3. S. niedzwieckii Gorz. Недзвецкий талы - (И. Недзвецкого).
Биіктігі 4 – 5м, бурыл қабықты, жіңішке бұтақты, сарғылт немесе бурыл жас өркендері жібек түктері сәл ғана салбыраған бұта; бүршігі жіңішке конус секілді; ұзындығы 3 – 5 мм, талшынды (каштанды), алдымен түкті, кейін жалаңаш болады; жапырақ түбі ерте түседі, қияқты немесе жолақты, безді - тісті, қалемшеден қысқа, көбінесе тіпті болмайды, жапырақтарының ұзындығы 5 см, ал ені 0,6см, қияқ, тұтас немесе ұсақ ара тісті, жас кезінде асты жылтыр, жібек тәрізді, үсті жалаңаш болады, ал ересектерінің екі жағы да жалаңаш, көгілдір үсті қаралау немесе бір түсті, бүйір талшығы 10 – 12 сыңарлы, шығыршықтары жапырақтарымен бірге дамиды, аналығының ұзындығы шамамен 5 см, тозаңдатқышы қысқа, жиі майысқан, сирек гүлдейді; шығыршықтарының білігі түкті; көмкеретін қабыршақтары сопақшалау, жалаң, тек түбінде ғана түкті, шірнеліктері ұсақ; аталықтары бірігіп өскен, тозаңдатқыштары сары; түйінінінің түбі үрленген тәрізді, конус сияқты, жалаңаш, сабағы 0,8 – 1,5 мм; бағанашасы өте қысқа, шолақ; аналық аузы бөлек; қауашағы 4мм дейін. Гүлдеу мерзімі IV – V. Тау өзендері маңында өседі. Тарбағатайда, Жоңғар Алатауында кездестіруге болады. Орта Азияда, Батыс Қытайда кеңінен тараған.
Поделитесь с Вашими друзьями: |