Диплом жұмысы тақырыбы: «Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы» 050113- мамандығы бойынша «биология»


S. cinerea L . – Құбашілік – (И. пепельносерая)



жүктеу 36.43 Mb.
бет28/56
Дата10.02.2022
өлшемі36.43 Mb.
#17141
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы»
8. S. cinerea L . – Құбашілік – (И. пепельносерая).

Биіктігі 5м бұта, бұтақтары жуан, тез сынғыш, бурыл - сұрғылт, жас өркендері сұрғылт; бүршігінің ұзындығы шамамен 4 мм, жалпақ, шолақ, сұрғылт ұлпа; жапырақтарының ұзындығы 4 – 12 см, ені 1,3 – 4 см, кері - жұмыртқа тәрізді, қияқ, ең жалпақ бөлігі ортасынан жоғары, қысқа сүйір, түбінде сына тәрізді, ұсақ ара тісті немесе ірі ара тісті; кемірілген тісті, асты сұрғылт, үсті лас жасыл түсті, екі жағынан да киізді, тақыр, бүйір талшықтары 10 – 16 пар, 60 - 80° бұрыштан басталады; шығыршықтарының ұзындығы 2 – 6 см, өте қысқа бұтаққа орналасқан; ұсақ жібек түкті жапырақтары бар, тозаңдатқыштары жұмыртқа тәрізді, аналықтары цилиндр тәрізді, ұзындығы 3 – 4 см; көмкеретін қабыршақтары қалақша сияқты; ұзын түкті, бурыл; шірнелік - 1, артқы, сопақша; түйіні ұзын сабаққа орналасқан, ұзын конус тәрізді, сұрғылт киізді, қысқа бағанашалы, екі қалақшалы, тұтасы сирек, аналық ауызды. Гүлдеу мерзімі IV.

Өзен аңғарларында, сулы жерлерде, аралас орманда өседі. Тобыл - Есіл алқабында, Семей қылқанды орманында, Ақтөбеде, Торғайда, Зайсанда, Қызылордада, Бетпақдалада, Мойынқұмда, Түркістанда жиі кездеседі.


жүктеу 36.43 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет