18. P. talassica Kom. – Талас терегі – (Т.таласский).
Ашық - жасыл сұр қабықты ағаш, қалың бұталы, бұталары жайылған, жас бұталары қошқыл сары түсті, бастапқыда түкті, кейін жалаңаштанады, бүршіктері сына тәрізді, ұзындығы 7 – 10 мм, бүршік жапырақтары жұмыртқа тәрізді - эллипсті немесе жалпақ ланцетті, біртегіс тарылған, сына тәрізді негізді, жиектері ара тәрізді, бұтақ жапырақтары 5 – 8 см, ені 3 – 5 см, сопақ немесе жалпақ - сопақ эллипсті, жалпақ сына тәрізді түбі бар, жиегі тісті ара тәрізді, гүлдері 10 см, осьі жазық талшықты, дискісі дөңгелек, ені 2,5 мм, қораптары 8 – 10 мм, сопақ, әдетте үшқақпақты, жиырылған. Жоңғар Алатауында, Іле Алатауында Батыс Тянь - Шаньда өседі.
Поделитесь с Вашими друзьями: |