Диплом жұмысы тақырыбы: «Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы» 050113- мамандығы бойынша «биология»



жүктеу 36.43 Mb.
бет50/56
Дата10.02.2022
өлшемі36.43 Mb.
#17141
түріДиплом
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56
Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы»
Рецензия
Кең байтақ Қазақстан территориясында әлі де болса флоралық зерттелмеген аудандар бар екендігі рас. Солардың қатарына Батыс Тянь – Шань тауының Қасқасу шатқалындағы Salicaceae Mirb. тұқымдасының дендрофлорасын жатқызуға болады. Бұл мәселені шешу үшін жекеленген аймақтардың флорасын және жекеленген түрлерін, туыстарын, тұқымдастарын түгелдей зерттеу қажеттілігі туындайды.

Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламасының негізгі салаларының бірі болып Қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорларын тиімді пайдалану және қалпына келтіру мәселесі қойылған. Сондықтан табиғи флораның нәсілдік қорын, алуан түрлілігін сақтау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Осыған байланысты дипломант Батыс Тянь – Шань тауының Қасқасу шатқалындағы Salicaceae Mirb. тұқымдасының түрлік құрамын анықтап, қазіргі таңдағы жағдайын, конспектісін түзіп және таксономиялық, экологиялық, ареалдық, тіршілік формаларына талдаулар жасай отырып, тұқымдас түрлерінің шаруашылық маңызын айқындаған.

Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, әдебиетке шолу, зерттеу әдістемесі мен зерттеу нәтижелері, қорытынды мен әдебиеттер тізімі.

Дипломдық жұмыс ғылыми жағынан өте құнды, дипломант өзіне берілген ғылыми бағдарламаны толығымен орындаған, бұл жұмысты өте жақсы деп бағалауға болады.

«МИРАС» университетi

Б.ғ.к., доцент Сапарбеков А.С.


жүктеу 36.43 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет