Дәрістің мазмұны


Тақырып:Сөзжасам және грамматика



жүктеу 261.5 Kb.
бет8/12
Дата19.06.2022
өлшемі261.5 Kb.
#20642
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Дәріс. Тіл біліміне кіріспе
6 Лекция Кыпшактану
Тақырып:Сөзжасам және грамматика.

  1. Грамматика және оның салалары.

  2. Тілдің грамматикалық құрылысының негізгі бірліктері (морфема, сөз формасы, сөз тіркесі және сөйлем)

Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі

1.Грамматика тілдегі сөздердің түрлену, өзгеру ережелері мен сөздердің құрылу ережелерін белгілейді.Грамматика бір-бірімен байланысты екі сала- морфология мен синтаксистен құралады.


Морфология - сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтерін, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары мен сөздердің лексикалық- грамматикалық топтарын қарастырады. Ал синтаксис- сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемде тіркесуі туралы ілім.
Тілдің грамматикалық құрылысын әр тұрғыдан қарастыруға болады. Осыған орай грамматиканың бірнеше түрлері бар.Тілдің грамматикалық құрылысын, ондағы грамматикалық категориялар мен грамматикалық формалардың пайда болуы мен дамуын тарихи тұрғыдан қарастыратын- тарихи грамматика болса, тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі қалпын- сипаттамалы грамматика, ал туыстас тілдің грамматикалық құрылысын, грамматикалық амал-тәсілдерін өзара салыстыру тұрғысынан қарастыратын грамматика- салыстырмалы грамматика деп аталады.
Сөз грамматикада: 1)лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның ұштасып келу жағынан;2)морфологиялық құрылымы;3)формалары жағынан; 4)сөз табына қатысы жағынан; 5)сөз тіркесі мен сөйлемнің құралуына қатысы, қызметі жағынан қарастырады.
Сөздер бір-бірімен грамматикалық қатынасқа түскенде ғана олардан сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалады.Осыған орай грамматика сөздердің аралығындағы, сөз тіркесінің аралығындағы, сөйлемдер аралығындағы грамматикалық қатынастарды зерттейді.
2.Сөздің морфологиялық құрылымы, морфемалық құрамы жағынан алуан түрлі болады: бір морфемадан, екі морфемадан, бірнеше морфемадан құрала береді. Морфемалардың әрқайсысының өзіне тән мағынасы болады: бас- заттың мағынасын білдірсе, екіншісі, қимылды білдіреді. Сонда морфема дегеніміз- тілдің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бірлігі.
Лексикалық мағынаны білдіретін морфема-түбір және негізгі морфема, грамматикалық мағыналарды білдіретін морфема- аффикстік не көмекші морфема деп аталады. Түбір морфемаларда дербестік бар, яғни дербес сөз ретінде қолданылады, ал аффикстік морфемада мұндай дербестік жоқ, сондықтан ол әрқашан сөздің құрамында қолданылады.
3.Түбір морфема сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі,ал негіз түбір мен жұрнақтың қосындысынан жасалады. Мысалы: күйші, малшы, достық т.б. Негіз бір ғана морфемалық элемент- таза түбірден құралуы мүмкін. Мысалы: ат,ал, жер,жел т.б. Бұл күнде морфемаға мүшеленбей біртұтас морфема ретінде ұшырасатын сіңіскен түбір де кездеседі. Олар түбір морфема мен аффикстік морфеманың ажырмастай болып кірігуінен жасалған: жар/ық, жал/ын, ұз/ақ т.б. Бұлар мүшеленуге келмейді, сіңіскен түбірлер ретінде танылады.
4.Өз алдына дербестігі жоқ тек түбір морфемаға жалғанып белгілі бір мағынаға ие болатын морфеманы аффикстік морфема дедік. Аффикстер мағынасы мен түрі жағынан түрлі болады.Біреулері мағынаны нақтылай түссе, біреулері түбір морфемадан сөз тудырады немесе түбір сөздерден туынды сөздер жасайды. Мұндай аффикстерді сөз тудырушы аффикстер деп атайды. Ал сөз бен сөзді байланыстырып, олардың бір-біріне қатынасын білдіретін аффикстер сөз түрлендіруші аффикстер деп, ал олардың мағыналары реляциялық деп аталады. Орыс тілінде аффикстер префикс, суффикс, флексия, окончание деп аталатын түрлері бар. Орыс тіліндегі суффикс қазақ тіліндегі жұрнақ сияқты. Қазақ тілінде префикс жоқ. Қазақ тілінде беймаза, бейуақыт, бейшара деген префикстер бар бірақ олар иран тілінен енген. Ал инфикс- сөз тудыруда немесе сөз түрлендіруде түбірдің ішіне қойылатын морфема. Аффикстік морфеманың ішінде ұшырасатыны жұрнақ пен жалғау. Жұрнақ өз ішінде 2-ге бөлінеді: сөз тудырушы және сөз түрлендіруші болып.
Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығы: 1)жұрнақпен салыстырғанда жалғаудың қолдану аясы кең; 2)сөз құрамында түбір мен жұрнақтар бір-біріне әбден кірігіп,біртұтас лексикалық бірлік ретінде ұғынылса, жалғаулар сөздердің түбірлерімен сіңісіп кетпей, жай ғана селбесіп,қосақталған бірлік ретінде ұғынылады ; 3) Сөздердің омонимдес, синонимдес, антонимдес және полисемиялы болатыны сияқты аффикстер де синонимдес, антонимдес және полисемиялы болады.
3.1.Омонимдес аффикстер етістіктің –т,-ыт,-іт; зат есімнің –т,-ыт,-іт жұрнағы енеді.Мысалы: шырамыт, сырқат, шабыт т.б.
3.2.Синонимдес аффикстер –шақ,-шек, қыш,-кіш,-қыр,-кір: ұрыншақ, ұялшақ, сүріншек т.б.
3.3.Антонимдес аффмкстер: -лы,-лі,-ды,-ді, -ты,-ті және *-сыз, -сіз: таулы-таусыз, ұқыпты-ұқыпсыз т.б.

Тілдің замандар бойындағы даму барысында сөздің де құрылымында өзгеріс болады.Бұл өзгеріс қалай болса солай емес, белгілі бір грамматикалық процестердің әсерінен болады. Көрнекті лингвист В.А: Богородийкий сөздердің морфологиялық құрылуының өзгеруіне себепкер болатын сіңісу мен жылысу құбылысына жатқызады.


1)Сіңісу құбылысы- сөз құрамындағы морфемалардың мағынасының жойылып, соның нәтижесінде олардың бір-біріне кірігіп кетуі, морфемалық жігі күңгіртеніп , морфемаларға мүшеленбеуіне әкелетін процесс: сексен, тоқсан, апар,әкел т.б.
2)Жылысу құбылысы деп сөз құрамындағы морфемалардың бірінің элементі екіншісіне ауысып, ал морфемалардың бұрынғы жігі мен арақатынасының өзгеруін айтады. Мысалы: жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдігіне жалғанатын ілік септік жалғауының алғашқы түрі –ың,-ің түрінде болған. Бұл бастапқы форма менің, сенің, оның, есімдіктерінің құрамында сақталған Жылысу процесі нәтижесінде есімдіктердің соңында – н дыбысы жалғауға ауысқан да ілік септігі ұлғайып –ның-нің түрінде қалыптасқан.
3)Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруіне күрделену процесі де әсер етеді, яғни бастапқы туынды емес негіз туынды негізге айналып, осының нәтижесінде алғашқыда морфемаларға ажыратылмаған сөз морфемаға бөлінетін болады. Қандай бір грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық форма арқылы беріледі. Мыс: етістіктің шақ, рай түрлері немесе сын есім шырайлары белгілі бір грамматикалық мағына білдіреді. Ал, ол мағыналар тиісті грамматикалық формалар арқылы көрінеді. Ендеше, бұлар сөз формалары арқылы көрінеді. Мыс: 1. Ек-егіңіз, ексін,ексе,егер
2.Ек-егін,егінші, егіс. Бірінші топтағылар ек деген етістіктің әр түрлі формалары да, екінші топтағылар ек деген етістіктен жасалған әр басқа сөздер. Тіл- тілде сөз формаларының екі түрі бар: 1. Сөздің аналитикалық формалары 2. Сөздің синтетикалық формалары
1.Сөздің аналитикалық формалары атауыш пен көмекші сөздердің тіркесінен жасалады. Мыс: оқып отыр, келе жатыр.Түркі тілдерінде сөздің аналитикалық формасы соның ішіндегі етістіктің аналитикалық формасы соңғы жылдары зерттеле бастады.
2.Сөздердің синтетикалық формалары аффиксация және дыбыстардың алмасуы арқылы жасалады. Синтетикалық формалардың аффиксация арқылы жасалуы көптеген тілдерге тән. Мыс: қазақ тілі етікшілер, етікшілердің т.б. Мұнда жалғаулардың қызметі айрықша. Сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы арқылы да жасалады бұл тәсіл ағылшын, неміс тілдерінде қолданылады.
Бір типтес, бір ыңғайлас грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық формалар жиынтығы грамматикалық категория деп аталады. Грамматикалық категория грамматикалық мағыналардан , гармматикалық формадан тыс болмайды.Грамматикалық мағыналардың грамматикалық категория ретінде танылуы үшін оның ең кемінде екі түрлі формада күріуі шарт.Грамматикалық категориялардың біреулері көптеген тілдерге тән болса, кейбіреулері басқа тілдерде болмауы мүмкін, мыс: род, вид категориялары түркі тілінде жоқ. Қазақ тілінде сан мөлшер , септік , шақ, рай, етіс категориялары бар.

  1. Сан-мөлшер категориясы тілдердің барлығына тән. Даралық және көптік ұғымды ажырату үшін тілде грамматикалық сан-мөлшер категориясы пайда болады. Даралық және көптік ұғым әдетте заттармен тікелей байланысты . Сондай-ақ жекелік пен көптік есімдерге оның ішінде жіктеу есімдерге тән. Түркі тілдеріндегі сөздерде жекеше түрінің арнаулы көрсеткіші жоқ., ал оның көпше түрі арнаулы аффикстер арқылы беріледі.

  2. Септік категориясы жалғау мен грамматикалық мағыналар бірлігінен тұрып, бір сөздің екінші есімге немесе етістікке қатысын білдіретін грамматикалық категория. Түркі тілдерінде септік категориясы зат есім мен етістікке тән категория.

  3. Жақ категориясы- іс әрекеттің қай жаққа қатысты екенін білдіреді. Іс-әрекет , сөйлеуші жақ, тыңдаушы және бөгде жақтың бірі арқылы жүзеге асады. Жақтың белгілі аффикстер арқылы көрінеді. Ондай аффикстер жіктік жалғаулы деп аталады. Түркі тілдерінде жіктелетіндер – етістіктер, сонымен қатар баяндауышты қызметте жұмсалған зат,сын, сан, кейбір есімдіктер де жіктеледі.

  4. Шақ категориясы- етістікке тән. Қимыл іс-әрекет уақыт ұғымымен тығыз байланысты, демек, түркі тілдерінде бір шақтың бірнеше түрі бар.

  5. Рай категориясы- бұл да етістікке тән категория. Іс-әрекеттің іске асу мүмкіндігіне сөйлеушінің қалай қарайтындығын білдіреді. Мысалы: оқыдым, білдім – ақиқат іс-әректті білдірсе, оқы, оқыса игі еді деген формалар әлі де іске аспаған, бірақ қалау, тілек мағынасындағы іс-әрекетті білдіреді Сонымен етістіктің ашық рай, бұйрық рай, шартты, қалау рай түрінді берілетін формалары бар.

  6. Етіс категориясы да етістікке тән категория. Қимыл, іс- әрекетің объектіге не субъектіге бағытталғанын білдіретін де субьектелген не обьектелінген өзара қарым-қатынасын айқындайды. Түркі тілдерінде етістіктің өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ деген түрлері бар.

Сөз таптары –сөз өзінің лексикалық мағынасымен бірге белгілі бір сөз белгілі бір сөз табының мағынасына ие болады . Сөз таптарында сөздер лексика- грамматикалық категориясы. Олар бір бірінен категориялар мағынасымен грамматикалық белгілері жағынан ажыратылады. Тіл- тілде сөз таптарының дамуы барысында олардың бір-бірінен атап айтқанда, ауысу құбылысы субстантивтену , басқа сөз таптарынан зат есімге , адъективтену сын есімге, пронаминалдану есімдікке, адвербиалдану үстеуге, вербиалдану етістікке айналу процесі жүріп отырады.


10-дәріс. Тақырыбы: Граматикалық мағына беру түрлері мен тәсілдері


1.Аффиксация және ішкі флексия тәсілдері
2.Қосарлану мен бірігу тәсілдері
3.Сөздердің орын тәртібі –грамматикалық тәсілдердің бірі
4.Екпін және интонация тәсілдері.

Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы жасалады.Грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрлері бар:


1)аффикация 2)ішкі флекция 3)қосарлану 4)біріктіру 5)көмекші сөздер тәсілі 6)сөздердің орын тәртібі 7)екпін мен интонация тәсілдері
1)Түбірге аффикстер жалғану арқылы грамматикалық мағынаның берілуі аффикация тәсілі деп аталады. Бұл тәсіл грамматикалық тәсілдердің ішінде ең кең тараған тәсіл. Түркі тілдерінде бір аффикс бірден бірнеше мағынаны емес, бір ғана грамматикалық мағынаны білдіреді. Агглюнативті тілдерде түбірге аффикс бірінің үстіне бірі жалғана береді, бірақ белгілі бір тәртіп, заңдылық бойынша жалғанады: түбірге алдымен жұрнақтан кейін жалғау жалғанады, ал бірнеше жалғау қабаттаса келсе, алдымен көптік жалғауы сосын тәуелдік, оның үстіне жіктік жалғауы жалғанады. Агглютинация түркі тілдерінде моңғол, угор-фин тілдеріне тән
2)Түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі ішкі флекция тәсілі деп аталады.Бұл тәсіл түркі тілдері мен фин-угор тілдерінде жоқ. Бұл тәсіл, әсіресе, араб, еврей тілдеріне тән Мысалы, араб тілінде сөздің түбірі тек дауыссыздардан құралады да сол дауысыздар аралығына дауысты дыбыстар ену арқылы грамматикалық мағына мен формасы түрленіп отырады.
3)Қосарлану тәсілі түркі тілдерінде кең тараған. Қос сөздер қайталама қос сөз және қосарлама қос сөз болып бөлінеді. Қайталама қос сөз бір сөздің екі рет қайталануы арқылы жасалса, қосарлама қос сөз әр басқа екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады.
4)Бірігу тәсілі де сөз тудыру қызметін атқарады: басқұр, көртышқан т.б. Бұл сөздер семантикалық тұтастығымен де , морфологиялық тұтастығыман де, синтаксистік тұтастығымен де сипатталады.
5)Тіл- тілдің бәрінде де көмекші сөздер бар.Олар аффикстерге ұқсас қызмет атқарады.Көмекші сөздердің түрлері көп,соған байланысты олардың білдіретін мағыналары да алуан түрлі. Олардың жалғаулықтар деп аталатын түрі сөйлем мүшесін байланыстырады. Көмекші сөздердің септеуліктер деп аталатын түрі мекендік, мезгілдік мағынаны білдіретін септік жалғауларының сөздік мағыналарын толықтыра түседі. Көмекші сөздердің демеуліктер деп аталатын түрі сұрау мағынасын, тежеу, шектеу, әр түрлі көңіл күй мағыналарын білдіреді. Көмекші сөздердің енді бір түрі артикльдер түркі тілдерінде кездеспейді роман- герман , араб тілдерінде қолданылады . Көмекші сөздердің енді бір тобы көмекші етістіктер. Көмекші етістіктер күрделі етістік жасауда айрықша қызмет атқарады. Күрделі етістіктер құрамындағы негізгі немесе көмекші етістік не есімше формасы қолданыылады да түрлі аффикстерді қабылдап түрленіп отырады.
6.Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі де грамматикалық мағына білдіруде үлкен мән білдіреді, мыс: сағат, қалта деген сөз тіркесінің мағынасы сағат салатын қалта болса, қалта сағат қалтаға салатын сағат деген мағыналарды сөздің орнына қарай ажыратылып тұр.
7.Егер екпін жылжымалы болса ол да грамматикалық тәсіл ретінде қызмет атқарады. Орыс тілінде екпіннің жылжымалылығынан сөз мағынасы өзгереді, ал түркі тілдеріндегі екпін сөз мағынасымен грамматикалық формаларды өзгертетіндей тәсіл емес. Бұл түркі тілдерінде екпін тұрақтылығымен байланысты.

11 - дәріс



жүктеу 261.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет