Диплом жұмысы тақырыбы: «Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы» 050113- мамандығы бойынша «биология»


P. tremula L. – Көк терек – (Т. осина)



жүктеу 36.43 Mb.
бет41/56
Дата10.02.2022
өлшемі36.43 Mb.
#17141
түріДиплом
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы»
21. P. tremula L. – Көк терек – (Т. осина).

Ұзындығы 35 м болатын ағаш, қабығы ақшыл тегіс, көкшіл - жасыл, үлкен ағаштардың түп жағы қошқыл - сұр, терең жарықтары бар, жас бұтақтары цилиндрлі, жалаңаш немесе ашылған бүршіктері жұмыртқа тәрізді, ұзындау, жапырақ сабақтары ұзын, жапырақ ұзындығы мен сабақ ұзындығы бірдей, жоғарғы жағы жиырылған жапырақтары иілген, сыртқы пішіні дөңгелек ромбылы, ұшы доғал немесе доғалданып келіп ұшталған, түп жағы дөңгелек жүрек пішіндес, жиектері тегіс емес, тістері бірдей емес, екі жағы да жасыл, астыңғы жағы ақшыл 3 – 7 см ұзындықты, ені де дәл сондай, сабақ түбінде безге ұқсас бүрлері бар, олар сөл бөліп тұрады, жанында жас өскен бұта жапырақтары үлкендеу, ұштары үшкір, жиектері тісті, түк сирек кездеседі, бастапқы жапырақшалар ерте түседі, 10 мм дейін ақ түсті, сызықты, түбі мен ақыры кеңейтілген, гүл шоғырлары аталықты, талшықты өсінің ұзындығы 4 – 5 см, жабын қабыршағы пленкалы, сыртқы пішіні дельта тәрізді, аталықтары 5 – 8, тозаңдары дөңгелек, қызыл және ұзын жіпшелі, жеміс гүлдерінің ұзындығы 5 – 8 см, бақалшақты конусты, жабын қабыршақтары аталықтардағыдай, аналығы қысқа, ұзынша конусты, қорабы 4 – 5 мм ұзындықта, созылыңқы - конусты, қос қабықшалы, жалаңаш, түктілілері сирек кездеседі.

Қылқан жапырақты ормандарда тоғайларда, емен тоғайларында, ақ қайың тоғайларында, батпақтарда, тауларда өседі. Көкшетау, Тобылғы бойында, Каспий ойпатында, Ақтөбе облысында, Мұғалжарда, Торғайда, Батыс және Шығыс тау атыраптарында, Зайсанда, Алтайда, Тарбағатайда, Жоңғар Алатауында және т.б кездеседі.


жүктеу 36.43 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет