Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе


Беттері көрсетілген негізгі әдебиет



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата10.09.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Беттері көрсетілген негізгі әдебиет  

1. [с.62-66] 

2. [с.82-83] 



Бақылау сұрақтары 

1.

 



Коммуникациялық хаттамалардың стегі деген не? 

2.

 



OSI стегі деген не? 

3.

 



OSI хаттамалар стегінің әрбір деңгейінде жүзеге асырылған хаттамаларды атап беріңіздер. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2,5 


35 

17 


50 

18 


59 

41 


0

10

20



30

40

50



60

70

столдық жүйе 



жергілікті желілердің 

сервері 


орташа кластың жүйесі  мейнфрейм базасындағы 

жүйелер 


тар

ал

у% 

 

1994 год 

1998 год 

5 дәріс. TCP/IP, IPX/SPX, NetBIOS/SMB, SNA және DECnet стектері. 

1. TCP/IP стегі. 

2. IPX/SPX стегі. 

3. NETBIOS/SMB стегі. 

4. SNA стегі. 

5. DECnet IEEE802.x стегі. 

 

TCP/IP  стегі,  сондай-ақ  DoD  стегі  және  Internet  стегі  деп  аталады,  коммуникациялық  хаттамалардың  ең 



әйгілі және болашағы зор стектерінің бірі болып табылады.  

2.8. сурет. TCP/IP хаттамаларының стектерінің таралу дәрежесі. 

 

2.8. суретте осы стектің 1994 жылғы таралу дәрежесі және 1998 жылға болжам көрсетілген. Компьютердің 



барлық санаттарында TCP/IP стегінің хаттамаларын қолдану жағдайларының айтарлықтай өсуі болжанған. 

TCP/IP  хаттамалары  көбінесе  орташа  кластың  жүйелеріне  орнатылады  –  1994  жылы  бұл  хаттамалармен 

суперсерверлердің  35%  жабдықталған  болатын,  ал  1998  жылға  қарай  олардың  саны  95%  құрайды  деп 

күтілуде. Егер қазіргі кезде ол негізінен UNIX ОЖ-нің желілерінде таралған болса, дербес компьютерлерге 

арналған желілік операциялық жүйелердің (Widows NT, NetWare 4.1) соңғы нұсқаларында іске асуы орнату 

санының тез дамуына жақсы себеп болып табылады.  

Стек  АҚШ-ның  Қорғаны  Министрілігінің  (Department  of  Defence,  DoD)  бастамасы  бойынша  20  жылдан 

астам  уақыт  бұрын,  ARPAnet  эксперименталдық  желісінің  басқа  сателлиттік  желілермен  байланысу  үшін 

әртүрлі  тектегі  есептеу  орталары  үшін  ортақ  хаттамалардың  жинағы  ретінде  жасалып  шығарылған.  ARPA 

желісі  әскери  саладағы  жасаушылар  мен  зерттеушілерді  қолдады.  ARPA  желісінде  екі  компьютер 

арасындағы  байланыс  дестелерді  беру  үшін  Internet  Protokol  (IP)  хаттамасын  қолданып  “теңмен  тең” 

принципі  бойынша  іске  асырылды.  Бұл  хаттама  осы  күнге  дейін  TCP/IP  стегінде  негізгілердің  бірі  болып 

табылады және стектің атауында қолданылады 

  

2.9. сурет. - TCP/IP хаттамаларының құрылымы 

 

TCP/IP стегінің дамуына Беркли университеті, UNIX ОЖ-сінің өзінің нұсқасында стек хаттамаларын іске 



асырып,  үлкен  үлес  қосты.  UNIX  ОЖ-сінің  кең  таралуы  стектің  ІР  хаттамаларының  және  басқа 

хаттамалардың кеңінен таралуына алып келді. Осы текте RFC спецификациясы формасында жарияланатын 

стек  стандарттарын  жетілдіруге  негізгі  үлесін  қосып  келе  жатқан  Internet  Engineering  Task  Force  (IETF) 

бөлімшесі бар Internet дүниежүзілік ақпараттық желісі де жұмыс істейді.  



TCP/IP  стегі  ISO/OSI  ашық  жүйелерінің  өзара  әрекеттесу  үлгісі  пайда  болғанға  дейін  жасалып 

шығарылған,  брақ  ол  сондай-ақ  көпдеңгейлі  құрылымға  ие  болса  да,  TCP/IP  стегінің  деңгейлерінің  OSI 

үлгілерінің деңгейлеріне сәйкестігі айтарлықтай шартты болып табылады.  

TCP/IP хаттамаларының құрылымы 2.9 суретте келтірілген.  TCP/IP хаттамалары 4 деңгейге бөлінеді. Ең 

төменгі  (4  деңгей)  OSI  үлгісінің  физикалық  және  арналық  деңгейлеріне  сәйкес  келеді.  Бұл  деңгей  TCP/IP 

хаттамаларында  реттелмейді,  бірақ  физикалық  және  арналық  деңгейдегі  барлық  әйгілі  стандарттарды 

қолдайды:  жергілікті  арналар  үшін  –  бұл  Internet,  Token  Ring,  FDDI,  жаһандық  арналар  үшін  –  жаһандық 

желілердің  Х.25  және  ISDN  тізбектік  арналары  арқылы  “нүкте-нүкте”  типіндегі  қосылысты  орнататын 

SLIP/PPP  аналогтық  коммутацияланатын  және  ерекшеленген  линиялардағы  меншік  жұмыс  хаттамалары. 

АТМ  технологиясын  арналық  деңгейдің  көлігі  ретінде  қолдануды  анықтайтын  арнайы  спецификация  да 

жасалып шығарылған.  

Келесі  деңгей (3 деңгей)  –  бұл желіаралық өзара  әрекеттесудің деңгейі,  ол әртүрлі жергілікті  желілерді, 

Х.25-ті,  арнайы  байланыс  линияларын  және  т.б.  қолданып  дейтаграммаларды  жіберумен  айналысады. 

Желілік  деңгейдің  негізгі  хаттамасы  ретінде  (OSI  үлгісінің  терминдерінде)  стекте  ІР  хаттамасы 

қолданылады, ол бастапқыда жергілікті де, жаһандық та байланыстармен біріктірілген жергілікті желілердің 

көп санынан тұратын құрамдалған желілерде дестелерді жіберу хаттамасы ретінде жобаланған.  

Сондықтан TCP/IP стегі күрделі  топологиясы  бар  желілерде,  оларда бар ішкі жүйелерді үнемді  қолдана 

отырып  және  төменгі  сұрыпты  байланыс  линияларының  өткізгіштік  қабілетін  үнемді  шығындап,  жақсы 

жұмыс істейді.  

ІР  хаттамасының  негізгі  функциялары  –  адрестерді  беру  және  тану,  және  де  дестелерді  жинау  және 

бөлшектеу.  Соңғы  функция,  дестелер  бір  желіде  қалыптасқанда  және  дестенің  барынша  көп  ұзындығы 

азырақ болатын басқа  желі  арқылы  жіберілетін  кезде  қажет. ІР хаттамасы  дейтаграммалық хаттама  болып 

табылады.  

Осы деңгейге RIP (Routing Internet Protocol) және OSPF (Open Shortest Path First) маршруттық ақпаратты 

жинау  хаттамалары,  және  де  ICMP  (Internet  Control  Message  Protocol)  желіаралық  басқарушы 

хабарламалардың  хаттамасы  сияқты  маршрутта  кестелерін  жасауға  және  жаңартуға  байланысты  барлық 

хаттамалар  да  жатады.  Соңғы  хаттама  маршруттаушы  мен  шлюздің,  жүйе-бастаманың  және  жүйе-

қабылдаушының  арасындағы  қателер  туралы  ақпаратты  алмасуға,  яғни  кері  байланысты  ұйымдастыруға 

арналған. ІСМР арнайы дестелерінің көмегімен дестені жеткізудің  мүмкін еместігі туралы, өмір уақытының 

немесе  фрагменттерден  дестені  құрастыру  ұзақтығының  асып  кеткендігі  туралы,  параметрлердің 

аномальдық  шамалары  туралы,  жіберу  маршрутының  және  қызмет  көрсету  түрінің  өзгергендігі  туралы, 

жүйенің жағдайы және т.б. туралы хабарланады.  

Келесі деңгей (2 деңгей) негізгі деп аталады. Бұл деңгейде ТСР (Transmission Control Protocol) жіберулерді 

басқару хаттамасы  және  USDP (User Datagram Protocol) қолданушының дейтаграммалар хаттамасы жұмыс 

істейді. ТСР хаттамасы қашықтықтағы қолданбалы процестердің арасында тұрақты виртуалдық байланысты 

қамтамасыз  етеді.  UDP  хаттамасы  қолданбалы  дестелерді  дейтаграммалық  әдіспен,  яғни  виртуалдық 

байланыстарды  орнатусыз  жіберуді  қамтамасыз  етеді,  және  сондықтан  ТСР-ге  қарағанда  үстеме 

шығындарды азырақ талап етеді.  

Жоғарғы  деңгей  (1  деңгей)  қолданбалы  деп  аталады.  Әртүрлі  елдердің  және  ұйымдардың  желілерінде 

қолданылған  көп  жылдар  бойында  ТСР/ІР  қолданбалы  деңгейдегі  хаттамалар  мен  сервистердің  көптеген 

мөлшерін  жинады.  Оларға  FTP  файлдарды  көшіру  хаттамаы,  telnet  терминалды  эмуляциялау  хаттамасы, 

Internet желісінің және оның ресейлік бөлігі РЕЛКОМ-ның электрондық поштасында қолданылатын SMTP 

пошталық хаттамасы сияқты кең қолданылатын хаттамалар, қашықтықтағы ақпаратқа қолжеткізудің WWW 

сияқты  гипертексттік  сервистер  және  тағы  басқалары  жатады.  Осы  курс  үшін  қызықты  болып  табылатын 

олардың кейбіреуіне нақтырақ тоқталайық.  

SNMP  (Simple  Network  Management  Protocol)  хаттамасы  желілік  басқаруды  ұйымдастыру  үшін 

қолданылады.  ТСР/ІР  жинағындағы  басқару  үлгісі  басқару  мәселесін  екі  бөлікке  бөледі.  Бірінші  бөлігі 

ақпаратты беруге байланысты. Басқарушы ақпаратты беру хаттамалары әкімшінің хостында жұмыс істейтін 

бағдарлама-клиент  сервермен  қалай  өзара  әреттесетіндігін  анықтайды.  Олар  клиент  пен  серверлер 

алмасатын  хабарламалардың  форматы  мен  мағынасын,  және  де  атаулар  мен  адрестердің  форматтарын 

анықтайды.  Екінші  бөлігі  бақыланатын деректермен байланысқан. Стандартта шлюзде  қандай деректердің 

сақталуы  және  жинақталуы  тиіс  екендігін,  осы  деректердің  атауларын  және  осы  атаулардың  синтаксисін 

реттейді.  SNMP  стандартында  желіні  басқарудың  ақпараттық  деректер  қорының  спецификациясы 

анықталған. MIB (Management Information Base) деректер қоры  ретінде белгілі  бұл спецификация хосттың 

немесе шлюздің сақтауы тиіс деректер элементін және олармен жасауға болатын операцияларды анықтайды.  

SNMP  желіні  бақсару  хаттамасы  әкімші  шақыратын  желіні  басқару  бағдарламасы-клиенті  мен  желіні 

басқарудың бағдарламасы-сервері арасындағы өзара әрекеттесу ережелерін анықтайды.  

FTP (File Transfer Protocol) файлдарды жіберу хаттамасы файлға қашықтықтан қолжеткізуді іске асырады. 

Оны  желі  бойымен  файлдарды  жіберу  үшін  қосымшалар  мен  қолданушылар  қолдана  алады.  Сенімді 

жіберуді  қамтамасыз  ету  үшін,  FTP  көлік  ретінде  қосылысты  орнататын  ТСР  хаттамасын  қолданады. 

Дегенмен  файлдарды  жіберуден  басқа  басқа  да  қызметтерді  ұсынады.  Осылайша  қолданушыға 

қашықтықтағы  машинамен  интерактивтік  жұмыс  істеу  мүмкіндігі  берілед3,  мысалы,  ол  оның 

каталогтарының  мазмұнын  басып  шығара  алады.  Бұдан  басқа  FTP  қолданушыға  жадыда  сақталатын 


деректердің  түрі  мен  форматын  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Ең  соңында,  FTP  қолданушылардың 

аутентификациясын  орындайды.  Қажетті  файлды  жіберудің  алдында  хаттамаға  сәйкес  қолданушылар  өз 

аттарын немесе құпиясөздерін хабарлаулары тиіс.  

FTP  ТСР/ІР  стегіндегі  файлдарды  жіберудің  ең  жалпы  хаттамасы  болса  да,  ол  бағдарламалау  үшін  ең 

күрделі  болып  табылады.  FTP-ның  барлық  мүмкіндіктерін  қажет  етпейтін  қосымшалар,  басқа,  үнемдірек 

хаттаманы – TFTP (Trivial File Transfer Protocol) файлдардың жіберудің ең қарапайым хаттамасын қолдана 

алады.  Бұл  хаттама  тек  қана  файлдарды  жіберуді  іске  асырады,  мұнымен  қатар  көлік  ретінде  ТСР-ге 

қарағандай қарапайым қосылыстар орнатпайтын UDP хаттамасы қолданылады.  

telnet  хаттамасы  процестер  арасында,  және  де  процес  пен  терминал  арасында  байт  ағындарын  жіберуді 

қамтамасыз  етеді.  Бұл  хаттама  көбінесе  қашықтықтағы  ЕЭМ-ның  терминалының  эмуляциясы  үшін 

қолданылады.  Мұндай  жіберуді  қамтамасыз  ету  үшін  telnet  хаттамасында  терминалдарға  қызмет  көрсету 

құралдарының кең спектрін ұсынады.  

 

IPX/SPX стегі.  

Бұл  стек  Novell  фирмасы  80-ші  жылдардың  басында  өзінің  желілік  NetWare  операциялық  жүйесі  үшін 

жасап  шығарған  хаттамаларының  түпнұсқа  стегі  болып  табылады.  Стекке  атау  берген  Internetwork  Packet 

Exchange  (IPX)  және  Sequenced  Packet  Exchange  (SPX)  хаттамалары,  IPX/SPX-ке  қарағанда  едәуір  аз 

дәрежеде  таралған  Xerox  фирмасының  XNS  хаттамаларының  тікелей  бейімделуі  болып  табылады.  Орнату 

саны бойынша IPX/SPX хаттамалары көшбасшы, және бұл NetWare ОЖ-сінің өзі әлемдік ауқымда шамамен 

65% үлеспен орнатылған көшбасшы жағдайында болуына байланысты.  

Novell фирмасының хаттамаларының топтамасы және  олардың үлгілерінің ISO/OSI үлгілеріне сәйкестігі 

2.10 суретте көрсетілген. Физикалық  және арналық деңгейлерде  Novell желілерінде осы деңгейдің  барлық 

әйгілі хаттамалары қолданылады (Ethernet, Token Ring, FDDI және басқалары) 

Желілік деңгейде Novell стегінде IPX  хаттамасы  және  де RIP NLSP (TCP/IP стегінің OSPF  хаттамасына 

ұқсас)  маршруттық  ақпаратпен  алмасу  хаттамасы  жұмыс  істейді.  IPX  Novell  желілерінде  дестелерді 

адрестеу және маршруттау сұрақтармен айналысатын хаттама болып табылады. IPX маршруттық шешімдері 

оның дестесінің тақырыбындағы адрестік өрістерге, және де маршруттық ақпаратты алмасу хаттамаларынан 

келіп  түсетін  ақпаратқа  негізделген.  Мысалы,  IPX  дестелерді  беру  керек  компьюбтерге  немесе  келесі 

маршрутизаторға  беру  үшін  не  болмаса  RIP  хаттамасы  беретін,  не  болмаса  NLSP  (NetWare  Link  State 

Protocol)  хаттамасы  беретін  ақпаратты  қолданады.  Өз  жұмысында  IPX  сондай-ақ  SAP  жоғарғы  деңгейінің 

хаттамасын  да  қолданады.  IPX  хаттамасы  хабарламаларды  алмасудың  тек  қана  дейтаграммалық  әдісін 

қолдайды,  соның  есебінен  есептеу  ресурстарын  үнемді  пайдаланады.  Сонымен,  IPX  хаттамасы  үш 

функцияның  орындалуын  қамтамасыз  етеді:  адресті  беру,  маршрутты  орнату  және  дейтаграммаларды 

тарату.  

Novell стегінде OSI үлгісінің көліктік деңгейіне хабарламаларды қосылыстар орнату арқылы беруді іске 

асыратын SPX хаттамасы сәйкес келеді.  

Жоғарғы  қолданбалы,  өкілдік  және  сеанстық  деңгейлерде  NCP  және  SAP  хаттамалары  жұмыс  істейді. 

NCP  (NetWare  Core  Protocol)  хаттамасы  NetWare  серверінің  және  жұмысшы  станцияның  қабықшасының 

өзара әрекеттесу хаттамасы болып табылады. Бұл қолданбалы деңгей хаттамасы клиент-сервер сәулетін OSI 

үлгісінің  жоғарғы  деңгейінде  жүзеге  асырады.  Осы  хаттаманың  функцияларының  көмегімен  жұмысшы 

станция  серверге  қосылуды  жүргізеді,  сервер  каталогтарын  дискжетектерінің  жергілікті  әріптерінде 

көрсетеді,  сервердің  файлдық  жүйесін  қарап  шығады,  өшірілген  файлдарды  көшіреді,  олардың 

атрибуттарын өзгертеді және т.б., және де принт-серверде қашықтықтағы баспаға шығаруды іске асырады. 

NCP  хаттамалары  Novell  желісінің  түпнұсқа  хаттамасы  болып  табылады  және  басқа  желілерде 

қолданылмайды.    

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



2.10 сурет. - IPX/SPX хаттамалар стегі 

SAP (Service Advertising Protocol) – сервис туралы жариялау хаттамасы – RIP хаттамасына концептуалды 

ұқсас.  SAP  хаттамасы  желілік  құрылғыларға  желіде  қазіргі  кезде  қандай  сервистік  қызметтер  бар  екендігі 

туралы деректерді тұрақты түзетіп тұруға мүмкіндік береді. Старт кезінде серверлер SAP-ты желінің қалған 

бөлігін өз  қызметтері туралы хабардар ету үшін қолданады. Сервер жұмысын аяқтаған кезде, ол желіні өз 

қызметінің тоқтатылғандығы туралы хабардар ету үшін SAP-ты қолданады.  

Novell  желілерінде  NetWare  3.х  серверлері  кеңхабарлаушы  SAP  дестелерін  минут  сайын  таратады.  SAP 

дестелері  желіні  біршама  дәрежеде  ластайды,  сондықтан  жаһандық  байланысқа  шығатын 

маршрутизаторлардың  негізгі  міндеттерінің  бірі  болып,  SAP-дестелердің  және  RIP-дестелердің  графигін 

фильтрлеу  табылады.  IPX/SPX  стегінің  ерекшеліктері  NeyWare  ОЖ-нің  ерекшеліктеріен,  атап  айтқанда, 

оның  ертеректегі  нұсқаларының  (4.0  дейін)  жұпыны  ресурстары  бар  дербес  компьютерлерден  тұратын 

шағын  жергілікті  желілердің  жұмысына  бағытталғандығына  байланысты.  Сондықтан  Novell-ге  іске 

асырылуы  үшін  оперативтік  жадының  ең  аз  мөлшерін  қажет  ететін  (MS-DOS-тың  басқаруындағы  IBM-

үйлесімді  компьютерлерде  640  Кбайтпен  шектелген)  және  шағын  есептеу  қуаттылықтары  бар 

процессорларда  тез  жұмыс  істейтін  хаттамалар  керек  болды.  Нәтижесінде  IPX/SPX  стегінің  хаттамалары 

соңғы  уақытқа  дейін  жергілікті  желілерде  жақсы  жұмыс  істеді  де,  үлкен  корпоративтік  желілерде  –  онша 

жақсы жұмыс істемеді, өйткені баяу жаһандық байланыстарды осы стектің бірнеше хаттамалары қарқынды 

қолданатын,  мыслаы  клиент  пен  сервер  арасындағы  байланысты  орнату  үшін  қолданатын  кеңхабарлаушы 

дестелермен тым көп жүктеді.  

Бұл жағдай және  де IPX/SPX  стегінің Novell фирмасының меншігі болып табылатындығымен және  оны 

жүзеге  асыру  үшін  одан  лицензия  алу  керектігімен,  көп  уақыт  бойы  оның  таралуын  тек  қана  NetWare 

желісімен  шектеді.  Дегенмен  NetWare  4.0  нұсқасы  шыққан  сәтте  Novell  өз  хаттамаларына  оларды 

корпоративтік  желілерде  жұмыс  істеуге  икемдеуге  бағытталған  салиқалы  өзгерістер  енгізді  және  енгізуді 

жалғастыруда.  Қазір  IPX/SPX  стегі      NetWare-де  ғана  емес,  басқа  да  бірнеше  әйгілі  желілік  ОЖ-де  -  SCO 

UNIX, Sun Solaris, Microsoft Windows NT іске асырылған.  

 

NetBIOS/SMB стегі.  

Microsoft  және  IBM  фирмалары  дербес  компьютерлерге  арналған  желілік  құралдарды  жасауда  бірлесіп 

жұмыс істеді, сондықтан NetBIOS/SMB хаттамаларының стегі олардың бірлескен еңбегінің нәтижесі болып 

табылады. NetBIOS/SMB құралдары 1984 жылы желілік сервистерді іске асыру үшін SMB (Service Message 

Block)  хаттамасын  қолданбалы  деңгейде  қолданған  (2.11  сурет)  IBM  фирмасының  PC  NetWork  желілік 

бағдарламасына  арналған  IBM  PC  базалық  енгізу/шығару  жүйесінің  (BIOS)  стандарттық  функцияларын 

желілік кеңейту ретінде пайда болды.  

NetBIOS  хаттамасы  ашық  жүйелердің:  желілік,  көліктік  және  сеанстық  жүйелердің  өзара  әрекеттесу 

үлгісінің  үш  деңгейінде  жұмыс  істейді.  NetBIOS  IPX  және  SPX  хаттамаларына  қарағанда  жоғарырақ 

деңгейдегі  сервисті  қамтамасыз  ете  алады,  дегенмен,  маршруттау  қабілеті  жоқ.  Осылайша,  NetBIOS  осы 



                                 

 

 



                            





 

 

                          SAR 



 

 

                          NCP 



                                                             SPX 

              IPX 

                 RIP 

                  NLSP 

 

                                  Ethernet, Token Ring, FDDI, и другие 



сөздің қатаң мағынасында желілік хаттама болып табылмайды. NetBIOS-те желілік, көліктік және сессиялық 

деңгейге  жатқызуға  болатын  көптеген  пайдалы  желілік  функциялар  бар,  дегенмен  оның  көмегімен 

дестелерді маршруттау мүмкін емес, өйткені NetBIOS кадрлармен алмасу хаттамасында желі сияқты түсінік 

енгізілмеген.  Бұл  NetBIOS  хаттамасын  ішкі  желілерге  бөлінбеген  жергілікті  желілердің  қолдануын 

шектейді,  бұл  оның  құрамдас  желілерде  қолданылуын  мүмкін  емес  етеді.  NetBIOS  дейтаграммалық 

алмасуды да, қосылыстарды орнататын алмасуды да қолдайды.           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.11. сурет. NetBIOS/SMB стегі. 

 

OSI  үлгісінің  қолданбалы  өкілдік  деңгейлеріне  сәйкес  келетін  SMB  хаттамасы  жұмысшы  станцияның 



сервермен өзара әрекетін реттейді. SMB функциясына келесі операциялар кіреді:  

 



Сессияны басқару. Жұмысшы станция мен файлдық сервердің желілік ресурстарының арасындағы 

логикалық арнаны жасау және үзу.  

 

Файлдық  қолжеткізу.  Жұмысшы  станция  файл-серверге  каталогтарды  жасауға  және  өшіруге, 



файлдарды  жасауға,  ашуға  және  жабуға,  файлдарға  оқуға  және  жазуға,  файлдардың  атын  өзгертуге  және 

өшіруге,  файлдарды  іздеуге,  файл  атрибуттарын  алуға  және  орнатуға,  жазбаларды  бұғаттауға  сұраныспен 

жүгіне алады.  

 



Баспа сервисі. Жұмысшы станция файлдарды басып шығару үшін серверде кезекке қоя алады және 

баспа кезегі туралы ақпаратты ала алады.  

 

Хабарламалар сервисі. SMB келесі функциялары бар қарапайым хабарламаларды беруді қолдайды: 



қарапайым  хабарлама  жіберу,  кеңхабарлау  хабарламасын  жіберу,  хабарлама  блогының  басын  жіберу, 

хабарлама  блогының  мәтінін  жіберу,  хабарлама  блогының  соңын  жііберу,  қолданушының  атауын  жіберу, 

жіберуден бас тарту, машинаның атын жазу.  

NetBIOS ұсынған API функциялары қолданатын қомысшалардың саны көп болғандықтан, көптеген ОЖ-

де  бұл  функциялар  өздерінің  көліктік  хаттамаларына  интерфейс  түрінде  іске  асырылған.  NetWare-де  IPX 

хаттамасының  негізінде  NetBIOS-тың  фукнцияларын  эмуляциялайтын  бағдарлама  бар.  Windows  NT  және 

TCP/IP стегіне арналған NetBIOS бағдарламалық эмуляторлар бар.  

SNA  стегі.  DECnet  стегі.  OSI  үлгісінің  деңгейлеріне  коммуникациялық  жабдықтардың  түрлерінің 

функционалдық сәйкестігі.  

 

SNA стегі.  

SNA (Systems Network Architecture) – бұл үлгіні IBM мейнфреймдері базасында жасалған желілерге арнап 

IBM  жасап  шығарған,және  желінің  барлық  элементтерінің:  компьютерлердің,  терминалдардың, 

концентраторлардың,  жүйелік  және  қолданбалы  бағдарламалардың  арасындағы  өзара  әрекеттесуді 

стандарттайды.  SNA  хаттамалары  желілік  хаттамаларға  қойылатын  негізгі  заманауи  талаптарды 

қанағаттандырады:  маршруттау  құралдарының  болуы,  сервистің  әртүрлі  деңгейі,  берілетін  деректердің 

түрлері мен тәуелсіздік, басқа желілік сәулеттермен өзара әрекеттесу мүмкіндігі. Корпоративтік желілердің 

саны көптеп өсуі жергілікті желілерді мейнфрейм желілерімен біріктіру сұрақтарын өзекті еткендіктен, SNA 

стегі жақын уақытта бұдан да кең таралуға ие болатындығын күтуге болады.  







 

                                                              SMB  



 

 

                                                            NetBIOS 



Бұл үлгі OSI үлгісіне өте ұқсас: ол да атаулары ұқсас жеті деңгейден тұрады:  

1.

 



физиклық деңгей (Physical Layer) – физикалық қосылысты қамтамасыз етеді.  

2.

 



Деректер  байланысын  басқару  жүйесі  (Data  Link  Control)  деректерді  түйіндердің  арасында  береді. 

Бұл  деңгейде  деректерді  беру  үшін  SDLC  хаттамасы  қолданылады  –  OSI  хаттамалары  стегінің  HDLC 

хаттамасының (OSI үлгісінің арналық деңгейіне сәйкес келеді) ішкі жиынтығы болып таблатын, деректерді 

синхронды беру хаттамалары.  

3.

 

Маршрутты  басқару  (Path  Control)  –  деректердің  дестелерін  бастауы  мен  жету  түйіні  арасында 



маршруттайды  (OSI  үлгісінің  желілік  деңгейіне  сәйкес  келеді).  Бұл  хаттамада  маршруттаудың 

дейтаграммалық принципі қолданылады - әрбір хабарлама – бұл тәуелсіз дейтаграмма. Жол көрсетудің екі 

әдісі  қолданылады:  анық  және  виртуалдық.  Анық  жол  кезінде  әрбір  түйінде  осы  жолдардың  сипаттамасы 

бар маршруттар кестесі жасалады. Анық жолдар динамикалық өзгере алмайды. Виртуалдық жол (логикалық 

қосылыс) анық жолдың үстіне салынған қосмша болып табылады және жұп түрінде болады – анық жол және 

беру басымдығы (ол сервистің сапасын анықтайды). Әртүрлі виртуалдық жолдарға бір анық жол сәйкес келе 

алады.  

4.

 



Беруді  басқару  (transmission  Control)  –  деректерді  алмасу  жылдамдығын  келістіреді  (OSI  үлгісінің 

көліктік деңгейіне сәйкес келеді) 

5.

 

Деректер ағынын басқару (Data Flow Control)  – деректерді алмасуды синхрондайды (OSI үлгісінің 



көліктік деңгейіне сәйкес келеді) 

6.

 



Көрсету  қызметі  (Presentation  Services)  –  деректерді  форматтайды  (OSI  үлгісінің  өкілдік  деңгейіне 

сәйкес келеді)  

7.

 

Транзакция  қызметі  (Transaction  Services)    -  құжаттарды  алмасуды  және  таратылған  деректер 



қорына қол жеткізуді басқарады (OSI үлгісінің сессиялық деңгейіне сәйкес келеді) 

SNA  желісінде  логиклық  құрылғылардың  арасында  өзара  әрекеттесу  жүреді  (Logical  Unit  -  LU): 

логикалық  құрылғылар  соңғы  қолданушыларды  (бұл  жағдайда  олар  IBM  3270  терминалымен  көрсетілген) 

немесе  қолданбалы  бағлардамаларды  көрсете  алады.  Соңғы  қолданушылар  арасындағы  байланыс  LU-LU 

сеансы  деп  аталатын  сәйкес  логикалық  құрылғылар  арасындағы  логикалық  байланыс  арқылы  іске  асады. 

Желі арқылы өзара әрекеттесуді LU-LU сеансы орнағаннан кейін ғана, және өзара әрекеттесуге қатысатын 

логикалық  құрылғылардың  типі  анықтайтын  хаттамалар  бойынша  ғана  іске  аса  алады.  Мысалы,  LU1 

құрылғысы  арқылы  қолданбалы  бағдарламадан  қарапайым  принтерге  және  жазу  машинкасы  түріндегі 

терминал пернетақтасына, LU2 және LU3 құрылғылары арқылы – дисплейлерге және сәйкесінше IBM 3270 

деректер ағыны бар дисплейлік кешендердің принтеріне қол жеткізуге болады. LU 6.2. түріндегі логикалық 

құрылғылар арқылы қолданбалы бағдарламалар арасындағы өзара әрекеттесу жүреді.  

SNA стегінде Logical Unit Type 6.2 Advanced Program-to-Program Communications (APPC немесе SNA LU 

6.2) деп аталатын LU 6.2 түріндегі екі құрылғылардың арасындағы өзара әрекеттесу хатамасы OSI үлгісінің 

желілік  деңгейінің  хаттамасының  ролін  атқарады  –  ол  гетерогендік  желілерде  деректерді  беруді 

ұйымдастырады.  

АРРС  хаттамасы  Subarea  SNA  деп  аталатын  IBM  компаниясының  желілік  сәулетінің  бірінші  буынына 

жатады.  Ол  туралы  1974  жылы  жарияланған  болатын.  Subarea  SNA  сәулетіне  сәйкес,  желінің  негізгі 

концентраты  мейнфрейм  болған,  онда  Virtual  Telecommunications  Access  Method  (VTAM)  бағдарламалық 

қамтамасыздауы жұмыс істеген. Мейнфрейм желідегі барлық коммуникациялардың орнатылуы үшін жауап 

берген.  SNA  желілік  сәулетінің  екінші  буыны  болып  APPN  –  Advanced  Peer  to  Peer  Networking  сәулеті 

табылады,  ол  IBM  компаниясының  желі  аралық  өзара  әрекеттесуінің  стратегиясының  негізгі  компоненті 

болып табылады.  

APPN  сәулеті  SNA-ны  оларда  орта  кластағы  компьютерлер  бір  рангтік  әрекет  етуді  қажет  ететін 

мейнфреймдері жоқ есептеу орталарына арнап кеңейту үшін жасалған.  

APPN-нің  қосылыстары  бір  рангтік  болып  табылады  және  кез-келген  соңғы  қолданушыға,  осы  процеске 

мейнфреймді қоспай кез-келген екінші соңғы қолданушымен жалғасуды бастауға мүмкіндік береді.  

APPN  желілік  әкімшілеуді  анықтамалық  және  маршруттық  ақпаратты  динамикалық  жасаудың  есебінен 

жеңілдетеді.  APPN  SNA  сессиясының  трафигіне  басымдық  беруді  қамтамасыз  ететін  қызмет  ету    класын 

(Class of Service, COS) енгізеді, ол сервистің қазіргі кезде бар кластарын олрдың соңғы түйіндердің деңгейін 

дейін кеңейту жолымен және бөлешектеудің үлкен дәрежесін қамтамасыз ету жолымен жақсартады.  

APPN желісі арқылы Dependent LU Requester (DLUR) көмегімен SNA –трафикті беруге болады.  

APPN-ді келесі жағдайларда қолдану ұсынылады:  

-

 

соңғы  қолданушы  басымдық  беру  ретін  жеткіліксіз  бөлшектеп  анықтаған  жағдайда,  мысалы  ол 



басымдығы төмен қосымшаларды да, басымдығы жоғары қосымшаларды да орындағанда;  

-

 



SNA-трафик  трафиктің  негізгі  бөлігін  құрағанда,  ал  желінің  инфрақұрылымы  және  қызмет 

көрсетуші қызметкерлердің тәжірибесі негізінен SNA сәулетіне сәйкес келгенде;  

-

 

AS/400  немесе  OS/2  сияқты  таратылған  платформаларға  арналған  клиент-сервер  сәулетінде  LU6.2 



қосымшалары көп болғанда; 

-

 



Мейнфрейм арқылы өтпейтін, SNA-трафиктің бір рангтік маршрутталуы қажет болғанда.  

SNA  трафигі  мен  NetBIOS–ты  TCP/IP  (RFC-1434)  және  frame  relay  (RFC-1490)  дестелеріне 

инкапсуляциялау әдістерін анықтайтын екі стандарттар бар. SNA-ны TCP/IP-ге инкапсуляциялау әдісі  Data 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет