Диплом жұмысы тақырыбы: «Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы» 050113- мамандығы бойынша «биология»


S. coerulea E. Көктал - И. голубая



жүктеу 36.43 Mb.
бет22/56
Дата10.02.2022
өлшемі36.43 Mb.
#17141
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы»
2. S. coerulea E. Көктал - И. голубая

Бурыл өркенді аласа бұта, көбіне бұтақтары көгілдір болар болмас қабаты бар; бүршіктері жолақ - қияқты, сүйір, ұсақ, қызғылт бурыл, жалаңаш; жапырақшалары ерте түседі, талшықты; жапырақтарының ұзындығы 3 – 7 см, ені 0,4 – 0,8 см, тар қияқты, жоғары жағы қысқа сүйір, жас жапырақтары жібекті, ескі жапырақтарының екі беті де жалаңаш, тұтас немесе ұсақ ара тісті, бүйір талшықтары 12 – 17 сыңар, әлсіз шығыңқы; шығыршықтары жапырақтарымен қатар дамиды, сабақты, білігі түкті, тозаңдатқыштарының ұзындығы 2,2 см, ал ені шамамен 4 – 5 см, жиі тік немесе бір жаққа иілген, аналығының ұзындығы 1,2 – 1,8 см, ені шамамен 4мм, төмен иілген, жемісінің ұзындығы 2,5 см, ені 1 см; көмкеретін қабыршағы түседі, ақшыл сары, аналық гүлдерінің қабыршақтары жұмыртқа тәрізді қияқ, тозаңдатқыштары қалпақ тәрізді, арқасы шығыңқы, түбінде түкті немесе жалаңаш; аталығының түбі жиі түкті, түйіні конус тәрізді ұзындығы 2 – 3 мм, жалаңаш, жасыл, сабағы түкті, шірнеліктерін екі есе көбейтеді; бағанашығы қысқа көбінесе екіге бөлінген; аналық аузы бурыл, екіге бөлінген жалпақ қалақшалы; қауашағы жалаңаш, ұзындығы шамамен 6 мм. Гүлдеу мерзімі IV – V. Жағалауларда, саяз жерлерде өседі. Балқаш, Алакөлде, Түркістанда, Жоңғар Алатауында, Шу - Іледе, Қырғыз Алатауында кездеседі.



жүктеу 36.43 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет