Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе


Көпдеңгейлі тәсілдеме. Хаттама. Интерфейс. Хаттамалар стегі



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет2/12
Дата10.09.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 Көпдеңгейлі тәсілдеме. Хаттама. Интерфейс. Хаттамалар стегі.  

Декомпозиция  кезеңінде  әдетте  көпдеңгейлі  тәсілдемені  пайдаланады.  Оны  былай  түсіндіруге  блады. 

Көптеген  модульдерді  деңгейге  бөледі.  Деңгейлер  иерархияны  түзеді,  яғни  жоғары  жататын  және  төмен 

жататын  деңгейлер  бар.  Әрбір  деңгейде  құрайтын  көптеген  модульдер  былай  құрылған,  өздеріне  тиесілі 

тапсырманы  орындау  үшін  олар  тек  төмен  жатқан  деңгейге  тікелей  қатысы  бар  модульдерге  сұраныс 

жасайды. Басқаша айтқанда, кейбір деңгейлерге тиесілі бүкіл модульдердің жұмыс нәтижелері тек көршілес 

жоғары  жатқан  деңгей  модульдеріне  берілуі  мүмкін.  Тапсырманың  осы  сияқты  иерархиялық 

декомпозициясы  деңгейлер  арасындағы  интерфейстердің  және  әрбір  деңгейдің  қызметтерін  нақты 

айқындауды  меңзейді.  Интерфейс  төмен  жатқан  деңгей  жоғары  жатқан  деңгейге  бағыттайтын  қызметтер 


жиынтығын  анықтыйды.  Иерархиялық  декомпозицияның  нәтижесінде  деңгейлердің  салыстырмалы 

тәуелсіздіктеріне қол жеткізуге болады, яғни оларды жеңіл алмастыру мүкіндіктері пайда болады.  

Желілік өзара әрекеттесу құралдары, әрине, иерархиялық ұйымдастырылған көптеген модульдер түрінде 

кездесуі мүмкін. Бұл жағдайда төменгі деңгей модульдері, мәселен, екі көршілес тораптардың арасындағы 

электрлік  дабылдарды  сенімді  түрде  таратумен  байланысты  бүкіл  мәселелерді  шешеді.  Жүйе  қызметтерін 

жүзеге  асыруға  және  суреттеуге  арналған  көпдеңгейлі  тәсілдеме  тек  желілік  құралдарға  қатысты 

пайдаланады  деуге  болмайды.  Осындай  функциялау  үлгісі,  мәселен,  файлға  рұқсат  алу  үшін  келіп  түскен 

сұраныс  бірнеше  бағдарламалық  деңгейлермен  тізбектей  өңделетін  жаһандық  файлдық  жүйелерде 

пайдаланады.  Сұраныс  ең  алдымен  жоғары  деңгеймен  талданады,  ол  жерде  файл  нышанды  құрама  аты 

тізбектей жіктелу және бірегей файл идентификаторды анықтау шаралары жүзеге асырылады. Келесі деңгей 

бірегей  атау  бойынша  файлдың  бүкіл  негізгі  сипаттамаларын  айқындайды:  мекен-жайы,  рұқсат  ету 

атрибуттары.  Содан  соң  айтарлықтай  төмен  деңгейде  файлға  рұқсат  алу  құқығын  тексеру  ісі  жүзеге 

асырылады,  одан  әрі,  талапқа  сай  мәліметтерді  қамтитын  файлдың  облыстық    координаттарын    есептеп 

болғаннан кейін диск драйыердің көмегімен сыртқы құрылғылар мен физикалық алмасу жүзеге асырылады. 

Қос  тораптың  өзара  әрекеттесуі  қос  атсалысқыш  тораптардың  сәйкес  деңгейлерінің  әрбір  жұбы  өзара 

әрекеттесу  ережелерінің  жиынтығы  түрінде  суреттелуі  мүмкін.  Бір  деңгейде  бірақ  әртүрлі  тораптарда 

жатқан  желілік  компаненттер  алмасатын  хаттамалардың  тізбегі  мен  форматын  анықтайтын  ережелдер 

хаттама деп аталады.  

Көршілес  деңгейлердің  және  бірдей  торапта  жатқан  хаттамаларды  жүзеге  асыратын  модульдер  нақты 

анықталған  ережелерге  сәйкес  және  хаттамалардың  стандартқа  сәйкес  форматтарының  көмегімен  бір-

бірімен өзара әрекеттеседі. Бұл ережелерді интерфейс деп атау қабылданған. Интерфейс берілген деңгейдің 

көршілес деңгейге беретін сервистер жиынтығын анықтайды. Жалпы алғанда, хаттама мен интерфейс бірдей 

түсінік  береді,  дегенмен  дәстүрлі  түрде  желі  ішінде  оларға  әралуан  әрекет  ету  салаларын  бекітті:  хаттама 

әртүрлі  тораптағы,  бірдеңгейлі  модульдердің  өзара  әрекеттесу  ережесін  анықтайды,  ал  интерфейс-  бір 

тораптағы көршілес деңгейлер модулін.  

Әрбір  деңгейдің  құралдары,  біріншіден,  өзінің  жеке  хаттамасын,  ал  екіншіден,  көршілес  деңгейлердің 

интерфейсін өңдейді.  

Желідегі  тораптардың  өзара  әрекеттесуін  ұйымдастыру  үшін  жеткілікті  хаттамаларының  иерархиялы 

ұйымдастырылған жиынтығы коммуникациялық хаттамалар стегі деп аталады.  

Коммуникациялық хаттамалар бағдарламалық түрде де, аппаратты түрде де жүзеге асуы мүмкін. Төменгі 

деңгейлер  хаттамасы  көп  жағдайда  бағдарламалық  және  аппараттық  құралдардың  жиынтығымен  жүзеге 

асырылады,  ал  жоғрғы  деңгей  хаттамалары,  ережеге  сәйкес,  таза  бағдарламалық  құралдардың  көмегімен 

орындалады.  

          



OSI үлгісі.  

Стандарт  жөніндегі  халықаралық  ұйым  (International  Organization  for  Standartization-ISO)  алғашқы 

есептегіш  желілерді  әзірлеу  және  пайдалану  тәжірибесімен  бөлісті  және  жүйелердің  өзара  әрекеттесу 

деңгейлерінің  әралуан  түрлерін  нақты  анықтайтын  үлгіні  жасап  шығарады,  оларға  стандартқа  сәйкес  атау 

беріп, әрбір деңгейге тиесілі жұмыс түрін анықтайды. Бұл үлгі ашық жүйелердің өзара әрекеттесу үлгісі деп 

аталады  (Open  Systems  Interconnection-OSI)  ,  немесе  ISO/OSI,  не  болмаса  қарапайым  OSI  үлгі  деп  те 

аталады. Бұл үлгі есептегіш желілер саласындағы стандартизацияның концептуалды негізі болып табылады. 

OSI үлгісінде өзара әрекет 3.1 суретте көрсетілгендей жеті  деңгейге немесе қабатқа бөлінеді.  

Әрбір  деңгей  бір  белгілі  өзара  әрекеттесу  аспектісімен  жұмыс  жасайды,  және  кез-келген  деңгей  үшін 

желі тораптары арасындағы өзара әрекеттесу ережелері, яғни өзіне тиесілі хаттама болады.  

Аталмыш  хаттаманы  жүзеге  асыру  үшін,  кезкелген  деңгей  деңгейлер  қызметін  пайдаланады,  төмен 

жатқан  деңгейге  тапсырма  береді.  Бұл  тапсырманы  жөнелту  үшін  көршілес  деңгейлер  арасындағы 

деңгейаралық  интерфейс деп аталатын өзара әрекеттесу ережелері анықталады. Интерфейсті сонымен қатар 

белгілі бір қабат өз тұтынушыларына шамасы жетпейтін сәтте сервисті жұмылып анықтайтын операциялар 

жиынтығы  түрінде  анықтауға  болады.  OSI  үлгісінде  А  үрдісі  бір  машина  құрамы  нда  екі  машина 

құрамындағы В үрдісімен өзара әрекетке түскісі келген сәтте ол хабарлама жасап, оны өз машинасындағы 

OSI  үлгісінің  қолданбалы  деңгейіне  береді.  Қолданбалы  деңгейдің  бағдарламалық  қамсыздандырды 

хабарламаға  өз  тақырып  енгізіп,  нәтижелі  хабарламаны  танымдық    деңгейге  береді.  Танымдық  деңгей  өз 

кезегінде тақырып қосып, нәтижесін төменгі сеансты деңгейге береді. Кейбір деңгейлер тек тақырыбтыұан 

ортаның    қосып  қана  коймай,  сонымен  қатар  қорытындысын  да  енгізді.  Хабарлама  ең  төменгі  деңгейге 

жеткен кезде физикалық деңгей шын мәнісінде хабарламаны жөнелтеді. Хабарлама 2-машинаға түскен кезде 

ол жоғары беріледі, ал әрбір деңгей өздерінің жеке тақырыптарын тексеріп жойып отырады.  



 

2.6  сурет –OSI ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу үлгісі. 

  

Әрбір  деңгейге  тиесілі  хаттамаларды  түбегейлі  қарастырмас  бұрын,  атап  өтелік,  OSI  үлгілерінде 



хаттамалардың  екі  негізгі  типі  болады.  Қосылыстар  орнатылған  хаттамаларда  (connection  oriented  network 

service, CONS)  мәліметтермен алмасар алдында жөнелтуші мен қабыцлдап алушы ең алдымен қосылысты 

белгілейді, содан соң өздері пайдаланатын хаттаманы таңдауы мүмкін. Диалогты тамамдағаннан кейін олар 

аталмыш қосылысты ажыратулары тиіс. Хаттамалардың екінші тобы алдын ала қосылысты қондырмайтын 

хаттамалар  болып  табылады  (connectionless  network  service,  CLNS).  Бұл  хаттамалар  дейтаграммалы 

хаттамалар  деп  те  аталады.  Жөнелтуші  жәй  ғана  алғашқы  хаттаманы  дайын  түрде  жіберсе  жетіп  жатыр. 

Қосылысты  қондыру кезінде мәліметтер кері қайтарған  ол жерде әрбір тораптарды айналып өтіп, жүктеме 

балансын қамтамасыз ете отырып, пакеттер бойынша жеке-жеке маршрутизациялануы мүмкін. Қосылысты 

қондырылған әдістің кемшілігі-ондағы шығындардың көптігі.  

Төменгі деңгейден бастап, OSI үлгісінің бүкіл деңгейлерінің атқаратын қызметтерін қарастыралық..  



Физикалық  деңгей.  Бұл  деңгей  коаксиалды  кабель,  бит  жұбы  немесе  көтерме  жіпше  кабель  секілді 

физикалық  арналар  бойынша  биттерді  таратумен  байланысты.  Бұл  денгейде  өткізу  жолағы,  кедергіден 

қорғаныс,  толқынды  кедергі  және  басқа  да  мәліметтерді  физикалық  тарату  орталарының  сипаттамаларын 

айқындайды. Соған қоса, бұл жерде әрбір қатынастың ұяшықтар түрлері мен арнаулы стандартталады. 



Арналық  деңгей.  Дабылдарды  физикалық  тұрғыдан  таратпас  бұрын  таратқан  ортаның  бастығына  көз 

жеткізу  керек.  Сондықтан  келесі,  арнаны  деңгейдің  тапсырмалардың  бірі  ортаның  рұқсат  етілу  жағдайын 

тексеру  болып  табылады.  Ол  үшін  арналы  деңгейде  биттер  жиынтыққа  топтастырылады,  ол  топтарды 

кадрлар  хабарламалар  немесе  пакеттер  деп  аталады.  Арналы  деңгей  әрбір  кадрдің  беріліс 

түзетпесінқамтамасыз етеді. Кадр келіп жеткен кезде қабылдаушы алынған мәліметтердің бақылау сомасы 

қайта есептеп, алынған нәтижелі кадрдағы бақылау сомасымен тексереді. Егер сәйкес келсе кадр өте дұрыс 

деп есептеледі де, қабылданады. 

Арналы  деңгей  хаттамасында  компьютерлер  мен  олардың  мекенін  айқындау  тәсілдері  арасындағы 

байланыстардың  белгілі  құрылымы  көрсетілген.  Арналы  деңгейде  пайдаланатын  мекен-жайларды  әдепте 

МАС-мекен-жайлар  деп  атайды.  Арналы  деңгейдің  қызметтеріне  сәйкес  тақырыпта  кем  дегенде  келесідей 

жолдар  болуға  тиіс;  кадрлардың  шектеулі  басы  мен  аяғы,  бақылау  сомасы,  арналу  мекені.  Хаттаманың 

нақты жүзеге асырылуына байланысты тақырыптың құрылымдары әралуан болып келеді, 



Желілі  деңгей.  Каналды  деңгей  хаттамасы  желі  ішінде  топологияның  тек  берілген  түрімен  пакеттерді 

таратады. 

Ұқсас  топологиялар  үшін  пакеттер  тарату  ісінің  қарапайымдылығын  сақтау  үшін,  ойша  алынған 

топологияны  пайдалануға  рұқсат  ету  үшін,қосымша  желілі  деңгеі  енгізіледі.  Бұл  деңгейде  «желі»  деген 

ауқымы  тар  түсінік  енгізіледі.  Желі  тар  маңызды  стандартты  ұқсас  топологиямен  өзара  қосылған 

компьтерлердің  жиынтығы.  Осы  орайда  желі  ішінде  хабарламалардың  таралуы  каналды  деңгеймен 

рнттеледі. 

Ал  желілер  арасындағы  пакеттер  тапсырмамен  үлестру  кезінде  «желі  нөмері»  түсінігі  қолданылады. 

Желілер  өзара  маршрутизатормен  немесе  шлюздар  мен  қосылады,  олар  желілер  арасындағы  қосылыстар 

топологиясы жөніндегі ақпараттарды жинақтайды.  

Желілер өзара маршрутизатормен немесе шлюздармен қосылады, олар желілер арасындағы қосылыстар 

топологиясы  жөніндегі  ақпаратты  жинақтайды  және  соның  негізінде  желілік  деңгейдегі  пакеттерді  арналу 

желісіне  жөнелтеді.  Ең  тиімді  жолды  таңдау  жолды  таңдау  мәселесі  маршрутизация  деп  аталады,  ал 

мәселенің шешімі желілік деңгейдің басты тапсырмасы болып табылады. 

Желілік  деңгейде  хаттамалардың  екі  түрі  анықталады.  Дәл  осы  хаттамалар  желілік  деңгейдегі 

хаттамаларға  тікелей  қатысты.  Алайда  желілік  деңгейге  көп  жаңдайда  маршуртты  ақпараттармен  алмасу 

хаттамасы деп аталатын хаттамалар түрлерін жатқызады. 



Тасымалдау  деңгейі.  Жөнелтушіден  қабылдаушыға    деңгейдегі  аралықта  пакеттер  жоғалуы  мүмкін. 

Десек  те  кейбір  қосымша  құжаттар  және  құралдарға  ие.  Тасымалдау  деңгейінің  жұмысы  кез-келген  желі 

тораптары  арасында  мәліміттерді  сенімді  жолмен  таралуын  қамтамасыз  етуден  тұрады.  Соған  қоса, 

тапсырмалау  деңгейі  қолданбалы  процестер  мекенін  орындайды,  себебі  тапсырмалау  деңгейіне  әралуан 

қосымшаларға  бағытталған  хаттамалар  келіп  түсуі  мүмкін.  Сенімді  тасымалдылық  қосылыстар  желілік 

деңгейдегі хаттамалар базасында құрылуы мүмкін. 

Тасымалдау деңгейіндегі тораптар арасындағы диалог келесі мәселелерге байланысты; қандай пакеттер 

жөнелтілді,  қай  пакеттер  қабылданды,  хабарламалар  үшін  қанша  орын  қалды  және  т.с.с.  Сенімді 

тасымалдық қосылыстар желілік деңгейдегі хаттамалар базасында құрылуы мүмкін. 

Сеанысты  деңгей.  Сеанысты  деңгей  тасымалды  деңгейдің  жақсартатылған  нұсқасы  болып  табылады. 

Ол  диалогты басқаруды қамтамасыз  етеді; сол арқылы  қай торабы белсенді екендігін белгілейді, сонымен 

қатар  синхронизация  құралдарын  жеткізеді.  Тәжірибе  жүзінде  санаулы  ғана  қосымшалар  сеаныстық 

деңгейді пайдаланады, және ол сирек жүзеге асырылады. 



Көрініс  деңгей.  Төмен  жақтан  деңгейлерге  қарағанда  көрініс  деңгейі  биттер  мәнімен  жұмыс  жасайды. 

Хабарламалардың  басым  көпшілігі  биттердің  кездейсоқ  жиынтығынан  емес,  керісінше  айтарлықтай 

құрылымды  ақпараттардан  тұрады,  мәселен  адам  аттары,  мекен-жайлар,  ақша  мөлшері  көріністер 

деңгейіндегі  жолдарды,  жазбаларды  қамтитын,  қабылдаушыдан  алынған  жолақтардың  форматты  жөнінде 

растама  алуға  мүмкіндік  беретін  мәтінді  анықтауға  болады.  Бұл  мәліметтер  көрінісі  әралуан  сыртқы 

пішіндері әртүрлі жеңілдетеді 



Қолданбалы  деңгей.  Қолданбалы  деңгей-бұлшын  мәнінде  ортақ  қызметке  арналған  әралуан 

хаттамалардың  жиынтығы,  мәселен  электронды  пошта,  файлдарды  тарату,  желі  бойынша  жойылған 

терминикалды компьютерге қосу. 

Комуникациялы құрал-жабдықтарды зерттеу кезінде үш төменгі деңгейдегі хаттамалардың бөлшектеріне 

жиі  ұшырасамыз-физикалық,  арналы  және  желілі,  себебі  осы  аталған  деңгейлер  аталмыш  класс 

құрылғыларының негізгі қызметтерін анықтайды. 

Сонымен  қатар  кей  жағдайларда  коммуникациялы  құрылғылар  жоғары  денгей  хаттамаларымен  де 

жұмыс  жасай  береді;  Мәселен,  SNMP  қолданбалы  денгей  хаттамасы  тікелей  коммуникациялы 

құрылғылармен  қолданылады  да,  басқару  ісіне  қолдау  көрсетеді,  TETP  және  telnet  хаттамалары 

құрылғыларды  жаһандық  конфигурациялау  кезінде  қолданылады,  сонымен  қатар  қолданбалы  деңгей 

хаттамасы  болып  табылады,  маршрутизаторлар  мен  аралықтарға  сүзгі  орақтарда  жоғарғы  денгей 

хаттамалары жөніндегі ақпараттар қолданылуы тиіс. 



Қорытынды: 

-

 



стандартизацияның  идеологиялық  негізіндегі  компьютерлік  желілерде  желілік  өзара  әрекеттесу 

құралдарын дайындауға арналған көпденгейлі тәсілдеме маңызға ие болады; 

-

 

әртүрлі  тораптарда  орналасқан,  бір  денгейдегі  желілік  компоненттер  арасында  алмасатын 



хабарламалар тізбегі мен форматын анықтайтын ережелер жиынтығы хаттама деп аталады; 

-

 



көршілес  тораптағы  бір  денгейдегі  жилілік  компоненттердің  өзара  әрекеттесуін  анықтайтын 

ережелер жиынтығын интерфейс деп атайды. 

Интерфейс берілген денгейдің көршілес денгейге жөнелтетін сервистер жиынтығын анықтайды; 

-

 



желідегі тораптардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру үшін жеткілікті хаттамалардың нерархиялық 

ұйымдастырылған жиынтығы комуникациялы хаттамалар легі деп аталады. 

-

 

Жалпыға  ортақ  спецификацияға  сәйкес,  стандарттандыру  көмегімен  құралған  және  қызуғышылық 



тантқан тораптардың келісімі нәтіжесінде қабылданған кез-келген жүйені ашық жүйе деп атайды. 

-

 



OSI  үлгісі  ашық  жүйелердің  өзара  әрекеттерін  стандарттайды.  Ол  өзара  әрекеттіліктің  7  деңгейін 

анықтайды; қолданбалы, танымдық, сеаныстық, желілік, арналы және физикалық. 

-

 

Есептеу  желілілеріндегі  стандарттардың  маңызды  бағытты  коммуникациялық  хаттамалардың 



стандартты болып табылады. Танымал чектердің тізімі; TCP/IP IPX/SPX  NetBIOS/SMB DECnet SNA және 

OSI. 

            

Негізгі әдебиеттер 

1.[C 61-78 ] 

2. [C 62-70 ] 

Қосымша әдебиеттер. 

1.

 



[ C 45-50 ] 

2.

 



[ C.103 -108 ] 

3.

 



[C. 851-854 ] 

Бақылау сұрақтары. 

1 «Ашық жүйе»дегеніміз не? 

2. Спецификация дегеніміз не? 

3. Жүйенің ашықтығы қағидаларын атаныз? 

4. Көпдеңгейлі тәсілдеменің мағынасын түсіндір? 

5. Хаттама дегеніміз не? 

6. Интерфейс дегеніміз не? 

7. Хаттамалар стегі дегеніміз не? 

8. OSI үлгісі қандай деңгейлерге бөлінеді? 

9. Физикалық деңгей қызметтерін атаныз? 

10. Каналды деңгей қызметтерін атаңыз? 

11. Желілік деңгей қызметтерін атаңыз? 

12. Тасымалдылық деңгей қызметтерін атаңыз? 

13. Сеаныстық деңгей қызметтерін атаңыз? 

14. Танымдық деңгей қызметтерін атаңыз? 

15. Қолданбалы деңгей қызметтерін атаңыз? 

         

4 дәріс. Коммуникациялық хаттамалардың стандартты стектері. 

1.  «Коммуникациялық протоколдар түсінігі» 

2. Коммуникациялық хаттамалардың стандартты стектері.  

3. OSI стегі. 

 

Сонымен,  желідегі  компьютерлердің  өзара  әрекеттесуі  хабарламаларды  алмасудың  және  олардың 



форматтарының белгілі ережелеріне сәйкес, яғни белгілі хаттамаларға сәйкес жүреді. Байланыстың күрделі 

топологиясы  бар  және  түйіндерінің  көп  мөлшері  бар  желіде  сенімді  және  өнімді  ақпарат  алмасуды 

қамтамасыз  ету  оңай  міндет  емес,  сондықтан  ол  әдетте  көпдеңгейлік  иерархиялық  тәсілдің  көмегімен 

шешіледі.  Осыған  байланысты,  желіде  бір  коммуникациялық  хаттама  емес,  деңгейлер  бойынша  реттелген 

бірнеше  хаттамалар  қолданылады.  Әрбір  деңгей  өзінің  ішкі  міндетін  шешеді,  ал  хаттамалардың  барлық 

жиынтығы коммуникациялық хаттамалардың стегін түзеді.  

Желілерде  кеңінен  қолданылатын  хаттамалардың  стегі  жеткілікті.  Бұл  халықаралық  және  ұлттық 

стандарттар  болып  табылатын  стектер,  және  қандай-да  бір  фирманың  жабдықтарының  таралуының 

арқасында  таралған  фирмалық  стектер.  Әйгілі  хаттамалардың  стектерінің  мысалдары  болып  Novell 

фирмасының  IPX/SPX  стегі,  Internet  желісінде  және  UNIX  операциялық  жүйесінің  негізіндегі  көптеген 

желілерді  қолданылатын  ТСР/ІР  стегі,  стандарттау  жөніндегі  халықаралық  ұйымның  OSI  стегі,  Digital 

Equipment корпорациясының DECnet стегі және тағы басқалары.  

Желідегі қандай-да бір коммуникациялық хаттамалардың стегін қолдану көбінесе желінің келбетін және 

оның  сипаттамаларын  анықтайды.  Үлкен  емес  желілерде  тек  қана  бір  стек  қолданыла  алады.  Әртүрлі 

желілерді біріктіретін ірі корпоративтік желілерде әдетте бірнеше стектер қатарлас қолданылады. Желілерде 

қолданылатын  коммункациялық  жабдықтар  қандай-да  бір  хаттамаларды  іске  асырады,  және  іске  асатын 

хаттама  (немесе  хаттамалардың  жинағы)  оның  ең  маңызды  сипаттамаларының  бірі  болып  табылады. 

Коммуникациялық  жабдықтарда  жоғарғы  деңгейдегі  хаттамаларға  қарағанда  көбірек  дәрежеде 

стандартталған  төменгі  деіңгейдің  хаттамалары  іске  асады,  және  бұл  әртүрлі  өндірушілердің 

жабдықтарының бірлесіп табысты жұмыс істеуіне алғышарт болып табылады.  

Желілік  сервистер  және  коммуникациялық  хаттамалар  желі  компьютерлерінде  желілік  операциялық 

жүйенің сәйкес бағдарламалық элементтері ретінде іске асады.  

Тарихи  жағынан  негізгі  желілік  операциялық  жүйелер  көбінесе  желілік  сервистердің  және 

коммуникациялық  жабдықтардың  өзінің  меншік  іске  асуларымен  жұмыс  істеген,  сондықтан  қандай-да  бір 

операциялық  жүйенің  қолданылуы  желінің  келбетін  хаттамалардың  стегіне  қарағанда  көбірек  дәрежеде 

анықтайды.  Тіпті  желіні  онда  қолданылатын  операциялық  жүйенің  атымен  атау  қабылданған  –  Novell 

NetWare желісі,  Bаnyan VINES желісі т.б.  

Қандай-да  бір  операциялық  жүйенің  ортасында  жақсы  жұмыс  істей  білу  коммуникациялық  жабдықтың 

маңызды  сипаттамасы  болып  табылады.  Көбінде  желілік  адаптердің  немесе  концентратордың 

жарнамасында оның арнайы NetWare немесе TJNDC желісінде жұмыс істеуге арналғандығын оқуға болады. 



Бұл,  аппаратураны  жасап  шығарушылар  оның  сипаттамаларын  осы  желілік  операциялық  жүйеде  немесе 

егер  бұл  хаттамалар  әртүрлі  ОЖ-лерде  қолданылатын  болса,  оларды  іске  асырудың  осы  нұсқасында 

қолданылатын  хаттамалар  қолданатындай  етіп    оңтайлардырғандығын  білдіреді.  Хаттамалардың  әртүрлі 

ОЖ-лерде іске асырылу ерекшеліктеріне байланысты коммуникациялық жабдықтардың сипаттамаларының 

бірі болып оның осы ОЖ ортасында жұмыс істеу мүмкіндігіне сертификатталғандығы қолданылады.  

Төменгі  –  физикалық  және  арналық  деңгейлерде  –  іс  жүзінде  барлық  стектерде  (SNA-дан  басқасы)  бір 

ғана хаттамалар қолданылады. Бұл жақсы стандартталған Ethernet, Token Ring, FDDI және тағы басқалары, 

олар барлық желілерде бір ғана аппаратураны қолдануға мүмкіндік береді.  

Қазіргі  кезде  бар  стектердің  желілік  және  одан  жоғары  деңгейдегі  хаттамалары  көп  әртүрлілікпен 

ерекшеленеді  және  әдетте  ISO  үлгісі  ұсынған  деңгейлерге  бөлуге  сәйкес  келмейді.  Жекелей  алғанда,  бұл 

стектерде  сеанстық  және  өкілдік  деңгейдің  функциялары  көбінесе  қолданбалы  деңгеймен  біріктірілген. 

Мұндай сәйкес еместік ISO үлгісінің қолда бар және нақты қолданылатын стектерді жинақтаудың нәтижесі 

ретінде пайда болғандығына байланысты, керісінше емес.  

 

OSI стегі.  

OSI  ашық  жүйелерінің  өзара  әрекеттесу  үлгісі  –  бұл  концептуалдық  үлгі  ғана  емес,  хаттамалардың 

келісілген  стегін  құрайтын  хаттамалардың  нақты  спецификацияларының  жинағы.  Бұл  хаттамалар  стегін 

АҚШ үкіметі өзінің GOSIP бағдарламасында қолдайды. 1990 жылдан кейін барлық үкіметтік мекемелерде 

орнатылған  барлық  компьютерлік  желілер  OSI  стегін  тікелей  қолдаулары  тиіс,  не  болмаса  болашақта  осы 

стекке ауысуға арналған құралдарды қамтамасыз етуі тиіс. Дегенмен, OSI стегі АҚШ-на қарағанда Еуропада 

әйгілі, өйткені Еуропада өзінің меншік хаттамаларын қолданатын ескі желілер азырақ орнатылған. Еуропада 

сондай-ақ  жалпы  стекке  деген  үлкен  қажеттілік  сезіледі,  өйткені  мұнда  әртүрлі  мемлекеттердің  көп  саны 

бар.  


Бұл  халықаралық,  өндірушілерден  тәуелсіз  стандарт.  Ол  корпорациялардың,  серіктестердің  және 

жеткізушілердің арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз ете алады. Бұл өзара әрекеттесу адрестеу, атау 

беру және деректердің қауіпсіздігі мәселелерінен күрделенеді. Барлық осы мәселелер OSI стегінде жартылай 

шешілген. OSI хаттамалары орталық процессордың есептеу қуаттылығының үлкен шығындарын талап етеді, 

бұл  оларды  дербес  компьютерлердің  желілері  үшін  емес,  қуатты  машиналар  үшін  қолайлы  етеді. 

Ұйымдардың  көпшілігі  әзірге  OSI  стегіне  ауысуды  жоспарлап  қана  отыр.  Бұл  бағытта  жұмыс  істеп 

жатқандардың арасынан АҚШ-ның Әскери-теңіз ведомствосын және NFSNET желісін атауға болады. OSI–

ді қолдаушы ірі өндірушілердің бірі болып AT&T компаниясы табылады. Оның Startgroup желісі толығымен 

OSI  стегіне  негізделген,  бұл  AT&T  ішінде  қолданушыларды  OSI-дің  әлемдегі  ірі  инсталляциялық  базасы 

етеді.  


OSI  стегі  (4.1.  сурет)  ашық  жүйелердің  өзара  әрекеттесу  үлгісінің  барлық  жеті  деңгейлеріне  арналған 

спецификациялардан тұрады.  

Предствительный протокол OSI – OSI өкілдік хаттамасы 

Сессионный протокол OSI – OSI сессиялық хаттамасы 

Транспортные протоколы OSI (классы 0-4) – OSI көліктік хаттамалары (0-4 кластары) 

Сетевые  протоколы  с  установлением  и  без  установления  соединений  –  қосылыстарды  орнатумен  және 

орнатусыз желілік хаттамалар 

Уровни модели OSI – OSІ  үлгісінің деңгейлері 



 

2.7сурет – OSI стегі 

  

Физикалық және арналық деңгейлерде OSI стегі Ethernet, Token Ring, FDDI хаттамаларын, және де  LLC, 



X.25  және  ISDN  хаттамаларын  қолдайды.  Бұл  хаттамалар  оқулықтың  басқа  тарауларында  нақты 

қарастырылатын болады.  

Желілік, көліктік және сессиялық деңгейлердің сервистері сондай-ақ  OSI стегінде де бар, дегенмен олар 

аз таралған. Желілік деңгейде қосылыстар орнатусыз хаттамалар да, қосылыстары орнатылған хаттамалар да 

іске  асырылған.  OSI  стегінің  көліктік  хаттамасы  OSI  үлгісінде  оған  арналып  анықталған  функцияларға 

сәйкес,  қосылыстар  орнатылған  және  қосылыстар  орнатылмаған  желілік  сервистердің  арасындағы 

айырмашылықтарды  жасырады,  сондықтан  қолданушылар  төмен  жатқан  желілік  деңгейге  тәуелсіз  қызмет 

көрсетудің  қажетті  сапасын  алады.  Мұны  қамтамасыз  ету  үшін,  көліктік  деңгей,  қолданушының  қажетті 

қызмет  көрсету  сапасын  көрсеткенін  талап  етеді.  Көліктік  сервистің  5  кластары  анықталған,  төменгі  0 

класынан  жоғарғы  4  класқа  дейін,  олар  қателерге  деген  орнықтылық  деңгейімен  және  қателерден  кейінгі 

деректерді қалпына келтіру талаптарымен ерекшеленеді.  

Қолднбалы  деңгейдің  сервистері  файлдарды  жіберуден,  терминалды  эмуляциялаудан,  каталогтар 

қызметінен  және  поштадан  тұрады.  Олардың  ішінен  ең  болашағы  зор  болып  каталогтар  қызметі  (Х.500 

стандарты),  электрондық  пошта  (Х.400),  виртуалды  терминал  хаттамасы  (VT),  файлдарды  жіберу,  рұқсат 

алу  және  басқару  хаттамалары  (FTAM),  жұмыстарды  жіберу  және  басқару  хаттамасы  (JTM)  табылады. 

Соңғы уақытта ISO өз күш-жігерін жоғарғы деңгейдегі сервистерге жинақтады.  

Х.400  –  Телеграфия  және  телефония  жөніндегі  халықаралық  кеңесшілік  комитеттің  нұсқауларының 

жинағы  (ССІТТ),  онда  электрондық  хабарламаларды  жіберудің  жүйелері  сипатталған.  Бүгінгі  күні  Х.400 

нұсқаулары хабар алмасудың ең әйгілі хаттамалары болып табылады. Х.400 нұсқаулары хабарлама алмасу 

жүйесінің үлгісін, осы жүйенің барлық компоненттерінің арасындағы өзара әрекеттесу хаттамаларын, және 

де хабарламалардың түрлерінің көптігін және жіберілетін хабарламалардың әрбір түрі бойынша жіберушіде 

бар мүмкіндіктерді сипаттайды.  

Х.400 нұсқаулары қолданушыларға берілетін қызметтердің келесідей ең аз қажетті жинағын анықтайды: 

қолжеткізуді  басқару,  хабарламалардың  бірегей  жүйелік    ұқсастырушыларын  жүргізу,  хабарламаның 

жеткізілгендігі  немесе  себебін  көрсетіп  жеткізілмегендігі  туралы  хабарлау,  хабарлама  мазмұнының  түрін 

индикациялау,  хабарламаның  мазмұнын  өзгертуді  индикациялау,  жіберу  және  жеткізу  кезіндегі  уақыттық 

белгілер,  жеткізу  санатын  таңдау  (шұғыл,  шұғыл  емес,  қалыпты),  көпадрестік  жеткізу,  бөгелген  жеткізу 

(белгілі  уақыт  сәтіне  дейін),  үйлеспейтін  пошталық  жүйелермен  өзара  әрекеттесу  үшін  мазмұнды  өзгерту, 

мысалы,  телекстік  және  факсимильдік  байланыс  қызметтерімен,  нақты  хабарлама  жеткізілгендігі  туралы 

сұраныс  жасау,  біріне  бірі  салынған  құрылымы  бар  болуы  мүмкін  таратулар  тізімі,  қоғамдық  кілттердің 

ассимметриялық  криптожүйесіне  негізделген  хабарламаларды  рұқсат  етілмеген  қолжеткізулерден  қорғау 

құралдары.  

Х.500  нұсқауының  мақсаты  болып  жаһандық  анықтама  қызметінің  стандарттарын  жасап  шығару 

табылады. Хабарламаны жеткізу процесі алушының адресін білуді талап етеді, бұл желінің мөлшері үлкен 

болған  жағдайларда  мәселе  туындатады,  сондықтан  жіберушілер  мен  алушылардың  адрестерін  алуға 


көмектесетін  анықтама  қызметі  болуы  керек.  Жалпы  түрде  Х.500  қызметі  атаулар  мен  адрестердің 

таратылған деректер қоры болып табылады. Барлық қолданушылар белгілі атрибуттардың жинағын қолдана 

отырып, осы деректер қорына кіруге потенциалды құқығы бар.  

Атаулар мен адрестердің деректер қорымен келесі операциялар жасауға болады:  

-

 

оқу – белгілі атау бойынша адресті алу;  



-

 

сұраныс – адрестің белгілі атрибуттары бойынша атауды алу;  



-

 

деректер қорына жазбаларды қосудан және өшіруден тұратын  жаңарту.  



Х.500  нұсқауын  іске  асырудың  негізгі  мәселелері  бүкіләлемдік  анықтама  қызметі  роліне  үміткер  осы 

жобаның  ауқымдылығына  байланысты.  Сондықтан  Х.500  нұсқауын  іске  асыруды  қамтамасыз  ететін 

бағдарламалық қамтамасыз ету өте үлкен болып шығады және аппаратураның өнімділігіне жоғары талаптар 

қояды.  


Х.400  және  Х.500  нұсқауларын  электрондық  поштаны  жобалау  кезінде  ескеру  әртүрлі  өндірушілердің 

пошталық жүйелерін түйісуін принципиалды мүмкін етеді және концептуалды түрде қарапайым етеді.  

VT  хаттамасы  терминалдарды  эмулдяциялаудың  әртүрлі  хаттамаларының  үйлесімсіздік  мәселесін 

шешеді.  Қазір IBM PC-мен үйлесімді дербес компьютердің қолданушысына VAX, IBM 3090 және HP9000 

компьютерлерімен  біруақытта  жұмыс  істеу  үшін  әртүрлі  типтегі  және  әртүрлі  хаттамаларды  қолданатын 

терминалдарды эмуляциялау үшін үш түрлі бағдарламаларды сатып алу керек. Егер әрбір хост-компьютерде 

өзінің құрамында  ISO терминалын эмуляциялау хаттамасының бағдарламалық қамтамасыздауы бар болса, 

онда қолданушыға да VT хаттамасын қолдайтын бір ғана бағдарлама қажет болар еді. Өзінің стандартында 

ISO терминалдарды эмуляциялаудың кеңінен таралған функцияларын шоғырландырды.  

Файлдарды жіберу – бұл кең таралған компьютерлік сервис. Жергілікті және де қашықтықтағы файлдарға 

қолжеткізу  барлық  қосымшаларға  керек  –  мәтіндік  редакторларға,  электрондық  поштаға,  деректер  қорына 

немесе  қашықтықтан  іске  қосу  бағларламаларына.  ISO мұндай сервисті  FTAM  хаттамасында қарастырған. 

Х.400 стандартымен қатар, бұл OSI стегінің ең әйгілі стандарты. FTAM жергілікті ету және файл мазмұнына 

қолжеткізу  құралдарын  қарастырады,  және  файл  мазмұнына  қою,  ауыстыру,  кеңейту  және  тазарту 

директиваларының  жинағынан  тұрады. FTAM сондай-ақ файлды жасау, өшіру, оқу, ашу, жабу және  оның 

атрибуттарын таңдауды қоса алғанда, файлды біртұтас ретінде басқаруға арналған құралдарды қарастырады.  

Жұмытарды  жіберу  және  басқару  хаттамасы  JTM  қолданушыларға  хост-компьютерде  орындалуы  тиіс 

жұмыстарды жіберуге мүмкіндік береді. Жұмыстарды жіберуді қамтамасыз ететін тапсырмаларды басқару 

тілі,  қандай  іс-әрекеттер  және  қандай  бағдарламалармен  және  файлдармен  жасалуы  керектігін  хост-

компьютерге көрсетеді. JTM хаттамасы әдеттегі дестелік өңдеуді, транзакцияларды өңдеуді, қашықтықтағы 

тапсырмаларды енгізуді және таратылған деректер қорына қолжеткізуді қолдайды.  

 


Каталог: pars docs -> refs
refs -> Бижан бижан Ж.Қ. Павлодар, 2015
refs -> Оқырман конференциясы : Сайын Мұратбеков «Жусанның иісі», «Басында Үшқараның»
refs -> Географияны оқыту технологиясы пәні бойынша глоссарий Географияны оқыту технодлогиясы
refs -> Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы Сабақтың мақсаты: а Сақтар туралы алғашқы деректермен таныстыру
refs -> ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2

жүктеу 1.09 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет