13. S. wilhelmsiana M. - Құба тал – (И. вильгелмса).
Биіктігі 6 – 7 м ағаш немесе бұта, бұтақтары өте жіңішке, ұзын, сұрғылт - бурыл түсті; өркендері жібек тәрізді, түкті, жалаңаштары сирек; бүршігі түкті; жапырақшалары жоқ; жапырақтарының ұзындығы 2 – 6 см, ені 4 – 10 мм, жіңішке қияқты немесе қияқты, ұсақ безді - ара тісті немесе тұтас, алдымен екі беті де түкті; кейінірек беті жалаңаш, түбі сирек түкті; шығыршықтары тозаңдатқыш, сабақсыз, аналықтары қысқа аяқты, 2 – 3 жібек жапырақшалары бар, гүлдеу кезінде ұзындығы 2 – 3 см болады, жемісінің қалыңдығы 0,8 см, жапырақтармен қатар пайда болады; көмкеретін қабыршақтары жұмыртқа тәрізді, жалпақ немесе жеміс беретін гүлдерінікі қайық тәрізді, сүйірлеу, түбінде түкті, арқасы мен шеті сирек түкті немесе жалаңаш; аталығы - 2, ұзына бойы жабысып өскен; аналық аузы қысқа, 2 тұтас немесе 2 жеке, тік орналасқан қалақшалы. Гүлдеу мерзімі V. Шөл немесе шөлейт аймақтарда, өзен жағалауында өседі. Қызыл Орда, Мойынқұм, Балқаш Алакөл, Түркістанда кездеседі.
Поделитесь с Вашими друзьями: |