Диплом жұмысы тақырыбы: «Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы» 050113- мамандығы бойынша «биология»


КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы



жүктеу 36.43 Mb.
бет2/56
Дата10.02.2022
өлшемі36.43 Mb.
#17141
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы»
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Ғылыми жұмыс Батыс Тянь – Шань тауының Қасқасу шатқалындағы Salicaceae Mirb. тұқымдасының қазіргі таңдағы жағдайын анықтап, құрамын түптеп - түгендеу, оның конспектісін түзуге, сонымен қатар оларға таксономиялық, экологиялық, ареалдық, тіршілік формасына талдау жасай отырып, туыс түрлерінің шаруашылық маңызы мен қорғау іс - шараларын қарастыруға арналған.

Батыс Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ағаш - бұта флорасы бүгінге дейін жете зерттелмеген. Оның түр құрамы, жекелеген түрлердің экологиясы мен таралуы, олардың түрішілік алуандығы, географиялық байланыстары, т.б. толық анықталмаған. Бұл мәселелерді шешу практикалық тұрғыдан маңызды, өйткені ағаш-бұта флорасының халық шаруашылығы мен интродукциядағы маңызын бағалауға, ғылыми негізде табиғат қорғау іс -шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Адам әрекетінің әртүрлі факторларының өзгерткіш әсері өсімдік жамылғысында, әсіресе қалпына келуі қиын және ұзаққа созылатын ағаштар мен бұталарда неғұрлым айқын білінеді. Бұл процесс туралы өңірлерде анық байқалады.

Ағаштар мен бұталар айрықша маңызды су сақтайтын және топырақ қорғайтын қасиетке ие. Олар өсімдік жамылғысын сақтайды, тау баурайларын көшкіннен, ал топырақты су шайып кетуден қорғайды және өзендердің су балансын реттейді. Теориялық тұрғыдан ағаш - бұта флорасын зерттеу өте маңызды, өйткені біз қарастырып отырған аумақта оның қалыптасу жолдары мен көздерін анықтау осы туралы өңірлердің қазіргі флораның байланысы мен қалыптасу тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмыстары Батыс Тянь – Шань тауларының Сайрамсу, Қасқасу, Сарыайғыр шатқалындағы Salicaceae Mirb. тұқымдасының қазіргі таңдағы жағдайын анықтап, табиғи аумақтарының дендрофлорасына таксономиялық, ареалдық, экологиялық және тіршілік формаларына талдаулар жасалынды. Дендрофлораны инвентаризациялау - өсімдіктерді тиімді пайдалану жолдары мен маңызын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар оларды сақтап қорғау мәселелерін де айқындап береді. Сол себепті де таулы аудандардың дендрофлорасын зерттеудің маңызы ерекше болып саналады.




жүктеу 36.43 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет