10. S. tenuijulis Ldb. – Қара тал – (И. тонкосережчатая).
Биік ағаш тәрізді өсімдік; бұталары түзу, жазылып тұрады, сары - сұр және қызыл - қошқыл, жас бұталары түкті, үлкендері жалаңаш, майда бүршіктері жұмыртқа тәрізді, істік, жалаңаш жапырақшалары созылыңқы ланцетті, жиегі майда ара тәрізді, тез түсіп қалады; жапырақтары қысқа сабақты, 3,5 – 7 см ұзындықты, 0,5 – 1 см енді, кері ланцетті немесе ұзын қалақшалы, ұшы үшкір, майда бір тісті, түбіне қарай бітесіп тұрады немесе түбіне дейін тісті, төмен жағынан сұрғылт - жасыл, үлкендері жалаңаш, жас жапырақтары түкті, бүрі жапырақтармен қатар жарылады, гүлі көп, қысқа сабақты, қысқа күлте түбі бақалшақ тәрізді, жұқа цилиндрлі, 2,5 – 3,5 см ұзындықты және қалыңдығы 0,4 – 0,5 см; жабын қабыршақтары эллипсті немесе жалпақланцетті, сары ақ, қара ұшты, бастапқыда жабыны түкті болады. Қызылорда, Балқаш – Алакөл, Түркістан, Тарбағатай, Жоңғар Алатауында кездеседі.
Поделитесь с Вашими друзьями: |