігін анықтау 
үшін есптелінеді,дБ. 
Класс А: 5-20 
Класс В: 10-25 
Класс С: 15-30 
Оптикалық жол бойымен максималды 
шығыншығуы, дБ 
 
15 
Тос 336115 талшықтың түрін 
қолдайтын жәнеТос 336115 байланыс 
линиясына талап 
ITU G.652стандарты бірмодалы талшық 
нөлдік дисперссиямен 1310 нм 
(OLT) орталық түйінен өтетін,бір талшыққа 
қосуға болатын (ONU) абоненттік 
түйіндердің аз саны 
 
32 
Максимальды арақашықтық OLT –ONU 
20  км 
 
Оптикалық байланыстардың түрі PON 
SC- PC немесе FC –PC кері 
шағылукоэффициентімен-35 дБ 
Оптикалық компоненттерге 
талап(тармақталғандар, байланысатындар, 
демультиплексорлар WDM) 
 
G.671ұсынысына келісілген 

29
 
PON технологиясы (passive optical networks) – талшықты оптика бойынша, 
көп  жолақты  мультиқызметті  көптік  қатынауда  болашағы  ең  зор  технология 
болып табылады. 
PON идеясының негізі – ONT көптік абоненттік құрылғыларда ақпаратты 
тарату  үшін  және  олардан  ақпаратты  қабылдау  үшін  ,  OLT  орталық  түйінінде 
бірғана қабылдап -тарату  модулін пайдалануында. 
 OLT  (Optical  line  Terminal)-  орталық  құрылғы,  ағындарды  терминалдық 
құрылғылардан ғимараттарға агрегаттайды. 
ONU  (Optical  Network  Unit)   немесе  (Optical  network  terminal)  – 
терминалдық  құрылғы,  ғимараттарда  орнатылады,  шеткі  абоненттерді  қатынау 
порттарымен  қамтамасыз  етеді.  ONT,  OLT  және  ONU  сұлбасы  1.12-суретте 
көрсетілген. 
 
 
 
1.12-сурет. ONT, OLT және ONU 
 
PON архитектурасының артықшылықтары: 

 
аралық активті түйіндердің жылдамдығы; 

 
орталық  түйінде  оптикалық  қабылдап-таратқыштарға  экономияның 
болуы; 

 
талшықтарға экономия; 

 
жаңа  абоненттердің  қосылуының  оңайлылығы  және  қызмет  жасаудың 
оңайлылығы. 
 
 
 
1.13-сурет. PON желі архитектурасы 

30
 
2 Ақтау сити бөлігінде GPON технологиясын енгізуді зерттеу 
 
 
2.1 GPON технологиясы 
 
 
Бүгінгі таңда, шағын елді мекендерде де заманауи телекоммуникациялық 
қызметтерді  ұсынудың  жалғыз  шешімі  талшықты  оптикалық  байланыс  желісі 
(ВОЛС)  болып  отыр.  Егер  бұрынғы  кезде  телефония  мен  ШПД  қызметтерін 
ұсыну  үшін  мыс  сымдары  арқылы  және  радиотехнологияларды  пайдалана 
отырып,  мәліметтерді  жіберуге  аз  ғана  жылдамдық  жеткілікті  болса,  ал  қазіргі 
кезде  заманның  талабына  сай  телекоммуникациялық  компаниялармен 
бәсекелестік заманауи талаптарды жеңу үшін міндетті түрде IP-TV сияқты жаңа 
қызмет  түрлерін  енгізіп,  интернет  жылдамдығын  жоғарылату  керек.  Мысалға, 
біздің  Қазақстанда,  бүгінгі  таңда  «Қазақтелеком»  компаниясынан  интернет 
желісіне  кіру  жылдамдығы  100  Мб/сек  болатын  ID-net  тарифі,сондай-ақ 
10Мб/секундті  қажет  ететін  IP-телекөрсетілім  талап  етіледі.  Алайда,  алдағы 
уақытта FullHD сапа мен стереобейне, сонымен қатар SSD қатты дискіге ауысу 
және1 Гбит/сек жылдамдықты каналы актуалды(өзекті) болатындығын ұмытпау 
қажет. 
Словенияда (компанияның шыққан жері Искрател) мұндай жылдамдықтар 
абонентке  дейін  белсенді  қолданылуда,  ал  жаңа  абоненттерді  іске  қосу  Р2Р 
технологиясы  бойынша  жүзеге  асырылады.  Сондай-ақ,  Әлемнің  көптеген  ірі 
компанияларында  бұдан  Әрі  қарай  сымды  линия  байланыс  құрылысына 
материалдық  құралдардарды  шығармау  туралы  шешім  қабылданғанын  атап 
өткен жөн. 
Біздің  заманымызда  жоғары  жылдамдықтағы  жоғары  технологияларды 
ауыл  тұрғындарымен  қоса,  барлығы  қажет  етеді,  бірақ,  өкінішке  орай,  Әзірге 
ТМД елдері аумағында, көбінесе ауылдық жерлерде интернет жылдамдығы мен 
қосымша 
қызмет 
көрсетулер 
бойынша 
заманауи 
талаптарды 
қанағаттандырмайтын ADSL, EVDO, тіпті dial-up технологиялары қолданылады. 
Мұның себебі, қаламен салыстырғанда ауылдарды заманауи байланыс желісімен 
қамтамасыз  ету  әлдеқайда  қиын,  өйткені  халықтың  аз  шоғырлануы  қызмет 
көрсетулерге  деген  сұраныстың  аз  болуына  Әкеліп  соқтырады,  сондықтан  да 
көбінесе жобалар ақталмай қалады. Бұл мәселеде мен ауылдық байланыс желісін 
құрастыру  үшін  FTTH  технологиясын қолдану  туралы  мәселені  қарастырамын. 
Мәселеде мен көптеген телекоммуникациялық компаниялар үшін экономикалық 
жағынан 
тиімді 
болатын 
FTTH 
технологиясы 
бойынша 
заманауи 
жоғарыжылдамдықты  оптикалық  желіні  ауылдық  жерлерде  орнату  бойынша 
техникалық шешімді қолданудың тиімді жағын қарастыруды жөн көрдім.  
Техникалық  шешім  ауылдық  елді  мекендерде  заманауи  жоғары 
жылдамдықты  оптикалық  желі  байланыс  құрылысын  сипаттайды.Осы 
технологиялық  шешімнің  пайдаланылуын  іске  асыру  нәтижесінде  барлық 
абоненттер  Triple  Play  қызметіне  қосылады,  соның  арқасында  телекөрсетілім, 

31
 
кеңжолақты  қолжетімділік  пен  телефония  қызметіне  деген  сұраныс,  сондай-ақ 
қолданыстағы  абоненттерді  оптикалық  байланыс  желісіне  ауыстыру  арқылы 
телекоммуникациялық 
компаниялардың 
экплуатациялық 
шығындарын 
оңтайландыру  толығымен  қанағаттандырылады  деп  жорамалданады.  Ауылдың 
келеңсіз  жағдайларына,  яғни  абоненттердің  аздығына,  электр  тогының 
тұрақсыздығына,  өзіндік  құнның  төмен  болуына  қарамастан,  қазір  заманның 
талабына  сай  оптикалық  желілерді  құрудың  оптималды  технологиясы  –  GPON 
таңдалған. 
GPON - экономикалық жағынан үнемді, ақпараттың кең жолақты берілуін 
қамтамасыз ететін түйіндерде енжар оптикалық таратушыларымен бұтақтәрізді 
архитектураға  негізделген  қолжетімділіктің  тарату  желісі.  Сонымен  қоса,  PON 
архитектурасы  өткізу  қабілеті  және  желі  түйіндері  мен  ұзартудың  қажетті 
тиімділіктерін иеленеді.  
PON  архитектурасының  негізгі  ойы  –  ақпаратты  көптеген  абоненттік 
құрылғыларға  ONU  тарату  үшін  және  олардан  ақпаратты  қабылдау  үшін  OLT 
қабылдаушы тартушы модулінің қолданылуы.  
Абоненттердің  нақты  жерде  орналасуы  арқылы  PON  топологиясы, 
оптикалық  тармақтардың  орналасуын  оптимизациялауға  және  оптикалық 
кәбілдің  салынуына  кететін  шығындарды  оптимизациялауға,  кәбілдік  желіні 
эксплуатациялауға мүмкіндік береді. 
GPON  технологиясының  жалпы  сипаттамасы.  G-PON  (Gigabit-capable 
Passive  Optical  Network)  -  A-PON  технологиясының  түрленген    пассивті 
оптикалық  желiлер  технологиясы.  Сонымен  қатар  PON  ның  барлық 
технологияларына    тән  қасиет  бар,  қол  жеткiзудiң  оптикалық  желiсiн 
құрылысында PON технология негiзінде алдыңғы басшыларда қаралған пассивті 
құрамдастар  ғана  пайдаланады.    GPON  технология  бизнестiң  мiндеттерi  үшiн 
оны  тартымды  iстеген  сервистер  бар    салмақ  қосталады,  және  түпкi 
қолданушыда  «соңғы  миля»  мәселесі  шешiледі.    Ол  жоғары  жылдамдықты 
Ethernet,  жоғары  сапалы  теледидарлық  арналарды  жiберу,  цифрлана  телефон 
соғу,    және  т.б.  GPON  технологиясы  үшiн  жылдамдықтардың  7  тiркесiмдерi 
өсiңкi және бәсең ағынды қызметтер қосталады: 

 
155 Мбитс up, 1.2 Гбитс down 

 
622 Мбитс up, 1.2 Гбитс down 

 
1, 2 Гбитс up, 1.2 Гбитс down 

 
155 Мбитс up, 2.4 Гбитс down 

 
622 Мбитс up, 2.4 Гбитс down 

 
1.2 1.2 Гбитс up, 2.4 Гбитс down 

 
2.4 down 2.4 1 'битс up, Гбитс. 
Бұл  осы  технологияға  салынған  жылдамдықтарды  пайдалануға  тиiмдi 
рұқсат  бередi.  Мысалы,  егер  қол  жеткiзудiң  желiсiнде  xDSL  технологияларын 
пайдалануды  жоспарласа,  бизнестiң  мiндеттерi  үшiн  FTTH  мүмкiн 
технологияны  пайдалансын  немесе  жоғары  жылдамдығы  бар  FTTB  жiберу 
сияқты,  онда  нақты  жағдайдан  тәуелдiлiкте  кiшi  жылдамдықтар  пайдалану 

32
 
себептiрек. 
Осы сәтте, технологиялық негiзін ескере отырып, тарамның еселiгiн 1: 64 
құрайды.  GPON  технологиясы  1:128  тарамның  еселiгi  ұстанғандықтан,  жүйе 
үлкенiрек  энергетикалық  потенциал  талап  етеді  .  Оптикалық  модульдардың 
дамуын  есептеумен,  ара  қатынасқа  жақын  болашақта  қол  жеткiзетiнге  сенуге 
болады. 
OLT  және  ONT/ONU  үшін  барынша  мүмкiн  қашықтық    20  шақырымды 
құрайды. Бұл шектеу  оптикалық дабылдың таралу ортасымен байланған, GPON 
технологиясының логикалық шектеуiмен емес. 
OLT  және  ONT/ONU  арасы  10  шақырым  қашықтықта  болғанда   
технология  1.25  Гбитстегi    жылдамдыққа  кепiлдiк  бередi  және  тіпті  одан  да 
жоғары. GPON технологиясының логикалық iс-әрекетiнің қашықтық  шектеуi 60 
шақырымды құрайды. 
Бүгiнгi  болмыстар  есептеумен,  GPON  технология  желicінде  жүйеге 
рұқсатсыз қосылу шақырым мүмкiндiгiнен құтылуға рұқсат берген қорғаныстың 
тетiктерiмен  қамтамасыз  етілген.  Керi  ағыстың  деректерi  ширфланады,  яғни 
қаскөйдiң  ақпаратты  шапшаң  алуына  мүмкiндiк  бермейді.Сонымен  қатар 
технологияда  ONU  «ұқсас»-тарды  арашалаушы  механизм  бар,  ол  желiлердi 
ескере отырып онда ONU басқаның астында бiр  бүркемелеуде болады. 
GPON  технологиясы  «ілгері»  қолданушыларға  TriplePlay  қызметін  ұсыну 
үшін Интернет желісіне кіруді ұйымдастыратын келешегі бар технологиялардың 
бірі  болып  табылады.  TELEDATA  Networks  материалдарынан.  Бастаушы 
өндірушілердің  енжар  оптикалық  желілер  саласында  материалдар  мен 
жабдықтарды өндіру жұмыстары қарастырылған. KAZCE компаниясымен бірге 
ауылдық  жерлерде  қолдану  үшін  кәбіл  өнімдері,  оптикалық  бағандар  мен 
оптикалық  сплиттерді  орналастыруға  арналған  қорапшалар  шығарылған.  2.1-
суретте  көрсетілген  КС-ҒТТНР  кабелін  қолдану  ең  маңызды  шешім  болып 
табылады.   
 
 
 
2.1-сурет. КС-FTTHP 
 
 КС-ҒТТНР  кабелі  қорғаушы  құбырларға,  ғимараттардың  қабырғаларына 
сыртқы  төсем  үшін  арналған.  Кәбіл  көп  жағдайда  ҒТТН  желілерінің 
құрылысында жеке сектор абоненттерін қосу үшін қолданылады. Кәбілді 20мм-
гедейінгі  қорғауыш  полиэтиленді  құбырда  жерге  төсеген  дұрыс.  Кәбілдің 
құрылымы 2.2-суретте бейнеленген.  
  

33
 
 
 
2.2-сурет. «Коттеджді» кәбілдің құрылымы 
 
 Teledata  компаниясымен  біріге  отырып  ауылдық  жерлерде  электр 
тогының  өшіп  қалуы  болып  тұратындықтан,  аккумуляторлармен  жабдықталған 
абоненттік  құрылғылар  өндірілді.  Сонымен  қатар  жеке  секторларда 
пайдаланылатын  оптикалық  енжар  желілердің  ұтымды  топологиясы  жасалған. 
Қазақтелеком компаниясымен бірлесіп, PON магистральді-реттегіш телімі үшін 
жеке секторга талаптар әзірленді.  
Құрылыстың жетімді желісі тұрғысынан қарағанда жеке секторды шартты 
түрде екі санатқа бөлуге болады:  

 
Аз  қабатты  құрылыс,  бұл  әлсіз  желіде  жерасты  инфрақұрылымының 
құрылысын  салуға  мүмкіндік  беретін  құрылыс  (аз  каналды  телефондық  кәріз 
(канализация), модульдер үшін/ кәбілдер үшін оптикалық шағын кәріз);  

 
Әлсіз желіде әуе-кәбілдік инфрақұрылымының құрылысы.  
 Бірінші  үлгінің  мысалына  жаңа  коттедж  кенттерін  келтіруге  болады, 
оларды  жобалау  кезінде  эстетикалық  тұрғыда  жерастында  Әлсіз  желімен  қоса, 
барлық коммуникациялардың төсемі туралы шешім қабылданды.  
Екінші  үлгінің  кең  таралған  мысалы  ретінде  жеке  үйлердің  орамын 
(кварталын)  келтіруге  болады,  ондағы  халық  саны  қала  халқының  маңызды 
үлесін  құрауы  мүмкін.  Осылай,  Қазақстанның  көптеген  қалалары  үшін  жеке 
сектордың  халқының  үлесі  облыс  орталықтарында  және  үлкен  қалаларда  30%-
ғадейін жетеді.  
Әдетте,  өткен  ғасырда  салынған  жеке  секторының  байланыс  линиялары 
сол  телефондық  кәріздегі  жарым-жарты  кәбілдің  төсемесі,  ал  негізінен  сымдар 
мен  мыстан  жасалған  кәбілдерді  асуға  орнатылған  байланыс  тірегі.  Жеке 
секторға магистральді желінің ТОК-ін (ТОК  - талшықты оптикалық кәбіл) ОС-
дан  ОРШ-ға  дейін  (кіші  түрінің  ережесіндей)  телефондық  кӘріздің 
қолданыстағы  немесе  жарым-жарты  жасалынғаны  бойынша  жобалап  жасау 
қажет.  Көп  модульді  үйлесімнің  (конструкцияның)  кіріктірме  диэлектрлік 
арқанды  ТОК-і.  Жеке  секторда  модулінде  төрт  оптикалық  талшығы  бар 
көпмодульді  ТОК-ді  пайдалануды  ұсынады.  Таратушы  желінің  ТОК-ін 
қолданыстағы  байланыс  тірегінде  ілу  ұсынылады,  ал  кей  жағдайда  таратушы 

34
 
және абонент кәбілдерін ілуге де рұқсат етіледі.  
Біршама желілердің қиылысуы кезінде ВЛЭП-0,4 кв-ны қиылысқан жӘне 
жанасқан телімдерде қолдану ұсынылады, Әйнекті пластикалық байлама немесе 
синтетикалық  жіптерден  орындалған  арматуралық  элементтері  бар  диэлектрлік 
тұрғыда ОКСН (нұсқа ретінде) үлгісіндегі ТОК-і. 
 Кәбіл иілімінің диаметрі, массасы және ықтимал радиусы оның анықтама 
өлшемдері  болып  табылады.  Тапсырушының  талабына  сай,  бөлмелер  мен 
ғимараттардың  ішінде,  коллекторлар  мен  тоннельдерде,  сонымен  қатар 
метрополитен  тоннельдерінде  кәбіл  төсемесінің  шарты  бойынша  сырты  өртке 
таралмайтын  (тойтарыс  беретін,  Әлде  берілмейтін)  галогені  бар  полимерлі 
құрылымнан (композициядан) дайындалуы мүмкін.  
V.5  протоколы,  V.5.1  және  V.5.2  интерфейстері,  олардың  ерекшеліктері. 
Тағайындалған тасушы арна протоколдары 
Интерфейстің екі типін құрайтын V.5 аталған, абоненттік қатынас жүйесі 
үшін  құралған  жаңа  цифрлық  стандарт  ETSI  және  ITU  спецификациясы  V.5 
V.5.1  V.5.2  интерфейстерінің  2  әртүрлі  көрсетілуін  табатын,  арналарды  қосу 
тәсілі. 
V.5.1  стандартты  (протокол,  интерфейс)  арналардың  динамикалық 
концентрациясыз (тек қана статикалық мулбтиплексорлау рұқсат етіледі.)  2048 
кбит/с  өткізу  мүмкіндігін  қамтамасыз  етеді.  Оны  техникалық  түрде    СТОП 
немесе  ISDN  BRI  арналары  көмегімен  жүзеге  асыруға  болады.  Бұл  стандарт 
тіреуіш  желіге  түйіні   қызметін  және  қатынау  желісі  арасында  басқарушы 
ақпаратты таратуды қамтамасыз ететін арна, сонымен қатар деректерді таратуды 
анықтайды.  Осы  арна  көмегімен  ISDN  BRI  порты  босатылады  немесе 
белгіленеді(порт  ретінде  бұл  жағдайда  UNI  интерфейсін  қамтамасыз  ететін 
көрсету  түйінінің ресурстары алынады),  сонымен  қатар олардың  блокировкасы 
іске асырылуы. 
V.5.2  стандарты  (протокол  интерфейс)  арналарының  динамикалық 
концентрация   мүмкіндігін  қарастырады.  Онда  әрқайсысы  2048  кбит/с  өткізу 
мүмкіндігі мен 16 ағынға дейін қолдануға мүмкіндік беретін құрама интерфейс 
сипатталған.  Сонымен  қатар  V.5.2  стандарты  СТОП  немесе  ISDN  BRI 
порттарының  белгіленуі  ғана  емес,  сондай-ақ  ISDN  РRI  –да  мүмкіндік  береді. 
Сигнализация  немесе  басқаруға  қатысты  осы  стандарттың  спецификациясы 
V.5.1 деп ерекшеленбейді, бірақ V.5.2 қатынау түйіні қажетті UNI қосылуы өзі 
инициализация  жасай алатын , байланысты басқару арнайы арнасын белгілеуді 
де қарастырады. 
Тағайындалған 
тасушы 
арна 
протоколдары. 
Бұл 
прооколдың 
мүмкіндіктері  V.5.2  интерфейсінің  басты  артықшылықтарын  анықтайды  және 
қазіргі  заманғы  коммутация  түйінінің  құрылымын  революциялауға  мүмкіндік 
береді.  ВСС  протоколы  көмегімен  АТС  абоненттік  құрылғысының  физикалық 
өлшемдерін  кенет  азайтуға  болады,  осындай  үлкен  емес  түйіндердің  санынан 
тұратын  барлық  телекоммуникациялық  жүйені  үлкен  деңгейде   бірнеше  V.5.2 
интерфейстерін ауыстыру арқылы жасалады. 
V.5.1  интерфейсінің  тасушы  арналары  цифрлық  арна  қолданушы 

35
 
тракттарына  бекітілген,яғни  әр  интерфейстің  қолданылатын  тасушы  арнасы 
және сәйкес қолданушы порт арнасы арасында әр кезде байланыс болады. V.5.2 
интерфейсіммен  тасушы  арналардың  қолданушы  порт  арналарына  қатаң 
бекітілуі  жоқ.  V.5.2  интерфейсінің   тасушы  арнасы  тек  осы  қызметті  қолдану 
уақытына ғана талап етілетін байланыс қызметі үшін қолданушы порт арнасына 
ғана  арналған.  Сондықтан  кез-келген  интерфейс  тасушы  арнсының  қолданушы 
порт арнасымен байланысы оперативті коммутирленген болып келеді. Осындай 
оперативті  коммутирленген  байланыстары  В  байланыстары  деп  атайтын 
боламыз. 
 
 

жүктеу 331.23 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет