Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы»



жүктеу 0.74 Mb.
бет1/2
Дата29.03.2022
өлшемі0.74 Mb.
#18456
түріДиплом
  1   2
Бекарыс 25.02 диплом
Орынбасар Нұрсауле дипломалды жұмысы, Расчет установившихся режимов в электроэнергетических системах срс-5

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі


Дипломдық жұмыс


Тақырыбы: «Солтүстік - Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС жағдайында жаздық жұмсақ бидайды өсіру технологиясын жетілдіру

5В080100- Агрономия мамандығы бойынша


Орындаған Бимағамбет Б.Қ


Ғылыми жетекші
А.ш.ғ.к., аға оқытушыКипшакбаева Г.А
Нұр – Сұлтан 2021

Мазмұны




Нормативтік сілтемелер




Анықтамалар




Белгілеулермен қысқартулар




Кіріспе




1 Әдебиеттерге шолу




1.1 Жаздық жұмсақ бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы




1.2 Жаздық жұмсақ бидайдың морфологиялық ерекшеліктері, биологиялық ерекшеліктері, өсіп – даму кезеңдері




2 «Солтүстік – Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС жағдайындағы жаздық жұмсақ бидайды өсірудің қазіргі жағдайы




2.1 «Солтүстік – Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС – гі туралы жалпы мәліметтер




2.2 Жаздық жұмсақ бидай сорттарының сипаттамасы




2.3 Шаруашылықтағы өсіру технологиясы




2.3.1 Ауыспалы егістегі орны




2.3.2 Топырақты өңдеу




2.3.3 Тұқымды себуге дайындау




2.3.4 Себу жұмыстары




2.3.5 Күтіп – баптау жұмыстары




2.3.6 Өнімді жинау




2.3.7 Жинаудан кейінгі тұқымды өңдеу жұмыстары




3 Өнімділік бағдарламасының элементтерін жобалау




3.1 ФБР кірісі бойынша өнімділікті есептеу




3.2 Ылғалдылықпен қамтамасыз ету бойынша мүмкін болатын өнімділік




3.3 Шаруашылықтағы нақты өнімділік пен мүмкін болатын өнімділік




4 «Солтүстік - Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-гі жағдайында жаздық жұмсақ бидайды өсірудің жобалау технологиясы




4.1 Бидайды ауыспалы егісте орналастыру




4.2 Топырақты өңдеу




4.3 Тыңайтқыш




4.4 Тұқымды себуге дайындау




4.5 Себу




4.6 Күтіп – баптау жұмыстары




4.7 Өнімді жинау




4.8 Жинаудан кейінгі өңдеу жұмыстары




5 Шрауашылықтағы жаздық жұмсақ бидайды өсірудің экономикалық тиімділігі




6 Еңбек қоғау




7 Қоршаған ортаны қорғау




Қорытынды




Қолданылған әдебиеттер тізімі




Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жобада төмендегідей нормативтік құжаттардың сілтемелері пайдаланылады:


МСТ - 12037-85- тұқымның тазалығын анықтау
МСТ - 12038-84- тұқымның өну энергиясы мен лабораториялық өнгіштігін анықтау
МСТ – 12042-80- 1000 тұқымның массасын анықтау
МСТ – 12041-82- тұқымның ылғалдылығын анықтау
МСТ – 12066-85- тұқым сапасы жөніндегі құжаттар және оларды дайындау

Анықтамалар


Дипломдық жобада төмендегідей анықтамалар пайдаланылады:


Тұқымның зертханалық өнгіштігі – егістік материалдың себуге жарамдылығын анықтайтын басты көрсеткіш. Тұқымның зертханалық өнгіштігі деп зертханалық жағдайда талдауға алынған үлгідегі қалыпты өскіндердің пайызбен көрсетілген саны.
Тұқым тазалығы – негізгі дақылдың пайызбен көрсетілген массасы.
Тұқым ылғалдылығы – сақтау мүмкіндігін анықтайтын тұқым сапасының басты көрсеткіштерінің бірі.
Ауыспалы егіс – танаптарда жоспарланған дақылдардың ауысымы, олардың танаптар бойынша ретімен орналасуы.
Егін сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйесі – ауыл шаруашылық дақылдарын сепкеннен немесе олардың көшетін отырғызғаннан егін жинағанға дейінгі аралықта бір – бірімен тығыз байланысты белгілі бір ретпен орындалатын топырақ өңдеу тәсілдерінің жиынтығы.
Тыңайту жүйесі дегеніміз дақылдардың өнімі мен оның сапасын, топырақ құнарлығын арттыру мақсатында тыңайтқыштарды тиімді, әрі жоспарлы түрде қолдану үшін дайындалған ұйымдастырушылық, шаруашылық және агрономиялық шаралардың жиынтығы.
Тиімділік дегеніміз – ауылшаруашылығында өткізілетін іс – шаралардың нәтижесі. Ауыл шаруашылық тиімділігі негізгі бағалық көрсеткіштері болып жалпы табыс, таза табыс және пайда болып табылады.
Рентабельділік – маңызды эконмикалық дәреже. Ол кіріс пен пайданы білдіреді. Кіріс жалпы өнімнің бөлігінің бағасы, өндіруге кеткен шығындар орташа келтірілгеннен соң.

Белгілеулер мен қысқартулар


Дипломдық жобада төмендегідей белгілеулер мен қысқартулар пайдаланылады:


А.ө – азықтық өлшем
АШК – ауыл шаруашылығы кәсіпорны
ә.е.з. – әсер етуші зат.
г/л литрде грамм есебі
га – гектар
гр – грамм
ж.ж. – жылдар
К – калий
N– азот
Р – фосфор
кг – килограмм
млн – миллион
т.б. – тағыбасқа
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ФБР – фотосинтетикалық
Ц – центнер
ц/га – 1 гектар жерден есебімен алынған өнім мөлшері

Кіріспе



Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарсы жоспардан шығуға және стратегиялық даму міндеттерін орындау үшін қазіргі проблемаларды шешетін негізігі үш міндетке тоқталады. Біріншісі – агроөнеркәсіп кешені. Яғни, нарыққа қажетті өнім түрлеріне назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ұлғайту және әртараптандыру, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау, ауыл шаруашылығы өндірушілер үшін бірінші кезекте ұзақ мерзімді несиелендіру, қызмет көрсету –дайындау кооперативтерін, бастапқы қайта өңдеудің, өнімді сақтау мен өткізудің инфрақұрлымын құру, сондай – ақ, суармалы жердің айналымын енгізу табылуы тиіс екенін атап өтті [1].
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жаздық жұмсақ бидайдың егістік көлемі 13,5 млн.га. Агроөнеркәсіп кешенінде және еліміздің экономикасында бидай өндірісі алдыңғы орындардың бірін иеленеді [2].
«Қазақстан – 2050» стратегиясында Қазақстан Республикасы Президенті әлемдік және аймақтық деңгейде азық – түлік өндіушіге айналу үшін, жақын келешекте ауылшаруашылық кешенді дамытуды тапсырды. Бұл тек қана арзан, жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін шығарғанда ғана жүзеге асатыны анық болып отыр [1].
Бидай – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл.Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы,көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай бидай өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Бидай – дәнді – дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік.. Дәнді – дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл[3].
Бидай - наубайханалық, макарондық, жарма, құрама жемазыққа және спирт өндірісінде қолданылады. Әдебиет қорытындылары, қатты және жұмсақ бидайға Қазақстанда наубайханалық, макарондық, жемазықтық және спирт өндірісіне бағытталған селекциялық жұмыс жоғары сапалы,жоғары өнімді және бәсекелестікке төзімді, нақты аймақтың топырақ - климат жағдайларына бейімделген сорттар шығаруға бағытталғанын көрсетеді. Ақпараттық алмасудың ұлттық жүйесінің мәліметі бойынша ғаламдық жоспар әрекеті Қазақстан Республикасында мал азықтық дақылдардың келесі белгілерін жақсартуды нығайтуға қажетсінеді; тұқым өнімділігі және жасыл масса; ақуыз құрамы; қатты және тозаңды қаракүйеге, сабақ татына, гельминтоспориозға төзімділігі; зиянкестерге төзімділігі – гессен және швед шыбыны; сабақтың астық бүргесі және астық көбелегі [4].
«Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» қызметінің негізгі бағыттары:
Жаздық бидайдың жетекші азық – түлік дақылдары бар астық өндірісі;
Сүтті бағыттағы ІҚМ – мен мал шаруашылығы,шошқа шаруашылығы, биязы жүнді қой шаруашылығы және құс шаруашылығы;
Өңірдің табиғи – климаттық ресурстарын және қарқындандыру факторларын барынша пайдалана отырып, дәнді дақылдарды өсірудің ылғал және ресурс үнемдеуші технологияларын жетілдіру және енгізу;
Дипломдық жобаның мақсаты: «Солтүстік – Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС – гі жағдайындағы жаздық жұмсақ бидайдың өсіру технологиясын жетілдіру.
Міндеттері:

  • Жаздық жұмсақ бидайдың өсіру технологиясын жетілдіру

1 Әдебиеттерге шолу



    1. Жаздық жұмсақ бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы,

таралуы

Халық шаруашылығында бидай ерекше орын алады.Халық үшін дәнді дақылдар тағамдық өнімнің көзі және мал шаруашылығы үшін азықтық жем ретінде маңызы зор. Соның ішінде бидай – бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық – түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімнің 60 пайыздайы бидайдан алынады [5].


Азық - түлік өнімі ретінде бидайдың аса бағалы қасиеттері бар. Олардың дәні – аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтауда қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады. Еуропадағы елдерде және ТМД – да адамға қажетті барлық калорияның 35 пайызы бидайдан алынады. Адам организмі үшін қажетті белоктар мен углеводтардың жарымына жуығын, В1 витаминінің 70-80 пайызы, PP және E витаминінің едәуір бөлігін, минералдық тұздарды және басқа қажетті заттарды бидай өнімі береді. Бидай наны азық түлік көзі ғана емес, сонымен қатар ерекше катализатор болып табылады. Оны пайдалану нәтижесінде ас қорыту жақсарады және басқа қоректер де жақсы сіңіп адам ағзасына тигізер пайасы көбейеді [6].
Бидай – негізгі азық түлік көзі болумен қатар, жоғары сапалы мал азығы болып та саналады. Бидай құрама жем өнеркәсібі үшін негізгі компонент болып табылады. Оның өзінен және оның қалдықтарынан дайындалған жемнен үй жануарлары да, құстар да тез өсіп, жақсы семіреді.
Бидай сабаны да едәуір бағалы ірі жемшөп қатарына жатады. Ол басқа дақылдармен бірге сүрлемге салынады. Сүттеніп пісе бастаған көк күйінде орылып, малға берілетін бидай, қара бидай, арапа өсіп жетілгенге дейінгі аса бағалы мал азығы [7].
Бидай дақылы медицина саласында үлкен рөл атқарады. Бидай крахмалы (лат. Amylum Tritici) дәндерде кездеседі. Дәндері үлкен, мөлшері 26 -30 мкм немесе 6 -7 мкм, дөңгелек немесе жалпақ болуы мүмкін. Ол медицинада ұнтақтар мен майларда, орауыш ретінде (клизмаларда), крахмал таңғыштарынан бекітілген таңғыштар үшін хирургияда қолданылады.
Бидай ұрығы құрамында көптеген қоректік заттар мен биологиялық белсенді заттар бар. Бидай ұрығы сығындысы – ағзаның теріс сыртқы факторлардың әсеріне төзімділігін арттыруға қабілетті .
Медицина мен касметологияда бидай ұрығы сығындысы жараларды және күйіктерді емдеуде тездететін, күйдіруге қарсы әсері бар құрал ретінде ұсынылады [8].
Бидай астығы халықаралық саудада сұранысқа ие. 2021жылдың қаңтар – ақпан айларында ел компаниялары 764,4 мың тонна бидай мен қаба бидай қоспасын экспорттады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,4% - ға жоғары.
Экспорттың басым бөлігі ТМД елдеріне жіберіледі: 557,7 мың тонна. Мұнда Өзбекстан Қазақстандық бидайдың негізгі импортері болып отыр. Қазақстанның ТМД елдеріне шығаратын барлық экспортының 71,5% аталған елге тиесілі. Екі айда Өзбекстан 84,5 млн долларға 39,5мың тонна бидайды импорттады.
Қазақстан ТМД – дан басқа әлем елдеріне 206,7 мың тонна бидай жеткізді.Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,5% жоғары.Негізгі импорттаушылар – Ауғанстан, Қытай, Иран.
Жалпы 2020 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында еліміз сыртқы нарықтарға 1,2 млрд долларға 5,2 млн тонна бидай жеткізді [9].
Жұмсақ және қатты бидайдың экологиялық топтарының айырмашылық белгілері:
Далалық елділік.Биіктігі, түптенуі және жапырақтануы орташа, масағы ірі емес, қылтықты және қылтықсыз, дәнінің ірілігі орташа, жоғары сапалы қызыл дәнді, жаздық және күздіктері қысқа шыдамды, жаздықтары құрғақшылыққа төзімді (Украина, Молдова, Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі).
Далалық оңтүстік. Биіктігі, түптенуі және жапырақтануы орташа, масағы ірі емес, күздіктері көбінесе қылтықты, дәнінің ірілігі орташа, жоғары сапалы қызыл дәнді, күздіктері сәл қысқа шыдамды, жаздықтар құрғақшылыққа орташа төзімді (Украина, Молдова елдері).
Далалық шығыстық. Биіктігі орташа, сабаны жұқа, масағы ірі емес, күздіктері көбінесе қылтықты, дәні жоғары сапалы, жаздық және күздік (Солтүстік Қазақстан, Батыс және Шығыс Сібір).
Солтүстік орыс. Биік және орташа, түптенуі мен жапырақтануы жоғары, масағы ірі, көбі қылтықсыз, ақ және қызыл дәнді, көпшілігі күздік, пісуі орташа кеш, құрғақшылыққа төзімділігі нашар (Ресей, Беларусь, Украина елдері).
Орманды – далалық Оңтүстік орманды далалық (Украиналық). Өте биік жапырағы жіңішке, таспа жіп тәрізді, ұзындығы орташа, тығыз қылтықты қылтықсыз, дәні ірі, қызыл дәнді, көпшілігі қылтықты, пісуі, орташа қара суыққа төзімді (Украина, Ресей).
Оңтүстік орманды далалық (Солтүстік Кавказдық). Биіктігі орташа, бұтағы аралық, масағы призма тәрізді, ұзындығы орташа, көпшілігі қылтықсыз, дәні сопақша өте ірі, көпшілігі күздік орташа ерте, суыққа төзімділігі орташа (Краснодар, Кубань).
Еділдік орманды - далалық. Биіктігі орташа, түптенуімен жапырағы орташа, масағы таспа тәрізді, қылтықты немесе қылықсыз, ірілігі орташа шыны тәрізді жиі, күздіктері көктемде тез пісіреді, жаздықтары құрғаққа төзімді (Еділ бойы, Жайықтың орталық аудандары).
Батыс – Сібірлік орманды - далалық. Бұтағы жартылай төселгіш басқа қасиеті осындай, орташа, масағы таспа, жіп тәрізді, ұзындығы орташа, тығыз, қылтықты және қылтықсыз, дәні ұсақ қызыл, жаздық кез пісетніні, масақтануы мен пісуі кезінде қысқа, көктемгі құрғақшылыққа төзімді (Батыс Сібір).
Орта Азиялық. Биіктігі орташа, жапырағы жіңішке, қысқа, масағы таспа жіп тәрізді, ұзындығы орташа, борпылдақ қылтықты, қылтықсыз дөрекі сынғыш қатты бидай, дәні ірі, ақ, қызылы сирек, күздік, жаздық, тез пісетін жылуға жоғары талап қояды. Жоғары температураға шыдамды ( Өзбекстан, Қазақстан).
Далалық (елділік Оңтүстік шығыстық). Биіктігі орташа бұтағы мен жапырағы орташа, масағы қысқа, өте дөрекі, дәні дөңгеленуге бейім, ақ, күзде себілетін жаздық, өте тез пісетін, құрғақшылыққа төзімді, жылыға қажеті мол (Әзірбайжан таулы аймақтары)[10].
1.2 Жаздық жұмсақ бидайдың морфологиялық ерекшеліктері, биологиялық ерекшеліктері, өсіп – даму кезеңдері

Бидайдың морфологиялық ерекшеліктері. Тамыр жүйесі шашақты, ұрықтық және түйін тамырларынан құралған.


Бидайдың ұрықтық тамырлары өсімдікердің бүкіл өсіп – даму кезеңдерінің қоректенуіне қатысады, олар түйін тамырларынан (екіншілік) бұрын қалыптасадыда өсіп – жетілуінің соңында 150 см және одан да тереңге бойлайды. Алайда жоғары өнімді тек қана жақсы дамыған түйін тамырлары есебінен алуға болады, олардың саны өсу жағдайлары мен сорттық ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Құрғақшылық жылдары түйін тамырлары түзілмеуі де мүмкін және бидайдың астық өнімі ұрықтық тамырлар арқылы қалыптасып 5 – 8 ц/га деңгейінен аспайды.
Сабағы сабан (буынаралықтары 5 – 8), буынаралықтарының саны жапырақ санына сәйкес келеді. Сабаны қуысты, алайда қатты бидайда масақ асты паренхима жасушаларымен толтырылған, сондықтан тамырында тұрып қалғанда бүтін масақпен сынып кетуі мүмкін.
Жапырақтары – сызықты (линиялы), жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан құралған, қынаптың (қынының) тақтаға ауысар жерінде тілше (түссіз пленка), ал жапырақ қынабының негізінде сабақты орап тұратын сызықты құлақша немесе мүйізшелер болады. Ылғал сүйгіш формаларында, сонымен қатар көптеген қатты бидайларда жапырақтары ірі, құрғақшылыққа төзімділерінде – ұсақ болып келеді. Жаздық бидайда екі түрлі жапырақтар ажыратылады: тамыр түбі жапырақтары және сабақтық жапырақтар. Тамыр түбі жапырақтары жер асты түйіндерінен түзіледі, олардың саны 4 – 5, ал сабақтық – жер үсті бөлігінде қалыптасады. Тамыр түбі жапырақтары қорлық қоректік заттарды жинақтаушы қызметін атқарады да кейіннен тамыр жүйесінің дамуы мен масақтың түзілуіне шығындалады.
Сабақтың биіктеп өсуі мен сабақтық жапырақтардың қалыптасуында өсімдіктердің қоректенуі де сол қорлық қоректік заттардың есебінен жүреді, ал тамыр түбі жапырақтары бірте – бірте солып қалады. Жекелеген жапырақтардың тіршілік ұзақтығы 6 – 16 тәулікке дейін созылады, бір мезгілде екі жапырақтан артық өспейді. Барынша өсіп – дамыған кезеңде жоғары өнімді қалыптастыруға қоректік заттар және ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгенде бидай өсімдігі оңтайлы жапырақ ауданын гектарына 35 – 40 мың м 2дейін ал ылғал жеткіліксіздігінде - 15 – 25 мың м2 қалыптастырады.
Гүл шоғыры – масақ, ол масақ білігі мен масақшалардан тұрады. Бидай масағы білігінің бір тұғырында бір масақша орналасқан, бірақ ол көпгүлді (3 – 5 гүлден тұрады). Агрономның міндеті – мүмкіндігінше масақтағы барлық гүлдер тозаңданып, дән қалыптастыру.
Жемісі – дән, ол үш бөліктен – қабақ, эндосперм және ұрықтан – құрылған. Дәнінің ірілігі негізінен өсіру технологиясына байланысты өзгереді.
Жаздық бидайдың қоршаған орта факторларына талаптары (биологиялық ерекшеліктері). Бидай, басқа дәнді дақылдар сияқты қоңыржай белдеудің өсімдігі. Дегенмен, климатқа (жылу, жауын – шашын ж.б) талаптары бойынша сорттар арасында белгілі бір жағдайларға бейімделуінде айырмашылықтар бар.
Елімізде өсірілетін бидай сорттары өсіп – жетілу кезеңдері әртүрлі ұзақтығымен ерекшеленеді. Кеш пісетін сорттарында бұл кезең 100 тәулік және одан жоғары, ылғалды және салқын жылдары ол 115 – 120 тәулікке дейін созылады, ал ең ерте пісетін сорттары 70 – 80 тәулік аралығында пісіп үлгереді.
Жаздық бидай өсуі мен дамуының алғашқы кезеңінде жылу ережесіне (режиміне) қажетсінуі жоғары емес.
Бидай тұқымының өне бастауына қажетті ең төменгі температура 1 – 20C, алайда бастапқы өсуіне 4 -50C қажет, бірақ мұндай температурада өну және көктеу үдерістері өте баяу жүреді. Алғашқы өсуі мен түптенуі топырақтың температурасы 10 -120C болғанда жақсы өтеді, мұның өзі өсімдіктердің жақсы тамырлануы мен түйін тамыр жүйесінің дамуына оң әсерін тигізеді.
Генеративті мүшелерінің (органдарының) дамуы мен гүлдену кезеңінде бидай температураға өте сезімтал. Бірқатар зерттеушілердің көрсеткеніндей, 120C – дан төмен болғанда бидайдың тозаңдықтары дамымайды, 50C - дан төмендегенде өсімдіктер ұрықтанбайды, ал 5 – 100C – да ұрықтанғанмен эндосперм мен ұрықтың өсуі өте аяу жүреді, дән қалыптасып үлгермей опат болады.
Бидайда жоғары температураны көтеруде үлкен айырмашылықтар бар. 38- 400C температураның үздіксіз әсерінен саңылаулардың (устьицелердің) сал ауруы ( каралич) әртүрлі сорттарында 10 – 17 сағаттан соң байқалады. Бидай гүлдену кезеңінде жоғары температураға топырақтағы ылғал қоры жақсы болғанда ғана шыдас береді. Жоғары температура ылғал жеткіліксіз болғанда бидай масағының бос дәнділігіне әкеп соқтырады.
Толысу кезеңіндегі – 1 - 20C бозқырау өсімдік пен дәнді жарақаттайды (аяз ұрған дән)
Жұмсақ бидай сорттары бозқырауға қатты бидайға қарағанда төзімдірек. Түптену кезеңінде жұмсақ бидай – 5 – 80C бозқырауды жеңіл көтереді, ал қатты бидай – 1 – 20C температураның өзінде – ақ жарақаттанады.
Белсенді температура жиынтығы жаздық бидайда сорттарының пісу мерзіміне қарай 1500 – 19000C аралығында өзгереді.
Ылғалды қежетсінуі. Жаздық жұмсақ бидай тұқымы құрғақ дән массасына есептегенде 50 – 60% мөлшерінде ылғал сіңіргенде өне бастайды. Ал қатты бидайға 5 – 7% артық ылғал қажет, өйткені оның құрамында ақуыз (белок) көбірек. Бір өлшем құрғақ зат түзу үшін ол өзінің ағзасынан 400 – 500 өлшем су буландырады немесе транспирация коэффиценті 400 – 500 – ге тең.
Жаздық бидай өсіп – даму кезеңдерінде ылғалға жоғары талап қояды, алайда оны пайдалануы біркелкі емес:
барлық қажетті ылғалдың көктеу кезеңінде – 5 – 7%;
түптенуде - 15 – 20%;
түптену – масақтануда - 50 – 60%;
сүттене пісуде -20 – 30%
балауызданып піскенде - 3 – 5% жұмсалады.
Жаздық бидайдың ылғалға барынша көп қажетсінуі, немесе «қиын қыстау» кезеңі түптену – масақтану, басқаша айтқанда, репрдуктивтік мүшелерінің (органдарының) пайда болу кезеңдерінде байқалады. Бұл кезеңдегі топырақтағы ылғал тапшылығы бидай дәнінің қалыптасуы мен толысуына теріс әсерін тигізеді де егін өнімін күрт төмендетеді. Оңтайлы мерзімде себілгенде жаздық бидайдың «қиын – қыстау» кезеңі, ауа – райның барынша қолайлы уақытында өтеді.Бидайдың әртүрлі мерзімде пісетін сорттарының ылғалға талаптары бірдей емес: ылғалға жоғары талап қоятын және құрғақшылыққа төзімді сорттары ажыратылады. Құрғақшылыққа төзімді сорттарыга өсіп – дамуының алғашқы кезеңдерінде баяу қарқынмен өсіп, масақты баяу қалыптастыратындары жатады. Олар әдетте Солтүстік Қазақстан аймағында болатын жаздың бірінші жартысындағы құрғақшылықты жақсы көтереді, әрі олар қарқынды өсіп – даму кезеңінде түсетін жаздың екінші жартысындағы ылғалды тиімді пайдаланады. Олар негізінен ортадан ерте және кеш пісетін сорттары болып табылады.
Ерте пісетін сорттар көктемгі құрғақшылықтан көп зардап шегеді. Олар алғашқы уақытта тез өседі, масақты шапшаң қалыптастырады, алайда көктемгі және жаздың басындағы ылғалға жетімсіздігінен әдетте төмен астық өнімін береді.
Тамыр жүйесінің сіңіру қабілетінің және оның басқа дәнді дақылдарға қарағанда айтарлықтай әлсіз дамитындығынан жаздық бидай топырақ құнарлығына өте жоғары талап қояды.
Жаздық бидайдың тамыр жүйесінің тек қана 30% топырақтың жыртылатын (құнарлы) қабатында, ал қалған бөлігі одан тыс орналасады. Осаған сәйкес оның топыраққа қоятын талаптары да арта түседі. Бидай өсімдігі тіршілігіндегі қоретік заттардың рөлі әрқилы. Азот (N) жақсы түптенуге, қуатты сабақ пен жапырақ түзуге мүмкіндік жасайды, фотосинтетикалық қызметтті күшейтеді, биологиялық массаның қорлануын, дәндегі ақуыз мөлшерін арттырады. Фосфор (P2O5) тамыр жүйесінің дамуын тездетеді, жалпы өнімдегі астық үлесін арттырады, қуаңшылыққа төзімділігін күшейтеді, су пайдалану коэффицентін төмендетеді, жаздық бидайдың пісуін 5 - 6 тәулікке тездетеді. Калий (K2O) фотосинтездің қалыпты жағдайда өтуіне мүмкіндік жасайды, өсімдіктің ылғал ұстау және тамырдың ылғал сіңіру қабілеттерін арттырады, қуаңшылққа аурулармен зиянкестерге төзімділігін күшейтеді. Қоректік заттарды пайдалану тәртібі бидай өсімдігінің ылғалға қажетсінуіне ұқсас. Жаздық бидайдың қоректену элементтерінің шығындануы топыраққа байланысты және орта есепппен (әрбір центнер астық пен сабанға шаққанда) азот (N) – 3,7 – 4,0, фосфор (P2O5) – 0,9 – 1,1 және калий (K2O) – 1,7 – 1,8 кг тең .
Көптеген зерттеулер көрсеткендей, жаздық бидай әуелі фосформен, содан кейін калиймен, ең соңында азотпен қорланады. Ол фосфорды масақтануға дейін, калийді – гүлденуге дейін, азотты сүттене пісуге дейін қажетсінеді.
Жаздық бидай өсіруге барынша қолайлы қара және қара – қоңыр топырақтар деп есептеледі. Ол тұзды топырақты нашар көтеретін дақылдар тобына жатады. Сортаңдау топырақтарда, әсіресе қуаңшылық жылдары, өнімді күрт төмендетеді. Жақсы өнімді реакциясы қалыпты немесе әлсіз қышқыл топырақтарды (pH – 6,0 – 7,5) алуға болады.
Нақты өсірілетін жерлерге жіне астықты пайдалану бағытына байланысты жаздық бидай сорттарын таңдап алу.
Сорттарды таңдағанда төмендегідей талаптарды (критерийлерді) ескеру қажет:

  • Нақты жерге өсіруге жарамдылығы, әлеуетті (потенциалды) өнімділігі

және өнімділікті қамтамасыз ету жолдары (өнімді сабақ жиілігі есебінен, масақтың дәнділігі және ірілігі немесе жиынтық әсері т.б).

қоршаған ортаны сақтау, өйткені оларды дұрыс өсіргенде зияндылықтың экономикалық шегі еңсеріледі.

  • Стресті факторларға төзімділігі. Жапырылуға төзімді сорттар

(инфекциялық жапырылуы қоса алғанда)өсіру реттегіштерін (регуляторы роста) тамыр шіріндісіне қарсы фунгицидтерді қолдануды талап етпейді.

  • Тамырында тұрған дәннің көктемеуге төзімділігі (кеш пісетін

сорттарда әдетте мұндай мүмкіндік жоғары).
Өсіп – даму кезеңі. Өсу мен даму үрдістері өнімділікті анықтайды. Өсу-құрғақ заттың артуы. Оның негізгі ассемиляция болып табылады. Даму – негізгі биологиялық функциясын орындауға қажетті өсімдіктердің органдары мен бөліктерінің түзілуі. Органтүзумен байланысты күрт морфологиялық өзгерістерді кезеңдер деп атайды. Себуден пісуге дейін мынадай кезеңдерге ажыратылады: егін көгі (көктеу), түптену, түтікке шығу, масақтану (шашақтану), гүлдену және пісіп жетілу[11].
Кезкелген кезеңге өсімдіктердің 10% енгенде кезеңнің басталуы, ал 75% - да енгенде толық кезеңі белгіленеді.
Тұқымның өнуі үшін ылғал жылу оттегі қажет. Дәннің суды сіңіруі ұрықтың тыныс алуын күшейтеді. Ферменттердің әсерінен ерімейтін қорлық заттар еритін түрге ауысады да ұрықты қоректендіруге жұмсалады. Бидай тұқымының бөртуі мен өнуіне абсолют құрғақ зат массасына есептегенде 50 -60% ылғал қажет. Суды сіңіру жылдамдығына сыртқыт ортаның температурасы, топырақ ерітіндісінің концентрациясы, дәннің ірілігі, қабықтылығы және құрамы айтарлықтай әсер етеді.
Бидайдың ең төменгі өну температурасы +1 – 2 С. Мұндай жылылықта ол ұзақ уақыт бойы өніп – өседі, сондықтан саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Оның қолайлы өну температурасы +6 – 12С. Жаппай өнуге ауаның жетімсіздігі теріс әсерін тигізеді. Өнуге органогенездің бірінші кезеңі сәйкес келеді, бұл уақытта жапырақшалар мен тамыршалар қарқынды өсе бастайды. Ұрықтық тамырлардың соңынан бүршік дами бастайды да сабақ өркені пайда болады (ұрықтық сабақ). Сабақ өркенінің сыртынан колеоптиле деп аталатын тыспен қапталған. Ол өскіннің топырақты жарып, жоғары шығуына жеңілдік жасайды және оны жарақаттанудан сақтайды.
Топырақ бетіне шықаннан кейін колеоптиле өзінің өсуін тоқтатады да жарылып одан бірінші нағыз жапырақ пайда болады. Тәжірибеде мұны көктеу кезеңі деп атайды. Өсімдіктің жеке дамуына бұл органогенездің екінші кезеңіне сәйкес келеді. Бұл уақытта өсу конусы ұрықтық түйіндерге және сабақтың түйін аралықтарына дифференцияланады, кезектесіп екінші және үшінші жапырақ түзіледі.
Үшінші жапырақ пайда болысымен өсімдіктің биіктеп өсуі мен тамырлануы жылдамдайды. Жер асты бұтақтануы жүреді, түптену түйінінде қосалқы тамырлар түзіледі және топырақ бетінде қосымша өркендер (сабақтар) пайда болады. Тәжірибеде бұл кезеңді түптену деп атайды.Бидайдың және барлық астық тұқымда өсімдіктердегі мұндай сапа өзгерістерді органогенездің үшінші кезеңіне сәйкес келеді де гүл шоғырының білігі дифференцияланады, масақшалардың негізі қаланады. Жалпы және өнімді түптену ажыратылады. Жалпы түптену деп бір өсімдікке келетін барлық сабақ саны айтылады, ал өнімді түптену егін жинау қарсаңындағы піскен дәні бар сабақ санын көрсетеді. Гүл шоғыры бар, бірақ дәні пісіп үлгермеген сабақтарды «сабан өркен», ал гүл шоғыры жоқ сабқтарды «мамық шөп» деп атайды. Түптену дәрежесі дақыл мен оның биологиялық ерекшеліктеріне, топырақтың құнарлығы мен ылғалдылығына, температураға, өсіру технологиясының ерекшеліктеріне (себу мерзімі, тұқым сіңіру тереңдігіне, себу мөлшеріне т.б) байланысты. Жаздық бидайға қарағанда күздік бидай күштірек түптенеді. Түптенудің маңызы біркелкі емес. Күшті түптену әруақытта да оң құбылыс бола бермейді. Солтүстік Қазақстан жағдайында, әсіресе көктем қуаңшылықты және жаз ылғалды болғанда кейде сабан шөп күшті дамиды, басты сабақтардың дәнінің пісіп жетілген кезеңінде олар әлі дән түзіп үлгермейді. Бірақ жекелеген жылдары сабан шөп саны мен олардың дәнділігі негізгі сабақтардан гөрі анағұрлым жоғары өнім беретіндіктен олар үшін егін жинау мерзімін кешеуілдетуге тура келеді.
Бидай өнімін қалыптастыруда түптену негізгі фактор – өсімдік биіктігінің жиілігіне қосымша рөл атқрады. Солтүстік Қазақстан жағдайында оның өнімді түптенуі айтарлықтай емес және ол жаздық бидайда 1,2 – 1,3 ал күздік бидайда ол көрсеткіш анағұрлым жоғары (2 – 4). Алайда дәнді дақылдар, оның ішінде бидай өсімдігінің түптенуінің биологиялық мүмкін деректер зор. Атап айтқанда, Италия экологы Аццидің деректері бойынша Перуджи жоғары ауыль шаруашылық институтының мұражайында 342 масағы бар күздік бидай бұтасы сақтаулы. Дала жағдайында мұндай бұтаның пісуі өте көп энергетикалық шығынмен байланысты және мүмкін емес.
Бір өлшем егістіктегі өсімдік саны мен өнімді түптену сабақ бітіктігінің жиілігін құрайды, оның оңтайлы мөлшерінен өсімдіктің тіршілік факторларының пайдалануы, олардың өсіп жетілуі мен өнімділігі тәуелді. Оңтайлы сабақ бітіктігінің – бір өлшем алқаптағы сабақ саны. Ол өсімдіктердің толық қабысып қоректену алаңы мен басқа тіршілік фаторларын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде нақты жағдайда фотосинтездің жоғары өнімділігі қамтамасыз етіледі, әрі ең жоғары егін өнімі жиналады.
Түптену кезеңінде, жоғарыда айтылғандай, масақ білігінің дифференциялануы жүреді және масақшалардың негізі қаланады.Кейінірек ешқандай агротехникалық шаралармен масақтағы масақша санын көбетуге болмайды. Сондықтанда өсімдіктерді түптенуге дейін қоректік заттар және ылғалмен қамтамасыз етудің маңызы зор.
Түтікке шығу кезеңі түптену соңынан басталады.Бұл кезеңде қысқа түйін аралығы, ұрықтық масағы бар ұрықтық сабақ ұзара түседі де жапырақ түтікшесінің ішімен жоғары қарай көтеріледі. Ең алдымен төменгі түйін аралығы өсіп ұзара бастайды, оның соңынан төменнен екінші, үшінші және одан кейінгілер дами бастайды. Бір мезгілде масақ та дамид: үшінші дәрежедегі өсу конусы салынады (органогенездің 4 – ші кезеңі) соңынан жатын мен аналықтар қалыптасады (органогенездің 5 – 6 кезңдері). Сабақтың биіктеп өсуі жалғасында органогенездің 7 – кезеңі өтеді: бұл кезеңде гүлдің жыныс элементтері қалыптасады. Түтіктену кезеңіндегі жағдайлар масақтың өнімділігін анықтауда үлкен маңызға ие болады. Бидай өсімдігінің тіршілігінде ылғалға, қоректік заттарға, температура т.б.факторларға қоятын талаптарына сәйкес бұл кезең «қиын қыстау» кезеңі деп есептеледі.Мұның өзі өнім мөлшерін анықтайды.
Масақтану кезеңі масақтың жоғары жапырақ қынабынан шығуымен сипатталады. Жапырақтың сабанның қарқынды өсуі жалғасады, масақтың қалыптасуы аяқталады (органогенздің 8 ші кезеңі). Бұл кезеңде өсімдіктер ылғал мен қоректік заттарға жоғары талап қояды. Кезең неғұрлым ұйымшылдықпен өтсе, бидай соғұрлым біркелкі піседі де сапасы жоғары болады.
Гүлдену мсақтану кезеңінен соң өтеді. Бұл кезеңде жыныс органдары (аталықтар мен аналықтар) пісіп жетіледі де тозаңдануға дайын болады. Бидай масағында гүлдену масақшалардың орта бөлігінен басталады. Алғашқы қалыптасқан дәндер негізінен ірі болып келеді.Бидай өздігінен тозаңданатын өсімдік.
Гүлдену кезеңін, тозаңдану мен ұрықтану құбылыстарын органогенездің 9 – кезеңі қамтиды. Ыстық ауа – райы, аңызақ жел жаңбыр тозаңдануға теріс әсер етеді де босдәнділік қалыптасады.
Пісу кезеңі бидай өсімдігінің тіршілігінде күрделі физиологиялық және биохимиялық процестерді қамтиды. Қосарланып ұрықтанғаннан кейін бірінші сперманың жұмыртқа клеткаға ағып келіп қосылуынан дән ұрығы, ал екінші сперманың орталық, немесе ұрық қабының қосалқы ядросымен қосылуынан эндосперм түзіледі. Дән қабығы дән ұрығының қабырғасынан пайда болады.
Н.Н.Кулешовтың (1963) тұжырымына қарағанда дәннің пайда болу және және жетілу процесін үш кезеңге біріктіруге болады: қалыптасуы, толысу (дәндену)және пісіп - жетілуі
Дәннің қалыптасуы ұрықтанғаннан кейін басталады да оның ұзындығы әбден белгіленгенге дейін созылады.Бұл кезеңнің ұзақтығы ауа райына, бидай сорттарына т.б. байланысты шамамен 10 – 14 тәулікке созылады.Бұл уақытта дән негізінен ұзындығына өседі, оның барлық бөліктері құраладыда ұрықтың дербестелінуімен аяқталады. Дәннің ішіндегісі сулы жағдайдан сүтті күйге айналады, өйткені эндосперімде крахмал дәндері пайда болады және дән қабығы жасылданады (хлорофилл молаяды).Дәнде ажырамайтын су көпте құрғақ заттар аз, бұл кезеңнің соңына қарай толық пісудің 15 – 35% құрғақ заттары жинақталады. Дән ылғалдылығы қалыптасуының бас кезеңінде 80% шамасында, ал аяғына қарай 65% -ке дейін төмендейді. Эндосперм күйіне сәйкес бұл кезеңді қоймалжың сұйық және сүттену алдындағы күйлері деп екі қосымша кезеңге бөлуге болады.
Дәннің толысуы қоректік заттардың қарқынды түрде жинақталуымен сипатталады. Азотты заттар амин қышқылдары мен төмен малекулалы белоктар түрінде жинақталады, көмірсутектер сахароза мен глюкоза – фруктоза түрінде және крахмал синтезделеді, ал май синтезі өте аз болады. Дән бұл кезеңде негізінен ұзындығы мен көлденеңіне барынша ұлғайып өседі, эндосперм ткандары толығымен құралады. Құрғақ заттардың молаюынат байланысты (толық пісудегі мөлшердің 85 – 90%) дән ылғалдылығы 40% - ке дейін төмендейді. Бұл кезңнің ұзақтығы 20 күндей, бірақ ауа райы құрғақ әрі ыстық болғанда 12 – 15 күнгет дейін қысқарады да, күн салқын әрі ылғалды болғанда 25 – 30 күнге дейін созылады. Бұл кезеңді екі қосымша кезеңге ажыратуға болады: сүттене пісу - дәннің констенциясы сүт тәрізді ақ масса, қабығы жасыл түсті, ал екіншісі – қамырлана пісу эндосперм қамыр түстес күйге ие болады, дән қабығы сарғыштала бастайды, өйткені хлорофилл жоғалады ол тек қана дән тілігінде сақталады. Өсімдік сарғая бастайды, жасыл түс жоғарғы жапырақтар мен масақша қауызында ғана сақталады.
Дәннің пісіп жетілуі – дәннің толысуы аяқталғанша басталады.Бұл кезеңде пластикалық заттардың жылжуы әлі тоқтамайды (10 – 15%) ,бірақь оның қарқындылығы төмендейді және балауызданып пісудің ортасына қарай толық тоқтайды. Дәндерде полимеризация және кебу процесі жүреді де пластикалық заттар қорға айналады. Мәселен, алейрон дәндері мен клейковиналы белоктар түзіледі, қорлық кпахмал синтезделеді. Дән аналық өсімдіктен бөліне бастайды, бұл кезңде оның ылғалдылығы сыртқы ортаға байланысты. Күндіз әсіресе тал түсте дән құрғақтау болады, ал кешке қарай және түнде олар ылғалданады. Сондықтан тұқымдық участкелерде дестелерді күндізгі сағаттарда жинау керек. Эндосперм балауызданып, созылмалы болады. Тұқым ылғалдылығы бұл кезеңде 40 -20% - ке дейін төмендейді. Пісу кезеңінің ұзақтығы метеорологиялық жағдайларға байланысты 6 – 12 тәулікке созылады [12].

2 «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС жағдайындағы жаздық жұмсақ бидайды өсірудің қазіргі жағдайы


2.1 «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС- гі туралы жалпы мәліметтер

Тәжірибеде өту орны Аққайың ауданы «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС, Шағалалы ауылы болып табылады.


«Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС 1956 жылы ірі Чаглин астық савхозының базасында құрылды.
Шаруашылық аумағы Солтүстік қазақстан облысы Аққайың ауданының оңтүстік бөлігінде орналасқан, ол жазық – Батыс дала, карбонатты топырақ, табиғи – егіншілік ауданының аймағына жатады. Шаруашылықтың орталық усадьбасы – Шағалалы ауылы, ол № 2 бөлімшенің усадьбасы болып табылады, аудан орталығы Смирново ауылынан 53 км – де және облыс орталығы Петропавл қаласында 114 км – де орналасқан.
Шағалалы ауылынан басқа, бөлімшелердің шаруашылық орталықтары болып табылатын тағы екі елді мекен бар:
Южное ауылы - № 1 бөлімшенің мекені
Степное ауылы - № 3 бөлімшенің мекені
Ең жақын теміржол вокзалы – Қиялы станциясы. Қызметкерлердің жалпы саны штаттық кестеге сәйкес 419 адамды құрайды. Әкімшілік - басқару аппараты қызметкерлерінің саны – 39 адам. Кәсіпорынның орталықаппараты деректордан, ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасардан, өндіріс жөніндегі орынбасардан, 5 маманнан, 4 бөлімше басқарушысынан, кадр бөлімінің меңгерушісінен, хатшыдан, 5 зертхана меңгерушісінен, 7 ғылыми қызметкерден тұрады.
Шаруашылқтың негізгі өндірістік бағыты – астық. Шаруашылық жоғары репродукциялы дәнді дақылдардың аудандастырылған сұрыптарын өсірумен және көбейтумен (көбею питомниктері, суперэлита және элита) және ет – сүт бағытындағы дамыған мал шаруашылығымен айналысады.
Суперэлиталық тұқымдар – тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормтивтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін және элиталық тұқым өндіруге арналған, көбейту питомнигі түсімінен алынатын бірегей тұқымдарға жататын тұқым.
Элиталық тұқымдар – бірегейнемесе суперэлиталық тұқымнан алынған және Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары.
Шаруашылықтың жер ауданы 27102,53 га құрайды, оның ішінде А/ш алқаптарының ауданы 25647 га, егістік 21644 га (кесте – 1).

Кесте 1 – 2019 - 2020 - 2021 жылғы «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС – нің жер пайдалану жағдайы (жерлерді мемлекеттік есептеу деректері бойынша).



Жылдар

2019

2020

2021

Жалпы жер көлемі

20704

20704

20704

Бидай

9073

10300

10500

Арпа

1522

1610

1525

Сұлы

200

246

200

Асбұршақ

273

610

396

Жасымық

2

2

-

Соя

-

4

-

Зығыр

955

1536

1696

Қыша

12

-

-

Рапс

952

502

-

Картоп

99

78

110

Көпжылдық шөптер

1149

906

869

Бір жылдық шөптер

293

542

686

Сүрі танап

6174

4366

4722

Жайылымдық шөптер

3935

3935

3935

Алқаптардың жиыны

24639

24639

24639

Шаруашылық монокултуралық емес.


Шаруашылық тұқым материалдарын жаңарту үшін әртүрлі элиталық тұқым фирмаларымен ынтымақтасады, негізінен бұл ресейлік серіктестер.Олармен ынтымақтаса отырып, шаруашылық Қазақстанның солтүстік өңірі үшін өсіру үшін неғұрлым ұтымды сорттар іздейді.
Шаруашылықтың техникалық маңызы зор. Техникалардың бұзылуы аз және егін себу науқаны мен жинау науқанында толыққанды қатысқанда, кешіктірулер болмайды, яғни тұқымды өз кезеңінде сеуіп, өз кезеңінде жинап аламыз (2 – кесте)

Кесте 2 – 2021 жылы «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС – гі техникалар.



Машиналар мен құралдар атауы

Ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының маркалары

Саны

1

2

3

Тракторлар

Барлығы

27

Оның ішінде маркалар бойынша

МТЗ – 80

12

К – 700

8

Versatile 2375

1

John deere

4

МТЗ- 82,1

3

Комбайн

Барлығы

19

Енесей 1200

6

Challenger

1

MacDon

1

Acros

11

Агрегаттар

СЗС -2,1

6

Амазон

2

БЗТС – 1

5

БИГ – 3

3

VELES БС – 15

1

ПЗН – 80

2

ЗПС – 100

2

ГУН – 4

2

КПЭ – 3,8

6

КВУ – 12

2

КС – 4,2

1

ЛДГ – 10

3

ОПШ – 15

4

ОНШ - 800

4

ПСУ

3

Шаруашылықта негізінен түрлі тракторлар бар, айта кетер болсақ John derere –тракторы тиімдірек болып келеді, себебі бұл трактормен жағармайғкеткен шығынды,ірі танаптарды қалған тракторларға қарағанда ертерек бітіреміз, яғни айта кететін болсақ қаншалықты жұмыс күші көп болғанымен, кететін шығын мөлшері аз болады.
Шаруашылықтың климат жағдайлары

Солтүстік Қазақстан облысы континенталды климатқа ие, қысы суық және жазы орташа ыстық. Облыс климатына қыс пен жаздың, күн мен түннің күрт температуралық


Ауыл шаруашылығы үшін қолайсыз факторлары кеш көктемгі және ерте күзгі аяздар және ауыл шарушылығы дақылдарының дамуы үшін сыни кезеңдерде жауын – шашынмен қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі болып табылады. Аймаққа әсіресе рете көктемгі құрғақшылыққа тән. Облыс аумағы бойынша орташа жылдық жауын – шашын мөлшері 300- ден 400 мм – ге дейін ауытқиды. Облыс аумағы бойынша жауын - шашынның таралуы біркелкі емес, облыстың оңтүстік - батысы мен оңтүстік – шығысында қуаңшылық байқалады. Солтүстік Қазақстан АШТС (Шағалалы метеопосты) деректері бойынша 2020 – 2021 ауылшаруашылығы жылының күзіндегі метеорологиялық жағдайлар орташа көпжылдық норма шегінде ылғалдану деңгейімен және жоғары орташа тәуліктік температурамен сипатталады.
«Солтүстік Қазақстан АШТС» ЖШС Солтүстік Қазақстан облысының дала аймағында орналасқан. Климат аймақтары қуаң, орташа жылулықпен қамтамасыз етілген. Жауын – шашын мөлшері 240 – 350 мм. Вегетациялық кезең 136 – 137 күн аралығында, ГТК (гидротермиялық коэффициент) – 0,8 – 0,7. Жер бедері – жазық, көлдер таяз ойпаттары бар. Ландшафттар ормандардың болмауымен сипатталады (кесте -3).

Кесте 3 – «Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибелік станциясы» ЖШС бойынша 2021 ауылшаруашылық метеожағдайы (Шағалалы м/с)

Айлар

Жауын – шашын,мм

























Декада

























































































































































































































































































































































































































Топырақтың агрохимиялық сипаттамасы

Бұл аймақтың топырағы негізінен кәдімгі орташа күші бар қара топырақ, қарашірік қалыңдығы орташа дәрежелі, ауыр және орташа саздақты топырақтармен қамтылған.


Тәжірибе алңының топырағы Солтүстік Қазақстанның орманды дала қара топырағына тән және келесі морфологиялық құрылымға ие:
Амах – қара сұр, борпылдақ, түйіршікті – түйіршікті, құрғақ, өсімдік тамыры тереңдеген;
А 20 – 38 см – қара сұр, тығыздалған, кесек - түйіршікті, балғын, өсімдік тамыры терңдеген;
АВ 38 – 60 см – қара сұр түске боялған сұрғылт түсті, гетерогенді, тығыз, балғын, бірыңғай өсімдік тамырлары бар, В горизонтына өту біртіндеп жүреді;
Вк 60 – 120см – қоңыр, қарашірік сызықтары мен карбонаттардың жеңіл жолақтары мен қара дақтары бар, тығыз, кесек – призматикалық құрылымды, балғын, HCl- нен қайнайды.
ВСк 102 – 129 см – қоңыр, тығыз балғын, кесек – призматикалық құрылым, ал көзді және псевдомицелий түріндегі карбонаттар, аналық жынысқат ауысу біртіндеп жүреді;
Ск – қоңыр түсті, тығыз ылғалды, кесекті, карболеттер түріндегі сіңдіру.

2.2 Жаздық жұмсақ бидай сорттарының сипаттамасы


Дақыл: жаздық жұмсақ бидай


Сорт: Шортандинская 2012
Авторы: Бабкенов А.Т., Шелаева Т.В., Дашкевич С.М., Девяткина Г.В
Аудандастырылған: 2016
Түршесі: Лютесценс
Оригинаторы - «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығы» ЖШС. Орташа ерте пісетін жоғары өнімді сорт, вегетациялық кезең 84-85 күн. Құрғақшылыққа төзімді,тұруға және төгілуге төзімді. Астықтың сапалық көрсеткіштері бойынша Астана сорты деңгейінде тұр: натурасы- 807г/л, шынылығы 59%, ақуыз мөлшері 14,6%, шикі дән уызы мөлшері 31,6%.
Сорт: Семеновна
Авторы: Ольга Семеновна Гаас
Оригинаторы: «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС мен Ресейдегі Омбы аграрлық орталығы.Бұл сорт Омская-37- мен Орал Сібір сортын арнайы будандастыру арқылы алынды. «Семеновна» сорты маусымның ортасында піседі. Вегетациялық кезең 80-85 күн.Сорт Құрғақшылыққа төзімді және жоғары температураға төтеп береді. Бір ерекшелігі Семеновна сортының биіктігі 85-90 см. Жағдайға төзімділікті 5 баллдық жүйе бойынша бағаланған. «Семеновна» сорты төзімді, зиянкестер мен сабағының тотығуына орташа төзімді.Астық құрамындағы шикі дән уызы мөлшері 36,5%, ақуыз мөлшері 12,9, 1000 тұқымның массасы 37,4г, наубайханалық көрсеткіш белгісі 4,5 балл.

2.3 Шаруашылықтағы өсіру технологиясы

«Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық тәжірибелік станциясы» ЖШС жалпы дақылдарды дәстүрлі өсіру технологиясын қолданады.Жалпы дақылдарға жасалатын технологиялардан кемшілігі негізгі өңдеу жұмыстары тыңғылықты атқарылмайды. Егіннің біркелкі піспеуіне байланысты кей жылдары егінді кеш жинап жатамыз, ол бізге күзгі өңдеу жұмыстары кедергісін келтіреді. Қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Танаптың айналасында ағаштардың болуына байланысты қар мол мөлшерде түседі.Ағаштардың болуы танаптарымыздың жел эрозиясынан қорғауға көмектеседі.


2.3.1 Ауыспалы егістегі орны


Ауыспалы егістерді құрастырған кезде әрбір дақылға барынша қолайлы жағдай жасап, сыртқы ортаның қолайсыз әсерін азайту керек. Әрбір дақылдың биологиялық ерекшеліктері, олардың тіршілік факторларына қатынасы, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне, су және қоректік режимдеріне, танаптардың ластануына, сонымен қатар микроорганизмдердің тіршілігіне әсері анықталады. Ауыспалы егістің тәсімін құрастырғанда топырақ құнарлығын тиімді пайдалану қажеттігін ескеру қажет[13].


Алғы дақыл бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС дақылдардың орналасу реті
Сүрі жер
Жаздық бидай
Жаздық бидай
Арпа
2.3.2 Топырақты өңдеу

Топырақты өңдеу деп, оған өсімдіктерге қолайлы жағдай туғызу үшін машиналар мен құралдардың жұмыс органдары арқылы әсер етуді айтады. Өңдегенде топырақтың табиғи құнарлығы тиімді құнарлыққа айналады, сол арқылы өсімдіктер сумен және қоректік заттармен қамтамасыз етіледі[14].


Солтүстік Қазақстан жағдайында топырақты өңдеу жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар : топырақты жел эрозиясынан қорғау, топырақты су және ауа режимдерінің қолайлылығын қамтамасыз ету, топырақтың тығыздығын реттеу (топырақтың төменгі қабатының ылғалдануын қамтамасыз ететіндей көп мөлшерде қар суын сіңіру), арамшөп тұқымдарын сіңіру, арамшөптерді жою, ауру қоздырғыш организмдер мен ауыл шаруашылық дақылдары зиянкестерін басып тастау, топыраққа тыңайтқыштарды енгізу, топырақта органикалық заттардың минерализациялануына мүмкіндік жасау.
Негізінен аймақта астық дақылдары болғандықтан топырақты жел эрозиясынан аңыз немесе басқа өсімдік қалдықтары қорғайды. Топырақты тек жазықтілгіш құралдармен өңдесе ғана аңыз сақталады. Солтүстік Қазақстан жағдайында жазық тілгіштермен өңдегенде топырақ бетінде сақталған аңыз, жел эрозиясынан қорғап жеткілікті ылғал қорының жиналуына үлкен әсерін тигізеді. Қар жауғаннан кейін ол аңыз арасында сақталып, аңыз биіктегенде биік қабатын қалыптастырады.
Ал топырақты аударып жыртқан кезде аңызсыз танаптардан жиі соғатын жел қарды ұшырып әкетіп отырады. Қысқы жауын – шашынның басым мөлшері пайдасыз жоғалады.Сондықтан Солтүстік Қазақстан аймағында топырақты аудармай өңдеу астық дақылдарының дамуына қолайлы жағдай жасайды.Өсімдіктер ылғалмен айтарлықтай жақсы қамтамасыз етіліп, топырақ эрозиядан сақталады [15].
«Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС жағдайында негізгі өңдеу алғы дақылды жинағаннан кейін, МТЗ – 82,1+ ПГ -3,5 агрегатымен 25 – 27 см тереңдікте жүргізілді ( сурет – 1).



Сурет 1. Негізгі өңдеу жұмыстары.
Ылғал жабу

Ылғал жабу – бұл топырақтың сақталған ылғалдылығына бағытталған ерте көктемгі өңдеу жүйесіндегі міндетті агротехникалық әдіс. Ылғалды жабу оның астыңғы қабаттардан булану бетіне капиллярлық көтерілуі кезінде ылғалдың жоғалуын болдырмау үшін бос және тегістелген жоғарғы топырақ қабаты түріндегі экранды жасау қажеттігінен тұрады.Осы уақытқа дейін әр танап әр танап ерте көктемгі өңдеуге әр түрлі дәрежеде дайын, нәтижесінде келесі реттілікті сақтау керек:


1)Ылғал жабу жүргізу қажет, ең алдымен сүдігер жырту, ірі кесектерді үгіту және бос жерлерді жабу,топырақ бетін тегістеу және топырақты нығыздау болып табылады.
2)Тыңайған егістіктерде және тегістелген тегіс кесілген жер жырту кезінде 2 қатарға біріктірілген тіс тырмаларының жұмысына рұқсат етілген. Бір өтуде олар ылғалдың булануынан сенімді қорғаныс қабатын жасай отырып, бетін қанағаттарлықтай босатады және тегістейді. Ерте көктемгі өңдеудің жақсы сапасы серіппелі жұмыс органдары бар гидравликалық кең кескіш құралдармен де қамтамасыз етіледі.
3)Қажет болған жағдайда, арамшөптердің, әсіресе жабайы сұлының пайда болуымен,агрегаттардың өтуі бұрын ине тырмалары немесе қопсытқыштар пайдаланылған егістік жерлерді қоса алғанда, екі фонда да қайталануы мүмкін. Мұндай әдіс ылғалдылықты оданда сенімді сақтайды, арамшөптердің көшеттерін жояды және топырақтың терең қабаттарынан жыл сайынғы көшеттердің одан әрі пайда болуына ықпал етеді.
4)Күзден бері өңделмеген сабан алқаптары, топырақ ылғалдылығын буланудан сақтау үшін біркелкі бөлінген уақыт.Сондықтан мұндай танаптарды ерте көктемгі өңдеу ең соңғы жүргізіледі және ол негізінен арамшөптердің тұқымын топыраққа енгізуге және микробиологиялық белсенділікті күшейтуге арналған. Ылғалды жабудың кешігуімен және арамшөптердің сабандық алқаптарындағы жаппай өнуімен олар дереу аралық өңдеуге кіріседі.Өңдеу құралдары тегіс кесілген жер жыртудағыдай.
5)Ылғалды жабу тыңайған танаптардағы бидай шығымдылығын 1,8-2,4ц/га, сүдігер жыртуда 2,3-2,6ц/га, терең қопсыту фонында 1,2-2,8ц/га ға арттырады.
2.3.3 Тұқымды себуге дайындау

Дәрілеу нәтижесінде тұқымдық жадығат арқылы тарайтын әртүрлі ауру қоздырғыштардың әсері залалсыздандырады: сақтау кезеңінде тұқымның егістік сапасы сақталады және себілген тұқым мен өскіндердің өңезденуінен әрі топырақта тіршілік ететін зиянкестердің жарақаттануынан қорғалады; тұқымның қорғаныс қасиеттерін күшейте отырып, механикалық жарақаттардың кері әсерін төмендетеді, микроағзалардың дамуын басады; тұқымның өну қуаты мен өнгіштігі артады; улы химикаттың (препараттың) оң әсерінен барлық танаптық (екпе) дақылдардың өнімі артады. Тұқымды дәрілеу – тұқымдық жадығатты себуге (отырғызуға) дайындауға қорытынды кезең. Сондықтан дәрілеуге дейін барлық көрсеткіштері бойынша ол егістік кондициясына жеткізілуге тиіс.


«Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС жағдайында тұқымды себуге дайындау жұмыстары атқарылды. Тұқымды тыныштық күйден шығару үшін күн көзіне қыздыру жұмыстары жүргізілді және иншур перформ тұқым дәрілегішімен 8- 10 л/т мөлшерімен жаздық жұмсақ бидай дәріленді ( сурет – 2).



Сурет – 2. Тұқымды дәрілеу жұмыстары.
2.3.4 Себу жұмыстары

Себу мерзімі. Себу мерзімі білдіретін негізгі ұстаным – танаптың ластану дәрежесі. Танапта арамшөптердің саны жиі болған жағдайда бұл танапты тазалап кешірек сепкен дұрыс.


Себу мерзімін анықтаған жағдайда топырақ ылғалдылығы да есепке алынады. Ылғалы аз танаптарда кешірек, ал ылғалы мол танаптарда дақыл керісінше ерте себіледі. Қуаңшылықта, ылғалы шамалы танапқа ерте себілген дақыл ылғал қорын тез бітіріп тастайды да өнімді төмендетеді.
Солтүстік Қазақстанның орман – дала аймағында жаздық бидайдың себу мерзімі 20 – 22 мамыр аралығында; қоңыржай қуаңшылық далада 21 – 23 мамыр; қуаңшылық далада 22 – 24 мамыр; қуаң далада 23 – 25 мамыр.
Себу мөлшері. Жоғары өнім алу үшін әр аймақтың жағдайына үйлесімді, дәлелденген, қолайлы себу мөлшері болу қажет. Қолайлы себу мөлшері жергілікті климаттық жағдайда өсімдіктерді топырақ қабатындағы ылғал және қоректік заттарымен толық қамтамасыз етуі керек.
Жаздық бидай жиі себілсе, Солтүстік Қазақстан жағдайында топырақтағы ылғал мөлшерінің жылдам азаюына себеп болады. Осы себептен, масақтану кезеңінде жаздық бидайдың жиеленген егістерінде, топырақтың бір метр қабатында бір жарым есе төмен болғаны анықталды.Бұл айырмашылық қуаңшылық жылдарда өнімнің қалыптасуына айтарлықтай әсерін тигізеді.
Сонымен қатар тым сирек себілген егін арамшөптердің дамуына қолайлы жағдай тудыруы мүмкін. Арамшөптер дақылдың қоректену алңының көлеміне айтарлықтай әсерін тигізеді.
Себу тәсілі. Себу тәсілі астық өнімімен қатар өнімнің буркелкілігі мен оның сапасына да әсер етеді. Барынша жетілдірілгенсебу тәсіліне неғұрлым өсімдіктердің қоректену алаңы квадрат пішініне жақындау егістіктер жатады. Мұндай қоректену алаңы егістіктерде өсімдіктердің жарықты, қоректік заттарды, ылғалды пайдалануы жақсарады.
Себу тереңдігі. Жаппай егін көгін алуда және жаздық бидайдың біркелкі пісуіне тұқымның топыраққа сіңіру тереңдігі айтарлықтай рөл атқарады.Тұқымды тым терең немесе саяз себуге болмайды. Бұл жағдайда егін нашар көктейді,жаздық жауын шашынның әсерінен қосымша егін көгі пайда болады, астық пісіру дәрежесі әртүрлі дәндерден қалыптасады да сапасы төмен болады. Сондықтан тұқым ылғалды қабатқа сіңірілуі тиіс.
Еліміздің көптеген аудандарында жаздық жұмсақ бидайдың қолайлы себу тереңдігі 5 – 8 см болып табылады.
«Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС жағдайында себу жұмыстары МТЗ 82,1 + AMAZONE агрегатымен жүргізіледі, себу тереңдігі 5 – 7 см, 15 – 25.05 аралығында. Тұқым себілгеннен кейін нығыздау жұмыстары атқарылды (сурет – 3).



Сурет – 3. Себу жұымстары.
2.3.5 Күтіп баптау жұмыстары

Егістікті күтіп – баптау. Жаздық жұмсақ бидайды қарқынды өсіру технологиясында егістікті күтіп – баптау маңызды рөл атқарады және оның негізгі буындарына арамшөптерге, аурулар мен зиянкестерге қарсы күрес шаралары жатады.


Жаздық бидай егістігіне егістік қалуен, шырмауық, жатаған бидайық т.б. атпа тамырлы, тамырсабақты көпжылдық арамшөптер, ал біржылдық түрлерінен қара сұлы, жасыл және көкшіл сұр итқонақ, құс тарысы т.б. үлкен зиян келтіреді. Егістік арамшөптермен шамалы ластанғанда астық шығыны 5-7%, ал күшті ластанғанда 20 – 30% дейін жетеді.
Нақты шаруашылықтарда агротехникалық және химиялық қорғау шараларын ұйымдастырғанда танаптардың арамшөптермен ластану карталары жасалады, оларда ластану дәрежесі мен арамшөптердің түр құрамы анықталады. Ластанудың үш дәрежесі – әлсіз, орташа, және күшті – ажыратылады. Егістіктің бір шаршы метр алаңында әлсіз ластанғанда тұқым саны (жыртылатын топырақ қабатында) 10 – нан аспайды, 20 азжылдық және 1 көпжылдық арамшөп өсімдігі болады, орташа ластанғанда – тиісінше 10 – 50; және 20 – 70 және 3 тен артық.
Солтүстік Қазақстан аудандарында жаздық бидай егістігнде танаптарды арамшөптерден тазарту жолында арнаулы шаралар жүйесі қолданылады және олар арамшөптердің жаңа тұқымдары мен вегетативтік бөліктерінің таралып кетпеуін де қарастырады. Арамшөптерді құртып басу негізінен химиялық қорғау шараларын қолдану жолымен іске асады. Әрбір шаршы метр егістік алаңында 2 және одан да көп қалуен, 15 қара сұлы, 75 итқонақ және 20 – 30 басқа азжылдық арамшөп өсімдіктері болғанда гербицидтер қолданылады.
Солтүстік Қазақстан аймағында жаздық жұмсақ бидайдың кең тараған ауруларына тамыр шірігі, қара күйе, септариоз, тот жатады. Оларға қарсы күрес құрамды түрде егістіктің фитосанитарлық күйін ескере отырып агротехникалық және химиялық шараларды қарастырады.Агротехникалық шаралар негізінен себуге дейін, ал химиялық – себуге дейін және себілгеннен кейін жүргізіледі.
«Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС жағдайында жаздық жұмсақ бидайдың түптену фазасында аз жылдық және көпжылдық арамшөптерге қарсы диален супер, 480 в.к гербицидін 0,5 – 0,7 л/га мөлшерінде қолданылды.

Кесте 3«Солтүстік - Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-да жаздық жұмсақ бидайды өсіру технологиялық картасы



Дақыл Бидай

Алғы дақыл сүрі танап

Аумағы 100

Өнімділік 21,4 ц/га

Жұмыстың атауы

Жұмыс көлемі

Агрегаттың құрамы

Өндіру нормасы

Ауысым нормасы

Күнделікті шығын

Тарифтік стафка

Айлық

Жағармай

Өлшем бірлігі

Саны

Гонның ұзындығы

Атауы және маркасы

Тракторист машинисті

Қалған жұмысшылар







Трактор машинисті

Қалған жұмысшылар

Трактор машинисті

Қалған жұмысшылар

Тариф бойынша төлем

Демалыс 4%

Қайта өңдеу 10%

Есептеу 21%

Еңбек өнімділігі 25%

Есептеулермен бірге барлық айлық жалақы

Бірлікке (кг)

Барлығы

Трактор, машиналар

АШМ және құрал саймандар







Трактор машинисті

Қалған жұмысшылар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

Қар тоқтату

Га

100

600-1000

МТЗ-82

СВУ-2,6

1




15,3

6,5

1656,96




10770




431




1120




2587

2693

17602

3,7

370

Қойманы қардан тазарту

Сағ

14




МТЗ-82




1




7

2,0

2




216,01




432




17

45

104

108

706

2,33

33

Ылғал жабу

Га

100

400-600

МТЗ-82

Зиг- заг

1




40

2,5

2,5




1656,96




4142




166

431

995

1036

6770

2,1

210

Аралық өңдеу

Га

100

300-400

Т-4А

КПЭ-3,8

1




29,7

3,4

3,4




2029,85




6901




276

718

1658

1725

11278

5,8

580

Себу алдындағы өңдеу

Га

100

300-400

Т-4А

СЗС-2,1

1




17,8

5,6

5,6




2029,85




11367




455

1182

2731

2842

18577

7,1

710

Тығыздау

Га

100

300-400

МТЗ-82

ЗКК-6

1




48,8

2

2




1548,56




3097




124

322

744

744

5061

1,2

120

Тұқымды қыздыру

Тн

15




вручную







1

8

1,9




1,9




1162,22




2121

0

212

45

530

2907







Тұқымды жеткізу (10-12км)

Тн

15




МТЗ-82

ПТС-6

1




15,7

1

1




1548,56




1549




62

161

372

387

2531

2,85

43

Себу жұмыстары (қолмен толтыру)

Га

100

300-400

МТЗ-82

СЗС-2,1

1

2

10,5

9,5

9,5

19

1897,05

1367,42

18022

25981

721

4472

4875

11001

65072

3,8

380

Тығыздау

Га

100

300-400

МТЗ-82

ЗКК-6

1




48,8

2

2




1548,56




3097




124

322

744

744

5061

1,2

120

Тырмалау (өнуге дейін)

Га

100

300-400

МТЗ-82

Зиг-Заг

1




31,5

3,2

3,2




1656,96




5032




212

551

1274

1326

8666

1,4

140

Бүріккіштерге суды жеткізу

М3

6




МТЗ-82

бочка

1




8

0,8

0,8




1548,56




1239




50

129

298

310

2025

4,17

25

Химиялық өңдеу

Га

200

300-400

МТЗ-82

Авагро

1




130

1,5

1,5




2323,97




3486




139

363

837

871

5696

1

200

Дестеге шабу

Га

100

300-400

Енесей

ЖВН-6

1




14,6

6,8

6,8




536




53570




2143

5571

12870

13393

87547

4,5

450

Жинау және дестеге бастыру

Тн

214

300-400

Енесей

Жинағыш

1




14,7

14,6

14,6




394




84316




3373

8769

20256

21079

137793

5,3

1134

Астықты тиеу

Тн

214




МТЗ-82




1




100

2,1

2,1




1772,95




3723




149

387

894

931

6085

0,3

64

Сабанды престеу

Га

100

300-400

МТЗ-82

волокуша

1




40

2,5

2,5




1656,96




4142




166

431

995

1036

6770

4,2

420

Аудара жырту (16-18см)

Га

100

300-400

Т-4А

КПШ-5

1




11,8

8,5

8,5




2029,85




1724




690

1794

4145

4313

28196

7,8

780

Тұқымды тазалау

Тн

214

2

ОС-4,5




1

2

7

30,6

61,2

61,2

1656,96

1194,36

50703

73095

2028

12583

13716

30949

183073

0

0

Танаптан астықты алып келу транспорты 10км

Тн

214




Газ-53

Мех.погр

1




100

2,1

2,1




220




47080




1883

4896

11310

11770

76940

29

290

Астықты қоймаға апару ймаға апару 3км

Тн

181




Газ-53




1




100

1,8

1,4




220




39820




1593

4141

9566

9955

65075

29

87

Обкос полей

Га

20

300-400

МТЗ-82

Кир-1,5

1




1,9

10,5

10,5




1656,96




17398




696

1809

4180

4350

28433

12,9

258

Барлығы
















21

5




121,5

119,1

82,1







387412

101197

15496

50410

951971

122153

771865




6414

3. Өнімділік бағдарламасының элементтерін жобалау


3.1 ФБР кірісі бойынша өнімділікті есептеу

Өнімді бағдарламалау – максималды немесе потенциалды өнім, нақыт мүмкін өнім, және өндіріс жағдайында алынатын нақты өнім түсініктеріне ғылыми негіз береді. Өнімді бағдарламалауда үш негізгі кезеңдерді орындау керек:


Біріншісі – нақты топырақ – климат аймағына шектелген факторлар кешенін анықтау және оны модельдеу негізінде мүмкін өнімді дәлелдеу.
Екіншісі – алдын – ала жоспарланған өнімді алу өндірісте тиімді нақты сандық критерийлерін (максималды мүмкін өнім, максималды таза табыс немес минималды шығын) таңдап, тиісті агротехникалық шаралар кешенін даярлау.
Үшіншісі – өнімнің қалыптасуына оперативті бақылауды қамтамасыз ету және жоспарланған агротехникалық шаралар жүйесіне қажетті түзетулер енгізу.
Өсімдіктердің фотосинтез әрекеті және келіп түскен радиацияның географиялық орналасуы бойынша еліміздің әртүрлі аймақтарында, ТМД аумағында 30 ц/га-дан (солтүстікте), 600 ц/га-ға дейін (оңтүстікте) өзгешелігімен теориялық мүмкін өнім деңгейі анықталған. Құрғақ зат өнімінде жиналған энергия мөлшері (Qөнім) (теңдестіктің шығыс бөлігі) мынадай формуламен анықталады:


Qөнім = Ө х К, (3.1)

Мұнда, Ө - құрғақ биомасса өнімі, кг/га;


К - құрғақ биомассаның калориялығы, кДж.
Солтүстік Қазақстанның өндіріс жағдайында Кфбр (ФБР ПӘК) өнім деңгейіне байланысты әр түрлі дақылдарда орта есеппен 0,3-тен 1,0 %-ға дейін өзгереді. Осы көрсеткіштің орташа мәні 0,6% көрсеткішін алдық.

жүктеу 0.74 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет