Диплом жұмысы тақырыбы: «Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы» 050113- мамандығы бойынша «биология»


Батыс Тянь – Шань топырағын алғаш зерттеу жұмысын С.С. Неуструевтің [24] басшылығымен жүргізілді. Ол аласа таулы аймақтағы топырақ типін бөлді – сұр топырақты және бірінші рет таулы жаңғақты орманның



жүктеу 36.43 Mb.
бет10/56
Дата10.02.2022
өлшемі36.43 Mb.
#17141
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
Талдар Тұқымдасының дендрологиялық сипаттамасы»
1.2.4 Топырақ жамылғысы:

Батыс Тянь – Шань топырағын алғаш зерттеу жұмысын С.С. Неуструевтің [24] басшылығымен жүргізілді. Ол аласа таулы аймақтағы топырақ типін бөлді – сұр топырақты және бірінші рет таулы жаңғақты орманның топырағына сипаттама берді.


Тәжікістан және Қазақстан территориялары зерттелгеннен кейін Қырғызстан және Өзбекстан территорияларыда қарастырылды. Батыс Қазақстанда жүргізілген жұмыстарда, зерттеулерде Орта Азия тауларының топырақтары әртүрлі климат жағдайларға байланысты бірдей еместігін ашты.

Қолда бар материалдарды жинақтай келе Батыс Тянь – Шанның топырағын мынадай спектірін құруға болады.

Аласатаулы – кәдімгі қара сұртүсті топырақ ( солтүстік жазықтарда қара – сұр топырақ” )

Ортатаулы – ашық қоңыр және қара қоңырлы топырақ. (көлеңкелі жердегі орман тауларында кездеседі)

Биіктаулы – таулы ашық қоңыр түсті топырақ. (шалғындық далаларда кездеседі).

Батыс Тянь – Шань территориясындағы топырақтардың әртүрлілігі оның бөліктеріне байланысты. Оның өсімдіктерінің көптаралған жерлеріне қарап топырақтың да қандай жағдайда екендігін шамалауға болады:

Эфимерлік – эфимеройдтты өсімдіктер – сұр түсті топырақ; сирек орманды және бұталылар фармациясының ортатаулы жерлерінде – қоңыр түсті топырақ, жаңғақ – тұқымды орман – қара қоңыр топырақ және т.б. Тек тұрандық әртүрлі дәнді шөпті құрғақ далалы алқаптарда бұл ережемен жүрмейді. Төменгі бөліктегі жоғарғы аралығы (100м теңіз деңгейінен жоғары) сұр түсті және қара топырақты, ал жоғары тауларда сары – қоңыр және кәдімгі қоңыр топырақтар орналасқан. Кейде бір биіктіктегі жазықтықтардың өзінде әртүрлі топырақтар бар, генезисіне қатыссыз.

Оңтүстік Батыс Тянь – Шаньға кіретін Қаржантау жотасы топырақ қабаты жағынан туран фолциясына жатады. Оңтүстік батыс Тянь – Шань төменгі бөлігін шамамен 1000 – 1200 м биіктікке дейінгі сұр топырақ алып отыр.

Тау етегіндегі жазықтықтарда ашық түсті топырақ таралған. Шамамен 300 – 400 м биіктікте ол кәдімгі сұр топыраққа алмасады, оның өзі 600 – 700 м биіктікте күңгірт сұр топыраққа ауысады. 1000 – 1200 м биіктіктегі сілтілі сұр топырақ,1400 – 2000 м биіктіктегі тау баурайларының неғұрлым ылғалды жерлерінде қоңыр топырақ кездеседі.

Субальпі белдеуін тау – шалғын – далалық қоңыр топырақ алып жатыр.

Оңтүстік - Батыс Тянь - Шаньға кіретін Қаржантау жотасы топырақ қабаты жағынан Тұран фасциясына жатады. Оңтүстік - Батыс Тянь – Шаньның төменгі бөлігін, шамамен 1000 – 1200м биіктікке дейін сұр топырақ алып жатыр.

Тау етегіндегі жазықтарда ашық түсті сұр топырақ тараған. Шамамен 300 – 400 м биіктікте ол кәдімгі сұр топырақпен алмасады, оның өзі 600-700м биіктікке күңгірт сұр топыраққа ауысады[26].

Тау бөктеріндегі жазықтардың жоғарғы бөлігін ірі дәнді жарты саваннаның тік аймағы ағып жатыр (600-1200 т.д). Сұр қоңыр топырақ, тек сол топырақ типіне тән белгілер бар.

Таулы және тау бөктеріндегі сирек аршалар аймағындағы бұталар және ірі шөпті жарты саванна (1200-2400 т.д.) Солтүстік беткейде таулы қоңыр топырақтан, оңтүстік және батыс беткейлер таулы сұр - қоңыр топырақтардан тұрады.

Биіктаулы далалық - шалғынды субальпілік белдеу (2400-3000 т.д.) таулы далалық - шалғынды субальпілік және далалық - таулы су топырақтардан тұрады. Ал биіктаулы далалық шалғында альпілік (3000-3600 т.д.) белдеуде топырақ жамылғысында биіктаулы далалық - шалғынды және альпілік далалы топырақтар басым келеді.

Биік таулы нивальды аймақта (3600 және одан жоғары т.д.) топырақ жамылғысы және қиыршық тас үйінділері кездеседі.

Аршалықтардың қоңыр, таулы - орманды қоңыр және биіктаулы шымтезектелген топырақтар таралған белдеулердегі көлбеу және төменгі ылдыйлы беткейлерде бай топырақтар пайда болады. Бұл топтағы топырақтар өте күшті қарашірік саласымен және құрамындағы қоректік элементтердің көптігімен ерекшеленеді. Тау аңғарларында және тік беткейлерде топырақтар өзінің қарашірігі аз тасты және өте қиыршық тастылығымен, құрамындағы қоректік элементтердің аздығымен сипатталады.

Қаржантау жотасы Батыс Тянь – Шань тауларының алдыңғы батыс тізбегін құрайды. Осы таулардың құрамдас бір бөлігі ретінде Сайрам – Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Salicaceae Mirb. тұқымдасының ағаш – бұталы флорасы зерттелді.




жүктеу 36.43 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет