Диплом жұмысы тақырыбы: «Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы» 050113- мамандығы бойынша «биология»



жүктеу 36.43 Mb.
бет11/56
Дата10.02.2022
өлшемі36.43 Mb.
#17141
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы»
2 ЗЕРЗАТ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Зерттеу жұмысының объектісі ретінде Сайрам – Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Батыс Тянь-Шань таулындағы Қасқасу шатқалында кездесетін Salicaceae Mirb. тұқымдасының дендрофлорасы алынды.

Далалық-экспедициялық зерттеу жұыстары 2008-2010 жылдары маршрутты әдіспен жүргізілді. Гербарий жинау және оларды өңдеу жұмыстарына жалпыға бірдей А.К Скворцов [27] 1977 жылы қабылданған гербарий жинау және кептіру әдістемесі бойынша жүргізілді және таксондарды айқындауда салыстырмалы морфологиялық-географиялық әдіс қолданылды. Жиналған гербарийдегі түрлерді анықтау, жүйелеу және олардың конспектісін түзу үшін «Флора СССР» [28] (1933-1954), «Флора Казахстана» [10] (1956-1966), «Определитель растений Средний Азии» [11] (1968-1993), «Иллюстрированный определитель растений Казахстана» [29] (1969-1972), «Сосудистые растения СССР», Конспект видов высших сосудистых растений», Дикорастущие редкие и изчезающие виды растений». «Флора Центрального Казахстана» (т. 2, 1935), «Определитель высокогорных растений Южной Сибирии» (Малышев, [30]1968), «Высокогорная флора Заподного Саяна» (В. Красноборов, [31] 1976) еңбектері пайдаланылды. [32].

Талдар дендрофлорасын классификациялауға жалпыға бірдей А.Энглердің классификациясы пайдаланылды.

Өсімдіктердің түрлері мен туыстарының латынша атаулары С. К. Черепановтың [32,33], ал қазақша атаулары С. Арыстанғалиевтің [34] еңбектерінен алынды, сонымен қатар Флора Казахстана [10], Флора Восточного Казахстана [35] (1991) және т.б жаңа мағұлматтармен салыстырып тексерілді. Salicaceae Lindl. тұқымдасының тізімі мен конспектісі А. Л. Тахтаджяның [36,37] жүйесі бойынша жасалынды.

Геогафиялық ареальдарды анықтап бөлуде Е. В. Вульфтың [38], Ю. Д. Клеоповтың [39], А. В. Куминованың [40], А. И. Толмачевтің [41], Л. И. Малышевтың [42], В. П. Голосковтың [43], М. С. Байтеновтың [44], А. С. Ревушкиннің [45] еңбектерін басшылыққа ала отырып жасалынды.

Экологиялық талдаулар өсімдіктердің қоректеніп тіршілік ететін ортасына, қатынасына байланысты А. В. Куминованың [40], М. С. Байтеновтың [44], А. С. Ревушкиннің еңбектеріндегі классификациялар пайданылды [45].

Тіршілік формаларын талдауда Раункиердің [46], Серебряковтың [47], еңбектері пайдаланылды.

Талдар тұқымдасының шаруашылық- бағалы түрлерін бөлу Н. В. Павловтың [48,49], В. И. Верещагинаның , К. А. Соболевскийдің, А. И. Якубовтың, [50], Н.В.Павловтың [51] көптомдық мәлімет «Растительные ресурсы СССР», және М.М Илинің [52](1940), Л.В.Яскина «Дендрология» [53] (1980) және С.С.Пятницкий «Курс дендрологий» [54] (1960) еңбектері негізінде алынды.

Эндемиктер мен реликті өсімдіктерді зертеу олардың генезисін меңгеру аса қажетті, сондықтанда бұл түрлерді зерттеу Н. В. Павловтың [18] М. С. Байтеновтың [55] және Н.К.Аралбай [56] (1988) В.Н.Васильевтің еңбектеріне сүйендік т.б. ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысқа далалық зерттеу жұмыстары кезінде жинаған автордың гербарийлік материалдарынан басқа Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті биология-химия кафедрасының, сондай-ақ Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының гербарий материалдары пайдаланылды.




жүктеу 36.43 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет