Диплом жұмысы тақырыбы: «Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы» 050113- мамандығы бойынша «биология»


S. triandra L. – Үшаталық тал – (И. трехтычинковая)



жүктеу 36.43 Mb.
бет31/56
Дата10.02.2022
өлшемі36.43 Mb.
#17141
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы»
11. S. triandra L. – Үшаталық тал – (И. трехтычинковая).

Биік бұта, биіктігі 2 – 5 м, діңгегінің диаметрі 7 – 8 см, ағаш сирек кездеседі, діңгегінің және ескі бұтақтарының қабығы жұқа қатпарлы; жас бұтақтары жіңішке, тік, майысқақ (иілгіш), қоңырқай немесе сарғылт - жасыл; бүршігі жұмыртқа тәрізді, үшкір, жапырақ маңы ұзақ сақталады, бүршік тәрізді немесе сопақ - қияқ, безді - тісті; жапырақтары әдетте сопақша - қияқты, ұзындығы 4 – 15 см, ені 0,5 – 3,5 см, қысқа немесе ұзын сүйір, түбінде жалпақ - шоқша (сына тәрізді), шеті безді тісті немесе сирек тісті, жаңа шыққан жапырағы түкті, кейін мүлдем жалаңаштанады, төменгі жағы солғын немесе көбіне ақшыл; қалемшесінің ұзындығы 5 – 20 мм, бездері аз; шығыршықтары бүйір қысқа бұтақтарының басында пайда болады, жапырақтары тұтас немесе шеті ара тісі тәрізді; тозаңдығының ұзындығы 10 см, аналығының ұзындығы 1,5 – 4 см, жіңішке, сирек гүлдейтін, білігі жабысып өсетін түкті; көмкеретін қабыршақтары сопақша, аналық гүлдері 3 талшықты; түбінде бұйра түкті; шеті кірпік тәрізді; арқасы жалаңаш; аталығы - 3, 2, 4, 5 аталықтысы сирек кездеседі, еркін, түбінде қалың бұйра түкті; шірнелігі – 2, тозаңды гүлдерінің шірнелігі екіге бөлінген немесе 4 – 5 қалақша дисктен құралады, ішкісі трапеция тәрізді немесе дөңгелек - жұмыртқа тәрізді, сыртқысы тар, ұсақ, аналық гүлдерінің шірнеліктері жабысып өскен; түйіні жұмыртқа тәрізді, жалаңаш; бағанашасы қысқа, қалың екіге бөлінген; аналық аузы қысқа, оймалы немесе терең емес 2 - қалақшалы; қауашағы жалаңаш. Гүлдеу мерзімі V – IV. Өзен жағалауында, шөпті батпақ, суармалы алаңдарда өседі. Тобыл - Есіл, Ертіс, Семей қылқанды орманында, Көкшетауда, Ақтөбеде, Торғайда, Қызылордада, Балқашта, Алакөлде, Алтайда, Тарбағатайда, Жоңғар Алатауында кездеседі.



жүктеу 36.43 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет