Диплом жұмысы тақырыбы: «Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы» 050113- мамандығы бойынша «биология»


S. serrulatifolia E. – Аратісті тал – (И. пильчатолистая)



жүктеу 36.43 Mb.
бет25/56
Дата10.02.2022
өлшемі36.43 Mb.
#17141
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы»
5. S. serrulatifolia E. – Аратісті тал – (И. пильчатолистая).

Сұрғылт қабықты аласа ағаш немесе бұта, өркендері ұзын сарғылт - бурыл немесе қызыл - бурыл, жалаңаш, жылтыр; бүршігінің ұзындығы 8 мм, сүйір, қызыл бурыл жалаңаш; жапырақшалары жіңішке - қиыр, тісті немесе біз тәрізді үшкір; қалемшесінен қысқа; жапырақтарының ұзындығы 10 см, ені 1 – 2 см, қияқ, қатты, дөрекі ойық - безді - ара тісті, үсті жасыл, асты көгілдір, жастары сылбыр түкті, ересектері жалаңаш, шеті қалыңдалған, негізгі талшығы қатты ілгері созылып (шығып) тұрады, бүйір талшықтары 10 – 20 сыңарлы, шығыршықтары қалыңгүлді, табаны қысқа, тозаңдырғыштары белгісіз, аналықтарының ұзындығы 2 – 3 см, ені 1 см, көмкеретін қабыршақтары кері - сопақ, шолақ немесе сүйірленген, бурыл, ұшы қара, екі жағынан да ұзын, ақ түктермен қапталған; түйінінің ұзындығы шамамен 4 мм – дей, сабағы өте қысқа, жұмыртқа тәрізді, қысқа түкті, кейін түктері түсіп қалады; бағанашасы және аналық аузы қысқа, қалақшалалары тік, тұтас және екіге бөлінген; қауашағының ұзындығы 6 мм – ге дейін, жалаңаш. Гүлдеу мерзімі V. Өзен жағалауында, тау бөктерінде, шөлде өседі. Қызылорда, Түркістан, Алатауда жиі кездеседі.



жүктеу 36.43 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет