7. S. viminalis. L. - Ақ тал – (И. прутовидная).
Биіктігі 5 – 6 м бұта, 8 – 10 м ағаштары сирек кездеседі, бұтақтары тік, ұзын, жіңішке, бір жаққа қарай жабысып өседі; жас өркендері қысқа, сұрғылт түкті немесе жалаңаш, ересектері тақыр немесе өте қысқа түкті; бүршіктерінің ұзындығы 3 – 5 мм, жұмыртқа тәрізді, жалпақ, ұшы ілгіш сияқты, сарғыш немесе қызыл - бурыл, әдетте қысқа түкті; жапырақшалары қияқ, кейде қалақша немесе орақ секілді, безді - тісті, тез түседі, ересек жапырақтарының ұзындығы 15 – 20 см, ені 0,3 – 2 см, тар немесе жолақ қияқ, ортасынан төмен жағы жалпақ, ұш жағы сүйірлеу, шеті бүрілген, тұтас немесе әлсіз ирелек - ойма, айқын тістілер сирек, үсті қошқыл жасыл, пластинка шеті томылған безді, тақыр, салбыраған, асты жібек түкті, негізгі талшығы шығыңқы, бүйір талшықтары 25 – 30 пар, 60 - 80° бұрыштан басталады, сырғалары жабысып өскен, түбінде кейде жақсы дамыған жапырақшалары бар, тозаңдатқыштары сопақша жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 2 – 3 см, ені 1,5 см, аналықтарының ұзындығы 3 – 4 см, жемісінің ұзындығы 6 см, тік орналасқан, қалың гүлді; көмкеретін қабыршақтары сопақша - жұмыртқа тәрізді, кең дөңгелектелген немесе сүйірлеу, ақшыл бурыл, ұзын түкті; аталығы - 2, жіңішке, тақыр, еркін жіпті, түбінде жіптері сәл жабысып өскендері сирек кездеседі; түйіні конус тәрізді немесе жұмыртқа тәрізді, қысқа сабақты, қалың жібек түкті; бағанашасы 0,3 – 2,5 мм, аналық аузы - 1 – 2 мм, жіп тәрізді, тұтас немесе жеке орналасқан, бағанашамен бірдей немесе ұзындау; шірнеліктері - 1, артқы, жолақ - лента тәрізді, ұзындығы 1,5 мм, қауашағы 4 – 5 мм, үрленген, жібек тәрізді. Гүлдеу мерзімі III – V. Далада немесе шөлейт далада, өзен жағалауларында өседі. Тегіс жерлі Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі.
Поделитесь с Вашими друзьями: |