Дәрістің мазмұны



жүктеу 261.5 Kb.
бет9/12
Дата19.06.2022
өлшемі261.5 Kb.
#20642
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Дәріс. Тіл біліміне кіріспе
6 Лекция Кыпшактану
Тақырып: Сөз таптары- сөздердің лексико-грамматикалық топтары

Дәрістің мазмұны:


  1. Сөздерді таптастыру принциптері.

  2. Сөздерді сөз таптарына ажыратудың мағыналық және формальды белгілері

Тіл білімінде сөз таптары мен табиғаты туралы алуан түрлі көзқарастар бар. Академик Виноградов пен Шахматов сөз таптарын сөздердің лексика –грамматикалық категориялары деп қарастырады. Ал академик Фортунатов сөз таптарын морфологиялық категория деп қарайды. Бұлардың бәрі де біржақты пікірлер мен көзқарастар . Бқларға керісінше сөз таптарын лексика грамматикалық топта деп көрсететін лингвистардың тұжырымдар ығылыми жағынан заңды болды. Сонымен сөздерді сөз таптары ретінде қарастырғанда оның білдіретін мағынасы негізге алынады. Сөз өзінің лекксикалық мағынасымен бірге, өзінің белгілі бір сөз табының мағынасына ие. Сөз таптарын бір бірінен ажыратуда грамматикалық белгілерде негізге алынады, яғни морфологиялық белгіде сөз тудырушы және сөз түрлендіруші формаларын ескерсек , сөз тудырушы аффикстердің өзі сөз таптарына телініп , олардың грамматикалық белгісі ретінде қызмет атқарады. Ал сөз таптарының синтаксистік белгісі олардың сөйлем мен сөз тіркесінің құрамында атқаратын қызметі анықталады. Мыс: зат есім көбіне етістікпен, сын есіммен тіркесіп көбінесе бастауыштың, толықтауыштың қызметін атқарса , сын есім анықтауыш қызметі ретінде жұмсалады. Сонда сөз таптары бір бірінен жалпы категориялық мағынасы, морфологиялық және синтаксистік белгілері арқыы ажыратылады.


Сөз таптарының пайда болуын ғалымдар әр тұрғыдан қарастырады, кейбіреулері сөз таптарын сөйлем мүшелерімен байланыстырса, енді біреулері тілдердің даму барысында біртіндеп жігі ажырап, дербес категория ретінде қалыптасты дейді. Сонымен сөз таптары бірден емес біртіндеп қаыптасты. Сондай- ақ бір сөз табының екінші бір сөз табына ауысу процесі кездеседі: Басқа сөз таптарының зат есімге ауысуы – субстантивтену , сын есімге ауысуы-адъективтену, есімдікке ауысуы – прономилдану, үстеуге ауысуы-адвербиалдану, етістікке ауысуы-вербиалдану құбылысы деп аталады.
Сонымен сөз таптары үш түрлі принципке бағынады: мағынасы, тұлғасы, синтаксистік қызметі.
Сөздердің лексикалық мағына ыңғайластығымен морфологиялық тұлға және синтаксистік қызметінің ұқсастығына қарай топталуын сөз таптары дейміз. Әрбір тілде сөз таптарының саны бірдей емес. Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөз.
12 - дәріс

жүктеу 261.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет