Диплом жұмысы тақырыбы: «Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы» 050113- мамандығы бойынша «биология»



жүктеу 36.43 Mb.
бет53/56
Дата10.02.2022
өлшемі36.43 Mb.
#17141
түріДиплом
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы»
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасының негізгі салаларының бірі болып Қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорларын тиімді пайдалану және қалпына келтіру мәселесі қойылған. Сондықтан табиғи флораның нәсілдік қорын, алуан түрлілігін сақтау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл мәселені шешу үшін жекеленген аймақтардың флорасын және жекеленген түрлерін, туыстарын, тұқымдастарын түгелдей зерттеу қажеттілігі туындайды. Кең байтақ Қазақстан территориясында әлі де болса флоралық зерттелмеген аудандар бар екендігі рас. Солардың қатарына Батыс Тянь – Шань тауының Қасқасу шатқалындағы Salicaceae Mirb. тұқымдасының дендрофлорасын жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 15-шілдеде қабылданған №160 «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңында: «Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасының халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болдырмауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған» - деп көрсетілгенін ескерсек, табиғат байлықтарын пайдалану үрдісін табиғи флораны мұқият зерттеуді қажет етеді [1].




жүктеу 36.43 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет