Дәрістің мазмұны


Дәрістің мазмұны: 1Фразеологизмдер және оған тән белгілер



жүктеу 261.5 Kb.
бет7/12
Дата19.06.2022
өлшемі261.5 Kb.
#20642
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс. Тіл біліміне кіріспе
6 Лекция Кыпшактану
Тақырып: Фразеология туралы ілім

Дәрістің мазмұны:

1Фразеологизмдер және оған тән белгілер.


2.Еркін тіркестер мен тұрақты тіркестер.
3. Фразеологиялық оралымдардың пайда болуы, шығу негіздері

Тілдегі сөздер жеке жеке емес бір бірімен тіркесіп қолданылады. Бірақ сөздер бір бірімен жапа тармағай тіркесе бермейді, мағыналарының тіркесі болғанда ғана тіркеседі,мыс: судентпен әңгімелесу, мұғаліммен әңгімелесу. Бұлар еркін тіркестер, ал бұларға қарама қарсы оймақ ауыз, жүрек жұтқан деген тіркестер фразеологиялық тіркестер немесе оралымдар деп аталады. Фразеологиялық оралым дегеніміз кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік. Оларға тән белгілер мен қасиеттер: басты белгі оның даяр қалпында жұмсалуы бұл қасиеті еркін сөз тіркесімен салыстырғанда анық көрінеді.Фразеологиялық оралым мағына тұтастығымен сипатталады, оның өзіне тән меншікті мағынасы бар, және ол мағына фразеологиялық оралымды құрастырушы сыңарлардың мағыналарынан тәуелсіз.Фразеологиялық оралым тұрақты қасиетімен сипатталады, яғни өзара тығыз байланысты сыңарлардан құралады да ол сыңарлар қалыптасқан тәртіппен орналасады, орындары ауыстырылмайды. Ал еркін тіркестер құрамында мұндай тұрақтылық болмайды.



  1. Академик Виноградов фразеологизмдерді фразеологиялық тұтастық , фразеологиялық бірлік, фразеологиялық бірлік деп үш түрге бөледі.

    1. Фразеологиялық тұтастық деп семантикалық жағынан бөлініп , ажыратылмайтын бір тұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жуыспайтын фразеологиялық оралымдарды айтамыз. Мыс: жүрек жалғау, жүрегінің жүні бар, аузы мұрны қисаймастан. Сонда фразеологиялық тұтастық дербес тмағыналық бөлшектерге ажыратуға келмейтін , бір бүтін единица ретінде қызмет атқарады және семантикалық бір бүтін единица ретінде ұғынылады. Фразеологиялық тұтастықтар мүлдем ажыратылмайтын мағыналық бірлікте болады. Мыс: мойны жар бермеу-еріну т.б.

    2. Фразеологиялық бірлікте тұтастық сияқты семантикалық жақтан бөлінбейтін бірлік. Фразеологиялық бірліктің мағынасы – бір тұтас образды мағына. Бірақ, туынды мағына. Мыс: мақтамен бауыздады

    3. Фразеологиялық тізбек ерікті мағыналы сөзбен фразеологиялық байлаулы мағыналы сөзін тіркесінен жасалып даяр қалпында жұмсалады. Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөз бір немесе бірнеше сөзбен тіркеседі,мыс: жазық дала-мидай дала.

    4. Фразеологиялық сөйлемше ерікті сөз тіркесінен құралады, бірақ құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келеді. Мыс: көрпеңе қарап көсіл, т.б.

  2. Тіл тілде фразеологиялық оралымдар әр түрлі жолдармен жасалған.

    1. Фразеологиялық оралым әртүрлі құбылыстардың адам ойында қорытылған образды бейнесі негіз болуы мүмкін. Мыс: шалқасынан түсу (көнбеу) деген фразеологиялық оралым негізінде байқаусызда шалқасынан құлап түсудің бейнесі, оның астарлы мағынасында жатыр.

    2. Кейбір тұрақты тіркестер жасалуына түрлі аңыздар, ұғымдар, түсініктер негіз болған,мыс: халық түсінігінде жақсы ит аулаққа барып өледі осыдан келіп халық алыс жерді ит өлген жер дейді.

    3. Фразеологиялық оралымдар тарихта болған кейбір жағдайлардың негізінде пайда болады.

    4. Уақыт өлшемі бірден пайда болмаған . Қазақта мезгілдік мағынаны білдіретін бие сауым, ет пісірім , көз байланғанда тәрізді сөз тіркестері пайда болды сондай ақ ат шаптырым жер, таяқ тастам жер сияқты тіркестерді пайдаланған.

    5. Фразеологиялық оралымдардың кейбіреулері профессиональді лексикадан ауысқан мыс: дело туман- жағдай өте қиын, язык без костей- тілде тиек жоқ сонымен фразеологиялық оралымдар әртүрлі жолдармен жасалады. Олардың шығу тегін этимологиялық зерттеу арқылы айқындауға болады.

9– дәріс



жүктеу 261.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет