16-сурет Көк терек – (Т. осина).
17 – сурет. P. cataracti . – Ақ торанғы
18 – сурет. P. Macrocarpa. Іріжемісті терек
3.2 Талдар тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы
1. Salix. alba L. Әулие ағаш - Ива белая, ветла.
25 – 30 м биіктікке жететін, диаметрі 0,7 – 1 (3) м, 100 жыл жасайтын ағаш, алайда көбіне діңгегі шіруден ерте қурайды: ұшар басы кең, бұтақты; қабығы қошқыл - сұр, терең жарылатын; жас бұтақтары сұрғылт, төмен салбырап, ескілері жалаң, тік, қоңырқай түсті, бүршіктері бұтаққа жабысып өседі, сопақтау, сүйір, ұзындығы шамамен 6 мм, жапырақтары ерте түседі, қияқ, түктері жабысып өсетін, шеті безді; жапырақтары қияқ, жолақ қияқты немесе жалпақ қияқты, үшкір, кейде ұзын сүйір, шеті жиі және ұсақ тісті, екі беті де сұрғылт - жібекті немесе үсті жалаңаш, ұзындығы 5 – 15 см, ені 1 – 3,5 см, бүйір түтігі 12 – 15 пар, 30 - 40° бұрыштан тарайды; шығыршықтары жапырақтарымен бірге шығады, ұзындығы 3 – 5 см, борпылдақ, сабағында сопақша жапырақшалары бар, білігі қалың талшықты; қабыршақтары тұтас, шеті қысқа кірпікті, төменгі жағы бұйра түкті, аталығы - 2, түбінде түкті, шірнелігі - 1, түйіні жұмыртқа тәрізді, жалаң, сабағы өте қысқа немесе сабақсыз, бағанашасы қысқа, екіге бөлінген, қауашағы жалаң, ұзындығы 5 мм - ге дейін. Өзен жағасында, кейде көл жағасында да өседі. Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Көбіне қолдан өсіріледі, жабайы түрі солтүстік жақта сирек кездеседі.
Поделитесь с Вашими друзьями: |